Здавалка
Главная | Обратная связь

Саяси ілімдер тарихы



С И Л Л А Б У С

Саясаттану пәні бойынша

Барлық мамандықтар үшін

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 1,2

Семестр: 1,2

Кредит саны: 2

Барлық сағат саны: 90

Соның ішінде аудиторлық сағат саны: 60

Дәрістер: 15

Практикалық сабақтар: 15

ОСӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Аралық бақылаулар: 2

Курстық жұмыс: жоқ

 

Емтихан: 1,2 семестр

 

 

Талдықорған 2013 ж.

Оқытушының аты-жөні:

 

Енсеева Венера Тұрсынақынқызы, философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы

Байланыс телефоны: 221667(1150)

Пәні: Саясаттану

Уақыты: Бекітілген сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.

Несиелері: 2 ( 15 сағат дәріс, 15 сағат семинар сабақтар, 30сағат СӨЖ, 30 сағ. ОСӨЖ)- 1,2 семестр

Пәннің пререквезиттері: Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы, әдебиет, қоғамтану, мәдениеттану, философия.

Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтану, мемлекет және құқық негіздері, экономикалық социология, экономикалық теория

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Саясаттанудың негізгі бөлімдері: саяси институттар, саяси мәдениет, саяси элита, геосаясат, саяси билік, саяси дағдарыс, модернизация, саяси режимдер туралы мағлұмат алу, Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін түсіндіру, саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгереді.

ҚР. Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стандарт ретінде қабылдауы бойынша, бұл курстың негізгі мазмұны – саясаттану ғылымына негізделген біршама міндеттелген білім.

Саяси қатынастарды дамыту үшін қазіргі әлемдік саяси идеологияға берілген курсты оқыту барысындағы мақсаттар мен міндеттер:

Саясаттану курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. саяси ғылым, саясат, саяси билік, мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру және оның механизмдерін түсіндіру

Саясаттану пәнін оқып білу студенттердің саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.

· Курстың міндеттері студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процесстерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

· Категориялық аппаратты игеру;

· Саясат, сяасат әлемі ұгымдарын, саяси ғылымды игеру;

· Биліктің мәнін, оның саяси процесске ықпалын түсіну;

· Саяси билікті ұйымдастыру механизмін түсіну;

· Саяси жүйе теорияларына талдау жасау;

· Биліктің ресурстары мен қайнар көздерін анықтау;

· Саяси мәдениет пен идеологияның негізгі теорияларына талдау жасау.

Пән оқытылып болғаннан кейін студенттер алатын білім мен дағдылар.

Бұл пәнді оқу барысында білімгерлер саяси ғылымның негізгі түсініктерімен танысады және кәзіргі саяси жағдайға дұрыс баға беріп,саяси процесске теориялық білімдердерін пайдалана отыра қатысады.

- пән толық аяқталғаннан кейін студенттер саясат дегеніміз не, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеріп шығады;

- саяси өмірдің күрделі проблемаларымен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйренесіздер;

- саясаттың мәні, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін түсінеді;

- саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын ұғым қалыптастырады;саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың олардағы рөлін, соның ішінде Қазақстан Республикасындағы саяси процестерді түсінеді;

- жоғары оқу курсына саясаттанудың енуі жалпы саяси, эмпирикалық бағыттар негізінде қоғамдық және саяси-әлеуметтік оқиғаларды зерттеуді қалыптастырады, соның нәтижесінде студенттердің саяси мінез-құлқын және мәдениетін жетілдіреді. студенттерге әлемдік саясат туралы бағыт бағдар алады;

-қазақстандағы саяси өмірді зерттеуге және ол туралы пікір айта білуге үйренеді;

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің ерекшелігін, саясаттың қоғамдық өмірдегі маңызын, гуманитарлық ғылымдардың мемлекет азаматын қалыптастырудағы орнын және тұлғаның қоғамдағы саяси рөлінің қажеттілігін білетін болады.

Саясат теориясын, саяси ғылым мәселелерін, саясаттанудың қолданбалы әдістерін меңгере отырып, саяси оқиға туралы өзіндік пікір қалыптастыруға үйренеді.

Саясатқа, қоғамдық дамуға және халықаралық қатынастарға болжам жасауға байланысты көзқарас қалыптастырып, оны дәлелдеп, саяси жүйелерге салыстырмалы сараптама жасауға және зерттеулер мен бақылау жасауға тәжірибелік дағды қалыптастырады.

Кез-келген маманның азамат ретінде мемлекеттің саяси жүйесін, оның шешім қабылдау ерекшеліктерін, билік тармақтары мен халықтың қарым қатынасының әр түрлілігін білуі шарт, сондықтан саясат түсінігін, оның механизмдерін, ерекшеліктерін, түрлерін білу маңызды. Саясаттану пәні студенттердің азамат ретінде қоғамдық-саяси процестерге талдау жасауға, баға беруде, олардың ең бастысы, саяси мәдениетін қалыптасуына бағытталған.

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1 8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Баға қоюдын критерилері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы дәріс сабағындағы белсеңділігі ОСӨЖ тапсырмаларын орындау Әр аптада
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: Тест сұрақтарына жауап берү       8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

 

Дәріс сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

 

Тараулар бойынша лекция тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиеттер
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 1,2 6,7,8
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдер 1,2,3 12-17
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат және билік саяси құбылыс ретінде 2,3,4 28,39
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты 1,2,4 28, 41,42
Қоғамның саяси жүйесі 1,2,3 19,20,21,41,42
Мемлекет және азаматтық қоғам 1,3,5 40,29,30
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар 1,5 33,34
Саяси режимдер. Қоғамның демократияландыруымен саяси жаңғыру. 1,2,3
Саяси сана және саяси мәдениет 1,2,3, 19,20,21
Саяси жанжалдар және саяси үдеріс, оның қызметі 1,2,3, 33,34
Саяси элита және саяси көшбасшылық 1,2,4 27,31,32,33
Саяси технологиялар 2,3,4 35,36
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. 1,2,3
Саяси болжамдау 1,2,3 37,38  
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан 1,2,3 38,41,42
  Барлығы  

 

Практикалық (семинарлық) сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта Өткізу формасы
Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі 1. Саясаттанудың нысаны мен пәні 2. Саясаттанудың қызметтері 3. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны. Құрылымы, оның парадигмалары. Дәстүрлі сұрақ-жауап
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дпмуындағы негізгі кезеңдер 1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар 2. Ежелгі Грек және Ежелгі Римдегі саяси ойлар 3. Орта ғасырдағы, Шығыстағы және Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар. 4. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар. 5. XX ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер. 6. Қазақстандағы саяси ойдың тарихы. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері. Шағын топтарда жұмыс
Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат және билік саяси құбылыс ретінде 1. Саясат элементтері. 2. Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат 3. Билік ұғымы, түрлері және құрылымы 4.Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестіктің қажеттігі. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті. дискуссия
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты 1. Ұлт мәселесі және оның құрылымы 2. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары 3.Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде 4.Қазақстан көп конфессиялы қоғам ретінде Дәстүрлі сұрақ-жауап
Қоғамның саяси жүйесі 1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы 2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер 3. Саяси жүйе институттары 4. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары. Шағын топтарда жұмыс
Мемлекет және азаматтық қоғам 1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні 2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері 3. Азаматтық қоғам ұғымы 4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілер 5. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері. дискуссия
Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар 1. Саяси партиялардың пайда болуы 2. Саяси партиялардың жіктелуі 3. Партиялық жүйелер ұғымы 4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тренинг
Саяси режимдер. Қоғамның демократияландыруымен саяси жаңғыруы. 1. Тоталитаризм, авторитаризм 2. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер. 3. Демократия презентация
Саяси сана және саяси мәдениет 1. Саяси сананың құрылымы және қоғамдық пікір 2. Саясат және мәдениет. Саяси субмәдениеттер 3. Саяси әлеуметтену ұғымы дебат
Саяси жанжалдар және саяси үдеріс, оның қызметі 1. Саяси жанжалдардың мәні және мағынасы 2. Саяси жанжалдарды басқару 3. Жанжалдарды шешу 4. Саяси жүйенің жаңғыру мәселелері 5. Саяси үдеріс ұғымы, мәні және негізгі сипаттамасы 6. Қазақстан қоғамындағы саяси үдерістер.   дискуссия
Саяси элита және саяси көшбасшылық 1. Саяси элита ұғымы 2. Бюрократизм – саяси феномен ретінде 3.Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита Шағын топтарда жұмыс
Саяси технологиялар 1. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып-білудегі маңызы 2. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар 3. Ақпараттық саяси нарықтағы компьютерлік технологиялар 4. Сайлау жүйесі, сайлау науқанының тактикасы дискуссия
Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері. 1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық қатынастар жүйесі 2. Халықаралық қатынастағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар мен құндылықтар 3. Халықаралық қатынастар субъектілері 4. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық 5. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан Дискуссия, эссе
Саяси болжамдау 1. Саяси болжамдау ұғымы, мәні және ерекшеліктері 2. Саяси болжамның мақсаты, негізгі әдістері және өлшемдері 3. Саяси болжамның қызметтік міндеттері Дебат, коллоквиум
Егемен Қазақстанның саяси мәселелері. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан 1. Егемен Қазақстанның саяси шынайылық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы 2. Жалпыреспубликалық референдум және ҚР жаңа Конституциясының қабылдануы 3. Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарын дамыту 4. Республиканың халықаралық форумдарға қатысуы презентация
  Барлығы  

 

 

Семинар сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқаулар

Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің семинар сабағын ұйымдастыра білуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.

Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.

Студенттердің семинар сабағының жоспары силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады. Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам,құқықтық мемлекет, саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін адиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі.

Студенттер кең көлемде білім ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп,қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. Семинар оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады

Семинар оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект.), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.

 

1. Саясаттану ғылым ретінде. Саясат түсінігі.

Д.Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз.Саясат ұғымың және саясаттың пайда болу себептерін . Саяси нақтылық-саясаттанудың зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы саяси шындық ретінде. Саяси зерттеудің ғылыми әдісі мен әдістемесі, ұғымдарының қатынасы.

1.Саясаттың мәні мағынасы

2.Саясат қурылымы, қызметі

3.Саясаттану пәні, басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Саяси ілімдер тарихы

Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси ойлар тұралы анықтамаларды, саяси көзқарастрадың тарихың . Саяси ой тарихы саяси ғылымның құрамдас бөлігі. Ежелгі дүниедегі саяси ойдың қалыптасуы. Орта ғасырлардағы араб-исламдық және батыс-еуропалық идеялар. Саяси теориялар мен доктриналардың Қайта өрлеу кезеңінен бастап ХХ ғасырға дейін қалыптасуы. Қазақ халқының мұрасындағы саяси ойлар. Еуразиялық идеялар.

1.Анитакалық саяси ой

2.Орта ғасыр заманындағы саяси ой

3.Жана замандағы саяси ой

3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат және билік саяси құбылыс ретінде

Билікті әлеуметтік феномен ретінде карастырады. Білімгерлерге саяси билік, мемлекеттік билік туралы түсініктеме береді. Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Биліктің заңдылығы және легитимдігі. Билік түрлерінің эволюциясы. Билік ұғымы. Билік құбылысы, генезисі, мәні. Қоғам және билік. Билік қатынастарының субъективті-объективті астарлары. Билікті персонификациялау және фетишизациялау. Билік саяси режимдерде. Қазіргі әлемдік дамудағы биліктің орны.

1. Саясат элементтері.

2. Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат

3. Биліктін қызметтері мен жіктелуі.

4. Биліктін легитимдігі.

5. Қоғамда және оппозицияда саяси бәсекелестіктің қажеттігі. Билік және оппозиция, олардың ҚР өзара әрекеті.

4. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар

және ұлт саясаты

Этнос және ұлт. «Ұлт» категориясын түсіндірудегі екі амал. Ұлт мәселесі және оның құрылымы. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары: унитарлы, федералды, конфедерация. Этносаралық келісімге жетудің Қазақстандық үлгісі (моделі).

1. Ұлт мәселесі және оның құрылымы

2. Ұлттық-мемлекеттік құрылыс формалары

3.Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде

4.Қазақстан көп конфессиялы қоғам ретінде

5. Қоғамның саяси жүйесі

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы мен элементтері. Қазіргі заманғы саяси жүйелер, оларды салыстыру. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекелділік. Саяси тұрақтылыққа баға беру, тәуекелділіктің алдын алу. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси жүйе, саяси режим, саяси жүйенін қызметтері.

1. Саяси жүйе ұғымы, құрылымы

2, Дәстүрлі және қазіргі саяси жүйелер

3. Саяси жүйе институттары

4. ҚР саяси жүйесін реформалаудың мәселелері және оның дамуының тенденциялары.

6. Мемлекет және азаматтық қоғам

Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Мемлекет: ұғым тарихы және оны зерттеу әдістері, белгілері мен түрлері. «Билікті бөлудегі» заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелері.Құқықтық мемлекет: қалыптасуы, қазіргі жағдайы. Оның құндылықтары мен негізгі принциптері Азаматтық қоғамның қызмет етуі және өзіндік дамуының шарты. Тұлғаның әлеуметтік, интеллектуалдық, психологиялық дамуының жоғарғы деңгейі. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: мемлекет, мемлекеттін белгілері, мемлекет нысандары.

1. Мемлекеттің шығуы және оның мәні

2. Қазіргі мемлекет және оның ерекшелікті белгілері

3. Азаматтық қоғам ұғымы

4. Құқықтық мемлекет ұғымы және оның ерекше белгілер

5. Қазақстандағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері.

7. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Партия туралы түсінік. Партиялардың пайда болуы және дамуы. Оның түрлері, қызметі мен жүйесі. Қазақстандағы саяси плюрализм. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қалыптасуы. Саяси блоктар. Сайлау жүйесі. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси партия, саяси клубтар, партиялық саяси жүйе.

1. Саяси партиялардың пайда болуы

2. Саяси партиялардың жіктелуі

3. Партиялық жүйелер ұғымы

4. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар

5. Қазақстандағы партиялық жүйенің ерекшеліктері мен даму тенденциялары.

8. Саяси режимдер. Қоғамның демократияландыруымен саяси жаңғыруы.

Д.Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып келесі сұрақтарды қарастырыңыз. Билікті жүзеге асыру, саяси режимдер,тоталитаризмнен демократияға өту. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: авторитаризм, тоталитаризм, демократия.

1. Тоталитаризм, авторитаризм

2. Дәстүрлі абсолюттік монархиялар, олигархиялық және әскери режимдер.

3. Демократия. Демократияның тарихи формалары. Демократияның кемшілігі мен құндылықтары

9. Саяси сана және саяси мәдениет

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси сананың қалыптасуы, саяси психология. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси сана, саяси идеология, либерализм, консерватизм, социал-демократия.

Д. Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Саяси мәдениетті зерттеудегі әр түрлі бағыттар мен әдістер (Парсонс Т., Истон Д., Алмонд Г., Верба С., Пай Л., Такер Р., Липсет С., Розенбаум В.). Қазақстан Республикасындағы саяси мәдениет мәселелері. Саяси әлеуметтенуді түбегейлі зерттеудегі тұжырымдамалар мен олардың саяси тәжірибемен байланысы. Жастардың саяси мәдениеті. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси мәдениет, саяси әлеуметтену, саяси әлеуметтенудің институттары.

1. Саяси мәдениет түсінігі, оның мәні мен қызметтері

2. Саяси әлеуметтенудін түсінігі, институттары, кезендері, қызметтері.

3.Саяси сана және саяси идеология

4. Идеологияның негізгі түрлері

5. Саяси сананың құрылымы және қоғамдық пікір

6. Саясат және мәдениет. Саяси субмәдениеттер

7. Саяси әлеуметтену ұғымы

10. Саяси жанжалдар және саяси үдеріс, оның қызметі

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру. Жанжалдар мен дағдарыстар әлеуметтік құбылыс ретінде. Саяси даулар, этносаяси жанжалдар. Өтпелі қоғамдағы саяси мәмілелікке жетудің тетіктері мен жолдары. Ұлтаралық мәселелерді шешудің халықаралық тәжірибесін талдау. Оқулықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси жанжалдар, дағдарыстар, саяси процеске қатысу түрлері.

1. Саяси шиеленістің түрлері

2. Саяси жанжалдардың мәні және мағынасы

3. Саяси жанжалдарды басқару

4. Жанжалдарды шешу

5. Саяси жүйенің жаңғыру мәселелері

6. Саяси үдеріс ұғымы, мәні және негізгі сипаттамасы

7. Қазақстан қоғамындағы саяси үдерістер.

11. Саяси элита және саяси көшбасшылық

Д.Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып келесі мәселелерді қарастыру.Элита түсінігі (Парето В., Моска Г., Михельс Р.). Кеңестік номенклатура. Саяси элита қызметі мен түрлері. Саяси көсемділік тұжырымдамасы, жіктелуі. Саяси көсемге имидж жасау. Қазіргі кездегі Қазақстандағы басқарушы элита. Оқулықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: элита, саяси жетекшілік, саяси серке, саяси топбастаушылық.

1. Саяси элита ұғымы

2. Бюрократизм – саяси феномен ретінде

3.Қазіргі Қазақстандағы саяси көшбасшылық институты және саяси элита







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.