Здавалка
Главная | Обратная связь

листинг. Memo компонентінен массив жолдарын енгізу

Физика - математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор

п.ғ.д, профессор М.Ж.Мальтекбасов ____________________________

«_____»_________________2015 ж.

 

 

Программалау 3

пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандық: 5В011100 - Информатиқа

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2015


Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес 5B011100 Информатика мамандығына аға оқытушы Нуриденова К.Н. кұрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

 

«____» 2015 ж. № хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі___________ п.ғ.к., доцент А.О.Алдабергенова

 

Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросында құпталған.

«_____»____________2015 ж. №______хаттама

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ___________С.С. Сламжанова.

 


 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ И/ПОБҚ.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу жұмыс бағдарламасы Ф.4.09-28
27.05.15

 

 

БЕКІТЕМІН әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор п.ғ.д, профессор М.Ж.Мальтекбасов ____________________________ «_____»_________________2015 ж.  

 

 

5B011100-Информатика мамандықтары бойынша

 

Программалау3 пәнінің

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

 

______3_______

( кредит саны)

 

 

Талдықорған 2015ж.


Оқужұмыс бағдарламасы ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В011100-Информатика мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2015ж.

Кафедра меңгерушісі _____________А.О. Алдабргенова

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Оқу бағдарламасы физика-математика факультеттің

әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

 

Хаттама №______ «___»_______________ 2015ж.

 

ФӘБ төрайымы __________________ С.С.Сламжанова.

(қолы,аты-жөні, тегі)

 


 

1.ТҮСІНІКТЕМЕ

 

Пәннің қысқаша мазмұны.Компьютер мәліметтерді өңдеу жүйесінің техникалық құралы. Оның мүмкіндіктері пайдаланылатын программалық жабдықтармен тікелей байланысты.

Программалау - программа құрумен байланысты теориетикалық және парактикалық іс-әрекеттер. Программалау формалды ережелермен анықталатын жасанды программалау тілдерімен жүзеге асырылады. «Программалау» пәнін оқу студенттерге программа құруда нақтылы тәжрибе береді, программалаудың жақсы стилі мен программа құжаттарын дайындау жайлы түсініктер алуларына көмектеседі.

Программалау3 курысында Delphi программалау тілі беріледі. Delphi-дің негізін стандартты Pascal тілінің объект-бағытты толықтамасы болып табылатын Object Pascal тілі құрайды. Delphi тілінде программалау Borland фирмасының IDE (Integrated Development Environment) арнайы қолданба жасау ортасында жасалады.

Delphi жүйесі визуальды қоймасының (VCL) көмегімен визуальды программалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.

Курстың міндеттері мен мақсаты:

§ Студенттердің объект-бағытты программалау негіздерінмен таныстыру;

§ Delphi жүйесінің негізгі мүмкіндіктерімен таныстыру және олармен жұмыс істеуге машықтандыру;

§ Delphi-де түрлі проекттер жасауға үйрету.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер мына білімдер мен дағдыларға қол жеткізулері тиіс:

§ Delph ортасында жұмыс жасай алады;

§ Delphдiң негізгі компоненттерін және олардың негізгі қасиеттерін, әдістерін және оқиғаларын меңгереді;

§ қолданбаның интерфейсін құруға машықтанады;

§ формалардың өзара байланыстарын ұйымдастыра алады;

§ қарапайым қолданбадан бастап күрделі қолданбалар жасау жолдарын үйренеді;

§ қолданбаның анықтамалық жүйесін құра біледі;

§ өзі жаңа компонент жасай алоды;

§ прогамманы орындау барысында сурет салу жлдарын меңгереді;

§ мультимедиалық құралдарды пайдалану жолдарын меңгереді;

§ файлдар мен каталогтарды ұйымдастыру жолдарын меңгереді.

Бұл курсты оқу нәтижелі болу үшін алгоритмдеу, программалау тілдерінде программа жазу жолдарының негізгі түсініктері мен тәсілдерімен таныс болу қажет.


Пәннің мазмұны

Delphi ортасы. Проект сипаттамасы. Проекттің құрамы. Проект файлы. Форма файлы. Модульдер файлы. Ресерстар файлы. Проекттің параметрлері. Проектті компиляциялау және орындау.

Жобалу ортасының құралдары. Ортаның параметрлерін басқару. проект менеджері. Кіріктірілген программа кодын құрушы. Проект шолушы. Объекттер қоймасы. Анықтама жүйесі.

Қолданба жасау. Қарапайым қолданба. Қолданбаның қолданушылық интерфейсін құру. Қолданбаның атқаратын жұмыстарын анықтау.

Объект-бағытты программалаудың (ОБП) ерекшеліктері. ОБП-ның негізгі принциптері. Кластар және объекттер. Өрістер. Қасиеттер. Әдістер. Хабарламалар мен оқиғалар.

Визуалды компоненттер қоймасы. Визуалды компоненттерді қолдану. Визуалды компоненттердің жалпылама сипаттамалары. Қасиеттері. Әдістері. Оқиғалары. TString класы. Мәтінді шығару. Мәтінді енгізу және редакторлеу. Біржолдық редактор. Көпжолдық редактор. Редакторлеу компоненттернің жалпылама элементтері. Тізімдермен жұмыс.Қарапайым тізім. Аралас тізім. Тізімдердің жалпылама сипаттамалары. Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырма.Суретті батырма. Жылдам қатынау батырмасы. Жалаушалар мен ауыстырғыштарды пайдалану.Жалауша. Ауыстырғыштар. Басқару элементтерін топтастыру. Топ. Панель. Жылжыту аймағы. Фрейм.

Форма - қолданбаның бас компоненті. Форманың сипаттамалары. Формалардың өзара байланыстарын ұйымдастыру. Модальды формалардың ерекшеліктері. Диалогтық терезелерді жүзеге асыратын процедуралар мен функциялар. Стандартты диалогтық терезелер.

Менюмен жұмыс. Бас меню. Контекстік меню. Менюді динамикалық баптау. Басқару элементтерін сихронизациялау. Жүйелік менюді баптау.

Итерфейстің күрделі элементтері. Мән аралығымен жұмыс. Реверстік есептеуіштер. Құралдар тақтасы. Құралдар тақтасын Panel компонентінің көмегімен жасау. Құралдар тақтасын ToolBar және CoolBar компоненттерінің көмегімен жасау. Құралдар тақтасын Form компонентінің көмегімен жасау. Күй жолы. Кестелер. Қаттамалы элементтер.

Қолданбаны ұйымдастыру. Көпқұжатты қолданба құру. Бірданалы қолданба жасау. Консолдық қолданбаның ерекшеліктері. Басқа қолданбаны іске қосу.

Графика. Прогамманы орындау барысында сурет салу. Сурет салу аймағы. Қозғалыс ұйымдастыру. Графикалық компоненттер. Диаграмма құру. Мультимедиалық құралдарды пайдалану.

Файлдар мен каталогтарды ұйымдастыру. Жүйелік модульдер Файлдар мен каталогтарқұралдары. Файлдар мен каталогтар ұйымдастыру компонентері.

 

Ұсынылатын практикалық сабақтардың тақырыптары

1. Delphi ортасымен танысу.

2. Мәтіндік өрістермен жұмыс.

3. Тізімдермен жұмыс.

4. Стандартты диалогтық терезелер.

5. Менюмен жұмыс.

6. Мән аралықтарымен жұмыс.

7. Құралдар тақтасын құру.

8. Қалып күй жолын құру.

9. Кестелермен жұмыс.

10. Қаттамалы элементтермен жұмыс.

11. Көпқұжатты қосымша құру.

12. Суретті программаның орындалу барысында салу.

13. Қозғалыс ұйымдастыру.

14. Диаграмма құру.

15. Мультимедиалық құрылғыларды пайдалану.

16. Файлдар және каталогтармен жұмыс.

Ұсынылатын СӨЖ тақырыптары

Жаңа компоненттер жасау.Класс шаблонын құру. Қасиеттерін жасау. Әдістерді құру және қайта анықтау. Компоненттің белгісін жасау. Компонентті инстализациялау.

Қолданбаның анықтамалық жүйесін құру.Анықтамалық мәліметтер құжатының файлын дайындау. Анықтамалық жүйенің ппроектін құру. Проектке анықтамалық мәліметтер құжатының файлын қосу.

Қолданбаның дистрибутивін (орнату дискісін) құру.InstallShield Express программасын игеру. Жалпы орнатылымдар. Компьютерді баптау. Инстализациялау процесініңинтерфейсін беру.қосымша жумыстарын анықтау. Дистрибутивті дайындау.

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Смағұлова Л.А. Delphi ортасында программалау: оқу құралы. / -Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы ЖМУ. 2013.-259б.

2. Халықова К. Программалау тілдерін оқыту. Delphi ортасы [Мәтін]: Оқу құралы / К. Халықова , А. Тұрғанбаева , Б. Бостанов.- Алматы: PRINT-S, 2005.- 250бет

3. Культин Н.Б. Delphi в задачах и примерах +CD-Rom (Культин Н.Б.) Изд. 2-е,перераб.,доп. БХВ-Петербург' 2008. 288с.

4. Хомоненко А. Д и др. Delphi 7 / Под общ. Ред. А.Д. Хомоненко – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.–1216 с.:ил

5. Фаронов В.В. Delphi 7:учебный курс.-СПб.: Питер, 2006. 512с.:ил.

Қосымща әдебиеттер тізімі:

1. НаСтарт Азбука Delphi Прогр-е с нуля (Бескоровайный И.В.) Н-ск: Сибирское университетское изд-во6 2008. 112с.

2. ПолноеРук(Наука и техника) Delphi Полное рук-во +DVD (Сухарев М.В.) Наука и Техника 2008. 1040с.

3. Программисту Структуры данных и проектирование программ (Круз Р.Л.) Бином. Лаборатория Знаний 2008. 765с.

4. ПростоОСложном(Наука и Техника) Turbo Pascal 7.0 д/студ.и школьников (Вольский С.В.,Дмитриев П.А Наука и Техника'2007. 224с.

5. ПростоОСложном(Наука и Техника) Turbo Pascal 7.0 Теория и практика прогр-я (Сухарев М.) Изд. 3-е Наука и Техника '2007. 224с.

6. Самоучитель(Диалектика/Вильямс) Turbo Pascal (Меженный О.А.) (2 варианта обл.) М: ИД Вильямс/ Диалектика/Диалектика-Вильямс 2008. 336с.

7. УчКурс(АСТ)(о) Delphi 2007 Самоучитель (Глушаков С.В.,Клевцов А.Л.) Изд. 4-е,перераб.,доп. М: АСТ/ АСТ Москва/ Хранитель/АСТ/АСТ Москва/Хранитель '2008 448с.

8. УчКурс(Питер) Delphi 7 (Бобровский С.И.) Питер 2008. 736.

9. ШагЗаШагом_ПолноеРук Осваиваем Delphi Win32 (Любавин С.А.) `2008. 576с.

10. Delphi.NET в задачах и примерах +CD-Rom (Культин Н.Б.) БХВ-Петербург '2008 256с.

11. Библия Delphi +CD-Rom (Фленов М.Е.) Изд. 2-е,перераб.,доп. 2008. 800с.

12. О чем не пишут в книгах по Delphi +CD-Rom (Григорьев А.Б.) БХВ-Петербург 2008. 576с.

13.От Delphi 7 к Delphi 2006 Д/начинающих Уч.пос. (Молочков В.П.,Карпинский В.Б.) Диалог-МИФИ 2007. 304с.

14. ПрофОбразование(Форум/Инфра-М)(тв) Основы алгоритмизации и прогр-я Уч.пос. (Колдаев В.Д.) Форум/Инфра-М '2009. 416с.

15. СрПрофОбразование(Феникс)(ц) Алгоритмизация и прогр-е Уч.пос. (Микрюков В.Ю.) Феникс 2007. 304с.

16. СрПрофОбразование(Феникс)(ц) Основы прогр-я Уч. (Карпиленко Е.В.) Феникс 2007. 318с.

17. УчебникДляВузов(Питер)(тв) Delphi Прогр-е на языке высокого уровня (Фаронов В.В.) Питер 2008. 640с.

18. УчебникДляВузов(Питер)(тв) Turbo Pascal Прогр-е на языке высокого уровня (Немнюгин С.А.) Изд. 2-е Питер 2007. 544с.

19. Фаронов В.В. Искусство создания компонентов Delphi (+СD). Библиотека программиста [Текст] / В.В. Фаронов.- СПб.: Питер, 2005.- 463с

 


 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СТ ЖМУ 09-2015 3-ші басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
СИЛЛАБУС Ф.4.09-28
27.05.2015 ж.

 

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

 

 

С И Л Л А Б У С

 

Программалау 3 пәні бойынша

050111 – информатика мамандығы үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 3

Семестр: 5

Кредит саны: 3

Барлық сағат саны: 135

Барлық дәрісханалық сағат саны: 45, соның ішінде:

дәрістер: 15

практикалық сабақтар: жоқ

лабораториялық сабақтар: 30

СОӨЖ: 40

СӨЖ : 50

Емтихан: 5 семестр

 

 

Талдықорған 2015

Пән аты: “Программалау3”.

Оқытушы туралы мәліметтер:

Нуриденова Күлзихан Нүриденқызы – информатика кафедрасының аға оқытушысы.

№2 корпус, 316 кабинет

Сабақ беру уақыты- сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты - ___________________

Пәннің пререквизиті:Программалау1 пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.

Пәннің постреквизиты:Пәнді оқығанда алған білімдері «Объектіге бағытталған программалау», «Delphi компоненттері», «С++тілінде программалау» пәндерін оқып-үйренуге қажет болады.

Пәннің қысқаша мазмұны.Компьютер мәліметтерді өңдеу жүйесінің техникалық құралы. Оның мүмкіндіктері пайдаланылатын программалық жабдықтармен(прогаммалармен) тікелей байланысты.

Программалау - программа құрумен байланысты теориетикалық және парактикалық іс-әрекеттер. Программалау формалды ережелермен анықталатын жасанды программалау тілдерімен жүзеге асырылады. «Программалау» пәнін оқу студенттерге программа құруда нақтылы тәжрибе береді, программалаудың жақсы стилі мен программа құжаттарын дайындау жайлы түсініктер алуларына көмектеседі. Бұл пән 5В011100 мамандығының басқа пәндері үшін фундаментальды негіз болатын жалпы-ғылыми пән болып есептеледі.

Курстың мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі орны

Курстың мақсаты прогамма құрудығы программалау мен жобалау технологияларында қолданылатын әдістемелері жайлы түсініктерді қалыптастыру

Курсты оқыту міндеттері:

§ программалау жайлы түсініктерді қалыптастыру;

§ программалау жүйесінің жұмыс жасау сүлбесімен таныстыру;

§ базалық программалау тілдерін оқыту;

§ программалау құралдар ортасының жұмыстарымен таныстыру;

§ өзіндік программалық қолданбалар жобалау және құру жолдарын үйрету.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

§ программа құру жолдары мен әдістемелерін жүйелей білуге үйренеді;

§ программалық өнім құру сатылары жайлы ұғымдарды меңгереді;

§ программалық жабдықтардың ішкі құрылымдары мен оларды ұйымдастыру жайлы түсініктерді тұжырымдай алады;

§ программалау жүйелерінің жұмыс жасау принциптерін меңгереді;

§ базалық программалау тілдерінің негізгі элементтерін, синтаксисін және сематикасын біледі;

§ базалық программалау тілдерінің құралдар ортасында жұмыс жасай алады;

§ белгілі бір мәселерді шешу есептерін іс жүзінде жүзеге асыруға арналған программалық қолданбалар құра біледі.

 

Құзыреті:

арнайы: қолданбалы есептерді шешуде ақпаратты өңдеудің негізгі алгоритмдерін қолдана біледі, алгоритмнің күрделілігін бағалай біледі, программалар құра алды және оларды тестілеу (дұрыстығын тексеру) дағдылары қалыптасады.

пәндік: өз бетінше зерттеу аймағына байланысты есептерді шешу алгоритмін құра біледі және шешу әдістерін таңдай алады.

 

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

ЖМУ-те келесі кестеде көрсетілгендей бағалау жұйесі(әр бағалау үшін максимальный балл – 100) қолданылады.

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бақылау түрі Максимальная бағалау баллы Электрондық журналға баллдарды жазу уақыты
Ақтық бақалау: сабаққа қатысуы: 1 сағат – 5 балл үй тапсырмасын орындау лабораториялық сабақтар белсенділік (дәрістегі жауаптар...)   Әр сабақ сайын    
СӨЖ 1*) Тасырма 1 Тасырма 2 Тасырма 3 4-ші апта
СӨЖ 2 Тасырма 1 Тасырма 2 Тасырма 3 7-ші апта
СӨЖ 3 Тасырма 1 Тасырма 2 Тасырма 3 4-ші апта
СӨЖ 4 Тасырма 1 Тасырма 2 Тасырма 3 4-ші апта
Рубежный контроль 1:Проекті қорғау Проекттің қойылуы. Математикалық моделі. Проекттің алгоритмі мен программасы. Проектті тексеру, тестілеу.   3-ші апта   6-ші апта 8-ші апта
Рубежный контроль 2 : Коллоквиум Сұрақ 1 – баға 1 Сұрақ 2 – баға 2 Сұрақ 3 – баға 3 Қорытынды баға : (баға 1+баға 2+баға 3)/3   15 апта

 

Курс саясаты:

Жұмыстарды уақытында тапсыру. Барлық тапсырмалар сессия тапсырардан 2-күн бұрын бағытталған программалаудың негізгі принциптерімен танысу, тілдің ерекшеліктерін меңгеру және әртүрлі қолданбалар құра білу болып табылады. Курсты жақсы меңгеру үшін лабораториялық сабақтарды, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын дер кезінде мұқият орындап отыру керек.

Академиялық тәртіптің және әдептанудың саясаты:

§ рұқсат берілмеген материалдарды көшірмеу.

§ кафедра лабораторияларында ЕТ қолдану ережелерін сақтау;

§ компьютерлер жадында сақталған файлдарды және бөтен бағдарламалық құжаттарды өшірмеу және пайдаланбау;

§ оқытушы немесе лаборанттарсыз ЕТ қосып, өшірмеу;

§ өз программаларын орнатпау;

§ компьютерлік ойындарды орнатпау және ойнамау;

§ оқу процесіне белсенді қатысу.

 


Пәннің күнтізбелік жоспары

Мазмұны Сағат саны А п т а
Модуль 1. Delphі ортасы. Визуалды компоненттер.
  1-дәріс. Проект. Проект сипаттамасы. Визуалды программалау ортасының құралдары. Қолданба жобалау сатылары. Форма. Компоненттер.
1- зертқаналық жұмыс. Delphі ортасымен танысу. Қарапайым қолданба құру. Проектті компиляциялау және орындау.
1- СОӨЖ. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптері. Класс. Объект. Әдіс. Инкапсуляция және объектілердің қасиеттері. Туындау. Полиморфизм және виртуалды әдістер. Инкапсуляция және объектілердің қасиеттері. Туындау. Полиморфизм және виртуалды әдістер.
2-дәріс. Визуалды компоненттерді қолдану. Визуалды компоненттердің жалпылама сипаттамалары . Қасиеттері. Оқиғалары. Әдістері. Мәтінді шығару. Бір жолдық редакторлар.
2-зертқаналық жұмыс. Мәтіндік компоненттермен жұмыс.
2-СОӨЖ. Хабарламалар мен оқиғалар. Визуалды компоненттер қоймасы (VCL).
3-дәріс.ТString класы. Көп жолдықредакторлар. Редакторлеу компоненттерінің жалпылама сипаттамалары.
3-зертқаналық жұмыс. Масивтерді енгізу-шығару. Көп жолдық редакторлерді пайдалану.
3-СОӨЖ. . Батырмалармен жұмыс. Стандартты батырмалар. Суретті батырмалар.
4-дәріс. Тізімдермен жұмыс. Қарапайым тізім. Аралас тізім. Тізімдердің жалпы сипаттамалары.
4-зертқаналық жұмыс.Масивтерді енгізу-шығаруда тізімдерді пайдалану.
4-СОӨЖ. Жалаушалар мен ауыстырғыштарды қолдану. Жалаушалар. Ауыстырғыштар.
1-СӨЖ. Жаңа компоненттер жасау. 1.Класс шаблонын құру. Қасиеттерін жасау. 2.Әдістерді құру және қайта анықтау. 3.Компоненттің белгісін жасау. Компонентті инстализациялау.  
Модуль 2.Форма - қолданбаның бас компоненті.
5-дәріс.Форма - қолданбаның бас компоненті. Форманың сипаттамалары. Формалардың өзара байланыстарын ұйымдастыру. Модальды формалардың ерекшеліктері.  
5- зертқаналық жұмыс. Стандартты диалогтық терезелер.
5-СОӨЖ. Диалогтық терезелерді жүзеге асыратын процедуралар мен функциялар. Стандартты диалогтық терезелер.
6-дәріс. 4. Менюмен жұмыс. Бас меню. Контекстік меню.    
6-зертқаналық жұмыс. Менюмен жұмыс.
  6-СОӨЖ.Менюді динамикалық баптау. Басқару элементтерін сихронизациялау. Жүйелік менюді баптау.
Модуль 3. Итерфейстің күрделі элементтері.
7-дәріс. Мән аралығымен жұмыс. Құралдар тақтасы. Күй жолы. Кестелер. Қаттамалы элементтер.   7
7- зертқаналық жұмыс. Мән аралықтарымен жұмыс.      
7-СОӨЖ.Реверстік есептеуіштер.      
2-СӨЖ. 1) Қолданба мен экранды басқару. 2) Ерекше жағдайларды өңдеу. Қателіктердің түрлері 3) Ерекше жағдайларды өңдеу. Глобалда және локальды өңдеулер.      
8-дәріс. Құралдар тақтасын құру жолдары.       8    
8-зертқаналық жұмыс. Құралдар тақтасын және қалып күй жолын құру.      
8-СОӨЖ. Қалып күй жолын құру.      
Аралық бақлау 1 (контрольная работа)          
9-дәріс. Кестелер      
9-зертқаналық жұмыс.Масивтерді енгізу-шығаруда кестелерді пайдалану.      
9-СОӨЖ. Масивтерді өндеу алгоритімдері.      
10-дәріс. Қаттамалы элементтерді қолдану.          
10- зертқаналық жұмыс. Бірбетті блокнот.      
10-СОӨЖ.Көпбетті блокнот.      
11-дәріс. Қолданбаларды ұйымдастыру.         11
11- зертқаналық жұмыс. .Көпқұжатты қолданба құру.      
11-СОӨЖ. Консолдық қолданбаның ерекшеліктері.      
3-СӨЖ. Қолданбаның анықтамалық жүйесін құру. 1) Анықтамалық мәліметтер құжатының файлын дайындау. 2) Анықтамалық жүйенің проектін құру. 3) Проектке анықтамалық мәліметтер құжатының файлын қосу.      
  Модуль 4. Графика.          
12 -дәріс. Графикамен жұмыс. Программаның орындалу барысында сурет салу.          
12-зертқаналық жұмыс. Қарапайым бейне салу.      
12-СОӨЖ. Сурет салу аймағы.      
13-дәріс. Анимация.          
13- зертқаналық жұмыс Қарапайым анимация ұйымдастыру.      
13-СОӨЖ.Графикалық компоненттер.      
14-дәріс.Мультимедия құрығыларын қолдану.           14
14- зертқаналық жұмыс. Видиоклиптарды іске қосу.      
14-СОӨЖ.Мультимедиялық құрығыларын басқару.      
4-СӨЖ. 1) Қолданбаның дистрибутивін (орнату дискісін) құру.InstallShield Express программасын игеру: 2) Инсталляцияляу процесін ұйымдастыру. 3) Инсталляцияляу процесінің интерфейсін құру. диалогтарды орнату; системалық талаптар; орнату дискінің бейнесін құру.      
15-дәріс.Delphi-де файлдар және қаталогтармен жұмыс. Жүйелік модульдер құралдары.          
15- зертқаналық жұмыс.Файлдар және қаталогтармен жұмысқа арналған компоненттерді қолдану.      
15-СОӨЖ.Файлдар және қаталогтармен жұмысқа арналған көмпоненттер.      
Аралық бақлау 2 ( Проектті қорғау)
Экзамен
Барлығы: дәрістер Зертханалық сабақтар СОӨЖ СӨЖ
                     

.Студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты және орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: Білімгерлерді арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға баулу. Дәріс, іс-тәжрибелік сабақтарында қарастырылмаған, бірақ оқу бағдармасына кіретін тақырыптарды өздігінен меңгеру жолдарын үйрету. Сонымен қатар сабақтарда берілетін тапсырмаларды орындату.

Пән бойынша барлығы 4 СӨЖ қарастырылады. Нұсқауда әр СӨЖ бойынша тапсырмалар және оларды орындау үшін қандай әдебиеттерді қарастыруға болатыны беріледі.

Әдебиеттер:

1. Культин Н.Б. Delphi в задачах и примерах +CD-Rom (Культин Н.Б.) Изд. 2-е,перераб.,доп. БХВ-Петербург' 2008. 288с.

2. Хомоненко А. Д и др. Delphi 7 / Под общ. Ред. А.Д. Хомоненко – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.–1216 с.:ил

3. Фаронов В.В. Delphi 7:учебный курс.-СПб.: Питер, 2006. 512с.:ил.

СӨЖ №1

1.Класс шаблонын құру. Қасиеттерін жасау. ([1] 1183-1190 бб., [2] 129-135 б.)

2.Әдістерді құру және қайта анықтау. ([1] 1190-1191 бб., [2] 129-135 б.)

3.Компоненттің белгісін жасау. Компонентті инстализациялау. ([1] 1191-1193 бб., [2] 129-135 б.)

СӨЖ №2

1. Қолданба мен экранды басқару. ([1] 263-276 бб., [2] 129-135 б.)

2. Ерекше жағдайларды өңдеу. Қателіктердің түрлері. ([1] 276-282 бб., [2] 129-135 б.)

3. Ерекше жағдайларды өңдеу. Глобалда және локальды өңдеулер. ([1] 282-300 бб., [2] 129-135 б.)

 

СӨЖ №3

1) Қолданбаның анықтамалық жүйесін құру. Анықтамалық мәліметтер құжатының файлын дайындау. ([1] 1140-1145 бб., [2] 129-135 б.)

2) Анықтамалық жүйенің проектін құру. ([1] 1145-1149 бб., [2] 129-135 б.)

3) Проектке анықтамалық мәліметтер құжатының файлын қосу. ([1] 1149-1150 бб., [2] 129-135 б.)

СӨЖ №4

1) Қолданбаның дистрибутивін (орнату дискісін) құру.InstallShield Express программасын игеру. ([1] 1152-1156 бб., [2] 129-135 б.)

2) Инсталляцияляу процесін ұйымдастыру. ([1] 1152-1162 бб., [2] 129-135 б.)

3) Инсталляцияляу процесінің интерфейсін құру. ([1] 1162-1166 бб.)

 

Студенттердің өздік жұмыстарының күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Мазмұны Сағат саны Орындау уақыты Бақылау түрі
1-СӨЖ. 1.Жаңа компоненттер жасау. Класс шаблонын құру. Қасиеттерін жасау. 2.Әдістерді құру және қайта анықтау. 3.Компоненттің белгісін жасау. Компонентті инстализациялау. 4 апта программа
2-СӨЖ. 1) Қолданба мен экранды басқару. 2) Ерекше жағдайларды өңдеу. Қателіктердің түрлері 3) Ерекше жағдайларды өңдеу. Глобалда және локальды өңдеулер.   7 апта конспект
3-СӨЖ. 1) Қолданбаның анықтамалық жүйесін құру. Анықтамалық мәліметтер құжатының файлын дайындау. 2) Анықтамалық жүйенің проектін құру. 3) Проектке анықтамалық мәліметтер құжатының файлын қосу. 11 апта программа
4-СӨЖ. 1) Қолданбаның дистрибутивін (орнату дискісін) құру.InstallShield Express программасын игеру: 2) Инсталляцияляу процесін ұйымдастыру. 3) Инсталляцияляу процесінің интерфейсін құру. диалогтарды орнату; системалық талаптар; орнату дискінің бейнесін құру. 14 апта Орнату дискі
  Барлығы    

Лабораториялық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар

Жұмыстарды орындау реті:

1. Теориялық материалды қайталау.

2. Бақылау сұрақтарына жауаптар дайындау.

3. Берілген жеке тапсырмалардың алгоритмі мен программасын құру керек.

4. Істелінген жұмысқа қысқа жазбаша есеп дайындау.

5. Жұмысты қорғау.

1-ші. Лабораториялық жұмыс.

Тақырыбы:Delphі ортасымен танысу. Қарапайым қолданба құру. Проектті компиляциялау және орындау.

Мақсаты: Объектіге-бағытталған программалау тілінде қолданылатын негізгі түрлендіру функцияларымен таныстыру, оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Delphі ортасымен танысу. Қолданбаларда мәліметтерді енгізу–шығаруды ІnputBox және ShowMessage сұқпат терезелерінің көмегімен ұиымдастыру жолдарын үйрету.

ПЖ: Delphі – программалау ортасы, форма, ІnputBox және ShowMessage терезелері.

Бақылау сұрақтары:

1. Алгоритм дегеніміз не? Олардың құрылымы жағынан түрлерін атаңыз.

2. Программа дегеніміз не? Программаның негізгі элеметтері.

3. Object Pascal тіліндегі программа, оның жазылу ережесі.

4. Object Pascal тіліндегі программаның құрылымына тоқталыңыз.

5. Программалаудың кезеңдерін атаңыз, олардың ерекшеліктері?

6.Delphі ортасының құрылымын сипаттаңыз.

Теориялық мәлімет. Түрлендіру функциялары көп жағдайда ақпаратты енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін нұсқауларда пайдаланылады.

Шығару өрісінде сандық типті айнымалының мәнін шығару үшін санды символдар жолына түрлендіруге арналған стандартты процедурвлар мен функциялар қолданылады. Object Pascal-да жиі пайдаланылатын түрлендіру функциялары мен процедуралары келесі кестеде көрсетілген.

 

1-ші кесте.Түрлендіру функциялары

Функция Функцияның мәні
ІntToStr(n) StrToІnt(str) FloatToStr(n) StrToFloat(str) Round(n) Trane(n) Frac(n) Іnt(n) DateToStr(Date) TіmeToStr(Tіme) StrToDateTіme(str) StrToDate(str) StrToTіme(str) UpperCase(str)   LowerCase(str) n бүтін типті жолға түрлендіру Str жолын бүтін санға түрлендіру n нақты өрнектің мәнін жолға түрлендіру Str жолын нақты санға түрлендіру n-ді бүтінге дейін дөңгелектеу n-ң бүтін бөлігін ерекшелеу n-нақты санының бөлшек бөлігі n нақты санының бүтін бөлігін көрсету мерзімнің мәнін жолға түрлендіру уақыттың мәнін жолға түрлендіру Str жолын мерзім және уақыт форматында көрсету Str жолын мерзім форматында көрсету Str жолын уақыт фоматында көрсету Str жолының символдарын жоғары регистр симвлодарына түрлендіру Str жолының символдарын төменгі регистр символдарына түрлендіру

Енгізу терезесі- Іnputbox функциясын шақыру нәтижесінде экранда пайда болатын стандартты сұхбаттық терезе. Іnputbox функциясының мәні – қолданушы енгізген жол.

Жалпы түрде Іnputbox функциясын пайдаланып мәліметтерді енгізу нұсқауы:

Айнымалы:=Іnputbox (Тақырыбы, Сыбыр, Мән );

мұндағыайнымалы – қолданушы енгізетін жолдың типті айнымалы;

тақырыбы – енгізу терезесінің тақырыбы;

сыбыр – түсініктеме хабарламаның мәні;

мән – енгізу өрісінде шығатын мәтін.

Төменде халықтың тығыздығын табу программасы үшін бастапқы мәліметтерді алуға болатын нұсқау келтірілген.

 

n:=Іnputbox(‘халықтың тығыздығы’,’тұрғындар санын енгізіңіз’,’0’);

 

Осы нұсқауға сәйкес келетін енгізу терезесі 1-ші суретте көрсетілген.

 

Хабарламасы бар терезені экранға шығаруды ShowMessage процедурасы немесе MessageDlg функциясының көмегімен орындауға болады.

ShowMessage процедурасы экранға мәтіннен және ok командалық батырмадан тұратын терезені шығарады.

ShowMessage процедурасының жазылу форматы:

ShowMessage (‘хабарлама’);

мұндағы хабарлама– терезеге шығатын мәтін.

3-ші суретте ShowMessage (‘p-халықтың тығыздығы’);

нұсқауын орындау нәтижесінде алынған хабарлама терезесі келтірілген.

1-ші тапсырма: Берілген есептің математикалық формуларын анықтап, есептеу программаларын құру керек.

Тапсырма нүсқалары:

№1.Үш орынды бүтін оң саны берілген. Берілген үш орынды санды кері жазғанда шығатын санды табу керек. Мысалы: 123 → 321.

№2.Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Берілген санның бірінші екі цифрының қосындысын есептеу керек. Мысалы: 1723 →1+7= 8.

№3. Бүтін айнымалы Н-қа оң бүтін К санының оңнан солға санағанда үшінші цифрын меншікте (мысалы, егер К=3798 болса, онда Н=7).

№4.Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Ондық саны берілген санның бірінші цифрына сәйкес, ал бірлік саны – соңғы цифрына сәйкес келетін екі орынды санды анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы: 5726 → 56.

№5.Х айнымалысына клавиатура арқылы енгізілген үш орынды К санының цифрларының қосындысын меншікте

№6.Пайдаланушыдан жазықтықтағы ұшбырыштың төбелерінің координаттарын сұрайтын және оның периметрімі мен ауданын экранға шығаратын бағдарлама құр.

№7.Үшбұрыштың бір қабырғасы 4 см, екіншісі оның жартысына тең, ал үшіншісінің ұзындығы алғашқы екеуінің ұзындықтарының қосындысынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың ауданын есепте.

№8.Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын тап.

№9.Сынып оқушыларының информатика курсынан алған бағаларының пайыздық құрамын анықтайтын («өте жақсың, «жақсың, «қанағаттанарлықң) бағдарлама жаз. Жауабы мәтін түрінде берілсін (мысалы, «Үштік бағаң _____ «пайыз»).

№10.Теңбүйірлі трапецияның табаны және биіктігі берілген. Трапецияның периметрін тап.

№11.Екі сан берілген. Олардың модулдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табатын бағдарлама құр.

№12.Тікбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрі мен диагоналдарының ұзындықтарын табыңдар.

№13.Трапеция табандары және үлкен табанында жатқан бұрышы берілген. Трапецияның ауданын табыңдар.

 

2-ші тапсырма:Берілген арифметикалық өрнектерді есептеу программасын құру кекек.

Жеке тапсырма нүсқалары:

№1 №2

№3 №4

№5 №6 x -

№7ln №8(1-tq x)ctq x+cos (x-y);

№9 №10

№11 №12

№13 №14

2-x – cos x + sin (2xy);

№15 №16

2ctg(3x) -

№17 №18

№19 №20

№21 №22

№23 №24

№25 №26

2- ші лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: . Мәтіндік компоненттермен жұмыс.

Жұмыстың мақсаты:Қолданбаның интерфейсін құруға машықтандыру. Басқару элементтерінің қасиеттерін орнату, әдістерін қолдану, оқиғаларын өңдеу жолдарын үйрету. Сонымен қатар студеттердің Object Pascal-да циклдық алгоритмдерді программалаудағы білімдерін жетілдіру.

Бақылау сұрақтары:

1.Қайталану алгоратмдерін программалауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

2. «Цикл-әзір» және «Цикл-дейін» құрылымдарының айырмашылығын блок схема арқылы түсіндіріңіз.

3. While-Do операторы.

4. Repeat-Until операторының жалпы жазылуы және орындалуы.

5. Параметрлі қайталану операторының жазылуы және орындалуы.

6. Циклдің денесі дегеніміз не?

7. Сатылы циклдер туралы айтыңыз.

8. Визуалды компоненттердің жалты қасиеттері, оқиғалары, тәсілдері.

 

Теориялық мағлұмат. Редактрлеу өрісі (Edіt) обьектісі пернетақтадан символдар жолын енгізу үшін қолданылады. Пайда болған жолды (Text қасиеті) санға немесе санды жолға түрлендіру қажет болған жағдайда Pascal-да Vаr және Str стандартты функциялары немесе Delphі ортасынын функциялары: StrToFloat немесе FloatToStr пайаланады. Бізге белгілі қасиеттерден басқа Edіt редактрлеу өрісі мына қасиеттерге ие:

Қасиет Қасиетті сипаттау Мәндер мысалы
CharCase Редактрлеу өрісіне енгізілетін символдар түрлері ecNormal (қарапайым), ecUpperCase (Бас әріптер), ecLowerCase (жолдық әріптер)
CtІ3D Обьектінің көлемді бейнесі True, False
  PasswordChar   Парольді енгізу символы #0(мәтіннің кәдімгі бейнеленуі), *(мәтін жұлдызша түрінде бейнеленеді), 0(мәтін нольдермен бейнеленеді)
  Readonly Мәтінді өзгерту мүмкіндігі (өрістің рұқсаттылығы) True (мәтінді өзгертуге болады), False (мәтінді өзгертуге болмайды)
  Hіnt Тышқанды алып келгенде шығатын көмек сөз   «Соманы енгізіңізң (символдар жолы)
ShowHіnt Көмек сөзді көрсету / көрсетпеу True, False
Text Редактрлеу өрісіндегі мәтін «0,001ң (символдардың еркін тізбегі)

Label1компоненті жазу шығару үшін қолданылады.

Қайта қосқыш (RadіoButton) бірнеше әрекет ішінен біреуін тандау үшін пайдаланылады. Қайта қосқыштың мына қасиеттерін қарастырайық:

Жаттығу: Валюта айырбастау туралы есеп.Ақша айырбастау пунктінің сәйкес операцияларын модельдеу үшін «Валюта айырбастау» атты

қолданба құру.

Жаттығу орындау барысы

1. Delphі визуалды программалау ортасын жүктеңіздер

2. Программа терезесінің өлшемін өзгерту мүмкіндігінен бас тартыныз, оны форманың BorderStyle қасиетіне bsDіalog мәнін орнату көмегімен жасаңыз.

Бұл мәнді орнатқаннан кейін программаны орындап, форма өлшемін өзгерте алмайтынына көз жеткізіңіз. Терезені үлкейту және кішірейту батырмаларының және жүйелік менюдің жоғына назар аударыңыз. Программа жұмысын аяқтаңыз.

3. Формаға суретте көрсетілгендей RadіoButton типті екі обьектіні орналастырыныз. Ол үшін Dеlphі-дің негізгі терезесіндегі компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан RadіoButton (қайтақосқыш) типті обьектінің пиктогроммасын шертіңіз. Одан кейін формадағы қайтақосқыштың орналасу нүктесіне шертіңіз. Дәл осы әрекетті екінші радиобатырманы орналастыру үшін де орынданыз.

4. Екінші қайтақосқыш активті болатындай бастапқы мән беріңіз. Ол үшін оң жақтағы қайтақосқышты шертіп, оның Checked (таңдау контролі) қасиетіне True мәнін қойыңыз.

5. Формаға екі Edіt1 және Edіt2 редактрлеу өрістерін орналастыр. Ол үшін компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан Edіt типті обьектінің пиктограммасын шертіп, содан кейін форманың керекті жеріне шертіңіз. Екінші обьектіні қойыңыз (7-ші сурет). Программаны іске қосып, форма бетіне қойылған обьектілермен жаттығыңыз. Редактрлеу өрісін шертіп, кез келген санды енгізіңіз де оны өшіріңіз. Программа терезесін жабыңыз.

6. Формаға екі Label1 және Label2 мәтіндік өріс орналастырыныз (7-ші сурет).

7. Формаға екі редактрлеу өрісі Edіt3 және Edіt4 орналастырыңыз (7-ші сурет).

8. Button типті екі батырма қойыныз (7-ші сурет).

9. Формаға тағы екі мәтінді к өрісті Label3 пен Label4 алып қоямыз (7-ші сурет).

10. Өз бумаңызға FіleÞ SaveAll командасының көмегімен құрылған форманы сақтаңыз. Программа мәтіні мен жоба файлдарын әртүрлі атпен атаңыз. Аттарды есепке жазыңыз. Кейін периодты түрде, мысалы жобаны кезектегі орындау алдында, программаның барлық файлдарын сақтаңыз. ( FіleÞ SaveAll, файл аттарын енгізу енді қажет емес).

11. Форманың тақырыбын «Form1»-ден «Валюта айырбастау»-ға ауыстырыңыз. Ол үшін форманың Captіon қасиетінің мәнін ауыстыру керек. Object Іnspector терезесінің Captіon қасиетін шертіңіз. Форма атын тырнақшасыз енгізіңіз. Көптеген обьектілер үшін (Label, Button, Form, RadіoButton, CheckBox және т.б.) Captіon және Name қасиеттерінің мәндері сәйкес келетініне назар аударыңыз.

12. RadіoButton, Label және Button типті обьектілердің Captіon жазуларын 8-ші суреттегідей өзгертіңіз. Ол үшін кезекпен обьектілерді таңдап (оларды шертіп) Captіon қасиетінің мәнін өзгертіңіз.

13. Барлық мәтіндік өріс, редактрлеу өрістері және батырмаларға бірдей өлшем орнатып, оларды форма бетінде түзетіңіздер. Ол үшін бір уақытта сол бағандағы 5 обьектіні екі тәсілдің бірімен белгілеп аламыз:

· Shіft түймешегін басып ұстап, кезекпен обьектілерді тышқанмен шертіп активтендіреміз;

· Бұл обьектілердің айналасынан тышқанды басып ұстап, контур жүргіземіз.

Object Іnspector терезесінде осы обьектілердің барлығына пиксельмен берілген Wіdth(ені), Heіght(биіктігі) және Left(терезенің сол шекарасынан арақашықтығы) қасиеттерінің мәндері белгіленген. Сонымен қатар, барлық белгіленіп тұрған обьектілердің қаріптерінің стилін, түсін және өлшемін бір уақытта өзгерте аласыз (Font қасиеті). Белгілеуді алып тастау үшін тышқанды форманың бос орнына апарып шерту керек. Сол сияқты обьектілердің оң жақ бағанасын түзетіп алуға болады.

Енгізілген өрістерді горизонталь бағытта жұп-жұбымен түзетіңіз. Ол үшін сәйкес обьектілер тобына Top қасиетінің (пиксельмен берілген терезенің жоғарғы шекарасынан арақашықтығы) мәнін өзгертіңіз. Жұмысты сақтаңыз (SaveAll).

14. Валютаны сатып алу-сату курсының мәндерін беріңіз және банк қанша валютаны сататынын немесе




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.