Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 2 страница



«бүкіл», «жалпы» деген сөздермен басталатын анықтауыштар қалай жазылады?

Сын есімдік анықтауыштар қалай жазылады?

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1-ТАПСЫРМА. Төмендегі дыбыстарды жатқа дыбыстаңыз және әр қайсына бес мысал жазыңыз.[ә ], [і ], [ы ], [қ ], [ұ ], [ү ], [ң], [ғ], [ө]

 

2-ТАПСЫРМА. Сөйлемді дұрыс оқыңыз және жазбаша аударыңыз.

/Әсет әдемі ән айтты. Әкесі Әлияны әмбебап дүкенге ертіп әкетті. Ықылас ыдыс жуып жатыр. Ырысты ылғида ыдысты ынтамен жуады. Қарылғаш қалаға кетті. Қаламдарды қораптан алыңыз қағазға қойыңыз. Ілгіште әдемі ішік ілулі тұр. Бәну қарындашпен қаланың суретін салды. Үлкендер үйге кіргенде Үрістем үстел үстін сүртіп жатты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Ұнды қаппен қоймада сақтаймыз/.

3-ТАПСЫРМА. Оқыңыз. Ықпалды анықтаңыз, түсіндіріңіз.

П-б

кәсіп – кәсібі. Оның кәсібі не?

қ-ғ

болашақ – болашағы.

Кім өз болашағы туралы сенімді сөйлейді?

К-г

Жүрек – жүрегі

Сіздің досыңыз жүректі (храбрый) адам ба?

Біздің жүрегіміз Қазақстан деп соғады.

 

4-ТАПСЫРМА. Еш, бір, әр, кей, әлде сөздерін белгісіздік есімдігіне айналдырып сөйлем құраңыз.

5-ТАПСЫРМА. Кей, бір, әр сөздерінің жазылуын мағынасына қарай кейде бірге, кейде бөлек жазыңыз.

(Кей) адамның адамгершілігі мол болады. (Кей) бір адам көңілді, көпшіл келеді. Асқар (әр) кезде жылы сөзімен қуат береді. Оны (еш) кім де, (еш) уақытта да кінәламайды. (Кей) біреу жұмысты жәй істейді, (кей) адам жұмысты тез істейді. Мойныңды созғанмен (еш) нәрсе көрінбейді.

 

6-ТАПСЫРМА. Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңыз.

Еңгізу, бұрыңғы, түңге ғарай, жоғ іздеу, жатағ үй, қақпан ғұру, башшы.

 

7-ТАПСЫРМА. Бос орындарды толтырыңыз.

Отан деген...м...з – адамны... туып ...скен жер..., ту...ан-туыс...андарымен, жа...ындарымен б...рге т...ратын мекен....

1991 жылы 16 желто...сан к...н... ...аза...стан т...уелс...з Республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желто...санда ...аза...станны... Елбасы – президент...н...... сайлауы болды. Т.........ыш Президент болып Н...рс...лтан ...б...ш...лы Назарбаев сайланды.

1992 жылы ...аза...стан Республикасы Жо...ары Ке...ес...н....... сессиясы республиканы... Елта...басын, Мемлекетт...к Туын және ...н...ранын бек...тт....

8-ТАПСЫРМА. Ресми тілдегі күрделі атаулардың қысқарған түрін толық атауымен жазыңыз.


БҰҰ –

БАҚ –

АҚ –

ЖАҚ –

ІІМ –

ТМД –

ЕАО –

МАИ –

РФ –

ҚХР –

ЖШС-



9-ТАПСЫРМА. Мәтінді пайдаланып, сөйлем құраңыз.

Отан дегеніміз – ..................................................................................................

Тұңғыш .............................................................................................................

1992 жылы.........................................................................................................

...........................................................................................................................

Осы күнге жету ................................................................................................

Өйткені ...............................................................................................................

Дербес ..............................................................................................................

Қырықтан астам .....................................................................................................

10-ТАПСЫРМА. Сөз тіркестерін мәтін бойынша толықтырып жазыңыз.

1. ... дейді халық

2. ... тұратын мекені

3. ... Қазақстан Республикасы

4. ... Конституциясы қабылданды

5. ... деп таныды

6. ... жасап отыр

11-ТАПСЫРМА. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. «Отан – ......................................................................................... дейді халық.

2. Қазақ елінде.......................................................................... Республикасы.

3. 1991 жылы ........................................................................................ болды.

4. 1995 жылы ................................................................................... қабылданды.

5. Екі жүз жылға .................................................................................. болды.

6. Қырықтан астам .................................................................................. отыр.

 

12-ТАПСЫРМА. Өлеңді жаттап алыңыз.

Тәуелсіздік – жыр-әнім

Тәуелсіз ел Қазақстан – тұрағым,

Жарқыратқан нұрлы өмір шырағын.

Көкбайрағым еркіндікті паш етіп,

Қыран қанат – көкке самғар жыр-әнім.

 

Тәуелсіздік – еліміздің ұлы әні,

Аңсап күткен бар Алаштың ұланы.

Болса да елім көп ұлыстың құрамы,

Бір кісідей тату-тәтті,

Жарасқандай ынтымағы,

Достық туын жоғары ұстап тұрады.

(Әли Ысқақбай)

13-ТАПСЫРМА. Синонимдерді сәйкестендіріңіз.

1. ...................... тәуелсіз 2. ...................... ел 3. ...................... тұрағы 4. ...................... нұрлы 5. ...................... паш ету 6. ...................... көкке самғау 7. ...................... ынтымақ 1. жарқын 2. мекені 3. жариялау 4. қалықтау 5. еркіндік 6. халық 7. бейбітшілік

14-ТАПСЫРМА. Оқыңыз. Аударыңыз.

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан – менің Отаным. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанның қалалары көп. Қазақстанның табиғаты әдемі. Қазақстанның жері бай. Қазақстанда жануарлар, өсімдіктер мен құстар көп. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Астана Қазақстанның бас қаласы. Орал менің туған қалам.

15-ТАПСЫРМА. Мәнерлеп оқыңыз.

Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату

Өз Отаныңның патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегіңде ұялату. Мен сіздерді осыған шақырамын.

Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол сол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс.

Тәуелсіздіктің барлық жылдарында біз бүкіл посткеңестікте ең либералды тіл саясатын жүргіздік.

Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек және дәлірек түсіндіру керек.

Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі болып табылатыны жақсы мәлім. Әлемде көп ұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты және бұл елдерге көптеген эмигранттар келіп жатады. Бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ.

Біз бұл мәселеде қажетсіз саясаттандырушылыққа ұрынбадық, тіл проблемасын ел халқының тілдік сұраныстарын ескере отырып, өркениетті әдістермен шешуге ұмтылып келеміз.

Іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру тағы да бәзбіреулерге қысым жасауды емес, орыс тілін иеленушілерге оны аудару және пайдалану мүмкіндігін беруді көздейді.

Турасын айтайық, мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жақсартуды қажет етеді.

Ал қазақтар үшін мемлекеттік тілді білу – міндетті талап болуы тиіс.

Алайда Қазақстандағы жастар мынаны білуге тиіс: мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында, құқық қорғау органдарында немесе сот саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік тілде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап беруге тура келеді. Уақыт бар, мүмкіндік бар, мемлекеттің қолдауы бар - өз функцияларыңды қажетті деңгейде жүзеге асыру үшін тілді үйрену керек. Бұл әбден қалыпты және өркениетті шарт.

Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз.

Көріп отырсыздар, мемлекеттік тілді және орыс тілін білуде бір-біріне қарай қозғалыс керек. Бұл елдегі өзара құрметтің және тұрақтылықты нығайтудың факторы қызметін атқарады.

Ағылшын тілін білу қазіргі кезде тілекке қарай, ал ертеңгі күні қажеттілік болады.

Ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлтттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болады.

Мен барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырамын. Бұл олардың болашағы үшін маңызды.

Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан

халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзі

ЕМЛЕ ТЕСТ

1. Que: ҚР-дағы мемлекеттік басқару органдары, министрліктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары атауларының алғашқы сөзі:

1. бас әріппен жазылады;

2. кіші әріппен жазылады;

3. тек бірінші сөзі бас әріппен жазылады;

4. жалқы есімдер ғана бас әріппен жазылады.

 

2. Que: Жұрнақтардың қатарынан келер шақ жасай алатынын белгілеңіз.

1. Ans: -е

2. Ans: -ар

3. Ans: -сы

4. Ans: -мын

 

3. Que: Мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың атаулары күрделі тіркестің құрамында келген жағдайда:

1. Ans: дербес қолданылғандағы емлесін сақтайды;

2. Ans: сөз басында келсе де, аяғында келсе де бас әріппен жазылады;

3. Ans: күрделі тіркестің басында келсе ғана, бас әріппен жазылады;

4. Ans: сөз ортасында не аяғында кіші әріппен, ал басында үлкен әріппен жазылады;

 

4. Que: Етістіктерді жіктеу кезінде ІІІ жақта кездесетін жалғауларды белгілеңіз (өткен шақ)

1. Ans: –ды, -ді, -ты, -ті

2. Ans: –сы, -сі, -ы, -і

3. Ans: 3-жақта жалғау жоқ

4. Ans: -ың –ің (-сыз, -сіз)

 

5. Que: Төмендегідей атаулардың қайсысының барлық сөздері бас әріппен жазылады?

1. Ans: Қазақстан Республикасының Президенті

2. Ans: Қазақстан Республикасының Мемлекттік Мекемесі

3. Ans: Қазақстан Республикасы Халықтарының Достастығы

4. Ans: Қазақстан Республикасының Парламент Депутаты

 

6. Que: Септік жалғаулары қай сөз табына жалғанбайды?

1. Ans: одағайларға

2. Ans: есімшелерге

3. Ans: сандарға

4. Ans: есімдерге

 

7. Que: Төмендегідей атаулардың қайсысының барлық сөздері бас әріппен жазылады?

1. Ans: Қазақстан Республикасының Үкіметі

2. Ans: Қазақстан Республикасындағы Елшілік

3. Ans: Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы

4. Ans: Қазақстан Республикасының Заң шығарушы Органы

 

8. Que: Сұхбаттағы кейіпкер кім болуы мүмкін?

Сәлем! Мен Дашамын. Менің болашақ мамандығым тарихшы. Бірінші курста оқимын. Қалада тұрамын.

1. Ans: Студент

2. Ans: Мұғалім

3. Ans: Оқушы

4. Ans: Жолаушы

 

9. Que: Төмендегідей атаулардың қайсысының барлық сөздері бас әріппен жазылады?

1. Ans: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2. Ans: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасы

3. Ans: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес Төрағасы

4. Ans: Қазақстан Республикасының Құрметті Азаматы

 

10. Que: Түскі үзіліс нешеде болуы мүмкін?

1. Ans: бірден екіге дейін

2. Ans: он екіде

3. Ans: бірде

4. Ans: екіде

 

11. Que: Төмендегідей атаулардың қайсысының барлық сөздері бас әріппен жазылады?

1. Ans: Қазақстан Республикасының Парламенті

2. Ans: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Ғарышкері

3. Ans: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

4. Ans: Қазақстан Республикасы Мәжіліс Депутаттары

 

12. Que: Жаз мезгілдерінде қалай дем алуға болады?

1. Ans: суға шомылуға

2. Ans: далада доп ойнатуға

3. Ans: шаңғымен сырғанауға

4. Ans: саңырауқұлақпен теруге

 

13. Que: Дүниежүзілік қоғамдық ұйымдардың атаулары:

1. Ans: бас әріппен жазылады;

2. Ans: кіші әріппен жазылады;

3. Ans: тек жалқы есімдер бас әріппен жазылады;

4. Ans: атаудағы барлық сөздері де бас әріппен жазылады.

 

14. Que: Жоғары оқу орнында кімдер сабақ береді?

1. Ans: оқытушылар

2. Ans: мұғалімдер

3. Ans: әртістер

4. Ans: мамандар

 

15. Que: Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар дұрыс жазылған қатарды белгілеңіз

1. Ans: «Халық Қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі, «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы

2. Ans: «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі, «Парасат» ордені, «Ерен Еңбегі Үшін» медалі, ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы

3. Ans: «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі, «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР-ның Еңбек Сіңірген Ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы

4. Ans: «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі, «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, ҚР-ның Еңбек Сіңірген Ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы

 

16. Que: Оқу залында кімдер болады?

1. Ans: Оқырмандар

2. Ans: Азық-түлік

3. Ans: Кітаптар

4. Ans: Суретшілер

 

17. Que: Әскери және ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер қалай жазылады?

1. Ans: Бас әріппен;

2. Ans: Кіші әріппен;

3. Ans: Жалқы тұрғанда бас әріппен;

4. Ans: Жалпы есім ретінде кіші әрәппен.

 

18. Que: Қай тауарды шеккіге өлшеп аламыз?

1. Ans: Ірімшікті

2. Ans: Шырынды

3. Ans: Ұялы телефонды

4. Ans: Қатықты

 

19. Que: Кітапханада кім қызмет көрсетеді?

1. Ans: Кітапханашы

2. Ans: Маман

3. Ans: Апай

4. Ans: Меңгеруші

 

20. Que: Дұрыс жазылған қатарды белгілеңіз.

1. Ans: авиация маршалы, армия генералы, генерал-майор, профессор, академик

2. Ans: Авиация маршалы, Армия генералы, Генерал-майор, Профессор, Академик

3. Ans: Авиация маршалы, Армия генералы, Генерал-майор, профессор, академик

4. Ans: Авиация Маршалы, Армия Генералы, Генерал-майор, Профессор, Академик

 

 

2 АПТА. ТАҚЫРЫП:

Фонетика заңдылықтары. Тілдегі орфоэпия мәслелері Қазақ халқының мәдениеті мен танымы Тиым сөздер мен ырымдар.

 

Көшпенділер өркениеті

Музыка тарихына шолу

Қазақ музыка өнерінің болмысы

Ұлттық спорт

Қазақтың қолөнері

 

Қазақ әдебиеті

Қазақ фольклоры

Қазақ киноматографиясы

Қазақ музыка мектебі

Құс бегілері мен саяттық өнер


 

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Құда түсу.Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі құда түсу. Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам болып саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды.Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы да басқа ырымдары мен кәде, алымдары болады. Құдалықта басқарып барған адам бас құда деп аталады. Құда түсу қазақтың мәртебелігі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақта бірін-бірі сынап отырады.

Базарлық.Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Байғазы.Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды.

Көрімдік.Жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.

Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам сүйінші, сүйінші деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі қалағаныңды ал дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл шын қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай ерсілігі жоқ.

Шілдехана. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып, ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.

Шашу. Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала туғанда, келін түскенде, тағы сол сияқты зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт-кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып, балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Сүндеттеу. Алты-жеті жасқа толғаннан кейін ер баланы сүндетке отырғызады. Бұл мұсылман елдерінде ғана емес басқа діндегі елдерде де бар. Сүндеттеудің денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы зор. Баланы сүндеттеу үлкен рәсім. Ол әр ата-ананың борышы. Бұл рәсімнің сүндет тойы деген сияқты жөн-жоралары болады, қайырлы болсын айтылып шашу шашылады. Сүндет міндеті бұрын қожа, молдаларға ғана тапсырылса, қазір оны дәрігерлер де жасай береді. Бұрынғы кезде ауқатты адамдар бала сүндеттегенде үлкен той жасаған. Оны сүндет той деп атайды.

Бата.Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым. Мұның бірнеше түрлері бар:

 

1.«Сырым батыр жас кезінде батасын алайын... деп Бөкен биге барыпты». Бұл ерлік, өнер, өмір жолына ұзақ сапарға аттанар алдында әдейі барып тілейтін бата.

2.«Дастарқаның мол болсын, Абыройың зор болсын». Батаның екінші түрі дастарқанға ризашылықпен беріледі. Дұрыс мүшелі қонақасы берілмесе, шешен, өткір тілді адамдар бата арасына сол үйдің сараңдығын да қосып айтып жіберетін болған.

3.«Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін». Үлкен кісілер немесе кез келген адам біреудің қайырымдылығы мен жақсылығы, ізгі қызметі үшін де бата береді. Батаның тәрбиелік мәні зор. «Батаменен ер көгерер, жауынменен жер көгерер» деген сөз адамды ізгілікке, парасаттылыққа, мейірімділікке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрі тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, тақпақпен, шешендік тілмен, әсермен қол жайып айтылады. Батаны елге құрметті, өте сыйлы адамдар береді.

4.Теріс бата. Бұл бата деп аталғаны болмаса қарғыстың, жазаның ең ауыр түрі. Мұндай бата сенімді ақтамаған, өзіне қолы, тілі тиген баласына әкенің қолын теріс жайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның теріс батасын алғандарды халық та жек көрген.

Киелі сандар

Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі. Оның себебі орта ғасыр ғалымдарының жеті күнге жеті жұлдыздың атын беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, мыс, қорғасын (пайда болған күні деп, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат берілуі) деп қарауынан болуы керек.

«Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. ХVІ ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған.

Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және «Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «Жеті қат жер астында» сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал-мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.

Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «бір тоғыз, екі тоғыз,үш тоғыз (үйленгендегі ырым) сөздері тегін шықпаған болуы керек.

Он екі саны да – халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осындағы он екі жылды бір мүшел, қауіпті жас деп, оны адамдар атап өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ» деген сөздер де айтылады.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.