Здавалка
Главная | Обратная связь

Сурет. СВ-2 виброелегі



Ол рамадан 1, таратушы науадан 2, екі электрқозғалтқыштан 3, қоршаудан 4, дірілдеткіш рамадан 5, амортизаторлардан 6, торды керетін барабандардан 7 тұрады. Тіректік раманың шаналарына, бүйір жақтаулары тазаланған бұрғылау ерітіндісі құйылатын ванна түрінде тор пісірілген. Тіректі рамада таратушы науамен екі дірілдеткіш рама орналастырылған. Таратушы науа үш жақтан бұрғылау ерітіндісін қабылдап, екі құюшы науа арқылы виброрамаға береді. Құюшы науаның түзеткіштері елек тор ені бойымен ерітіндінің бірқалыпты таралуын қамтамасыз етеді.

Таратушы науаның центрінде орналасқан терезе көмегімен науа виброелек ваннасымен жалғасады. Сондықтан түзеткіш науалары жабық кезінде және бұрыштық шибер жоғары көтерулі кезде ерітінді тура ваннаға құйылып отырады. Терезе бұрыштық шибермен жабылады.

Елек торлары - екі электрқозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін вибратор арқылы тербелмелі қозғалысқа келеді. Әрбір дірілдек рама төрт резиналы амортизаторға тіреліп тұрады және эксцентрикті білігі бар вибраторға ие. Дірілдеткіш рама ұштарында храпты механизмдері бар екі барабан орнатылған. Барабандар арасында елек торларының жұмысшы бөлігі керіледі және оның жұмысшы бөлігінен екі есе ұзын артық бөлігі дірілдек раманың жоғарғы барабанына оралады. Елек торларының тозу мөлшеріне байланысты оларды ұзына бойына толық тозғанға дейін ауыстырылып отырылатын етіп төменгі барабанға орайды.

СВ-2 виброелегі тор ұяшығы өлшемі 1х5 мм кезінде бұрғылау ерітіндісін 60 л/с-на дейінгі өнімділікпен өткізе алады. Елек торының жұмыстық бөлігінің ұзындығы 1,2 м, ені 0,9 м. Виброелекке орнатылатын елек торының жалпы ұзындығы 4,5 м. Елек торы минутына 1600 немесе 2000 тербеліс жиілігімен тербеледі. Елек торының горизонтқа көлбеуі 12-18º. Виброелек массасы 1380 кг.

СВ-2Б виброелегі СВ-2 виброелегінің жаңартылған түрі болып табылады. Ол циркуляциялық жүйе (ЦЖ) ыдыстары үстіне тікелей орнатуға арналған, сондықтан таза ерітінді қабылдайтын ваннасы жоқ. Сонымен қатар, таратушы қораптың тұрқылық қабырғасына диаметрі 325 және 60 мм келте құбырлар пісірілген. 325 мм келте құбырға ұңғы сағасынан келетін, ерітіндіөткізгіш жалғанады, 60 мм келте құбыр фланецпен ысырма арқылы тазалау блогының көмекші айдау құбырөткізгіштеріне жалғанады. Дірілдеткіш рама, елек торы мен барабан және вибраторлар жетегінің құрылымы СВ-2 виброелегі түйіндері құрылымына ұқсас. Бұл виброелектердің техникалық сипаттамалары бірдей.

ВС-1 виброелегі жоғарыда аталғандардан күрделірек, көбінесе ауырлатылған бұрғылау ерітінділерін тазалау кезінде аса нәтижелі. Ол (11.11-сурет) ЦЖ тазалау блогына виброелекті бекітуге арналған станинадан 1, бұрғылау ерітіндісін алмалы-салмалы вибрациялық тор арқылы сүзу жолымен тікелей тазалауға арналған дірілдеткіш рамадан 2 тұрады.

Станина кеңістікті құрылым ретінде профильді прокаттан орындалған. Шана табандар өзара екі құбырмен 3 және табандық бетпен жалғанған. Шана табандарға ұңғыдан бұрғылау ерітіндісі төгілетін қабылдау ыдысы 4 қондырылған. Қабылдау ыдысының жоғарғы бөлігінде ағынның иінді таратқыштары 5 жинастырылған. Олардың көмегімен жуу сұйығының елек торына бірқалыпты берілуі қамтамасыз етіледі. Шана табанның бүйір жақтарына тазаланған ерітіндіні шығару үшін тесіктер орналасқан. Тесіктер жалпақ шиберлермен 7 жабылады.

Шаналарға дірілдеткіш раманы монтаждау үшін төрт тіреулік тумбалар 8 қондырылған. Станинамен дірілдеткіш рама арасындағы байланыс төрт цилиндрлік серіппелер 9 көмегімен жүзеге асады.

Қабылдау ыдысының күнқағарының астында вибратор мойынтіректерін уақтылы майлау үшін қолдық станция орналастырылған.

Дірілдеткіш рама құрылымы бойынша елек торы бекітілетін бүйіржақтар арасына орналасқан негіз болып келеді. Елегіш негізден басқа бүйіржақтар құбырмен, вибратор тұрқымен және жетек рамасымен бекітіледі. Вибратор тұрқында 10 білік орналасқан, оның екіжақ ұштарында қажетті тербеліс амплитудасын тудыратын дисбаланстар орнатылған. Жетек рамасында қажетті тербелу жиілігін тудыратын электрқозғалтқыш 11 орналастырылған, ал қарама-қарсы шетінде жетекті теңестіретін жүктер орналастырылған. Қозғалтқыштан вибраторға қозғалыс беріу екі сына белдікпен жүзеге асады.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.