Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 3 страница



Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны - қырық. Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда «Қырқынан шығару» деген ырымы бар. Өлген адамның «Қырқын беру» дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты «Қырықтың бірі – қыдыр» деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар «қырық» сөзімен байланысты.

Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс."Жеті атасын білмеген жетесіз"деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.

Жеті жетім.

Тыңдамаған сөз жетім.

Киюсіз тозған бөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ ел жетім.

Аққу, қазсыз көл жетім.

Жерінен айырылған ер жетім.

Замандасы қалмаса –

Бәрінен де сол жетім.

Киіз үй

Киіз үй – Орталық және Орта Азия Халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп – қонуға ыңғайлы үйі.

Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дәуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.

Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан, шопандар да, туристер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.

«Көшпенділер» кинофильмі

1. Көшпенді қазақ жұртының бағзы заманнан бергі ірге тепкен ата қонысы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы бізді ата-бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бәрінен бұрын жан-жағын жолбарыстай жайпап, жоңғар шапқыншылығы қазақ елі үшін үлкен нәубет болды.

Бір тудың астына біріге алмай алты бақан ала ауыз болған қазақ рулары ақтабан шұбырындыға ұшырап Елім-ай әнін айтып босып кетті.

Шапқыншылықтан қалжыраған халық иісі қазақтың басын қосып, ата жаудан кек алатын бір ұланды аңсаумен болды.

2.Мен де соны көп күттім. Елім деп еңіреген сол батырды төрткүл дүниеден ат сабылтып, іздеумен болдым.

Қ. – Әлгі сәуегей Ораз сенбісің?

– Ия. Болсақ болармыз.

– Онда жоңғардың ханы Қалдан Серен сені алып келсін деп әмір етті.

О. – Ендеше әміршіңе айта бар. Мен жоңғар емес қазақпын. Жаттың әмірі маған жүрмейді.

Қ. – Шақырғанға бармасаң, шақыруға зар боларсың. Ұстаңдар! Тірілей ұстаңдар!

– Егер жаза бассаң, қандай күйге душар болатыныңды ұмытпа!

Қ. – Мына сәйгүлік нағыз дүр қағанға лайық тұлпар екен. Жарайсың қазағым, жарайсың! Мен оған ат басындай алтын берем. Менің атбегім боласың.

О. – Мен алтынның құлы емеспін. Азаттығым қымбат.

Қ. – Бергенімді алмасаң, бергізуге зар боларсың.

О. – Адамның емес, Алланың бергені қанағат маған. Тек жаратқанның көзі оң болсын!

Қ. – Менің байқауымша, сен тегін адам емессің.

О. – Меніңше тағдырым жоқ. Жұлдыз екеш жұлдыз да мәңгі жарқырап тұрмайды. Жаңа жұлдыз туып келеді.

Қ. – Жақсы, туар жұлдыздардың мекенжайы, тегі.

О. – Оны уақытында көрерсің.

О. – О, тәңірім, досы сүйінетін, дұшпаны күйінетін, маңдайы жарқыраған бір перзентті халқымның несібесіне қашан бересің деп жалбарындым. Сол сәтте сәбидің іңгәлаған даусы құлағыма шалынды. Елі аңсаған ұланның дүниеге жаңа ғана келгенін да ұқтым.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Орфоэпия тілдегі қандай ерекшеліктерді зерттейді?
  2. Қазақтың дәстүрінен мысалдар келтіріңіз.
  3. Құда түсу деген қандай дәстүр?
  4. Базарлық дегеніміз қандай салт?
  5. Көрімдік пен байғазының қандай айырмашылығы бар?
  6. Сүйіншіні қай жағдайларда сұрай аламыз?
  7. Шілдехананы қашан жасаймыз?
  8. Қай мерекеде шашу шашуымыз керек?
  9. Сүндеттеу дегеніміз қанадай дәстүр?
  10. Бата дегеніміз не? Қандай ерекшелігі бар?
  11. Қазақ халқы қандай сандарды киелі санайды, неге?
  12. Киіз үй туралы не айта аласыз?
  13. Фильм үзіндісі бойынша жасалған қазақтың бейнесі қандай?

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА. Әңгімелесіңіз!

-Сәлеметсіз бе!

-Сәлеметсіз бе! Сіздің аты-жөніңіз қалай?

...................................................................... Ал ....................................................

-Менің аты-жөнім Иван Василиевич. Сіз қайдан келдіңіз?

 

.......................................................................Ал......................................................

Мен Тюмен қаласынан келдім. Сіздің қала үлкен бе?

 

..................................................................... Сіздің мамандығыңыз қандай?

Инженер. Ал сіз де?

 

............................................................ Сізбен танысқаныма қуаныштымын.

Мен де. Көріскенше!

2-ТАПСЫРМА. Жақша ішіндегі сөздерді өзара байланыстырыңыз.


(бағзы заман) ірге тепкен

(ұшқан құс) қанаты талатын

(бір ту) астына бірігу

(ақтабан шұбырынды) ұшырау

(шапқыншылық) қалжырау

(иісі қазақ) басын қосу


(ұлан) аңсау

3-ТАПСЫРМА. Мына етістіктер фильмде қандай сөздермен тіркеседі?

-------------------- қорғап қалды

--------------------------- жайпау

-------------------------- ұшырау

----------------------- қалжырау

--------------------- басын қосу

-------------------------- кек алу

------------------------------ аңсау

------------------------------- күту

------------------------------ іздеу

 

4-ТАПСЫРМА. Сөйлемді аяқтаңыз.

1. Көшпенді қазақ жұртының ата-қонысын ---------------------

---------------------------------------------------------------------------

2. Жан-жағын жолбарыстай жайпаған ---------------------------

--------------------------------------------------------------------------

3. Бір тудың астына біріге алмай -------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

4. Шапқыншылықтан қалжыраған халық --------------------

-------------------------------------------------------------------------

5. Елім деп еңіреген -----------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

6. Мен жоңғар емес, қазақпын. Жаттың әмірі ---------------

--------------------------------------------------------------------------

7. Шақырғанға бармасаң, ------------------------------------------

---------------------------------------------------------------------------

8. Жұлдыз екеш жұлдыз да ---------------------------------------

5-ТАПСЫРМА. Берілген сөздер мен тіркестердің жазылуы мен айтылуын салыстырыңыз.

Жазылуы: Айтылуы:

Киіз үй

Тез жығып

Көшіп

Бұрын

Дәуірінен

Өйткені

Бұзылмайды

 

6-ТАПСЫРМА. Мақал-мәтелдерді мағынасына қарай талдаңыз.

Саналы ел салтын сақтар.

Салт-сана, дәстүр-дәулет,

ғұрып-ғұмыр.

Ата жолы – адамдық,

Ана жолы – адалдық.

Әдепті дегенше әдемі десейші.

Ағадан – ақыл, данадан – нақыл.

Атадан – пейіл, Анадан – мейір,

баладан – қайыр.

7-ТАПСЫРМА.. Берілген сөйлемдер қай салтқа байланысты қолданылады. Өздеріңіз білетін салт-дәстүрлермен бөлісіңіз.

- Көйлегің үстіңнен тозсын.

- Нәрестенің бауы берік болсын.

- Келінің ұзағынан сүйіндірсін.

- Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз құда болмайды

- Мынау менің саған Астанадан әкелгенім.

- Жақсы хабарыңа сыйлығыңды ала қой.

- Алыс жолға шығарда бата алған жөн.

 

8-ТАПСЫРМА. Той түрлерін атап, оларға қатысты ырымдар мен салттарды айтыңыздар.

 

9-ТАПСЫРМА. Рөлдік ойынға қатысыңыз. Жағдаяттар бойынша сөйлесіңіз.

1. Қыздың ата-анасы ретінде туыстарыңызға құдалардың қызға «сырға тағуға» келе жатқанын хабарлаңыз.

2. Сүйінші сұраңыз.

 

10-ТАПСЫРМА. Мына сөздердің мағынасын түсініңіз.

«Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «Жеті қат жер астында», «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», «Бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз, «Он екі мүшең сау болсын», «Он екіде бір нұсқасы жоқ», «Қырқынан шығару», «Қырқын беру», «Қырықтың бірі – қыдыр».

11-ТАПСЫРМА. Өзара сұхбаттасыңыз. Төмендегі сұрақтарды кеңейтіңіз.

1. Мектеп бітіру / қанша жыл?

2. Университетке түсу / неше жыл?

3. Қазақ тілін үйрену / неше жыл?

4. 1 айдан / ......... қанша іссапарға бардың?

5. 1 жылдан / ..........қандай өзгерістер

6. Жұмысқа тұру. / қанша жыл.

7. Қашан // бері жұмыс істейсің?

 

12-ТАПСЫРМА. 10-21-тапсырмаларды қараңыз, көшіріңіз. 34-40 беттер

Әдебиет: Қазақ тілінің орфографиялық анықтағышы/ құрастырушылар Уәлиұлы Н., Әнес Ғ., Күдеринова Қ., Фазылжанова А..-Алматы: Арыс.-2004.

 

ЕМЛЕ-ТЕСТ

Que: ҚР-дағы мемлекеттік басқару органдары, министрліктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары атауларының алғашқы сөзі:

1. Ans: бас әріппен жазылады;

2. Ans: кіші әріппен жазылады;

3. Ans: тек бірінші сөзі бас әріппен жазылады;

4. Ans: жалқы есімдер ғана бас әріппен жазылады.

 

1. Que: Мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың атаулары күрделі тіркестің құрамында келген жағдайда:

1. Ans: дербес қолданылғандағы емлесін сақтайды;

2. Ans: сөз басында келсе де, аяғында келсе де бас әріппен жазылады;

3. Ans: күрделі тіркестің басында келсе ғана, бас әріппен жазылады;

4. Ans: сөз ортасында не аяғында кіші әріппен, ал басында үлкен әріппен жазылады;

 

2. Que: Отбасын құрған адамдарда қандай құжат бар?

1. Ans: неке кітабы

2. Ans: үй кітабы

3. Ans: жеке куәлік

4. Ans: диплом

 

3. Que: ҚР мемлекеттік өкімет және басқару органдары жүйесіндегі төмендегі лауазым атаулары қалай жазылады?

ҚР президенті әкімшілігінің басшысы, қазақстан республикасы мемлекеттік хатшысы, қазақстан республикасы премьер-министрі кеңесінің басшысы, қазақстан республикасының қаржы министрі.

1. Ans: Барлық сөздері бас әріппен;

2. Ans: Бастапқы сөздері бас әріппен;

3. Ans: Жалқы есімдері ғана бас әріппен;

4. Ans: Президент сөзінен басқасы кіші әріппен.

 

5. Que: «Студент» деген ат кімге беріледі?

1. Ans: арнаулы немесе жоғары оқу орнында оқитын адамға

2. Ans: ізденушіге

3. Ans: арнаулы оқу орнын бітіреген адамға

4. Ans: оқушыға

 

6. Que: Мекемелер мен ұйымдар, министрліктер мен ведомстволар жүйесіндегі ішкі жүйелік құрылымдар, лауазым, қызмет атаулары қалай жазылады?

1. Ans: Кіші әріппен;

2. Ans: Үлкен әріппен;

3. Ans: Бастапқы сөздері бас әріппен;

4. Ans: Жалқы есімдері ғана бас әріппен;

 

7. Que: Академияда екінші сабақ нешеде басталады?

1. Ans: тоғыз отызда

2. Ans: Он бір қырықта

3. Ans: екі жарымда

4. Ans: бірден он минут кеткенде

 

8. Que: Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

1. Ans: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті ұйымдастыру –бақылау басқармасының жетекші маманы.

2. Ans: Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ішкі Әкімшілік Департаменті Ұйымдастыру –Бақылау Басқармасының Жетекші маманы.

3. Ans: Қазақстан Республикасы әділет министрлігі ішкі әкімшілік департаменті ұйымдастыру –бақылау басқармасының жетекші маманы.

4. Ans: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі Әкімшілік Департаменті Ұйымдастыру –Бақылау Басқармасының жетекші маманы.

 

9. Que: «Аурып тұрмын» деген нені білдіреді?

1. Ans: денсаулығы нашар

2. Ans: әлсіз

3. Ans: білімсіз

4. Ans: білімді

 

10. Que: Мерзімді баспасөз атаулары:

1. Ans: тырнақшаға алынып, бас әріппен жазылады;

2. Ans: тырнақшаға алынып, кіші әріппен жазылады;

3. Ans: тырнақшаға алынбастан, бас әріппен жазылады;

4. Ans: тырнақшаға алынып, бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

 

11. Que: Сұраулы сөйлемді табыңыз

1. Ans: Танысып қойсақ қалай

2. Ans: Таныстық

3. Ans: Танысып қоюға рұқсат

4. Ans: Рұқсат

 

12. Que: «Мемлекеттік» сөзі қандай жағдайда бас әріппен жазылады?

1. Ans: Мемлекеттік ұйым

2. Ans: Мемлекеттік меншік

3. Ans: Мемлекеттік басқару органдары

4. Ans: ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы

 

13. Que: Американдықтар қайда тұрады?

1. Ans: Америкада

2. Ans: Қазақстанда

3. Ans: Британияда

4. Ans: Австралияда

 

14. Que: БҰҰ –?

1. Ans: Біріккен Ұлт Ұйымы;

2. Ans: Біріккен Ұлттар Ұйымы;

3. Ans: Біріккен Ұлттар Ұйымдары;

4. Ans: Бірлескен Ұлттар Ұйымдары.

 

15. Que: «Ризамын» сөзінің синонимін жазыңыз

1. Ans: рақмет

2. Ans: беріңіз

3. Ans: сау болыңыз

4. Ans: бақытты бол

 

16. Que: БАҚ –?

1. Ans: бұқара ақпарат құралдары;

2. Ans: бұқаралық ақпараттық құралдар;

3. Ans: бұқаралық ақпарат құралдары;

4. Ans: бұқаралы ақпаратттық құралдары

 

17. Que: Сіз бірден он бірінші сыныпқа дейін қайда оқыдыңыз?

1. Ans: мекепте

2. Ans: жоғары оқу орнында

3. Ans: ауылда

4. Ans: қалада

18. Que: ТМД – ?

1. Ans: Тәуелсіз Мемлекет Достастығы;

2. Ans: Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы;

3. Ans: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

4. Ans: Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы.

19. Que: Бала тәрбиесінде сәлемдесу турасында қандай ақыл сөз бар?

1. Ans: Үлкенге сәлем етіп жүр!

2. Ans: Сәлем

3. Ans: Амандас!

4. Ans: Сәлеметсіз бе!

20. Que: ЕҚЫҰ – ?

1. Ans: Еуропадағы қауіпсіздік әрі ынтымақтастық ұйым;

2. Ans: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы;

3. Ans: Европадағы қауыпсыздық және ынтымақтастық ұйымы;

4. Ans: Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастықтың ұйымы;

21. Айтылғанда дыбыстық өзгеріске түсетін сөздер қатары.

Ans: Күнкөріс, мүмкін, түнгі, бүгін

Ans: Әсем, қағаз, құжат, орындық

Ans: Үстел, сөмке, кітап, дәптер

Ans: Қалам, өтініш, хат

22. Үйлену салттары

Ans: Құда түсу, сырға салу

Ans: Арыздасу, имандасу

Ans: Шілдехана, жеті ата

Ans: Құрсақ шашу, бесік тойы

 

3-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Сөз құрамы (морфология), жасалу және түрлену ерекшеліктері Жеті Жарғы

 

 

ТҮБІР+ҚОСЫМША мысалы: кітап+тар, кітап+хана, кітап(б)+и

 

ЖҰРНАҚ мысалы: аудар+ма+шы, жұмыс+шы, қалам+гер, баспа+гер, еңбек+қор+лық

ҚОСЫМША

ЖАЛҒАУ мысал: аударма+лар, жұмысшыға, қаламгермін, баспагеріміз, еңбекқорлықтан

 

ТҮБІР+ТҮБІР мысалы: салааралық, халықаралық, аударматану, елбасы, меймандос, кішіпейіл

СӨЗ СӨЗ мысал: ауа райы, ауыл шаруашылығы, білім басқармасы.

ТҮБІР-ТҮБІР немесе БУЫН-ТҮБІР мысалы: көше-көше, жәшік-жәшік, бума-бума, мөп-мөлдір, жап-жас

ҚЫСҚАРУ мысал: АҚШ, ҰБТ, ТМД, ЖШС, БҚО, ШҚО.

 


Сөз таптары: Зат есім

Сын есім

Сан есім

Есімдік

Етістік

Үстеу

Еліктеу сөздер

Шылау

Одағай


 

Жалғау– сез бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.