Здавалка
Главная | Обратная связь

ДАЯРЛАНЫП, ЕНГІЗІЛДІ

Журналистика факультеті

ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы

«Қоғамдық пікірді зерттеу»

пәні бойынша

Силлабус

Бакалавриат, 1 курс, о/б, күндізгі, күзгі семестр, 3 кредит

1. Оқытушы туралы мәлімет – Мамырова Кулайым Сейтнұрқызы, аға оқытушы. Оқитын пәндері: «Қоғамдық пікірді зерттеу» және «Халықаралық қатынастар және журналистика», «Әлеуметтік журналистика: білім және мәдениет», «Халықаралық PR», «Коммерциялық қызметтегі PR» мамандандыру пәндері.

Ғылыми қызығушылық танытатын аясы: мәдениет пен өнерге арналған отандық баспасөздің тарихы және типологиясы, әдеби-көркем сынның жанрлары, әдеби-көркем сын жанрларының тілі және стилі.

2. Байланыс ақпараты

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, «ЮНЕСКО,халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасы (224-ауд.), ұялы тел.87053367260 , қос. 377-33-40 ішкі 1344, mgs1801@mail.ru

3.Курстың пререквизиттері – Журналистиканың тарихы, «Паблик рилейшнз» кіріспе

Курстың постреквизиттері – Жұртшылықпен байланыс

 

4. Пәннің аты және коды– Қоғамдық пікірді зерттеу, БД 2201

 

Курстың мақсаты – қоғамдық пікірді зерттеу процесінде, сонымен қатар қоғамдық пікірге қатысты БАҚ қызметіне социологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қажетті теориялық және практикалық негізбен студенттерді қамтамасыздандыру.

 

Курстың міндеттері.

· Бұл пән қоғамдық пікірді зерттеу және жарнаманы зерделеуге мамандандыратын болашақ журналистерге қоғамдық пікірді шынайы әлеуметтік ақиқаттың қалыптасуы және оны зерттеудің басты қағидаттары туралы түсінікті жайып түсіндіруге шақырылған.

· «Әлеуметтік факт» және «әлеуметтік ақпарат» тәрізді базалық түсініктерді түсінуіне, қоғамдық пікір туралы ақпаратты жинау, талдау және қорыту әдістерін игеруге көмектесу. Социологиялық ұйымдар қызметінің тәжірибесі және практикасы туралы түсінігі болу.

· БАҚ қызметіндегі қоғамдық пікірдің рөлі, БАҚ қызметінің қоғамдық пікірге қатысы жөнінде, қоғамдық пікірді журналистік әдістермен анықтау туралы білу.

· Мерзімдік басылымдарда қоғамдық пікірді бекіту және көрсетуге ықпал жасайтын мерзімдік басылымның жанрларымен танысу.

5. Курстың құрылымы

Апталар Тақырыптың аты Лекциялар Семинар саб. СӨЖ тақырыптары
1 модуль.
1 лекция. XX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы. 1 семинар сабақ. Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.
2 лекция. Қоғамдық пікір объективті әлеуметтік шындық ретінде. Әлеуметтік факт және әлеуметтік ақпарат. Қоғамдық пікір және жұртшылықпен байланыс. 2 семинар сабақ.   Қоғамдық пікір және жұртшылықпен байланыс.  
3 лекция. Қоғамдық пікірді зерттеудің қалыптасуы өз бетінше ғылыми-қолданбалы сала ретінде. 3 семинар сабақ. Қоғамдық пікірді зерттеудің қалыптасуы өз бетінше ғылыми-қолданбалы сала ретінде.
4 лекция. Зерттеулердің стратегиясы және оны ұйымдастыру. Ақпаратты жинау әдістері. 4 сеинар сабақ. Ақпаратты жинау әдістері.  
5 лекция. Қоғамдық пікірді зерттеу – социологиялық зерттеулердің бір саласы ретінде. Социологиялық зерттеу стратегиясын әзірлеу. 5 семинар сабақ. Социологиялық зерттеу стратегиясын әзірлеу.  
6 лекция. Қоғамдық пікірді зерттеудегі іріктеуді құрастыру. 6 семинар сабақ. Қоғамдық пікірді зерттеудегі іріктеуді құрастыру
7 лекция. Ақпарат жинаудағы сандық әдістер. 7 семинар сабақ. Ақпарат жинаудағы сандық әдістер.  
2 модуль.  
8 лекция. Ақпарат жинаудағы сапалық әдістер. 8 семинар сабақ. Ақпарат жинаудағы сапалық әдістер
9 лекция. Қоғамдық пікірді реттеу және зерттеуді ұйымдастыру. 9 семинар сабақ. Қоғамдық пікірді реттеу және зерттеуді ұйымдастыру
10 лекция. Түздегі жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру және оны бақылау. 10 семинар сабақ. Түздегі жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру және оны бақылау.
11 лекция.Деректерді өңдеу және талдау. 11семинар сабақ. Деректерді өңдеу және талдау
12 лекция. Қоғамдық пікірдің көсемдері Катализатор ретінде. Көсемдердің түрлері: формальды и формальды емес. 12 семинар сабақ. Көсемдердің түрлері: формальды и формальды емес
13 лекция. Қоғамдық пікірді қалыптастыру және белгілеудегі БАҚ рөлі. БАҚ қызметінің тиімділігі теориялары. 13 семинар сабақ. БАҚ қызметінің тиімділігі теориялары
14 лекция. Қоғамдық пікір өмірінің циклы. Актуалды мәселені анықтау. Қоғамдық пікір көсемдерін тарту, жұртшылықтың хабардарлығы, мемлекеттік органдарды тарту, шешім. 14 семинар сабақ. Қоғамдық пікір көсемдерін тарту, жұртшылықтың хабардарлығы, мемлекеттік органдарды тарту, шешім
15 лекция. Өзінің дамуындағы Қазақстанның жаңа нарықты игеру қарсаңында. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 15 семинар сабақ. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.  

 

6. Студенттердің өздік жұмысына арналған әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиет:

1. Назарбаев Н. Ежегодное Послание народу Казахстана. - 2007.

2. Белановский С. Фокусированное интервью. – М., 1994.

3. Бритвихин В., Красина Ф. Симонцев С. Использование кластерного анализа для типологизации признаков. // Социологические исследования, № 2– М., 1994.

4. Бутенко И. Анкетный опрос как общение социолога с респондентом. – М., 1982.

5. Венецкий И. Теоретические и практические основы выборочного метода. – М., 1975.

6. 6 Тертычный А.А. Жанры периодической печати. – М., 2002.

7. Лукина М. Технология интервью. М. – 2003.

8. Блэк С., Паблик рилейшнз. Что это такое? М., 1990; Чумиков А.Н., Связи с общественностью, М., 2001;

 

Қосымша әдебиет:

1. Верховин В. Экономическое поведение как предмет социологического анализа // Социологические исследования, № 10, 1994.

2. Горшков М., и др. Как провести социологическое исследование. – М., 1988.

3. Горшков М. Общественное мнение. – М., 1988.

4. Гречихин В. Эмпирическое и теоретическое в социологическом исследовании. М., 1984.

5. Грушин Б. Массовое сознание. – М., 1987.

6. Гуревич Л. Социологические и маркетинговые исследования: современные методики. – Алматы, 1997.

7. Гуров Ю. Методология и методика социологических исследований. – Чебоксары, 1995.

8. Давыдов А. Измерение искренности респондента. – М., 1992.

9. Давыдов А. Измерение качества жизни. – М., 1994.

10.Давыдов А. Расчет квотной выборки. – М., 1993.

11.Давыдов А. Респондент как источник информации. – М., 1993.

12.Давыдюк Г. Прикладная социология. – Минск, 1979.

13. Практическая журналистика в Казахстане. – А. 2008.

 

7. Білімді бақылау түрлері:

Зертханалық сабақтардағы жұмыс: 15 сабақ

Жеке тапсырмалар (СӨЖ): семестрде 8 тапсырма

РК 1,2

Шешуші емтихан: емтихандық сессия кезеңінде

Білімне баға беру өлшемі, балл пайызда:

Зертханалық сабақтардағы жұмыс 15
Жеке тапсырмалар (СӨЖ) 15
РК 30
Шешуші емтихан 40

 

Білімге баға беру шәкілі:

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдың сандық баламасы Пайыздық мөлшері Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттандырғысыз
I (Incomplete) - - «Пән аяқталмаған» (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)
P (Pass ) - 0-60 65-100 «Сынақ өтелді» (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)
NP (No Рass) - 0-29 0-64 «Сынақ өтелмеді» (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)
AW (Academic Withdrawal)     Академиялық себептер бойынша пәннен алып тасталды (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)
AU (Audit) - - «Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есепке алынбайды)

 

Семестр бойы студенттің жұмысына баға беру кезінде төмендегілер есепке алынады:

-Сабақтарға қатысуы;

- Практикалық сабақтарда белсенді және өнімді қатысуы;

- Неізгі және қосымша әдебиетті зерделеуі;

- Үй тапсырмаларын орындауы;

- СӨЖ орындауы;

- Барлық тапсырмаларды (үш СӨЖ уақытында тапсырмаса, AW бағасы қойылады) уақытында тапсыруы.

Академиялық мінез-құлық және этика саясаты

Шыдамды болыңыз, бөтен адамның пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды сыпайы түрде тұжырымдаңыз. Плагиат және адал емес жұмыстардың басқа түрлеріне жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау және шешуші емтихан тапсыру кезінде сыбырсөз және көшіріп жазуға, шешілген есептерді басқа тұлғалардың көшіруіне, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруына жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалап айыбы ашылған студент қорытынды «F» бағасын алады.

Көмек:Өздік жұмыстарды (СӨЖ) орындау, оларды тапсыру және қорғау, сонымен қатар өтілген материалдар бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылатын курс бойынша пайда болған басқа да барлық сұрақтар бойынша СӨЖП кезінде оқытушыдан сұраңыз.

 

Кафедра отырысында қарастырылды 2013 жылғы « __ » қыркүйектегі № _ хаттама

Кафедра меңгерушісі

филол.ғыл.докторы, профессор м.а. ШыңғысоваН.Т.

Лектор Абжанов Қ.

Лабра

 

СӨЖ тапсырмалар мен материалдар:

I тарау:Студенттер мыналарды ауызша талқылайды:

- қоғамдық пікірде анықтау;

- Э.Дюркгеймнің әлеуметтік факт теориясы және әлеуметтік фактінің объективтілігі;

- қоғамдық пікір объективті әлеуметтік шындық ретінде;

- қоғамдық пікірдің қалыптасуы және құрылымдары;

- қоғамдық пікірді жүйелі зерделеу – демократиялық қоғамның міндетті атрибуты;

- ұйымдар және фирмалардың қызметіндегі қоғамдық пікірдің рөлі;

- қоғамдық пікірді зерттеу – жұртшылықпен байланысты ұйымдастырудағы маңызды бағыт - 6 сағат.

 

II тарау:

Мына сұрақтар бойынша викторина өткізу:

- Қоғамдық пікірді зерттеу – қоғамның демократиялық дамуының объективтік қажеттілігі.

- Қоғамдық пікірдегі бірінші пікіртерім, оларды ғылымда, саясатта және бизнесте пайдалану.

- Көпшілік пікіртерім индустриясының туындауы.

- Гэллаптың ұйымы.

- Еуропа елдеріндегі көпшілік пікіртерімнің таралуы.

- Қоғамдық пікірді кәсіби зерттеушілердің халықаралық ұйымдарын құру - 6 сағат.

III тарау:

Мына сұрақтар бойынша пікірсайысын өткізу:

- 50-60 жылдардағы КСРО-дағы әлеуметтік социологияның қайта өрлеуі және қоғамдық пікірді зерттеу.

- 80-жылдардағы қайта құру және қазақстандық филиалымен бірге Көпшілік пікірін зерттеудің Бүкілкеңестік Орталығын құру.

- Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеудің негізгі орталықтары - 6 сағат.

 

IV тарау:

Төмендегі сұрақтар бойынша жазбаша пікіртерім жүргізу:

- Социологиялық зерттеулердің қазіргі жіктелуі.

- Қоғамдық пікірді зерделеу социологиялық зерттеулердің түрі ретінде.

- Социологиялық зерттеудің стратегиясы: негізгі кезеңдері.

- Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

- Зерттеу әдістерін таңдау.

- Зерттеу құрал-саймандарының құрылымы – 6 сағат.

 

V тарау.

Мына сұрақтар бойынша оқушылар арасында пікірталас өткізу:

- Социологиялық зерттеулердегі іріктеп алу әдісінің мәні және мүмкіндіктері.

- Басты және іріктеу жиынтығы.

- Іріктеудің репрезентативтігі.

- Іріктеудің түрлері.

- Іріктеудің қателері.

- Нақты социологиялық зерттеудегі іріктеудің дизайны – 6 сағат.

 

 

 

Зертханалық сабақтардың тақырыптамалары:

1. Қоғамдық пікір объективтік әлеуметтік ақиқат ретінде.

2. Қоғамдық пікірді қалыптастыру және оның құрылымы.

3. Қоғамдық пікірді жүйелі зерделеу –демократиялық қоғамның міндетті атрибуты.

4. Ұйымдар мен фирмалардың қызметіндегі қоғамдық пікірдің рөлі.

5. Қоғамдық пікірді зерделеу – жұртшылықпен байланыс ұйымдарындағы маңызды бағыт.

6. Қоғамдық пікірді зерделеу – социологиялық зерттеудің түрі ретінде.

7. Социологиялықтың эмпирикалығы – әлеуметтік ақпаратты жинау, жалпылау және талдау.

8. Қоғамдық пікірді зерделеу – қоғамның демократиялық дамуының объективтік қажеттілігі.

 

1. Э.Дюркгеймнің әлеуметтік факті теориясы.

2. Әлеуметтік фактінің объективтілігі.

3. Қоғамдық пікірдегі бірінші пікіртерім, оларды ғылымда, саясатта және бизнесте пайдалану.

4. Көпшілік пікіртерім индустриясының туындауы.

5. Гэллаптың ұйымы.

6. Еуропа елдеріндегі көпшілік пікіртерімнің таралуы.

7. Қоғамдық пікірді кәсіби зерттеушілердің халықаралық ұйымдарын құру.

Бақылау жұмыстарының тақырыптамалары:

1. 50-60 жылдардағы КСРО-дағы әлеуметтік социологияның қайта өрлеуі және қоғамдық пікірді зерттеу.

2. 80-жылдардағы қайта құру және қазақстандық филиалымен бірге Көпшілік пікірін зерттеудің Бүкілкеңестік Орталығын құру.

3. Тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеудің негізгі орталықтары.

4. Социологиялық зерттеулердің қазіргі жіктелуі.

5. Қоғамдық пікірді зерделеу социологиялық зерттеулердің түрі ретінде.

6. Социологиялық зерттеудің стратегиясы: негізгі кезеңдері.

7. Зерттеу бағдарламасының құрылымы.

 

 

Емтихан сұрақтары:

1. социологиялық зерттеулердегі іріктеу әдісінің маңызы және мүмкіндіктері.

2. Басты және іріктеу жиынтығы.

3. Іріктеудің репрезентативтігі.

4. Іріктеудің түрлері.

5 Іріктеудің қателері.

6. Нақты социологиялық зерттеудегі іріктеудің дизайны.

7. Сандық әдістердің негізгі белгілері және мүмкіндіктері.

8. Формальданған пікіртерім және оның түрлері.

9. Өзі толтырылатын сауалнамалар.

10. Пошталық және баспасөз пікіртерімдері.

11. Сұхбат.

12. Дербес сұхбаттың түрлері.

13. Телефондық сұхбат.

14. CAPI және CATI дербес және жүйелі сұхбаттың компьютерлік жүйелері.

15.Интернеттегі пікіртерім.

16. Сұрақ ақпарат жинау аспабы ретінде, сұрақтардың типтері.

17. Сұрақтарды тұжырымдау ережелері.

18. Пікіртерім дизайны.

19. Құрылымдалған байқау және оның түрлері.

20. Контент-талдау.

21. Формальданған пікіртерім және оның түрлері.

22. Формальданған пікіртерімге қойылатын нақты талаптар.

23. Формальданған пікіртерімнің тәжірибедегі мысалдары: ресейлік және қазақстандық PR- қызметтерінің тәжірибесінен мысалдар.

24. Сұрақ ақпарат жинау аспабы ретінде.

25. Сұрақтардың түрлері және типологиясы.

26. Сыпайы сұрақтарды тұжырымдау ережелері.

27. Сауалдаманың логикасы және дизайны.

9. Қоғамдық пікір объективті әлеуметтік ақиқат ретінде.

10. Қоғамдық пікір ді қалыптастыру және оның құрылымы.

11. Қоғамдық пікірді жүйелі зерделеу –демократиялық қоғамның міндетті атрибуты.

12. Ұйымдар мен фирмалардың қызметіндегі қоғамдық пікірдің рөлі.

13. Қоғамдық пікірді зерделеу – жұртшылықпен байланыс ұйымдарындағы маңызды бағыт.

14. Қоғамдық пікірді зерделеу – социологиялық зерттеудің түрі ретінде.

15. Социологиялықтың эмпирикалығы – әлеуметтік ақпаратты жинау, жалпылау және талдау.

16. Қоғамдық пікірді зерделеу – қоғамның демократиялық дамуының объективтік қажеттілігі ретінде.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

5В051400 – Қоғамдық байланыс мамандығы

KPZ2302 «Қоғамдық пікірді зерттеу» пәні бойынша

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Көлемі – 3 кредит

Алматы - 2010

Алғысөз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде

авторы – филол.ғ.к., доцент Н.Т. Шыңғысова

 

ДАЯРЛАНЫП, ЕНГІЗІЛДІ

 

РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрғожина Ш.Ы. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Саяси ғылымдарының кандидаты Ж.О. Кенжалин – «Қазақ газеттері» ЖШС директоры

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы «__» __________ № ___ бұйрығымен

БЕКІТІЛІП, ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

 

Типтік оқу бағдарламасы мамандықтардың жалпыға бірдей мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалынды

 

5В051400 – Қоғамдық байланыс

 

 

Республикалық Оқу-әдістемелік кеңестің 2010 жылғы «__» __________ күнгі мәжілісінде ҚАРАЛҒАН.Хаттама № ___

 

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Пәнді сипаттау: Қоғамдық байланыс саласындағы қоғамдық пікірді зерттеу технологиясы берілген қызметтің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Болашақ әкімшілік басқару мамандары әлеуметтік құрылымдағы ақпаратты қолданып, талдауды меңгеруі тиіс. PR-маманның кәсібилігі қоғамдық құрылымдар қызмет ететін және әлеуметтік формациялар ауысатын салаларды білуімен де анықталады. Қоғамдық пікірді зерттеу технологиясы Қоғамдық байланыс мамандарының жұмысында өте маңызды.

Пәннің пререквизиттері: «Социология», «Саясаттану», «Әлем тарихы», «Философия».

Пәннің постреквизиттері: «Журналистикадағы менеджмент пен маркетинг», «PR-дағы маркетингтік зерттеулер», «Бизнестегі PR», «Мемлекеттік құрылымдардағы PR».

 

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

тақырып
«Қоғамдық пікір» терминінің түсінігі
Сайлаушылардың белсенділік деңгейін сұрау салу арқылы анықтау
Бұқараның еркіндігін білдіру деңгейі мен оны бағыттау модельдері. Дж. Гэллап әдісі
Қоғамдық пікірді зерттеу – мемлекеттік басқарудың маңызды құралы ретінде
Зерттеу әдістері
Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары
Әлеуметтік зерттеудің қазақстандық орталықтары және олардың қызметі

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Пәнді зерттеу мақсаты:қоғамдық пікірді зерттеу үдерісінде студенттерді әлеуметтік зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру саласындағы қажетті теориялық және тәжірибелік біліммен қамту.

Пәнді зерттеудің мақсаты:берілген пән болашақ іскери әкімшілік саласындағы мамандарға қоғамдық пікірді зерттеу мен қалыптастырудың басты принциптерін обьективті әлеуметтік ақиқат ретінде түсіндіруге бағытталған. «Әлеуметтік дерек», «әлеуметтік ақпарат» базалық түсініктерін, қоғамдық пікір жайлы ақпаратты жинап, талдап, өңдеуге баулу. Әлеуметтік ұйымдардың практикалық қызметі мен тәжірибесі жөнінде білім беру.

 

Негізгі бөлім

«Қоғамдық пікір» терминінің түсінігі

Қоғамдық пікір ұғымының тууы (антикалық философия, итальян гуманизмі ойшылдары Н. Маккиавелли, Дж. Локк, Ж.-Ж. Руссо, француз материалистері Дж. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель, А. де Токвиль, Дж.Ст. Милль, И. Бентам). Көпшілік саланың тууы. Ю. Хабермас көпшілік саланың динамикасы жайлы. ХХ ғасыр әлеуметтік ойшылдарының (Г.Тард, Г.Лебон, В.Липпман, А.Лоуэлл, Дж.Гэллап, Х.Ортега-И-Гассет, Т.Адорно, Ю.Хабермас, Э.Ноэль-Нойман, П.Бурдье) көпшілік саладағы қоғамдық пікір категориясын түсінуі. Қоғамдық пікір әлеуметтік категория ретінде. Әлеуметтік дерек және әлеуметітк ақпарат. Қоғамдық пікір және қоғаммен байланыс.

 

Халық арасындағы сұрау салуды жүргізу тарихы

Қоғамдық пікірді зерттеудің қалыптасуы жеке әлеуметтік-қолданбалы сала ретінде. Обьектінің тарихи түрлері: ағарту дәуіріндегі көпшілік саланың субьектісі, электорат, элиталар, көпшілік халық. Тобыр, көпшілік және бұқара қоғаммен байланыстың субьектісі ретінде.

 

Сайлаушылардың белсенділік деңгейін сұрау салу арқылы анықтау

Қоғамдық пікір және басқару үдерісі. Бұқаралық сананың жай-күйі. Адамдардың әлеуметтік оқиға немесе дерекке ашық немесе жабық көзқарасы. Қоғамдық пікірді қалыптастыру. Саяси әс-әрекетті мотивация жасау көздері. Халықтың елдің өміріндегі белгілі бір оқиғаға көзқарасы. Консультативтік функция. Таптар, партиялар, жеке саясаткерлердің шегі. Қоғамдық пікірдің мүмкіндіктері, оны сыртқа шығарып, білдіру. Жергілікті және жалпыұлттық сайлаулар. Бұқараның түрлі саяси қызметке қатысуы, қоғамдық пікірге сұрау салу. Қоғамдық пікірді тасушылар. Сайлауалды науқаны. Халықтың саяси апатиясы. Мотивация. Бұқараның саяси белсенділігі. Бұқараның санасына саяси көшбасшы бейнесін қалыптастырудың психологиялық факторлары мен механизмдері. Образ түсінігі. Образ-білім. Образ-мағына. Сайлау науқаны кезеңіндегі қоғамдық пікірге ықпал етудің психологиялық ерекшеліктері.

 

Бұқараның еркіндігін білдіру деңгейі мен оны бағыттау модельдері. Дж. Гэллап әдісі

«Мемлекет түрі». Теократия және монархия. Тұқым қуаламаған теократия. Паптық сала, Ватикан, Тибет, Иран мемлекеттері және т.б. Мұсылмандық саяси-құқықтық ой. Бұқараның қоғамдық санасының динамикасын талдау мүмкіндігі. Гэллаптық дәстүрлер. «Газеттің мазмұнына оқырмандардың қызығушылығын анықтаудың обьективті әдісі жайлы». Саяси, әлеуметтік және экономикалық үдерістерді зерттеу. Қоғамдық пікірді зерттеудің эмпирикалық әдістерін зерттеу және жетілдіру. Дж. Гэллаптың қоғамдық пікірге ұлттық апталық сұрау салу идеясы. Қоғамдық пікірдің америкалық институты (the American Institute of Public Opinion). Дж. Гэллаптың апталық колонкасы «America Speaks». Электоральды сұрау салу. Аудиторияны зерттеу институты (the Audience Research Institute).

 

Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары

Қоғамдық пікірді зерттеу орталықтары (ҚПЗО, Қазақстан). Маркетингтік зерттеулердің халықаралық кодексі (ESOMAR кодексі). Қоғамдық пікір және Қазақстан нарығын зерттеушілер кәсіби кодексі. Ассоциацияның негізгі болашақ міндеттерінің тізімі мен уставы. Тұрақты мүшелік. Ассоциацияланған мүшелік. Қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталығы. BISAM Central Asia. BRIF Research Group (Қазақстан). Консалтингтік агенттік «M-Vector» (Ресей). TNS. Ромир (Ресей).

 

Үкіметтің қоғамдық пікірге көзқарасы

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі қоғамдық пікірдің рөлі. Биліктің қоғамдық пікірді қалыптастыруға ықпал ету жолдары. Саяси қоғамдық пікрге психологиялық ықпал ету. Қоғамдық пікірге әсер етудегі әлеуметтік-саяси технологиялардың орны. «Халықтық бақылау» түсінігін психосемантикалық зерттеу. Қоғамдық-саяси қозғалыстарға қатысудың мотивациясы. Қоғамдық пікір – қоғамдағы пікірталастың өзегі ретінде. Қоғамдық келісім. «Жеке пікірді білдіру еркіндігі және ақпарат». Сынға тән шекаралар. Биліктің көпшілік органдарына қатысты БАҚ тәуелсіздігі.

 

«Жауапты әртүрлі оқу», «саясатқа бейқамдылық», «пікірлер қарама-қайшылығы», «сөз бен істің сәйкес келмеуі», «қоғамның әлеуеттік мүмкіндігін есепке алу», «қоғамдық пікірді білдіру жолдары» түсініктері

Зерттелген оқиғаны әртүрлі оқу. Түрлі әлеуметтік оқиғалар. Саяси әлеуметтендіру: тұлғаның қалыптасуы. Саяси әлеуметтендіру механизмдері. Саяси тәрбие, білім және ағарту. Саяси институттар мен үдерістер. Саяси сананың генезисі. Тұлғаның саяси құрылымы. Саяси ойлау. Саяси белсенділік. Саяси белсенділіктің төмендігі. Саяси бөтендік. Саяси мәдениет. Саяси жүйе және мінез-құлық. Тұлғаның саяси психологиясы. Пікірлерді есепке алу механизмі. Пікірлер қарама-қайшылығы. Адамның мінез-құлқын каузальды түсіндіру. Қызмет ету себептері. Ментальдық кемшіліктерді жіктеу және анықтау. «Психологиялық зерттеулер». Социумдағы белсенділік. Әлеуметтік қатынастар құрылымындағы тәуелсіздік. Мекеменің еңбек әлеуеті: түсінігі және құрылымы. Қоғамның саси жүйесі. Қоғамдық пікір: белгілі бір әлеуметтік топ немесе субмәдениетті білдіретін нақты адамның пікірі немесе олардың пікірлері нәтижесінде алынған абстракция. Қоғамдық қабылдау, адам құқын қорғау ұйымдары.

 

Бүкілхалықтық референдум

Халық билігі принципі. Тұрақты дамушы қоғамның қызмет ету механизмдері. «Сөз бостандығы». Халық билігі атрибуты. Бүкілхалықтық құпия дауыс беру.

 

«Іріктеп алып сұрау салу», оның тиімділігі, типі, жүргізу әдісі , респонденттерді іріктеу тәсілдері түсініктері

«Топтардың» параметрлері жайлы ақпарат. Іріктеп алуды қалыптастыру. Таңдап алу контуры (sampling frame). Таңдап алу бірліктері. Таңдап алу көлемі. «Кездейсоқ» және «кездейсоқ емес» әдістер. Қарапайым кездейсоқ іріктеу. Жүйелі іріктеудің әдістері. Кластерлі іріктеу. Алынған ақпаратты интерпретация жасау және стратегия. Ақпараттың көлемін анықтау. Алдын-ала зерттеу. Сұрау салудың жоспарын дайындау. Сауалнаманың жоспарын дайындау. Сұралғандарды таңдап алу әдістерін негіздеу: жалпы немесе іріктеп алынған сұрау салу және іріктеудің түрін анықтау. Сұрау салудың түрі бойынша жіктеу.

 

Ашық және жабық іріктеп алынған сұрау салу. Сұрау салуды жүргізу әдістері: сауалнама жасау, контент-талдау, сараптау сұрау салу, терең интервью, телефонмен сұрау салу және т.б.

Методикалық эксперименттер және әлеуметтік зерттеулер. Репрезентативтілікті бұзу. Іріктелген жинақ. Аралас (кестелік), мотивациялық және өзге де сұрақтар. Ашық және жабық сұрақтарға жауаптардың әртүрлілігі. Зерттеуші мен респондент түсініктерін әртүрлі интерпретациялау. Респонденттердің жауабын талдау. Ашық сұрақтарды жасау. Панель – үздіксіз іріктеп алу түрі. Сауалнама жасау. Телефонмен сұрау салу. Жазбаша сұрау салу. Жеке әңгімелесу. Пошта арқылы сұрау салу. Интервью. Құжаттық интервью. Еркін, стандарттан тыс және ресмиленген, жартылай стандартты интервью. Контент-талдау. Фокус интервью. Топтық және жеке интервью.

 

Сұрақтарды іріктеп алып тарату

Іріктелінген зерттеулерді жүргізу. Қарапайым кездейсоқ іріктеу. Аумақ. Кластерлер. Ыңғайлылық принципіне негізделген іріктеу, пікірге негізделген іріктеу. Іріктеуді квота негізінде жасап, зерттеу үдерісі. Фокус-топтар. Іріктеп алу жоспарын дайындау кезеңдері. Сәйкес топтарды анықтау. Вариация түсінігі. Сұрау салу парақшасы. Стихиялық іріктеу. Кездейсоқ іріктеу. Кездейсоқ сандар кестесі. Лотереялық іріктеу. Механикалық іріктеу. Квоталық іріктеу. Таңдап алуды ұйымдастыру мәселелері. Алғашқы ақпаратты жинаудағы зерттеу әдістерінсқолдану. Алынған ақпараттың дәлдігі.

 

Қоғамдық сұрау салу – мемлекеттік басқарудың маңызды құралы ретінде

Қоғамдық пікірдің мәні, зерттеу әдістері. БАҚ жарияланымдарын контент-талдау және мониторинг. Мемлекеттік басқару – халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Басқару социологиясындағы қоғам түсінігі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның динамикасы. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі басқару. Басқару үдерісін зерттеудің социологиялық әдістері. Басқаруда пайда болған әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өлшеу мәселесі.Басқаруға социологиялық көзқарастар эвоюциясы. О. Конттың социологиялық позитивтілігі.

 

Зерттеудің дәстүрлі әдістері: салыстырмалы талдау, дедуктивті әдіс, рациональды таңдау әдісі, рационализм принциптері, математикалық үлгілер

Бақылау. Алғашқы зерттеушілердің тәжірибесін үйрену. Эксперимент. Қоғамдық пікірді эмпирикалық зерттеудің міндеттері. Қоғамдық пікірге сұрау салудың бағдарламасына қойылатын талаптар. Бағдарламаны жасаудың негізгі кезеңдері. Қоғамдық пікірді зерттеудің танымдық мүмкіндіктерін салыстырмалы талдау және жалпы сипаттама (жеке – жеке емес, іштей – сырттай, негізгі – қосымша, ресми - бейресми). Сандық және сапалық зерттеу әдістерін салыстырмалы талдау. Дедукция. Дедуктивтік жүйе: дәйектемелік (дәйектемелік жүйе) және конструктивтік (конструктивтік әдіс). Рационалды таңдау әдісі. Рационализм принципі. Ақыл-ой мәдениеті. Мәліметтерді өңдеудің матеиатикалық әдістері.

 

Жаңа құрылымдық функционализм

Эмиль Дюркгейм теориясындағы құрылымдық-функционалдық бағыт. Толкотт Парсонс: құрылымдық функционализм мектебі. К. Мертон Роберт функционализмі. Құрылымдық функционализм мектептерін қалыптастырудың маңызды кезеңдері. Тепе-теңдік. Қоғамды талдаудың жүйелі әдісі. Математикалық үлгілеу.

 

Әлеуметтік зерттеудің қазақстандық орталықтары және олардың қызметі

BISAM Central Asia. Гуманитарлық-саяси конъюнктураның қазақстандық орталығы. «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеу орталығы. Коммуникативтік технологиялар жөніндегі «Ренессанс» агенттігі. Қазақстандық баспасөз-клубы. Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (ҚПЗО).

BRIF Research Group. Сараптау сауалнамасы. Маркетингтік зерттеуді жүргізудің қазіргі әдістері. «PR-communication» агенттігі.

 

Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары

1. Қоғамдық пікір феноменінің тууы.

2. Қоғамдық пікір, қоғамдық көңіл-күй және қоғамдық сана.

3. Қоғамдық пікір және саясат.

4. Билік пен қоғамдық пікірдің өзара қызметінің тәртіптері мен түрлері.

5. Бұқараның қоғамдық пікірің өзгерісін талдау мүмкіндігі.

6. Қоғамдық пікір қазақстандық нарығында жұмыс істейтін зерттеу фирмаларының әдістемелік жұмысы.

7. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі қоғамдық пікірдің ролі.

8. Саяси әлеуметтендіру: тұлғаның қалыптасуы.

9. Халық билігі принциптері.

10. Іріктеуді қалыптастыру.

11. Қоғамдық пікірді зерттеудің қазіргі әдістерін салыстырмалы талдау.

12. Әлеуметтік басқару жүйесіндегі қоғамдық пікір.

13. Қоғамдық пікірді жүйелі зерттеу – демократиялық қоғамның негізгі атрибуты.

14. Құрылымдық функционализм мектептерін қалыптастырудың кезеңдері.

15. Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеудің негізгі орталықтары.

 

Өзіндік жұмыстың үлгі тақырыптары

1. Қоғамдық пікірдің құрылымы және оны қалыптастыру.

2. Қоғамдық пікірді зерттеу – қоғаммен байланысты ұйымдастырудағы негізгі бағыт.

3. Алғашқы қоғамдық пікіргше сұрау салулар, олардың ғылымдағы, саясат және бизнестегі қолданылуы.

4. Бұқаралық сұрау салу индустриясының тууы.

5. Қоғамдық пікірді зерттеудің кәсіби халықаралық ұйымдарын құру.

6. 1980 жылдардағы қайта құру және қазақстандық бөлімдермен бірге қоғамдық пікірді зерттеу Бүкілодақтық Орталығы.

7. Әлеуметітк зерттеулердің қазіргі жіктелісі.

8. Қоғамдық пікір мен биліктің сәйкестігі.

9. Шетелдегі қоғамдық пікрді зерттеу әдістерін үйренуді ұйымдастыру тәжірибесі. АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания зерттеу орталықтарына сипаттама.

10. Қоғамдық пікірді зерттеуді ұйымдастыру және оныҚқазақстандағы басқару тәжірибесіне енгізу.

11. Қоғамдық пікірге сұрау салудағы іріктеу.

12. Бақылау және құжаттарды талдауды қолданудың ерекшеліктері. Пошта арқылы сұрау салудың артықшылықтары мен шектеулері.

 

Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Шалак Владимир. Современный контент-анализ. Приложения в области: политологии, психологии, социологии, культурологии, экономики, рекламы. -
М., Изд.: Кнорус, ОМЕГА-Л, группа компании 2009.

2. Иванова К. А., Ачкасов В. А. Ситуационный анализ в связях с общественностью. - 2009 г., Изд.: ООО Лидер, Питер.

3. Шарков Феликс. Интерактивные электронные коммуникации. М., - Изд.: ИТК "Дашков и К". 2008.

4. Александр Назайкин. Медиапланирование на 100%. М., 2010.

5. Почепцов Г. Г. Стратегические коммуникации. Стратегические коммуникации в политике, бизнесе и государственном управлении. М., 2008.

6. Бердышев Сергей. Информационный маркетинг: Практическое пособие. М., Изд.: ИТК "Дашков и К" 2009.

Қосымша

1. Связи с общественностью в политике и государственном управлении/ Под общ. ред. В.С. Комаровского. – М.: РАГС, 2001.2. Коновченко С.В. Общество-СМИ- власть. – Ростов-на-Дону: СКАГС, 2001.3. Бутенко И. А. Использование новых технологий при опросах // Социс. 2000. № 10. С. 118–124.

4. Добреньков Владимир., Исправникова Наталья. Коррупция. Современные подходы к исследовании. Изд.: Академический Проект, Альма Матер. 2009.

 

 

 

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.