Здавалка
Главная | Обратная связь

Бурханбеков Кайрат Едилбекович, PhD 1-курс

СИЛЛАБУС

Элективті пән

Пән: «КАТ 4407 – Табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдарды

өңдеудің технологиясы»

4 курс, қ/б, күзгі семестр, 3 кредит

Дәріскер:

Жақсылықова Гүлбану Жақсылыққызы, х.ғ.к., аға оқытушы

Телефондары: 87011611430

e-mail: banu.81@mail.ru

каб.: 306 бөлме

Оқытушылар (зертханалық сабақтар):

Әбілдин Тлеутай Сәрсенбайұлы, х.ғ.д.

Телефондары: 87016144979

каб.: 306 бөлме

Бурханбеков Кайрат Едилбекович, PhD 1-курс

Телефондары: 87024253901

E-mail: burhanbekov@mail.ru

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

 

§ Мақсаты:табиғи, мұнайға серік және технологиялық (мұнайзауыт) газдардың құрылымын, сипаттамаларын, өндіру көздері және олардың мұнайхимиялық өнеркәсіпте қолдану жолдарын оқыту.

 

§ Міндеттері: студенттер табиғи, мұнайға серік және технологиялық (мұнайзауыт) газдардың құрылымын, сипаттамаларын, өндіру көздері және олардың мұнайхимиялық өнеркәсіпте қолдану жолдарын біліп, химик-технолог мамандарын қалыптастыру.

Құзыреттері (оқытудың нәтижелері):

Модульді оқыту нәтижесінде игерілетін компетенциялар (білім, дағды, компетенциялар): табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдардан индивидуалды көмірсутектерді дайындау және бөліп алу тәсілдерін білу керек.

Студент табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдарының көмірсутек шикізаттары негізіндегі маңызды мұнайхимиялық синтездері облысы бойынша әдебиеттік және патенттік ізденіс жүргізе алуды жасай білу керек.

Студент С14 көмірсутекті табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдарының химиялық өңдеу облысының компетенциясын игеру керек.

 

§Пререквизиттері: бейорганикалық химия (негіздері), органикалық химия (негіздері), катализ (негіздері), физикалық химия (термодинамика және химиялық кинетиканың негіздері)

 

§Постреквизиттер: профилдік және арнайы пәндер.

 

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Ап- та Дәріс тақырыптары мен мазмұны Са- ғат СӨЖ тақырыптары
1 модуль. Табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдардың құрылымы, сипаттамалары және оларды өндіру көздері
Табиғи газдар. Түрлері және құрылымы. Табиғи газдарды өндіру. Мұнайға серік газдар. Түрлері және құрамы. Өндіру көздері. «Құрғақ» және «майлы» газдар.  
Технологиялық газдар. Түрлері және құрылымы. Өндіру көздері. Мұнайзауыт газдары: тура айдау газдары және мұнайды деструктивті өңдеу газдары. Түрлері және құрылымы. Өндіру көздері. Көміртек оксидтері. Өндіру көздері. Табиғи, мұнайға серік және мұнайзауыт газдары. Өндіру көздері. Түрлері және құрылымы. Қолданудың негізгі бағыттары.
2 модуль. Табиғи, мұнайға серік және технологиялық газдардан мұнайхимиялық өнеркәсібі үшін көмірсутек шикізатын бөліп алу және айыру тәсілдері
3-4 Мұнайға серік және технологиялық газдардан көмірсутек шикізатын бөліп алу мен айырудың физикалық және химиялық әдістері. Метанды айырып алу. Этан мен этиленді айырып алу. Пропан мен пропиленді айырып алу. Бутан-бутилен фракциясын айырып алу. Мұнайға серік және технологиялық газдардан көмірсутек шикізатын бөліп алу мен айырудың физикалық және химиялық әдістері.
3 модуль. С14 алкандардың, С24 алкендердің және көміртек оксидтерінің мұнайхимиялық синтезде қолданылуы
Ацетиленді метанды пиролиздеу арқылы өндіру. Реакция механизмі. Процестің термодинамикасы мен кинетикасы. Ацетиленді метанды пиролиздеу арқылы өндірудің өнеркәсіптік технологиялары.    
Метаннан күйені өндіру. Процестің жүру механизмі. Күйені метанды пиролиздеу арқылы өндірудің өнеркәсіптік технологиялары. 1-6 аптада оқылған дәріс бойынша берілетін қосымша тапсырманы орындау.
7-9   Метаннан сутегіні және синтез-газды өндіру. Процестің жүру механизмі. Сутегіні және синтез газды метаннан тотықты конверсиялау арқылы алудың өнеркәсіптік технологиялары. Синтез-газ негізіндегі синтездер. Оксосинтез. Көміртек оксидтері негізіндегі синтездер. Метанды мұнайхимиялық өнеркәсіпте қолданудың негізгі бағыттары.
Метанды оттекті қосылыстарға парциальды тотықтыру. Метанды С23 көмірсутектерге тотықты конденсациялау. Синтез-газ негізіндегі синтездер.
Метанды галоидтеу. Метанды хлорлау арқылыхлорметандарды өндіру.Хлорметандарды фторлау арқылы фторметандарды өндіру.    
С24 алкандарды термодеструкциялық өңдеу процестері. Алкандарды пиролиздеу процесінің химиялық негіздері. Этилен мен пропиленді өндіру. С24 алкандарды пиролиздеу арқылы С24 алкендерді өндіру технологиялары.
С23 алкендерді тотықтыру және гидратациялау. Этиленді тотықтыру арқылы этилен оксидін өндіру. Этиленді гидратациялау арқылы этанолды өндіру.  
14-15 Мұнайзауыты газдарының көмірсутек шикізатынан мотор жанармайларының жоғары октанды компоненттерін каталитикалық синтездеу. С46 алкандарды изомерлеу. Изобутанды бутилендермен алкилдеу. С34 алкендерді олигомерлеу.  
         

 

Зертханалық сабақтар:

 

№ п Зертханалық сабақтың жоспары Апта Сағат
«Табиғи газдың ауа бойынша меншікті тығыздығы мен салмақтық әдіс бойынша ылғалдылығын анықтау»
Зертханада қауіпсіздік техникалық ережелерімен танысу
1-жұмыс: Ауа бойынша газдың меншікті тығыздығын анықтау жұмысының теориялық бөлімін тапсыру
Сытылу әдісі арқылы газдың тығыздығын анықтау Қондырғының сипаттамасы (эффузиометр моделі) Жұмыстың істеу тәртібі 3-6
Жұмыстың тапсырмаларын орындап, қорытынды сұрақтарға жауап беріп, қорытынды есебін өткізу
2-жұмыс: Табиғи газдардың құрамындағы ылғалды анықтау жұмысының теориялық бөлімін тапсыру
Номограмма бойынша табиғи газ құрамындағы ылғалды анықтау, есептеу әдісі арқылы газ құрамындағы ылғалды анықтау, табиғи газ құрамындағы ылғалдылықты тәжірибе жолмен анықтау Лабораториялық қондырғының сипаттамасы 9-13
Жұмыстың тапсырмаларын орындап, қорытынды сұрақтарға жауап беріп, қорытынды есебін өткізу
Алынған тәжірибелердің нәтижелерін қорытындылау.
Барлық сағат саны:

Әдебиеттер тізімі

Негізгі

1. Бардик Д.Л., Леффлер У.Л. Нефтехимия. Пер. с англ. М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2001. 409 с.

2. Борисович Г.Ф., Трутнев Н.А., Хохряков П.А. Углеводородные газы – сырьевые ресурсы нефтехимии. М.: Гостоптехиздат, 1960. 76 с.

3. Дорочинский А.З., Лютер А.В., Вольпова Е.Г. Сернокислотное алкилирование изопарафинов олефинами. М.: Химия, 1970. 216 с.

4. Розовский А.Я. Основные пути переработки метана и синтез-газа. Состояние и перспективы // Кинетика и катализ. 1990. Т.40. №3. С.358-372.

5. Гурвич Я.А. Химия и технология продуктов нефтехимического и основного органического синтеза. М.: Химия, 1992. 271 с.

6. Химия нефти и газа / Под. ред. В.А. Проскурякова, А.Е. Драбкина. Л.: Химия, 1989.

Қосымша

1. Суербаев Х.А. Мұнай мен газды өңдеудің термиялық және каталитикалық процестері. Алматы: Қазақ университеті, 2009. 170 б.

2. Крылов О.В. Парциальное каталитическое окисление метана в кислородсодержащие соединения // Успехи химии. 1992. Вып. 11. С.2040-2061.

3. Суербаев Х. Мұнай-газ ісінің негіздері: Оқулық –Астана: Фолиант, 2008. -376 б.

4. Шелдон Р.А. Химические продукты на основе синтез-газа. М.: Химия, 1987.

5. Лалазарян Н.В., Омаров П.О. «Лабораторный практикум» Методические указания к выполнению лабораторных работ по разработке и эксплуатации газовых и газоконденсатных месторождений. – Алматы: КазНТУ, 1994 г.

6. Коротаев Ю.П., Ширковский А.И. «Добыча, транспорт и подземное хранение газа» - М.: Недра, 1984 г.

7. Требин Ф.А., Макогон Ю.Ф., Басниев К.С. «Добыча природного газа» - М.: Недра, 1976 г.

8. Гвоздев Б.П., Гриценко А.И., Корнилов А.Е. «Эксплуатация газовых и газоконденсатных месторождений». Справочное пособие – М.: Недра, 1989 г.

9. Боровая М.С., Нехамкина Л.Г. «Лаборант нефтяной и газовой лаборатории» - М: Недра, 1990 г.

 

Аралық бақылау кестесі:

Тақырыптары Бақылау түрі Бақылау мерзімі   Балл Сағат саны
1–3 дәрістер Коллоквиум (жазбаша) 4 апта
4–7 дәрістер Коллоквиум (жазбаша) 7 апта
8–11 дәрістер Коллоквиум (жазбаша) 11 апта
12–15 дәрістер Коллоквиум (жазбаша) 15 апта
Барлық сағат саны:  

Аралық бақылау 4, 7, 11, 15 апталарда зертханалық сабақта жазбаша (40 минут) сұраққа жауап беру бойынша жүргізіледі.

 

Білімді бақылау формалары:

Студент орындайтын жұмыс пен тапсырма түрлері Берілетін балл мөлшері, %
Зертханалық сабақтың тапсырмасын орындау 7 апта * 5 балл = 35
СӨЖ нәтижелері 3 СӨЖ * 10 балл = 30
Лекцияға қатысу 7 апта * 2 балл = 14
Аралық бақылау
Барлығы:

Білімді бағалау шкаласы:

Бағаның таңбалық көрсеткіші Бағаның сандық эквиваленті (GPA) Пайыздық көрсеткіш Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 «Өте жақсы»
А- 3,67 90-94
В + 3,33 85-89   «Жақсы»
В 3,0 80-84
В – 2,67 75-79
С + 2,33 70-74     «Қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69
С – 1,67 60-64
D + 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 – 49 «Қанағаттанарлықсыз»
I (Incomplete) «Пән аяқталған жоқ»
W (Withdrawal) «Пәннен бас тарту»
AW (Academic Withdrawal) «Пәннен шығарылды»
AU (Audit) «Пән тындалды»
P/NP (Pass / No Pass) - 65-100/0-64 «Есептелді/ есептелінген жоқ»

I, P, NP, W, AU – бағалары университеттің академиялық саясатына сәйкес қойылады. AW – бағасы сабаққа себепсіз қатыспаған сағат мөлшері 60 %-дан асып кеткен, СӨЖ-ын белгіленген уақытта тапсырмаған (үш рет), ішкі ережелерді орындамаған жағдайларда қойылады.

Семестр бойына студенттердің жұмысын бағалау кезінде келесілер есептелінеді:

-сабаққа қатысу/сабақты босатпау;

-зертханалық сабақтарға белсенді және нәтижелі қатысу;

- негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу;

- СӨЖ-ын орындау;

- барлық тапсырмаларды белгіленген уақытта тапсыру.

Академиялық тәртіп пен этика талаптары:

Сабаққа кешікпеу; Сабақ кезінде басқа әдебиеттерді оқымау; Сабақта ұялы телефонды сөндіріп қою; Сабаққа денсаулығыңызға байланысты келе алмаған жағдайда анықтама қағазын көрсету; Оқу процесіне белсене қатысу; Үй тапсырмалары мен СӨЖ-ын өз бетінше орындау; Өз әріптестеріне, оқытушыларға, университет қызметкерлеріне мейірімді, ашық болып, шыдамдылық таныту; Плагиат және басқа да заңсыз әрекеттер мен шпаргалка қолдануға жол жоқ.

Көмек көрсету: Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша кеңес алу, өткен материалдар бойынша қосымша ақпарат алу үшін және осы курс бойынша басқа да сұрақтар туындайтын болса, оқытушының офис-уақыты (СОӨЖ сағаты) кезінде ғана жолығыңыз.

 

Кафедра мәжілісінде қарастырылған, хаттама № 42 «17» маусым 2014 жыл

 

 

Кафедра меңгерушісі,

х.ғ.д., профессор М.К. Алдабергенов

 

 

Дәріс оқушы, х.ғ.к., аға оқытушы Г.Ж. Жақсылықова





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.