Здавалка
Главная | Обратная связь

Брей У., Трамп Д. Археологический словарь. М.: Прогресс, 1990. — 368 с: ил.

Силлабус

 

Қазақстан тарихы пәні

«Білім» тобының мамандықтары: 5В010100-Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, 5В010200- Педагогика мен бастауыш оқытудың әдістемесі, 5В010300-Педагогика және психология, 5В010500-Дефектология, 5В011600-География, 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология, 5В050300-Психология, 5В011500-Құқық және экономика негіздері, 5В010600-Музыкалық білім
5В010700-Бейнелеу және сызу өнері, 5В011900-Шет тілі: екі шет тілі, 5В012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті,5В012200-Орыс тілді емес мектептердегі орыс тілі және әдебиеті, 5В090200-Туризм, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт, 5В012000-Кәсіптік оқыту

 

Оқу түрі: күндізгі, сырттай

Кредит саны: 3

 

 

  Оқу түрі
  күндізгі күндізгі қысқартылған Сырттай сырттай қысқартылған жеделдетілген
ПБЖ барлық сағаттар саны, соның ішінде      
Дәріс      
семинар (практикалық)        
СОӨЖ        
СӨЖ      
емтихан (семестр) 1,2     1,2  

 

Пәннің бағдарламасын құрастырғандар: т.ғ.д., профессор А. Күзембайұлы, т.ғ.д., профессор Е.А. Әбіл, доцент Э.К. Наурызбаева, т.ғ.к., Ө.И. Исенов, тарих магистрі, аға оқытушы Р.Ж. Байдалы, тарих магистрі Т.А. Еришева және тарих магистрі Г.Б. Тастекова. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 10 шілде 2002 ж. № 541 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

 

 

Кафедра отырысында қаралды және ұсынылды

 

«5» маусым 2012 жыл № 8 хаттама

 

Кафедра меңгерушісі______________ Наурызбаева Э.К.

(Қолы

 

 

Қайта бекітілгені туралы мәлімет

 

Оқу жылы Жұмыс бағдарламасы туралы мәлімет Қайта бекітілгені туралы күні № кафедра хаттамасы Кафедра меңгерушісінің қолы
           
           
           
           
           

 

Курстың аты:Қазақстан тарихы

Курстың коды:IК 1101

Кредит саны: 3

Оқытушының А.Ж.Т. Сабақты өткізудің уақыты мен орны Байланыс телефоны
  Лекция СОӨЖ e-mail
Наурызбаева Эльмира Кенжеғалиқызы, т.ғ.к. Сабақ кестесі бойынша Сабақ кестесі бойынша 8-701-402-31-41; 26-25-83  
Исенов Өтреген Ихсанұлы, т.ғ.к., доцент 8-701-128- 46- 87, 50-90-58
Байдалы Рауан Жомартұлы 8-775-143-39-35
Еришева Толқын Амантайқызы 8-777-412-20-52; 8-702-267-28-21.
Тастекова Гүлдана Батталқызы 8-701-115-25-28

 

Курстың қысқаша сипаттамасы

Тәуелсіз Қазақстан өзінің жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы еліміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Қазақстан тарихының пәні:Қазақстан тарихы – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.

Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру-тайпалар мен ұлыс-ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.

Курстың мақсаттары:

-қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, шаруашылығы мен тұрмысын, әлеуметтік-саяси кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру;

- көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету;

- тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын айқындау;

- саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың, қоғамымызда жасалынып жатқан реформалардың маңызын ашу;

- негізгі тарихи мәселелердің шешімін қарастыру;

- этногенез, мемлекеттілік, тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер және т.б. мәселелер;

- студенттердің ойлау қабілетін жетілдіру, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдауға үйрету, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Осыған байланысты пән өзінің алдына төмендегідей міндеттер қояды:

- халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түсінік беру;

- қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, шаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру;

- қазақ халқының әлем халықтар ортасындағы орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау;

- тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге үйрету.

Оқытушының негізгі мұраты – студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман еліміздің парасатты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.

Қазақстан тарихын игеруге негіз боларлық пәндер (пререквизит):

Өкінішке орай жоғарғы оқу орнында Қазақстан тарихы бірінші курста оқытылатын болғындықтан оқытушы олардың мектепте алған жүйелі біліміне сүйенеді. Басқа факультеттердің студенттері бірінші курста оқытылатын гуманитарлық пәндерден алған білімдерін қазақ тарихын оқу барысында пайдалануы керек.

Постреквизиттер:«Қазақстан тарихы» курсын оқыту студенттердің кейін қажетті гуманитарлық, дүниетанымдық және арнайы пәндерді табысты игеруіне мүмкіндік ашады.

 

Лекция сабақтарының тақырыптық жоспары

Тақырыбы Күндізгі сырттай қысқар.
І-блок. Қазақ тарихына кіріспе.
Қазақстан тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны
Қазақстан тарихының құрамдас бөліктері  
Тарих және уақыт  
Қазақстан тарихын зерттеудің әдістері мен әдіснамасы  
Қазақстан тарихының деректемесі мен тарихнамасы  
ІІ-блок. Қазақ халқының шығу тегі және оның этникалық тарихы.
Қазақ халқының этнос болып ұйысуы және потестарлық жүйе
Қазақ этногенезінің зерттелу тарихы  
Қазақ этногенезінің көне дәуірі  
Түркі дәуіріндегі этникалық процестер  
ХІІІ-ХV ғасырлардағы қазақ жеріндегі этникалық процестер  
ІІІ-блок. Қазақстан территориясында саяси-әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы және дамуы.
Көне дәуірдегі адамзат қоғамының қалыптасуы
Түркі дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі саяси-әлеуметтік қатынастар  
Алтын Орда құрамындағы Қазақстан  
ХVІІІ-ХІХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ хандығының саяси дағдарысқа ұшырауы  
Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы  
КСРО құрамындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік құрылымы  
ІV-блок. Қазақстандағы экономикалық қатынастардың қалыптасуы, дамуы (эволюцисы) және өзгеруі (трансформациясы).
Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы және оның тиімділігі
Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы  
Көне және ортағасырлық қалалар және олардың көшпелі ұлыстармен байланысы  
Кеңес үкіметінің қазақ шаруашылығын одан әрі күйзеліске ұшыратуы  
V-блок. Қазақ халқының рухани дүниесі.
Тілдің және жазу өнерінің пайда болуы, дамуы
Ауыз әдебиеті және оның түркі әлеміндегі орны  
Қазақ халқының жазба әдебиеті  
Қазақстан ғылымы  
Қазақ халқының өнері. Діни сенімдер мен дін  
VІ-блок. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси өзгерістер
Тәуелсіз Қазақстандағы саяси құрылыс, құқықтық жүйе және мемлекеттік басқару  
Қазақстан жеріндегі экономикалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері  
Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы  
Қазақстанның мәдени бет-бейнесі  
  Барлығы

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

Тақырыбы күндізгі
Терминдерге анықтама беру
Қазақстан тарихының әлеуметтік, саяси және ғылыми рөлі
Тарих ғылымының теориялық мәселелері
Қазақстан тарихының тарихнамасы
Көшпенділік - экономикалық өндірістің ерекше түрі
Қазақстандағы шаруашылық өмір және экономикалық қатынастар
Этнос және этникалық тарих
Қазақ этногенезінің негізгі кезеңдері
Қазақ мемелекеттілігінің қалыптасуының теориялық мәселелері
Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Қазақ хандығының құқықтық жүйесі
Қазақстан халқының рухани мәдениеті
Көшпенділердің әскери өнері.
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
Қазақстандағы білім және ғылым реформалары.
  Барлығы

Студенттердің оқытушының жетекшілігіен жүргізетін өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары

Тақырып атауы Сағат саны
Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі
С. Мәшімбаев «Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты» еңбегі
Жүсіп Баласағұнидың (XIғ.) «Құтты білік», Махмұт Қашғаридың (ХІғ.) «Диуани-лұғат ат-түрік» еңбектері
Дәстүрлі қазақ қоғамыныдағы батырлар институты.
М.Қ.Қозыбаевтың «Жауды шаптым ту байлап» (Алматы: 1994 ж.) еңбегі
Тарихи шежіре.
Е. Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» (Алматы, 1992) еңбегі
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
Тарихи тұлғалар
  Барлығы

Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары

Тақырып атауы Сағат саны
Терминдермен жұмыс жасау
Кескін карталарды салу
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триллогиясына аннотация жазу -«Алмас қылыш» 1 том -«Жанталас» 2 том -«Қаһар» 3 том
Презентация дайындау және оны қорғау
  Барлығы

Лекция сабақтарының мазмұны

І-блок. Қазақ тарихына кіріспе.

1-лекция. Қазақстан тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны

1. Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.

2. Қазақстан тарихын кезеңдестірудің қазіргі концепциясы.

Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері .«Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995ж.). Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу.

Бекіту сұрақтары:

1. Тарих ғылымы нені зерттейді?

2. Тарих ғылымының пәні мен зерттеу нысаны не болып табылады?

3. Қазақстан тарихының кезеңдері?

Әдебиеттер

Негізгі: Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 2 кітап, Алматы. Ғылым 1998 ж.

Қосымша:Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.-Алматы: Атамұра, 1999.-296 б.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.

2-лекция. Қазақстан тарихының құрамдас бөліктері

1. Археология.

2. Этнология.

3. Қосалқы тарихи пәндер.

Археология түсінігі және археология ғылымының тарихы. Археолдогтар және Қазақстан жеріндегі археологиялық ескерткіштер. Ә.Марғұлан атындағы археология институты.

Этнология түсінігі және этнология-этнография ғылымының қысқаша тарихы. Қазақстандық этнологтар. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты.

Қосалқы тарихи пәндер: палеография, тарихи хронология, тарихи метрология, фалеристика, гералдика, дипломатика, нумизматика, сфрагистика, эпиграфика топонимика, аномастика және тарихи лингвистика.

Бекіту сұрақтары:

1.Қосалқы тарихи пәні нені зерттейді ?

2. Қосалқы тарихи пәніне не жатады?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Проштейн А.П, Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер. Мектеп, Алматы 1978 ж.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996

Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)

 

3-лекция. Тарих және уақыт

1. Жыл санаудың түрлері.

2. Тарихи уақытқа байланысты ұғымдар (жыл, ғасыр, асу, кезең, дәуір, заман).

Хронология, тарихи хронология. Күнтүзбе, календар, грегориан, юлиан, хижралық жыл санау. Мүшел.

Уақыт категориясы. Жылнама, жыл, ғасыр, дәуір, эра, эпоха, дәурен, заман, мыңжылдық, біздің заманымызға дейінгі, біздің заманыз және ғасырлар тоғысы анықтамалары. Тарихи философиялық, геологиялық және астрономиялық түсініктері.

Бекіту сұрақтары:

1.Тарихи уақыт нені білдіреді?

2. Жылсанаудың қандай түрлері бар?

Әдебиттер

Негізгі:Проштейн А.П, Кияшко В.Я. Қосалқы тарихи пәндер. Мектеп, Алматы 1978.

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә. Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- 3 том.

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә. Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002.-4 том.

Савельева И.М., Полетаев А.В. Теория историяческого знания: Учеб. Пособие.-СПб.: Алетейя; 2008.

Омарбеков Т, Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. А. Қазақ университеті 2004.

 

4-лекция. Қазақстан тарихын зерттеудің әдістері мен әдіснамасы

1. «Әдіс», «әдіснама» ұғымдарына түсінік.

2. Әдістердің түрлері.

Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Әдіс, Әдіснама (методос) анықтамасы. Жалпы философиялық, жалпы ғылыми, арнайы-тарихи және нақты проблелемалық әдістер.

Тарихтағы жалпы ғылыми әдістер: логикалық, индуктивті және дедуктивті. Анализ және синтез және жүйелік әдіс.

Арнайы тарихи әдістер: тарихи-генетикалық. Ретроспекті, синхронды, диахронды, тарихи-салыстырмалы, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелік. Тарихтағы математикалық әдістер. Тарих ғылымы және информацикалық технология.

Бекіту сұрақтары:

1.Әдіс дегеніміз не?

2. Тарих ғылымындағы әдіске мысал келтіріңдер?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)

Әбіл Е. Синергетика и история. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)

Қосымша:Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Савельева И.М., Полетаев А.В. Теория историяческого знания: Учеб. Пособие.-СПб.: Алетейя; 2008.

 

5-лекция. Қазақстан тарихының деректемесі мен тарихнамасы

1. Қазақстан тарихының деректемесі.

2. Қазақстан тарихының тарихнамасы.

Дерек, тарихи дерек анықтамасы. Деректану теориясы. Деректердің түрлері. Заттай (археологиялық), лингвистикалы, жазбаша, ауызша, фолклорлық. Қазақстан тарихынан негізгі деректер. Жазба деректер: ежелгі грек, рим, парсы, қытай. Ортағасырдағы түрік, араб, еуропа, орыс деректері.

Тарихнама түсінігі. Қазақстан тарихы пәнінен негізгі әдебиеттер. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау. «Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.

Бекіту сұрақтары:

1.Тарихи дерекке анықтама беріңіз?

2. Қандай тарихи деректерді білесіңдер?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 2-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 3-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 4-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010

 

ІІ-блок. Қазақ халқының шығу тегі және оның этникалық тарихы.

6-лекция. Қазақ халқының этнос болып ұйысуы және потестарлық жүйе

1. Этнос, этногенез, этникалық тарих.

2. Ата, ру, тайпа, аймақ, жүз, потестарлық топ.

Этнос түсінігі. Этногенез. Этностың әлеуметтік және биологиялық табиғаты. Қазақстан териториясындағы тұрғындардың антропологиялық түр-сипатының қалыптасуы.

Ата, ру, тайпа, аймақ. Жүз және потестарлық топтардың анықтамалары. Ақсақал, қарасақал, жігіт ағасы. Жүздің шығу тарихы.

Бекіту сұрақтары:

1. Этнос дегеніміз не?

2. Этногенез дегеніміз не?

3.Қазақ этногенезінің ерекшелігі?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Ақселеу Сейдімбек Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу-Астана: Фолиант, 2008.

Қосымша:Исмагулов О.И. Населения Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

 

7-лекция. Қазақ этногенезінің зерттелу тарихы

1. Қазақ халқының шығу тегі жөніндегі шетел және орыс зерттеушілерінің тұжырымдары.

2. Қазақ тарихшыларының халқымыздың этникалық тарихы туралы еңбектері.

Шетел және орыс ғалымдарының еңбектеріндегі қазақ халқының шығу тегі мәселесі. Татишев, Левшин т.б. Бірінші академиялық экпидиция, екінші академиялық экспедиция. Революцияға дейінгі және кейінгі зерттеушілердің еңбектеріндегі мәселе және т.б.

Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ақынжанов, М.Қозыбаев, А.Күзембайұлы, О. Ысмағұлов, М. Мұханов, Н.Мыңжан, М.Аджи. т.б.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақ этногенезі туралы шетел-орыс зерттеушілерінен кімдерді білесің?

2. Осы мәселеге қатысты қандай еңбектерді білесің?

Әдебиеттер

Негізгі:ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы. Зерттелу тарихының кейбір мәселелері. Редакциясын басқарған А.К. Әбілев. Қарағанды 1992 ж.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Исмагулов О.И. Населения Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.

 

8-лекция. Қазақ этногенезінің көне дәуірі

1. Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдар туралы археологиялық деректер.

2. Сақ-скиф тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы рөлі.

3. Қазақ этносының үйсін, қаңлы, ғұн элементтері.

1950 жылдардағы Қазақстан археологиясы. Х.Алпысбаев, Ж.К. Таймағамбетов, Л.А.Чалая, М.К. Қадірбаев, М.К. Марьашев, А.Г.Медоев және З.Г. Самашевтардың зерттеулеріне жалпы шолу.

Қола дәуірі. Аридизация. Аринама-Вайджа. Ари, қиан және тур тайпалары. Темір дәуірінде метал өңдеудің мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесіндегі сақ-скиф тайпалар одағының қалыптасуы. Ежелден мекендеген автохтонды тайпалар.

Үйсін атауы. Ежелгі үсінмен қазіргі Ұлы Жүз құрамындағы үйсінгі қаншалықты қатыстылығы. Ұлы Жүз үйсін. Қалы атауы. Ежелгі қаңлымен қазіргі Ұлы Жүз құрамындағы қаңлыға қатыстылығы. Шежіредегі мәліметтер. Хұн, гун, ғұн, ақ гұн. эфталит, жужан авар т.б. атаулары. Еділ, Атилла, Хунгария, Уархун қағанаты.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдар туралы зерттеген ғалымдар?

2. Сақ-скиф тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы рөлін көрсетіңіздер?

3. Қазақ этносының үйсін, қаңлы, ғұн элементтерін көрсетіңіздер?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Абиль Е.А. Этногенез казахов, опыт системного подхода. Костанай. СХИ. 1997.

Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, Жалын, 1994.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

 

9-лекция. Түркі дәуіріндегі этникалық процестер

1. Көне түркі әлемінің этникалық құрылымы.

2. Түркі тілдес бауырлас халықтардың географиясы.

Түрік түсінігі. Түрік, Шығыс түрік, Батыс түрік қағанаттары. Түркі тайпары: Түргеш, қарлұқ, қимақ, оғыз, найман, керей, жалайыр, қоңырат және қыпшақ.

Түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтардың орналасуы: Сібір түркілері. Еуразия түркілері, Еділ-Кама түркілері. Кавказ түркілері. Орта Азия түркілері. Тәуелсіз түрік мемлекеттері.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы этникалық процестердің ерекшелігін көрсетіңіз?

2. Қазақстан территориясындағы этникалық процестердің негізгі этаптарын көрсетіңіз?

3.Түркі халықтарын атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Салғараұлы Қойшығара Ұлы қағанат.-Астана: Фолиант, 2008.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы (көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, 2002.

 

10-лекция. ХІІІ-ХV ғасырлардағы қазақ жеріндегі этникалық процестер

1. Алтын Орда мемлекетінің этникалық сипаты.

2. ХІV ғасырдың ІІ-жартысындағы қыпшақ этносындағы дағдарыс және оның ыдырауы.

3. Өзбек, ноғай, қазақ субэтностары.

ХІІІ-ХV ғасырлардағы қыпшақ этносының дағдарысы. Шыңғысхан жорықтары нәтижесіндегі тайпалар территориясының өзргеуі. Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда атауы. Ұлық Ұлыс. Этникалық процестер.

Ақ Орда, Ноғай Ұлысы, Шайбан әулеті, Әбілқайыр хандығы. Көшпелі өзбек мемлекеті. Ноғай, Өзбек және қазақ атауы.

Бекіту сұрақтары:

1. ХІІІ-ХV ғасырлардағы қазақ жеріндегі этникалық процестерді айтыңыздар?

2.Қыпшақ этносының қазақ этносының қалыптасуындағы ролі?

3.Ноғай, Өзбек, Қазақ атауларының мағынасын айтыңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Ақселеу Сейдімбек Қазақтың ауызша тарихы: Зерттеу-Астана: Фолиант, 2008.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы (көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, 2002.

 

ІІІ-блок. Қазақстан территориясында саяси-әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы және дамуы.

11-лекция. Көне дәуірдегі адамзат қоғамының қалыптасуы

1. Аналық және аталық ру және қауымның, әйгілі биліктің пайда болуы.

2. Сақ, ғұн, қаңлы, үйсін мемлекеттерінің құрылысы.

Билік жүйесінің пайда болуы. Профессор А.Күзембайұлының Әйгілі билік туралы анықтамасы. Прото мемлекет. Мемлекеттің критериялары.

Еуразия территориясындағы саяси оқиғаларға қатысуы. Қазақстан жерінде мемлекеттің пайда болуы. Сақ қоғамындағы мемлекеттік функциялар. Патша билігі. Ғұн, қаңлы және үйсін мемлекеттері. Билік жүйесі.

Бекіту сұрақтары:

1. Әйгілі билік дегеніміз не?

2. Прото мемлекет, мемлекет дегеніміз не?

3.Әскери демократия дегеніміз не?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.(с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы (көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, 2002.

 

12-лекция. Түркі дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі саяси-әлеуметтік қатынастар

1. Көне түркі қоғамының әлеуметтік құрылымы және мемлекеттік-құқұқтық жүйесі.

2. Түркеш, қарлық, қарахан, қимақ-қыпшақ мемлекеттерінің құрылымы.

Түрік қағанаты, империясы. Территориясы, астаналары. басқару және құқұқ жүйесі.

Түрік мемлекеттері: түрік, түркеш, қарлұқ, қимақ, қыпшақ, найман, керей т.б. Территориясы, астаналары және құқұқтық жүйесі.

Бекіту сұрақтары:

1. Түркі мемлекетінің құрылуының себептері?

2. Түркі қоғамындағы мемлекеттің ролі?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.(с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы (көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, 2002.

 

13-лекция. Алтын Орда құрамындағы Қазақстан

1. Алтын Орданың мемлекеттік-құқықтық жүйесі.

2. Шағатай ұлысының мемлекеттік-құқықтық жүйесі.

Ұлық Ұлыс мемлекетінің дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі. Териториясы, астаналалы, салық жүесі. Салық дәптері. Шекара қызметі. Пошта жүйесі. Пайзылар. Хан, Беклербек, Бас уәзір, уәзірлер. Шыңғысханның Жарғысы.

Шағатай Ұлысы. Моғолстан мемлекеті. Маңғылай сүбе. Шыңғысханның Жарғысы. Шариғат.

Бекіту сұрақтары:

1. Ұлық Ұлыс мемлекетінің әлем өркениетіне қосқан үлесін атаңыз?

2. Шағатай, Моғолстан мемлекетінің ерекшелігін көрсетініз?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.(с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 2-том, Алматы, Атамұра, 2010

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000-260 б.

Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы (көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, 2002.

 

14-лекция. ХVІІІ-ХІХ ғасырдың І-жартысындағы Қазақ хандығының саяси дағдарысқа ұшырауы

1. Қазақ-жоңғар соғыстарының негізгі себептері

2. Қазақ жүздерінің Ресей протекторатын қабылдауы.

Қазақ -жоңғар қатынастары. Ойраттар. Қазақ-жоңғар соғыстарының негізгі себептері. Отан соғысы. Қожаберген жыраудың Елімай дастаны.

Қазақ хандығының дағдарысы. Әбілқайыр, Тевкелев елшілігі. Протекторат түсінігі.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақ-жоңғар соғыстарының негізгі себептерін атаңыз?

2. Протекторат дегеніміз не?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.(с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 3-том, Алматы, Атамұра, 2010

Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия.-Астана: «Фолиант». 2000.

Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)

15-лекция. Қазақстанның Ресей империясының отарына айналуы

1. Қазақстанның тәуелсіздігін жоғалтып, Ресейдің құрамына кіруі.

2. ХІХ ғасырдың аяғындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

ХІХ ғасыр басындағы Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ағылшын-орыс бәсекелестігі. Ресейдің Қазақстанға деген саясатының белсенділігі. Ресейдің Батыс және Солтүстік Қазақстанға жасаған отаршылдығы. Орыс-қазақ соғыстары.

1867-1868, 1870, 1891 жж. әкімшілік реформалар. Сот жүйесі. Салық жер саясаты. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Қазақ халқының ұлт-азаттық соғысы.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы мемлекеттің дағдарысы және оның жойылуының себептерін атаңыздар?

2. ХІХ ғасырдың аяғындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформаларының салдарын атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.(с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиант, 2001.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы. Зерттелу тарихының кейбір мәселелері. Редакциясын басқарған А.К. Әбілев. Қарағанды 1992 ж.

Қосымша:Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 3-том, Алматы, Атамұра, 2010

 

16-лекция. КСРО құрамындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік құрылымы

1. Қазақ автономиялық өлкесінің құрылуы.

2. Қазақстанның одақтық республикаға айналуы

Азамат соғысы кезіндегі мемлекеттік құрлыс. 1919 ж. Казревкомның құрылуы. Алаш орданың жойылуы.

Қазақ АССР құрылуы. Кеңес билігінің қалыптасуы. Бірінші астана Орынбор. Қызылода, Алматы. 1937 конститутция. 1978 ж. конститутция. Қазақстан жеріндегі партия саясатының ерекшеліктері.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан территориясындағы кеңес үкіметі қалыптасуының негізгі этаптарын атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:АбильЕ. История государство иправа Казахстана: Курс лекций. 3-е изд. Перераб. и доп. Караганда: ТОО «Учебная книга», 2005.

Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010

ІV-блок. Қазақстандағы экономикалық қатынастардың қалыптасуы, дамуы (эволюцисы) және өзгеруі (трансформациясы).

 

17-лекция. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы және оның тиімділігі

1. Көшпелі мал шаруашылығының шығуы.

2. Ресейдің отаршылдық саясатының салдарынан көшпелі мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы.

3. Кеңес дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығының трансформациясы.

Көшпенді, номад, номадизмнің түсініктері. Көшпелі мал шаруашылы шығуының себептері. Көшпенділіктің критерилері. Көшіп-қонудың маршруттары.

Седентаризация түсінігі. Ресейдің қазақстанды жаулап алуына байланысты жердің тарылуы. Әскери бекіністер, казактар. Қазақ жерінің Ресей меншігі болып жариалануы.

Кеңес дәуіріндегі жер-су реформасы. Тәркілеу.

Бекіту сұрақтары:

1. Номадизм дегеніміз не?

2. Көшпелі мал шаруашығына көшудің себептерін көрсетіңіздер?

3.Номадизм экономиканы өрістеудің ерекше түрі болғандығын көрсетіңіздер?

4. Ресей отаршылдығының көшпеліліке тигізген әсері?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000.

Қосымша:Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. М.; Алматы: Социвест-Горизонт, 1995.

Марков Г.Е. Кочевники Азии: Структура хозяйства и общественной организации. М.: Изд-во МГУ, 1976.

Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ – начале ХХ века: Политико-экономи­ческий анализ. Алма-Ата: Наука, 1971.

 

18-лекция. Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы

1.Ерте және орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.

2.Қазақстанның дәстүрлі егіншілігі.

Қазақстан территориясындағы егіншілік аудандары: Сыр бойы. Жетісу, Шу-Талас, Арыс аңғары, Ертіс жағалауы. Негізгі мәдени дақылдар.

Негізгі құрал саймандар. Ирегация жүйесі. Арық, бас арық, қазан арық, бел арық, көлтабан, бөгет. Қарық жүесі.

Бекіту сұрақтары:

1. Негізгі егіншілік аудандарды атаңыздар?

2. Мәдени дақылдар дегеніміз не?

3.Қазақстандағы суландыру жүесінің ерекшелігі?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000 г.

Қосымша:Артыкбаев Ж.О. Этнология и Этнография Астана Фолиянт, 2001.

Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. М.; Алматы: Социвест-Горизонт, 1995.

Масанов Н.Э. и др. История Казахстана: народы культуры. Учебное пособие. Алматы. Дайк-Прес, 2000.

Марков Г.Е. Кочевники Азии: Структура хозяйства и общественной организации. М.: Изд-во МГУ, 1976.

 

19-лекция. Көне және ортағасырлық қалалар және олардың көшпелі ұлыстармен байланысы

1. Қазақстан қалаларының архитектурасы және құрамдас бөліктері

2. Қала мәдениетінің негізгі аймақтары.

Қала түсінігі. Қала кретилері. Шығыс пен Батыс қалаларының айырмашылығы. Сәулет өнері.

Қазақстан қалалары. Жетісу, Сыр бойы, Талас-Шу, Ертіс бойы, Жайық бойы қалалары. Қалалар тарихы. Қазіргі қалармен байланысы.

Бекіту сұрақтары:

1. Қала дегеніміз не?

2. Қандай белгілермен қаланы анықтауға болады?

3.Еуропа және Қазақстан қалаларының айырмашылыгғын атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Байпақов К. Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, Қазақстан, 1992.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 2-том, Алматы, Атамұра, 2010

20-лекция. Кеңес үкіметінің қазақ шаруашылығын одан әрі күйзеліске ұшыратуы

1. Ресейдегі азамат соғысының қазақ шаруашылығына кері әсері.

2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты және оның қазақ жеріндегі салдары.

3. Қазақстан территориясында КСРО әскери полигондары және жазалау лагерьлерінің пайда болуы.

Азамат соғысы. Қоныс аудару. Жұт. Егіннің шықпай қалуы. Аштық.

Голошекиннің Қазақстанға билік басына келуі. «Кіші Қазан». 1928 жылғы тәркілеу. Ұжымдасдыру. Қазақ зиялы қауымының қарсылығы. Қолдан ұйымдастырылған ашаршылық салдарынан қазақ халқының тең жартысының өлуі. Түрт түліктің түгелге жуқ қырылуы.

Қазақстандағы лагерлер жүйесі. Карлаг, Степлаг, Алжир т.б. Семей полигоны.

Бекіту сұрақтары:

1. Ресейдегі азамат соғысының қазақ шаруашылығына кері әсерін көрсетіңіз?

2. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты және оның қазақ жеріндегі салдары қандай болды?

3. Қазақстандағы лагерлерді атағыздар?

4. Семей полигонының зардабын атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Омарбеков Т. Зобалаң (Күштеп ұжымдастыруға қарсылық). Алматы, Алматы, Санат,1994.

Қосымша:Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 4-том, Алматы, Атамұра, 2010

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010

 

V-блок. Қазақ халқының рухани дүниесі.

21-лекция. Тілдің және жазу өнерінің пайда болуы, дамуы

1. Көне түркі тілінің және жазуының пайда болуы.

2. Ислам дінінің қазақ қоғамына кіруі және ислам мәдениетінің әсері.

Лингвистика. Көне түркі тілінің пайда болуымен қалыптасу тарихы. Тілдің дамуы. Сақ дәуірінен бастап, сына жазудың басталу тарихы. Түріктердің тасқа қашап кеткен жазулары.

Арабтардың Орта Азияға басып кіруі. Түркештермен соғысы. Түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы. Қожа Ахмет Яссаудың ислам дінін уағыздауы. Қазақ қоғамындағы қожалар. Ислам мәдениеті.

Бекіту сұрақтары:

1. Көне түркі тілінің және жазуының пайда болу себептері?

2. Қожалар дегеніміз кімдер?

3. Түріктер неге мұсылман дінін қабылдады?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 2010.

Қосымша:Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, Жалын, 1994.

Қазақ мәдениеті, қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Бас ред. Ерлан Арын. Алматы, 1999.

 

22-лекция. Ауыз әдебиеті және оның түркі әлеміндегі орны

1. Көне түркі ауыз әдебиеті.

2. Ноғайлы заманының ауыз әдебиеті.

Ауыз әдебиеті ұғымы. Сақ, ғұн, түркі дәуіріндегі аыуз әдебиеті. Жырлар және олардың маңызы. Ел қорғау, батырлық мәселесі.

Ноғайлы ұғымы. «Қырымның қырық батыры» немесе Ноғайлы жыры. Едіге, Шора, Қарадөң, Ер Тарғын, Қобыланды т.б. Әлемдегі 40-тан тұратын ең көлемді милиондаған шумақтан тұратын батырлар жыры.

Бекіту сұрақтары:

1. Көне түркі ауыз әдебиеті өкілдерін атаңыз?

2. Қырымның қырық батыры деген не?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 2-том, Алматы, Атамұра, 2010.

Түркі руханиаты. Оқу құралы:(Ахметов Т, Әлібек Т және А.Күзембайұлы) Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 2006.

Қосымша:Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, Жалын, 1994.

Қазақ мәдениеті, қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Бас ред. Ерлан Арын. Алматы, 1999.

Қозыбаев М. Ұлт және өркениет Алматы, Арыс 2001.

 

23-лекция. Қазақ халқының жазба әдебиеті

1. Орта ғасырдағы түркі жазба әдебиеті.

2. Ресей құрамындағы Қазақстанның жазба әдебиеті.

3. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.

Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттер. Қазақ хандығы тұсындағы шығармалар: М.Х. Дулатидің «Тарих и Рашиди», Қадірғали Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазының «Түрік шежіресі», Құрбанғали Хамиттың «Тауарих Хамсасы» т.б.

Жазба әдебиеті. Абай Құнанбайұлы. Ыбырай Алтынсари. Шоқан Уәлиханов т.б.

Қазақ Кеңес әдебиетінің қалыптасуы. Ахмет байтұрсын, М.Дулатов, С. Сейфулин, Ж. Аймаутов, Б.Майлин, І. Жансүгіров, С.Мұқанов, Ж..Жабаев, М. Әезов т.б.

Бекіту сұрақтары:

1.Ортағасырдағы түркі жазба әдебиеті өкілдерін атаңыз?

2. Жазба әдебиет дегеніміз не?

3. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің өкілдерімен еңбектерін атаңыздар?

Әдебиеттер

Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.

Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 3-том, Алматы, Атамұра, 2010.

<



©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.