Здавалка
Главная | Обратная связь

The issues of students speech culture improvement



 

Summary

The article considers the ways of speech culture improvement in oral and written speech of students. The practical experience of the subject “Speech Culture and Business Oratory” for lawyer students is concluded, the range of issues in the aspect of linguaecology and during certain types of academic activities (presentation, report, summary, abstract, CV) are considered. The author pays attention on the issuers of the development of culture speech, critical thinking, students up-brining with informative and communicative competences, which makes a contribution to their personality.

Key words: culture of speech, norm, standard language, integrity of language, linguaecology, oral and written culture of speech, oratory, role play, debate, communication, person.

 

Ғылыми мақаланың аңдатпасын жазуға ұсынылатын фразалар:

Бұл мақалада ... қарастырылады

Мақалада ... тақырып қозғалады

Мақала ... арналған

Мақала ... кешенді зерттеуге арналған

Мақала қазіргі заманғы ... мәселеге арналады

Мақаланың мақсаты ... болып табылады

Мақалада ... мәселелер ашылады

Мақалада ... ерекше назар аударылған

Мақалада ... талдау жүргізіледі

Автор ... тұжырымға келеді

Мақалада ... ерекшеліктері көрсетілген

Мақалада ... анықталады

Мақалада ... айқындалады

Зерттеуді негізінде .. белгіленеді

Автор жұмысында ... ерекше көңіл бөледі

Жасалған талдаулардың негізінде ...

Аталған мәселе аз зерттелген, сондықтан болашақта әрі қарай да зерттеуді талап етеді

Мақалада зерттелген тақырып бойынша жаңа материал жинақталған

Ғылыми айналымға енгізіледі

Автор ... ұсынады

Зерттеудің негізгі мазмұнын ... талдау құрайды

Ерекше назар аударылады

Практикалық тәжірибе жүргізілген

Автор ... нәтижеге қол жеткізеді

Негізгі дәлел ретінде ... пайдаланылған

Мақалада зерттеушілердің пікірлеріне талдау жасалады

Мақалада ... дамытуға бағытталады

Автор ... деген пікір айтады

Автор ... тоқталады

Автор ... дәлелдейді

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Диплом жұмысының (жобанын) тақырыптарына қойылатын талаптар

1. Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы керек. Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

2. Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау профильдеріне сәйкес болуы қажет .

3. Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді және жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінде қаралып бекітіледі (факультет).

4. Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

5. Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шетел тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.)

 

Диплом жұмысынын мазмұны мен құрылымы

Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми жұмыс.

Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша 60-80 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналap жатады:

-мұқаба (сыртқы беті);

-титул беті;

-диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

-мазмұны;

-кіріспе;

-негізгі бөлім;

-қорытынды (тұжырым);

-пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

-қосымшалар.

 

Мұқаба

Мұқабада мына мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмыс орындалған ұйымның атауы;

- студенттің аты-жөні;

- диплом жұмысының тақырыбы;

- жұмыстың түрі – диплом жұмысы (жоба);

- мамандықтың атауы және шифрі;

- қала, жыл.

 

Титул беті

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дереккөзі ретінде қызмет етеді.

Титул беті былайша ресімделеді:

- диплом жұмысы орындалған ұйымның атауы;

- диплом жұмысы орындалған кафедраның атауы;

- жұмыстың түрі – диплом жұмысы (жоба);

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен диплом жұмысы тақырыбының атауы;

- мамандықтың атауы және шифрі;

- сол жағында «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің аты-жөні;

- бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі;

- қала, жыл.

Титул беті диплом жұмысы беттерінің жалпы нөмірленуіне кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.

Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды.

Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін, зерттеу нысанын, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлімі ережеге сай бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелген нысан бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

Пайдаланылған әдебиет тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

Диплом жұмысын (жоба) ресімдеу тәртібі

Диплом жұмысы (жобаны) баспа тәсілмен компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс:

сол жағы - 30 мм,

жоғары жағы - 20 мм,

оң жағы - 10 мм

төменгі жағы – 25 мм.

Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.

Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге (тарауға, тараушаларға) бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет. Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

Пайдаланылған әдебиет жұмыста квадрат жақшаның ішінде беріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

Аяқталған дипломдық жұмыстың электронды нұсқасы кафедраға ҚР Білім және ғылым министрлігінің талаптары бойынша «Антиплагиат» жүйесіне тексеруге беріледі.

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

1. Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

2. Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен өткізіледі.

3. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді. Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми кеңесші мен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

4. Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобаға) жазбаша сын-пікір жазады. Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

5. Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл мәселе студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.

6. Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), пікір жазу үшін жоғары мектеп директорына жіберіледі.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі

1. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі Білім беру саласындағы өкілетті органдар бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу ережесімен анықталады.

2. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау университетте Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық отырысында белгіленген уақытта өткізіледі.

3. Қорғауға ғылыми жетекшілер, рецензент шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

4. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында кемінде 15 минут уақыт аралығыңда баяндама жасап қорғайды. Студенттің қорғайтын жұмысы көрнекі плакаттар немесе слайдтармен интерактивті режимде болуы керек.

5. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.

6. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

7. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

8. Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

 

Диплом жұмысын (жобаны) сақтау тәртібі

1. Диплом жұмыстарын (жобаларды) қорғалғаннан кейін шығарушы кафедра жоғары оқу орнының мұрағатына тізбе арқылы кафедра меңгерушісінің бекітуімен тапсырады.

2. Диплом жұмыстары (жобалар) жоғару оқу орнының мұрағатында 5 жыл сақталады. Бұл мерзім өткеннен кейін диплом жұмысы (жоба) ректордың бұйрығымен құрылған комиссияның актісімен, істен шығарылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Төлетаева А.А.

Ағылшын тіліндегі экономика терминдерін қазақ тіліне

аудару мәселелері

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы: «5В07000 – Аударма ісі»

Астана - 2014

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Халықаралық құқық және халықаралық

қатынастар жоғары мектебі







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.