Здавалка
Главная | Обратная связь

Жіктелу критерийлері

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор

з.ғ.д., профессор

Еркінбаева Л.К.________________

 

«_____»__________________2014 ж.

 

Банктік операция пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандықтар: 5В050900 – «Қаржы»

 

Оқу формасы: күндізгі

 

 

Талдықорған 2014 ж.

 

 

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС

негізінде 5В050900 Қаржы мамандығына аға оқытушы Абдибеков С.У. құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

 

Қаржы кафедрасының отырысында қарастырылды.

«_____ »_________ 2014 ж. №_________ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ____________э.ғ.к., доцент С.У. Абдибеков

 

 

«_____»__________2014 жыл. №______ хаттама

Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы _______________ Р.Ж.Габдуллина

 

 

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Баға қоюдын критерилері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері   3 апта 6 апта 8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

 

Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тараулар бойынша лекция тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиет
Кіріспе 1. 1, 2, 3
Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары 2. 2, 3
Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары. 3. 2, 3
Банктің қаржылық операциялары 4. 2, 5
Банктің комиссионды-делдалдық операциялары 5. 2, 6
Банктің табыстары мен шығыстары 6. 1, 6
Банк шығыстарының жіктелінуі 7. 4, 2
Банктің депозиттік операциялары 8-9. 7, 9
Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету 10-11.
Банк активтерінің құрылымы және жіктелінуі. 12-13. 9, 5
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизмі. 14-15. 2, 6, 3
  Барлығы    

Семинарлық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта Өткізу формасы
Кіріспе Сұрақ-жауап, карточкалармен жұмыс
Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары Мәтінмен жұмыс, жаттығулар орындау, тренинг өткізу
Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары. Презентация
Банктің қаржылық операциялары Диспут, мәтінмен жұмыс, жаттығулар орындау
Банктің комиссионды-делдалдық операциялары Қосымша материалдармен жұмыс
Банктің табыстары мен шығыстары Тест тапсырмаларын орындау, мәтінмен жұмыс
Банк шығыстарының жіктелінуі Мәтінмен жұмыс. Реферат
Банктің депозиттік операциялары 8-9. Мәтінмен жұмыс. Баяндама
Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету 10-11 Пікірталас, мәтінмен жұмыс
Банк активтерінің құрылымы және жіктелінуі 12-13 Мәтінмен жұмыс, тест тапсырмаларын орындау
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизмі. 14-15 Тест тапсырмаларын орындау, мәтінмен жұмыс, реферат әзірлеу
  Барлығы    

ОСӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

ОСӨЖ бойынша тақырып және тапсырма Сағат саны Апта Өткізу формасы
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы Реферат
Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелінуі Баяндама. БАҚ мен жұмыс
Лизинг операциялары, лизингтік мәмілелер, олардың түрлері Презентация
Траст операциялары, оның қатысушылары Cұрақ - жауап
Коммерциялық банктердің табыс көздері Пікірталас, сұрақ - жауап
Есепке алу тәсіліне қарай банктік шығыстардың түрлері Әңгімелеу, сұлбаға түсіру
Банктің депозиттік операциялар түсінігі Баяндама дайындау
Банктің депозиттік операцияларының түрлері Презентация
Банк активтері туралы түсінігі Сұрақ – жауап, реферат
Банк активтері туралы түсінігі, жіктелуі, резервтері БАҚ мен жұмыс
Несиелік механизмнің мазмұны Баяндама
Банктік несиенің түрлері мен обьектілері Эссе жазу, сұрақ - жауап
Кредитті жіктеудің даму бағыттары Презентация
Банк кредиттеу процессінің сатылары Реферат
Кредит тәуекелін басқару Баяндама
  Барлығы  

 

СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар мен жалпы мақсаты

Кредиттік оқыту жүйесі СӨЖ оқытушылармен дәрісханада және дәрісханадан тыс орындалуын қарастырады. Ол:

- дәрісханада алған білімін кеңейтуге, бекітуге, тереңдетуге;

- білім жаңалықтарын белсенді пайдалануға;

- қойылған проблемаларды шешу үшін шығармашылықты дамытуға;

- студенттердің дара білімінің көрінуіне;

- студенттің практикалық дағдыларды ситуациялық міндеттерді шешуде қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Өздік жұмыстарды арнайы әдебиеттермен, сөздікпен, кезеңдік басылымдармен, интернетпен жұмыс істеу сияқты қойылатын міндеттерді шешудегі сапалар мен дағдыларды, ұйымшылдықты, тәртіптілікті, ынталылықты, белсенділікті дамытады. Өздік жұмыстарының төмендегі түрлерін кеңірек қолдануға болады:

- тәжірибелік, зертханалық сабақтарға әзірлік;

- коллоквиумға, сұрақтарға әзірлік;

- тестке, дәрісханадағы бақылау жұмысына әзірлік;

- үй тапсырмаларын және бақылау жұмыстарын орындау;

- реферат, баяндама, ЭССЕ жазу;

- іскерлік ойынға әзірлік;

- курстық жұмыс;

- кейстармен жұмыс;

- интернеттегі жұмыс;

- статьяларды аннотациялау;

- тәжірибе туралы есеп жазу;

- бітіру, диплом жұмыстары.

СӨЖ тапсырмалар өткізудің жалпы мақсаты: экономикалық ғылым жүйесіндегі инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру курсын толық қарастыру нарықтың экономика жағдайындағы инвестицияның ролі мен маңызын, мақсатын анықтауға байланысты тақырыпты бекіту.

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар:Инвестиция экономикада ақша қаражаттарын жоғалтпаудың маңызды құралы ретінде ерекшеленеді. Осы пәнді игеру мақсатында студенттердің білім алу, оған дағдылану қажымас еңбекті талап етеді. Пән бойынша курс бағдарламасына сәйкес дәріс және семинар бойынша толық конспект беру. Баяндама, реферат, ЭССЕ, кроссворд түрінде және жазбаша жұмыстар беру.

 

СӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Өткізу мезгілі Бақылау түрі
  № 1 СӨЖ 1 тапсырма Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары           4 апта   8-10 глоссарий құру.
2 тапсырма Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары Үш жауаптан туратын 8-10 тест құру
3 тапсырма Банктің қаржылық операциялары Презентация
№ 2 СӨЖ 1 тапсырма Банктің комиссионды-делдалдық операциялары                 7 апта Мәтіндермен жұмыс, хабарлама жасау, презентация.
2 тапсырма Банктің табыстары мен шығыстары   10-15 глоссарий құру
3 тапсырма Банк шығыстарының жіктелінуі   Реферат әзірлеу, тест құрастыру, сканворд құрастыру
    № 3 СӨЖ   1 тапсырма Банктің депозиттік операциялары       Кроссворд құрастыру, ребустар дайындау, реферат жазу.
2 тапсырма Кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету           11 апта Газет-журналдардан қосымша ақпарат іздеу, презентация.
3 тапсырма Банк активтерінің құрылымы және жіктелінуі   Термин сөздермен жұмыс жасау, баяндама жазу.
    № 4 СӨЖ 1 тапсырма Банктің несиелік саясаты                 14 апта   Экономикалық-терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасау, эссе.
2 тапсырма Банктің несиелік механизмі.   Мәтіндермен жұмыс, реферат дайындау, баяндама жазу.
3 тапсырма Банктік несиенің түрлері мен обьектілері   Тест құрастыру, баяндама әзірлеу, газет-журналдармен жұмыс жасау.
  Барлығы    

 

ДӘРІС КЕШЕНІ

1 тақырып. Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары

Дәрістің мақсаты:Банк ресурстарын қалыптастыруоперациялары анықтау

Дәріс жоспары:

1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы

2. Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор

3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі

 

 

Кілттік сөздер: банк ресурсы , қосымша капиталдар, арнайы қорлар, бөлінбеген пайда

1. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорыпдар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.

Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтық бір бөлігін құрады.Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстың құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалықағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан,коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктеналған ресурстардан да құралады.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктін пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктін меншікті және тартылған қаражаттарынын жиынтығы.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1) Банктің, меншікті капиталы.

2) Банктін заемдық және тартылған қаражаттары. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесітартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлыққаражаттарға деген қажеттілігінің 10 %-ға жуықбөлігі өтелсе, ал қалған бөлігітартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жүұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.Банктің меншікті капиталы - банктін қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінін нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдосы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

- жарғылық капитал;

- резервтік капитал;

- қосымша капиталдар;

- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

- бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдың формаларда құрыла алады:

- акционерлік банк формасында;

- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.

Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.

Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.

Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге белінеді:

а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;

ә) банктік резервтер, яғыи алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;

б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).

Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң турде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.

Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.

Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:

1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;

2) бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;

3) банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;

4) шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.

Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:

- банкті акционерлік формада құру;

- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.

2.Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.

Сондай-ақ резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі кезіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.

Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуынабайланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.

Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттың валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.

Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.

Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:

- банк пайдасы;

- акциялар шығару;

- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;

- облигациялар шығару жатады.

Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты кез болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:

- қорғаныс қызметі;

- шұғыл қызмет;

- реттегіштік қызметі;

- айналым қызметі;

- резервтік қызметі.

Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды.

Банк капиталының шұғыл қызметі корғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады

Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады.

Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең теменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды.

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады.

 

3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды ескеру қажет:

- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорынактивтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшім капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 ж. Базель комитеті келісімінің шешімімегі «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық баикінде пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.

Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы,меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: І денгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.

I деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

II деңгейлі (қосымша) капиталға: несиелер бойынша заемдарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінің бскіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткілікті коэффициентін белгілейді.

 

2 тақырып. Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары.

Дәрістің мақсаты:Банктің есеп айырысу – кассалық операциялары түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1. Есеп айырысу операциялары, олардың жіктелінуі

2. Лизингтің артықшылықтары, кемшіліктері

3. Есеп айырысу формалары мен құралдары

 

Кілттік сөздер:жеке сектор, банктік сектор,инкассо, дебет, кредит

1.Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:

- банктік шоттар ашу;

- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

- төлемнің шартын езгерту не қайтару;

- валюталық операцияларға бақылау жасау;

- шоттың архивін беру;

- шоттан қолма-қол ақша беру;

- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;

- құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады. Есеп айырысу операциялары мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

Ø банктік емес секторлар (шаруашылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;

Ø жеке сектор - үй шаруашылықтарының банктер арқылы есеп айырысулары;

Ø банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

ü тауарлы операциялар бойынша есеп айырысулар;

ü бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;

ü банк несиелері, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумағына қарай:

I. Мемлекет ішіндегі есеп айырысулар, оның ішінде:

- бір қаланың ішінде;

- қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.

II. Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар. Есеп айырысу уақытына қарай:

- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

- мәміле жасалған соң мерзімді төлемдер;

- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейінгі төлемдер;

- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгіленген мерзімін ұзарту жолымен;

- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

ü пошта байланысы арқылы;

ü телеграф-телетайп байланысы арқылы;

ü телефон байланысы арқылы;

ü электрондық байланыстар арқылы;

ü СВИФГ(Дүниежүзілік банкаралық телекоммуникация қоғамы) жүйесі арқылы.

Есеп айырысу формаларына қарай:

I. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:

- кредиттік;

- дебеттік;

- ашық шот арқылы;

- аккредитив;

- инкассо.

II.Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы; Есеп айырысу тәсіліне қарай:

- толық есеп айырысулар;

- жартылай есеп айырысу;

- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айырысулар.

Есеп айырысу құралдарына қарай:

I. Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде: төлем тапсырмасымен.

ІІ. Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:

- төлем талап-тапсырмасы;

- чек;

- вексель;

- инкассалық өкімдер;

ІІІ. Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т.б.

Есеп айырысу шамасына қарай:

- ірі төлемдер;

- ұсақ төлемдер.

Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

1) жалақы, бюджет, сақтандыру және т.с.с. төлемдер;

2) материалдыққұндылықтар үшін төлемдер;

3) несиелер үшін төлемдер;

4) сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.

 

2.Лизинг негізінде қазақстандық бизнестің дамуы шет ел бизнесмендеріне Қазақстан нарығында жұмыс істеуге болатындығын және ол «қауіпсіз» екендігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Мұны инвестициялар, несиелер, инвестициялық белсенділіктің артуы, халықаралық тауарлық нарықтарға шығу арқылы дәлелдеуге болады.

Лизингтік операциялардың негізгі артықшылықтары:

- Ұзақ мерзімді қаржыландыру;

- Негізгі құралдарға бір мезгілде үлкен қаржы жұмысамау (Сіздің алғашқы шығындарыңыз жобаны экспертизадан өткізуді төлеу, лизинг затына байланысты 0 ден 30 %-ға дейінгі аванстық төлем, лизинг затын сақтандыруға кеткен төлемдер болып табылады);

- Залогқа қажеттіліктің болмауы;

- Кәсіпкерлік тәуекелдің төмендігі;

- Бизнес – жоспарды ұсыну қажеттілігінің болмауы;

- Лизингтік төлемдердің иілгіштік графигі;

- Белгілі бір құрал – жабдықтарды импорт арқылы алған кезде қосылған құн салығынан босатылады;

- Айналымнан құралдардың үлкен көлемі алынбайды;

- Халықаралық келісім шартты орындау шарттарымен байланысты тәуекелге лизинг алушы бармайды;

- Лизинг алушының бухгалтерлік есебі жеңілдетіледі. Өйткені негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударым, салық төлеу және қарызды басқару есебі лизингтік компаниямен жүргізіледі.

- Қаржылық лизинг ( 3 жылдан кем емес) арқылы алған кірісіне салық төленбейді.

- Лизинг беруші кеден баждарынан босатылады, ҚР територриясына алып келінетін лизингке беру мақсатындағы құрал – жабдықтар салықтан босатылады.

Сонымен қатар, лизингтік операциялардың кемшіліктері де бар. Олар:

- Лизинг тек қана істеп тұрған бизнеске қаржыландыруды көздейді (негізгі құралдарды жаңарту, бизнесің диверсификациясы/ кеңеюі).

- Несиелікке қарағанда, лизинг бойынша ставкалар жоғары болады. Әлемдік тәжірибеде лизинг несиеден ешқашан арзан болған жоқ.

- Лизингтік келісім шарт аяқталғанға дейінгі меншік құқығы лизинг берушіге бекітіледі.

- Қаржылық лизинг алғанда ҒТП нәтижесінде моральді тозуы мүмкін, бірақ лизингтік төлемдер келісім шарт мерзімі біткенше төленеді.

- Лизинг берушіге құрал – жабдықтың моральді тозуы тәуекелі жүктеледі (әсіресе лизингтік келісім мерзімі оның амортизациялық мерзімінен аз болса), ал лизинг алушы үшін лизинг арқылы алған мүлік құны оны сатып алған кездегі құнынан жоғары болады.

- Инфляцияның елеулі өзгерісі жағдайында лизинг алушыға құрал – жабдықты қалдық құн бойынша сатып алу тиімсіз болуы мүмкін.

- Лизингтік келісімге қатысушылардың санының көп болуы лизингтік операцияны ұйымдастыруда қиындық туғызады, яғни әкімшілік шығындар мен лизингтік келісімді дайындауға кететін уақыт шығыны.

- Егер, лизингке алынған құрал – жабдық жұмыстан шығып қалса да (бұзылу, сыну) лизингтік төлемдер толығымен төленеді.

Үлкен бір проблема – ол лизингтік компанияларға инвестиция тарту болып табылады. Келесі бір проблема – ауыл шаруашылықтарындағы сублизингтің дамымауы.

Лизингтік операциялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыра отырып, лизингтің Қазақстандағы даму перспективаларын қарастырайық. Лизинг құралдарды тез және арзан ауыстыруға мүмкіндік береді, ол отандық өндірістік көтереді. Ал бұл өз кезегінде халықтың жұмысбастылығын қамтамассыз етеді және экономиканың өсуіне әсер етеді.Лизингтік қызмет орта және шағын кәсіпорындарды жаңа құрал – жабдықтармен қамтамассыз ете отырып, тауар сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

3.ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалық операцияларын 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бектілген «ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу» ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Осы ережеге сәйкес, кассалық операция — бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау,беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.

Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:

- кіріс кассасы;

- шығыс кассасы;

- кіріс-шығыс кассалары;

- қайта санау кассасы;

- кешкі касса;

- сыртқа шығатын касса:

Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:

1) қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;

2) кіріс кассалық ордер бойынша.

Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы рәсімделеді.

Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетеді.

Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттыңдұрыс толтырылғандығын тексереді де, құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бұл құжатта кәрсетілген соманы кассалық журналға жазады.Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннап соң, ондағы операциондық жұмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да, ол кіріс кассалық құжатты кассирге тапсырады.

Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бұйрыққа байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі.Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң, клиентті шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап, қабылдап алады.Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны тапсырушының ақшалары болуға тиіс.

Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке «Кіріс кассасы» деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс кассалық құжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ күмәнді ақша белгілерінің барлығы айңындалса, онда кассир бастапқы құжатты қайта сызып тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да, өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал кіріс кассалық құжаттар операциондың жұмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген қолма-қол ақша сомасына қайта рәсімделініп, бақылаушы бухгалтерге қайтарылады, олкассалық журналдағы керсетілген соманы сызып тастап, қайтадан жаңа соманы жазады.

Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің қатынасумен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті жасайды. Актіде күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты-жөні, клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, сериялары мен номерлері, сондай-ақ ақша белгілерінің жарамсыздың сипатының белгілері көрсетіледі және бұл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын қойып, банктің мөрі басылды. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып, екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді ақша белгілері Ұлттық банктің тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып беріледі.

Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1) ақшалай чекпен;

2) шығыс кассалық ордермен.

Басқа да құндылықтарды беруде баланстан тыс ордерлер рәсімделеді. Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға қажетті тексерулер жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынып, қолма-қол ақшаны алушы клиентке ақшалай чектің бақылау маркасы немесе шығыс кассалық ордердің екінші данасы кассаға көрсету үшін беріледі.

Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер (кассир) мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті:

1) қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктің жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексеріп, онықол қою үлгісімен салыстыруға;

2) құжатта көрсетілген соманың саны мен жазба түрдегісін салыстыруға;

3) клиенттің лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгіде қойылған қолдарымен өзара салыстыруға.

Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан соң ақшасын береді. Қайта есептеу кассасы клиенттің инкассацияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бақылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.

Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексереді:

1) келіп түскен сөмкелердің тұтастығын (жыртығының жоқтығын, жамалмағандығын, пломбының бұзылмағандығын, жіптің үзілмегендігін және т.б.);

2) сөмкедегі қойылған пломбының банктегі пломбының үлгісімен сәйкестігін;

3) инкассаторлар тапсыратын сөмкелердің құжаттағы сөмкенің номерімен сай келуін;

4) қабылдайтын соманың құжатта көрсетілген сомамен сәйкестігін.

Инкассаторлық сөмкені қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу операциялары мынандай түрлерге бөлінеді:

- банктік шоттар ашу;

- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

- халықаралық төлемнің шартын өзгерту немесе қайтару;

- валюталық операцияларға бақылау жасау;

- шоттың архивін беру;

- шоттан қолма-қол ақша беру;

- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;

- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассалау;

- құндылықтарды жеткізіп беру.

Есеп айырысу операциялары мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

- банктік емес сектор;

- жеке сектор;

- бантік сектор – банкаралық есеп айырысулар.

Қатысушыларға байланысты банктің есеп айырысу операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:

- клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері қатысады; негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысулар (1-кесте).

Жіктелу критерийлері

1-кесте

Қатысушылар құрамы Халықаралық төлем құралдары Операцияның атқарымдық бағыты Есеп айырысу нысаны
Банкаралық Клиенттік Ішкі банктік Халықаралық төлем тапсырмаларымен есеп айырысу Халықаралық төлем-талап тапсырмаларымен есеп айырысу Чекпен есеп айырысу Вексельмен есеп айырысу Карточкамен есеп айырысу Шот ашу бойынша операциялар Шот жүргізу бойынша операциялар Кассалық операциялар Акцептік операциялар Талаптарды беру операциялары Авальді операциялар Аккредитивтік операциялар Аударым операциялары Инкассолық операциялар Клирингтік операциялар

 

Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:

- аккредитивтік операциялар;

- инкассолық операциялар;

-аударым операциялары;

-клирингтік операциялар.

<



©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.