Здавалка
Главная | Обратная связь

Ілияс – абайтанушы. 8 страница



Мәселен, «Октябрьдің «Октябрі»» очеркі-Ертіс өңіріндегі жаңадан қоныс тепкен бір совхоздың қарбалас күндерінен елес. Жазушының суреттеуінде дала-бейне бір еңбек майданы. Қаптаған техника-тракторлар мен комбайндар. Қырдың қыртысы қопарылып, айнала егін теңізі болып кеткен. Кешегі құла тұз-бүгін көшесінде автомобилі жүйткіген, телеграф бағаналары тізілген. Бұл-дүлей табиғатты бағындырған совет адамдарының қаһармандық қимылының жемісі, социализмнің құдіретті күші. Міне, осы көріністерді Ілияс публицистика тілімен сөйлетеді.

Жазушының «Жарыс», «Төменнен толқын» деген очерктері Екібастұз көмір кені Риддер шахталарындағы социалистік жарысты, жұмысшылардың олқылықты жою жолындағы күресін, шаруашылыққа жанашырлық сезімін өзек еткен әкелі-балалы екі шахтердің (Жауатар мен оның баласы Рахымжан) өзара социалистік жарысын көрсету арқылы Ілияс шахта өмірінің сырын шертеді.

Ал «Бейсетай бригадасы», «Соқашылар», «Бір күн ішінде» деген очерктерінде Ілияс шығарма желісін бір күннің оқиғаларына құрып, адам мінездерін аша түседі. Бұларда кейіпкерлердің бейнесі өзіндік кескін-келбетімен, мінезімен оқшау. Алғашқы екі очерк Қаскелең ауданының «Еңбекші талап» колхозынан жазылған. Бұл – ертерек ұйымдасқан, шаруашылығы өрге басқан колхоз еді. Міне, осы колхоздың бірде озат бригадасын, бірде екпінді соқашыларын, олардың ізгі мақсат – мүдделерін жан сүйінер жақсы істерін үлгілі комсомолецтердің Бәтіш, Мәскуре сияқты еңбек екпінділерінің бейнесін жасайды.

Ілиястың «Бір күн ішінде» очеркі де тәуір. Ең алдымен оның тілі көркем, композициясы ширақ, сондықтан оны оқу жеңіл. Мұнда отызыншы жылдардың басындағы ауыл өмірінің суреті табиғи. Адамдардың портретін де, пейзажды да автор жақсы береді. Очерктегі басты тұлға – Маров. Ол – МТС – тің саяси бөлімінің бастығы. Очеркті оқып шыққанда Маровтың байсалды мінезі, іскерлігі жадында қалады.

«Әдебиет майданы» 1937 жылғы бірінші санында І.Жансүгіровтің «Қазақстан астанасы Алматы» деген публицистикалық очеркін басады. Онда ғылыми - танымдық, тарихи деректер мол. «Алматының жері жақсы», «Алматының тарихынан», «Алматы 1916 жылы», «Бүлік», «Қала сонда қандай еді?», «Ескі басшылықтың Алматысы», «Қала қалай өсіп келеді?», «Қаламыз – мәдениет ордасы», «Алматы жолдары», «Үлкен Алматы», «Бақша мен курорт», «Одақтас республиканың астанасы» деген тараулар оқушыны астанамыздың тарихын, күрес жолын, өсу белестерін, соңғы жетістіктерін білуге бірден қызықтырады. Ілияс, әсіресе, Алматының әсем табиғатын суреттеуге ұста. Жазушы Алматының келешегіне көз жіберіп, алдағы уақытта оның мәдениетті үлкен қала болатынын айтады. Сол көрегендік сөздері бүгінгі өмірде нақты орындалғанын айтпасқа болмайды. Алматы кешегі Ілияс көргендей емес, бірақ публицистің «Қаламыз – мәдиниет ордасы» деген бір ауыз сөзі бүгін 68 жыл астана болған қалаға лайықты теңеу екені талассыз. «Ілияс Жансүгіровтің бір топ очерктері бүгінгі күннің еңбек адамдары жайында», - дейді, белгілі Ілияс мұрасын зертеуші ғалым Мырзабек Дүйсенов. «Хабар ретінде жазылған жалаң очеркке ден қоймай, көркем очерк жазуға талаптанған. Бұл талабы жеміссіз болмаған. Әңгіме – очерктерінің сәтті шыққандарының композициялық тұтастығы берік, сюжеттік желісі тұтас, суреттеу, бейнелеу жағынан да кәдімгі көркем шығармаларға қойылатын талаптарға жауап бере алады»,- дей келе, Ілиястің әңгіме – очерк жазудағы аз-кем ол қылықтарына да ден қояды. «...Композициялық тұтастығын сақтай алмай, көрген – білгендерін жинақтап, қорытындылай алмай, соның салдарынан әңгіме – очерктерінің етек – жеңі жиналмай шұбалаң шығып, нақты адам бейнесі ашылмай қалған кездері де жиі ұшырасады.Мысалы «Нұрша», «Баулыған балапан» және т.б.әңгімелері көркем шығармадан гөрі, жай баяндама тіліне ұқсас» – дейді, М.Дүйсенов.

«Очерк деген әдебиеттің бүгінгі бір керекті түрі. Қазіргі өмір қарқыны, құрылыс артына күнбе-күнгі сәйкес әдебиет түрі — очерк. Өткір қалам, екпінді стиль, дәл сурет, көпшілікті тез ұйымдастырушы пікір осы очеркте. Әдебиеттің екпінді түрі осы» деп жазған. Бұл жанрларды сол кездегі ескі мен жаңа арасындағы бітіспес күрестің, жаңа заманмен бірге келген жаңалықтардың, жаңа дамудың қажет етіп отырғанын жақсы түсінген.

І.Жансүгіровтің «Жемісті жыл» мақаласы («Социалды Қазақстан», 1937, 1 январь),- Қазақстанның 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндігінің қорытындысына арнап жазылған.Бұл мақаласында автор қазақ артистері, жазушы, ақындарының әні, жыры, пьесалары Мәскеуде қандай баға алғандығы жайлы, өткен жылдың жемісті болғандығына тоқталады.

I. Жансүгіровтің журналистік мұрасын өрлей өтетін, негізгі пафосын, мазмұн-рухын танытатын 3-4 тақырып бар. Солардың бірі саяси оқиғалы тақырыптар «Қазан төңкерісі һәм қазақ, қырғыз» («Тілші» газеті, 7.11.1923) атты жалғыз мақаласы.

Оқу-ағарту, елдің сауатсыздығын жою, көңіл көзін ашу —екінші тақырып. I.Жансүгіров - ағартушы журналист. Адамшылықтың, тіршіліктің негізі, тұтқасы өнер-білімде екенін, жалпы тіршілік жарысында «мәдениет», «теңдік» деген кембеге бұрын жеткізетін — оқу, оқыту екенін жақсы түсінген, ол тек «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады. «Жетісуда оқу мәселесі» деген мақаласында елді ағарту проблемаларын батыл қойды. Ескі мектептерді есептен шығаруды, жер кесіп беріп жаңа мектептер салдыруды, жарақсыз, жарамсыз мұғалімдерді босатуды, мектептерді жабдықтауды, ағарту мәселелері туралу үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлгілі, үлкен мектептерге оқушылар жіберуді, қырғыз-қазақ институтын аянышты халден шығаруды талап етті. Бұларды Жетісу өкімет орындарының, азаматтарының, жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды.

«Ауылдағы оқытушылар міндеті» (25.6.1925) бас мақаласында «Мұғалім — ауылдағы мәдени қазық. Оның міндеті — мінезін түзеу, өзін-өзі ұстай білу, жаман әдет-ғұрыптан, сасық салт-санадан таза болу, елдің дау-шатағынан, үй арасындағы ауылжақ, атқа мінерліктен аулақ жүру» деп ескертті. Көрінген ауылдан тамақ, тамаша, өсек-әңгіме іздейтін, балаларға үлгі-өнеге, білім-тәрбие бере алмайтын, айналасын түтін айналдырып үркітіп жексұрын болған мұғалімдерге совет мектебінде орын жоқ. Мұндайларды оқу жұмысының маңайынан күреп тастауымыз керек деп міндет қойды. Автордың айтуынша, мұғалімдер жас баланың ғана емес, жалпы қара бұқараның тәрбиешісі, тіршілік, шаруа, саяси, мәдени көсемі болуға тиіс. Бұл үшін әлеумет жұмысына араласу, ысылу, газет, журнал оқу керек. Өйтпеген мұғалім салдыр-салақ, ынжық болады. Жұрт сауатсыз, шаруа шабан, қоныс шашқын, елде неше түрлі жегіштер, саудагерлер жұртты тонап жатыр. Осының бәріне мұғалімдер араласып, бас-көз болуға тиіс. Мұны істемеген мұғалім мұғалім емес.

«Жетісу қазақ институты өмірі» (11.1.1925) мақаласында институттың ашылу, даму, қиындықтарды жеңу тарихы әңгімеленді де, нақты міндеттері сараланды. «Институт мақсаты,— деді автор,— қазақ елінің бастауыш еңбек мектептеріне оқытушы боларлық, ауылдағы әлеумет істеріне мұрындық боларлық, жұрттың ескі әдет-ғұрып, тозық салт-санасымен, сауатсыздық, надандығымен күрес балуаны боларлық, соқыр сезімді қазақ, қырғыз жұртшылығына жаңа салт-сананы, тәлім-тәрбиені егерлік мәдениет қайраткерлерін шығару».

Ағартушы журналистің жоғарыда айтқан үлгілі мектептердің озық тәжірибесін пайдалану, оқу ісін мектеп, мұғалім, жабдық, жобалармен қамтамасыз ету, ел мен ағарту мекемелерінің байланысын жақсарту туралы көп ойлары бүгінгі мектеп реформасының талаптарымен мүлде үндесіп жатыр. Сондықтан оның оқу, оқыту тақырыбына жазған материалдары мәнін әлі жойған жоқ.

Журналист Ілиястың асқақ көтере, құлшына жырлаған үшінші тақырыбы — қазақ әйелінің тағдыры. Ол «Тілші» газетіне «Қазақ әйелінің өмірінен» (8.3.1924) арнаулы мақала жазған. Оны қазақ әйеліне арналған гимн десе де болғандай. Мұнда алдымен, «Алып анадан, ат биеден туады». «Қазақ әйелі — қазақ анасы, қазақ бесігі» деп анықтама береді. Мұнан соң қазақ әйелінің парасат, қабілетін былай деп құлшына жырлап кетеді. «Кешегі Алатау жайлап, Арқа күзеп, - Сыр қыстаған заманда, ұшы-қиыры жоқ -бұлттай көшпелі үркінде шаруа ұйтқысы қазақ бәйбішелері болған. Асауға алыптай құрық салып, күш ат ерттеп, лақпа қашағанды бастырып ұстайтын ер жүректі қыздары болған. Халық шаруасына төтен келген жапан даланың жалмауыз, ақсүйек жұттарында арық-тұрақ малды күрек ашып асыраған кесел-кербезсіз шаруа құты келіншектері болған. Бет жалаған аяздарда, борандарда, елдің үркін-қорқын жаугершілік заманында көш жөнекей босанып, жас баласын құндақтап, үсінбей-қабынбай көшіп кете беретін қайратты қатындары болған».

Мәдениет пен өнер саласы − Ілияс Жансүгіровтің газетке сүйіп жазатын тақырыптарының бірі. Ілияс еліміздің әдебиетін, музыкасын, әні мен күйін жинау мен, оларды өзінің творчествосына ұқыпты пайдаланумен ғана шектелмей, газет - журналдарға жазған мақала, очерктерінде, жасаған баяндамаларында халқымыздың ауыз-әдебиетін, әні мен күйін жинау, үйрену қажеттігін ақындарға, жазушыларға жалпы интеллигенттерге үнемі ескертіп, баспасөз беттерінде үн көтеріп отырады.

І.Жансүгіровтің «Қазақ күйлері жиналсын» атты мақаласы «Еңбекші қазақтың» 1927 жылғы 18 шілде күнгі санында басылған.Бұл мақаласында Ілияс:Елде не көп, ән көп, әдебиет көп, күй көп.Бірақ біз ел әдебиетінің, ел өнерінің бәрін де жинап жеткізе алмай жатырмыз.Ел өнері –бізде әлі ақтарусыз жатқан қазына»-деп ағынан жарылады. Сонымен қатар автор «Енді күйді жинау керек, оның жыл құсы-Затаевич,қалайда осындай ынталы мамандарды кезінде пайдаланып қалған олжа»-дей келе, Жетісу,Қарқаралы, Семей өңірлеріндегі ел арасына кеңінен тараған күйлерді дер кезінде жазып алмаса кеш болатындығына ерекше назар аударады. «Біздің елде ертеректе Тойтан деген бір шал 40 күй тартады екен. Ол күйлердің бұл күнде біреуін де ешкім білмейді тек күй аттарын айтып, аңыз қылысады. Сүйтіп Тойтан өлімі 40 күйді ала кетіп отыр. Жалғыз Тойтан емес, толып жатқан домбырашылар, күйшілер күйімен бірге зым-зия жоғалып жатыр. Елде жастан домбырашы шығу, жаңадан күй шығу өте сирек», - дейді. І.Жансүгіров Затаевичтің Семей арқылы Қарқаралыға барып, әндермен бірге алып қайтқан төмендегі күйлерді «Қосбасар», «Абылайдың қара жорғасы», «Боз айғыр», «Аққу», «Ақ боран», «Асанқайғы», «Бес төре», «Сарыөзен», Шал-кемпір», «Терісқақпай», «Кенесарының көкбалағы», «Қалмақ-қара жорға», «Тәттімбеттің былқылдағы», Жетісу, Қарқаралы өңірлерінен жиналған күйлерді «Ақсақ құлан», «Мәдіген –Шора», «Жошы хан», «Ахмеди күйі», «Борлы қыз», «Қара жорға», «Қосбасар», «Бұлбұл күйі», «Шашубай күйі»,» «Желмая», «Қорқыттың күйі» тағы басқа күйлерді атап, «өзге елдің, жалпақ қазақтың күйі де әзіргі атаусыз атаусыз жатқан, ақтарусыз жатқан қазына, қалайда күй жиналсын»-деген жанашырлық тілегін жеткізеді.

Келесі «Театр туралы» деген мақаласында («Еңбекші қазақ», 1929ж, 10 сентябрь). Ілияс: Мәдениет саласындағы сүбелі ісіміздің бірі - театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Қазақстан театры төрт жасқа толып келеді, негіз салынды, өгіз аяңмен болса да қазақ театры осы күнге шейін өрлеудің, өсудің жолында келеді. Бірақ театрдың өгіз аяңы осы кезде бәсеңдеуге айналды, тасбақа аяңға түсті. Көп болып көмектесіп, театрдың жұмысына жәрдем беруді тілейді. Театр туралы жұртшылық пікірі көтерілу керек дейміз. Сол көптің бірі болып, өз пікірімізді айтқымыз келеді» - деп театрдың кемшілігін қалай жоюды, оның негізгі жоспарының жоқтығын, театр әдебиетінің өте аздығы мен репертуарының ескілігіне қынжылады. Сонымен қатар жаңадан репертуар жасау мәселесіне жазушылар ұйымы кең қатыссын деген пікірі мен театр артистері – Иса, Әміре, Қалыбек, Серке, Елубай, Құрманбек, Манарбектердің ойнау мәнерлері туралы, әйел-артистердің аздығы, театрдың керекті жабдықтарының (артистердің киімдері, декорация) жарамсыздығы жайындағы ойлары ашық айтылған.

Ілиястың «Еңбекші қазақ» газетінде (1931жыл,24-25 январь) жарияланған «Ән, әншілер жайында» мақаласында жаңа ән туу үшін алдымен әнші туатындығын, ел әндерінің үш салаға бөлінетіндігін (ой музыкасы, сөз музыкасы,қимыл музыкасы), Біржан, Ақан, Әсет, Мұхит, Шолақ, Жарылғапберлі, Ғазиз, Ыбырай, Жаяу Мұсалардың салған әндерінің бір-бірінен өзгешеліктеріне тоқталады. Әміре, Қали, Балабек, Пысмылда, Манарбектердің елдің дайын әнін салудағы шеберліктері жайында өз ойларын ортаға салады.Қазақ әндерін хорға түсірудің керектігін, мұның «үлгілі жол,коллектив жолы» екендігін, қырдағы үлгі –қос дауысты театрдың ән-күйіне енгізуге байланысты және музыка құралдарының (домбыра,қыл қобыз, сыбызғы, сырнай) өз ұлтымызға қажеттілігімен қатар өнерлі елдің мандолина, рояль, пианино, скрипка, гитарына, духовойларына қол артудың маңыздылығын байыптайды.Сонымен қатар қазақ жастарының музыка мамандығын игерулеріне жол ашу қажеттігін мәселе етіп көтереді. Жазушының бұл мақаланы жазудағы мақсаты-ауыл, қаладағы клуб,сахналарымыздың өркендеуіне шама-шарқынша көмек көрсету екендігін айқын сезінуге болады.

Ілияс Жансүгіров жоғарыда аталған мақалаларында қазақ өнерінің (Ән- күйлері, театры, әншілері, артистері) дамуы мен көкейтесті мәселері жайындағы ойларын, Абайдың сөз өрнегі, ақындық шеберлігі,қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы туралы өзіндік талдау, пікірін білдірсе, Албан Асан ақын өлеңдерінің әлеуметтік маңызы мен мәнін тереңнен ашып, Мәскеу де өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің (1936жыл) онкүндігіндегі алған жоғары бағасы, атқарылар алдағы жұмыстар жайындағы ойларын, Пушкин аудармаларының қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызы туралы ойларын ортаға салған. Ілиястың өзінің қысқа ғұмырында талай қызметтің тізгінін ұстағаны көпшілікке кеңінен таныс.Осылардың ішінен қаламгерлік, журналистік қызметін ерекше мақтан еткен.Өзі бұл жайында: « Менің көрнекті еңбегім қазақтың журналистикасында жатыр... әрбір газет мақалаларында, жазу техникасында біраз істеген еңбегім жоқ емес» («Жаңа әдебиет» журналы, 1931, № 6- 7, 33- бет) деген. Сонымен қатар Ілияс баспасөздің қоғамда алар орнын, атқарар ролін зор бағалаған.Оны «өмір жаршысы» деп таныған,очерктің маңызын, өзіндік ерекшелігін: «Очерк- әдебиеттің ең бір керекті түрі. Қазіргі өмір қарқынына, құрылыс қарқынына күнбе- күнгі сәйкес әдебиет түрі- очерк.Өткір қалам, екпінді стиль, дәл сурет, көпшілікті тез ұйыстырушы пікір осы очерк»- деген анықтамамен берген.

Ілиястың бүркеншік есімдері:1923-1925 жылдары “Тiлшi” газетiнде Матай, Ағын, Шолжық деген аттарды қойып жүрсе, 1928 жылдарда Таңқыбай, Сақа, Құйқалық дегендерi бар. “Жаршы” журналының 1930 жылғы 2 санында басылған “Егерде...” деген сықақ әңгiмесiне “Сона” бүркеншiк атын қойған. Басқа да “Балгер”, “Жа-жа”, “Қаптағай”, “Салпанқұлақ”, “Сапалақ”, “Құлақ”, “Жетiм бала”, “Қара бұқара”, “Тоқай темiр”, “Қайнар”, “Құрметшiл” деген аттары да болған екен. Әзiрге табылғаны 19 болды.

Дәріс №12. Ілияс Жансүгіровтің фельетондары мен сықақ әңгімелері

Жоспары:

1.Ілиястың «Құқ» жинағы.

2.Ілиястың «Жол аузында» жинағы.

Ілиястың сатиралық сарында жазған шығармалары мен сықақ-фельетондары «Құқ» деген атпен жеке кітап болып шықса, әңгімелері мен очерктері «Жол аузында» атты жинағына енген.

Газет жанрларынан Ілияс фельетондыерекше сүйіп жазған, жиі пайдаланған. Мұны өзі де ашып айтқан, мақтаныш тұта айтқан. Бірде «Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуде біраз қызмет қылып келемін» дейді

Ілияс – қазақ журналитакасының шоқтығы биік, ірі өкілі, оған алғаш келген жыл құстарының бірі. Баспасөз қайраткерінің бұл саладағы еңбегі әлі де зерттеуді қажет етеді

«Еңбекші қазақ» газетінде сатирик жазушының әр жылдары «Қаңғырған хат», «Қуыршақ», «Хан адвокат», «Мені арқала, бақ қула», «Сонымен кетіп барам», «Қымбатты Иван Иванович», «Екпінді бүлдіргіш», «Мынау не дейді?», «Дұғай сәлем», «Пұшық мұрынға кетік ыдыс», «Жайлаубектің жауыры- аурудың ауыры», «Басқа пәле-тілден», «Жалаңаш жиылыс» сияқты көптеген фельтондары жарық көрді.

Үкімет саясатына ілеспейтін адам кемде–кем. Кезінде І.Жансүгіров те жаңа кеңес үкіметінің сөзін сөйлейді. Олай етпеске шарасы да жоқ еді. Мәселен, оның «Хан адвокат» фельетоны 1929 жылы «алашордашыларға», қазақ интелигенттеріне қарсы басталған репрессия кезінде жазылыпты. Бұл кездерде «алашордашыларға» ұлтшыл, байшыл деген көптеген кінәлар тағылғаны белгілі. «Хан адвокат» фельетонының бас кейіпкері Ырай- «алашордашыл» адам.

«Сөз Қамысбаевқа» деген фельетонында Қамысбаев дегеннің бір ауылға келіп жиналыс өткізгені, жиналысты жалғыз өзі ашып, өзі сөйлеп, жүрттың сүрау беруге мүршасын да келтірмеген өзімшіл, төрешілдігі әңгімеленеді. Автор оның келуін былай суреттейді: «Бір мезгілде буаз портфелін көтеріп өкіл Камысбаев киіп- жарып көптің ортасына келді. Жиналып түрғандар жым-жырт болды. Ортаға келі алдырып төңкертті. Бір шумақ кілтті қоңырау орнына жүмсамақ болып алдырды. Келінің екі жағынан сүйеніп, Қамысбаев үстіне шықты...»

Ең алдымен әңгіме буаз портфельде өзі мәдениеттен кенже қалған, төресіне адам үшін портфель үстау үлкен дәреже. Әрі оның ішіне сабан тысқа да буаз етіп тыңқитып алған. Сондықтан «буаз портфель» бұл жерде босқа алынбаған. Бұдан кейінгі сөйлемдегі келі, кілт алдыру бұл нағыз сынақ. Өйткені, дені дұрыс адам стол, қоңырау жоқ жерде, сол жердің ыңғайына бейімделіп, дараланбай -ақ қоюы керек қой. Ал Камысбаевтың соны қолдан жасаған жайы бар. Сонда стол орнына тапқаны келі екен. Шын күлкі ғой бұл. Мұның өзі оның төрешілдігін, әрі ерсілігін көрсететін бірден бір сурет. Әсіресе, тасқа шыққан ешкіше елден ерекше келіге шығып тұруын фельетоннан оқыған адам, «әттен құлап масқара болар ма еді» деп отырды. Одан әрі Камысбаев «сөз, баяндау үшін укрмның өкілі, уисполкомның өкілі, уком қосшы өкілі, уженотдел өкілі, уфинотдел өкілі, итак дали өкіл жолдас Қасымаевқа, яғни менің өзіме берілді» деп тізбектеуінен оқушы мынаның мансапқор, екінші жағынан алакөкек адам екенін бірден аңғарады. Әйтпесе дені сау адам біріншісінен кейінгісін тіркей бере ме еді. Мұның өзі Қамысбаевтың қоразша қоқиланған мінезін оқушыға анықтай түсіп, жұрттың еріксіз күлкісін келтіреді.

Бұдан әрі Қамысбаев біреу түсінсе де, көпшілік түсіне қоймайтын, тіпті өзі де сол айтып түрғанын шала білеті баяндамасын соға береді. Жұрттың көкейіндегі нәрседен аулақ, өмірге жанасымсыз баяндаманы сыпыртып шыққанын өзі сезбейді. Жұртқа ауызша сұрау бергізбейді. Жазба сұрақты жұрт бермейді. Сонымен ауызша сұрауға рұқсат етіп, көбейіп бара жатқан соң өзі тоқтатып, ұсыныс енгізеді. Өзі қарар оқиды, өзі оны қабылдайды.

Біріншіден, фельетон сауатты зиялы адамдарға арналып жазылған. өйткені, Камысбаевтың сөзінің қазақша дүрыс болмауының себебі неде екенін газеттің мыңдаған қалың оқушысы отызыншы жылдары біле бере ме, оның сөзінің дұрыс болмау қойыртпақталуы орысша сөзді мағынасына қарамай, тура аударып алуынан болып отыр ғой. Мысалы қаулының жалпы дұрыс еместігін былай қойғанда үшінші тармақтағы «соғысқа дейінгі тегістік бейне» деген сөз «на уровне» деген орыс сөзінің сөзбе - сөз аудармасы. Әрине фельетонист оны орынды, дүрыс алып отыр. Егер оқушымыз әбден сауатты болса бұл түсінуге жақсы-ақ. Сонда да бүл жалпы сол кездегі газет оқушысына түсініксіз қалады.

Екіншіден, қарадан оқушы Қасымбаевтың не айтқысы келгенін түсініп отыруға тиіс. Оның күлкі болып шығуының өзі де сонда. «Байлар дүниесінің, капиталмзмнің стабелизациясы уақытша тоңазып тұр» дегендегі «стабелизациянын» не екенін оқушы білмесе, онда бқл тағы күлкі туғызбайды. Ал осыған адамдар оны «әрине біледі, түсінеді. Олар үшін фельетон әбден түсінікті.

Үшіншіден, газет оқушысына осы фельетонның неге жазылып отырғанын түсіндіре кету керек болады. Әкелінген келі мен кілт, ұзын сонар баяндама, сала құлаш қаулы, қойыртпақ сөз Қасымбаевтың тирешілдігінен болып отырғанын, оның іске зияннан баска пайдасы жоғын ашып айту керек еді. Содан соң осы фельетонның аты аса дұрыс қойылмаған. «Сөз Қасымбаевқа» деген қазақша емес. Мұны «Сөз Касымбаевтікі» десе, ері кекетінді, әрі лепті келіп, оны сықақтап отырған бірден көрініп тұрар еді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.