Здавалка
Главная | Обратная связь

Арнайы педагогика тарихы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор

Л.Қ. Еркінбаева ___________

 

 

«_____»__________________2013ж.

 

 

Арнайы педагогика тарихы

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Мамандық: 5В010500 « Дефектология»

Оқыту түрі: күндізгі

 

 

Талдықорған 2013 ж.

 

 

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС

Негізінде 5В010500 – « Дефектология» мамандығына аға оқытушы Ержанова Г.Ж. құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

 

 

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасының отырысында қарастырылды

 

«12» 06 2013 ж. № 13 хаттама

 

Кафедра меңгерушісі___________ п.ғ.к., доцент Г.Н.Жолтаева

 

 

« 12 » 06. 2013 жыл. № __5__ хаттама

 

педагогика және психологияфакультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ___________________К.Н.Ахмедиева

 

 

 
 


І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-40
01.09.2012 ж.

Педагогика және психология факультеті

Оқыту және тәрбиелеу әдістемесі кафедрасы

Арнайы педагогика тарихы

СИЛЛАБУС

 

Мамандық: 050105 «Дефектололгия»

 

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредиттер саны: 3

Барлық сағат саны: 135 соның ішінде:

Лекциялар: 30

Лабораториялық сабақтар: 15

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Аралық бақылаулар:1

Емтихан: 3 семестр

 

 

 

 

Талдықорған 2013 ж

Оқытушы туралы мәлімет

Ержанова Гүлнұр Жарболғанқызы – оқыту және тәрбиелеу кафедрасының ассистенті

Сабақ уақыты кесте бойынша

Кеңес беру уақыты сәрсенбі О және Т Ә кафедрасы

 

Пәннің прекреквизиті:Мамандыққа кіріспе

Пәннің постреквизиті:Арнайы педагогика, арнайы психология

Пәнге қысқаша сипаттама

«Арнайы педагогика тарихы» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 2 курс студенттерінің оқу жоспарына сәйкес жасалған және бұл курста арнаулы (коррекциялық) педагогика және арнаулы психология пәндерінен алған білімге негізделеді. Курс 30 сағат лекция, 15 сағат практикалық сабақ, 45 сағат студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ), 45 сағат студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысына (СОӨЖ) есептелген.

Пәннің мақсаты – студенттердің арнайы педагогика тарихы пәнін оқу барысында теориялық, практикалық білімдерін, іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру.Арнайы педагогиканың ғылым ретінде даму тарихын білу.

Курстың міндеті:

· арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени мәнін ашу;

· арнайы білім берудің қалыптасу даму тарихымен танысу;

· ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытумен тәрбиелеуде жалпы теоретикалық негіздермен таныстыру;

· болашақ арнайы педагог, психолог мамандарға мүмкіндігі шектеулі
тұлғаларды оқытумен тәрбиелеу туралы оптимистік кәсіби көзқарастардың алғы шарттарын қалыптастыру;

· арнайы педагогика тарихының дамуы заңдылықтарын педагогикалық ғылым тұрғысынан қарастыру.

Курс дефектология мамандығы бойынша факультетті бітіруші мамандарына кәсіби талаптың қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың алдында кемістігін түзету және сөйлеу тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесіне, проблемаларға аналитикалық тұрғыдан болжам жасай алуды үйретеді.

Аталған студенттерге төмендегідей білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді.

- арнайы педагогиканың даму тарихын;

- арнайы педагогиканың қазіргі сыныптамаларын;

- арнайы білім берудің қалыптасу тарихын;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды әлеуметтік, медициналық педагогикалық түзету арқылы қолдау жүйесін;

- арнайы педагогика тарихының кезеңдерін қазіргі кезеңмен салыстыру.

«Арнайы педагогика тарихы» пәні курс студенттерінің төмендегідей іскерліктерін қалыптастыруды көздейді:

- практикада теорияылық білімді қолдану;

- дамуында ауытқуы бар балаларды психолого-педагогикалық танып зерттеудің маңызын көрсету;

Курсты меңгеру барысында студент төмендегідей дағдыларды игеру қажет:

- арнайы педагогика тарихы туралы білімді игеріп, тәжірибеде алған білімін жүзеге асыру;

Пәнді оқыту үрдісінде келесі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады:

а) түйінді құзіреттілік

· арнайы педагогика тарихы пәнін кәсіби деңгейде меңгеруі;

· педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді біртұтас педагогикалық үрдісті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· арнайы педагогика тарихына шолу жасау, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу.

б) пәндік құзіреттілік

· қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеруі;

· арнайы педагогика тарихы пәні бойынша педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеруі.

в) арнайы құзіреттілік

· арнайы білім беру мекемелерінде нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып, кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу дағдылары мен біліктерін меңгеруі;

· педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеруі;

· бала құқығы менмүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну;

· жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеруі;

· стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды қолдана білуге қабілетті болу;

· оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерін меңгеруі.

 

Баға қою саясаты

Білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау Цифрлық эквивалент Пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Курс бойынша білімді бағалаудың баллдарға жалпы бөлінуі

 

Бағаланатын позиция 1-8 апталарда бағалау саны 9-15 апталарда бағалау саны Максималды баллдар саны Баллдарды электронды журналға қою мерзімі
Ағымды бақылау Әр бағалауға 100 балл Әр апта сайын(бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әр СӨЖ-ге 100 балл 4,7,11,14 апталар
Рубеждік бақылау Әр рубеждік бақылауға 100 балл 8 және 15- апталар
1 жіберу рейтингі R1 8 апта
2 жіберу рейтингі R2 15 апта
Академиялық кезең бойынша жіберу рейтингі R=(R1+R2)/2 15 апта

 

Емтихан Е 16-19 апталар
Қортынды баға I=R*0.6+E*0.4  

 

Баға қоюдың критерийлері(3 Кредиттік пән бойынша)

Бақылау түрі Максималды(ең жоғары) баға Баллды оқытушының журналына қою мерзімі
Ағымды бақылау: Сабаққа қатысу: 1 сағ.-5 балл Үй тапсырмасын орындау Зертханалық тапсырманы орындау Белсенділік(сабақта жауап бері, т.с.) Әр сабақта
СӨЖ 1 1тапсырма 2тапсырма 3тапсырма 4 тапсырма СӨЖ тапсыру кестесі бойынша
СӨЖ 2 1тапсырма 2тапсырма 3тапсырма СӨЖ тапсыру кестесі бойынша
СӨЖ 3 1тапсырма 2тапсырма 3тапсырма СӨЖ тапсыру кестесі бойынша
СӨЖ 4 1тапсырма 2тапсырма 3тапсырма СӨЖ тапсыру кестесі бойынша
1 рубеждік бақылау: Жобаны қорғау Жоба идеясы Жобаны жазу Жобаны ұсыну 8апта
2 рубеждік бақылау:коллоквиум 1 сұрақ-1 баға 2 сұрақ-2 баға 3 сұрақ- 3 баға 15 апта

 

Дәрістік кешен

Дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары

Тақырып Сағат саны Апта Әдебиет
  Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері     1-3 апта 2,3,4
Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы 4-5 апта 1,2,8
Сурдопедагогиканың даму тарихы 6-7 апта 9,10,12,14
Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы   8-9 апта 1,5,8
Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы ролі 9-11 апта 1,5,8
  Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі   11-12 апта 4,3,1
Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру 13-14 апта 1,3,8
  ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы     14-15 апта 2,3,4
Барлығы  

Практикалық сабақтардың күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Сабақ тақырыбы мен мазмұны Сағат саны апта өткізу түрі
  Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері   1-3 апта Дөңгелек үстел
Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы 4-5 апта семинар
Сурдопедагогиканың даму тарихы 6-7 апта Дөңгелек үстел
  Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы   8 апта Дөңгелек үстел
Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы рөлі 9-10 апта Дөңгелек үстел
  Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі 11 апта Семинар
Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру 12-13 апта Дөңгелек үстел
  ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы   14-15 апта Семинар
  Барлығы      

 

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

 

Тақырыбы: Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері

Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең. Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі. Зиятында ауытқуы бар балаларға деген діндік көзқарас.

Тақырыбы: Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы

Көне заманда кемтар балалардан құтылу жолдары. Дамуында ауытқуы бар балаларға деген діндік көзқарас. Дамуында ауытқуы бар балаларға гуманистік көзқарастың қалыптасуы. Дамуында ауытқуы бар балаларға деген қоғамның көзқарасы. Зиятында ауытқуы бар балаларға деген қоғамның адамгершілік танытуы. Христиан діні өкілдерінің көзқарасы. Мұсылман діні өкілдерінің көзқарасы. Антикада кемістігі бар балаларға деген көзқарас. Көне заманда физикалық кемістігі бар балаларға деген көзқарас.

Тақырыбы: Сурдопедагогиканың даму тарихы

Шет ел сурдопедагогикасының негізгі даму тарихы. Ресей сурдопедагогикасының даму тарихы. Естімейтіндерді оқыту мен тәрбиелеудегі теориямен практиканың тарихи сипатының әр түрлі мәні бар. Естімейтіндерге деген ерекше көңіл бөлушілік біздің заманымызға дейінгі ІХ– VІІІғасырдан бері бақыланып келеді. Ежелгі Грецияда және Ежелгі Римде естуінде кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі болмаған. Антикалық мемлекеттерде «естімейтіндер» қоғамның толыққанды мүшесі болып саналмаған, оларды оқуға жарамсыз деп таныған. Естімейтін балаларға деген көзқарас.

Тақырыбы Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы

ХІХ ғасырдың екінші жартысында дамуында ауытқуы бар балаларға қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуы.ХІХ ғасырдың екінші жартысында –ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясы.Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда анотомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы.Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда психолого-педагогикалық және әлеуметтік бағыттың дамуы.

 

Тақырыбы: Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы рөлі

Э. Сеген және оның ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі. И. Гуггенбюльдің әрекеті. Ақыл-ойы кемдерді оқыту мен тәрбиелеу әрекетінде ертеде едәуір жемісті еңбектерімен танымал, француз дәрігер-педагогы ЭдуардСеген (1812-1880). Сонымен қатар ол, ақыл-ойы кемдерді тәрбиелеуде өз практикасын бүтіндей медико-педагогикалық жүйеде талдап-қорыта алатын, талдай алатын және нысанға келтіре алатындардың бірі болды. Э.Сеген тұқым қуалаған бургундық дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Парижде ол Итар, Эскиролмен жақын болып, солардың сүйіктісі болды.

 

Тақырыбы: Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі

1931-1936 аралығындағы көмекші-арнайы оқытудың жағдайы. Көмекші мектептердің даму жүйесі. 30 жылдын басынан бастап 1936 жылдың ортасына дейін кеңес көмекші мектептері қарама-қайшылық тенденциясына толы қиын қыстау кезеңдерінен өтті. 30 жылдың басында көмекші мектептер, жалпы мектептер секілді, педалогтардың күшейтпелі әсеріне қалды. Педалогтар өз күштері жетпейтін көп жұмыстарды жауапкершіліккке алды. Баланы саралаудағы физиологиялық, педагогикалық, психологиялық аспектілерді талдауда, пәндік және әдістемелік сараптамада шатасты, балаларды оқыту-тәрбиелеудің теориясы мен практика қатарына қателіктер орнатты.

Тақырыбы: Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру

Педологтардың критикалық талдауы.Көмекші мектептердің пайда болу тарихындағы ежелгі оқиғалардың бірі 1936 жылғы 4 шілдедегі педалогиялық көзқарас. Көмекші мектеп жұмысындағы педалогиялық көзқарас.

Тақырыбы: ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы

Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері. ҚР-да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің өзіндік тарихы бар. Бұл білім қиын қыстау кезеңнің мән жағдайын түсіну және осы заманғы арнайы көмектің жағдайын білу үшін керек.басқа ғылымдардың тарихы сияқты арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы бар. Қазақ ғұламаларының арнайы білім беру жүйесіне қосқан үлестері.

СОӨЖ-ның күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Тақырып   Сағат саны апта өткізу түрі
Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері 1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең. 2. Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. 3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. 4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең. 5. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі.   1-2 апта Дөңгелек үстел
Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы 1. Көне заманда кемтар балалардан құтылу жолдары. 2. Ақыл-ойы кемдікке деген діндік көзқарас. 3. Ақыл-ойы кемдікке гуманистік көзқарастың қалыптасуы. 3-4 апта семинар
Сурдопедагогиканың даму тарихы 1. Шет ел сурдопедагогикасының негізгі даму тарихы. 2. Ресей сурдопедагогикасының даму тарихы. 3. Қазақстандағы сурдопедагогиканың даму тарихы   5-6 апта Дөңгелек үстел
Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы 1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақыл-ойы кемдікке қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуы. 2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында –ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясы. 3. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда анотомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы 4. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда психолого-педагогикалық және әлеуметтік бағыттың дамуы 7-8 апта Дөңгелек үстел
Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы ролі 1. Э. Сеген және оның ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі. 2. И. Гуггенбюльдің әрекеті. 3. Қазіргі уақыттағы арнайы білім беру тенденциясы 9-10 апта Дөңгелек үстел    
Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі 1. 1931-1936 жж аралығындағы көмекші-арнайы оқытудың жағдайы. 2. Көмекші мектептердің даму жүйесі. 3. Қазіргі көмекші мектептердің даму жүйесі 11-12 апта  
Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру 1. Педологтардың критикалық талдауы. 2. Көмекші мектептердің пайда болу тарихындағы ежелгі оқиғалардың бірі 1936 жылғы 4 шілдедегі педалогиялық көзқарас. 3. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы және даму тенденциялары   12-14 апта  
ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы 1. Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары 2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы 3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы 4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері 14-15 апта  
  Барлығы:    

 

СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

 

1-тақырып. Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері

Мақсаты: Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдерінің мазмұнын ашу.

Бақылау сұрақтары:

1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.

2. Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең.

3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең.

4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең.

5. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі.

2-тақырып. Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы

Мақсаты:Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы туралы студенттерге түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Көне заманда кемтар балалардан құтылу жолдары.

2. Ақыл-ойы кемдікке деген діндік көзқарас.

3. Ақыл-ойы кемдікке гуманистік көзқарастың қалыптасуы.

3-тақырып. Сурдопедагогиканың даму тарихы

Мақсаты:Арнайы педагогиканың соның ішінде сурдопедагогитканың даму тарихының мазмұнын ашу.

Бақылау сұрақтары:

1. Шет ел сурдопедагогикасының негізгі даму тарихы.

2. Ресей сурдопедагогикасының даму тарихы.

3. Қазақстандағы сурдопедагогиканың даму тарихы

4-тақырып. Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы

Мақсаты: Ақыл-ойы кемдікке қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуының, ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясының мазмұнын ашу.

Бақылау сұрақтар:

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақыл-ойы кемдікке қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуы.

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында –ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясы.

3. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда анотомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы

4. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда психолого-педагогикалық және

әлеуметтік бағыттың дамуы

 

5-тақырып. Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы рөлі

Мақсаты: Э. Сеген және И. Гуггенбюльдің ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі мазмұнын ашу.

Бақылау сұрақтар:

1. Э. Сеген және оның ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі.

2. И. Гуггенбюльдің әрекеті.

3. Қазіргі уақыттағы арнайы білім беру тенденциясы

6-тақырып. Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі

Мақсаты: Көмекші мектептердің даму жүйесінің мазмұнын ашу

Бақылау сұрақтар:

1. 1931-1936 жж аралығындағы көмекші-арнайы оқытудың жағдайы.

2. Көмекші мектептердің даму жүйесі.

3. Қазіргі көмекші мектептердің даму жүйесі

7-тақырып. Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру

Мақсаты:Педологтардың критикалық талдауы, көмекші мектептердің пайда болуы,

қазіргі арнайы білім берудің жағдайы және даму тенденцияларының мазмұнын ашу.

Бақылау сұрақтар:

1. Педологтардың критикалық талдауы.

2. Көмекші мектептердің пайда болу тарихындағы ежелгі оқиғалардың бірі 1936 жылғы 4 шілдедегі педалогиялық көзқарас.

3. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы

 

8-тақырып. ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы

Мақсаты: ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихының мазмұнын ашу

Бақылау сұрақтар:

1. Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары

2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы

3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы

4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері

«Арнайы педагогика тарихы» пәнінен СӨЖ мақсаттары мен орындауға әдістемелік нұсқаулар

Әдістемелік нұсқаулар:

Өздік жұмысын орындау барысында сұраққа қатысты қолда бар әдебиеттерді кеңінен қолдану. Түсініксіз немесе қарастыруда қиындық туғызатын сұрақтар болса оқытушыдан қосымша кеңес алып, бағыт сұрау. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын, әдістемелік арнайы журналдарды үнемі қарау. Кітапхана қорына түскен жаңа әдебиеттерге (пәнге байланысты) үнемі талдау жүргізу.

1. Студентті өз бетімен білімді ізденуге дағдыландыру;

2. Ғылыми әдістемелік әдибеттерге сүйене отырып, қажетті тақырыбын өз бетімен іздеу іскерлігін қалыптастыру;

3. Дәріс сабақтарында алған білімдерін сабақтан тыс уақыттарда толықтыруға бағыт беру;

4. Курс бойынша арнайы әдебиеттерді қарастырып, болашақ мамандығына теориялық-практикалық дайындалу;

Студенттің жеке тұлғасында өз беттілік, жауапкершілік, жүйелік ,нақтылық қасиеттерін қалыптастыру

СӨЖ-ның күнтізбелік – тақырыптық жоспар

Тапсырманың мазмұны Сағат саны өткізу мерзімі Бақылау түрі
СӨЖ № 1 Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері Негізгі сұрақтар: 1. Арнайы білім беру жүйесі 2. Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең. 3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең. 4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең.   4 апта реферат
  Көне заманда және орта ғасырда ақыл-ойы кемдерге деген қарым-қатынас жағдайы Негізгі сұрақтар: 1. Көне заманда кемтар балалардан құтылу жолдары. 2. Ақыл-ойы кемдікке деген діндік көзқарас. 3. Ақыл-ойы кемдікке гуманистік көзқарастың қалыптасуы.     4 апта баяндама
СӨЖ № 2 Сурдопедагогиканың даму тарихы Негізгі сұрақтар: 1. Шет ел сурдопедагогикасының негізгі даму тарихы. 2. Ресей сурдопедагогикасының даму тарихы. 3. Қазақстандағы сурдопедагогиканың даму тарихы   7 апта аннотация
  Ақыл-ойы кемдерге қоғамдық көмектің белсене түсуі және білім берудің дамуы туралы ХІХ ғасырдың жартысы – ХХ ғасырдың басы Негізгі сұрақтар: 1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақыл-ойы кемдікке қоғамның әлеуметтік тұрғыдан көмек беруінің дамуы. 2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында –ХХ ғасырдың басында ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытудың негізгі аспектілері және тенденциясы. 3. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда анотомо-морфологиялық және этиологиялық бағыттың дамуы 4. Ақыл-ойы кем тұлғаларды оқытуда психолого-педагогикалық және әлеуметтік бағыттың дамуы 7 апта реферат
СӨЖ № 3 Э. Сегеннің, И. Гуггенбюльдің дәрігерлік-педагогикалық әрекеті және ақыл-ойы кем тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеуде, дамытудағы ролі Негізгі сұрақтар: 1. Э. Сеген және оның ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеудегі дәрігерлік-педагогикалық жүйесі. 2. И. Гуггенбюльдің әрекеті. 3. Қазіргі уақыттағы арнайы білім беру тенденциясы   11 апта баяндама
  Көмекші мектептердің әрекетіне педалогиялық теріс көзқарас. Көмекші мектептің жұмыс спецификасының дамуының тежелуі Негізгі сұрақтар: 1. 1931-1936 жж аралығындағы көмекші-арнайы оқытудың жағдайы. 2. Көмекші мектептердің даму жүйесі. 3. Қазіргі көмекші мектептердің даму жүйесі   11 апта реферат
СӨЖ № 4 Көмекші мектеп жұмысында педалогиялық көзқарасты қалыптастыру Негізгі сұрақтар: 1. Педологтардың критикалық талдауы. 2. Көмекші мектептердің пайда болу тарихындағы ежелгі оқиғалардың бірі 1936 жылғы 4 шілдедегі педалогиялық көзқарас. 3. Қазіргі арнайы білім берудің жағдайы және даму тенденциялары   14 апта аннотация
  ҚР арнайы білім беру жүйесінің даму тарихы Негізгі сұрақтар: 1. Кеміс балаларға арнайы білім берудің алғышарттары 2. Қазақстанда арнайы оқыту жүйесінің құрылуы 3. 1946-1990 жылы отандық арнайы білім беру жүйесінің дамуы 4. Отандық дефектологтардың арнайы білім беруді дамытуға қосқан үлестері   14 апта баяндама
  Барлығы    

 

СӨЖ материалдары

 

 

1. 11.07.2002 жылдан бергі (№343-//РК) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық коррекциялық қолдау жайында заңы»

2. Қазақстан Республикасы Кодексіндегі әкімшілік құқық бұзушылық жайындағы «Бақылаусыз және қараусыз қалған балаларды және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу шаралары жайында» заң. 20.01.2006 жылы Қазақстан Республикасында Заңға толықтырулармен өзгертулер.

3. Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін ұйымдастыру жайында Қазақстан Республикасыныңнормативтік-құқық құжаттары.

 

Үлестіріп берілетін материал СӨЖ №1

 

Бақылау сұрақтар:

1. Дамуында ауытқуы бар балалардан құтылу жолдары

2. Дамуында ауытқуы бар балаларға деген діндік көзқарастың қалыптасуын сипаттаңыз

3. Мектепке дейінгі балалардың негізгі әрекетіне тоқталыңыз

 

 

Көне заманда дамуында ауытқуы бар балаларға деген көзқарас Қазіргі кездегі дамуында ауытқуы бар балаларға деген көзқарас
   

Үлестіріп берілетін материал СӨЖ № 2

 

Бақылау сұрақтар:

1. Ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлері

2. Психодиагностикалық әдістер топтамасын ата және мысал келтір

3. Бақылау әдісінің қолдану тиімділігі қандай?

 

 

Ғылыми-зерттеу әдістерінің түрлері   Мазмұны
Бақылау әдісі    
Эксперимент әдісі    
Әңгімелесу    
Психодиагностикалық әдіс      

Үлестіріп берілетін материал СӨЖ № 3

 

Бақылау сұрақтар:

1. Айналамен таныстыру пәнінде қолданылатын тақырып үлгілері

2. Айналамен таныстыру пәнінде түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру

3. Бағдарлама, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспарына талдау жасаңыз

4. Сөйлеу тілінің бұзылуының негізгі себептерін атаңыздар

 

 

Үлестіріп берілетін материал СӨЖ № 4

Бақылау сұрақтар:

1. Оқу және жазудың спецификалық бұзылуын сипаттаңыз

2. Сенсорлы алаличсы, моторлы алалиясы бар баланың психологиялық-педагогикалық сипаттамасын беріңіз

3. Тұтықпаның себептерін ата

Айналамен таныстыру пәні бойынша кестені толтыр

Кемістік түрі Құтылу жолдары Діндік көзқарас Гуманистік көзқарас Қоғамның көзқарасы
Зиятында ауытқуы бар балалар          
Есту қабілеті зақымдалған балалар          
Көру қабілеті зақымдалған балалар        
Дене кемістігі бар балалар        

 

 

Арнайы педагогика тарихы” пәнінен

ГЛОССАРИЙ

Қатер тобындағы бала (балалар) – ерте қолға алынбағандықтан әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетілмегендіктен , дене және (немесе) психикалық дамуында кенжелеп қалу ықтималдығы жоғары болатын үш жасқа дейінгі бала (балалар).

Дене кемістігі-ағзасы (ағзалары) дамуының және (немесе) жұмыс істеуінің ұзақ уақыт бойы әлеуметтік, медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кажет ететіндей созылмалы бұзылуы.

Психикалық кемістік-адамның психикасы дамуының және (немесе) жұмыс істеуінін уақытша немесе тұрақты кемістігі, соның ішінде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоция-еркі жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуынын бұзылыстары, соның ішінде ақыл-ой жағынан кенжелеп қалу; психикалық дамуының тежелуі және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзіндік қиындықтар.

Күрделі кемістік – дене және психикалық кемістігінің кез-келген ұштасуы.

Ауыр кемістік – мемлекеттік (оның ішінде арнаулы) білім беру стандартарына сәйкес білім беру қолжетімді болмайтын және оқыту мүмкіндіктері өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, қоршаған дүние туралы қарапайым білімдерді және қарапайым еңбек дағдыларын немесе аясы тар кәсіби даярлықты меңгерумен шектелетін дәрежедегі психикалық және (немесе) дене кемістігі.

Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық - дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта окытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа) дейінгі балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалык түзеу арқылы қолдау.

Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық -педагогикалық қолдау арқылы қолдау процесінде кемтар балалардың қоғамда қабылданған құндылықтарды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игеруі мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде икемделуі.

Әлеуметтік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.

Арнаулы білім беру - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.

Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алуымен, өзіне-зі қызмет ету дағдысын менгеру мен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлыкты менгерумен шектеледі.

Білім алу үшін арнайы оқыту, арнайы білім беру бағдарламасы мен оқыту эдістері, оқытудың жеке-дара техникалық күрапдары педагогикалық, медициналық, элеулеуметгік және т.б. қызмет көрсету.

Түзету - акыл ойы кем және дене дамуында кемістігі бар түлғаның ақауын түзету, емдеу, азайтуға мүмкін болса жоюға бағытталған педагогикалық шаралар немесе құралдар жүйесі. Түзету адамның компенсациялық бейімделу негізінде құрылады.

Компенсация (латын сөзі - орын толтыру) сақталған функциялар арқылы бұзылған қызметінің орнын толтыру негізінде ағза қызметін қайта құру үрдісі. Компенсация (толықтыру, теңестіру) арнайы әдістер мен түрлі техникалық құралдарды қолданатын мақсатқа бағытталады және арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында тиімді болмақ. Компенсация процестері әлеуметтік еңбеке бейімделу жағдайын қамтамасыз ету үшін және қалыпты дамыған тұлғалар ортасына кемтар балаларды біріктіру үшін қажет.

Сауықтыру - өзара тығыз байланысты бірнеше формалары бар, медициналык, психологиялық, педагогикалық, әлеуметік-экономикалық, кәсіби еңбек және тұрмыс шараларының кешенді жүйесінен тұрады. Олардың біреуінсіз толық сауықтыру мүмкін емес. Медициналық тарғыдан алғанда мүгедектердің денсаулығын толық сауықтыру, белсенді өмірге араластыру. Психологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың тұлғалық психокоррекциясы.

Педагогикалық тұрғыдан сауықтыру - білім алуға қажетті білім, іскерлік, дағдылы менгеруге бағытталған тәрбие шаралары.

Әлеуметтік - экономикалық сауықтыру – мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды тұрғын үймен, пенсиямен, кемістікке тәуелді қажетті арнайы техиикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Кәсіби еңбекпен сауықтыру- кәсіби еңбектің дәйекті түрін анықтап, оған оқыту, жүмысты жеңілдететен арнайы техникалық құралдарды пайдалануға үйрету, жұмыс орнына бейімдеу

Тұрмыстық сауықтыру- мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үйінде және көшеде еркін жүру үшін арнайы протездермен қамтамасыз ету және ғимаратгар мен нақты баспалдақтарын тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғалар үшін бейімдеу.

Тахилалия («tachys»-тез, «lalio»- сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптасқан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді.Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да, сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі.Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылымы сақталған болады.

Брадилалия(«bradys»-баяу, «lalio»-сөйлеу тілі»)- сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функйионалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созаңқы шығады.

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысуы салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу дислалия даму барысында пайда болады.

Дислалия- есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтумен көрінеді. Анатомиялық ақаулықтар болса органикалық, жоқ болса- функционалды деп аталады.

Ринолалия– сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ақаулықтарының салдарынан дауыс әуезділігінің және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.

Дизартрия– сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің инервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады. Дизартрия сал ауруына шалдыққанда балалар жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия баланың дамуының кез-келген кезінде пайда болуы мүмкін.

Алалия – баланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдықан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).

Афазия– бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтірілетін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы нейроинфециялар, бас мидың ісіктері.

Дислексия– оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

Дисграфия – жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.

 

Дәрістік кешен

Арнайы білім беру жүйеснің әлеуметтік – мәдени тұрғыдан қалыптасу тарихи кезеңдері.

Жоспар:

1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.

2. Қамқорлықтан естімейтін және көрмейтін балаларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейінгі кезең.

3. Сенсорикалық кемістігі бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейінгі кезең.

4. Кейбір кеміс балаларды оқытуын түсінуден барлығына білім беру қажеттілігін ұғынуға дейінгі кезең.

5. Кеміс тұлғалардың тең құқықтарынан тең мүмкіндіктерін қамтмасыз етуге бас бұру кезеңі.

1. Кеміс балаларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейінгі кезең.

Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кеміс балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғылымның даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжірибесіне лайық жүреді.

Арнайы білім беру жүйесінің бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі және сапалы құрылып, қалыптасуы әлеуметтік көрінісімен анықталады.

Антикалық дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі кеміс тұлғалардың дамуын зерттеу жұмыстары дамудың бес деңгейін ажыратуға мүмкіндік береді.Бұл кезеңдерді ажыратудың негізгі көрсеткіші ретінде Н.Н. Малофеев қоғамның кеміс тұлғаларға деген көзқарасы, көрсетілген көмектің дәрежелерімен бекіткен.

Антика заманынан орта ғасырларға дейін қоғаммен мемлекеттің даму барысында «дамуында ауытқулары бар тұлғаларға» деген қарым –қатынас өте төмен дәрежеде болды.Ол кезде оларды азамат есебіне алмай, статустарын құлдардың статусымен тең қойды.

Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды.

Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіндігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.

Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кепірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру 4-5 ғасырды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған.

Ал ежелгі Грек елінің ұлы филослфы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты»-жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік»-деп




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.