Здавалка
Главная | Обратная связь

Транскрипция и транслитерация.



Әдебиеттер:

1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.

2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004.

3. Ғ.Қалиев . Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005

4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003,

5. Языкознание. БЭС. - М., 2000,

YIII тақырып. Тіл әлемі. Тілдерді жүйелеу.

Мақсаты. Тілдерді жүйелеу қағидаларын білу. Тілдердің генеалогиялық, типологиялық және морфологиялық ұғымдарын игеру және білу. Тілдерді өлі, өлетін және тіріге бөле білу.

Жоспар:

  1. Әлем тілдерінің байлығы және алуан түрлілігі:

а) тілдердің алуан түрлілігі;

б) тілдердің тарихи байланысының екі түрі.

  1. Тілдерді жүйелеу қағидалар:

а) тілдердің генеалогиялық жіктелуі.

б) тілдердің типологиялық жіктелуі.

3.Өлі және тірі, табиғи емес тілдер.

Әдебиеттер:

1. К.Аханов Тіл біліміне кіріспе. А., 2004.

2. Ә. Хасенов Тіл білімі. А., 2004.

3. Ғ.Қалиев . Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігіі. Алматы, 2005

4. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,2003,

5. Языкознание. БЭС. - М., 2000,

 

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖҰМЫСЫ

1-тақырып.

Тіл білімі – ғылым

Мақсаты. Тіл білімі – ғылым ретінде қалыптасуы. Тіл білімінің зерттеу нысаны мен міндеттерін білу. Тіл білімі - жүйелі дербес ғылым.

Мәні. Жалпы кәсіби ілімдердің базасын кеңейту.

Реферат тақырыптары.

1. Тіл білімі – ғылым саласы.

2. Тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасу тарихы.

3. Тіл білімі пәндерінің жүйесі.

4. Қолданбалы лингвистика.

5. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Тіл білімін ғылым ретінде тану үшін қандай терминдер қажет?

2. Тіл білімі қай ғылым шеңберінде пайда болды?

3. Тіл білімінің ежелгі кезеңі қай бағытта сипатталады?

4. Тіл білімінің ежелгі өкілдерін атаңыз

5. Тіл білімінде логикалық бағыттар қашан және қайда шектелді?

6. Логикалық бағыттың қол жеткізген жетістіктері және кемшіліктері?

7. Салыстырмалы – тарихи тіл білімі қандай принциптерге негізделген?

8. Салыстырмалы – тарихи тіл білімінің идеялары қашан және кім құрастырды?

9. Младограмматизм кризисіне келу себептері қандай?

10. Младограмматизм өкілдері кімдер?

11. Ф. Де Сюсордың “Жалпы лингвистика курсы” кітабы қандай бағыттың бастамасына жол ашты?

12. Лингвистикалық структурализмның негізіне не кіреді?

13. Конструктивизмнің негізгі принципі неде?

14. Тіл білімі дамуының басты дәуірлерін ата.

15. Жеке тіл білімі нені зерттейді?

16. Жалпы тіл білімінің басты нысанын көрсетіңіз.

17. Абсолютті және жеке универсалийлерге мысал келтір.

18. Қолданбалы тіл білімінің негізгі мақсаттары.

19. Практикалық тіл білімі нені зерттейді?

20. Синхрониялық және диахрониялық тіл білімі арасындағы айырмашылық қандай болады?

21. Тіл білімі қандай ғылымдармен байланысты?

2-тақырып Тілдің мәні: оның қоғамдық қызметі және ішкі құрылымы.

Мақсаты. Тілдің құрлымы мен қызметін білу. Тілдің жүйелілігі туралы ақпарат алу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын молайту.

Мәнжазба тақырыптары

5. Тіл – ойды қалыптастыру мен білдіру құралы.

6. Тіл - қоғамдық құбылыс.

7. Тіл және сөйлеу,

8. Тіл және ойлау.

9. Тілдік және тілдік емес сөйлесу әрекетері.

10. Тіл - қарым-қатынас жасаудың әмбебап құралы.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Адамдардың вербальды емес қарым-қатынасы деген не?

2. Тілдің мәнін ашуда А.А.Реформатский қандай тұжырым ұсынады?

3. Тіл мен мәдениет бір деп санауға неге болмайды?

4. Тіл таптық бола ала ма?

5.Тіл өндіріс құралы болып санала ма?.

6.Тіл мен ойлаудың бірлігі неде?

7. Тілдік деңгейлер мен оларға тән тілдік бірліктерді ата.

8.Бір деңгейдегі тілдік бірліктер арасында қандай қатынас болуы мүмкін?

9. Парадигмалық қатынас дегеніміз не? Мысал келтір.

10.Бір деңгейдегі тілдік бірліктер арасындағы қандай қатынас синтагмалық деп аталады?

11. Тіл қандай қызмет атқарады?

12. Тілдің қызметін сипатта.

13. Тілдің қай қызметі басты болып саналады?

14. Тілдің қызметі қайда (неде) байқалады?

15. Қазіргі тіл білімінде сөйлеу терминін қалай түсінеміз?

16. Тілді неліктен ұжымның еншісінде деп айтады?

3-тақырып. Фонетика және фонология.

Мақсаты.Фонетика мен фонологияны тіл білімінің жеке бір тарауы ретінде қарастыру. Дыбыстарды жүйелеу қағидаларын білу. Сөйлеу кезінде болатын комбинаторлық өзгерістер мен дыбыстық бірліктерді ажырату. Фонема сөзінің мағынасын түсіну. Мәскеу фонологиялық мектебі МФМ мен Прага лингвистикалық үйірмесінің (ПЛҮ) фонологиялық концепциясын білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары.

1. Фонетика тіл білімінің тарауы ретінде нені қарастырады?

2. Сөйлеудегі дыбыстар физикалық құбылыс ретінде қандай ерекшелектермен сипатталады?

3. Сөйлеудегі дыбыстар неге физиологиялық құбылыс болып есептеледі?

4. Адамның дене мүшесіндегі сөйлеу аппараты жайлы не айтасыз?

5. Адамның қай мүшесі дыбыс шығаратын аппарат деп аталады?

6. Сөйлеу мушелері қандай үш бөлшектен тұрады?

7. Дыбыстар акустикалық және артикуляциялық сипаттарына қарай қандай екі топқа бөлінеді?

8. Дауысты дыбыстар неден тұрады?

9. Дауыссыз дыбыстар неліктен шулы болып келеді?

10. Қай дауыссыз тек шудан тұрады?

11. Қай дауыссыздың құрамында шу мен үн бар, бірақ шу басым болып келеді?

12. Қай дауыссыздың құрамында шу мен үн бар, бірақ үн басым болып келеді?

13. Дауыссыз дыбыстың сапасы немен байланысты?

14. Жасалу орнына қарай дауыссыздар қандай топтарға бөлінеді?

15. Жасалу тәсіліне қарай дауыссыздар қалай бөлінеді?

16. Фрикативті дауыссыздарға мысал келтіріңіз.

17. Аффрикат дыбыстарға мысал келтіріңіз.

18. Бүйір дауыссызды атаңыз.

19. Дауысты дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттары дегеніміз не?

20. Тілдің және жақтың қатысына қарай дауыстылардың бөлінуі.

21. Дыбыстық ағымның фонетикалық біріліктерін атаңыз.

22. Буынның қандай анықтамалары бар?

23. Сөйлеу дыбыстарының анықтамасын беріңіз.

24. Буын жайлы кең тараған теорияны атаңыз.

25. Екпін дегеніміз не? Екпінге сипаттама беріңіз.

26. Ырғақ(такт) дегеніміз не?

27. Энкликтика мен прокликтикаға анықтама беріңіз.

28. Фраза дегеніміз не?

29. Иннтонация дегеніміз не?

30. Комбинаторлық өзгерістер дегеніміз не?

31. Комбинаторлық өзгерістерді атаңыз және сипаттама беріңіз.

· Акомодация

· Ассимиляция

· Диэреза

· Эпентеза

· Протеза

· метатеза

32. Фонтиканың қай саласы дыбыстардың функционалдық ерекшеліктерімен айналысады?

33. Фонема дегеніміз не?

34. МФМ пен ПЛҮ қандай мәселелерді шешті?

35. МФМ концепциясы немен байланысты?

36. ПЛҮ концепциясы немен байланысты?

4-тақырып. Лексикология мен лексикография.

Мақсаты. Лексикология мен лексикографияны тіл білімінің бір саласы ретінде танып білу Лексикология мен лексикографияның негізгі ұғымдарын, мақсатын, нысаны мен мәнін білу.Сөздіктерді жіктеу қағидалары мен түрлерін білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту.

Мәнжазба тақырыптары.

1. Тілдің сөздік құрамы туралы ғылым.

2. Сөз – тілдің құрлымдық семантикалық бірлігі.

3. Сөздің лексикалық мәні.

4. Фразеологияның ерекшелігі.

5. Лексикологиядағы жүйелік.

6. Лексикография – сөздіктер туралы ғылым.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз.

2.Лексикологияның ерекшелігі неде?

3.Лексикологияның қай саласы лексикалық бірліктер мәнін зерттейді?

4.Сөзге анықтама беріңіз.

5.Сөзге анықтама берудің қиындығы неде?

6.Сөздің жекелік ерекшелігі неде?

7.Грамматикалық мағына дегеніміз не?

8.Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не?

9.Тіл білімінің қай саласы тікелей сөздің лексикалық мағынасымен айналысады?

10. «Денотат» (референт) терминінің мәні қандай?

11. «Сөздің концептуалды мағынасы» деген ұғым нені білдіреді?

12. Сөздің негізгі мағынасына эмоциялық, экспрессивтік және стилистикалық ерекше әсер беретін «қосындылар» қандай терминмен аталады?

13. Сөздің лексикалық мағынасынның қандай үш жағын бөлуге болады?

14. «Сөздің затқа қатыстығы» деген ұғымға не кіреді?

15. «Сөздің ұғымға қатыстығы» деген ұғымға не кіреді?

16. Мағынаның қай аспектісі мәнділік деп аталады?

17. Жалпы және жеке заттық қатыстылық деген ұғымның мағынасын ашыңыз.

18. Жалпы және жеке заттық қатыстылыққа байланысты атауыш сөздер қандай үш топқа бөлінеді?

19. Жалқы есімдерге сипаттама беріңіз.

20. Жалпы есімдерге сипаттама беріңіз.

21. Полисемияның мағынасын ашыңыз.

22. Атауларды ауыстырудың басты екі түрін атап, сиапаттама беріңіз.

23. Екі немесе көп сөздің бірдей айтылуы қалай аталады?

24. Омонимдердің жіктелу ерекшеліктері.

25. «Семантикалық өріс» дегеніміз не?

26. Синоним құбылысына анықтама беріңіз.

27. Омоним құбылысына анықтама беріңіз.

28. Фразеология қандай тілдік бірліктерді қарастырады?

29. Фразеологизмдерді жіктеудің басты ерекшелігін атаңыз.

30. Фразеологизм түрлері.

31. Фразеологияның негізін салушы кім?

32. Тіл білімінің қай саласы сөздік жасаудың теориясы мен практикасымен айналысады?

33. Сөздіктерді жіктеудің қағидаларын атаңыз.

34. Сөздіктердің негізгі түрлерін атаңыз.

 

5-тақырып. Грамматика.

Мақсаты.Грамматиканың негізгі ұғымын, мәні мен мақсаттарын; сөз таптарын, олардың жіктелуін білу.Синаксистің негізгі ұғымын игеру. Синтаксистің негізгі бірліктерін, синтаксистік байланыстарды білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім базасын ұлғайту.

 

 

Мәнжазба тақырыптары.

1.Грамматика – ғылым саласы.

2.Сөз туралы граммтикалық ілім.

3.Сөз таптарын оқытудың тарихынан.

4.Сөйлем – синтаксистің негізгі бірлігі.

5. Синтаксистің басты мәселесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1.Грамматика алғашында қандай қызмет атқарды?

2.Грамматика ғылым ретінде қалай және қашан пайда болды?

3.«Грамматика» термині сөздің кең мағынасы ретінде нені білдіреді?

4.Сөздің тар мағынасынде «грамматика» термині нені білдіреді?

5.Грамматиканың зерттеу нысаны қандай?

6.Грамматикалық мағына дегеніміз не?

7.Грамматикалық мағынаның сипаттарын атаңыз.

8.Лексикалық және граммтикалық мағынаның айырмашылығы неде?

9.Грамматикалық мағынаны білдіретін негізгі екі тәсілді көрсетіңіз.

10. Грамматикалық мағынаны синтетикалық тәсілмен білдіру деген не?

11. Грамматикалық мағынаны синтетикалық тәсілмен білдірудің қандай басқа түрлері бар?

12. Грамматикалық мағынаны аналитикалық тәсілмен білдіру деген не?

13. Грамматикалық мағынаны аналитикалық тәсілмен білдірудің қандай түрлерін білесіз?

14. Тілдің синтетикалық түріне сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз.

15. Тілдің аналитикалық түріне сипаттама беріңіз, мысал келтіріңіз.

16. Парадигма дегеніміз не?

17. Грамматикалық форма дегеніміз не?

18. Грамматикалық категорияға түсінік беріңіз.

19. Санына қарай қандай грамматикалық категориялар бар?

20. Сөз таптары дегеніміз не?

21. Сөз таптарын жіктеу ең бірінші рет қашан пайда болды?

22. Аристотель қандай сөз таптарын бөліп қарастырды?

23. Содан соң сөз таптаптарын оқыту қалай жүзеге асырылады?

24. Сөз таптарын жіктеу қиындығы неде?

 

Синтаксис

1. «Синтаксис» деген термин нені білдіреді?

2. Синтаксистің негізгі бірліктері не болып табылады?

3. Сөздің валенттілігі не?

4. Тілде синтаксистік байланыстың қандай түрлері бар?

5. Синтаксистік байланысты білдіру тәсілдерін атаңыз.

6. Бағыныңқы байланысқа сипаттама беріңіз.

7. Басыңқы байланысқа сипаттама беріңіз.

8. Басыңқы байланысты ресімдеу тәсілі қалай аталады?

9. Бейімдеушілік деген не?

10. Бір ғана күрделі сөз арқылы толық бір сөйлем құралатын байланыс түрі қалай аталады?

11. Сөз тіркесін бөлу қандай сипаттарға қарай жасалады?ъ

12. Сөз тіркесінің негізгі рөлі.

13. Негізгі сөздің белгілі бір сөз табына тиесілі болуына қарай сөз тіркестерін қалай бөлеміз?

14. Құрамына қарай қандай сөз тіркестері болады?

15. Мәндік байланыстарына қарай сөз тіркестері қандай болады?

16. Атрибуттық байланыстарға сипаттама беріңіз.

17. Объектілік байланыстарға сипаттама беріңіз.

18. Байланыстық қатынастарға сипаттама беріңіз.

19. Сөйлемді сипаттау кезінде синтаксистік бірліктердің қандай белгілері ескеріледі?

20. Сөйлемдегі сөздердің бейтараптық тәртібінің өзгеруі қалай аталады?

21. Сөйлемдегі бөліп тастау компоненттері қалай жіктеледі?

22. Сөйлемдегі бөліп тастаудың маңызды құрамы не болып табылады?

23. Сөйлемдегі бөліп тастауда рема дегеніміз не, тақырып дегеніміз не?

24. Сөйлем моделі не?

 

 

YI тақырып. Тілдің пайда болуы мен дамуы

Мақсаты. Тілдің пайда болуының негізгі теориясын, оның тарихи даму үдерістерін, сөз құрамының негізгі тарихи өзгерістерін, тілдің грамматикалық құрамы мен дыбыстық жақтарын білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту.

 

Мәнжазба тақырыптары

1.Тілдің пайда болу құпиясы.

2.Тілдің пайда болуының негізгі теориясы.

3.Тілдің даму тарихынан.

4.Тіл қалай пайда болды?

5.Тіл қалай өмір сүреді?

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Тілдің шығу теориясы қандай?

2.Тілдің негізгі даму кезеңдері.

3.Дивергенция мен ковенгенция үдерістеріне сипаттама беріп, мысал келтіріңіз.

4.Койне және лингва франка тілдеріне анықтама беріңіз.

5.Тайпалық тілдердің халықтық тілге одан әрі ұлттық тілдерге айналуына байланысты схеманы көрсетіңіз.

6.Әдеби тілдердің пайда болуына сілтемелер.

7.Колониалдық шауып алу кезеңіндегі тілдердің пайда болуы. Сипаттама беріңіз.

8.Тілдің лексикалық құрамы қандай тарихи өзгерістерге ұшыраған?

9.Неологизм, архаизм, историзмдерге анықтама беріңіз.

10. Тілдегі қайтадан ат беру үрдісі неге байланысты? Осыған мысал келтіріңіз.

11. Материалдық қабылдау мен калькалау айырмашылығы неде?

12. Тілдің грамматикалық құрамында қандай тарихи өзгерістер болуда?

13. Тілдердің грамматикалық категориялар мен граммамаларға толығуына мысал келтіріңіз.

14. Тілдің жаңа грамматикалық категорияларға толығуының қарама-қайшы үрдісін атаңыз.

15. Жеңілдету, күрделендіру, бөліну үрдістеріне анықтама беріп, мысал келтіріңіз.

16. Тілдің дыбыстық жағы қандай өзгерістерге бейім?

17. Тілдің фонетикалық (дыбыстық) заңына сипаттама беріңіз.

18. Дыбыстық заң табиғи болып қашан есептеледі?

19. Дыбыстық заң тарихи қатарына қашан ауысады?

20. Жиілік дыбыстық өзгерістер қандай топтарға бөлінеді? Сипаттама беріңіз.

 

YII тақырып. Жазу.

Мақсаты. Жазудың даму кезеңін білу. Алфавит, графика, орфография ұғымын игеру. Транксрипция мен транслитерация ұғымын игеру, ажырата білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім қорын кеңейту.

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Жазуға анықтама беріңіз.

2.Ақпарат беру құралының қайсысын жазуға жатқызуға болады?

3.Заттық және суреттік жазу айырмашылығын түсіндіріңіз.

4.Пиктография кескіндемемен байланысты ма?

5.Идеографиялық жазу неге байланысты пайда болды?

6.Тарихи даму кезеңінде жазудың қандай түрлері анықталады? Сипаттама беріп, мысал келтіріңіз.

7.Қай тәсіл ең тиімді болды?

8.«Алфавит», «графика», «орфография» ұғымдарына анықтама беріңіз.

9.Қай алфавит қазіргі кезеңде тиімді болып саналады?

10. Орфография ережесі қалай құралады?

11. Жазу мүмкіндігіне таңдау жасау іске асқан алты орфографиялық қағидаларды атаңыз. Түсіндіріп, мысал келтіріңіз.

12. Транскрипция қандай мақсатта пайдаланылады?

13. Транслитерация бойынша нормалар мен нұсқаулар қалай жасалады?

 

YIII тақырып. Тіл әлемі. Тілдерді жүйелеу.

Мақсаты. Тілдік бейнеге жалпы сипаттама бере білу. Тілдерді жүйелеу қағидаларын білу. Тілдердің генеалогиялық, типологиялық және морфологиялық ұғымдарын игеру және білу. Тілдерді өлі, өлетін және тіріге бөле білу.

Мәні. Жалпы кәсіби білім базасын кеңейту.

 

Мәнжазба тақырыптары

1. Әлем тілдерінің байлығы

2. Тіл мен мәдениет

3. Көптілділік

4. Өлі және тірі, табиғи емес тілдер.

5. Тіл не үшін қажет?

 

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазіргі кезде әлемде қанша тіл бар?

2.Әлемдегі тілдердің байлығы мен әртүрлілігі фактілері қандай?

3.Әлем тілдерінің ең маңызды жиырма тілдеріне қандай тілдер аталады?

4.Тіл тарихи неге негізделеді?

5.Тілдер ұқсастығы неге байланысты?

6.Тілдегі туыстық немесе ұқсастық неге байланысты? Осылар неге негізделген?

7.Антуан Мейе тілдік туыстыққа қандай анықтама берген?

8.Қай тіл негізгі және түбір тіл деп аталады?

9.Тілдердің өзара ұқсастығы қалай аталады?

10. Тілдік отбасына мысал келтіріңіз.

11. Тілдік отбасы ішінде тілдер қалай бөлінеді?

12. Ішкі тарауларда тілдер қалай бөлінеді? Мысал келтіріңіз.

13. Тілдік туыстықты қай ғылым тексереді?

14. Лингвистикалық типология дегеніміз не?

15. Лингвистикалық типология ұғымы?

16. Тілдердің типологиялық классификациясы неге негізделген?

17. Тілдердің жалпы типологиялық жіктелуін кім ұсынды?

18. А.Шегель тілдердің қандай кластарын бөлді?

19. Қазіргі тілдер типологиясының негізін кім қалады?

20. Вильгельм фон Гумбольдт тілдердің қандай ең негізгі төрт түрін көрсетті? Сипаттама беріңіз.

21. В.Гумбольдт тілдердің әртүрлі болуының қандай себебін тапты?

22. Неміс тілшісі Август Шлейхер тілдерді жіктеудің қай түрін көрсетті? Оның мәні неде?

23. Жойылып кетуіне байланысты тілдерді қандай топтарға бөлеміз?

24. Өлі, өлетін және тірі тілдерге мысал келтіріңіз.

 

 

Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша жаттықтыру тестілері

 

1. Тіл құрылымының деңгейлері

a) фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік

b) дыбыстық, сөзжасамдық, фразеологиялық, синтаксистік

c) фонетикалық, лексикографиялық, сөзжасамдық

d) орфоэпиялық, орфографиялық, грамматикалық

e) фонетикалық, сөзжасамдық, стилистикалық

 

2.Тіл білімі ....пәндер жүйесі

a) теориялық және қолданбалы сипаттағы

b) практикалық сипаттағы

c) теориялық және тарихи сипаттағы

d) практикалық және сихрондық сипаттағы

e) тарихт және қолданбалы сипаттағы

 

3. Жеке тіл білімінің зерттеу нысаны

a) шет тілдер әдістемесі

b) жеке тіл немесе туыстас тілдер тобы

c) әлем тілдерінің ортақ ерекшеліктері

d) ана тілінің ерекшелігі

e) белгілі бір тілдің даму кезеңі

 

4Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны

a) .туыстас тілдер ұқсатығы

b) шет тілдерді оқыту ерекшелігі

c) тілдерді жетілдіру мәселелері

d) адамзат тілінің жалпы ерекшеліктерін

e) жасанды тіл жасау мүмкіндіктерін

 

5.Лингвистикалық сөздіктердің нысаны

a) тілдегі сөздер

b) сөз формасы

c) тілдік категориялар

d) көпмағыналы сөз

e) сөз тіркесі

 

6.Лексикологияның зерттейтін нысаны

a) тілдің дыбыстық жүйесі

b) ұрақты тіркестер мен единицалар

c) ру, ел халық атаулары

d) тілдің сөздік құрамы

e) тілдің грамматикалық құрылымы

 

7. Фонетиканың басты салалары:

a) акустикалық, артикуляторлы, функционалды;

b) .физиологиялық, лексикографиялық, тарихи;

c) фонологиялық, практикалық, материалды;

d) артикуляторлы, семантикалық, позициялық;

e) граматикалық, функционалды, сөздік.

 

8. Аккомадация дегеніміз...

a) дыбыстардың өзара үндесуі;

b) сөз басында дыбыстың қосылып айтылуы;

c) көршілес дауыстының әсеріне дауыссыздың өзгеруі;

d) дыбыстардыңөзара ұқсастығы;

e) көршілес ұқсас буындардың түсіп қалуы

 

9. Тіл білімінің негізгі салаары

a) этимология, лексикография

b) синтагматика, фонетика, синтаксис

c) грамматика, фонетика, морфология

d) фонология, ономасиология, грамматика

e) фразеология, логопедия, морфология

 

10. Тілдің басты қызметі

a) құрлымдық, эстетикалық, экспресивтік, әлеуметтік

b) .жүйелік,коммуникативтік,когнитативтік,эстетикалық

c) номинативтік, атеистік, экспрессивтік, діни

d) коммуникативтік, когнитивтік, эстетикалық,

e) функциональдық, биологиялық, әлеуметтік

 

11.Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай:

a) еріндік, езулік, жуан

b) жіңішке, қысаң, вокал

c) ерін-тіс, билабиаль, қатаң

d) шұғыл, ашық, жуан

e) ашық, қысаң

 

12.Дауыссыз дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктері

a) .жасалу орны, тәсілі, үннің қатысы

b) .жасалу тәсілі, ауаның шығуына байланысты

c) айтылу жолына қарай, дауыстың қатысына қарай

d) .жасалу орны, тәсілі, ерінің қатысына қарай

e) жасалу тәсілі, ауаның шығуына байланысты

 

13.Тілдік бірліктер мен деңгейлердің арақатынасы

a) фонетика-дыбыс,морфология – сөздер, лексика-сөз тіркесі, синтаксис-сөйлем

b) фонетика-дыбыстық құралдар, морфология-морфемалар, лексика сөздер, синтаксис-сөйлем

c) фонетика-екпін, морфология-морфемалар, лексика-сөз тіркесі, синтаксис-сөйлем

d) фонетика-дыбыс, морфология-морфемалар, лексика-сөздер, синтаксис-сөйлем

e) фонетика-дыбыстық құралдар, морфология-сөз таптары, лексика-сөздер, синтаксис-сөйлем

 

14.Тіл білімінің зерттеу нысаны

a. тілдің функционалды қызметі

b. .тіл барлық ерекшеліктері мен қызметімен бірге

c. тілдің құрылымы

d. шет тілдерді оқыту әдістемесінің жүйесі

e. психолингвистика

 

15..Сөздердің көбіне тән қасиет

a) моносемия

b) омонимия

c) полисемия

d) антонимия

e) синонимия

 

16. Метонимия дегеніміз

a) шектес заттар атауының алмасуынан туатын ауыспалы мағына

b) белгілі ұқсастық негізінде туатын ауыспалы мағына

c) 3.абстрактілі ұғымды білдіретін астарлы мағына

d) дыбыстардың үннің қатысына қарай өзара алмасуы

e) бүтін мен жарты арасындағы алмасудан туатын ауыспалы мағына

 

17. Омоним мен полисемия арасындағы айырмашылық

a) бір сөздің ақиқат шындықта әр түрлі 0ұбылысты білдіруі

b) бір мағынада болғанымен әртүрлі дыбысталуында

c) қарама-қарсы мағынада қолданылуында

d) әр сөз табына қатысты болып мағыналық байланыстың болу болмауында

e) абстрактілі ұғымды білдіретін астарлы мағына

 

18.Фразеологизмдердің түрлері

a) фразеологиялық тұтастықтар, бірліктер

b) фразеологиялық омонимдер, бірліктер

c) фразеологиялық тізбектер, атаулар

d) фразеологиялық сөйлемдер, бірліктер

e) фразеологиялық жаттығулар, тіркестер

 

19.Сөздіктер құру теориясымен айналысады

a) фразеология

b) лексикология

c) семасиология

d) ономасиология

e) лексикаграфия

 

20 Омоним мен полисемия арасындағы айырмашылық

a) бір сөздің ақиқат шындықта әр түрлі құбылысты білдіруі

b) бір мағынада болғанымен әртүрлі дыбысталуында

c) қарама-қарсы мағынада қолданылуында

d) әр сөз табына қатысты болып мағыналық байланыстың болу болмауында

e) абстрактілі ұғымды білдіретін астарлы мағына

 

21. Фразеологизмдердің түрлері

a) фразеологиялық тұтастықтар, бірліктер

b) фразеологиялық омонимдер, бірліктер

c) фразеологиялық тізбектер, атаулар

d) фразеологиялық сөйлемдер, бірліктер

e) фразеологиялық жаттығулар, тіркестер

 

22.фразеологиялық бірліктер дегеніміз

a) құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасынан бүтіндей тіркес мағынасыаңғарылатын тізбек

b) құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасынан мүлдем басқа мағына беретін тізбек

c) .құрамындағы кейбір сыңарлары мағынасы түсінікті және тілде еркін тіркесте қолданылатын тізбек

d) еркін тіркеске ұқсас, бірақ тілде сол қалпында қалыптасқан тізбек

e) мағынасында қорытынды жоқ, ықшам кестелі тіркес

 

23..Діни, мифтік наным-сенімге байланысты атын тура атауға болмайтын ұғым...

a) дисфемизм

b) какофемизм

c) полисемантизм

d) табу

e) оксюморон

 

24.Синонимдер дегеніміз...

a) мағыналары жақын, өзара ұқсату арқылы пайда болған сөздер

b) мағыналары ұқсас, бір түбірден тараған сөздер тобы

c) мағыналары жақын өзара мәндес сөздер тобы

d) мағыналары қарама-қарсы, бірінің сипатын бірі нақтылайтын сөздер тобы

e) мағына жағынан дамыған бейтарап сөздер тобы

 

27. Омоним түрлері

a) .омофондар, ономастика

b) 2.омографтар, омосемалар

c) 3.омоформалар, полисемалар

d) 4.омофондар,омографтар

e) 5.омоморфемалар, омофонемалар

 

25.Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі

a) .фраза, сөз, буын, дыбыс

b) фраза, такт, буын

c) әуен, темп, үнділік

d) дыбыс,фонема, буын

e) мелодика, фраза,сөз

 

26. Қазақ тілінің құрылысы

a) ішкі флексия

b) негізгі түбірлі

c) супплевтивтік

d) адекваттылық

e) агглютинативтік

 

27.Фонем теориясының негізін салушы

a) Бодуэн де Куртенэ

b) Платон, Аристотель

c) А.А.Шахматов

d) Сократ, Кант

e) Ф.Ф.Фортунатов

 

28.Тілдің тарихи дамуы туралы пәндер

a) фонетика және фонология, грамматика

b) тіл тарихы, тарихи грамматика, тимология

c) психолингвистика, ареалды лингвистика

d) диалектололгия, этимология

e) тіл тарихы, ономасиология

 

29.Ассимиляция дегеніміз...

a) сөз ішінде дыбыс немесе буын алмасуы

b) ұқсас екі буын біреуінің түсіп қалуы

c) сөз басында дауыстының қосылып айтылуы

d) сөз ішінде дауыстылардың үндесуі

e) көрші дауыстының әсерінен дауыссыздың өзгеруі

 

30.Жалқы атауларды зерттейтін салалар

a) анторпоним, синоним,омоним

b) этноним, зооним, ономастика

c) космоним, антоним, синоним

d) топонимика, этимология, ойконим

e) семиотика, синтагматика, гидроним

 

31.«Сыртқы лингвистика» пәндері

a) экспериментальды фонетика, лексикография, лингвостатистика, жазба тарихы;

b) фонетика және фонология, грамматика, лексикология, семантика, стилистика;

c) тіл тарихы, тарихи грамматика, салыстырмалы-тарихи грамматика,этимология;

d) диалектология, лингвистикалық география, әлеуметтік лингвистика;

e) психолингвистика, математикалық тіл білімі, инженерлік тіл білімі;

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.