Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 5 страница



 

3-ТАПСЫРМА.. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Воскресенье. Я пришла в. Я купила и Я много выбирала. Они не дорогие. Я увидела коллегу. Мы поздоровались.Она купилаи . Мы приехали в . Играл сам! После мы пришли в кафе. , слушали музыку. Мы хорошо отдохнули. Пришлав. Зашла на . Затем . Так прошел выходной.

4-ТАПСЫРМА. Адамның сыртқы бейнесі.

Адам

           
     
 
 

             
Ұлты Жасы Бойы Бет әлпеті Шашы Көзі Мұрны
қазақ жиырмада ұзын дөңгелек қара қара қыр,тік
орыс отыздарда орта сопақ сары көк пұшық
кәріс орта жаста аласа жалпақ жирен қой көз үлкен жалпақ
  бозбала     қысқа қысық  
  егде   аққұба ұзын    
      қараторы тік бұйра    

5-ТАПСЫРМА. Қандай адам? Дене бітімі

Көк көзді Қыр мұрынды Сопақ бетті көзі көк толық, толықша келген, бойы ұзын арық, арықша келген, талдырмаш, шымыр
Бұйра шашты  
Тік қара шашты  
Ұзын қара шашты  
Ұзын бойлы Толықша келген, аққұба  
6-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқып аударыңыз. Оның аты – Мирас. Ұлты – қазақ. Жасы жиырма бесте. Ол ұзын бойлы, қой көзді, қара шашты, қыр мұрынды қараторы жігіт. Ол – бағдарламашы. Оның отбасы бар. Олар: әйелі – Венера, қызы – Мерей. Әйелі – мұғалім. Ол ұзын бойлы, аққұба, шашы ұзын, көзі қара, дөңгелек жүзді. Мерей екі жаста.

 

7-ТАПСЫРМА. Асты сызылған сөздерге арнаулы сұрақ қойыңыз.

Мен кеше бөлімде жұмыс істедім. Таңертең сағат сегізде жұмысқа келдім. Бөлімге кірдім. Әріптестер келді, олармен сәлемдестім. Компьютер қостым. Құжаттар дайындадым, тексердім, толықтырдым. Сағат он екіде түскі тамақ іштім. Түстен кейін журнал толтырдым, тапсырма орындадым. Сағат бесте үйге қайттым.

8-ТАПСЫРМА. +ды+ді+ты+ті+шыл+шіл жұрнақтарын жалғау арқылы мінез-құлықты білдіретін сын есімдер жазыңыз

Тура, қайрат, білік, сымбат, уайым, өкпе, талап, табан, көңіл, ақша, сөз, жауап, қайтым, көп, дау, күн, әңгіме.

9-ТАПСЫРМА. Аударыңдар! Ұзын бойлы, қысқа бойы, толық, арық, қара торы, ақ құба, жұқалтаң, дөрекі, жуас, ашушаң, пысық, тік мінез, сыпайы, жауапты, сымбатты, мығым, жуан, белді, жұмыр

10-ТАПСЫРМА. Суреттегі лауазымды тұлғаның мінезін, кәсіби іскерлік қасиеттерін суреттеп беріңіз

үлгі

Суреттен ..... көріп тұрмын.

 

Менің ойымша....

 

.... деп ойлаймын

 

11-ТАПСЫРМА. +қой, +қор, жұрнақтарын жалғау арқылы мінез-құлықты білдіретін сын есімдер жазыңыз

Сән, еңбек, әзіл, пәле, пара, әуес, ыза, дүние.

12-ТАПСЫРМА. Суреттегі адамдарды жеке-жеке суреттеңіз.Олар қандай болуы мүмкін?


Ақ көңіл


Мейрімді

Көңілді

Екі жүзді

Жағымпаз

Турашыл

Салмақты

Сабырлы

Жеңілтек

Пысық

Тұйық

Сезімтал



13-ТАПСЫРМА Өз досыңыз туралы айтыңыз

Үлгі: Менің досым ...

Менің досымның мінезі ....

 

14-ТАПСЫРМАСұраулы сөйлем жасаңыз

Сіз отыз бестесіз. Ол зауытта жұмыс істейді. Оның мамандығы инженер. Олар бөлім меңгерушісі. Сен қоймашы болып жұмыс жасайсың.

 

ЕМЛЕ-ТЕСТ

1. Que: ҰҚК – ?

1. Ans: Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

2. Ans: Ұлттар қауіпсіздігі комитеті;

3. Ans: Ұлыстар қауіпсіздік комитеті;

4. Ans: Ұлттық Қауіпсіздіктің Комитеті.

2. Que: Қалау райдың жасалу формасын белгілеңіз

1. Ans: Етістік + (-гі)+(ң) келді

2. Ans: Етістік + (-ғы) + (-м)

3. Ans: Етістік + (-кі) + (-м) + келді

4. Ans: Зат естім + (-сы)

3. Que: ҚазМҰУ – ?

1. Ans: әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университет;

2. Ans: әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті;

3. Ans: Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті;

4. Ans: әл-Фарабидің атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті;

4. Que: Етістіктің қатарынан нақ осы шақ жасай алатынын белгілеңіз

1. Ans: тұр

2. Ans: жаз

3. Ans: бар

4. Ans: жап

5. Que: РФ – ?

1. Ans: Ресей Федерация;

2. Ans: Ресейлік Федерация;

3. Ans: Ресей Федерациясы;

4. Ans: Россия Федерациясы;

6. Que: Етістіктерді тәуелдеу кезінде І жақта кездесетін жалғауларды белгілеңіз

1. Ans: –м, -ым, -ім,

2. Ans: –ды, -ді, -ты, -ті

3. Ans: 3-жақта жалғау жоқ

4. Ans: -ың –ің (-сың, -сің)

7. Que: Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда орфоэпиялық норма басшылыққа алынады: Қай нұсқасы дұрыс?

1. Ans: ЖШС-нің;

2. Ans: ЖШС-ның;

3. Ans: ЖШС-дың;

4. Ans: ЖШС-тың.

8. Que: Септік жалғауын дұрыс жалғаңыз

1. құжат (Ш.с.)

2. жеке (К.с.)

3. валюта (Т.с.)

4. алым (Ж.с.)

5. өсім (Б.с.)

6. айналым (А.с.)

7. төлемақы (І.с)

 

а) –нан ғ) –ға

ә) –тан д) –ның

б) –ны ж) -да

в) –ге з) – жоқ

г) – мен е) -та

1. Ans: 1ә, 2г, 3б, 4ж, 5в, 6з, 7д.

2. Ans: 1а, 2г, 3е, 4ж, 5ғ, 6з, 7б.

3. Ans: 1а, 2е, 3г, 4ж, 5з, 6ғ, 7д.

4. Ans: 1ә, 2б, 3г, 4в, 5ж, 6д, 7з.

9. Que: Қысқарған сөздерге қосымша жалғауда орфоэпиялық норма басшылыққа алынады: Қай нұсқасы дұрыс?

1. Ans: ТМД-ға;

2. Ans: ТМД-на;

3. Ans: ТМД-қа;

4. Ans: ТМД-ке.

10. Que: Шақтың неше түрлері бар?

1. Ans: 3

2. Ans: 9

3. Ans: 6

4. Ans: 7

11. Que: Қай нұсқасы дұрыс?

1. Ans: АҚШ-тің

2. Ans: АҚШ-тың

3. Ans: АҚШ-ның

4. Ans: АҚШ-дың

12. Que: Көптік жалғауы жалғанған сөзді белгілеңіз

1. Ans: жаңа келісімдер

2. Ans: жағдайды барлар

3. Ans: бүгін келер

4. Ans: мүмкін білер

13. Que: Қай нұсқасы дұрыс?

1. Ans: ҚазМУ-дың

2. Ans: ҚазМУ-тың

3. Ans: ҚазМУ-тің

4. Ans: ҚазМУ-дің

14. Que: Қала тақырыбына қатысты сөздерді анықтаңыз

1. Ans: көше, даңғыл, бақ, ғимарат, орталық

2. Ans: кинотеатр, алаң, жайлау, базар.

3. Ans: ескерткіш, өзен, жайлау.

4. Ans: әкім, аялдама, егіс.

15. Que: «бүкіл», «жалпы» деген сөздермен басталатын анықтауыштар қалай жазылады?

1. Ans: бүкілодақтық, бүкілхалықтық, жалпыодақтық, жалпыхалықтық

2. Ans: Бүкілодақтық, Бүкілхалықтық, Жалпыодақтық, Жалпыхалықтық

3. Ans: бүкіл одақтық, бүкіл халықтық, жалпы одақтық, жалпы халықтық

4. Ans: бүкіл-одақтық, бүкіл-халықтық, жалпы-одақтық, жалпы-халықтық

16. Que: Асхана тақырыбына қатысты қатысты сөздерді белгілеңіз.

1. Ans: орындық, шанышқы, ыстық тамақ.

2. Ans: алаң, жол, қиылыс, маңдайшалар

3. Ans: құлақ, мұрын, көз, қабақ.

4. Ans: билет, сұрақ, ғимарат, оқытушы.

17. Que: Сын есімдік анықтауыштар қалай жазылады?

1. Ans: ұлтаралық, дүниежүзілік, әралауан, әртүрлі, әрқилы, әртектес, біркелкі

2. Ans: ұлт аралық, дүние жүзілік, әр алауан, әр түрлі, әр қилы, әр тектес, бір келкі

3. Ans: ұлт-аралық, дүние-жүзілік, әр-алауан, әр-түрлі, әр-қилы, әр-тектес, бір-келкі

4. Ans: Ұлтаралық, Дүниежүзілік, Әралауан, Әртүрлі, Әрқилы, Әртектес, Біркелкі

18. Que: Студенттік өмір тақырыбына қатысты қатысты сөздерді белгілеңіз.

1. Ans: билет, сұрақ, ғимарат, оқытушы.

2. Ans: жол, жолаушы, билет, жүргізуші

3. Ans: алаң, жол, қиылыс, маңдайшалар

4. Ans: орындық, шанышқы, ыстық тамақ.

19. Que: «арғы жақ», «бергі жақ» деген сөздердің өзгерген нұсқалары қалай жазылады?

1. Ans: аржақ, бержақ, аржағында, бержағында

2. Ans: әржақ, беріжақ, әржағында, беріжағында

3. Ans: арғы жақ, бергі жақ, арғы жағында, бергі жағында

4. Ans: аржаққа, бержаққа, аржағында, бержағында

20. Que: Қоғамдық көлік тақырыбына қатысты қатысты сөздерді белгілеңіз.

1. Ans: жол, жолаушы, билет, жүргізуші

2. Ans: алаң, жол, қиылыс, маңдайшалар

3. Ans: билет, сұрақ, ғимарат, оқытушы.

4. Ans: орындық, шанышқы, ыстық тамақ.

5-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Түрлі жақтан ой білдіру амалдары (төл сөз, төлеу сөз және автор сөздерінің үлгілері) Пікір алысу, ой білдіру амалдары. Ресми тұжырымдармен немесе болжамдармен жұмыс

 

Құрметті әріптестер! Бүгін біз кезекті мәжіліске жиналып отырмыз. Күн тәртібінде қарастырылатын мәселелер: Біріншіден – зауыт өнімдерін өндірудің 2010-2011 жылдарға жоспарлау. Екіншіден – Қазақстан нарығындағы біздің кәсіпорын өнімдерінің бағалану жағдайы. Үшіншіден – Халықаралық байланыс жағдайы. Сонымен қатар әр түрлі мәселелерге де тоқталамыз. Кімнің қандай ұсыныстары бар? ... Жақсы ұсыныс болмаса, бірінші мәселе бойынша баяндама тыңдайық.

 

Зауыт өткен жылда жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Өнімнің сапасы жоғары. Бәсекелестікке қабілетті тауар шығарамыз. Тұтынушылар тарапынан жоғары бағалануда. Халықаралық стандарттарға сай. Шетелдік әріптестеріміздің оң бағасына ие болды. Өнімнің 80 пайызы отандық нарықта өткізілсе, 20 пайызы жақын аймақтағы шетелдерге шығарылып жүр. Тауар сұранысқа ие.

 

Болашақта үлкен жобаларды жүзеге асырғымыз келеді. Шаруашылықты кеңейтсек деген ойларымыз бар. Осы бағытта нақты қадамдар жасадық. Көптеген жұмыс орындары ашылып, жергілікті мамандар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жоғары білікті мамандарды жұмысқа шақырамыз. Шетелдік фирмалармен қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасамыз.

Жекеше түрКөпше түр

І жақ. Мен бұл мәселені қарастырайын Біз ........ қарастырайық

ІІ жақ Сен бұл мәселемен айналыс! Сендер .... айналысыңдар!

Сыпайы түрі Сіз бұл жағдайды реттеңіз! Сіздер ..... реттеңіздер!

ІІ жақ Ол бұл мәселені шешсін! Олар .... шешсін!

 

 

Сіз қалай ойлайсыз, осы мәселе шешімін таба ма екен?

Сіздің ойыңызша, халықаралық қарым-қатынас мәселесін кейінге қалдыруға болады, солай ма?

Зауыт өнімінің сапасын арттыру үшін шетелдік жабдықтарды орнату керек деп ойлайсыз ба? Қондырғылардың бөлшектерін шығаратын кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажет деген оймен келісесіз бе? Жақсы көрсеткішке жету үшін не істеу керек, қандай кеңес бересіз?

 

Бүгін бізде жиналыс болды. Жиналыс үш сағатқа созылды. Отырыста кәсіпорын басшысы және қонақтар сөз сөйледі. Мен де сөз алдым. Мекеменің жеткен жетістіктері мен жаңа бағыттар туралы баяндама жасадым. Сұрақтар көп болды. Бәріне тиянақты жауап беруге тырыстым. Жиналыс соңында жекелеген мәселелер бойынша дау туып, жарыссөздер айтылды. Дауысқа салынып, ортақ мәмілеге (шешімге) келдік. Бүгінгі жиналыс мен үшін өтек маңызды болды.

Автордың белгілі бір тұлғаның сөзін өзгеріссіз өз сөзіне қосып сөйлеген бөлігін төл сөз деп атаймыз.

«Т»,- автор сөзі.; Автор сөзі: «Т».; Автор сөзі: «Т»,- Автор сөзі.

Автор сөзін жасау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері:деді, деп айтты, деген, депті, деген екен, де,

былай айтты, айтты, пікірінше, ойынша, +ша

«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»,-деді Ш.Айтматов.Ш.Айтматов былай деді: «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ». Ш.Айтматов: «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»,- деді.

Біреудің сөзіндегі негізгі ойды сақтап, автор өзінің тілімен баяндауын төлеу сөз деп атаймыз.

Мәслен, Ш.Айтматов өз сөзінде тіл болмаса, ұлттың да жоқ болатындығын айтты.

Ш.Айтматов бір кездері тіл жоқ болса, ұлттың да болмайтындығы жайында айтқан.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Түрліше жақтан сөз сөйлеген кезде қандай ерекшеліктерді байқаймыз?
  2. Төл және төлеу сөз дегеніміз не?
  3. Ресми тұжырымдар шығарған кезде нені ескереміз, сөйлем құрылысымыз қандай болуы керек?
  4. Қандай жіктік есімдіктерді атай аласыз?
  5. Жақ бойынша қандай жалғау түрлері өзгере алады?
  6. Төл сөзді төлеу сөзге өзгерткен кезде қандай ерекшеліктерді ескеруіміз керек?
  7. Түрлі жақтан баяндаған кезде автордың сөйлеу тоны не стилі тыңдаушыға қаншалықты әсер етеді?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМАПікірлерді оқып, талдаңыз. Төл және төлеу сөздер жасаңыз.

  № 1 Ана тіліңде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге ана тіліңді құрметтете аласың. Ахмет Байтұрсынов
№ 2 Тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді. Ойлаған ойын сыртқа шығарып,басқаларға ұқтыра алса, адамның не арманы бар! Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмайды, ондай ұлт құриды. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Мағжан Жұмабаев
№ 3 Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ғ.Мүсірепов
№ 4 Сенің ана тілің шексіз бай. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіне бөгет бола алмайды, қайта сені адамгершілікке шын патриот болуға жетелейді. Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған адам – күлкіге ұшырайтын жан. Ғ.Мүсірепов
№ 5 Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады. В.В.Радлов
№ 6 Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды. М.Әуезов
№ 7 Ұлттың тілі – халықтың жүрегі, ақыл-ойы. К.Ататүрік
№ 8 Тіл – халықтың рухани қуаты. П.Мелиоранский
№ 9 Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. А.Байтұрсынов
№ 10 Халық өз тілінен айрылған кезінде ұлттық сипатынан да айрылады. И.Кант
№ 11 Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ. Н.Назарбаев
№ 12 Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. Ш.Айтматов
№ 13 Ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы

2-ТАПСЫРМА. Сұхбаттасыңыз, мәтіндегі ақпаратты төлеу сөз формасында баяндаңыз.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Мен бұл банкте есеп шот аша аламын ба?

- Әрине, сіз есеп шот ашып төлем жасай аласыз немесе салым жасай аласыз.

- Жақсы. Маған мекемеден ақша аудару үшін есеп шот қажет болып тұр.

- Ол үшін сіздің жеке куәлігіңіз және СТН -ңіз керек.

- Мінекей, ол құжаттар менде бар.

- Жарайды. Мына жерге қол қойыңыз. ... Сол белгіленген жерге қойыңыз!

- Көрдім, рахмет!

- Міне, сіздің кітапшаңыз (жинақ кітапша, депозит кітапша)

- Көп-көп рахмет, көріскенше

- Сау болыңыз!

3-ТАПСЫРМА Сөйлемдерді оқып, олардың қай жақтан және қандай мағыналық реңте айтылғанын ажыратыңыз.


Мүмкін, оның бойы ұзын Мүмкін, ол ұзын бойлы.

 

Оның бойы ұзын болуы мүмкін Ол ұзын бойлы болуы мүмкін

Оның бойы ұзын деп ойлаймынОл ұзын бойлыдеп ойлаймын

«Оның бойы ұзын» деңіз«Ол ұзын бойлы» де

 

Асан «оның бойы ұзын»деп айттыАсан«ол ұзын бойлы»деп айтты

Оның бойы ұзын секілдіОл ұзын бойлысекілді

4-ТАПСЫРМА Сурет бойынша «Меніңше», «Сізше», «Оның ойынша» деген болжамды суреттеу мәтінін құрастырыңыз (5 сөйлем)


 

5-ТАПСЫРМА .Мәтін бөліктерін оқып аударыңыз, суреттеу реңкіне назар аударыңыз.

l Жаз. Таңертеңгі шақ. Бүгін аспанда бұлт жоқ. Күн ұясынан енді көтеріліп келеді. Бұл уақытта өзен жағасы ерекше сұлу. Жылжи аққан өзен суына күн сәлесі түсіп мөлдірейді.Тап-таза, мөлдір суы көз тартады. Жағадағы ағаштар жайқалып өзен суынан нәр алып тұр. Бұл өзен терең және балығы да көп.

l Анау ақ кірпіштен салынған зәулім үй өте әдемі. Терезелері үлкен, қабырғалары биік, төбесі шатырланған. Үйдің іші қыста жылы, ал жазда қоңыр салқын болып тұрады. Бөлмелері де көп.

 

6-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқып, аударыңыз, айтылу реңкі мен стиліне назар аударыңыз.

Сәлем! Мен Нинамын. Кеңседе хатшы-жәрдемші болып жұмыс істеймін. Менің жұмысым компьютермен байланысты. Құжаттарды құрастырамын. Компьютерге мәтін теремін. Содан соң электронды поштымен корреспонденттерге хат жөнелтемін, олардан хат қабылдап аламын. Құттықтау жеделхаттар жіберемін. Менің жұмысымда ұқыптылық, үлкен жауапкершілік керек. Ең бастысы - адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай білу. Маған менің ұжымым да жұмысым да ұнайды.

 

7-ТАПСЫРМА . Сурет бойынша мәтін құрастырыңыз. Мәтінде төл және төлеу сөздер қолданыңыз.

 

 

8-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқып, аударыңыз. Қолданылған етістіктерге назар аударып талдаңыз.

Мен «Жас аудармашылар» агентігінің президентімін. Менің есімім – Болат Сабырұлы. Біз жиналыс өткізіп жатырмыз. Жиналыстың тақырыбы: «техникалық термин сөздердің қолданысы». Менің оң жағымдағы - әріптесім Мұрат Хайдарұлы болса, сол жағымда – Айша Жарасқызы отыр. Маған қарама қарсы Бекболат Әділұлы. Ол жақында Астана қаласына барды. Баспадан жаңа сөздіктер алып келді. Әріптестер жаңа сөздіктің жетістіктерін айтуда.

Мұрат ұзын бойлы, қара шашты көрікті жігіт. Ол өте іскер, жауапкершілігі мол маман.

Ал Айша сары шашты, орта бойлы, әдемі қыз. Ол ұқыпты, әділ, сабырлы, табанды.

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.