Здавалка
Главная | Обратная связь

БЛОК №3. Босану физиологиясы.



МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

«АКУШЕРЛІК ІС ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

департаментінің директоры,

м.ғ.к., доцент

__________Л.Т.Алимбекова

«___» __________2013 жыл

«АКУШЕРИЯ, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНКОГИНЕКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ » пәні бойынша

C И Л Л А Б УС

Пән коды – AG-4303

Мамандық: 051301 – «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі: 405 сағат

Лекция: 30 сағат

Практикалық сабақ: 240 сағат

СӨЖ: 135 сағат

Курсы: 4

Оқу семестрі: VII-VIII

Түркістан - 2013

«Акушерия, гинекология және онкогинекология негіздері» пәнінің силлабусы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2009 жылғы 05 қарашадағы № 651 бұйрығымен бекітілген, 051301- «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған жұмыс бағдарламасы негізінде жасалынды.

 

 

Силлабус «Акушерия және гинекология» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі__________м.ғ.к., ХҚТУ профессоры Р.Г. Нурхасимова

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2013 ж.

Комитет төрағасы _____________ м.ғ.к., аға оқытушы Р.И.Ашурметов

 

 

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2013 ж.

Комитет төрайымы_________________м.ғ.к., аға оқытушы У.Б.Татыкаева

 

 

Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Нурхасимова Раушан Габбасқызы -медицина ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ профессоры, жоғары дәрежелі дәрігер ҚР денсаулық сақтау үздігі, «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасының меңгерушісі.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Экологиясы зиянды Түркістан аймағында тұратын жасөспірім қыздардың репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау және реабилитациясы.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 60-тан астам жарияланымдар, оның ішінде 3

оқу құралы, 2 дәрістер жинағы, 52 мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (272

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

2. Даниярова Аманкүл Жұманазарқызы - медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жүктілік және босану ағымына интергенетикалық интервалдың әсері

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 110 – нан астам жарияланымдар, оның ішінде 5 оқу құралы, 102 ғылыми көпшілік мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (272

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

3. Зулпухаров Асатулла Жуманұлы –оқытушы

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Түркістан қаласындағы семіздікке шалдыққан жүкті әйелдердің гестозға шалдығу жиілігі.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 15- тен астам жарияланымдар, оның ішінде 1

оқу құралы, 8 мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

4. Жунисов Даулет Сағыналиұлы – оқытушы

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Әйелдерде бедеулікті емдеудің қазіргі таңдағы тәсілдері

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 8- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 1

оқу құралы, 7 мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

5. Кушкарова Айгерим Алимханқызы -магистр оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Бактериалық вагиноздың жатыр тыртығы бар жүкті әйелдерде жүктілік, босану, босанғаннан кейінге кезең ағымына әсері

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 12- ден астам жарияланымдар, оның ішінде 5

оқу-әдістемелік құралы, 7 мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

6. Раисова Адебиет Темирбулатқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер, ҚР денсаулық сақтау үздігі

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы -

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 60-тан астам жарияланымдар, оның ішінде 3

оқу құралы, 2 дәрістер жинағы, 52 мақала.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274

бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

7. Бахтиярова Алма Шапхатқызы – оқытушы

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы - Түркістан аймағында тұратын әйелдерде әдеттенген жүктілікті көтереалмаушылығының себебі мен жиілігі.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 2 мақаласы жарияланған.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

8. Торғауытова Жансая Ермұратқызы – оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі, ағымы мен асқынуы.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақаласы жарияланған.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274 бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

9. Юнусова Севара Толкынқызы – оқытушы.

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Контрацепция – әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтаудың жалғыз тәсілі.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 мақаласы жарияланған.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина

ғимараты, медицина факультеті, Акушерлік іс және гинекология кафедрасы (274 бөлме).

Тел. 872533-63636 (ішкі1068).

 

Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

Кіріспе.

Акушерия және гиникология, ішкі аурулармен және хирургиямен бірге клиникалық медицинаның іргелі пәні болып табылады. Бұл саладағы біліктілік медициналық жоғары оқу орнының түлегі үшін міндетті. Білікті дәрігер әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін білуі, тек емдік-диагностикалық қана емес, сондай-ақ алдын алу шараларын жасай алуы керек. «Әр мамандық дәрігері бір сағатқа болса да акушер жағдайында қалуы мүмкін, және ол жауапты сағат болмақ, оның әрекетіне ана мен ұрықтың тағдыры тәуелді болады.»

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі компетенциялардың дамуына бағытталған.

 

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Салыстырмалы үлестірілімі
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады 0,2
Б2.1 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1): науқастармен жұмыс жасаған кезде, әртүрлі жағдайда коммуникативті дағдыларды меңгергендігін көрсете алады. 0,2
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1): науқастардың шағымын жинақтау, физикальды зерттеу жүргізу, анамнез жинақтау, зерттеу жоспарын тағайындау, зерттеу нәтижелерін оқу, диферренциальды диагностика жасау, диагноз қою, емдеу жоспарын жасап әртүрлі жағдайлардағы патологияларды ескере отырып оның тиімділігін анықтау секілді дағдыларды көрсете біледі. 0,3
Б2.3 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1): Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді. 0,3

 

2.2. Пәннің мақсаты: жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу мен диагноз қою мен шұғыл көмек көрсету бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

2.3. Оқытудың мақсаттары:

- Студенттерді акушерия мен гинекологиядағы диагностика мен емдеудің негізгі

таныстыру;

- Студенттерді физиологиялық жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі

кезеңді жүргізуге үйрету;

- Студенттерді акушериялық-гинекологиялық патология кезінде шұғыл көмек

көрсетудің принциптеріне үйрету;

- Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау

мәселелерімен таныстыру;

- Тұлғааралық қарым-қатынас, жүктілер мен гинекологиялық науқастарға кеңес

беру бойынша коммуникативтік дағдыларды жетілдіру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген құзіреттіліктер Оқытудың соңғы нәтижелері
Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ – БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін және осы пәндіигеру барысында пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үлестіреді.
Б2.1 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ- КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина қызметкерлерімен сенімді қатынас құруда, топта жұмыс істеуде этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:медицинамен байланысты сұхбатты тиімді түрде бере алады. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:коммуникативті дағдылар принциптерінің құндылықтарын үлестіреді.
Б2.2 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін, физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы мен жүргізу принциптерін, акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін, жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық көрінісін, диагностика принциптерін шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуда, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау принциптерін, емшекпен емізу принциптерін, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу нәтижелерін талдау, жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтау, жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік:жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинау, жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін , босанған әйелге баланы емізу техникасына үйрету,бБосанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды аменорея әдісіне үйрету, Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалау, босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтау т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.
Б2.3 ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ – МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР (1) Білім (когнитивті) домені: Қолданады:осы пәнді игеру барысында алған білімін акушерлік және гинекологиялық процедураларда қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: акушериялық сыртқы және ішкі тексеру, арнайы тексеру әдістері: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-ішекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру, емшекті қарау және пальпациялау, бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, ішектегі затты онкоцитологиялық тексеру, жатырішілік контрацептивтерді енгізу, ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясы, КТГ, гравидограмма, партограмманы жүргізу, операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу, нәрестені біріншілік өңдеу т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үлестіреді:жасаған іс-әрекетінің құндылықтарын үлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады.

Оқудың соңғы нәтижесін талдау:

Студент білуі тиіс:

1. ҚР акушериялық-гинекологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүктілер мен гинекологиялық науқастарға акушериялық-гинекологиялық көмек көрсетуді аймақтандыру принциптерін;

2. Әйел организмінің түрлі жас кезеңдеріндегі клиникалық-физиологиялық ерекшеліктерін;

3. Пациентпен, оның туыстарымен, қызметтестермен және басқа медицина

қызметкерлерімен сенімді қатынас құруды;

4. Топта жұмыс істеуді;

5. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексеру ерекшеліктерін;

6. Физиологиялық жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің ағымы

мен жүргізу принциптерін

7. Акушерия мен гинекологиядағы зерттеудің қазіргі қосымша әдістерін;

8. Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістерін;

9. Жиі кездесетін акушериялық және гинекологиялық патологияның клиникалық

көрінісін, диагностика принциптерін, шұғыл жәрдем көрсету және алдын алуды;

10. Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мен отбасын жоспарлау

принциптерін;

11. Емшекпен емізу принциптерін;

Студент жасай алуы тиіс:

1. Жүктілер мен гинекологиялық науқастардан анамнез жинауды;

2. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің объективті әдістерін

қолдануды;

3. Жүктілер мен гинекологиялық науқастарды тексерудің жоспарын құру мен зерттеу

нәтижелерін талдауды;

4. Жүктілік пен босану кезінде қауіп факторын анықтауды;

5. Жүктілік пен босану патологиясына диагноз қоюды;

6. Босанған әйелге баланы емізу техникасына үйретуді;

7. Босанған әйелге босанғаннан кейінгі контрацепцияға, соның ішінде лактационды

аменорея әдісіне үйретуді;

8. Апгар әдісімен нәресте жағдайын бағалауды;

9. Босануда бала жолдасының тұтастығы мен қан жоғалтуды анықтауды;

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

• Акушериялық сыртқы және ішкі тексеру;

• Арнайы тексеру әдістеріне: жатыр мойынын айнамен қарау, жатыр қабырғасын-

ішекті бимануальды тексеру, ректальды және ректовагинальды тексеру;

• Емшекті қарау және пальпациялау;

• Бактериоскопиялық және бактериологиялық тексеруге сүртінді алу, ішектегі затты онкоцитологиялық тексеру;

• Жатырішілік контрацептивтерді енгізу

• Ұрықтың (іштегі нәрестенің) жүрек соғысының аускультациясын, КТГ;

• Гравидограмманы, партограмманы жүргізу мен түсіндіру;

• Босанғаннан кейінгі кезеңдегі жағдайын бағалау;

• Операциядан кейінгі тігістер мен бұтаралықтағы тігістерді өңдеу;

• Нәрестені біріншілік өңдеу.

2.5. Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:

Реквизитке дейінгі:анатомия, физиология, микробиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар, дәлелді медицина негіздері, фармакология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология.

Реквизиттен кейнгі:жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік тәжірибе, интернатура.

2.6. Пәннің мазмұны

Дәріс:Дәрістердің мазмұны медицина ғылымының қазіргі тенденцияларын ашып көрсетуі керек.

БЛОК №1. Акушериялық-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Акушериялық-гинекологиялық көмектегі аймақтандыру принциптері. Қазақстан Республикасында акушериялық-гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.Акушериялық-гинекологиялық мекемелердің типтері, олардың негізгі міндеттері. Аймақтандыру принциптері. Акушерия және гинекологиядағы әтика және деонтология. Акушериялық стационардың санитарлық-гигиеналық режимінің ерекшеліктері.

Репродуктивті денсаулық пен оны қорғау туралы түсінік.Репродуктивті денсаулық. Репродуктивті құқық. Сексуальды құқық. Отбасын жоспарлау. Қыз балаларды жыныстық тәрбиелеу. Контрацепция. Контрацептивті заттардың жіктемесі. Ана өлімінің негізгі себептері, қауіп факторларын анықтау. Түсік түсудің алдын алу.

Жүктілерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру, ұрықты антенатальді қорғау.Жүктілер мен босанған әйелдерді диспансерлік бақылау. Гравидограмма. Ұрықты антенатальді қорғауда әйелдер кеңесінің рөлі. Ұрықты тексерудің биофизикалық және биометрикалық әдістері. Пренатальды диагностиканың инвазивті әдістері. Ұрықтың даму ақауларын ерте анықтау мен алдын алудағы медициналық-генетикалық кеңестің ролі.

БЛОК №2. Жүктіліктің физиологиясы мен потологиясы

Жүктілік физиологиясы.Жүктілік кезінде әйел организміндегі өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес қауіпсіз жүктілікті қамтамсыз ету.

Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің қазіргі қосымша әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.

Жүктілік потологиясы.Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік кезіндегі қанкетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы қазіргі көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық дәрежесін бағалау. Әйелдер кеңесі жағдайында алдын алу. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар кезіндегі дәрігердің тәсілі. Преэклампсия және эклампсия кезінде шұғыл терапияның принциптері. Жүктілік кезіндегі қан кетулер. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Плацентаның ұрық жолында орналасуы.

Экстрагенитальді патология және жүктілік.Экстрагенитальды патологияның (жүрек-қантамыр жүйесі, зәр шығару, тыныс алу, асқорыту, эндокриндік жүйе аурулары) жүктілік пен босану ағымына және құрсақішіндегі нәресте жағдайына әсері. Экстрагенитальды патология кезінде жүктілік пен босануды жүргізудің ерекшеліктері. Жүктілерде экстрагенитальді ауруларды емдеу принциптері.

Жүктілерді босануға дайындау.Жүктілердің емдік-қорғау режимі. Жүктілерді босануға физиологиялық-психопрофилактикалық дайындау. Босану алдында қауіп факторларын бағалау.

БЛОК №3. Босану физиологиясы.

Физиологиялық босану туралы түсінік. Босанудың басталу себептері. «Босану доминанты», организмнің босануға дайындығы туралы түсінік. Жатыр мойнының жетілу дәрежесі. Босану кезеңдері. Толғақтар мен күшену. Босану ұзақтығы.

Босануды жүргізу.Босануды жүргізудің белсенді-күту тактикасы. Босану қызметін тіркейтін қазіргі әдістер. Ұрық басының сегменттері туралы түсінік. Босануда ұрықтың бейімделуі. Газ алмасу және босану процесіндегі ұрық гомеостазының ерекшеліктері. Босануды ДДСҰ-ға және дәлелді медицина ұсыныстарына сәйкес жүргізу. Партограмма.

Босануды жансыздандыру. Акушериялық көмек көрсету.Босануды жансыздандыру әдістері. Жансыздандырушы заттардың ұрыққа әсері. Акушериялық көмекті мұқият көрсету. Босануда босанушы мен ұрық жағдайын бақылау (кардиомониторинг).

Қауіпсіз босану.Босанушыларды сыртқы және іншектік тексеру. Босануды дәлелді медицина және ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес жүргізу – қауіпсіз жүктілік пен қауіпсіз босануды қамтамасыз ету. Қан кетудің алдын алу.

Нәрестені қарау.«Жылу тізбегін» сақтау. Нәресте жағдайын бағалау. Нәрестенің алғаш дәретке шығуы, инфекциялардың алдын алу.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.