Здавалка
Главная | Обратная связь

Бемольді мажорлы тональдіктер



Диезді минорлы гаммалар

Бемольді минорлы тональдіктер

Этюдтер

Этюд – музыкалық аспаптарға арналып жазылған жаттығулар, аспаптық шығармалар.Орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға көп септігін тигізеді. Әр сыныпқа этюдтер орындаушылық және техникалық күрделілігіне байланысты берілген.

Сынып

Этюд

М.Гарлицкий

 

Этюд

В.Глейхман

 

 

 

 

 

Сынып

Этюд №6

Т.Қышқашбаев

Сынып

 

 

 

 

 

Этюд №1

Орташа екпінде Т.Қышқашбаев

 

Этюд №8

Т.Қышқашбаев

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ үлгілері:

1. Сабақтың тақырыбы: Позиция, аппликатурамен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Позиция, аппликатурамен таныстыру, орындалу ерекшелігін көрсету.

Дамытушылық: Оқушының ой-өрісін, музыкалық қабілетін, аспапта ойнау шеберлігін дамыту

Тәрбиелік: Домбыра аспабын қастерлеуге үйрету, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Позиция жазылған плакат, қол қойылымдары бейнеленген суреттер

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, оқушының сабаққа әзірлігін тексеру

2. Үй тапсырмасын тексеру:
а) G dur гаммасын орындау
б) Халық күйі «Тепеңкөк» Күйді жатқа ойнау.

3. Жаңа сабақ: Позиция, аппликатурамен жұмыс
Позиция дегеніміз сол қол саусақтарын домбыра мойнында жылжытпай-ақ орналасуы. Аппликатура дегеніміз сол қол саусақтарының орналасу тәртібі.
Бүгінгі сабағымызда К.Вебердің «Аңшылар хоры» шығармасын үйренеміз. Карл Мария Фон Вебер – неміс халқының романтик композиторы. Ол дарынды композиторлығымен қоса дирижер, пианист. Неміс халқының музыкасына үлкен үлес қосты. Аңшылар хоры шығармасы Вебердің «Сиқырлы мерген» операсынан алынып, домбыра аспабына лайықтап, өңделген. Шығарма до мажор тональнісінде жазылған. Өлшемі 2/4. 1,2,3,4,5-позициялар кездеседі

«Аңшылар хоры» шығармасы орындалады

4. Дамыту:Шығарманы нота бойынша талдау, тактілеп жұмыс жасау

5. Сергіту сәті: Жаттығу жасау

Қанат қағып жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға
Иіліп келіп қол созам,
Аяғымның ұшына.
Баян болып тартылып,
Барабанша соғамыз
Домбырамен ән айтып,
Қамажайға билейміз.

6. Бекіту:
- Позиция дегеніміз не?
- «Аңшылар хоры» шығармасында қандай позициялар кездеседі?
- Аппликатура дегеніміз не?
- Карл Мария Фон Вебер қаелдің композиторы?

7. Қорытындылау: Міне, біз бүгін домбырада позиция, аппликатура үйрендік. Домбыраның мүмкіншілігін кеңінен пайдалану арқылы орындаушылық шеберлігімізді шыңдай аламыз. Домбыра – қазақ халқының өмірінен елеулі орын алатын, өзіндік репертуары, дәстүрі бар музыкалық аспап. Олай болса, қазақ халқының асыл мұрасы домбыраны қастерлей білейік.

8. Үйге тапсырма: «Аңшылар хоры» шығармасын берілген жерге дейін жүргізіп ойнау

9. Бағалау:

 

 

2.Сабақтың тақырыбы: “Этюдпен жұмыс”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыға этюд туралы толық мағлұмат беріп, саусақтардың дұрыс қойылымын қадағалау.

Дамытушылық: Этюдті ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыны еңбекқорлық, ізденіс арқылы төзімділікке, шығарманы түсініп орындауға және өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай буклет.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

B-dur гаммасын әр түрлі штрихтармен, арпеджиосымен ойнау.

g-moll гаммасын 3 түрін ойнау.

Ж.Еңсепов «Әке толғауы» ойнау.

Жаңа сабақ: “Этюдпен жұмыс”

Этюд – француз тілінен аударғанда машықтану деген мағынаны білдіреді. Орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шығарма болып табылады.

Бүгінгі сабақта Л.А.Хамидидің 1 – этюдін үйренеміз.

Латиф Хамиди – 1906 жылы шілде айының 17 күні Қазан қаласына жуық орналасқан Кайбицк ауданындағы Бувари деревнясында, кедейдің отбасында дүниеге келді. Ташкент ағарту институтын, 1-ші Мәскеу музыкалық техникумының теориялық-композиторлық факультетінің профессоры Б. А. Яворскийдің классынан дәріс алған. Композитордың көптеген әндер, романстар, вальстар, балаларға арналған фортепианолық пьесалар жазды. Солардың ішінде хорға арналған шығармалары “Қазақ вальсі” және “Бұлбұл” Хамидидің атын танымал етті. 1933 жылдан қазақтың халық әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіруге атсалысты. А. Жұбановпен бірлесіп «Абай» операсын (1944) жазды.

Латиф Хамиди белсенді мәдениет қайраткері, ҚазССР-нің халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды.

Этюд жылдам екпінде орындалады. Ре мажор тональносінде жазылған. Өлшемі 2/4. Этюдта нота ұзақтығы әр түрлі болып өзгеріп, меццо – форте, форте сияқты динамикалық белгілер кездеседі.

Этюдті домбыра аспабында орындап көрсетемін.

Дамыту.Этюдті нота бойынша талдау, тактілеп жұмыс жасау. Этюдті ойнау барысында әр түрлі штрихтарын, сол қол саусақтарының пернелерді дәл үстінен басып, дыбыс анық, таза шығуын қадағалап отырамын.

Бекіту. Сұрақтар.

1.1 этюдтің авторы

2. Л.Хамиди қай жылы, қай қалада дүниеге келген?

3. Этюдтің тональносі қандай?

4. Этюдтің өлшемі

Қорытындылау.Бүгінгі сабақта композитордың өмірбаяны және шығармаларымен таныстық. Біз ән, күй ойнаумен қатар техникамызды өсіру үшін жаттығу, гамма және этюдтер ойнаймыз. Бүгін сол мақсатта Латиф Хамидидің 1 этюдін үйрендік. Музыкалық шығарманы орындау шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Түсініп ойнауға дағдылану керек. Біздің заманымызға мол мұра қалдырған қазақ композиторларын және музыка зерттеушілерін құрметтей білейік.

Үйге тапсырма.Л.Хамидидің 1 – этюдін нота бойынша жүргізіп ойнау.

Бағалау.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Домбыра үйрену мектебі. А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқақов – Алматы «Өнер» 1992ж

2. Домбыра үйрену мектебі. Л.Хамиди, Б.Ғизатов. Алматы «Өнер» 1983ж

3. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. Қ.Мерембаев. Алматы «Өнер» 1987ж

4. Музыка сабағы. Ө.Байділдаев Алматы «Рауан» 1997ж

5. Домбыра үйренейік. Ө.Спанов. Алматы «Әуен» 2000жыл

6. Күй қастерлі әуез. А.Есенұлы, Г.Елеусізқызы

7. Алғашқы домбыра үйрену мектебі, Х.Тастанов. Алматы «Жазушы» 1966ж

8. О.Спанов «Домбыра үйренейік» «Әуен» баспасы 2004 жыл

9. «Музыка» пәніне арналған «Мұрагер» бағдарламасы. А.Райымбергенов, Ұ.Байбосынова Алматы «Атамұра» баспасы

10. Қазақ күйлерінің тарихы. Т.Мерғалиев, С.Бүркітов

Алматы 2000ж

11. Домбыраға арналған педагогикалық репертуарлар.

Хрестоматия. Музыка мектебінің 1-сыныбына арналған. Құрастырған Қ.Абдулев. Алматы «Әуен» 2003 жыл

12. Домбыраға арналған оқулық. Т.Қышқашбаев

13. Музыкалық сауат. Г.М.Рахыжанова. Қарағанды. 2010ж.

14. «Музыкадағы алғашқы қадам» А.Жұбанов Алматы 2000жыл

15. Т.Мерғалиев «Домбыра сазы» Алматы баспасы 1972жыл

 


Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….......3

Гамма.Арпеджио ……………………………………………………………………………….4

Диезді мажорлы тональдіктер………………………………………………….………..…….. 5

Бемольді мажорлы тональдіктер…………………………………..…………………………...7

Диезді минорлы тональдіктер……………………………………………………..…………...9

Бемольді минорлы тональдіктер…………………………………………………………….12

Этюдтер. 1-сынып.

· М.Гарлицкий……………………………………………………………………….14

· В.Глейхман………………………………………………………………………....14

· В.Глейхман…………………………………………………………………………15

· И.Тамарин…………………………………………………………………………..15

· С.Хұсайынов ………………………………………………………………………15

· Ю.Шишаков ………………………………………………………………………16

Сынып

· И.Хабибулин………………………………………………………………………16

· Ю.Шишаков……………………………………………………………………….16

· И.Беркович…………………………………………………………………………17

· Ғ.Әдепқалиев………………………………………………………………………17

· С.Луканюк………………………………………………………………………..…17

· А.Жайымов…………………………………………………………………………18

· М.Қойшыбаев………………………………………………………………………18

· Б.Страннолюбский…………………………………………………………………19

· Т.Естаев……………………………………………………………………...…...…20

· Х.Тастанов………………………………………………………………………….20

· Ш.Асқаров………………………………………………………………………….21

· А.Жайымов…………………………………………………………………...…….21

· Б.Ысқақов……………………………………………………………………...…....22

· №1. Л.Хамиди………………………………………………………………..…….22

· №6. Т.Қышқашбаев ………………………………………………………………23

Сынып

· Б.Ысқақов…………………………………………………………………….……. 23

· А.Яншинов…………………………………………………………………….……24

· С.Бүркітов…………………………………………………………………………..24

· Қ.Сахарбаева………………………………………………………………………..24

· №1. Т.Қышқашбаев ………………………………………………………………..25

· №8. Т.Қышқашбаев ………………………………………………………………..26

· Қ.Мерембаев ………………………………………………………...……………..27

· О.Дүйсенов…………………………………………………………………..……..28

· №3. Л.Хамиди……………………………………………………….…………….29

· №4. Л.Хамиди…………………………………………………………………...….30

· №5. Л.Хамиди…………………………………………………………..………….30

· №6. Л.Хамиди……………………………………………………………..……….31

· №8. Л.Хамиди……………………………………………………………..……….32

4-сынып

· Х.Тастанов……………………………………………………………………..…...33

· №7. Л.Хамиди……………………………………………….……………….…….34

· №9. Л.Хамиди…………………………………………………………………..….35

· №10. Л.Хамиди………………………………………………………………….....36

· №1. Х.Тастанов………………………………………………………………...…...37

· Х.Тастанов…………………………………………………………………….…...38

· С.Коняев………………………………………………………………………..…..39

· С.Стемпневский…………………………………………………………...……….44

Сабақ үлгілері…………………………………………………………………………………………...….49

Пайдаланылған әдебиеттер …………………………………………………………………………...…..52

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.