Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 8 страница



Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

14. Que: Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілер қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды

15. Que: Әріптерден қысқарған сөздерді қалай тасымалдауға болады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

16. Que: Төл тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбіне тегі) қазақша қалай жазылады?

Ans: буын жігіне қарай

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: дефис арқылы таңбаланады

Ans: біріккен сөз болып жазылады

17. Que: Араб халықтары есімдерінен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен секілді бөлшектер қалай жазылады?

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

18. Que: Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар қалай жазылады?

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

19. Que: Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

20. Que: Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

8-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Публицистикалық стиль және оның жанрлары, кәсіби саладағы қолданысы. Ел басқару – бір өнер, ғалымдықтан кем емес.

 

Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) – функционалдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль (П.с.) қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. П.с. ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық-грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады. П.стильге газет, жорнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады. П.с. тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі – ықпал ету. Бірінші қызметіне орай мейлінше нақты әрі жетімді болып келсе, екінші қызметін атқару үшін эмоционалдық пен экспрессивтілікті ұстанады. Бұл жағынан көркем әдеби стильмен ұқсас болатын жақтары да болады. Стильдің стилистикалық құрылысы ұлттық әдеби тілдің дамуы, баю, толығу үрдісіне негізделеді. Сондықтан П.стильде жаңа сөздер, сөз тіркестері қолданысқа түсіп, әдеби тілден берік орын алады. Алайда ұлттық әдеби тілдің дамуына кері ықпал ететін элементтері де кездесуі мүмкін. Бұл П.с.дамуына кері әсер етеді.

Бұл стильдегі лексика құбылма сөздер. Автор бір сөздің сөйлем ішінде қайталана бермеуін қадағалайды. Сондықтан құбылта сөйлейді. Әсерлілігін мақсат ету себепті айшықты анықтауыш сөздер қолданады. Мәселен, жай ғана суретткер дей салу бұл стиль үшін жеткіліксіз. Сондықтан ойшыл суреткер, көзі қырағы суреткер деген секілді эпитеттерді қолданады. Осындай амалдардың бір жоғары пафосты ұстана отырып сөз саптау болып келеді: Үміт отының қасиетті ошағы. Жеңілістің ащы дәмін татуға тура келді, тозған табиғат, басқыншы тіл, азулы министр, ұжымдық қуат, қуыршақ кейіпкер т.б.

П.с. жанрлары: репортаж (қысқа сұхбат, тарихи хроника, ресми баяндау), мақала, очерк, фельетон, еске алу (некролог) т.б.

Көптік ұғымының бірден-бір грамматикалық көрсеткіші көптік жалғау болғанмен, оның әр түрлі тәсілдер арқылы жасалуының өзі қызметінің сипатына қарай мағыналарының түрліше болатындығын көрсетеді. Отбасын құрғандар, отау көтергендер, некесі қиылғандар, шет елдік жұлдыздар, әуесқой әншілер, азаматтар, дәм-тұзы жараспағандар т.б.

П.стильде тіл мен ойдың логикалық байланысы үзіліп, бірақ П.с. негізгі арқауына айналған сөз тіркестер, сөйлемдер жиі ұшырасады. Мысалы: спорт жаңалықтары жалғастырады, алда ауа-райы туралы мәліметтер күтіп тұр, жол апаты тіркелген, үйреншікті жайға айналған, айып төлеген, айыппұл төлейді, мәселе көтерілді т.с.с.

Абылай ханның қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі

Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін мен сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәмлегер, күйші екенін айтқанымыз жөн.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады.

XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды».

Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды.

Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында және де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Қалдан Церен Абылайдың даналағына бас иіп, оған жоғары мәртебелі сый–сыяпат көрсеткен және де: «Ол (Абылай) заманынан жүз жыл бұрын ерте туды, бүкіл әлемді билеу қолынан келеді» - деп тегіннен–тегін айтпаған болар. Осы мәселеге байланысты орыс деректерінде былай жазылған: «Он, Аблай, от зюнгарцев с великим награждением отпущен, а именно: дана ему палатка, шитая золотом шуба, крытая парчою золотою, палатка железная складная, панцырь и прочее». Жоңғарлардың қонтайшысы Қалдан – Церен «менің ұлымды өлтірген сен бе?» - дегенде Абылай былай жауап берген екен «… балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бұйрығын орындаушы ғана». Бұл оқиға туралы Үмбетей жырау «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту» атты жырында былай дейді:


«Өлтірем деп Қалдан хан

Орайына Шарыштың,

Сөзіне қарсы сөз айтып,

Жауаптастың, қарыстың.

Қапияда тұтылдың,

Қалмаққа бітеу жұтылдың,

Шешендік жолын тұтындың,

Үш ауыз сөзбен құтылдың …»


ХҮІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, әлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге әкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. Бірақ, қалмақтар ауыз бірліктен айырылды, соның нәтижесінде 1756-1757 жылдары Цин империясы Жоңғар мемлекетін жойып, халқын қырып тынды.

XVІІІ ғ. орта кезінен бастап Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Абылай хандық құрған кезде ханның жанында Кеңес болған. Оған барлық жүздердің өкілдері қатысып, маңызды мәселелерді қарайтын және де бүкілқазақтық Құрылтай шақырылып, соғыс пен бітім, қоныс пен жайылым, дау мен дамай, басқа халықтармен арадағы сауда мен дипломатиялық қарым – қатынас мәселелері қарастырылып отырды.

Ташкент, Ходжент, Сайрам, Шымкент, Созақ, Түркістан қалалары азат болған соң, яғни қазақ хандығына қайтадан қарағаннан кейін, Үш жүздің бірлігінің көрінісі ретінде ежелгі Түркістан қаласы қазақ мемлекетінің астанасы болып белгіленді.

Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау үшін, басқыншылардан елін қорғай алатын жауынгерлік қабілеті бар әскери күш жинап, оларды басқаратын тапқыр әскер басшыларын өзінің қасына жинай білген және де өзінің жоғары дәрежедегі қолбасшылық қасиеті бар екенін көрсете алған. Орыс казактары салып жатқан бекініс, қамал–қалалардың маңындағы жайылымды жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс мұжықтарынан қазақтарға егіншілікті үйретуге әрекет етті.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Публицистикалық стильдің басты ерекшеліктері қандай?
  2. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?
  3. Публицистикалық стильде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?
  4. Публицистикалық стильдің қандай жанрлары бар?
  5. Журналистік кездесулерді алдын ала жоспарлау қажет пе?
  6. Публицистикалық стильдің өзге стильдерді дамытудағы үлесі қандай?
  7. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?
  8. Журналистік этикет дегеніміз не?
  9. Эмоционалдық пен экспрессивтілік дегеннің айырмасы қандай?
  10. Стильдік тұрғыдан БАҚ қызметіндегі жетістіктері мен кемшіліктері қандай?
  11. Абылай хан дегеніміз кім?
  12. Абылайдың ел басқарудағы жетістіктерін атап көрсетіңіз

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.. Мәтінді оқып, аударыңыз, стильдік ерекшелігіне назар аударып, жанрын анықтаңыз. Лексикасына талдау жүргізе отырып стильін дәлелдеуге тырысыңыз.

ҚАЗАҚСТАН-ФИНЛЯНДИЯ:ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Бүгін Парламентте Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Финляндия Парламентінің Қорғаныс бойынша комитет төрағасы, делегация жетекшісі Юсси Ниинистёмен кездесуі болды. - Біздің әріптестеріміздің Қазақстанға осы сапары парламентаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейте түсіп, екі ел арасындағы серіктестік байланыстарды арттыра түсетінінің тағы бір дәлеліндей болып отыр,- деп бастады жүздесуді Мәулен Әшімбаев. Қазақстан Финляндиямен арадағы іскерлік қарым-қатынастардың өркендей түсуіне баса назар аударады. Оның жарқын бір айғағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылғы ресми сапары болып табылады. ЕҚЫҰ-на 2008 жылы финдердің, 2010 жылы Қазақстанның төрағалық етуі екіжақты өзара қатынастарға жаңа екпін бере түсті. Осыған орай Мәулен Әшімбаев фин тарапына қазақстандық бастаманы еуропалық деңгейде қолдағандықтары үшін ризашылық білдірді. Қазақстандық депутат Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сыртқы саясатының негізгі бір бағыты еуропа елдерімен байланысты нығайту болып табылатынын атап өтті. Ол сонымен бірге экономикалық салада үлкен пайдаланбаған мүмкіндігі бар Қазақстанның Финляндиямен ынтымақтастықта олардың технология мен инновация саласында әлемдік көшбасшы болып отырғандықтарына қызығушылық тудыратындықтарын жеткізді. Ядролық қарусыздану мәселесі төңірегінде де әңгіме өрбітті. ххх Кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Қуаныш Сұлтанов, Зағипа Балиева, Оразкүл Асанғазы, Жанат Жарасов, Бақытжан Ертаев, Виктор Рогалев, Абай Тасболатовтар қатысты.

2-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқып, аударыңыз, ат қойыңыз.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған депутаттар «Тоyота Тshusho Соrporation» басқармасының төрағасы Джунзо Шимизу мырзамен кездесті.Алдағы уақытта Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын дамыту – осы кездесудің негізі тақырыбы. Сонымен қатар парламентаралық байланыс мәселелері сөз болды. Бұған екі ел делегацияларының іссапары үлкен рөл атқарып отыр. Айталық, Мәжілістің төртінші шақырылымында қазақстандық парламентшілер Жапонияға барған болатын. Сол сапарда Нагоя қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ашылды, оған Джунзо Шимизу жетекшілік етеді. – Сондықтан депутаттар экономиканың әр түрлі салалары бойынша екі елге де тиімді жобаларға қатысты ұсыныстары мен тілектерін Қазақстанның Құрметті консулы ретінде Сізге жолдайды,- деді мейманға Мәжіліс Төрағасының орынбасары. Бүгінгі кездесу осы жағынан алғанда өте мазмұнды болды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзара тиімді жобаларды қарастыруға болатыны айтылды. Мәселен, теңіз суын тазарту, сусорғыштарды шығару, дәрі-дәрмек өндірісі, сондай-ақ Қазақстанда өсетін мия өсімдігінен дәрілік өнім өндіру мәселелері сөз болды. Тараптар осы аталған және басқа жобаларды жүзеге асыруға парламенттік дипломатияның ықпалы болатынын айтты. * * * Осы кездесуге Қазақстан тарабынан – Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев және аталған комитеттің мүшесі Еркін Шпанов, Қазақ-жапон іскерлік және гуманитарлық ынтымақтастық Ассоциациясының төрағасы Жекен Қалиұлы, сондай-ақ Жапония тарабынан – «Тоyота Тshusho Соrporation» менеджері Тадахико Онака, «Тоyота Тshusho Соrporation» өкілдігінің жетекшісі Такуя Ичихаши қатысты.

3-ТАПСЫРМА. Абылай хан туралы публицистикалық стильде мәлімдеме жазыңыз.

4-ТАПСЫРМА.Оқыңыз. Қарамен жазылған сөздерге назар аударыңыз.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен Александр Сергеевич Павлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Әнуар Ғалимолдаұлы Сәйденовке Қазақстан Республикасы төрағасы міндетін уақытша атқару жүктелді.

Кеше Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновты қабылдады.

Кездесу кезінде еліміздің және бүкіл Орталық Азия өңірінің ірі қаржы, қоғамдық – саяси және мәдени орталығы – Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Сонымен бірге бірқатар аяқталмаған нысандар – метро, спорттық кешен құрылысын аяқтау мәселелерікөтерілді.

5-ТАПСЫРМА.Түрлі басылым беттерінде жіберілген қателіктерге назар аударып талдау жүргізіңіз, қате қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін түзетіңіз.

«Отандық телеарнаның озық майталмандары кімдер?» («Айқын», 29.12.11 №244)

«Гауһар тасты жұтып қойды» («Алматы ақшамы», 27.08.11 №100-101)

«Теміржол тұрғызу – аса күрделі үдеріс» (Алаш айнасы, 08.07.11 №117)

«Спорт тақырыбында қалам қозғау ер журналистер үшін ғана емес, нәзік жанды аруларымыз үшін де өте қызық» (Дала мен қала», 7 наурыз 2008

««Салтанат қақпасы» ұрпаққа ой беруге тиіс» (Айқын, 26.07.11 №135)

«Асық атуды» хансулық қос фотосуретші жығылып жатып, суретке түсірді (Алматы ақшамы, 27.03.12)

«Мен айтар едім, осы «инвестиция» тарту деген нарықтың жаңалығы бар-ау, біздің қазақтың түбіне жетеді деп (Жас алаш, 18.01.11 №3)

«Қазіргі кезде бұл жол апаты құзырлы органдармен тексеріліп жатыр» (Қазақстан-Zaman, 02.02.12 №5)

6-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқыңыз. Аударыңыз.

Алтай тауларын сұлу марал, бұлан, бұлғын, құр мекендейді. Оңтүстік Алтайда Марқакөл қорығы бар. Қазақстанның даласы керемет! Ащы және тұщы көлдерде үйрек, қаз, шағала, аққұтан, тырна сияқты құстар бар. Орталық Қазақстандағы көлдерде алқызыл қоқиқаз (фламинго) бар. Осы жерде Наурызым, Қорғалжын қорықтары бар. Ортаазиялық тасбақа, жыланның 17 түрі Қызылқұм мен Қарақұмда кездеседі.

7-ТАПСЫРМА.Берілген мәліметтер бойынша Қазақстан туралы әңгімелеп беріңіз.

жер көлемі бойынша дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр

халқының саны 15 миллионнан асады

130 ұлттың өкілі тұрады

ірі қалалары: Алматы, Қарағанды, Шымкент

14 облыс бар

елордасы – Астана қаласы

ақша бірлігі – теңге

басты өзендер: Ертіс, Жайық (Орал), Шу, Сырдария

көлдері – 48 262, оның ішіндегі ірілері – Зайсан, Балқаш

теңіздері: Каспий және Арал

8-ТАПСЫРМА.Сіз дикторсыз. Жаңалықтарды жүргізесіз. Берілген ақпараттарды оқыңыз.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің шақыруымен 16-17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, армия генералы М.Алтынбаев ресми сапармен Мәскеуде болып, онда өзінің әріптесі С.Ивановпен, Үкімет басшысымен және Ресейдің басқа да ресми өкілдерімен келіссөз жүргізді.

Сапар қорытындысы бойынша екі елдің бірлескен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін хаттамаға қол қойылды.

Кеше Премьер-Министр К.Мәсімов даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаевтың 2001-2003 жылдар аралығындағы банк қызметі туралы есебін тыңдады.

Қазақстан даму банкі – бірінші болып құрылған мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады.

 

9-ТАПСЫРМА.Ауа райы туралы мәліметті оқып, тест сұрағына жауап беріңіз.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.