Здавалка
Главная | Обратная связь

Тест тапсырмалары№1

Жаратылстану факультеті

«Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

Информатика оқу пәні ( 3 кредит )

5В060700-«Биология», 5В060800-«Экология» )мамандықтары

1 курс

Оқытушы: Аман К.П.

Ильясова Т.Ж.

Шаукенбаева А.К.

2014 -2015 оқу жылы


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Информатика ( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны   Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
Жаратылыстану мамандықтары үшін Дүйсенбі 8.30-12.40 Сейсенбі 1030-1230 Сәрсенбі 1030-1230 Бейсенбі 8.30-12.40 1240-1640   Аман К.П. Ильясова Т.Ж. Шаукенбаева А.К.  

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Бұл пән – 5В060700-«Биология», 5В060800-«Экология»мамандықтары үшін жалпы білімдік пән міндетті компонент болып табылады. Курс студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игертуге; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарыны мен жағдайларын игертуге бағытталған.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтері; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсініктер беру; студенттерге алгоритмдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: ақпаратты өңдеудің, жинаудың және сақтаудың компьютерлік әдістерін білу;

- ЭЕМ архитектурасы білу;

- жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктері және оның даму перспективасын білу;

- алгоритмдеу және программалау негізін білу;

Біліктілігі болуы:

- Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларымен;

- қолданбалы программалармен жұмыс жасай білуі;

- программалау тілінде есептер шығара білуі;

- компьютерлік желілер және ақпаратты қорғау мүмкіндіктерін білу.

Дағдысының болуы:

- компьютерде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасау;

- MS Office ортасында жұмыс жасау;

- жадыға текстерді құруды, форматтауды, сақтауды ұйымдастыру және Microsoft Word текстік редакторының көмегімен оларды баспаға шығару;

- Microsoft Access МҚБЖ-де және Microsoft Excel электронды кестесінде негізгі амалдарды орындау;

- қолданушының алдына қойылған кез-келген нақты есептерді орындау кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;

- алгоритмді және оның негізінде есептің программасын құру.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: пәндерді оқыту орта мектептегі «Информатика», «Математика» және «Физика» негіздері бойынша алынған білімге негізделеді.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Информатика» курсынан алған білімдері криминалистика, пәнін үйренуде, курстық және дипломдық жұмыс жазу барысында қолданылады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау:осы курстың барысында бағалау стратегиясыретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үйтапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері,алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмаларжәне т.с.с.),ауызша сұрау,тесттік тапсырмалар,зерттеу жұмыстары (жоба,курстық, презентациялар), мәнжазба,эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық сабақ (сағ) Лабора. саб.(сағ) СӨЖ МӨЖ(сағ)
Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.  
Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
  Барлығы:

 

Апта Дәріс тақырыптары сағаты
Модуль 1. Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.
Кіріспе. Информатиканың негізгі түсініктері. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері. Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар.
Дискретті математиканың негізі. Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері. Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар.
ЭВМ-нің архитектурасының негізгі түсініктері. Компьютер архитектурасың тарихы және оған шолу. Компьютердің логикалық элементтері; логикалық вентилдер, триггерлер, санауыштар, регистрлер. Мәліметтің компьютер жадында бейнеленуі: биттер, байттар, сөздер; сандық мәліметтің бейнеленуі, сандық жүйелер; таңбалы бейнелеу және қосымша кодпен бейнелеу; биттермен негізгі операциялар; сандық емес мәліметтердің бейнеленуі.
Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, команда жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару және тоқтату. Компьютер жадысының ұйымдастырылуы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялары. Виртуалды жады. Енгізу-шығару құрылғылары. Қазіргі аппараттарды қамтамасыз етуге шолу.
Операциялық жүйелер және желілердің негіздері. Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.
Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Операциялық жүйелердің даму тарихы. Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі. Операциялық жүйелердің декомпозициялау әдістері: монолитті, көп деңгейлі, модулді, микроядролық моделдер.
Процесстерді басқару. Жоспарлау және диспетчиризациялау. Файлдық жүйелер. Утилиттер. Драйверлер. Желілер мен телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік. Web – клиент-сервер архитектурасының мысалы
Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Есепті шешудің стратегиялары. Шешімді іздеу және оның алгоритмдері.Алгоритм концепциялары мен қасиеттері. Алгоритмдерді өңдеу стратегиялары. Мәліметтер құрылымы: қарапайым типтер, массивтер, жолдар. Блок-схема алгоритмнің графикалық өңделуі. Блок-схемалардың әртүрлі түрлері. Алгоритмдерді жүзеге асыру.
Негізгі есептеуіш алгоритмдер: ақырлы автоматтар, Тьюринг машиналары; оңай және қиын шешілетін есептер. Алгоритмнің талдануы: күрделіліктің стандартты класстары, уақыт және жады көлемі бойынша шығындар.
Бағдарламалау тілдерімен танысу. Бағдарламалау тілдеріне шолу: бағдарламалау тілдерінің тарихы. Бағдарламалаудың негізгі құрылғылары: жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің семантикасы мен синтаксисінің негіздері; айнымалылар, өрнектер және меншіктеу; қарапайым енгізу-шығару; тармақталу және интерактивті операторлар.
Бағдарламалаудың парадигмдері. Процедуралық бағдарламалау. Модульдік және құрылымдық бағдарламалау концепциялары. Объектіге-бағытталған бағдарламалау.
Графика және интернет. Графикалық программамен қамтамасыз етудің иерархиясы. Қарапайым түсті моделдер: RGB, HSB, CMYK. Графикалық жүйелер. Растрлік және векторлық графика жүйелері. Бейне ақпараттарды шығару құрылғысы. Графикалық редакторлар, графикалық коммуникациялар.
Интернеттің шығуы мен тарихы. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері.
Ақпараттық қауіпсіздіктер және оларды құрушылар. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіргіштер және олардың классификациясы.
Архиваторлар. Антивирустық бағдарламалар.

Практика сабақтары

№ р/с Практикалық сабақтардың тақырыптары Сағат саны
1-2 Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра. Логикалық амалдар. Формулалар және олардың түрленуі.
3-4 Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру. Екілік арифметика.
5-6 Операциялық жүйелер негіздеріMS DOS операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесі. Windows ОЖ стандарт программаларымен жұмыс
MS WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Түзету және сұрыптау. Форматтау режимдері. Беттерді белгілеу.
Кестелер және шекаралар. Текстке енгізілген графикалық объектілерді өңдеу. Формула редакторы.
9-10 MS EXCEL кестелік процессорымен жұмыс. Кестелер құру, диаграмма тұрғызу.
11-12 EXCEL программасында функциялармен жұмыс.
Microsoft Access МҚБЖ-мен жұмыс. Базалық кестелер құру және проектілеу.
14-15 Кестелер арасында байланыстар құру. Access МҚБЖ-де формалар құру.
MS Power Point: электрондық презентация құру.
Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
Алгоритмдер. Блок-схеманы құру. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдер.
18-19 Алгоритм, қарапайым алгоритмдерге блок-схема құру
20-21 Turbo Pascal бағдарламалау тілі. Сызықтық, тармақталу алгоритмдерін құру, программалау.
22-23 Интернет. Интернет технологиясымен танысу.
24-25 Ақпараттық қауіпсіздігі. Антивирустік қорғаныс. Архивтеуші программалар.

Лаборатория сабақтары

№ р/с Тақырып тың атауы Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер Ағымдық бақылау түрі
Модуль 1. Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.
MS WORD текстілік редакторы. POWER POINT программасы. MS WORD текстілік редактор-ының қосымша мүмкіндіктері. Тезаурус командаларын пайдалану. Стилдерді қолдану. POWER POINT программа-сының көмегімен презентация даярлау. Тапсырманы тексеру.
MS EXCEL кестелік процессоры. MS EXCEL кестелік процессорын мәліметтер қоры ретінде пайдалану. Тапсырманы тексеру.
Microsoft Access МҚБЖ МҚБЖ Microsoft Access: Мәліметтер қорын 3 кестеде құру. Тапсырманы тексеру.
Microsoft Access МҚБЖ МҚБЖ Microsoft Access: Сұраныс құру. Есеп құру. Тапсырманы тексеру.
Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
Паскаль тілінде программалау Паскаль бағдарламалау тілі: графикалық мүмкіндіктері Тапсырманы тексеру.

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы №1.

1-ші және 2-ші тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырма нұсқаларын оқытушыдан алыңыз.

Тапсырма 1.

1.1. Сандарды екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстырыңыз.

Нұсқалар:


1) 10010

2) 11100

3) 1010

4) 11101

5) 100011

6) 1100111

7) 1001110

8) 1101110

9) 101010

10) 1100101


1.2. Сандарды ондық санау жүйесінен оналтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз.


Нұсқалар:

1) 345

2) 822

3) 654

4) 127

5) 1025

6) 1140

7) 764

8) 228

9) 555

10) 1011


1.3. Екілік санау жүйесінде қосу және алу амалдарын орындаңыз.

Нұсқалар:


1) 11001 + 101, 11001 - 101

2) 11001 +11001, 11001 -11001

3) 1001 + 111, 1001 - 111

4) 10011 + 101, 10011 - 101

5) 11011 + 1111, 11011 - 1111

6) 11111 + 10011, 11111 - 10011

7) 101010 + 101010, 101010 - 1010

8) 11001 + 10001, 11001 - 10001

9) 110001 + 100, 110001 - 100

10) 111000 + 10110, 111000 – 10110


Тапсырма 2.

2.1. Өрнектің мәнін табыңыз.

Нұсқалар:


1) (1v1)v(1v0);

2) (Аv1)v(Вv0);

3) (0&1)&1;

4) ( (1&A)v(B&0)) v1;

5) (0&1)&0;

6) (1&1)&0;

7) (1v0)v(1v0);

8) (0v1)v(1v0);

9) (Аv1)vВ;

10) Аv(Вv0);


2.2. Логикалық функциялар үшін ақиқаттылық кестесін құрыңыз.

Нұсқалар:


1) F(A,B,C)= (A^B)>(B v A);

2) F(A,B,C)= A v (­ C ^ A);

3) F(A,B)= A (A>B) v (A^B);

4) F(A,B,C)= (AvB)> (­ A? C);

5) F(A,B,C)= (A^B)>(B v С);

6) F(A,B,C)= A<(B v A);

7) F(A,B,C)= A > (­ C ^ A);

8) F(A,B,C)= B v (­ C ^ A);

9) F(A,B,C)= (AvC)> (­ A? C);

10) F(A,B,C)= (AvB)> (­ A? B);


2.3. Келесі жиындардың бірігуін, қиылысуын және айырымын есептеңіз.

Нұсқалар:


1) A= {1,5,9,0} B={2,5,9,7,4}

2) A= {2,3,4,5} B={2,6,9,7,0}

3) A= {3,5,6,7,0} B={4,2,1}

4) A= {5,6,0,1,2} B={6,3,7,4}

5) A= {5,3,6,9} B={1,2,3,4,5}

6) A= {6,5,0,2,8,9} B={6,9,8,2,3,0}

7) A= {2,6,7,9,1} B={5,6,2,1}


Бақылау жұмысы №2.

1-ші, 2-ші және 3-ші тапсырмаларды орындаңыз. Тапсырма нұсқаларын оқытушыдан алыңыз.

Тапсырма 1. Мысалды есептеудің алгоритмінің блок-схемасын құрыңыз.

Нұсқалар:

1) a + - 2) - + a

¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

4*b*a + 1 2*a*c - 1

 

3) 2*b - ln(a + b)*c 4) 41 - d/4 - 1

¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

c/4 - 1 c/tg(b + a) - d

5) a - b*4 - 1 6) lg(b/a + 4)*c

¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

c/31 + tg(a*b) 41*c - b + 1

 

7) lg(21 - a)*c/4 8) c - ln(33 + b)/4

¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

1 + c/a + b a*c/b - 1

 

9) 2*b - 38*c 10) arctg(c/4 + 28)*d

¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾¾

arctg(b + a)/c + 1 a/d - c - 1

Тест тапсырмалары№1

1. Word – бұл:

А) графикалық процессор; В) текстілік процессор; С)кестелік процессор;

Д) мәліметтер қоры; Е) вирусқа қарсы программа.

2. Саймандар тақтасы негізгі менюдің қай пунктінде:

А) Вид; В) Вставка; С) Файл; Д) Сервис; Е) Окно.

3. Word редакторында абзацты көшіру үшінқ қандай батырмалар қолданылады?

А) Shift + Delete; В) Ctrl + Delete; С) Shift + Insert;

Д) Ctrl + Insert; Е) Alt + Insert.

4. Word текстілік редакторында кестені өшіру үшін келесідей әрекет орындалады:

А) Таблица-ұяшықты жою;

В) Таблица-кестені ерекшелеу-ұяшықты жою;

С) Кестені ерекшелеу және Delete батырмасын басу;

Д) Таблица-кестені ерекшелеу-Таблица-ұяшықты жою

Е) Ұяшықты жою.

5. Word редакторында текстік құжаттың соңына көшу командасы:

А) Ctrl + END; В) Ctrl + Alt; С) Alt + End; Д) End; Е) Hame.

6. MS – Word программасы файлының кеңеймесі:

А) * ×xsl;В) * ×dos;С) * ×xls;Д) * ×exl;Е) * ×txt.

7. MSEguation формулалар редакторын қалай ашады?

А) Файл-объект-MSEguation; В) Вставка-объект-MSEguation;

С) Сервис-объект-MSEguation; Д) Вид-объект-MSEguation;

Е) Формат-объект-MSEguation.

8. Құжат шаблонында не сақталмайды?

А) Қолданбалы программалар пакеті;

В) Орнатылған саймандар тақтасы;

С) Макростар;

Д) Пернелер жиынтығы, автотест тізімінің элементтері және стилі;

Е) Стандартты мәтіндер.

9.MSWordортасында «Сохранить как...» командасы не үшін қолданылады?

А) жедел жадыда файлды сақтау үшін;

В) тұрақты есте сақтау құрылығысында файлды сақтау үшін;

С) өзгертілген файлды бұрынғы атымен сақтау үшін;

Д) алмастыру буферінде файлды уақытша сақтау үшін;

Е) файлды жаңа атпен немесе басқа тасушыда файлды сақтау үшін.

10. Текстік редактор күйін өзгерту командаларына мына командалар жатады:

А) екі жолды жалғастыру; В) беттерді парақтау; С) шрифті таңдау;

Д) жол қою; Е) жолдарды ерекшелеу.

11. Егер C$3 түріндегі сілтеме берілсе, онда келесідей әрекет орындалады:

А) баған бекітіледі; В) жол бекітіледі; С) жол да, баған да бекітіледі; Д) жол да, баған да бекітілмейді; Е) бекітуді жою.

12. Excel–де сілтеме типін келесі перне көмегімен өзгертуге болады:

А) F1; В) F2; С) F3; Д) F4; Е) F5

13.Excel –де F10 пернесінің қызметі:

А) анықтама жүйесін шақыру; В) программаның жоғары менюіне көшу;

С) программадан шығу; Д) ұяшықты редакциялау режиміне көшу;

Е) жаңа бетке көшу.

14.Excel–де F1 пернесінің қызметі:

А) анықтама жүйесін шақыру; В) программаның жоғары менюіне көшу;

С) программадан шығу; Д) ұяшықты редакциялау режиміне көшу;

Е) жаңабеткекөшу.

15.Excel–де Ctrl+V пернелері комбинациясының тағайындалуы:

А) орнын ауыстыру; В) қиыпалу; С) орынға қою;

Д) табу; Е) көшіру.

16. Excel–де Ctrl+C пернелері комбинациясыныңтағайындалуы:

А) файлды ашу; В) файлды жабу; С) редакторлау режиміне көшу;

Д) файлды сақтау; Е)файлды көшіру.

17. Excel –дегідиаграммалармен жұмыс нені қамтымайды:

А) диаграммаларды сұрыптауды;

В) диаграммаларды құруды;

С) диаграммаларда мәліметтерді және мәтіндерді қосуды және өзгертуді;

Д) диаграммалардың түрін және орналасуын өзгертуді;

Е) диаграмма типін өзгертуді.

18. Excel –де ұяшықтарды редакциялау үшін қандай батырма пайдаланылады:

А) F2; В) F7; С) Ctrl; Д) F3; Е) F1

19. КПЕР (Excel –дегі) функциясының типін анықтаңыз:

А) қаржылық; В) математикалық; С) статистикалық;

Д) логикалық; Е)текстік.

20.Excel –де ұяшыққа формула енгізу мына белгіден басталады…

А) “””- таңбасын енгізуден; В) “=” таңбасын енгізуден;

С) “ ”” таңбасын енгізуден; Д) “-” таңбасын енгізуден;

Е) “$” таңбасын енгізуден.

№2

1.Қауіп түрлері:

А) кездейсоқ және ойластырылған Б)ішкі және сыртқы

В) Ықпалды С)кездейсоқ және кекті Е)Абайсыз және тыс

2.Ақпаратты қорғаушараларын келесідей ажыратуға болады

А)ұйымдастырушылық, ұйымдық-техникалық, программалық

Б)ұйымдастырушылық, физикалық, программалық

В)ішкі, техническалық, программалық

С)материалдық, ұйымдастырушылық, физикалық

Е)материальды-техникалық, программалық

3. Антивирустық программаларды көрсетіңіз:

А) AVP, ScanDisk Б)WinZip, ScanDisk В)AVP, DrWeb

С) Aids, BIOS Е)COMMAND.COM

4. Қандай программалар антивирустыққа жатпайды?

А) сканирлеу программалары Б) программы-фаги

В) ревизор-программалар С) Детектор-программалар

Е) Алдаушы-программалар

5. Компьютерлік вирустарды келесі процесте жұқтыру мүмкін:

А) файлдармен жұмыс жасағанда Б) дискіні форматтағанда

В)компьютерд сөндіргенде С) принтермен баспаға шығарғанда

Е)файлдарды сақтағанда

6. Компьютерлік вирус - бұл

А)өзін басқа программаларға тіркейтін, көлемі кішігірім программа, ол «көбеюі» мүмкін

Б) дұрыс фарматталмаған дискіден көшірілген программа

В) дискіні тексеру және емдеу программасы

С) деңгейі төмен тілдерде құрылған кез келген программа

Д) компьютер жадысында басқа программалармен бірге сақталатын көлемі кішігірім программа

7. Компьютерліквирустарменнелербүлінуі мүмкін?

А)программалар және құжаттар Б)графикалық объектілер

В)дыбыстық файлдар С)Видеоклиптер Е)жүктеуфайлдары

8.Компьютердевирусқалайпайдаболуымүмкін?

А)иілгішдискетіденкөшуімүмкін

Б)математикалықесептердішешубарысында

В)компьютерге модемжалғағанкезде

С)өз еркімен

Е)құрылғылардытестілеубарысында

9. Вирускластарынкөрсетіңіз

А) жүктелімдік, файлдық, макровирустар, желілік

Б) технологиялық, экономикалық, психологиялық, әлеуметтік

В) жасырын, рұқсатетілмеген, теріс

С) активті, пассивті

Е)компьютерлік, паразиттік, штаммалар

10. Өзін басқа программаларға «тіркейтін», сондай-ақ компьютерде түрлі қажетсіз әрекеттерді орындауы мүмкін программа – бұл:

А) компьютерлік вирус Б)программа-фильтр

В) программа-ревизор С) программа-архиватор Е) программа-вакцина

11. Вирусқа қарсы программаларды көрсетіңіз:

А)Aidtest, Doctor Web Б) UNIX, MSDOS В) WinZip, MSDOS

С) Aidtest, WinRar Е) WinRar, WinZip

12. Компьютерге вирус жұғуы мүмкін:

А) “вирус жұққан” программамен жұмыс істегенде

Б) Компьютерді қайта жүктегенде В) Компьютерді тесттен өткізгенде.

С) Программаны қайта жүктегенде Е) Қатты дискіні форматтау кезінде

Мәнжазба тақырыптары

1. Ақпаратты өлшеу мәселесі.Ақпаратқа құндылықты көзқарас.Семантикалық ақпарат.

2. Үздіксіз хабарламалардың дискреттілігі.

3. Римдік санау жүйесі. Сандарды бейнелеу және арифметикалық есептерді шешу.Санау жүйелерінің тарихы (ондық, екілікі, сегіздік, он алтылық).

4. Графтарға келтірілетін есептер.Графтардағы байланыс.Графтар мен жиындар қатынасы.Графтардың тұрақтылығы.

5. Есептеу машиналар теориясы бойынша Дж.фон Нейман жұмыстары.

6. Многопроцессорлы ЭЕМ және программаларды параллельдендіру.

7. Шиналық ЭЕМ архитектурасының детальді сипаттамасы.2-ші және 3-ші кезең машиналары процессорларының архитектурасы.PDP микропроцессорларының архитектурасы.

8. Есептеу техникасында пайдаланылатын ақпаратты сақтау құралдары.

9. Баспа құралдары, олардың эволюциясы, даму бағыттары.

10. Дыбыстық ақпаратты енгізу-шығару құраладры.

11. Триггерлердің түрлері және олардың сәйкестендірілуі.

12. «Алгоритм» түсінігінің қалыптасу тарихы.

13. Теория алгоритмдерінің негізін қалаушылар - Клини, Черч, Пост, Тьюринг.

14. Программалау тілдерінің даму тарихы. Компьютер және адам тілі.

15. Процедуралық емес программалау жүйелері.

16. Жасанды интеллект және логикалық программалау.

17. Microsoft OFFICE ортасында макропрограммалау.

18. «Визуальді» программалау. VISUAL BASIC, С, PROLOG.

19. Никлаус Вирт.Құрылымдық программалау. PascalжәнеModula.

20. Fortran туралы не білеміз?Бейсик тілінің тарихы.Ассемблер тілі.

21. ADA программалау тілі.PL/1 программалау тілі.Algol программалау тілі.

22. Программалық жүйелердің өмірлік циклы.Программалық жүйелерді құруда жобаларды басқару әдістері.Программалаудағы модульдік принцип.

23. Объектілі-бағытталған программалау.

24. Әртүрлі типті компьютерлердің операциялық жүйелер эволюциясы.Linux операциялық жүйесі.

25. Windowsжәне MAC OS операциялық жүйелерінің салыстырмалы талдауы.

26. MS DOS үшін мәтіндерді өңдеудің программалық жүйелері.MS DOS үшін электронды кестелер.MS DOS үшін графиктік ақпаратты өңдеудің программалық жүйелері.

27. WINDOWS үшін мәтіндерді өңдеудің программалық жүйелері.WINDOWS үшін графиктік ақпаратты өңдеудің программалық жүйелері.

28. Сканерленген ақпаратты өңдеудің программалық жүйелері.

29. «Аудармашылар» программалық жүйелері.

30. Мультимедиа жүйелер. Компьютер жәнеәуен.Компьютерлік ойындарға шолу.

31. MS DOS және WINDOWS үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері.

32. Оқыту жүйелері. Білімді бақылау құралдарын құру.

33. Желілік және телекоммуникациялық сервистік программалар.

34. Интернетте ақпаратты іздеу программалары.

35. Жергілікті желілердің программалық қамтамасыз етілуі.

36. Ақпаратты кодтау тарихы.

37. Кодтау теориясының негізгі нәтижелері.

38. Есептеу техникасында ақпаратты кодтаудың заманауи әдістері.

39. CorelDraw мүмкіндіктері.

40. Бейнелерді сканерлеу және тану.Графиктік файлдардың форматтары.

41. Web-дизайн элементтері.

42. Internet желісіндегі электронды коммерция және жарнама.

MS Power Point көмегімен презентациялар құру тапсырмалары

1. ЭЕМ құрылуы мен даму тарихы. Кезеңдері.

2. Дербес ЭЕМ, құрылу тарихы, қазіргі кезде алатын орны.

3. Әртүрлі кезеңдердегі машиналардың командалар жүйесі, жады адресациясы.

4. Intel микропроцессорларының архитектурасы.

5. Сканерлер және олардың программалық қолдауы.

6. Алгоритмдерді сипаттау құралдары мен тілдері.

7. Пост машинасы. Тьюринг машинасы.

8. Объектілі-бағытталған программалау.

9. HTML, JAVA тілдерінде программалау.

10. МҚБЖ программалау тілдері.

11. Жергілікті желілерді басқару.

12. Ақпаратты кодтау үшін символдар мен алфавиттер.

13. Кодтау және шифрлау.

14. Internet желісінің программалық қамтамасыз етілуі: клиенттік программалық жүйелері.

15. Электронды пошта хабарламаларын кодтау стандарттарының дамуы.

Емтихан бағдарламасы:

Сұрақтар тізімі
Ақпарат. Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері және қасиеттері.
Ақпаратты беру тәсілдері.
Мәліметтерді тасушылар.
Логика негіздері. Логикалық байланыстар және ақиқат кестелері.
Графтар, ағаштар және олардың түрлері.
Санау жүйелері. Екілік, сегіздік, ондық және он алтылық санау жүйелері. Санды бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру.
Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары. Жады түрлері. Жады көлемі.
Ақпаратты өлшеу бірліктері.
Компьютер жадында мәліметтің бейнеленуі. Биттер, байттар, сөздер.
Сандық және сандық емес мәліметтердің бейнеленуі.
Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, команда жүйелері мен типтері.
ДЭЕМ архитектурасы. Жүйелік блок. Дисплей. Пернетақта. Тышқан.
Ақпаратты енгізу-шығару және басқару құрылғылары. Сканер, принтер, стример, т.б.
ДЭЕМ-ді бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамсыздандырудың құрылымы және құрамы. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру.
Операциялық жүйелер туралы жалпы мағлұмат. Негізгі түсініктер және анықтамалар. ОЖ классификациясы.
MS DOS операциялық жүйесі. Құрылымы, негізгі командалары. Файлдық жүйелер. Утилиттер. Драйверлер.
Файлдар және каталогтар. Файлдармен және каталогтармен жұмыс жасауға арналған командалар.
Бағдарламалық қабықша түсінігі.
WINDOWS операциялық жүйесі. Негізгі түсініктер және анықтамалар. Терезе, жарлық, есептер тақтасы, қосымша.
WINDOWS-пен жұмыс. Программа жұмысын аяқтау және шығу.
Мой компьютер және Сілтеуіш (Проводник) бағдарламаларымен жұмыс.
Мәтіндік редакторлар туралы жалпы мағлұматтар.
MS WORD. Құжаттармен жұмыс. Негізгі меню командалары.
Құжатты ашу, құжатты сақтау, құжат атын өзгерту.
Текстік файл форматы. Форматтар түрлері.
Мәтінді форматтау. Шегіністермен жұмыс.
Кестелермен жұмыс жасау.
Мәтінге формула қою.
Суреттер мен бейнелер қою.
Тізімдер. Тізім түрлері. Сілтемелер. Колонкалар. Беттерді белгілеу.
ЭЕМ-де есепті шығару кезеңдері.
Алгоритм түсінігі. Алгоритм қасиеттері. Негізгі құрылымдық элементтер: тармақталу, цикл. Жазу жолдары.
Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритдерге мысалдар.
Паскаль программалау тілі. Тіл негіздері. Тип түсінігі.
Паскаль тіліндегі бағдарлама. Бағдарлама құрылымы. Меншіктеу және енгізу-шығару операторлары.
Тармақталу алгоритмдері. Шартты және шартсыз көшу операторлары.
Паскаль тіліндегі цикл операторлары.
Массив түсінігі. Массив өлшемі. Массивтерді өңдеу.
Кестелік процессорлар туралы жалпы мағлұмат. Негізгі түсініктер: ұяшық, баған, жол, бет, кітап.
MS EXCEL кестелік процессоры.
Кестелік курсорды басқару. Негізгі меню командаларын қолдану.
Мәліметтер типтері. Электронды кесте ұяшықтарына мәліметтерді енгізу және редактілеу.
Формулаларды қолдану. MS EXCEL-дегі функциялар. Функция шеберімен жұмыс.
MS EXCEL-де графиктер мен диаграммалар тұрғызу.
Басқа қосымшалармен мәлімет алмастыру.
Мәліметтер қоры түсінігі. Мәліметтер қоры модельдері.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ).
MS ACCESS мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс жасау негіздері.
Графикалық программамен қамтамасыз етудің иерархиясы. Растрлі және векторлы графика жүйелері. Графикалық редакторлар.
Видеоақпаратты шығару құрылғылары.
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар. Желі туралы жалпы мағлұматтар, компьютерлерді желімен байланыстыру қажеттілігі.
Интернет. Интернет қызметтері.
Ақпаратты қорғау негіздері. Қауіп төндіргіштер және олардың классификациясы.
Архиваторлар.
Антивирустық бағдарламалар.

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:

Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін, білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.

Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық),лабароториялық сабақтарды қамтып,материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептершығаруды қамтиды.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.

Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауғатақырыптарбойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдарыбойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.

Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.

Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.

Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті. Қатысым семестр бойына тексеріледі. Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.

Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.

· Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.

· Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.

Курсты бағалау критериі

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ШКАЛАСЫ

 

бақылау түрлері апта   мах балл
Сабаққа қатысымы * * * * * * * * * * * * * * *  
Практикалық сабақтар * * * * * * * * * * * *        
Лабораториялық сабақтар                         * * *  
Аралық бақылау: тест             *             *    
өзіндікжұмыстытапсыру * * * * * * * * * * * * * * *  
бақылау жұмысы         *           *          
мәнжазба                         *      
Қорытындыбақылау (емтихан)                                
  Барлығы                                

Ескерту: *- тапсырма саны

БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

Баға Коэффициент %
А 4,0 95-100%
А- 3,67 90-94%
В+ 3,33 85-89%
В 3,0 80-84%
В- 2,67 75-79%
С+ 2,33 70-74%
С 2,0 65-69%
С- 1,67 60-64%
Д+ 1,33 55-59%
Д 1,0 50-54%
Ғ 0-49%

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ:

Негізгі әдебиеттер

1. Макарова Н.В., Матвеев Л.А., Бройдо В.Л. и др. Информатика: Учебник/ Под ред. проф. Н.В.Макаровой. – М.:,2003.

2. Информатика. Базовый курс /Под ред. Симоновича С.В. – СПб.:Питер, 2004.

3. Моисеев А.В. Информатика. – М.:Академия, 1998.

4. Автисян Р.Д., Автисян Д.Д. Теоретические основы информатики. – М.: Наука, 1997.

5. Аладьев В.З. и др. Основы информатики. – М.Филин, 1999.

6. Балафанов Е.К. Новые информационные технологии: 30 уроков по информатике. – Алматы:2001.

7. Воройский Ф.С. Информатика. Новый систематизированный толковый словарь-справочник – М.:2001.

8. Романовский И.В. Дискретный анализ. – 3-е изд. – СПб.: Невский Диалект; БХИ Петербург, 2003.

9. Асанов М.О., Барановский В.А., Расин В.В. Дискретная математика: графы, матриоиды, алгоритмы. – Ижевск: НИЦ «Регулярная и хаотичная динамика», 2001.

10. Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритмы – М.: Вильямс, 2001.

11. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных. – СПб: Невский диалог, 2001.

12. Бондарев В.М., Рублинецкий В.И., Качко Е.Г. Основы программирования. – Харковь: Фолио; Ростов н/Д:Феникв, 1997.

13. Кнут Д. Искусство программирования, 3-е изд. – М.: Вильямс, 2001.

14. Бадд Тимоти. Объектно-ориентированное программирование в действии. – СПб.: Питер, 1997.

15. Таненбаум Э. Современные операционные системы – СПб.: Питер, 2002.

16. Столингс У. Операционные системы. Внутреннее устройство и принципы проектирования. – М.: Вильямс, 2002.

17. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. – СПб.: Питер, 2002.

18. Таненбаум Э. Компьютерные сети. – СПб.: Питер, 2002.

19. Воронцов П.Г. Компьютерная графика. – СПб.: 2000.

20. Пореев В. Компьютерная графика. – СПб.: 2002.

Қосымша әдебиеттер

21. Экономическая информатика: Учебник / Под ред. Комарева. В.П. – М.: Финансы и статистика, 2004.

22. Атовмян И.О. Архитектура вычислительных систем. М.: МИФИ, 2002.

23. Гуров В.В., Ленский О.Д., Соловьев Г.Н., Чуканов В.О. Архитектура, структура и организация вычислительного процесса в ЭВМ типа IBM PC М.: МИФИ, 2002.

24. Таха Х. Введение в исследование операций. – М.: Вильямс, 2001.

25. Гуськов А. Спецификация объектно-ориентированных языков программирования. – М., 2004. – 464 с.

26. Смит С. Методы объектно-ориентированного анализа и проектирования.–СПб.,2005.– 532 с.

27. Федосеев Л. Основы программирования в объектно-ориентированной среде.– М.,2005.– 378 с.

28. Дьяконов В. Компьютерная математика. Теория и практика. М.: Горячая линия -Телеком, 2001.

29. Щербаков А.Ю. Введение в теорию и практику компьютерной безопасности.-М., 2001.

30. М. Қ. Байжұманов, Л. Қ. Жапсарбаева «ИНФОРМАТИКА» оқу құралы – Астана 2004.

31. В.Э. Фигурнов IBM для пользователя, 7-е издание. – М.- ИНФРА- М, 1997.

 

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.