Здавалка
Главная | Обратная связь

Лекция 12. Саяси технологиялар



1. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып-білудегі маңызы

2. Үгіт-насихат типті ақпараттық технологиялар

3. Ақпараттық саяси нарықтағы компьютерлік технологиялар

4. Сайлау жүйесі, сайлау науқанының тактикасы

Саяси технологиялар - нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Саяси технологиялар мақсатты бағытталған қызметтің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы ретінде мақсатқа қол жеткізу құралдарын реттеп қана қоймайды, ол іс- әрекеттің кезектілігін бекітіп, соған сай субъектінің мінез-құлық алгоритмін дайындайды.

Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг.

Саяси сайлау технологиялары - сайлау науқанын басқару және сайлаушылар таңдауына ықпал ету технологияларының жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі блоктары: науқанның стратегиясын қалыптастыру, сайлау штабтарын құру және оны басқару, бұқаралық акцияларды өткізу, белсенділермен жұмыс жүргізу әдістері, үміткердің негізгі бейнесін (имиджін) қалыптастыру. Науқанды жүргізу дегеніміз:

Саяси сайлау технологиясы - БАҚ

1) саяси хал-ахуалды бағалау, үміткер мен қарсыластың әлді және әлсіз жақтарын, саяси кеңістік құрылымын талдау;

2) округтың электоралдық паспортын жасау (дауыс беру тарихын, негізгі аймақтық және әлеуметтік ерекшеліктерін, сауалнама нәтижелерін есепке ала отырып);

3) науқанның негізгі мақсаттарын анықтау;

4) электораттың мақсаттық топтарын анықтау және оларға талдау жасау;

5) науқанның негізгі идеяларын, тұжырымдарын дайындау:

6) сайлаушыларды негізгі идеялармен таныстыру әдістерін таңдау, үміткермен және оның өкілдерімен кездесулер, телефон, БАҚ, көшедегі жарнама, пикеттер ұйымдастыру, хат жіберу арқылы үгіт;

7) саяси жоспарлау - сайлау алдындағы белсенділіктің сызба-жоспарын құрастыру; 8) сайлау науқанының штабын құрып, бюджетін және т.б. жоспарлау.[1]

Қазақстан Республикасына саяси ғылым, саясаттану ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында келді. Кеңестік дәуірде мойындалмай, зерттелмей келген бұл ғылым саласы Отандық ғылымға тосын, тың мәселелерді тудырды, зор мүмкіндіктер берді.

ХХІ ғасыр жоғары технологиялар ғасыры. Саяси басқару саласында да арнайы саяси технологиялар көптеп қолданылады. Өйткені, кез келген саяси мазмұндағы міндетті шешу бірізділікті, шешім қабылдау жүйесін қалыптастыруды, арнайы саяси технологиялар қолдануды қажет етеді. Дәстүр бойынша, саяси технологиялар деп – нақты субъектінің мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірізділікпен қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығын айтады.

Саяси технологиялардың сан алуан түрлері саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг салаларында жүзеге асырылады. Саяси технологиялардың кеңінен қолданылуы – азаматтық қоғамның ілгерлеуінің, демократиялық институттардың және саяси сананың даму деңгейінің көрінісі. Өйткені саяси технологиялар тек демократиялық және ашық қоғамға ғана тән. Саяси технологиялардың ішінде сайлау саласында қолданылатын технологиялардың да маңызы ерекше. Сайлау технологиялары – бұқара сайлаушылардың санасында электоралды мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған бірізді іс-әрекеттер. Бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге итермелеу мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі – сайлаушылардың мінез-құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпқойлар қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларын сауатты қолдану арқылы сайлауда жеңіске жетіп, саяси билікке ие болуға болады.

Тәуелсіздік алғалы қазақстандық саяси ғылым қалыптасып, орнығып, дамып келеді. Осы салада мамандарға, зерттеуші ғалымдарға, жалпы саяси ғылымға қызығушылық танытатын оқырмандарға саяси ғылымға жаңадан енген терминдерді түсіндіретін, қысқаша сипаттама беретін арнайы сөздіктер керек-ақ.

Осы жылдар ішінде Қазақстандық саяси ғылымда жарық көрген бұндай сөздіктер саусақпен санарлық. Мысалы: Қазақстан Даму Институты шығарған орыс тіліндегі «Политологический энциклопедический словарь» (1998), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті шығарған «Әлеуметтану және саясаттану бойынша» орысша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздік (2006) және Жүйелі зерттеулер институты дайындаған «Саяси түсіндірме сөздік» (2007). Бұл еңбектердің сөз жоқ, отандық саяси ғылымға қосқан үлесі зор.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы 2004 жылы «Политические технологии в системе государственного управления Казахстана» атты нормативті-құқықтық актілер мен оқу-әдістемелік материалдар жинағын және «Политические технологии в Республике Казахстан» атты ғылыми мақалалар жинағын жариялаған болатын.

Қоғамдық қызметтің түрлі салаларын басқару, еліміздің саяси және әлеуметтік-мәдени процестеріне қатысуын тану үшін «Саясаттану» пәнінің мәні зор. Оқытудың жаңа технологияларында, әсіресе, интерактивті түрде пәнаралық байланыстың негізінде саясат пен саясаттанудың дамуындағы негізгі кезеңдерді; саясаттанудың түсініктік-категориялық аппаратын; түрлі салаларда саяси қимылдар жүргізудің механизмдері; Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің ерекшеліктерін тануға болады. Аталмыш пән арқылы саясаттың біртұтас қоғамдық құрылым ретіндегі мәні ашылады, саяси қатынастардағы ішкі және сыртқы байланыстар айқындалады, саяси дамудың негізгі заңдылықтары анықталады, еліміздің саяси дамуындағы негізгі бағыттар, механизмдер мен басымдықтары айшықтала түседі. Жалпы саясаттану ең алдымен философия, сосын тарих ғылымдарымен тығыз байланыста. Сондықтан пәнді игеруде философиялық-тарихи және теориялық бөлімдерінің маңыздылығы жоғары. Ал тәжірибелік бөлігінде саясаттың әлеуметтік-психологиялық аспектілері мен саяси технологияларына ерекше мән беріледі. Бұл әсіресе, түрлі деңгейдегі іскерлік ойын түрлерін жүргізуде өте қолайлы шара болып табылмақ.

Мәселен, «Саясаттану» пәнін оқытуда және студенттердің білімін жетілдірудегі өзіндік жұмыстарды орындауда және пәнаралық байланыстар негізінде алғашқы дерек көздерін пайдалану төмендегідей жетістіктерге әкеледі:

- өткен дәуірлер мен қазіргі заманның танымал ойшылдарының саяси тұжырымдамаларын білу;

- әлемдік және қазақстандық саяси ойлардың дамуындағы негізгі заңдылықтарды игеру;

- Қазақстан, Европалық және Шығыс саяси ойларының ерекшеліктерін айқындау;

- негізгі саяси дүниетаным, әсіресе, қазіргі саяси ойлар мен оның дамуындағы кезеңдердің жалпы сипаттамасын игеру;

- қазіргі саясаттануға енген өткен кезең саяси ойшылдарының идеяларымен танысу;

- саясаттанудың негізгі категориялары және оның өзара байланыстарын игеру;

- қоғамның және саяси процестің саяси жүйе құрылымын ұғыну.

«Саяси технология» пәні мамандыққа сәйкес білімді игеруде және оны тәжірибеде қолдауға үйретуде ерекше рөл атқарады.

Қазіргі күнгі саясат пен саясаттанушылар бұрындары инженерлік пәндерде пайдаланған ұғымдарды қолданады, олар «технологиялар», «механизмдер», «билікті өңдеу технологиясы», «қазіргі күнгі саяси технологиялар», «басқару механизмі», «ақпараттық технологиялар», «лоббистік қызмет технологиясы», «парламентаризм технологиялары», «басшы имиджін құру технологиясы», «сайлау технологиялары» және т.б.

«Саяси технология» термині қазіргі күні философиялық және саясаттық әдебиеттерде, публицистикада кеңінен пайдалануда. Саяси технология – билікті құру технологиясы. Билікке күрес дегеніміз - көптеген саяси технологияларды бір қалыпта ұстау және пайдалану, яғни билеуге және бір қалыпта ұстауға бағытталған саяси, рухани билік, адамдардың білімі мен жүрегіне билік, қоғамдық ойларын жаулап алу.

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.

Саяси өмір процесін жоғарлатуға талпынғандар өз білімдерінің деңгейі туралы профессионал саясаткерлер мен қатардағы ғалымдар, студенттер мен сайлаушылар үшін сайлау кампанияларының технологиясын ұғу, әрі маңызды.

Саяси технологиялар тәжірибе жүзіндегі саяси қызметті теориялық саясаттану біліміне аударады, сонымен қатар саяси заңдылықтардың өлшемін, принциптерін, межесі мен факторларын және тағы да басқа мақсатқа жету жолында пайдаланады, нақты осында саяси орталық технологияландырылған процесс негізі құралады.

Лекция 13. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері.

1. Әлемдік саясат ұғымы және халықаралық қатынастар жүйесі

2. Халықаралық қатынастағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар мен құндылықтар

3. Халықаралық қатынастар субъектілері

4. Жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық ынтымақтастық

5. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері жүйесіндегі Қазақстан

· Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз еттік. Сонымен қатар әлемдік саясатта бар. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік сахнадағы іс-әрекеттің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шашімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Қазіргі кезде әлемдік саясаттар жүргізуге қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім – шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. занды түрде асыруға өкілдіктер беріледі.

Мемлекеттік күштердің арасалмағымен байланысты «күш теңдігі» немесе «саяси теңдік» деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар XYII ғасырда енді сол кезде өмір сүрген Фенелон деген француз мемлекет өз көршілерінің еүшеюіне жол бермеу керек деген идеяны алға тартты. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты «белгілі бір шектен шығып» кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі. Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп-жадатады деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара тендік пен тепе-тендікті сақтаулары керек. Сонда ғана тұраұтылық қамтамасыз етіледі. Ал орыстың И.Ф. Малиновский (1765-1814) деген ағартушысы «Соғыс пен бейбітшілік туралы ой жүргізу» деген еңбегінде дүниежүзілік әлемде сот пен полицейский жоқ. Сондықтан агрессордың сазайын тарттыратын және агрессияның алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы «күш тендігі» юолуы керек дейді. Кейін бұл ұғым сыртқы саясаттың құралы ғана емес, мақсатына айналды. Себебі, мұндай мемлекет халықаралық аренада өз тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

· Сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы

Бұл тақырыптағы тағы бір келесі мәселе – сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы. Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды дейтін. Бірақ қазіргі танда олай деу ағаттық болар еді. Себебі, соңғы кезде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр. Оған бүкіл жер шарына жайылып кетерлік қаупі бар термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық апараттардан сақтану (бір Чернобыль трагедиясының өзі көптеген елдерге зардабын тигізгені белгілі), қоғамға қарсы құбылыстардың етек алуы атом қаруының жайлауына шек қою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін қорларының, шикізаттардың азаюы және басқа себептер әсер етеді. Бұл мәселелерді бір елдің көлемінде шешуге болмайды. Сондықтан оған барлық елдердің жұмыла кірісуін талап етеді. Осыдан барып, сыртқы саясаттың ішкі саясатқа әсері артады. Америка ғалымы П. Гуревич қоғам ішіндегі қатынастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себепті атап көрсетеді.

· Ұлттық қауіпсіздігі мен географиялық ортасы

Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым – «ұлттық қауіпсіздік». Оның мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қаупінен қорғаумен ғана шекиелмейді. Сыртқы саясатта ежелден қалыптасқан көзқарас бойынша ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін көоші шама келгенше өзінен асырмау, халықаралық майданда әрекет етуші мемлекеттерді барынша әлсірету көзделетін. Сондықтан басқаларға қыр көрсетпей, керек кезінде даулы мәселелерді шешуде күш көрсету үшін өзінің қарулы күштерді арттыру емес, керісінше, оларды қысқарту, дүниежүзілік қауіпсіздікті сақтау керектігін ірі мемлекет басшылары түсінуде. Соның нәтижесінде Америка Құрама Штаттары мен Кеңестер Одағының арасында Орта және кіші қашықтықтардағы зымырындарды жою туралы шартқа қол қойылды.

· Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынастарында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басылымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның «глобус» - Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла береді. Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық ) тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдыстыққа екі жақты және планетарлық деңгейге қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынастарында «қырғи қабақ соғыс» пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды. Бұл кезенде әскери-саяси басылымдылыққа зор сенім артылды. Глобальды (латынның «глобус» - Жер деген сөзінен шыққан; жер шарын қамтитын, жалпы әлемдік деген ұғымды білдіреді) мәселелерді бірлесіп шешу туралы көптеген келісімдер идеологиялық сенімге сай бұзыла береді. Бұл кездегі іс-әрекетке «глобальды тұрғыдан ойлап, локальды (аймақтық ) тұрғыда іс істе» деген принцип басшылыққа алынды. Мұның бәрі әлемдік қоғамдыстыққа екі жақты және планетарлық деңгейге қарым-қатынасты дамытуға айтарлықтай залалын тигізеді.

Мұндай жағдайда одан әрі өмір сүруге болмайтын. Ол тұнғиыққа тірейтін жол еді. Сондықтан 80 жылдардың ортасынан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біз солардың негізгілеріне тоқталып өтейік.

Біріншіден, ядролық – космостық дәуірде мемлекеттер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс баталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады.

Бүгінгі танда адамдардың өміріне 50 мыңнан астам ядролық оқбасы (боеголовкалар) қауіп төндіруде. Олардың жалпы қуаты Хиросимадағы жарылыстың миллионына тең. 80 жылдардың ортасындағы ядролық қарулардың жарылысының өзі 58 млрд. Адамды немесе жер бетіндегі әрбір тұрғынды 12 рет өлтірердей күші бар.

Ал әр түрлі елдердің зерттеулеріне қарағанда, үшінші дүниежүзілік соғыс бола қалса, оның салдарыда «ядролық қыс» тууы мүмкін. Оған себеп – ядролық қару қолданылған қалалардың үстінде күн өтпейтін қап-қара күйенің пайда болуы. Ол кейін барлық жер жүзіне жайылып, әлемді қамтып алады. Соның салдарынан ұзаққа созылатын түнек туады. Ол қатты суыққа соқтырады. Жер тез суый бастайды. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосферадақайта айналмас процестер басталады. Климат жағдайлары күрт өзгеріп, биосфера қайта қайта айналмас процестер басталады.

Қазіргі замагда жеке елдер арасындадағы дау-жанжал, аймақтық әскери қақтығыстар дүниежүзілік ядролықсоғысқа ұласып кету қаупі бар. Мұндай жағдайда қай мемлекет болмасын өзін тек әскери-техникалық құралдармен қорғап қала алмайды. Оған мысал ретінде 1986 жылы Чернобыль атом станциясындағы жарылысты атасақ та жеткілікті. Сондықтан қауіпсіздік тек бір ұлттық болуы мүмкін емес, ол планетарлық, жалпы әлемдік және ол тек қана саяси жолмен қамтамасыз етілуі керек.

Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңызының өте зор артуында. Оған жоғарыда сөз етілген термоядролық соғысты болдырмаудан басқа ең алдымен экология мәселелері жатады. Ол адамдардың бізді қоршаған биологиялық ортаға өрескел араласуына байланыты болып отыр. Мысалы, адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Ал көмір, мұнай, газ, темір және т.б. адамдарға өте қажетті табиғат байлықтарының орны қайтып толмайды. Сарапшылардың есептеуінше, ондаған жыл өткен соң олардың қоры таусылмақ.

Әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған үшінші үлкен мәселе – «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда экономикалық артта қалу үрдістерінің күннен-күнге артуы. Осы ғасырдың 50-60 жылдары колониялық жүйе құлаған болатын. Саяси бостандығын алған елдері енді экономикалық және мәдени жағынан жылдам дамуға мүмкіншілік туды деп қуанғаны белгілі. Алғашыда олар жылдам қарқынмен дамыды да. Бірақ 80 жылдары әлемдік саудада бұл елдердің үлесі төмендеп кетті. Олар шетелдерден қарыз ала бастады. 80 жылдардың ортасына қарай «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батысқа қарызы триллион доллардан асып түсті. Дамыған және дамып келе жатқан елдердің арасында алшақтық көбейе түсті.Ол тоқтар емес. Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы, ішкі саясатын белгілеп, жүргізгенде жалпыазаматтық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады.

Адамзаттың жарқын болашығы үшін күресте барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы құрыштай бекір еді. Бірақ мұның бәрі өзінен-өзі келмейді. Ол үшін барлық халықтар мен елдер қажымай-талмай жұмыла күресуі керек. Халықаралық қатынастарды адамгершіліктендіру, демократияландыру.

 

Жана терминдер жаһандану, нашақорлық, ядролық қару, экология, демография, әлемдік саясат, халықаралық қатынас, ұлттық қауыпсіздік, жаңаша саяси ойлау, күш теңдігі, саяси теңдік, агрессор, марксизм, глобус, ұлттық мүде, демократиялық серіктестік, социалистк әлем, әскери қуат.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.