Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 4 страница



  1. Сөз құрамын атаңыз.
  2. Қосымшаға нелер жатады?
  3. Біріккен сөздер дегеніміз не?
  4. Қос сөздерді қалай түсінесіз?
  5. Тіркескен сөздер қалай жасалады
  6. Сөз таптарын атаңыз.
  7. Есім сөздер туралы айтыңыз.
  8. Етістіктер туралы не білесіз?
  9. Жарғы сөзінің этимологиясы қалай?
  10. Жалағау түрлері жайында әңгімелеңіз
  11. Тәуелдік жалғаудың қандай ерекшелігі бар?
  12. Септік жалғаулар туралы не білесіз?
  13. Жеті жарғы дегеніміз не?
  14. Бұл заң жинағы қай уақытта, қандай мақсатта жасақталған?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқып жағдайды талдауға алыңыз. Істің өзгеше шешімін ойластырыңыз.

ҚАЗЫБЕКТІҢ АТ ДАУЫН ШЕШУІ
Бір үлкен ас болып, сол аста бәйгіге шапқан қаншама аттың алдынан бір қара жал құла жеке-дара озып келіпті. Асқа жиналған топтың ішінен бір адам:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, - деп аттың шылбырына жармасады. Атты қосып отырған иесі:
- Жоқ бұл мүлдем жала, өзімнің кер биемнен туған қол тума малым,- дейді. Көпшілік екі жағына да “сенікі жөн” деп айта алмай содан барып Қазыбектің туған әкесі Келдібек биге жүгініске келеді. Бірақ екі даугердің сөзін тыңдаған Келдібек “ат сенікі” деп кесіп айта алмай, дағдырып отырып қалады.
Екі даугердің айтқан дәлеліне құлақ түре жүріп, оған билік айта алмай дағдарған әкесін байқап, жеті жасар Қазыбек:
- Сен қалай танығыш болып алдың? – деп даугерлердің біріне сұрақ қояды.
- Мен енін көрсем, одан туған төлін, төлін көрсем енесін жаза баспай танимын, деп жауап береді, атынтай күнінде жоғалтқан адам. Сонда Қазыбек атты бәйгіге қосқан адамға:
- Кәні, сіз қалай мал танығышсыз?- дейді.
- Мен, енесін бір көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін сол биеден туғанын бұлжытпай танимын, - дейді. Сонда Қазыбек тұрып:
- Жарайды. Енді екуің бар да, анау жүрген қозыдан екі қозы ұстап әкеліңдер, дейді. Олар барып алып келгенде:
- Қозыны көгендеп қойыңыздар да, өрістегі қойдан өзді-өзің әкелген қозының енесін алып келіңдер, - дейді.
Екі даугер өрістегі қойдан екі саулықты алып келіп қозыларды бауырына салғанда, ат қосқан адам әкелген саулық қозыдан жериді, қозы да жатсынып саулыққа жуымайды. Ал тай күнінде жоғалттым деген адам саулыққа қозысын салғанда енесі еміреніп тұра қалады. Қозы бауырына кіріп еме береді.
Қазыбек көпшілікке қарап:
- Кәне, халайық, бұған сіздер не айтасыздар?- дегенде, көпшілік бір ауыздан “Ат тай күнінде жоғалтқан адамдікі” екен деседі.

2-ТАПСЫРМА. Жалғау жалғаңыз

Менің ата.... (мой дед), Сенің іні... (твой мл брат), Сіздің ана... (Ваша мама), Оның бала.... (Ее сын), Менің аға... (Мой брат), Оның қыз... (Его дочь).

3-ТАПСЫРМА. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Қазыбек - қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өндеуге қатысқан. Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет және Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне белсене араласып жүрген Қазыбек би ішкі және сыртқы саясат мәселелерінде ықпал ете алатын. Ол — жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. XVIII ғасырдың 40-жыддары Абылай хан жоңғарлар қолына түсіп қалған шақта, оны тұтқыннан босатып алуға белсене атсалысты.

4-ТАПСЫРМА. Төмендегі суреттер қандай мамандыққа, салаға қатысты екенін анықтап, суреттеп беріңіз.

Мен . Сіздің әкеңіз кім болып жұмыс істейді ? Менің әкем болып істейді. Мен болып істеймін. Олар . Саған болу ұнай ма? Біз..... болғымыз келеді. Ол болуды армандайды. Сіз .

5-ТАПСЫРМА. Тиісті жалғауларды қойыңыз. Сұхбатты рөлде ойнаңыз.

Хан: Ерден ердің не... артық,

Қазыбек: Ептестірген сөзі артық.
Хан: Малдан малдың несі артық,

Қазыбек: Бір-ақ асым ет артық;
Хан: Жерден жер... несі артық,

Қазыбек: Бір-ақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден шегінген жігіт... - аштан өлген аюдың өті артық,

Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
Қазыбек: Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат! – деді.

Хан: Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім ?
Қазыбек: Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
Хан: Дауысың қаз... дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды, айтшы! – депті хан. Сонда Қазыбек:
Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкім... соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпанға басындырмаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, ана... қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз; танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз; сен Қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз; жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз; берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! -.
Хан: Өз... сөзге келген бала болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары!
Қазыбек: Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей
Хан: Осылар келгелі әр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйіне алып барып, бір жер... күтімге алыңдар.

Қалмақтар: Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүрің..., бір жерден күтім көріңдер.
--------------------------------------------------------------------------------------------

6-ТАПСЫРМА. Тиісті жалғауларды қойыңыз.

Мен кеңсе... жұмыс істей... . Таңертең сағат сегіз... жұмыс... келемін. Бөлімге кіре... . Әріптестер келе..., олар... сәлемдесе... . Компьютер қоса... . Құжаттар дайындай... , тексере..., толықтыра... . Сағат он екі... түскі тамақ ішемін. Түс... кейін журнал толтыра..., тапсырма орындаймын. Сағат бес... үй... барамын.

7-ТАПСЫРМА..Тиісті жалғауды жалғаңыз.

Кітап.... ашып, тексті оқыңыз! Текст.... жаңа сөздер..... көшіріңіз.

Жаңа сөздер...... оқытушы...... кейін қайталаңыз. Сөйлем..... сұрақ қойыңыз.

Орысша..... қазақша.... аударыңыз. Тақырып бойынша сұхбат.... құрыңыз.

 

8-ТАПСЫРМА. Тиісті септік жалғауларын жалғаңыз, аударыңыз

 

Банк капиталы... мөлшер... 12589, 78 млрд. құрайды. Жылдық айналым.... пайыздық көрсеткіш... диаграммада көрсетілген. Үлесімдік диаграмма.... ең үлкен пайыздық көрсеткіш.... - депозит шоттар. Банк пайдасы қалыпты болу үшін ай сайын банк түсімі мен пайда ресурстары... талдауы.... жасау қажет деп санаймыз.

9-ТАПСЫРМА. Қатардағы сөздермен сөз тіркестерін құрап табыс септігін анықтағыз.

А) Дайында, тексер, қадағала, сапқа тұрғыз, жаз, қос, өшір, кір, кел, шық, бар, бақыла, тапсырма бер

 

Ә) Құжат, сабақ, тапсырма, сарбаздар, жұмыс, жауынгер, теледидар, шам, бөлме, үй, бөлім.

10-ТАПСЫРМА. Толықтырыңыз! Аударыңыз!

Менің атым ................................................. Мен ................................................. жұмыс

істеймін. Әдетте, таңертең сағат ............................ жұмыс ...... келемін. Жұмыста мен құжаттар толтырамын. Жеке істерді дайындаймын. Әр түрлі мәселелерді шешемін.

Кеше жаңа құжаттарды тексердім, толықтырдым, бастыққа қол қоюға дайындамдым.

11-ТАПСЫРМА. Сөйлемдерді ған/ген/қан/кен жұрн. қолданып аударыңыз

Люди которые сидели в приемной написали заяление. Человек который сидит у начальника заместитель директора Р.Орынбаев. Они не ходили на собрание.

Иван Иванович не написал заяление. Я вчера не читал инструкцию.

12-ТАПСЫРМА. Сандарды сөзбен жазыңыз.

7 күн, 2 алма, 4 оқушы, 7 кітап, 10 студент, 2 нан, 4 ұл, 15 дәптер, 6 бала.

13-ТАПСЫРМА. Оқыңыз, аударыңыз.

Он үш, елу жеті, екі жүз отыз төрт, он тоғыз, бес жүз қырық үш, төрт жүз сексен алты, отыз төрт, тоқсан бес, сексен сегіз, бір мың бес жүз қырық үш, үш мың тоғыз жүз сексен бір, төрт мың елу төрт, алпыс үш мың жеті жүз тоқсан екі, жеті жүз сексен, тоғыз мың тоғыз жүз сексен жеті.

14-ТАПСЫРМА. Сандарды оқыңыз.

27, 115, 1966, 9044, 16200,245689, 18956423.

15-ТАПСЫРМА. Аударыңыз.

Два ведущих специалиста, один секретарь, десять предпринимателей, пять учителей, три преподавателя, двадцать учеников, одиннадцать ученых, восемь писателей, четыре поэта, шесть певцов, пятнадцать танцоров, девять художников, тридцать строителей, сорок врачей, пятьдесять водителей.

 

 

ТЕСТ

Көптік жалғауын жалғаңы! /мн. окончание каз яз/

Терезенің алдында әдемі гүл... өсіп тұр

А. -лар

Ә. -дер

Б. -лер

В. -дар

Г. –тар

 

Сұраққа жауап беріңіз./ответьте на вопрос/

Кеңседе түскі үзіліс нешеде болады?

А. Сағат бесте

Ә. онда

Б. бірден екіге дейін

В. таңертең

Г. кешке

 

Жалғау жалғаңыз /Вставьте нужное окончание (Барыс септігі)/

Дүкен.... нан... бардым

Ертең кітапхана.... кітап.... барамын

Жұмыс... бара жатырмын.

 

Аударыңыз!. Переведите предложения на казахский язык.

Положите в шкаф книги

Сегодня я еду в Алмату

Я иду на работу

Он идет в детсад (балабақша) за внуком.

 

Вставьте нужное окончание (Жатыс септігі)

Кабинет... адамдар көп (много)

Сағат бес... жиналыс болады.

Жаз... жылы (тепло).

 

Аударыңыз! /Переведите предложения на казахский язык/

Работа начинается (басталады) в восемь часов

Завтра в три часа я поиду в кино

Летом я еду в Москву

 

Жалғау жазыңыз!

тексер+

Мен (өткен шақ)

жаз+

жаттығ+

толықтыр+

дайындал+

тапсырма

Сіз (келер шақ)

қадағала+

бақыла+

сапқа тұрғыз+

Тұйық етістік формасындағы сөздер қатарын көрсетіңіз.

А. Бармас, жүрмес, салмас

В. Бару, жүру, күту

С. Сезген, берген, келген

Д. Айтты, берді, алды

 

Тұйық етістік формасында тұрған қос сөздер қатарын көрсетіңіз.

А. жазу-сызу, оқу-тоқу

В. алыс-беріс, күліп-ойнап

С. апыр-топыр, үлкенді-кішілі

Д. ата-ана, бала-шаға

 

Мақсат формуласымен тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз.

А. Келеді, кетеді, айтады

В. Келу, кету, айту

С. Келмек, кетпек, айтпақ

Д. Келмейді, кетпейді, айтпайды

 

-мақ жұрнағы қай сөздерге жалғанады.

А. Бер, жүр, әкел, ұста

В. Бар, ал, апар, дайындал

С. Көр, тер, төк, жина

Д. Айт, сал, сөйле, тұр

 

Не істегендіктен? сұрағына жауап беретін сөйлемді көрсетіңіз.

А. Сәбит емделмеді, жазылмады.

В. Біз жолда дүкенге кірдік.

С. Олар келмегендіктен, біз киноға бара алмадық.

Д. Сәулеленіп таң атты.

 

-ғандықтан, -гендіктен жұрнағын жалғайтын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А. Айна, аспан, үстел

В. Айтпа, күлме, сайла

С. Ұмытшақ, барма, жүр

Д. Кітап, орындық, құлау

Не істегенше? сұрағына жауап беретін тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.

А. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

В. Тонның ішкі бауындай.

С. Оның ашуы шай орамал кепкенше.

Д. Көз ұшында.

 

Бақыт сөзінің баламасы қолданылып тұрған сөйлемді көрсіңіз.

А. Талаптыға нұр жауар.

В. Дәулеті тасқан, ақылы асқан.

С. Байлық мұратқа жеткізер.

Д. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін.

 

Не істеткенше? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын көрсетіңіз.

А. Бергенше, алғанша

В. Кеткенше, барғанша

С. Айтқызғанша, тіккізгенше

Д. Жүргенше, айналғанша

 

Төл сөз – автор сөзі

А.– Келсең кел, – деді бірден Самат.

В. – Келе ғой, айналайын.

С. Олар: «Кездескенше», – деп қоштасты.

Д. Айнұр биыл жазда Астанаға қыдырып баратынын айтты.

 

Автор сөзі – төл сөз – автор сөзі

А. Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнар Байжанды үйіне түсірмеді.

В. Абылай хан: «Атқа қызыққаным рас еді, кінә менде», – деп, атты қайтармақ болыпты.

С. – Әміріңізге құлдық! – дейді Алдар.

Д. «Жастық өз уақытын білмейді».

 

Автор сөзі – төл сөз

А. Мұғалім оқушыдан: – Бір тәулікте неше сағат бар?, – деп сұрапты.

В. Аспандағы айды сұрағанша, – деп күрсінді Айдос, – қолыңдағы барға қанағат ет.

С. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі, – деп ескертті.

Д. Анасы қызына: – Салтанат, жақсы мақал білгің келе ме?

 

Төл сөз – автор сөзі – төл сөз

А. Ақмарал айналасына зер сала бір қарап алып былай деді: – Құрметті замандастар!

В. Қонақтар демалсын деп әкем бәрімізді далаға шығарып жіберді.

С. Қолда барда алтынның қадірі жоқ, – деген Ахмет көпшілікке қарап сөзін жалғады, – қолдан шығып кеткені, әрине, өкінішті.

Д. Сөйлей білсеңіз – ұтасыз.

 

Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А. Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі зергерлік өнер.

В. Ерлердің бас киімдерінің түрі өте көп: қалпақ, тымақ, түлкі тымақ, хан қалпақ, тебетей, т. б.

С. Сондай-ақ қару-жарақ, ер-тұрман ыдыс-аяқ музыка аспаптарын әшекейлеген.

Д. Олардан түрлі бұйымдар, киім-кешектер дайындаған

 

Өткен іс-әрекетте тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А. Ішкі істер бөліміне келді.

В. Ішкі істер бөлімінде анықталады.

С. Ішкі істер бөлімінде қаралып жатыр.

Д. Ішкі істер бөліміне орналаспақ.

Болатын іс-әрекетте тұрған сөйлемді табыңыз.

А. Әкімшілік жазаға тартылды.

В. Оқиға орны анықталуда.

С. Көшеден кездестіріпті.

Д. Күнде соттың шешімін күтеді.

 

Осы шақтағы іс-әрекетті білдіретін сөйлемді табыңыз.

А. Ол телефонмен сөйлесіп отыр.

В. Жазда Алматыға барамын.

С. Кеше дүкенге бардым.

Д. Ертең ауылға барамын

 

Не істеп отыр?

А. Мен кеше театрға бардым.

В. Ол сабақ оқып отыр.

С. Ол кеше Алматы-Орал пойызына отырды.

Д. Ол тыңдаушылармен сөйлесіп отыр.

 

Жазылым. Қос сөздің сыңарын табыңыз.

Алдап-

Желеп-

Азып-

Құлап-

Жазып-

Күліп-

Күрделі етістіктер қатарын белгілеңіз.

А. Ұнатып қалды, сөйлеу, айтпақ

В. Әңгімелестік, достастық, уәделестік

С. Сатып алу, айтып беру, қайтып келді

Д. Сатты, әкелді, апарды

 

4-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі. Сұрақ қою және жауап беру модельдері Суреттеу, сипаттау амалдары. Суреттермен жұмыс

Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.

Сұрақ қою түрлері.

  1. Жалпы сұрақ. ма, ме, па, пе, ба, бе демеуліктері арқылы жасалады. Мысалы: Қазір қазақ тілі сабағы ма?
ма, ме После гласных и сонорных р, л, у,
па, пе После глухих и звуков б, в,
ба, бе После звонких и звуков м, н, ң,
  1. Арнайы сұрақ. Сұраулы сөздер (есімдіктер) арқылы жасалады. Олар: кім, не, қашан, қалай, қай, қайда, неше, қанша, неге, қайдан. Мысалы. Қазақ тілі сабағы қайда болады?
  2. Альтернативті сұрақ. Сұрақ ма, ме, па, пе, ба,бе арқылы жасалады. Әйтседе сұрақтың құрамында жауап бар.Сұрақ қоюшы жауабына сенімсіз, таңдаудың арасында тұр. Мысалы: Қазір қазақ тілі сабағы ма, математика сабағы ма?
  3. Растауды қажет етер сұрақ. Бұл сұрақ солай ма?, солай емес пе?, солай ғой деген сөздердің көмегімен жасалады. Сұрақ қоюшы жауапты білемін деп ойлайды, дұрыс не дұрыс еместігін растайды. Мысалы. Қазір қазақ тілі сабағы, солай емес пе?

Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше

Бастауыш/баяндауыш Анықтауыш/толықтауыш/пысықтауыш

Бастауыш КІМ/НЕ/КІМІ/НЕСІ?

Баяндауыш НЕ ІСТЕ/ДІ?

Толықтауыш кімді, нені, кіммен, немен, кімге, неге?

Анықтауыш кімнің, қандай, неше?

Пысықтауыш қай, қалай, қайдан, қашан, қайда, неге?

v А. ________ -- -- -- -- -- ______

v Ә. _____ _____

v Б. ________ - - -- - -- - - - ______

v В. _____ - - -- -- - -- --- - ______

v Г. _____ _____

 

Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі.

Толықтауыш + Пысықтауыш + Баяндауыш

Нені? + Неге? Қалай? + Не істейді?

Бауырсақты майға шыжғырып пісіреді.

салыстыр: Бастауыш+Толықтауыш+Пысықтауыш+Баяндауыш

Анықтауыш+Бастауыш+Толықтауыш+Пысықтауыш+Баяндауыш

Өткір отқа пісіреді

Қуырып пісіреді

Қалай пісіреді? Бұқтыра пісіреді Пысықтауыш

Уыттап пісіреді

Жай отқа пісіреді

 

Көктемде тойланады

Жаза тойланады

Қашан тойланады? Дүйсебіде тойланады Пысықтауыш

Бүгін тойланады

Ертең тойланады

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі туралы не айта аласыз?

2. Сөйлем мүшелерін атаңыз, пысықтаңыз

3. Сұрақ қоюдың қандай модельдерін атап көрсете аласыз?

4. Арнаулы сұрақ қалай жасалынады?

5. Жалпы сұрақ деген не?

6. Альтернативті сұраққа қандай мысалдар жатады?

7. Растау сұрақ дегеніміз не?

8. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дегеніміз не?

9. Тұрлаусыз мүшелердің ерекшеліктері қанадай?

10. Сөйлемдегі анықтағыш мүшенің орны қай жерде?

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

 

1-ТАПСЫРМА. Асты сызылған сөздерге тиісті сұрақ қойыңыз.

Қазақстан Республикасы 1920 жылы 20 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АССР – і деп аталып, РСФСР-дің құрамына кірді. 1936 жылы 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ Совет Социалистік Республикасының егемендігі туралы Декларация қабылданды. Еліміз егеменді мемлекет болып жарияланды. 1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылды.

2-ТАПСЫРМА. Сурет бойынша әңгіме құраңыз.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.