Здавалка
Главная | Обратная связь

Ілияс – абайтанушы. 11 страница



Академик Т.Сыдықовтың «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» (2011ж.) атты монографиялық зерттеуі ілиястануға қосылған қомақты еңбек. Т.Сыдықов – өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бері қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі еңбектер жазып жүрген үлкен ғалым. Жетісудан шыққан ақын-жазушы, әдебиетші ғалымдардың шығармашылығын Ілияс Жансүгіров дәстүрімен байланыстыра зерттеп жүрген білгір маман. Осы бағытта терең ғылыми білім беруге негізделген «Ілияс Жансүгіров және дәстүр жалғастығы» монографиялық зерттеуінің алғашқы тарауын Ілиястың поэзиялық туындыларын жаңаша көзқарас тұрғысынан пайымдауға арнаған. «Жетісудың жүрегі немесе Ілияс жайлы сөз» бөлімінде социалистік құрылыстың жыршысы деп бағасын асқақтата көтеруге тырысқан кешегі сыншы, зерттеушілердің еңбегі еш болған тұста профессор Т.Сыдықов Ілияс та өз заманының перзенті, жыршысы екенін, кемшілікке санамайды. Оның шығармашылығын пәтуасыз идеологияның жеміне, құрбандығына шалмайды, осы уақытқа дейін жеріне жеткізе айтылмай келген көркемдік шеберлік, эстетикалық нысана іздеп, ақындық дарынның қуаты мен жалынын, поэтикасын бұрынғыдан да биіктетіп, жаңаша қарастырған. «Мен жанбасам лапылдап, сен жанбасаң лапылдап...» немесе І.Жансүгіров-жастықтың жыршысы» және «Ұлылыққа тағзым немесе Ілияс лирикаларының көркемдік кестесі» бөлімінде Ілиястың өлеңдеріне сыншыл көзқараспен қарап, әділ бағасын береді. Оқырманын қандай талантпен табысып отырғанына шығармаларын талдау үстінде танытып, табыстырады.

«Қара қобыздың киесі немесе І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасына жаңаша көзқарас», «Хан Сарайынан күйшінің қара қосына дейін немесе «Күйші» поэмасына жаңаша көзқарас», «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» немесе І.Жансүгіровтің «Рүстем қырғыны» поэмасының ұлағаты» бөлімндерінде Т.Сыдықов шығармашылық процестің ішіне еніп, тың ойлар, соны ғылыми тұжырымдар жасауға тер төгеді. Қай-қайсысы жайлы сөз қозғаса да бимәлім тың пікірлер айтуға, тосын ғылыми түйіндердің бүгілгенін жазып, бүркенгенін ашуға тырысады. Ғалым еңбегінде осылардың әрқайсысы жайлы бұрын-соңды жазылған мақала, зерттеулерді назарынан тыс қалдырмай оқып, қорытып, өз ғылыми толғамдарын алдыға тосады. Зерттеу еңбек тың ойларға кенен, Ілияс жайлы мол мағлұмат, терең білім беретін ғылыми сараптаулардан тұрады.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қазіргі таңға дейін үш библиографиялық көрсеткіш құрастырылған:

1) Аяулы азаматтың ұрпағына қалдырған мұрасын іздеу, табу, жинастыру ісіне мұрағат пен кітапхана қызметкерлері де белсене араласып, ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге елеулі үлес қосты. 1973 жылы ақынның 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Қазақ ССР-нің А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапхананың бастамасымен филология ғылымдарының кандидаты Ә.Дайырова, библиографтар Т.Кененова, С.Қойшыманова, Ф.Эльконинаның құрастыруымен «Ілияс Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш шықты. Көрсеткіште 1917-1970 жылдардағы материалдар қазақ-орыс тілінде хронологиялық тұрғыда жүйеленіп берілген. Анықтама-көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиет мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, аспиранттарға, мұғалімдер мен оқушыларға, лекторларға, кітапханашыларға және жалпы көпшілікке арналған. Анықтама қазақ және орыс тілінде дайындалған. Көрсеткішті құрастырушылар Ілиястың әлі де жарияланбаған фельетондарына, әңгімелеріне, мақалаларына, сөйлеген сөздеріне, жасаған баяндамаларына, хат-хабарларына, ел әдебиетінің үлгілерінен құрастырған жинақтарына, оқулықтарына, одақтас республикаларда, шет елдерде жарияланған шығармаларына көпшіліктің назарын айрықша аударған.

2) 1995 жылы «Қазақ әдебиетінің классиктері: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин» атты библиографиялық көрсеткіш шыққан.

3) 2004 жылы І.Жансүгіровтің 110 жасқа толуына байланысты «Ілияс Жансүгіров» атты библиографиялық көрсеткіш жарық көрді. Құрастырғандар: К.Е.Аймұхамбетова, А.Н.Нұрсейітова. Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде 1973-2004 жылдар аралығында жарияланған материалдарды қамтиды. Құрастырушылар Ілияс Жансүгіовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты материалдарды, шығармашылығы туралы пікір айтқан авторлардың алфавиттік көрсеткішін, ақынның әдеби бейнесін жасаған шығармаларды, газеттер мен журналдардың түп-нұсқаларын жеке-жеке тарауға топтастырған.

Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұрасын жан-жақты, тереңдеп зерттеп, игеру - үнемі даму үстінде болатын құбылыс. Қазақ әдебиеттану ғылымының алдағы міндеттерінен түспейтін өзекті мәселе болып тұра бермек.

 

Тест тапсырмалары

1. «Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерінен айрылған бөлім қалай аталады?

А) «Бай-бай, Құлагерім!»

В) «Ат шаңы»

С) «Жалғыздық»

Д) «Жалғыз қазық»

Е) «Көмбе»

2. «Құлагер» поэмасында жан-жақтан аттардың жиналатынын суреттейтін бөлімі қалай аталады?

А) «Ат келді»

В) «Көмбе»

С) «Жиылыс»

Д) «Егес»

Е) «Ат айдау»

3. «Құлагер» поэмасында Ақан сері қай бөлімде ән салады?

А) «Егес»

В) «Құлагер»

С) «Ақан сері»

Д) «Ас»

Е) «Ат айдау»

4. Мына үзінді І.Жансүгіровтің қай поэмасынан алынған?

«Мен өзім тауда туып, тасында өстім,

Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім;

Арқада Аршалыға қозы жайып,

Бұлттың аспандағы қасында өстім.»

А) «Жаңа туған»

В) «Исатай»

С) «Құлагер»

Д) «Жорық»

Е) «Дала»

5. «Құлагер» поэмасындағы Ақанның туған жері

А) Сырымбет

В) Ұлытау

С) Оқжетпес

Д) Қарқаралы

Е) Жетісу

6. І. Жансүгіровтің «Қолбала» поэмасын ел аралап, халық аузынан жазып алған

А) Әнуарбек Дүйсенбиев

В) Ғали Орманов

С) Ж. Бұхарбаев

Д) Жұмабек Ербаланов

Е) Бейсен Кенжебаев

7. «Қолбала» поэмасындағы Солтанбайдың ұрлық, жаманшылық жасауға әуес болып өскен ұлы –

А) Қангелді

В) Қолбала

С) Әбдібай

Д) Тұрсын

Е) Тәшен

8. «Қолбала» поэмасында: «Қып – қызыл қырғи қабақ, қыр мұрынды.

Бас – аяғы балғадай жігіт екен, Дөңгелек орта бойлы, жауырынды», -

деп кімге сипаттама беріп тұр?

А) Қолбала

В) Қангелді

С) Тұрсын

Д) Тәшен

Е) Әбдібай

9. «Қолбала» поэмасында Қолбала жалғыз келе жатып, ат үстінде қалғып кетіп түс көреді. Сол түсі не жайында?

А) Түсінде кілең қатын қастық қылып, Көп итке талатып жүр қамалатып.

В) Түсінде сұрлау өңді бойжеткенді көреді

С) Түсінде екі қасқырды көреді

Д) Түсінде таудан құлап бара жатады

Е) Түсінде астындағы аты мерт болады

10. «Қолбала» поэмасында Қолбаланың түсін жорып берген көріпкел:

А) Байтан

В) Тасубай

С) Жайнақ

Д) Қысымбай

Е) Шінәсіл

11. «Қолбала» поэмасында Қолбаланы жаулары кімнің тойына шақырады?

А) Бөртедегі Қысымбай

В) Тасубай

С) Жайнақ

Д) Демболсын

Е) Байтан

12. «Қолбала» поэмасында Қолбаланы жаулары Тасубай, Жайнақ, Демболсын қай аймақта өлтіреді?

А) Бұрған мен Ақсудың арасында

В) Текелі маңында

С) Сарқан мен Үшарал арасында

Д) Талдықорғанның солтүстігінде

Е) Сарыөзекте

13. «Қолбала» поэмасында Қолбаланы қандай жазамен өлтіреді?

А) мойнына шылбыр салады

В) атып өлтіреді

С) атқа байлап өлтіреді

Д) асып өлтіреді

Е) суық қарумен өлтіреді

14. «Қолбала» поэмасында қаныпезерлер Қолбаланы өлтірген соң денесін қайда тастайды?

А) Жерге көмеді

В) атқа өңгеріп жібереді

С) суға ағызады

Д) үйіне алып барады

Е) өлтірген жерде қалдырады

15. «Қолбала» поэмасында Қолбаланың мәйітін ел – жұрты қай мезгілде тауып алады?

А) көктемде қар кеткенде

В) қыс айында

С) жаздың ыстығында

Д) қоңыр күзде

Е) өлтірген соң бір айдан кейін

16. «Қолбала» поэмасында үш Қайнарға хабар салып, Қолбаланың құнын алмай қоймаймыз деген кімдер?

А) Тәшен, Тұрсын

В) Тасубай, Жайнақ

С) Шінәсіл, Әбдібай

Д) Қысымбай, Байтан

Е) Демболсын, Тәшен

Ағымдық бақылау тапсырмалары

Ағымдық бақылау № 1

1 нұсқа

Ілияс және Фатима (жоба құру)

2 нұсқа

Ілиястың шығармашылық өмір жолы

(Иллюстративті -танымдық презентация жасау)

3 нұсқа

Ілиястың әдеби мұражайы (хабарлама дайындау)

4 нұсқа

Ілияс жайлы естеліктер негізінде Ілиястың көркем бейнесін сомдау

5 нұсқа

«Менің Ілиясым» тақырыбында эссе жазу

 

Ағымдық бақылау № 2

1 нұсқа

І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңіндегі «Жер түгі» бөлімінде аты аталатын ағаштар мен шөптерге анықтама беріңіз, суретін көрсетіңіз.

ü Ағаштар мен бұталар түрлері: қарағай, тал, долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, ақ сасық, қызыл қайың, барша, шынар, шырғанақ, сөңке, терек, сөгет, емен, үйеңкі, шырғай, тораңғы, сары ағаш, қойқарақат, жиде, тобылғы, бауырқұрт, қараған, бозқараған, шеңгел, шілік. Барлығы: 31.

ü Шөп түрлері: еңлік, түйеқұйрық, сарыкүйік, тауқонақ, шайшөп, маңқа, құлынембес, сүттіген, мейіз, киізкиік, ақшалғын, көкмарал, бетеге, раң, жапырақтеңге, бұйра, балдырған, у қорғасын, бәрпі, атқұлақ, жүлкеуір, шырыш, шытыр, мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ, сыбызғы, жалбыз, құлмақ, қарақияқ, шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ, шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ, қанжыға, қоға, сасық, аққой, таусарымсақ, қымыздық, қалақай, атқұлақ, айылқияқ, саржағал, құстаңдай. Барлығы: 50

2 нұсқа

Поэзиялық ой толғау.

«Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,

Шалма орап мұсылманның абызындай», деген өлең жолдарындағы кербез жуаларға, «сепсе қурай сырға қадап» деген тіркестегі қурайдың «сәнденіп» тұруына поэзиялық ойтолғау жазу.

3 нұсқа

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ жайында талапкерлерге үгіт-насихат жүргізу, ақын өмірімен байланыстырып Жарнама құрастыру..

Ілияс поэмаларына арнап Презентация жасау.

4 нұсқа







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.