Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 7 страница



Негізінен, ауызекі сөйлеу стилі екеу-ара сөйлесу кезінде жиі қолданылып, жазуда кездеспейтін еді. Алайда жаңа заман технологиясы агент, электронды пошта хаттарынан ауызекі сөйлеу стилінде жазылған нақты материалдарды мысалға келтіре аламыз. Осыған орай тек қана сөйлеу тілінде кездеседі деп айтуға болмас деп түйіндейміз.

Эмоциялы сөздер қатарына бұл стильде қолданылатын шіркін, бәле, ой де, қап, қоян суретін салу, қарғаның мәткісін ұстату, шұлғылау, құлақтан тебу т.б. ал экспрессиялы сөздерге өй, жаман неме (жақсы көру, сүйсіну), тыртыштанып (жақтырмау), салпаңдап (жақтырмау), шикі өкпе (төмен бағалау), шүйке бас (кемсіту) т.б.

Жоғарыдағы мысалдардан байқалғандай, ауызекі сөйлеу стилінде диалекті сөздер, кәсіби жаргондар, жастар тіліндегі жаргондар қолданыла береді. Тілді көркемдеу тәсілі ретінде тұрақты тіркестер, ауыспалы мағынадағы қолданыс жиі ұшырасады.

 

Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қсймайды. Олар мына тәрізділер: -тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мақ (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсы-мақ, адамсымақ), -ша, -ше, -шақ, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзау-қан, үстелше, бақыршық,). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жасалатын кеңсе қағазына “бойы ұзьмша, өңі ақ құбаша” деп жазудың ешбір қажеті жоқ.

Халықаралық кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерманмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көптеген бағыттар бойынша Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынастың табысты дамуы - өзара тиімді және теңқұқылы ынтымақтастыққа негізделіп отырғанын атап өтті. Осы ретте аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікке баса назар аударылуда. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды бастамалары біздің еліміздің халықаралық, соның ішінде Орталық Азиялық қауіпсіздік жүйесінің қалыпты дамуына белсене қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. Екі жақ сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары заң органдары арасындағы байланысты нығайту мәселелерін де талқылады. Алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарды сөз ете келіп, Нұрлан Нығматулин мен Уэнди Шерман Қазақстан – АҚШ стратегиялық әріптестік жөніндегі комиссия, энергетикалық әріптестік жөніндегі қазақстандық-американдық бірлескен комиссиясы, сонымен бірге, «Қазақстан достары» клубы сияқты ынтымақтастықтың тиімді механизмдеріне ерекше тоқталды. Мәжіліс Төрағасы мен АҚШ Мемлекеттік Хатшысының орынбасары болашақта біздің елдеріміздің ықпалдастығын табысты дамытудың әлеуеті зор деген ортақ пікірлерін жеткізді.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Қазақ тілінде стильдің қандай түрлері бар?
  2. Ауызекі сөйлеу стилінің басты ерекшеліктері қандай?
  3. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?
  4. Ауызекі сөйлеу стилінде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?
  5. Ауызекі стилінен жаргондық қолданыстарды қалай ажыратамыз?
  6. Маңызды кездесулерді алдын ала жоспарлау қажет пе?
  7. Кездесулердің қандай түрлері болуы мүмкін?
  8. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?
  9. Тілдік этикет дегеніміз не?
  10. Эмоционалдық пен экспрессивтілік дегеннің айырмасы қандай?

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Агент, эл поштада хаталысқандай, ауызекі сөйлеу тілі стилінде болашақ кәсібіңіздің тілінде хабарлау, жаңалық айту бағытындағы мәтіннің үлгісін (диалог та болуы мүмкін) құрастырыңыз (25-30 сөз).

2-ТАПСЫРМА.Бүгінгі жастар тілінде жиі қолданылып жүрген кәсіби жаргондар не жалпы жаргондарға

мысал жазыңыз, мағынасын ашып көрсетініңіз.

3-ТАПСЫРМА.Нақты бір көркем шығармада қолданылған ауызекі сөйлеу стилінің мысалын жазып көрсетіңіз.

4-ТАПСЫРМА.Көркем шығармадан үзіндіні оқып, ішінен ауызекі сөйлеу стиліне жататын жерлерін көшіріп жазыңыздар.

5-ТАПСЫРМА.Мәтінде қалыс қалған сөздерді емле сәкес жазыңыздар.

/ қауіпсіздік комитеті, төтенше және өкілетті елшісі /

2012 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және ...........................+ нің төрағасы М.Әшімбаев Польша Республикасының ...........................Яцек Ключковски мен Куба Республикасының .......................................... Абелардо Фабио Эрнандес Феррерді қабылдады.

6-ТАПСЫРМА.Топ-топқа бөлініп рөлде ойнаңыздар

Театрланган койылым "Абай жолы" романынан үзінді

 

Үш атты келе жатыр.

Артта – Байтас пен жорға Жұмабай. Алда – Абай.

Байтас:

-Мыны баланың ауылға асығуын – ай!

Жұмабай:

-Сорлы бала қыстй іш құста болып қалған-ау.

Байтас:

-Енді бізден ұзап кетпе. Анау Есенбайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жаттады...

Жұмабай:

-«Құнанбайдың бөлтірігі» неме- бала деген қорқар болар еді, мына бала өзі қорқуды білмейді ғой.

(Үш атты «Құнанбай ауылына» жақындайды)

(Қораның ортаында қосақталған қойды сауып отырған қатындар етектерін қайырып түріп алған, жүргіншілерге қарап:)

-Қалашылар, қалашылар келеді!

-Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай. Апасына айтайыншы.

-Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау Телғара! Әпкеме айтайыншы (Екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді)

Абай көп ішікен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

-Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер әкеңе! – деді.

(Өңі сұп-сұр, зор денесі, бурыл сақалды Құнанбай тұр. Оның жалғыз көзі бұларда емес. Батыс жақтан 4-5 атты жолаушы келеді екен, өздері өңшең толық денесі, үлкендер сияқты. Ол соларға қарап тұр. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді Құнанбай қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орынынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғақтай уақыт Абайға қарап алып:)

-Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау!

-Шүкірлік әке.

(Майбасар – Құланбайдың тоқал шешесінен туған інісі.)

Майбасар: - Өзі тіпті кісі болып қалыпты.

Құнанбай:- Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам!

Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді – Айғыз қатар тұр екен.

Айғыз: - Пай, жаман қатындар сілейкесен, баламыздың бетінен сүйер жерде қауырмады-ау деп Абайдың көзінен сүйді. Өз шешесі сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді.

Ұлжан шешесі: - Әжеңе бар.

(Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп күтіп тұр)

Зере:

-Жаман неме, маған бұрын келмей, кеттің-ау! Жаман неме... (содан кейін көзі жасаурап: - Қарашығым, қоңыр көзім... Абай жаным...)

(Абайды үйге кіргізіп, қымыз, ет берді)

Үйдегілер:

-Енді сағындық ба, кімді сағыдық?

-Молда болдың ба?

Абай:

-Оспан қайда, ол қайда жүр (кіші інісін сұрады)

-Е, жүр-дағы, жынды кене.

Әжесі:

-Не дейді, не деп жатырсыңдар, естімедім.

Абай:

-Әже-ау, былтыр мұндай емес ең... құлағыңа не болған?

Әжесі:-Балам-ау, әжеңде қуыс кеуде болмаса, не сымбат қалды?

Қара сақа, қара Қамысбай кіріп келіп:

-Абай, шырағым, сені әкең шақырып жатыр.

(Абай қонақ үйге келсе, әкесінің жанында 3-4 бөтен кісілер отыр екен. Үлкендерге ашық дауыспен сәлем берді. Осы кезде үйге інісі Оспан кіріп келеді. Ол әкесі мен өзге ешкімге қармастан, келе Абайды құшақтай алды. Абай Оспанның бетінен сүйді).

(Смағұл Айғыздың туған інісі. Смағұл Оспанмен түйедей құрдас). Смағұл жылап келеді:

-Құлжамды, қызыл құлжамды ұрлап алды, Оспан.

Оспан:

-Қашан? Әй, жылауық!

Абай Оспанға қарап:

-Бер құлжасын! – деді.

Оспан:

-Алған жоқпын, өтірік.

Абай:

-Шығар шапшаң құлжаны. Көрсет қолыңды?

Оспан:

-Міне! Ойбай! ... Міне, түк жоқ.

 

2-бөлім

Құнанбай:

-Ұлжан, бес-алты күн ішінде жолға дайындалыңдар, Алшынбайдың жазғы жайлауы алыстамай тұрғанда, қамданып, Абайды қайын жұртына апарып, таныстырып келіңдер. Төркініңе өзің бастап бар, балаңды!

(Тәкежан мен Мырзахан сияқты жасы үлендер бөлініп, хабар айта кетті)

АбайЕрболға:

-Осы үйлену деген ата-анаға да жастардың өзіне де қуаныш қой. Солай емес пе? Ал ендеше сол қызығына жеткенше күйеу мен қалыңдықтың жолына ырым – жырым, әдет-дәстүр деп неше алуан Құбыжықтар қоятыны иесі.

Ербол:

-Рас айтасың Құбыжық екені рас. Дәл осы қазір кім кеседі? Қандай асау жеңгелер екен, не бұйырар екен деп, мен де үркіп тұрмын.

Досы:

-Әлі тұра тұр, басыңда үкің жоқ деп қиғылық салады.

Абай:

-Япырау, мен күйеу болсам, Башанға күйеумін. Рұқсат етіңіздер, үкімді барар жерде киейін, әзірше өз киіміммен барамын.

Келіншектер алдарынан шығып:

-Абай қайсы?

-Күйеу қайсы бұл?

-Бәрінің киімі бірдейі несі, күйеуше неге киінбеген?

Абайкүліп:

-Қайсымызды ұйғарасыз, сонымыз Абай болсын.

Келіншек Абайға келіп:

-Қой, шырағым, Тобықты тымағын аулында киерсің. Біздің ауылымызда күйеу тымағымен жүр.

Жұмағұл Абайға:

-Бәсе, ки десем бір көнбей. Ал, міне үйретіп алыңдар. Бар киімі мына менің қаңжығамда.

(шымылдық ішінде Ділда құрбылрымен отыр)

Келіншек:

-Шымылдық, шымылдық түсір. Үлкендер, енелер келеді.

(2-3 үлкен әйелдер, Абайдың енелері кіріп келеді)

Келіншектер:

-Ал, шешелер, көрімдік!

-Көрімдік кәне!

-Болмаса, балаларыңды көрсетпейміз, беті ұялады.

Абайдың енелері:

-Алыңдар! Көрімдік сендердіі. Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер, алыңдар!

-Өмір – жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым! (шашу шашады)

Екінші әйел:

-Қадамың құтты болсын! Қызығың ұзақ болсын, қарағым, Абай!

Қыз-келіншектер:

-Күйеу көрікті ме екен?

-Блаңыз сай ма екен?

-Қайсы өзі?

(Ауыл жігіттері ән айтады)

(Молда некелерін қияры. Суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылады. Абай мен Ділдәға береді. Осының артынан екі жеңге келіп, Абай мен Ділдәнің алдына қарсы отырып, екеуінің оң қолдарын алып, бірін – біріне ұстаттырады.)

Абай Ділдәнің жіңішке саусақтарын көбірек ұстап еді, жеңгесі Абайдың қолын тарта беріп:

-Тоқта, жабысып қапсың ғой! Бері кел! Шаш сипа!

(қыздар күліп жіберді): жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымын тигізді.

Жеңгелері:

-Ал, Абай қол ұстату, шаш сипату деген ырымдарды жоладың, енді бізге сол үшін не әкелдің. Көрейік (Абай әкелгенін береді)

-Қайырлы болсын!

-Ұзақ қызық болсын!

-Құтты болсын!

Жеңгесі Абайға:

-Жә, енді біз төсек жайлаймыз. Сен біраз тысқа шығып, сейіліп кел! – деді.

ЖеңгесіДілдәға:

-Ал, еркен, күйеу қалай екен? Ұнаттың ба?

Ділдә:

-Қайдан білейін? Бір жуан қара ғой.

-Қой, байқамағансың ғой. Қара торының әделесі ғой.

Абай келеді.

Жеңгесі:

-Немене, қалыңдығыңа бұлданып жүрсің, сонша күттірдің?

 

3-бөлім

Құнанбай:

-Байсалға айта барыңдар. Күздігүні бұл қыстаудан дәме қылмасын! Қоймаларын қоймасын. Жатақ қалдырмасын! Қыстау өзімізге қайтады.

Байсал:

-Мырза бола жастан бірге жасасып келеміз. Содан бері менің қыстаусыз, жерсіз екенімді осы ел ішінде өзіңнен артық білетін кісі жоқ. Мырза сіз жерсіз емессіз ғой. Он бес қыстаудың он төртін қайтып алыпсың ғой. Маған тигенді қалдыр.

Құнанбай:

-Сөзді қой, көшуге дайындал. Менің саған беретін артық қыстауым жоқ.

Байсал:

-Жөнімді айтып ем, жібіледі ғой. Сол жер үшін кешегі қадірлі Божейді де жұтып еді. Содан жаныл ардақты емес. Айтқанымнан қайтпаймын. Осы қыстаудан қия баспаймын.

Құнанбай:

-Ей, Жұмағұл, Мырзахан кел бері! Ауылымның іргесіне егесіп кеп қонып отыр ғой. Жылқысын қаптата жайып, бері өрістетіп отыр. Көрейін мен Байсалдың ызғары мен айбарын. Бар дереу, қолдарыңа шоқпар, сайыл алыңдар. Анау жылқысын сойылдап дәл Байсадының ар жағына қуып бастаңдар. Бұлжытпай орында осы айтқанымды.

Абай:

-Ей, тоқтаңдар. Сендер қайткесі тұрсыңдар.

Жұмағұл:

-Бара жау тигендей етеміз. Несі бар.

-Тинейсің олай, бері қара!

-Е-е мырзаның бұйрығын екі етуші ей?

-Құтырма! Тоқта!

Абай:

-Жылқыны қумаңдар! Сойылдама. Жай ғана жылқышысына айтыңдар да, қайтыңдар!

Абай әкесіне:

-Әке, осы шілденің күнінде, ен жайлауда, шөп деген тұтып тұрған шақта жер қорыған, ағайынға реніш солған не қисынға сыяды.

Құнанбай:

-Немене, Байсалдың дауын айтар тіл, жақ жоқ деп пе ең? Қыстауыңды қайырмай, қасарысып отырғаныңды қостарсың сен!

Абай:

-Сол бір қыстаудың зарынан кеше сіздің қасыңызға еріп, қолыңызды қостап, тіпті, анау Бөжейді сабасуға да бардыңыз.

Құнанбай:

-Жә, суырылма!.. Менімен жарысқа түспек пе ең?

Абай:

-Мына, жайлауда, бөлінбеген бір елдің кәдесі үшін түс шайысу, тіпті, жол емес.

Құнанбай:

-Мен қартайдым. Жақсы – жаман өмірді алыс – жұмыспен өткіздім. Кім үшін алыстым, мен сендер үшін алыстым (Абай, Тәкежанға қарап). Енді міне сендер ержеттіңдер. Өз істеріңді өз қолдарыңа алатын уақыт жетті.

Абай:

-Әке, сенгеніңізге рахмет! Ендігі міндетті бізге артқаныңыз орынды. Арқа – басыңызды бұран былайғы ауыртпалықтан босату керек. Тыныштық өмірді тілейтін кезіңіз болды. Жалғыз-ақ сізге айтар сөзім мен болыстық, ұлықтықтан бас тартаңын, әрі ағалық жолы бар, ебі де бар, ұсынған орныңызға мына Тәкежан лайық осы болсын.

(Тәкежан қып-қызыл болып, қуанып кетеді)

Абай:

-Халықты билеу үшін адам өзі кәмесетке әкету керек. Піспеген адамның қолындағы билік, жас баланың қолындағы ұстара пышақ есепті. Не өзі арандайды, не өзгені аралдатары. Мен ерінсіз күні түсетін халықты аяймын.

-Әке, менің бұл соңғы сөзім.

Құнанбай:

-Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірақ сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып кеп, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексің?

Абай:

--Ол кінәңіз орынды. Айып менде ескені рас. Ғафустіңіз.

Құнанбай:

-Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда.

Абай:

-Айтыңыз әке.

Құнанбай:

-Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың, өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың.

2-ші дос пен қасты сораптамайсың, досқа досша, қасқа- қасша қырың жоқ.

3-ші орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, Мұсылман жат санайтынын ескермейсің. Әкеге ермей өз өмірімді өзгеше беттетемін деп тұрасың ғой.

Абай:

-Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтсам, әке, өзімдікі дұрыс деп айтамын. Ең әуелі жайдақ суға теңгердінің. Қолында құралы бар жалғыз – жарынға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айтыңыз. Менің білуімше ел қазір аяз бен боранда, жауын – шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз тастаған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашары бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады. Үшінші орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста, мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жотын бола ма? Жатырқап, қашықтауым болса болар, бірақ қасиет болмас.

(Құнанбай тыңдап болды да, күрсінді. Абай шығып кетеді).

Құнанбайөзі жалғыз отырып, ақырын күрсініп:

-Тағы жеңілдім. Баладан ғана жеңілген жоқ. Ендігі өмір меңдеп барады. Әлсіредім, тозарлық шағыма жеттім. Дәуренім өтті деген осы екен ғой...

(Жалғыз өзі ойланып отырып қалады).

 

ТЕСТ

1. Que: Соңғы буынында ю, е, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: әріп түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

2. Que: нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

3. Que: Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

Ans: ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша жалғанады

4. Que: сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсірілмей жазылады

5. Que: Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазамыз?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: қос әріп сақталып жазылады, үш біркелкі әріп жазылмайды

6. Que: Цифрмен, жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігін неге байланысты?

Ans: санның құрамына байланысты

Ans: сан есімнің тобына байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: цифрмен белгіленген санның айтылуына

7. Que: Пайызды (%) градусты ( о) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: сөздердің соңғы буынының әуеніне байланысты

8. Que: см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілерді таңбалайтын сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады

9. Que: еш, әр, кей, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен, үстеулермен тіркесіп келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

10. Que: Еш, әр, қай қайсы, әлде, бір деген сөздер зат есімдермен келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

11. Que: Бір деген белгісіздік есімдігі бейне, екінші, неше, не сияқты сөздерден кейін келіп тіркескенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

12. Que: Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасмалданады

13. Que: Екі, үш кейде төрт-бес дыбыстан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) сөздер қалай тасымалданады?







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.