Здавалка
Главная | Обратная связь

Басты саяси концепциялар.



Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың даму кезеңдері» төменгі оқулықты пайдалана отыра Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері.

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау

 

Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
       

Саяси билік.

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу.Д.Жамбылов. Саясаттану, оқулығын пайдалана отырып «Билік туралы анықтамалар» кесте әзірлеу

Анықтама Авторы
     

Саяси режимдер

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау. Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси жүйе, саяси режим, саяси жүйенін қызметтері. Кесте әзірлеу. «Саяси режимдер»

 

Саяси режимдер Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
     

Демократия теориялары.

Оқұлықты, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: Билікті жүзеге асыру, саяси режимдер авторитаризм, тоталитаризм, демократия. Тоталитаризмнен демократияға өту.Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу. Кесте толтырыңыз. «Демократия теориялары» төменгі оқулықты пайдалана отыра Е.С. Қуандық.- Саясаттану негіздері.

Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
       

 

 

6. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы, оқұлықты, пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: мемлекет, мемлекеттін белгілері, мемлекет нысандары. Кесте толтырыңыз. «Мемлекет»

Басқару түрі Саяси тәртіп Аймақтық-әкімшілік бөлініс
     

7. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар

«Саяси партиялар» атты жоба.Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

8. Саяси әлеуметтену.

«Сайлау алдындағы бағдарлама» атты жоба

Студенттік топ бірнеше кіші топтарға бөлініп, жеке-жеке партия бағдарламасын жасауға болады. Партияның негізгі идеясына байланысты олар: оңшыл, солшыл, орталық, консерваторлық, революциялық, оппозициялық, т.б. болуы мүмкін. Бұл партиялар өз бағдарламаларында негізгі міндеттері туралы немесе қысқаша 2-3 мәселе төңірегінде өз бағдарламасын жасайды. Жобаға сайлаушылар да қатысып өз дауыстарын белгілі бір партияға берулеріне болады. Мәселені көтергенде оның шешілу жолдарын өз әлдерінше ұсынуға болады. Сонымен қатар, партияның аты, ұраны, нысаны болуы шарт.

Саяси элита.

Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.Оқұлықты, сөздікті пайдаланып. Кесте толтырыңыз. «Элита теориялары»

Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
       

10.Ұлт саясаттың субъектісі ретінде.

Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы, оқұлықты, пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: ұлт, диаспора, ассимиляция,геноцид, этнос. . Кестелер мен схемалар дайындау,тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

11.Саяси сана және саяси психология.

Н.Қапесов. Саясаттану,К.Кенжебеков. Саясаттану негіздері, оқұлықтарын, сөздікті пайдаланып келесі ұғымдарға пайымдау беру: саяси сана, саяси идеология, либерализм, консерватизм, социал-демократия. Кестелер мен схемалар дайындау,тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

12. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтену

Е.Қуандық. Саясаттану негіздері, Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы пайдаланып. Кестелер мен схемалар дайындау,тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

13. Саяси процесс қоғамның саяси өмірінің мазмуны ретінде.

Е.Қуандық. Саясаттану негіздері, Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы пайдаланып. Кестелер мен схемалар дайындау,тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

Кесте толтырыңыз. «Шиеленіс»

Саяси шиеленіс Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
     
     

14. Қазіргі халықаралық қатынастар түсінігі. Геосаясат.

Оқұлықты, сөздікті пайдаланып, кестелер мен схемалар дайындау,

келесі ұғымдарға пайымдау беру: жанаша сяси ойлау, халықаралық қатынастар, әлемдік саясат. Тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

15. Модернизация әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани негіздері қазіргі қазақ қоғамындағы модернизация процесі.Рахымбаева А С Саясаттану: Дәрістер жиынтығы, оқұлықты пайдаланып,тақырыпқа байланысты 10 саяси терминге анықтама жазу,жаттау.

Кесте толтырыңыз. «Жаһандану»

Жаһандану Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
     

 

Студенттердің өздік жұмысына әдістемелік ұсыныстар

 

Қазіргі заманғы ақпараттық-технологиялық жеделдеуде жоғарғы оқу орындарында оқыту әдістемесін тиімді жетілдіріп, оны дамытып отыру қажет. Осы мақсатта студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыра біліуі, оларды өзіндік бақылауға бейімдеу өте маңызды орын алады.

Пән бойынша ұсынылған тақырыптарды оқып үйренуде жеке шығармашылық ізденістің алатын орны зор.

Студенттердің өзіндік жұмысы силлабустағы бөлімдермен тығыз байланыста ұйымдастырылады.

СӨЖ-дің негізгі мақсаттары:

1.Студенттерді өзіндік бақылауға бейімдеу.

2.Оқу материалдарын игеруде студенттердің ізденіс пен шығармашылық белсенділігін дамыту.

Саясаттану пәні студенттерге билік, азаматтық қоғам,құқықтық мемлекет,саясат, саяси жүйе түрлері, саяси режимдер, саяси мәдениет, қазіргі қоғамның саяси институттары мен қоғамдық даму мәселелерін адиториядағы дәріс сабақтарымен қатар жеке ізденіс жұмыстары арқылы терең оқып үйренуге көмектеседі.Студенттер кең көлемде білім ғана емес сонымен бірге ғылыми талдау әдістерін үйреніп,қоғам мен мемлекеттің болашақтағы саяси дамуын болжай алатын, қазіргі саяси құбылыстарға саяси талдау, зерттеу жасай алуы керек. СӨЖ оқу орнының кітапхана қоры мен компьютерлік класын оқу материалын игеру барысында қолдануды қажет етеді. Студенттердің әр сабаққа міндетті түрде дайындалу, сонымен қатар берілген материалды оқып игеру, тапсырмаларды уақытында орындау қажет. Мұндай жүйелі дайындық экспресс-сұраулар, тест алу және тағы басқа әдістер арқылы оқытушының ескертуінсіз сіздерді тексеріп отыруын көздейді. Түгел тапсырмалар уақытында тапсырылуы тиіс. Кешігіп тапсырылған жұмыстар төмен бағаланады

СӨЖ оқытудың әр түрлі формалары арқылы жүзеге асады: жазбаша жұмыстары (реферат, баяндама, бақылау, эссе, коллоквиум, конспект.), сұрақтарға жауап беру, таблица, сызбалармен жұмыс жасау.

  Тапсырмаларадың қысқаша мазмұны Сағат саны Тапсыру мерзімі Бақылау формасы
1. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы, пәні. 2. Саясаттанудың әдістері және категориялары. 3. Жеке құқықтар мен бостандықтар. 4. Саясат субъектілері.       4 апта Эссе,пікір-талас
1.Саяси жүйе. 2.Саяси тәртіп. Демократия және антидемократия 3.Мемлекет теориялары. 4.Демократия теориялары.   7 апта Пікір-талас,презентация
1.Саяси әлеуметтену. 2.Саяси мәдениет. 3.Саяси шиеленіс. 4.Саяси элита теориялары.     11апта Пікір-талас,презентация
1. Саяси процесс. 2. Әлемдік саясат, геосаясат. 3. Жаһандану.     14апта Пікір-талас,презентация
Всего:    

 

 

СӨЖ тапсырмалары

 

1. Қазақстанда саясаттанудың кеш оқытыла бастауының себебін көрсетіңіз.

2. Гуманитарлық емес мамандықтарда саясаттанудың оқытылу маңыздылығын түсіндіріңіз.

3. 4. Кесте әзірлеу. «Саясаттану әдістері»

Әдістің аталуы Негізгі мазмұны
     

5. Саясаттың деңгейлері бойынша Қазақстандағы саясатты салыстырып көріңіз.

6. Кесте толтырыңыз. «Саяси ойдың даму кезеңдері»

Уақыты Ойшыл Негізгі идеясы Еңбектері
       

7. Саяси ойдың даму кезеңдеріне байланысты салыстырмалы сараптама жасаңыз.

8. Ұлылардан қалған нақыл сөздер тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

9. Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен ойшылдар кімдер?

10. Саяси билік тұжырымдамаларына байланысты кесте жасаңыз.

11. Саяси билік ресурстарының маңыздылығына мысалдар келтіріңіз.

12. Билік деген ұғымға өзіндік анықтама беріп көріңіз.

13. Билік пен адамгершілік принциптердің ара қатынасына назар аударыңыз.

14. Билікті жүзеге асыру формаларын атаңыз.

15. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екендігін дәлелдеп беріңіз.

16. «Адамның әділеттілікке жақындығы демократияны мүмкін етеді, ал оның әділетсіздікке жақындығы демократияны қажет етеді» деген ойға өз түсінігіңізді беріңіз.

17. Авторитаризмнің қазіргі Қазақстанда алатын орны.

 

18. Кесте толтырыңыз. «Саяси режимдер»

Саяси режимдер Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары
     

19. Демократия туралы ежелгі ойшылдардың көзқарастарын есіңізге түсіріңіз.

20. «Демократия тек Батысқа тән құбылыс па, жоқ әлде, барлық мемлекеттердің даму жолы ма?» атты пікір-таласқа дайындалыңыз.

21. Демократиядағы мемлекеттік биліктің жүзеге асуындағы ерекшеліктерді атаңыз.

22. Демократияның түрлеріне және тұжырымдамаларына қатысты кесте толтырыңыз.

23. Саяси жүйенің «кірісі» мен «шығысы» арасындағы өзара байланысқа мысалдар келтіріңіз.

24. Саяси жүйе, саяси билік ұғымдарының арасындағы ұқсастық мен айырмашылықты табыңыз.

25. Саяси тұрақтылық дегеніміз не? Оның түрлері.

26. Саяси тұрақсыздықты қалай анықтауға болады? Біздің қоғамымызда оның белгілері кездеседі ме?

27. Мемлекет деген ұғымға анықтама беріңіз. Ең алғаш бұл ұғым қай ойшылдың еңбегінде кездеседі?

28. Мемлекеттің басты белгілеріне нені жатқызасыз? Олардың әр қайсысының маңыздылығын атап көрсетіңіз.

29. Мемлекеттің түрлеріне қатысты, барлық критерийлерді ескере отырып кесте жасап, оны толтырыңыз.

30. Қазақстан осы жіктеу бойынша қандай мемлекет түрлеріне жатады?

31. Билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстың күрделілігі.

32. Азаматтық қоғамның негізгі белгілері.

33. Азаматтық қоғам неліктен мемлекеттік биліктен тәуелсіз болуы шарт?

34. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас ерекшелігі.

35. Сіз өзіңізге қатысты барлық құқықтарыңызды білесіз бе?

36. Саяси дау-жанжал, шиеленіс, дағдарыс ұғымдарына анықтама беріңіз.

37. Мәмілелік дегеніміз не? Неге оны қазақ ұлтының менталитетімен байланыстырамыз?

38. Дау-жанжалды шешу жолдарына мысал келтіріңіз.

39. Дау-жанжалды позитивті құбылыс ретінде дәлелдеп беріңіз.

40. Партияның пайда болуы, негізгі кезеңдері.

41. Саяси партияны азаматтық қоғамның негізгі элементтерінің бірі ретінде дәлелдеп беріңіз.

42. ҚР-ның партия туралы заңы бойынша азаматтан оның қай партия мүшесі екенін сұрауға құқығыңыз бар ма? Оның сізге жауап бермеуге ше?

43. Сайлау жүйесі мен саяси партиялардың арасындағы байланысты атаңыз.

44. Сайлау жүйесінің түрлеріне қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

45. Саяси элитаның тұжырымдамаларына қатысты кесте жасап, оны толтырыңыз.

46. Қазақстандағы саяси элитаны бағалауға тырысып көріңіз. Бізде саяси элитаға ену қандай жолдармен жүзеге асады?

47. Саяси көсем, көсемділік ұғымдарына анықтама беріңіз.

48. Сіздің ойыңызша қазіргі кезде саяси көсем болу үшін қандай қасиеттерді меңгеру қажет?

49. Адам, жеке адам, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.

50. Әлеуметтік теңсіздік немесе әлеуметтік жіктелу туралы не білесіз.

51. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы жаңа топтар туралы не айта аласыз?

52. Саясатқа қатысу қандай деңгейде жүргізілуі қажет деп ойлайсыз?

53. Саяси мәдениет пен жәй мәдениеттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты атаңыз.

54. Саяси мәдениеттің негізгі элементтеріне не жатады?

55. Саяси әлеуметтену дегеніміз не? Ол адам бойында қалай жүреді?

56. Қазақстандық қоғамдағы саяси мәдениет пен әлеуметтенудің ерекшелігін көрсетіңіз.

57. Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, геосаясат ұғымдарының айырмашылықтары мен ұқсастықтарына тоқталыңыз.

58. Қазақстан қай елдермен қарым-қатынас жасайды және қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

59. ҚР халықаралық беделінің өсуіндегі президент рөлі.

60. Саяси билік, саяси жүйе, саяси үрдіс ұғымдарының өзара қатынасын ашыңыз. Оларды бір-бірінен қалай айыра аламыз?

61. Саяси модернизация дегеніміз не?

62. Ұлттық мүдде мен жаһандану үрдісінің арасында қандай байланыс жатыр?

 

1. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

1. Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

2. Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

3. Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

4. Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.

1.АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

- Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері

1. Қазақстандағы жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге айналған?

2. Еңбекке құқық - экономиканың дамуындағы жетістік пе, әлде кедергі ме?

3. Мемлекет барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала ма?

4. Жұмыссыз қалған адамдар қандай шара қолдану керек?

5. Мемлекеттік органдар қандай шара қолдану керек?

- Жеке құқықтар мен бостандықтар

1. Біздің қоғамымызда қандай жеке құқықтар мен бостандықтар сақталған?

2. Оны сақтауда қиындықтар кездеседі ме?

3. Мемлекет тұлға құқығын бұза ма?

4. Әрбір азамат өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі керек?

5. Жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?

6. Тұлғаны қорғай алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институттары қалыптасып болды деп айтуға болады ма?

- 2.Білім мәселелері

1. Қазақстандағы білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

2. Білім мекемелерінің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?

3. Неліктен балалардың барлығы мектепке бармайды?

4. Өкіметтік емес ұйымдар не істей алады?

5. Бұл мәселені шешуде мектеп пен биліктің жергілікті органдары арасында ынтымақтастық бар деп айтуға болады ма?

6. Мектептегі мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары қалай айтады?

- Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы

1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?

2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?

3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.

4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?

- Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны

1. Біздің мемлекетімізде құқық қорғау ұйымдардың болуына қажеттілік бар ма?

2. Қандай құқық қорғау ұйымдардың жұмысы туралы білесіз? Олардың іс-әрекетінің негізгі бағыты неде?

3. Өкіметтік емес ұйымдардың осы саладағы жұмыстарының тиімділігі қаншалықты? Сізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаған ұйым жайында мәліметтер бар ма?

4. Мұндай ұйымдардың бірігіп жұмыс жасауына болады ма?

5. Жаңа құқық қорғау ұйымдарының құрылуы қажет пе?

6. Өкіметтік емес ұйымдар қоғамда адамның құқықтарының кез келген бұзылуына шыдамдылық танытпау керектігін қалыптастыра алды ма?

3.ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

- СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі

1. Нашақорлық пен СПИД: қаншалықты қауіпті.

2. Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

3. Жастар ұйымдары не жасай алады?

4. Жағымды өзгерістер болып жатыр ма?

- Мемлекет және жастар: алыстық немесе достастық?

1. Республика жастарының негізгі мәселелері қандай?

2. Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе?

3. Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма?

4. Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді?

5. Бұл саясат қаншалықты тиімді?

6. Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба?

7. Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе?

- Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі

1. Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды?

2. Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма?

3. Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері.

4. Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма?

5. Кейбіреулер жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе?

6. Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады?

4.ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР

1. Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері.

2. ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері.

3. Жаңа діндер мен секталардың таралуы.

4. Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері.

5. Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады?

6. Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе?

7. Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма?

8. Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?

1. Саясаттың пайда болу себептері.

2. Саясаттың анықтамалары.

3. Саясат құрылымы функциясы.

4.Саясат дегеніміз не? Экономика, мәдениет т.б. қоғамдық салалардан ерекшелігі.

5.Саясаттың түрлерін атаңыз, оның түрге бөлудің негізі қайда жатыр.

6.Саясат қоғамда қандай қызмет атқарады.

7.Саясат құрылымының ерекшеліктері.

8.Саясат мораль айырмашылықтары, ерекшеліктері.

9.Неліктен саясатты “таза емес іс” деп санайды.

10.Саясат және адамгершілік бір қатарға қоюға бола ма?

 

Саясаттану пәнінен реферат тақырыптары

1. Саясаттың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны

2. Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ойлар: Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи

3. Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы

4. Қазақстан қоғамын, саяси жүйені реформалау жағдайындағы салыстырмалы саясаттанудың рөлі

5. Саясат өнер ретінде

6. Мемлекеттік билік саяси биліктің жоғарғы формасы ретінде

7. Саяси биліктің легитимдік типтері

8. Ұлт саясаты мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде

9. Қазақстан халықтары Ассамблеясы жүйелі қоғамдық саяси институт ретінде

10. азақстан көпконфессионалды қоғам ретінде

11. Қазақстандық конфессия аралық келісім тәжірибесі

12. Қазіргі саяси жүйелер

13. Мемлекеттің мәні және оның шығуы

14. Мемлекеттің белгілері, оның қызметтері мен мақсаттары

15. Мемлекеттік жүйелердің типологиясы

16. Қазіргі мемлекет және оның ерекше белгілері

17. Азаматтық қоғам идеяларының пайда болуы мен дамуы

18. Әлеуметтік мемлекеттің қызметтері

19. Мүдделі топтар: ұғымы, қызметтері, типологиясы

20. Қысым жасаушы топтар. Лоббизм саяси феномен ретінде

21. Қазақстандық демократия моделінің ерекшеліктері

22. Саяси партиялар генезисінің кезеңдері: аристократиялық котерилер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар

23. Партиялардың типологиясы

24. Партияларды типтеудің өлшемдері (критерийлері)

25. Бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық

26. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Қазақстан қоғамының саяси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі

27. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері

28. Тоталитаризм, оның негізгі типтері мен түрлері

29. Тоталитарлық режимнің саяси практикасы

30. Авторитаризм саяси режим формасы ретінде

31. Демократияның жалпылық принциптері мен институттары

32. Саяси мәдениет тұжырымдамалары

 

 

Тест сұрақтары

Қазіргі адамның қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не?

А) Қоғам;

В) Саясат;

С) Саяси мәдениет;

Д) Партия;

Е) Демократия.

2. Жасырынған сөзді табыңыз: «.... құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Цицерон.

А) Мемлекеттің;

В) Заңның;

С) Халықтың;

Д) Құқықтың;

Е) Демократияның.

3. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?

А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;

В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;

С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;

Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;

Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.

4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы - ...

А) Л. Фон Борталанфи;

В) Г. Кун;

С) Т. Парсонс;

Д) Д. Истон;

Е) Г. Алмонд.

5. Қоғамның саяси жүйесі «...........» және «..........» жағдайында жұмыс жасайды.

6. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады?

А) Саяси режим;

В) Саяси жүйе;

С) Саяси үрдіс;

Д) Саяси мәдениет;

Е) Мемлекет.

7. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім?

А) Д. Истон;

В) А. Бирс;

С) В. И. Ленин;

Д) К. Фримен;

Е) Г. Лассуэл.

8. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім?

А) Р. Михельс;

В) М. Вебер;

С) Ш. Л. Монтескье;

Д) Г. Алмонд;

Е) Г. Лассуэл.

9. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді?

А) Сиддартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

10. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан?

А) Мемлекет;

В) Саясат;

С) Демократия;

Д) Билік;

Е) Қоғам.

11. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған?

А) Ф. Аквинский;

В) Әбу Насыр Әл-Фараби;

С) Н. Макиавелли;

Д) Абай;

Е) Ж.Ж. Руссо.

12. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді?

А) Мемлекеттің маңыздылығын;

В) Халықтың маңыздылығын;

С) Мемлекет пен халықтың бірлігін;

Д) Демократияның маңыздылығын;

Е) Қоғамның үздіксіз дамуын.

13. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады?

А) Сыртқы саясатта;

В) Ішкі саясатта;

С) Сайлау кезінде;

Д) Соғыс кезінде;

Е) Реформа кезінде.

14. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?

А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;

В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;

С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;

Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;

Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.

15. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім?

А) Ә. Кекілбаев;

В) Н. Ә. Назарбаев;

С) А. де Токвиль;

Д) С. Хантингтон;

Е) К. Хаусхофер;

16. ҚР Президентінің 2005 жылғы Халыққа Жолдауында көтерген ерекше идея не?

А) «Демокартия біздің даму жолымыз емес, мақсатымыз»;

В) Қазақстанның Орталық Азия барысына айналуы;

С) Орталық Азия ұйымын құру;

Д) Мемлекетке қауіп тудыратын терроризммен, экстремизммен және наркотрафикпен күрес;

Е) Жастарға байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын құру.

17. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды?

А) Гносеологиялық;

В) Саяси жүйені рационализациялау;

С) Танымдық қызметі;

Д) Саяси әлеуметтендіру;

Е) Болжам жасау қызметі.

18. Тоталитаризмнің негізгі түрлері:

А) Коммунизм, социализм;

В) Коммунизм, фашизм, диктатура;

С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм;

Д) Фашизм, социализм, сталинизм;

Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм.

19. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады?

А) Гуманитарлық;

В) Қоғамдық;

С) Жаратылыстану;

Д) Халықаралық;

Е) Жас ғылым.

20. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма?

А) Әлеуметтік;

В) Рухани;

С) Теологиялық;

Д) Геосаяси;

Е) Психологиялық.

21. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады?

А) Әлеуметтанулық;

В) Антропологиялық;

С) Психологиялық;

Д) Салыстырмалы;

Е) Бихевиористтік.

22. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады?

А) 1989 ж.;

В) 1990 ж.;

С) 1991 ж.;

Д) 1992 ж.;

Е) 1993 ж.;

23. Билік дегеніміз не?

А) Әсер ету;

В) Ықпал ету;

С) Мәжбүр ету;

Д) Пайдалану;

Е) Қорғау.

24. Биліктің объектісі мен субъектісі қай жағдайда орын ауыстырады?

А) Билік ауысқанда;

В) Саяси шешімдер қабылданғанда;

С) Саяси режим ауысқанда;

Д) Демократия кезінде;

Е) Ешқашанда

25. Ежелгі Үндістанда еркін еңбекшілерді қалай атаған?

А) Шудралар;

В) Кшатрийлер;

С) Вайшийлер;

Д) Брахмандар;

Е) Ведалар.

26. Анархизмнің негізін қалаған кім?

А) Сиддхартха Гаутама;

В) Конфуций;

С) Лао-цзы;

Д) Платон;

Е) Аристотель.

27. Ф. Аквинский құқықты қандай түрлерге бөлген?

А) Позитивті, діни, саяси;

В) Позитивті, мәңгілік, діни;

С) Позитивті, мәңгілік, табиғи;

Д) Мәңгілік, табиғи, қоғамдық;

Е) Қоғамдық, саяси, табиғи.

28. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсеткен?

А) Дж. Локк;

В) Н. Макиавелли;

С) Т. Гоббс;

Д) Ж.Ж. Руссо;

Е) Ш. Л. Монтескье.

29. Саясатты бір жағынан әділеттілік деп, екінші жағынан келіспеушілік деп атаған ойшылды табыңыз.

А) К. Фримен;

В) А. Бирс;

С) Г. Моска;

Д) М. Дюверже;

Е) Н. Макиавелли.

30. Демократия гректің ........... және ........... сөздерінен шыққан.

31. Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді...

А) Тоталитаризм;

В) Авторитаризм;

С) Демократия;

Д) Монархия;

Е) Діни мемлекет.

32. Элитаның басты ерекшеліктері - ...

А) Байлық, билік, танымалдық;

В) Байлық, билік, білімділік;

С) Билік, танымалдық, білімділік;

Д) Билік, байлық, көсемділік;

Е) Даналық, байлық, билік.

33. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет - ...

А) Экстремизм;

В) Соғыс;

С) Терроризм;

Д) Революция;

Е) Трайбализм.

34. .......... – көп ұлтты мемлекетте аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия құруға ұмтылуы.

35. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі:

А) Құқықтық мемлекет;

В) Әлеуметтік мемлекет;

С) Конституциялық монархия;

Д) Республика;

Е) Демократиялық мемлекет.

36. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады?

А) Халықаралық қатынастар;

В) Халықаралық саясат;

С) Әлемдік саясат;

Д) Жаһандастыру;

Е) Әлемдік даму.

37. Өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты ............. ............ деп атаймыз.

38. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің негізгі төрт қыры бары сізге мәлім. Төмендегі нұсқалардан сол қырларға жатпайтын нұсқаны табыңыз.

А) Құрылымдық бейімделу;

В) Азаматтық;

С) Саяси қатынасу;

Д) Жаңашыл адам;

Е) Қазіргі адам.

39. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады?

А) Компромисс;

В) Келісім;

С) Мәмілелік;

Д) Консенсус;

Е) Татуласу.

40. Бөлік деген қай саяси терминнің негізінде жатыр?

А) Партия;

В) Бихевиоризм;

С) Парламент;

Д) Плюрализм;

Е) Автономия.

41. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз.

А) Заң шығарушы;

В) Атқарушы;

С) Сот;

Д) Жергілікті басқару органы;

Е) Сайлаушы орган.

42. Саяси режим, саяси жүйе және саяси үрдіс – үшеуінің арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз.

43. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім?

А) И. Сталин;

В) А. Гитлер;

С) Б. Муссолини;

Д) Х. Арендт;

Е) К. Маркс.

44. Қазақстандағы саяси партиялар ресми түрде тіркелуі үшін міндетті қанша мүшесі болуы қажет.

А) Электораттың 50 % болуы керек;

В) 5 мың мүшесі болуы керек;

С) 50 мың мүшесі болуы керек;

Д) 500 мың мүшесі болуы керек;

Е) Мүшелерінің нақты саны болуы міндетті емес.

45. Мәжіліске депутаттар қай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

А) Мажоритарлық сайлау жүйесі;

В) Пропорционалды сайлау жүйесі;

С) Салыстырмалы сайлау жүйесі;

Д) Тікелей сайлау жүйесі;

Е) Жанама сайлау жүйесі.

46. Геосаяси тұжырымның негізін қалаған кім?

А) Ш. Л. Монтескье;

В) Г. Моргентау;

С) С. Хантингтон;

Д) К. Хаусхофер;

Е) Х. Маккиндер.

47. Идеологияның қай түрі бір этностық топтың террорлық және агрессиялық әрекеттер арқылы өз үстемдігін орнатуды көздейді?

А) Национализм;

В) Фашизм;

С) Расизм;

Д) Шовинизм;

Е) Либерализм.

48. Сайлаушылардың дауыс беруден бас тартуы қалай аталады?

А) Сепаратизм;

В) Анархизм;

С) Эклектизм;

Д) Абсентеизм;

Е) Популизм.

49. Егер сіз Президенттік постқа кандидат болып тіркелсеңіз бұл қандай сайлау құқығын пайдаланғаныңыз болып саналады?

А) Тікелей сайлау;

В) Жанама;

С) Ашық сайлау құқығы;

Д) Белсенді сайлау құқығы;

Е) Енжар сайлау құқығы.

50. Қазіргі демократиялық елдердегі саяси көсемдерден қандай қасиеттерді ерекше талап етеді?

А) Саяси білімі, басқару қабылеті және шешендігі;

В) Сыртқы келбеті, шешендігі және биліктегі тәжірибесі;

С) Саяси білімі, салмақтылығы және қарапайымдылығы;

Д) Салмақтылығы, қарапайымдылығы және өткен өмірі;

Е) Сыртқы келбеті, сымбаттылығы және шешендігі.

51. Мемлекеттің тар мағынада қолданылуы:

А) Тұтас жүйе ретінде;

В) Билік құрылымы ретінде;

С) Мемлекет деген – халық;

Д) Саяси институт;

Е) Билік көзі ретінде.

52. Саяси партияның басты органы:

А) Жарғы;

В) Хартия;

С) Конференция;

Д) Электорат;

Е) Бағдарлама.

53. Екі турлы сайлау жүйесі қалай аталады:

А) Мажоритарлық;

В) Пропорционалды;

С) Абсолютті көпшілік;

Д) Қатысты көпшілік;

Е) Мәжіліс сайлауы.

54. Әдетке негізделген саяси көсемділік қалай аталады?

А) Харизматикалық;

В) Дәстүрлі;

С) Заңды;

Д) «Ту ұстаушы»;

Е) «Қызметші».

55. Қоғамның екі тапқа бөлінуіне әсер еткен факторларды атаңыз.

А) Еңбектің бөлінуі, көпшіліктің билікке қызықпауы, басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы;

В) Көпшіліктің билікке қызықпауы, тұлғалық қасиет, меншіктің пайда болуы;

С) Басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы, меншіктің пайда болуы, еңбектің бөлінуі;

Д) Барлық жауаптар дұрыс;

Е) Барлық жауаптар дұрыс емес.

56. Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі - ...

А) Саяси пікір;

В) Саяси әлеуметтену;

С) Саяси ой;

Д) Саяси ілім;

Е) Маргиналдық.

57. Саяси партия қайсының элементі?

А) Азаматтық қоғамның;

В) Мемлекеттің;

С) Саяси жүйенің;

Д) Парламенттің;

Е) Саяси биліктің.

58. Азаматтық қоғам неге негізделеді?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

59. Сайлаудың негізгі кезеңдері:

А) Кандидатттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, дауыс беру;

В) Кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, сайлау;

С) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, дауысты есептеу;

Д) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, сайлау қорытындысын шығару;

Е) Сайлау науқаны, дауыс беру, сайлау қорытындысын шығару.

60. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?

А) Демократияның;

В) Плюрализмнің;

С) Жарнаманың;

Д) Дауыс берудің;

Е) Анархияның.

61. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?

А) Саясаттанушылар;

В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;

С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;

Д) Саяси жүйені зерттеушілер;

Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.

62. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады?

А) Демократия;

В) Сайлау;

С) Референдум;

Д) Плюрализм;

Е) Плебисцит.

63. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады?

А) Танымдық;

В) Реттеушілік;

С) Тәрбиелік;

Д) Біріктірушілік;

Е) Қорғау.

64. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған?

А) К. Мангейм;

В) Д. Истон;

С) Г. Алмонд;

Д) С. Верба;

Е) Л. Пай.

65. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр?

А) Либерализм;

В) Тоталитаризм;

С) Фашизм;

Д) Коммунизм;

Е) Социализм.

66. Заң жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?

А) Де-юре;

В) Де-факто;

С) Абсентизм;

Д) Хартия;

Е) Эклектизм.

67. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады?

А) Геосаясат;

В) Либерализм;

С) Жаһандастыру;

Д) Анархия;

Е) Тәуелсіздік.

68. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

69. Халықаралық терроризммен күресетін негізгі ұйым ...

А) Хартия;

В) Идеологиялық ұйым;

С) Интерпол;

Д) БҰҰ;

Е) Революция.

70. Мемлекетті құдай жаратты деген қай тұжырымдаманың негізгі идеясы?

А) Патриархалды;

В) Қоғамдық келісім;

С) Зорлық-зомбылық;

Д) Теологиялық.

71. Азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі –

А) Жариялылық;

В) Сөз бостандығы;

С) Сайлаудың болуы;

Д) Билік көзі – халықта.

72. ҚР туындағы күн белгісі қандай мағына береді?

73. Адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталды?

А) Саяси мәдениет;

В) Саяси әлеуметтену;

С) Саяси дәстүр;

Д) Саяси идеология.

74. Халықтың саяси билікке сенімсіздікпен қарауы қай саяси мәдениеттің түріне жатады?

А) Патриархалды;

В) Енжар;

С) Азаматтық;

Д) Белсенді.

75. Саяси элитаның құндылықты тұжырымдамасының негізін қалаушы кім?

А) Р. Миллс;

В) Х. Ортега-и-Гассет;

С) Г. Моска;

Д) Р. Мертон.

76. Табиғат берген дарын деген мағына қай терминге келеді?

А) Лидерлік;

В) Элита;

С) Харизма;

Д) Көсем.

77. Терроризм деген қандай мағына береді?

А) Күштеу;

В) Қорқыту;

С) Соғысу;

Д) Қаталдық.

78. Маркстың еңбегін атаңыз.

А) «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық әдіс»;

В) «Позитивті саясат жүйесі»;

С) «Протестанттық этика және капитализм рухы»;

Д) «Ғылыми, саяси және философиялық тәжірибелер»;

Е) «Капитал».

79. Мақсатқа жету үшін қолданатын айла-тәсілдердің жиынтығы - ...

А) Экономика;

В) Саясат;

С) Қоғам;

Д) Билік;

Е) Басқару.

80. Белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдениет және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі

А) Ассамблея;

В) Альянс;

С) Ассоциация;

Д) Партия;

Е) Корпорация;

81. Жеке адамдардың тәртібін талдауға негізделген әдістемелік бағыт - ...

А) Эксперимент;

В) Статистика;

С) Бихевиоризм;

Д) Доктрина;

Е) Теория.

82. Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, шендікке негізделген құбылыс.

А) Бихевиоризм;

В) Буржуазия;

С) Билік;

Д) Басқару;

Е) Бюрократизм.

83. Әлеуметтік сатылық ұғымды көрсететін термин - ...

А) Стратификация;

В) Иерархия;

С) Статус;

Д) Теңсіздік;

Е) Жіктелу.

84. Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік тобына немесе табына кірмей қалған адамдар қалай аталады?

А) Люмпендер;

В) Кедейлер;

С) Маргиналдар;

Д) Қайыршылар;

Е) Байлар.

85. Электорат деген не?

86. 50%+1 деген қай сайлау жүйесінің критерийі, ол қандай мағына береді?

87. Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз қандай мағына береді?

88. Ақыл-парасаттылық легитимдік деген не?

А) Жеке тұлғалық қасиетке негізделген легитимдік;

В) Сенімге, идеяға негізделген легитимдік;

С) Заңға негізделген легитимдік;

Д) Билікке негізделген легитимдік;

Е) Келісімге негізделген легитимдік.

89. Монархия дегеніміз не?

А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі;

Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі;

Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі.

90. Унитарлық мемлекет дегеніміз не?

А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі;

Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі;

Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі.

91. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады?

А) Демократияның;

В) Плюрализмнің;

С) Жарнаманың;

Д) Дауыс берудің;

Е) Анархияның.

92. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер?

А) Саясаттанушылар;

В) Саяси мәдениетті зерттеушілер;

С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер;

Д) Саяси жүйені зерттеушілер;

Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер.

93. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады?

А) Демократия;

В) Сайлау;

С) Референдум;

Д) Плюрализм;

Е) Плебисцит.

94. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады?

А) Танымдық;

В) Реттеушілік;

С) Тәрбиелік;

Д) Біріктірушілік;

Е) Қорғау.

95. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған?

А) К. Мангейм;

В) Д. Истон;

С) Г. Алмонд;

Д) С. Верба;

Е) Л. Пай.

96. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр?

А) Либерализм;

В) Тоталитаризм;

С) Фашизм;

Д) Коммунизм;

Е) Социализм.

97. Іс жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?

А) Де-юре;

В) Де-факто;

С) Абсентизм;

Д) Хартия;

Е) Эклектизм.

98. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады?

А) Геосаясат;

В) Либерализм;

С) Жаһандастыру;

Д) Анархия;

Е) Тәуелсіздік.

99. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

ГЛОССАРИЙ

Абсентеизм (лат. Absentіa - қатыспау) – халықтың саяси өмірге немқұрайды, селқос қарауы, азаматтық міндетті атқарудан бас тартуы. Ол, әсіресе, сайлаушылар тарапынан өкіметтің өкілдік органдарына сайлауға қатынасқысы келмеуінен байқалады.
Абсолютизм Жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Автаркия Елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.
Анархия 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық. 2) Үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.  
Билль 1) АҚШ-та, Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заң жобасы; 2) Жеке заңдардың аты. Мысалы, құқықтар туралы.
Блокада Өз дегендерін істеу үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Брифинг Үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамдардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі.
Бюрократизм Істің мәніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу.
Делегат Съезде, конференцияда, конгресте және т.с.с. мемлекеттің, ұйымның, ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Демократия Екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара
Демагогия Өз мақсатына жету үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.с.с. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі. Күнделікті тұрмыста бос сөз, шатпақ деген мағынаны білдіреді.
Делогирование Бір субъектінің екінші субъектіге билікті беруі, сенім білдіруі.
Демократия Халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау құқығы бәріне тең болуын, адамдардың экономикалық және саяси қорғалуын, шешім қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі. Бұл – тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп, байып отырады.
Демократиялық партиялар Басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір алалығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
Денонсация Келісілген екі жақты халықаралық шарттың бұзылғандығын мәлімдеу. Әдетте, ол туралы екінші мемлекетке алдын ала ескертіледі.
Деполитизация Белігілі бір ұйым, органдардың және т.б. жұмысын саясаттың ықпалынан шығаруға тырысушылық.
Глобальдылық Бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау, айналадағы ортаны эко





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.