Здавалка
Главная | Обратная связь

Если случился обморок 6 страница



қабылдау – принимать, приемный

ауру адамның өмірін сақтау – сохранить жизнь больного

дұрыс диагноз қою – поставить правильный диагноз


Когнитивті – білім компетенциясы:

1.Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) дереу, жылдам

ә) қисық, дөнгелек

б) қыңыр,қоңыр

в) салмақты, жеңіл

г) күңгірт, бұлтсыз

2.Қате жазылған сөзді көрсетіңіз

а) денсаулығы

ә) денсаулықтің

б) денсаулығын

в) денсаулықты

г) денсаулығыңыз

3.Қай сөйлемде қате жазылған сөз бар?

а) Бүгін ерте тұрдым

ә) Қолжазбаңызды қалдырып кетіңіз

б) Науқастың қызуы күтірілді

в) Сыздап ауырады

г) Ақылды қыз екен

4.Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?

а) Бірақ ол келмеді

ә) Қашан келер екен

б) Ол келмесін

в) Тезірек келсе ғой

г) Келмекші болды

5.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң, .... .

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды

6. Адамның ішкі мүшелерін көрсетіңіз

а) ағайын

ә) бауыр

б) аяқ

в) әпке

г) туыс

7. Врачебная тайна сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) дәрігерлік мамандық

ә) дәрігерлік көмек

б) дәрігерлік құпия

в) дәрігерлік құжат

г) дәрігердің кеңесі

8. Қан тамырын қөрсетіңіз.

а) көктем

ә) алқа

б) саусақ

в) шеміршек

г) қолқа

9. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

а) игі (еді)

ә) айту (керек)

б) оқытушы (еді)

в) ақыл (дасты)

г) жалғызбын (деме)


Операционалды – дағды компетенциясы:

1– жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Денсаулығы нашар болған себепті, ... . 2. Науқас созылмалы аурумен ауырғандықтан, ... . 3. Медицина университетінде оқу қиын болғандықтан, ... . 4. ..., ата-анасы үйіне кеш келді. 5. ..., дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпеді. 6. ..., жұқпалы ауруға қарсы ектірді.

 

Коммуникативтік компетенция

1.Дәрігер науқаспен қандай қарым-қатынаста болуы керек?

2.Дәрігердің міндетіне нелер жатады?

3.Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?

4.Дәрігер нені ескеру қажет?

5.Науқас адамның психологясы қандай болады?

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 135-136-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 113-115-бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.133-134-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№30 тақырып: Аралық бақылау

 

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Аралық бақылау

3. Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

3. Міндеті:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.

 

Операционалды – дағды компетенциясы:сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.

 

Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.

 

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.

 

Сабақтың әдістері:коммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.

4. Өткізу түрі: бақылау

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

1.Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?

2.Валеология қандай ғылым?

3.Қан диабеті неден пайда болады?

4.Қан диабеті ауруының белгілерін атаңыз.

5.Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерін атаңыз.

6.Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

7.Ағзаны шынықтыру деген не?

8.Ағзаны калай шынықтыруға болады?

9.ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру?

10.ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады?

11.ЖИТС (СПИД) ауруының белгілері қандай?

12.Жұқпалы аурулар неден пайда болады?

13.Аурудың қозуына не әсер етеді?

14.Ағзаны шынықтырудың жолдары қандай?

15.Аурулардың қоздырғыштары қалай жұғады?

16.Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

17.Дәрігердің негізгі міндеттері қандай?

І нұсқа

1-тапсырма.Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма.Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма.Шартты бағыныңқы, мақсат бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма.Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге ажыратып, түрлерін анықтаңыз.

1. Аурудың созылмалы түріне айналмасын деп, науқас ауруханада емделді.

2. Денеге суық тигізіп алсаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

3. Дәрілік шөптерді көп қолданғанмен, аурудан тез жазылып кетпеді.

4. Тері ауруын емдету үшін, Айжан емханаға барды.

Лексикалық материал бойынша сұрақтар

1-тапсырма.Өткен мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін еске түсіріп, орыс тіліне аударыңыз.

Қант сіңіру, тағамдағы көмірсу, ағзадағы зат алмасу, мүгедек адамдар, жүйелі бақылау, ғылыми зерттеу, денсаулық сақтау, жұқпалы індеттер, дене шынықтыру, ретсіз тамақтану, мамандырылған бөлімше.

2-тапсырмаҚант диабеті ауруы бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.

3-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударып, медициналық термин сөздерді оқып алыңыз.

 

Краснуха

Краснуха обычно начинается с появления на лице пятнистой розовой сыпи, которая в течение нескольких часов распространяется по всему телу, особенно вокруг суставов, на спине, ягодицах, на руках и ногах. Одновременно у ребенка начинается легкий насморк, кашель.

Еще один характерный симптом краснухи – увеличение лимфатических узлов, особенно затылочных и заднешейних.

Дети старшего возраста и взрослые переносят это заболевание тяжелее: с высокой температурой, резкой головной болью, значительным увеличением лимфатических узлов.

 

4-тапсырма.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

1912 жылы поляк ғалымы Казимир Функ тағам құрамындағы белок, май көмірсутек және минералды тұздардан басқа тағы бір белгісіз затқа «витамин» деп ат берді. «Вита» латынның «өмір» деген сөзі, ал «мин» - химиялық құрамында азоты бар зат.

Казимир Функ күріш құрамынан белок, май көмірсутек және минералды тұздарды бөліп алды, ал кейіннен алған «витамин» деген затында, шынында да азот бар еді. (А.Алдашев)

Тестілер:

1. Бағыныңқысы “қайтсе де?” деген сұраққа жауап бермейтін сөйлемді көрсетіңіз.

а) Май безінің секрециясы теріні майлап, ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

ә) Тері дене жылылығын реттесе де, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды әсерлерден қорғай алмайды.

б) Науқас дер кезінде емделсе де, толық жазылып кетпеді.

в) Үсіген терінің біртіндеп жаны кете бастаса да, соңынан қараяды.

г) Үй тапсырманы жақсы орындаса да, сабақта дұрыс жауап бере алмайды.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., бір-бірімен тығыз байланысты.

а) Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанмен

ә) Тыныс алу жүйесінің мүшелері

б) Дене қызуы жоғарылады

в) Ауру асқынып, басқа мүшелерді қабындырыпты

г) Әр өкпе өкпеқаппен қоршалған

3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Егер науқастың бас сүйегі сынса, жедел дәрігер шақыру керек.

а) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Ауыр формалары кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді.

а) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

5. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.

..., науқастың жағдайы нашарлайды.

а) Микробтар болады

ә) Ауру басталмаса

б) Асқыну болмай

в)+ Жұтынғанда тамағы ауырып

г) Ауру тудыратын себептері

6. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., тепе-теңдік сақтай алмайды.

а) Жедел ауырады

ә) Жүргенде сенімсіздік байқалып

б) Баланың басы айналады

в) Баланың есту қабілеті төмендейді

г) Көлеміне қарай өзгеріп отырады

7. Сабақтас құрмалас сөйлем емес қатарды көрсетіңіз.

а) Балды тыныс жолы зақымданғанда, жүрек қызметі нашарлағанда беруге болады.

ә) Зат алмасу процесі жақсарады, жүрек етінің жиырылуы күшейеді.

б) Антибиотикті қажет болғанда ғана пайдаланыңыз.

в) Ең алдымен дәрігерге көрініп, толық тыныштықта жатып емделген жөн.

г) Ауырған адамды дереу жеткізу үшін, жедел жәрдем машинасын шақырды.

8. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Тері газ алмасуын реттейді және ол ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды.

а) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

ә) Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем

б) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

в) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

г) Сабақтас құрмалас сөйлем

9. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Бүйрек қызметі нашарлайды ... жүрек ентікпесі пайда болады.

а) үшін

ә) бірақ

б) және

в) де

г) деді

10.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болатын сыңарды көрсетіңіз.

..., қан қысымы уақытша көтерілді.

а) Ағзада өзгеріс байқалып

ә) Ауыр ой еңбегімен айналысу үшін

б) Қан тамырдың тарылуы болса

в) Дәрісін дер кезінде қабылдағанмен

г) Жүректің көлемі ұлғайып

ІІ нұсқа

1-тапсырма.Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма.Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

5. Қуық түбінен несеп каналы басталады.

6. Венералық аурулар науқас адамнан сау адамға жұғады.

7. Аймақтық жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады.

8. Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.

3-тапсырма.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма.Мақсат бағыныңқы, шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.

1. Аурудың алдын алсаң, денсаулығыңның дұрыс болуына көмектеседі.

2. Бүйрекке тас жиналмасын деп, ол емдік шөптер ішті.

3. Науқастың қуығы созылмалы қабынса да, дәрігердің көмегімен тез жазылып кетті.

4. Қан қысымы жоғарыламау үшін, қажетті емдерді қолданды.

6-тапсырма.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

5. Біртұтас, дегеніміз, анатомиялық, ауру, құбылыстар, және, физиологиялық.

6. Бар, ең астыңғы, торлары, терінің, май қабатында.

7. Болады, толуына, қуық, өзгермелі, пішіні, қарай.

8. Бүйрек, жатады, үсті, безі, екі, бүйректің, үстінде.

Лексикалық материал бойынша сұрақтар

1-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Аспаптарды қолдану, иммунды жасушаларды зақымдау, лентивирустар бөлігіне жату, жүйелі бақылау, медициналық көмек корсету, науқастарды емдеу, халықтың денсаулығы, аурухананың құрамына қабылдау, тұрмыс жағдайын жақсарту.

2-тапсырма.Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.

- Что вас беспокоит?

- У вас давно головные боли?

- Когда чаще болит голова?

- Какая часть головы болит?

- Вы чувствуете пульсирующую боль в голове?

- Когда у вас появилась слабость в ноге (ногах), руке (руках)?

- Головная боль у вас усиливается при повышении кровяного давления?

- Страдаете ли вы бессоницей?

- Вам приходится принимать снотворные лекарства?

3-тапсырма.Тері аурулары (есекжем, теміреткі, қотыр, т.б.) бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.

4-тапсырма.Медициналық мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Аймақтық жүйке жүйесінің қызметі қандай?

2. Нейрон деген не?

3. Жүйке аурулары қандай топқа бөлінеді?

4. Миға қан құйылу қандай ауру?

5. Тері қандай қабаттардан тұрады?

6. Тері аурулары кезінде қандай белгілер байқалады?

7. Мерез ауруының белгілері қандай?

5-тапсырма.Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Иммунитет

Все знают, что нас окружают многочисленные микрооргнаизмы, однако болезни они вызывают не всегда. Дело в том, что в процессе эволюции в организме человека сформировалась система защиты против микробов – иммунитет.

Иммунитет – совокупность защитных приспособлений организма, направленных на уничтожение и удаление паразитов, чужеродных клеток, в том числе опухолевых, и веществ. В реакциях иммунитета участвуют костный мозг, вилочковая железа, селезенка, клетки крови – макрофаги, Т- и В-лимфоциты и др. Регулируется иммунный ответ организма нервной и эндокринной системой с помощью сложных биохимических реакций.

Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечника, дыхательных путей. Они участвуют в процессе пищеварения и даже защищают наш организм от вторжения в него патогенных, т.е. способных вызывать болезнь, бактерий и вирусов. Но многие из них готовы превратиться в паразитов, использующих ткани человека в качестве питательной среды. Обязательное условие для этого – ослабленность, беззащитность организма. Или, как говорят ученые, должна развиться иммунная недостаточность (иммунодефицит).

 

 

Тестілер:


1. Сабақтас құрмалас сөйлем жасамайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., ауруы күшейіп кетеді.

а) Науқас шалқасынан жатса

ә) Тамақты көп ішкеннен

б) Науқастың жүрегі айнып

в) Сыздап ауырады

г) Ұйқы безінің қызметі бұзылғандықтан

2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., жүйке жүйесі зақымданады.

а) Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырмаса

ә) Темекі көп тартқандықтан

б) Жүрек ауруымен жиі ауырып

в) Қан қысымы артуы салдарынан

г) Тамақты көп жесе де

3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Ол тазалықты дұрыс ..., іш ауруымен жиі ауырады.

а) сақтамағандықтан

ә) орындаса

б) орындамай

в) сақтаса да

г) білгенмен

4. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., анасы баласына вакцина ектірді.

а) Қызылша ауруымен ауырмасын деп

ә) Күл жұқпалы ауру болғандықтан

б) Жұқпалы аурумен ауырмаса

в) Аурудың алдын алу

г) Жеміс-жидектерді көп беріп

5. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетеңіз.

а) Қазақ тілін үйрену үшін, қазақша көбірек сөйлесу керек.

ә) Адам тез жазылсын деп, тағайындаған емді дұрыс қабылдайды.

б) Жақсы дәрігер болсаң, адамдар сені құрметтейді.

в) Жүрек ауруын алдын алу үшін, көп ашуланбау керек.

г) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.

а) қалай?

ә) қашан?

б) не үшін?

в) нешеде?

г) қайда?

7. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Мешел ауруынан айығу үшін, сұлы сабанынан ванна жасап ем қабылдау керек.

ә) Аяқ шаршағанда салқын суға салу керек.

б) Құрғақ сұлыны қыздырып басу- өт қабынғанда тастың түсуіне, іш ауруларының жазылуына көмектеседі.

в) Асқа тәбетті арттыратын дәрі ретінде пайдалануға болады.

г) Таңертең ерте тұрып, мен дене шыңықтыру жасаймын.

8.Сөйлемді аяқтайтын екінші сыңарды көрсетіңіз.

Дәріханаға бармақ болып, ... .

а) далаға шықты

ә) үйде отыр

б) қонаққа келді

в) дүкенге барды

г) үйде демалды

9. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарын көрсетіңіз.

... ,науқас дәрі ішті.

а) Тез жазылу үшін

ә) Дене қызуы көтерілмесе

б) Науқас уақытысымен емделсе

в) Қан қысымы бірқалыпты

г) Басын шайқады

10. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қандай шылау арқылы жасалады?

а) үшін

ә) сонда да

б) да

в) немесе

г) және


11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 135-136-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 113-115-бб.

3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 325-326- бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.133-134-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№ 1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.

 

 

Ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 

1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.

2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.