Здавалка
Главная | Обратная связь

Университетте неше факультет бар?



а) тоғыз

ә) жеті

б) он бір

в) бес

г) үш

14. Сөйлемді толықтырыңыз.

Студенттер ... ... қамтамасыз етілген.

а) жақсы кітаптың

ә) жайлы тұрмысқа

б) жайлы жатақханамен

в) жайлы жатақханадан

г) жылы киімдер

15. 1931 жылы кітапхана қорында неше кітап болды.

а) алпыс мыңдай

ә) алты мың

б) алпыс бестей

в) алты жүзге

г) алты мың жеті жүз


11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.

 


 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.

2. Мақсаты:Көмекші етістіктерді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту; мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

 

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында көмекші етістіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; көмекші етістіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

Операционалды – дағды компетенциясы:

Көмекші етістіктерді дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтінді

мазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,

 

4.Негізгі ұғымдар:

Денсаулық сақтау ісі, шығыс халықтары тарихы, тырысқақ, оба және шешек аурулары, қымызбен емдеу, санитарлық мәдениетін көтеру, әскери кіші дәрігер қызметі, әлеуметтік-саяси тақырыптар, оба індетіне қарсы,

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты , минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин. )

Үй тапсырмасын сұрау ( 45-48 мин.)

Жаңа сабақ

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс ( 30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс ( 15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 10 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин. )

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин. )

Студенттің білімін бағалау (3 мин. )

6.Өткізу түрі:танымдық сабақ

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар:көмекші етістіктерге арналған кесте, үлестірмелі парақшалар, алғашқы қазақ дәрігерлеріне арналған бүктемелер.

Тапсырмалар.

Жаңа сабақ

Көмекші етістіктер

Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Аналитикалық етістік құрамында тиісті жетекші етістікке белгілі дәнекер арқылы тіркесіп, оған қосымша абстракты грамматикалық мағына үстейтін бір алуан етістіктер жатады.

Ондай толымды көмекшілердің қатарына жататын етістіктер мыналар: ал, бар, баста, бол, жатыр, тұр, жөнел, жібер, кел, кет, көр, қал, қой, сал, таста, отыр, жүр, шық, қыл, ет т.б.

В казахском языке нет предлогов и приставок. Различные оттенки значений, выражающиеся в русском языке посредством предлогов и приставок, в казахском языке передаются при помощи вспомогательных глаголов. Нужно отличать вспомогательные глаголы жүр, тұр, отыр, жатыр от всех остальных вспомогательных глаголов. Вспомогательных глаголов в казахском языке очень мало. Все они могут употребляться и с самостоятельным значением. Н а п р и м е р:

Түсіп кетті – упал (кетті – вспомогательный глагол).

Кетті – ушел кетті основной глагол.

Қалды – остался, осталось қалды основной глагол.

Баста – в качестве вспомогательного глагола соответствует русским глаголам стать, начинать.

Келе бастады – начали прибывать.

Айта бастады – стал говорить.

Қал – указывает на оттенок мгновенности, неожиданности и пр.

Кетіп қалды – уже ушел.

Сынып қалды –сломалось.

Кет – имеет почти такое же значение, как қал.

Құлап кетті – упал, выпал.

Шығып кетті – 1. Вышел; 2. Взобрался; 3. Соскочило.

Қой – указывает на кратковременность действия, в некоторых случаях соответствует однократному действию.

Жауып қойды – закрыл.

Алып қойды – забрал.

Бара тұр – иди пока.

Тұра тұр – подожди.

Тоқтай тұр – подожди

1-жаттығу Кестеге көмекші етістіктерді жазып, сөйлем құраңыз.

 


 

 

Бара тұр

Құлап қалды

 

 


2-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазып, көмекші етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз.

1.Алғашқы қазақ дәрігерлері елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді. 2.Көктемде құстар ұшып келе бастады. 3.Дәрігер кабинеттен шығып кетті. 4.Мәтіннің түпнұсқасын толық жазып берді. 5.Досы ерте кетіп қалды.

 

3-жаттығу.Төмендегі сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Стал говорить, кончилось, упал, забрал, достань, продолжай говорить, уже ушел.

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма.«Алғашқы қазақ дәрігерлері» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

даярлану-готовиться оба-чума бедел-авторитет шәкірт-ученик күрделі-сложный жарқын із-яркий след қалтқысыз қызмет ету-преданно служить жергілікті халық-местные жители көңіл бөлу-уделить внимание   тырысқақ-холера шешек -оспа емдеп жазу-вылечить шарт-условие ағартушы-просветитель танылу-признаваться қоғам қайраткері-общественный деятель қолдан келгенше-по-возможности дәрігерлік көмек-врачебная медицинская помощь  

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Даярлау ісі, әскери госпиталі жанынан, кедей топтарына, дәрігерлік көмек көрсету, жарқын із қалдыру, қазан төңкерісі, даярланып шығу, жергілікті халықтар, медицина институтын ұйымдастыру, казак-орыс атқыштар батальоны, қоғам қайраткері, беделге ие болу, алаш қозғалысы, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуы, қиыншылықтарға қарамастан.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Алғашқы қазақ дәрігерлері

Қазақтар арасынан дәрігерлер мен фельдшерлер даярлау ісі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдары-ақ қолға алына бастады. Қазақстанда жергілікті халықтар арасынан шыққан көптеген дәрігерлер мен фельдшерлердің өмірі мен медициналық қызметі республика медицинасының тарихында жарқын із қалдырды. Қазақ халқының алғашқы фельдшерлері 1841 жылы 9 тамызда Орынбор әскери госпиталі жанынан ашылған фельдшерлік мектептен даярланып шықты.

Қазақстан территориясында тырысқақ, оба және шешек аурулары талай халықты қырғынға ұшыратты. Ол кезде қазақтарға орта есеппен 1 дәрігерге 22-25 мың адамнан келген. Қазақтан шыққан алғашқы медициналық қызметкерлер осындай қиыншылықтарға қарамастан, елдің кедей топтарына қолдан келгенше дәрігерлік көмек көрсете білді.

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің қатарына Мұхамеджан Қарабаев, Әміре Айтбақин, Әбубәкір Алдияров, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхамедұлы, Есенғали Қасболатов, Гүлсім Асфендиярова т.б. жатқызуға болады.

Санжар Жағыпарұлы Асфендияров 1889 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Дәрігерлер отбасында тәрбиеленген. Ол 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академиясына оқуға түсіп, 1912 жылы бітіріп шығады. Академияны бітіргенен кейін Термез қаласында жұмыс істейді.

1919-1920 жылдары С.Ж.Асфендияров Түркістан республикасында Денсаулық сақтау жөніндегі халық комиссары болып қызмет істеген. Ол 1927 жылы Мәскеу университетінің профессоры болып, Шығыс халықтары тарихынан дәріс оқиды және Мәскеу Шығыстану институтының ректоры болады.

1930 жылы С.Ж.Асфендияров Қазақ АССР Денсаулық сақтаудың халық комиссары болып тағайындалады. Алматы медицина институтын ұйымдастыруға көп еңбек сіңірді.

Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұра, қазақ тарихы, әдебиеті мен тілі, медицина, биология, табиғаттану салалары бойынша зерттеу мақалалар мен оқулықтар жазған талантты ғалым 1883 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ол 1909 жылы Петербург әскери- медициналық академиясын алтын медальмен бітірген соң, алдымен Перм губерниясында, содан кейін 2- Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер қызметін атқарады.

Х.Досмұхамедұлы 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес істеріне ат салысады. Ол 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік- сүзек», «Жұқпалы аурулар хақында» атты кәсіби және әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрады. Оның «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. 2009 жылы 27 қазанда университетте Х.Досмұхамедұлы атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі құрылды.

Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, педагог Ы.Алтынсариннің шәкірттерінің ішінен бірнеше дәрігер мен фельшерлер шықты. Олар: Ә.Алдияров пен Ә. Айтбақин.

Әбубәкір Алдияров Троицк қаласында талантты оташы ретінде танылды. Ол қазақтың дарынды ақыны С.Торайғыровқа күрделі ота жасап, халық алдында, өзінің қызметтес әріптестері арасында зор беделге ие болады.

Әміре Айтбақин құрметті дәрігер аталып, «барлық аурулардан емдеп жазушы» ғалым ретінде танылды. Ол өзінің қымызбен емдеудегі байқаған тәжірибелерін Томск университетінің еңбектерінде жариялайды.

Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі - Мұхамеджан Қарабаев 1887жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1916 жылы «Қызыл кресті» ұйымдастыруға қатысты. Ол 1919- 1921 жылдары Қостанай аймағына сүзек, безгек, оба, шешек сияқты індет көп таралған кезде, медициналық көмек ұйымдастырды. М.Қарабаевуезд халқының санитарлық мәдениетін көтеруге, оларға тазалық пен гигиенаның қарапайым шарттарын үйретуге көп көңіл бөледі. Өзінің 40 жылдық дәрігерлік еңбегімен республиканың денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, дамытуға елеулі еңбек сіңірді.

Басқа да көптеген қазақ дәрігерлері мен фельдшерлері қоғамдық істерге белсене араласып, денсаулық сақтау ісінің қалыптасуына үлкен еңбек етті.

 

4- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

· С.Асфендияров академияны бітіргеннен кейін қайда жұмыс істеді?

· Х.Досмұхамедұлының қандай еңбектерін білесіз?

· Ә.Айтбақин қандай дәрігер?

· Қазақстанда қандай жұқпалы аурулар көп тарады?

· С.Асфендияров Мәскеуде қандай қызметтер атқарды?

5- тапсырмаМәтін бойынша сөз тіркестерінің сыңарын табыңыз.

1. дәріс ...................

2.алғашқы................

3.дәрігерлік..............

4.талантты.............

5.мәдениетін.........

 

6-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, түсінгеніңізді айтыңыз.

Х.Досмухамедов в 1903 г. успешно окончил Уральское реальное училище. Он активно занимался вопросами противоэпидемической работы, организацией стационаров для инфекционных больных.Учитывая большой неоценимый вклад в развитие просвещения и здравоохранения Казахстана, решением Ученого Совета КазНМУ им.С.Д.Асфендиярова от 27 октября 2009 г. Школе общественного здравоохранения присвоено имя Халела Досмухамедова.

 

7-тапсырма.Мәтіннен көмекші етістіктерді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

 

Студенттің білімін бақылау

 

Когнитивті – білім компетенциясы:

 

Тест тапсырмалары:


1) Етістікті көрсетіңіз:

а) қалақай

б) дәне

в) сораң

г) еру

д) жұмыс

2) Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Балалар ойнап жүр.

б) Олар сөйлесіп отыр.

в) Балалар доп ойнады.

г) Балалар доп ойнап жатыр.

д) Мен театрға барып келдім.

3) Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз:

а) Сәуле орындықта отыр.

б) Сәуле кеше келді.

в) Сәуле келе жатыр.

г) Сәуле келді.

д) Сәуле мектепке барды.

4) Сөйлемді аяқтаңыз:

Егер адам тыныс жолы арқылы уланса, ...

а) көмек көрсету үшін.

б) өте сақ болған.

в) бір жүйеге келтіру

г) таза ауаға шығару керек

д) тындау керек

5) Етістікті көрсетіңіз:

а) тыңдайды

б) жаздай

в) жемдей

г) сіздей

д) озіндей

6) Етістіктің сұрағын көрсетіңіз:

а) қашан?

б) не қылды?

в) не үшін?

г) қандай?

д) не?

7) Етістікті көрсетіңіз:

а) ауыр, жеңіл

б) ақылды, сергек

в) бар, жоқ

г) он, жетпіс

д) келді, кетті

8) Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз:

а) келе бастады

б) сұраған жоқ

в) біреу келді

г)жағдай бар

д) бару керек

9) Етістікті көрсетіңіз:

а) әрбір

б) қоғам

в) оқыды

г) жеміс

д) мектеп


 

Операционалды – дағды компетенциясы:

Көмекші етістіктер қатысқан тіркестерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.

Жазып бер, қайтып кетті, түсіп кетті, салып бер, оқып қойды.

Коммуникативті компетенция:

а) лексикалық тақырып бойынша

7. Алғашқы қазақ дәрігерлерінен кімдерді білесіз?

8. Алғашқы қазақ фельдшерлері қайда даярланып шықты?

9. С.Асфендияров кім? Қайда оқып білім алған?

10. Х.Досмұхамедұлы туралы не білесіз?

11. Ақын С.Торайғыровқа күрделі ота жасаған дәрігер кім?

12. Дәрігер М.Қарабаев медицинаның қай саласында еңбек етті?

ә) грамматикалық тақырып бойынша

5. Тілімізде көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

6. Қандай көмекші етістіктерді білесіз?

7. Ал, баста, қой, бол көмекші етістіктеріне мысал келтіріңіз.

8. Тілімізде жиі қолданатын көмекші етістіктерді атаңыз.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы:

Сөйлемді аяқтаңыз.

· Ә.Алдияров күрделі ота жасап, .........................................

· Алаш қозғалысының қайраткері ................................................

· С.Асфендияров 1907 жылы Петербург әскери-медициналық академияға.................

· Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ...............................

Негізгі әдебиеттер:

1.Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 47-б.

2. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. А, 2004 .

3. С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Уюкбаев. Қазақ тілі. А.,1988.123-124 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1.Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2.Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 96-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 87-88 бб.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.

 

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары.

2. Мақсаты: Мәтінді сапалы меңгеру уәжін қалыптастыру. Тақырыпты қатысымдық тұрғыда меңгеру, сөздік қорын тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық-әлеуметтік салада еркін пайдаланып, сауатты жаза білуіне көрініс беру.

 

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп оқу.

4. Негізгі ұғымдар:сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазіргі дәрігерлердің өмірбаяны, еңбектері.

 

5. Сабақты өткізу жоспары:

1.Ұйымдастыру кезені-5 минут

2. Өткен материалдарды сұрау-15 минут

3. Жаңа сабақты түсіндіру-30 минут

4. Тақырыпты қорытыңдылау

а)лексика-грамматикалық тақырыптар бойынша-50 минут

б)сөйлеу мадениетінін қалыптастыру-30 минут

5. Білім дағдыларын, деңгейлерін бақылау жұмыстары-20 минут

 

6.Өткізу түрі:Тәжірибелік сабақ.

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Коммуникативтік қарым-қатынас, дискуссия, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру, баяндау.

8. Көрнекі құралдар:Кестелер

9. Тапсырмалар :

1-тапсырма.Мәтінді аударып, ішінен медициналық терминдерді табыңыз.

Сызганов Александр Николаевич родился в 1896 году в г. Татарской АССР. Русский. Хирург, доктор медицинских наук (1936), профессор (1934), заслуженный деятель науки КазССР (1941), действительный член АН КазССР, академик (1954). В 1934-1936 гг.он организовал Республиканскую станцию переливания крови, которой руководил в течение 11 лет.

В КазГМИ возглавил кафедру оперативной хирургии с топографической анатомией. А.Н.Сызганов уделял большое внимание изучению гнойной хирургии.В 1957 г. в институте впервые в республике организован онкологический сектор с лабораторией экспериментального рака. В 1960г. на базе сектора был создан НИИ онкологии и радиологии. В результате научно-клинических и экспериментальных исследований были разработаны методика оригинального способа пищеводно-желудочного анастомоза после резекции пищевода, пораженного раком, способ внутритканевой терапии с использованием радиоактивного препарата, рассасывающегося по лимфатическим путям, изучен процесс малигнизации узловых форм зоба.

По инициативе и при непосредственнном участии А.Н.Сызганов в институте были созданы отделения хирургического лечения заболеваний легких, приобретенных и врожденных пороков сердца, кровеносных сосудов, заболеваний щитовидной железы, лаборатория анестезиологии и реанимации, лаборатория медицинской радиологии.

2- тапсырма.Сөздерді аударып, сөйлем құраңыз.

Врач, операция, труд, ученый, почки, больной, витамины, здоровья, деятель, наука, сердца, заболевания, желудок, пищевод, организм.

 

3 – тапсырма.Сөздерді аударып, қажеттілік мәнінде сөйлем құраңыз..

Протекать, опухать, оздоровление, колоться, загнить, всасывать, впитывать, стремиться, хрипнуть, чувствовать, утруждать, не начинать, изменяться, торопить, голодать, заинтересовать, руководить, рассуждать.

 

4 – тапсырма.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

... емделуіңіз керек.

... емханаға баруы қажет.

... емдеулері керек.

... дәрігерге қаралуыңыз қажет.

... көп оқуым керек.

... бүйрегіңізді емдеу керек.

... жүрегін тексерту қажет.

... дәрігердің кеңесін тыңдауыңыз керек.

 

5 – тапсырма.Мағынасын түсіндіріңіз.

Тілі байлану, тілін тыю, аузына құм құйылу, құлағының етін жеу, тілдеу, ауыз-аузына жұқпау, миға тоқу, ала көзбен ату, көз жазып қалу, көз жүгірту, көз жеткізу.

6 – тапсырма.Мына етістіктерді толықтырыңыз.

Үлгі: Сөйлеу мәнді етістіктері: сұрау, үндеу, деу, сөйлету т.б.

Хабарласу етістіктері:

Сөйлесу етістіктері:

Сұрақ-жауап етістіктері:

Ойлау мәнді етістіктері:

Көңіл-күй етістіктері:

Жұмыс істеу етістіктері:

7. Мәтінді оқып, аудару

Қазақтың көрнекті дәрігер-ғалымдары

«Елдің атын ер шығарар» демекші, сол ерлердің есімдері, елінің есінде мәңгі жүретін қазақтың қазіргі кездегі танымал дәрігерлері Т.Шарманов, М.Әлиев, К.С.Ормантаев, А.Р.Рақышев, О.Жарбосынов т.б. Қазақ медицинасының қалыптасуы мен дамуына ғалымдарымыздың сіңірген еңбектері өте зор.

Солардың ішінде ардақты азаматымыз, атақты ғалым, ұлағатты ұстаз, денсаулық саласында жан аямай еңбек еткен, академик Төрегелді Шарманов 1930 жылы Қарағанды облысының Ұлытау елді мекенінде дүниеге келген. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық ғылым саласына сіңірген еңбегі ұлан-ғайыр. Ол өз елімізде ғана емес, сонымен қатар дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесіне де қомақты үлес қосты. Әсіресе, ең алғаш біздің елде туберкулез ауруының теміртапшылығынан болатын қан аздығының, біраз а витаминоздардың, әсіресе, С, А витаминдерінің тапшылығының жиі таралып кеткенін анықтап жазып, үлкен мәселе көтерді. Т.Шармановтың ең түбегейлі, жан-жақты тексеріс жүргізіп жүрген ғылым саласы - тағамтану ілімі. Жас балаларға және ауру адамдарға арналған диеталық және емдік тағамдардың көптеген түрлерін жасап шығарғанының мәні өте үлкен. Елімізде алғаш нутрициология ғылымының ірге тасын қалады. 1971-1982 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрі болған. Ол ҚР еңбек сіңірген қайраткер, «Платина тарлан» сыйлығының және Леон Бернард атындағы ДДҰ-ның лауреаты. Халқымыздың біртуар ұлы, көрнекті тұлға Т.Шарманов биыл 80 жасқа толды.

Балалар хирургиясының атасы Камал Сәруарұлы Ормантаев 1936 жылы дүниеге келген. Ол кісі бар еңбегін медицина саласына арнаған. Қазіргі кезде Алматыдағы 1 балалар ауруханасында дәрігер-хирург болып қызмет атқаруда. Камал Сәруарұлының Мәскеудегі өмірі өзін көп арманға жетелеген еді. Өзі ұйымдастырған Қазақ Педиатрия институтының директоры болып қызмет атқарады. Көптеген медициналық кітаптар мен ғылыми еңбектердің авторы. Қазір аталмыш дәрігер-ғалымдардың бастауымен Шри-Ланкадан екі балалар үйін салып жатқаны үлкен ерлік. Алматыда Т.Шарманов пен К.Ормантевтың ұйымдастыруымен республикадағы жетім балаларға көмек көрсету мақсатында «Қамқор» атты қор ашылған. Ол балаларға қиын оталар жасап, емдейтін нағыз шипагер дәрігер. Өзінің қыруар еңбегімен балалар хирургиясының атасы аталған академик, алаштың азаматы, ұлы перзенті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері, республикада екі дүркін «Алтын адам» атағын алған академик.

Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбай Рақышев 1931 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, қазіргі Т.Әубәкіров атындағы ауылда туылған.

1950-1956 жылдары Қарағандыдағы медицина институтында оқыған. 1966 жылы Ленинградтағы физиология институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.

А.Р.Рақышев – 1969-1976 жылдары Алматы медицина институтының оқу істері жөніндегі проректоры, 1994-1995 жылдары Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің вице-президенті болған. 1977 жылдан бері С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі.

А.Р.Рақышев 150-ден астам ғылыми жұмыстар мен 12 монографияның авторы. Ол 1980 жылы Парижде лазер сәулесін медицина саласында қолдану жөніндегі Дүниежүзілік қауымдастықтың құрметті президенті болып сайланған. .

Қазақстанның Халық Қаһарманы, ғалым, хирург, медицина ғылымының докторы, профессор Мұхтар Әлиев 1933 жылы Қызылорда облысында туылған. Негізгі ғылыми еңбектері торакальды, абдоминальды, қан тамыры хирургияларына т.б арналған. Жеке өзі он үш мыңнан астам ота жасаған. Ол Қазақстан мен Орта Азияға бірінші болып бүйректі, бауырды, бала бүйрегін т.б ауыстырып салу (трансплантация) оталарын жасаған. 1980 жылдан өзі негізін қалаған А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры және кафедра меңгерушісі болды. 1982-1987 жылдары Денсаулық сақтау министрі болған.

Аталған дәрігерлер ҚР Денсаулық сақтау саласы тарихында ғана емес, дүниежүзінің денсаулық сақтау жүйесінде де өзіндік үлестерін қосқан, медицина саласына мол мұра қалдырған дарынды тұлғалар.

 

Сөздік


ұлан-ғайыр - огромный

теміртапшылықты - железодефецитная

қомақты үлес – значительный вклад

қан аздық - анемия

түбегейлі – основательно, важно

ірге тасын – основание, фундамент

шипагер – целитель, исцеляющий

қауымдастық – общество

еңбек сіңірген – заслуженный

қайраткер – деятель

мәні – значение

тұлға – личность

қор – фонд

ота – операция

қыруар – множество

ғалым – ученый

ғылым – наука

сала – отрасль

екі дүркін – дважды

ауыстырып салу-трансплантация


8-тапсырма. Оқып, аударыңыз.

Кез – келген, тіпті ең бір күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қатты қобалжып, қорқып немесе жіберген қатесі үшін қатты жабырқап тұрса да, науқасқа көрсетпеуі, сездірмеуі тиіс.

Әрқашан дәрігер өзіне сенімді болу керек. Дәрігердің қиын жағдайда өзін-өзі ұстап, барлығы жақсы, дұрыс болады деген үміті науқастың сенімін сақтайды.

Коммуникативті және экспрессивті қимылдар, сенімділікті, ілтипаттылықты білдіретін мимикалық реакциялар, эмоционалды жақындықты білдіретін ара қашықтық, дәрігердің сыртқы келбеті, сөйлеу мәнері, кәсіби біліктілігі науқастың сенімін арттырып, үмітін оятады.

Медицина қызметкерінің тағы бір кәсіби маңызды жоғары қасиеті, бұл кәсіби іс – әрекет барысында қалыптасатын коммуникативті толеранттылық болып табылады.

Коммуникативтік толеранттылық коммуникативті біліктіліктің маңызды бір құрамдас бөлігі, шыдамдылық, төзімділік дегенді білдіреді.

Коммуникативтік толеранттылық дәрігердің науқас бойындағы жағымсыз қасиеттері мен әдеттерін, жеке ерекшеліктерін, ойлау стереотиптерін, тіпті сөйлеу мәнерін қаншалықты төзіммен қабылдайтынын айғақтайды.

Науқас түрлі ойлар мен сезімдер туғызуы мүмкін. Ол дәрігерге ұнауы, ұнамауы, жағымды немесе жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен, дәрігердің кәсіби дайындығы жанжал, қақтығыс жағдайын болдыртпайды.

10. Бақылау:

1. Қазақтың қандай атақты дәрігерлерін білесіз?

2. Қазіргі кездегі қандай көрнекті дәрігерлерді білесіз?

3. Т.Шарманов туралы не білесіз?

4. Қ.Ормантаевтың қандай еңбектерін білесіз?

5. А.Рақышовтың еңбек жолы қалай және қашан басталды?

6. Анатомия нені зерттейді?

7. М.Әлиевтің қандай еңбектерін білесіз?

8.Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, уролог-дәрігер О.Жарбосынов туралы не білесіз?

9. А.Н.Сызғанов кім?

10. Дәрігер мамандығы туралы не айтасыз?

11. Әдебиет:

1. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005ж.

2. ИсаеваЖ Т,Тәттібаева А.Е.,.Т. Қазақ тілі Алматы, 2011ж.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Шығыс медицинасы.

 

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Шығыс медицинасы.

2.Мақсаты:

- шығыс медицинасы туралы мағлұмат беру;

- шығыс медицинасы туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- шығыс медицинасы туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- етістіктің жасалуын практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша тіл жүйесін, кәсіби бағытта сауатты жазуға, мамандығына сәйкес сөйлеу тілін үйретіп, ғылыми-қоғамдық және медициналық терминологияларды қалыптастыру.

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру, терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру.

3. Коммуникативті компетенция бойынша ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді қолдана алу, мәтінді түсініп оқу.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы.

2. Шығыстың ғұлама ғалымдары.

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы.

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері.

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі.

6. Нүктелі массаждың пайдасы.

7. Шығыс медицинасының ерекшелігі.

5.Сабақ өткізу жоспары:

А)Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).

- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау(2-3 минут )

6. Өткізу түрі:Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма, тесттік бақылау.

8. Көрнекі құралдар:Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск

Тапсырмалар

А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Дерек, құндылық, ғұлама,өшпес із, мәлімет, сыр, шоқ, бармақ, қалпына келтіру, жасуша.

 

Ә)Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу.

деректер-сведения

құндылық-ценность

өшпес із-незабываемый след

мәселелеріне арналған-посвященный

проблемам

нүкте-точка

сыр-тайна,секрет

шоқ-горящий уголь

қалпына келтіру-восстановить

жасуша- клетка

 

Б) Мәтінді оқу

Шығыс медицинасы

Медицина дамуында шығыс медицинасы ерекше орын алады. Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа ежелден белгілі.

Шығыстың ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Бәкір Ар-Рази (Разес), Әбу Райхан әл-Бируни медицина, жаратылыстану, астрономия, философия т.б. ғылым салаларына арнап еңбектер жазып, адамзат дамуында өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Әбу Әли ибн Синаның «Китаб ал-Канун фит-т-тибб» («Канон врачебной медицины »), «Китаб аль-Шифа» («Книга исцеления») т.б.еңбектерінің медицина даму тарихында маңызы зор. Ғұлама ғалымның бұл еңбектері ХII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылған. Мұнда кейбір ауру түрлері сипатталып, оны емдеу әдістері көрсетілген. Сонымен бірге денсаулықты сақтау, нығайту жолдары, әртүрлі өсімдіктердің пайдасы туралы да мәлімет

Шығыс медицинасында науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрілік өсімдіктер, емдік балшық, минералды сулар қолданылған. Сонымен бірге массаж жасау, нүктелі массаж, инемен емдеу т.б. кең тараған.

Инемен емдеу (чжень) және денені күйдіріп емдеу (цзю) – талай ғасырлардан бері медицинаға белгілі. Ол осыдан бес мың жыл бұрын Тибет (Қытай) медицинасында қолданылған. Ол кездерде ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі, күйдіру үшін қамыстың шоғы пайдаланылғаны туралы деректер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жазылған қытай халық медицинасының он сегіз томдық «Хуанди нэй –цзин» деп аталатын кітабында инемен және күйдіріп емдеу әдістерін қандай ауруларға қарсы қолдану қажеттігі көрсетілген. Сол кездің өзінде-ақ, Қытай инемен емдеу орталығына айналып, бұл елге Жапония, Үндістан сияқты елдерден дәрігерлер келіп, емдеу сырын үйрене бастайды. Ал, ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Денедегі емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеуді - нүктелі массаж деп атайды. Бұл емдеу әдісі Жапонияда пайда болған деп есептеледі. Жапон тілінде Ши-атсу деп аталады (ши-бармақ яғни, саусақпен басу деген сөзден шыққан). Бұл әдіспен кейбір мүшелердің бұзылған қызметін қалпына келтіруге болады екен.

Сонымен бірге, шығыс медицинасында емдік дене шынықтыру жаттығуларына да көп көңіл бөлген.

Шығыс медицинасы адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп қарайды. Сондықтан егер жанарыңыздын көру қабілеті азайса, онда көзбен бірге бауырды да емдеуді қолға алады.

Ал, созылмалы ауруларға ұшырағандарға емдік дәрілер бірден тағайындалмайды, емдеу үш кезеңге бөлінеді:

бірінші кезең – ағзаны тазалау;

екінші кезең – ағзаны жетіспейтін микро– макро элменттермен толықтыру;

үшінші кезең – ағзаны қайта қалпына келтіру.

В)Мәтін бойынша сұрақтарға жауаптарға жауап беру

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы қандай?

2. Шығыстың қандай ғұлама ғалымдарын білесіз?

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы қандай?

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері қандай?

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі қандай?

6. Нүктелі массаждың пайдасы қандай?

7. Шығыс медицинасының қандай ерекшелігі бар?

 

Г) Мәтінде курсивпен берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.

Ғ)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

қалпына келтіру, аудару, берілу, қарау, толықтыру, қолданылу, ескеру, көмектесу, сақтау, ойлау, нығайту, ақылдасу, атау, басқару,молығу, көбею, тазалау, есептеу,көрсету, азаю, иіскеу, емдеу, жоғалу, сарғаю,үйрену.

Д) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтау.

А) Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа әзірше белгісіз.

Ә) XXI ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Б) Ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі қолданылды.

В) Шығыс медицинасында дәрілік өсімдіктер қолданылған

Г) Шығыс медицинасында науқастарды емдеуде химиялық қоспалар қолданылған

Ғ) Бармақпен басып емдеу әдісі Италияда пайда болған.

Д) Шығыс медицинасында дене шынықтыру жаттығуларына көңіл бөлген.

Ж) Әл Фарабидың «Китаб аль-Шифа» атты еңбегі бар.

 

Ж)Мәтінді қазақ тіліне аудару.

По преданию, почувствовав близкий конец, ибн-Сина решил дать бой смерти.Он приготовил 40 снадобий,которые надо последовательно применить в случае его смерти,и продиктовал правила их использования своему самому верному ученику. После смерти ибн-Сины ученик приступил к оживлению,с волнением замечая, как немощное тело старца постепенно превращается в цветущее тело юноши, появляется дыхание, розовеют щеки.Оставалось последнее лекарство,которое нужно было влить в рот и оно бы закрепило жизнь, восстановленную предыдущими снадобьями.Ученик был так поражен произошедшими изменениями,что выронил последний сосуд.Спасательная смесь ушла в глубину земли и через несколько минут перед учеником лежало дряхлое тело учителя.

 

З) Салыстыру жүргізу.

Батыс медицинасы химиялық қоспалар арқылы қолданылады. Бұл қоспалар жылдар бойы клиникалык сынақтан өтеді. Сонан соң жалпы өндіріске жіберіледі. Осы фармацевтикалық өнімдер қызу түсіреді, жанға батқан ауру мең жөтелді саябырлатады, ісіктерді т.б басады. Асқынып кеткен жағдайларда арнайы оталар (операциялар) жасап, емдеу жүргізеді.

Батыстың медицинасы – адамның әрбір мүшесін жеке –жеке қарайды. Гепатолог дәрігер тек ғана бауырды емдесе, кардиолог тек жүректі, нефролог бүйректі, гинеколог әйел ауруларын, окулист көз ауруларын емдейді т.б.

Ал, шығыс медицинасында науқас адамды толығымен бірден емдейді (рух, жан, тән). Шығыс медицинасының негізі – ағзаны бөлінбейтін біртұтас деп қарайды. Адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп есептейді.

 

Е) Сөйлемдерді толықтырып, мәтіннің мазмұнын айту.

1026 жылы «Тун женьшу сюэ женьцзю» (Қола адамның нүктелерінің атласы) атты көлемді ------------------------- жазылды. Ол кітапта науқасты емдеу------------------- ине қою нүктелері сипатталып, адам денесіне түсірілген болатын. Сол заманның ----------------- ғалымы Ван Вени адамның қоладан жасалған мүсініне 600 инемен----------------------- нүктелерін түсіріп, оларды емдеу ----------------------. қалай табу --------------- анықтап көрсеткен. Бұл нүктелер 12 сызық (меридианға) орналастырылған. --------------- ойынша , әр сызық адам денесінің шеткі ( периферия) бөлігін ішкі мүшелермен байланыстырады. Бұл ---------------- ғасырлар бойы дамып, толықтырылып отырды. Біршама уақыт аралығында ------------------ сызық 14-ке көбейіп, 695 ем нүктелері анықталады.

 

Керекті сөздер: автордың, керектігін, белгілі, еңбек, он екі, емдеу, тәсіл, барысында, үшін.

Грамматикалық таұырыпты түсіндіру.

Етістіктің жасалуы

-ла,-ле,-да,-де,-та,-те;

-лан,-лен,-дан,-ден,-тан; тен;

-ғар,-гер,-қар,- кер;

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес;

Мына етістіктердің түбірін табy.

Шегелеме, үтіктеу, аяқташы, тазалады, ойландың, тұздау, ақылдасты.

10.Бақылау

А)


1.Дұрыс аудармасын табыңыз

а) нүкте-клетка

ә) қолдану-считать

б) қалпына келтіру-появиться

в) зерттеу-применять

г) арнау-посвящать

2.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді .................бастады.

а ) қолдана

ә) пайдалы

б) тұра

в) емдеу

г) үйрену

3.Нүктелі массаж дегеніміз -

а) емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеу

ә) емдік минералды сулармен емдеу

б) дене шынықтыру жаттығулары

в) дәрілік өсімдіктерді пайдалану

г) емдік балшықты пайдалану

4.Лечебный центр сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

а)емдік шара

ә) емдеу орталығы

б) емдік пайдасы

в) емдеу нүктелері

г) емдеу ісі

5.Қате аударылған сөзді табыңыз.

а) дәрілік өсімдіктер-лекарственные

растения

ә) минералды сулар-миреральные воды

б) емдік балшық-лечебный мед

в) инемен емдеу-иглотерапия

г) мәліметтер-сведения

6. « Китаб аль-Шифа » еңбегінің авторы.

а) Әбу Насыр әл –Фараби

ә) Әбу Әли ибн Сина

б) Қожа Ахмет Яссауи

в) Жүсіп Баласағұни

г) Әбу Райхан әл-Бируни

7.Сведения сөзінің баламасын табыңыз.

а) жаңалықтар

ә) үлгілер

б) зерттеулер

в ) мәліметтер

г) жоспарлар

8. « Чжень » сөзінің мағынасы.

а) сумен емдеу

ә) бумен емдеу

б) балшықпен емдеу

в)инемен емдеу

г) балмен емдеу

9. « Цзю » сөзінің мағынасы.

а) күйдіріп емдеу

ә) сумен емдеу

б) дәрілік өсімдіктермен емдеу

в) иенмен емдеу

г) балмен емдеу

10. Ибн-Синаның еңбегін атаңыз.

а) « Құтадғу-білік »

ә) « Диуани лұғат-ат-түрік »

б) « Китаб ал-Канун фит-т-тибб »

в) « Хуанди нэй-цзин »

г) « Білге қаған »

11.Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а) жазу, оқу, отыру

ә) шегелеу, бастау, тұздау

б ) алу, салу, әкелу

в) көру, келу, жүгіру

г) айту, бару, жасау


.

Ә) Жағдаяттық тапсырма:

1. Сіз шығыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

2. Сіз батыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

3. Сіз науқас адам роліндесіз, өзіңізге тиімді клиниканы таңдауыңыз керек, сізді қызықтыратын сұрақтарыңызды дайындаңыз.

 

11.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы,2000 ж.

2. Исаева Ж.,Тәттібаева.Қазақ тілі. 2011ж.

3. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Бастауыш деңгей. Алматы,2011 ж.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2. Мақсаты:

- «Адам деген ардақты ат» деген сөздің мағынасын ұғындыру, оларды адамгершілікке, имандылыққа, салауаттылыққа баулу;

- Адам ағзасы тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін кеңейту, адам ағзасы таұырыбының қазақша атауларын білдіру, сол арқылы сөздік қорын дамыту;

- Анық өткен шақтың жұрнақтарын пайдалана отырып сөйлемдерді дұрыс құрғызу. Қажетті сөйлемдерді үйрету арқылы кәсіби сөйлеу тілін дамыту. Лексикалық тақырыпты грамматикамен байланыстыра отырып, сөйлем құруға үйрету, сөздік қорын байту.

3. Міндеті:Коммуникативтік құзіреттілік талаптарына сай қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Соның негізінде, студентті дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

1. Адамның кеуде қуысында орналасқан мүшелер;

2. Құрсақ қуысында мүшелер;

3. Бұлардан басқа мүшелердің адам ағзасындағы маңызы;

4. Тірек – қимыл жүйесі туралы мағлұмат;

5. Қаңқаның сүйектері жайында;

6. Бұлшық еттің қасиеті;

7. Ас қорыту жүйесінің маңызы;

8. Зәр шығару жүйесінің маңызы;

9. Қан айналу жүйеснің қызметі;

10. Тыныс алу жүйесі маңызы;

5. Сабақты өткізу жоспары:

10. Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезені ) - 5 мин.

11. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

12. Үйге берілген жатығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

13. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

14. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

15. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

16. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

17. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

 

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудін және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

Тапсырмалар

а) Төмендегі сөздедің аудармасымен танысу:


Ағза - организм

Тыныс - дыхание

Қан айналымы - кровообращение

Құрсақ қуысы - брюшная полость

Зәр шығару жуйесі - мочевыделительная система

Көбею - размножение

Тірек-кимыл жуйесі - опорно- двигательная система

Бұлщық ет – мышцы

Беку – укрепиться

Жұтқыншақ – глотка

Өңеш – пищевод

Бездер – железы

Қорытылу – перевариваться

Кеңірдек – трахея

Сіңіру – впитывать, всасывать

Несепағар – мочеточник

Құық – мочевой пузырь

Ішек-қарын жолы – желудочно-кишечный тракт


ә)Төмендегі сөз тіркестері мен сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Ардақты ат. Кеуде қуысында өкпе, жүрек бар. Құрсақ қуысында бүйрек орналасқан. Ауыз қуысында тіс бар. Көз қайда орналасқан? Бауыр, көкбауыр қайда орналасқан? Қаңқа әр түрлі сүйектерден құралған. Адам жүреді. Адам жүгіреді. Адам жұмыс істейді. Ас жұтқыншаққа түседі. Ас асқазанға түседі. Мүшелерге қоректік заттар жеткізеді. Бронхтар тыныс алу жүйесіне жатады. Көмір қышқыл газын бөледі. Оттегін сіңіреді. Қуық зәр шығару жүйесіне жатады. Бүйректе несеп (зәр) түзіледі.

б) Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Адам деген – ардақты ат, казақ халқы ежелден құрмет тұтып, оны ерекше «кім» деп сұрайды.

Адамның денесіндегі әрбір мүше белгілі қызмет атқарады.

Адамның кеуде қуысында тыныс алу мен қан айналымының ортақ мүшелері (өкпе, жүрек) орналасқан, а







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.