Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 9 страница



Алматының қысы өте ұзақ болмайды. Ең суық ай – қаңтар және ақпан айлары. Айдың басында күндіз -10-150 суық, ал түнде -16-200 суықтықты көрсетеді. Айдың соңында күн аздап жылы болады. Ертең күн ашық, қар жауады, аяз болады.

Ауа райы туралы мәліметте былай дейді:

А) жылы болады.

В) қар жауады, аяз болады.

С) бұл ауданда үнемі осындай ауа-райы

Д) жаңбырлы, үнемі суық

10-ТАПСЫРМА.Түрлі басылым беттерінде жіберілген қателіктерге назар аударып талдау жүргізіңіз, қате қолданылған сөздер мен сөз тіркестерін түзетіңіз.

Орынбордағы газ және мұнай өңдеу зауытындағы қазақстандық-ресейлік біріккен кәсіпорындағы жұмысын бастауды кешіктіріп отыр (Түркістан, 30.10.2008 №44)

«Күдікті екі адам болғандықтан, полиция қызметкерлері осы дүкенде торуыл қойып, екінші сезіктіні де құрықтады» (Егеменді Қазақстан, 20.12.08 №405-412)

«Сондай-ақ ұйқысыздық пен ұйқысы қанбайтындардың бас миының жұмысы нашарлап, ашуланшақ болады дейді» (Ана тілі, 16-22.06.11 №24).

«АҚШ спортшылары жан салмады» (Айқын, 03.09.10 №161)

«Тараздық таиландтың аяғын көкке көтерді» (Алматы ақшамы, 12.03.09 №29)

«Ұланбатырда ең үлкен тұмауға қарсы тұмылдырық тігілді» (Алматы ақшамы, 21.11.09 №136)

«Қазіргі уақытта шамамен 500 шаруалар ІКС-тің қамқорлығымен жұмыс жасауға тілек білдірді» (Егеменді Қазақстан, 19.02.10 №61-62)

«Ресейден келген қос зілтеміршілердің өзара тартысы соңғысының пайдасына шешіліп жатса, еш таңдануға болмас» (Айқын, 14.05.09 №84)

«Қытайлық 34 жасар Фэй Юфу оянбастан 203 күн бойына ұйқыға шомған» (Алматы ақшамы, 18.02.10 №20)

 

ПС ТЕСТ

 

Мақала атауында артық қолданылған сөзді табыңыз? «Отандық телеарнаның озық майталмандары кімдер?» («Айқын», 29.12.11 №244)

Кім

Отан

Озық

Телеарна

Майталман

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

«Теміржол ........................ – аса күрделі үдеріс» (Алаш айнасы, 08.07.11 №117)

Құру

Салу

Жасау

Орнату

Тұрғызу

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

«Спорт тақырыбында қалам ................... ер журналистер үшін ғана емес, нәзік жанды аруларымыз үшін де өте қызық» (Дала мен қала», 7 наурыз 2008)

Теру

Жазу

Салу

Қозғау

Жылжыту

 

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз.

«Салтанат қақпасы» ұрпаққа ой ............. тиіс» (Айқын, 26.07.11 №135)

Беруі

Салуға

Беруге

Тастауға

Толтыруға

 

Дұрыс аударманы белгілеңіз.

Данное дорожное происшествие расследуется компетентными органами.

Қазір бұл жол апатын құзырлы органдар тексеріп жатыр

Бұл жол апаты құзырлы орган тарапынан тексеріліп жатыр

Бұл жол апаты құзырлы органдар тарапынан тексеріліп жатыр

Қазіргі кезде бұл жол апаты құзырлы органдармен тексеріліп жатыр

Қазіргі кезде бұл жол апатын құзырлы органдар тарапынан тексеріліп жатыр

 

Сөйлемде қандай қате бар? «Ресейден келген қос зілтеміршілердің өзара тартысы соңғысының пайдасына шешіліп жатса, еш таңдануға болмас» (Айқын, 14.05.09 №84)

«Еш» сөзі артық қолданылған

Ресей» сөзінің орнына «Россия»қолданылуы тиіс

«Болмас» сөзінің орнына «болмайды» сөзі жазылуы керек

Шартты рай тұлғасындағы сөзден кейін үтір қоюдың қажеті жоқ

«Қос» сөзінен кейін «зілтемірші» сөзіне көптік жалғау жалғанбайды

 

Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты:

әсер ету, хабарлау

ұлттық тілді байыту

хабарлау, толықтыру

зерттеу жұмысын жүргізу

халықты белгілі бір идеяға үгіттеу

 

Публицистикалық стильдің ерекшелігі:

Тұрақты оралымдар қолданылады

Образды түрде түсінік қалыптастырады

Эмоция мен экспрессияға қанық болады

Эмоция мен экспрессияға жол берілмейді

Лексикасы көпшілікке түсініксіз болып келеді

 

Публицистикалық стильдің жанрлары:

Мақала, очерк, тезис, новелла

Баяндаухат, сауалнама, хаттама

Диолог, монолог, эпилог, некролог

Тарихи хроника, ресми баяндау, сұхбат

Тарихи хроника, аннотация, тезис, аргумент

 

Берілген сөйлемде экспрессиялық мән беретін сөзді қолданыңыз: Қазақстан мұнайы әлемнің бірқатар мемлекетін ............................ отырғаны шын.

Асырап

Қызықтырып

Таңғалдырып

Қамтамасыз етіп

Қанағаттандырып

 

Экспрессиясы төмен (жоқ) сөзді таңдаңыз.

Қамту

Жарылқау

Дүмпіштеу

Қарық қылу

Қанжосы қылу

 

Публицистикалық стиль қолданылмайды:

Очерк жазғанда

Деректі фильмде

Сын-пікір жазу кезінде

Сыни мақала жазу кезінде

Жаңалықтар топтамасында

 

Публицистикалық стильде:

ғылыми ізденістер халыққа танылады

қоғамдық саяси мәселе қарастырылады

көпшілікке эстетикалық тәрбие беріледі

қарым-қатынас орнатып, көпшілікпен араласады

көпшілктің назарынан тыс болып, оқшаулануға мүмкіндік береді

 

Кейбір ғалымдардың көрсетуінше, публицистикалық стильдің ауызша түрі -

Шешендік өнер

Дикторлық өнер

Шежіре айту өнері

Суырып салма өнер

Ауызекі сөйлеу стилі

 

Публицистикалық стильде жазылған мәтін үзіндісінде автордың ой қазығы болған сөйлемді анықтаңыз

Қазақстан бар жағынан дерлік құрылықпен қоршалған, сондықтан да экспорттың өсіп келе жатқан көлемі жағдайында көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды болып отыр. Соңғы жылдары бұл саладағы қызмет айтарлықтай жанданып келеді.

экспорттың өсіп келе жатқан көлемі

Қазақстан бар жағынан дерлік құрылықпен қоршалған

көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды

соңғы жылдары бұл саладағы қызмет айтарлықтай жанданып келеді

экспорттың өсіп келе жатқан көлемі жағдайында көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды

 

9-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тіліндегі ресми стиль, жанрлары, тілдік-стильдік белгілері. Ата Заңымыз.

 

Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және ол Республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстанның Ата Заңы АҚШ Конституциясынан 13 есе жас. Бірақ, ол еркіндікке ұмтылған ұлы қағидаларға сүйенеді. Бұдан 17 жыл бұрын қазақстандықтар көрегендік танытып, бірлігі бекемдігін көрсете отырып, референдум негізінде Заңға дауыс берді. Біз өз Конституциямызды құру үшін, әлемнің озық жиырма елінің Конституциясын негіз етіп алдық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ұлы бабамыз Төле би «Халқы Заңын сыйлаған елдің бағы бір мысқал артық», - деген екен. Біз ықылым замандардан Ата Заңымызға бағына білген, Ата Заңын құрметтей білген елдің ұрпақтарымыз. Ата-бабаларымыз дала заңдарының білгірлері - билеріміздің билігіне сөзсіз бағынған болатын. Тарихтан тағылым алған бүгінгі буын да игі дәстүрді жалғап, ұрпақ сабақтастығын үзген емес. Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекетіміздің жүрегі болған Ата Заңымыз мәңгілік болсын! Еліміз шырқау шыңдарға, асқа асуларға алқынбай жете берсін!

 

Ресми стиль – лексикасы қатаң нормаланған типтік үлгідегі құжаттардың тілі. Ресми стильде іскери, әкімшілік, заңнамалық, ресми кеңсе, іскери шешендік, әскери, елшілік құжаттар жазылып жүр. Дегенмен бұл стильде тек баяндамалар мен құжаттар жазудан басқа, ауызша сөз сөйлеу тілі деп бағалауымызға болады. Мәселен, мінберден сөйленген сөз, ресми сұхбат т.б.

Ресми стильдің жанрлары басқа стиль түрлеріне қарағанда тақырыбы тұрақты мәтіндерден тұрады. Бұлар негізінен іс-қағаздарындағы құжат түрлері. Оған ресми хаттар да, қызметтік нұсқаулықтар мен жазбалар да кіреді. Лексикасына келер болсақ, қатаң нормаланған, стандарт түріндегі типтік, трафареттік сөздер мен сөз тіркестері, айналымдар мен клишелер. Іс қағаздарында орын-орнымен жазылатын реквизиттер қолданылады, олар жекелеген сөздерден, сөйлемдерден тұрады. Басты ерекшелігі олардың не бір әріпі, сөзі өзгертілмей қолданылады. Мәселен, бұйрықта жазылатын, «жұмыстан босату туралы», «негіздеме», «бұйрықты дайындаған», «мақсатында», «бұрыштама» т.с.с. реквизиттерді атауымызға болады.

Ресми стильдегі лексикада эмоционалдық, экспрессивтік мән болмайды. Олар мейлінше бейтарап, мағыналары нақты болып келеді. Белгілі заң тәртібіне, құжатқа сүйене жазылады. Осыған байланысты, мақсатында, сәйкес, көрсетілгендей, орындау үшін, сай, байланысты сияқты сөздер қолданылады. Атау мәндегі сөздер көп жағдайда анықтауыш сөзсіз (эпитет, теңеу секілді), көркемдеу элементісіз қолданылады. Етістіктер нақты үдерістің атауын беріп, тиянақты формада қолданылады. Негізінен өткен жақта және осы шақта қолданылады. өткен шақта өзгелік етіс арқылы жоспарлады, тексерді, қадағаланды т.б. және ырықсыз етіс арқылы жеткізілді, қамтамасыз етілді, белгіленді т.б. сол секілді есімше формасында (тексерілген, қадағаланған) беріліп отырады. Ал келешекте істелетін істер болса, жоспарларда, бағдарламалар тілінде тұйық етістік формасында беріледі: реттеу, бағалау, саралау т.б. Әмір ету, талап қою, ұсыну мәніндегі құжаттарда қолданылатын етістіктер бұйрық рай формасын ұстанады: ұйымдастырылсын, есепке алынсын, енгізілсін, тіркеуге алынсын т.б. Осы шақтағы әрекеттер отыр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің көмегімен (тексеріліп отыр, жоспарланып жатыр, тексеріліп жүр) және қарастырылуда, реттелуде, бақылаға алынуда секілді тиянақсыз етістіктер арқылы танылып отырады. Бұл ретте ресми стилде әрекет етуші субъектіні таныту үшін құзіретті органдар тарапынан, тиісті органдар, жергілікті атқарушы орган деген сияқты атау тұлғадағы сөздер қолданылады.

Модельдік сөздермен жұмыс

Жеке сұрақпен кіруге болады; Өтініш жазайын; Сөйлесейін; Сұрайын;

Қабылдайды; Жұмыстан сұранайын деп едім; Құттықтайын деп едім;

Кіріңіз ; Отырыңыз; Жайғасыңыз; Айта беріңіз;

Жұмыс бабымен; Жиналыс; Мәжіліс; Лездеме; Нұсқау

 

Хатшы: Сіз қандай сұрақпен келдіңіз? Сіз кім боласыз? Кім деп таныстырайын? Келесі сіздің кезегіңіз бе? Жазылдыңыз ба? Бұрын қабылдауда болдыңыз ба? Сіздің жеке куәлігіңіз бар ма?

 

Бастық: Сіз қандай мәселемен келдіңіз? Жұмысыңыз қалай? Жұмыс жағдайы қалай? Мен сізді тыңдап отырмын!

 

Хатшы: Бастық жеке сұрақтармен тек қана жұма күні қабылдайды. Алдын ала жазылуыңыз керек. Қабылдау уақыты: таңертеңгі сағат сегізден бірге дейін және түстен кейін сағат беске дейін.

Бастықтың атына жазылған өтініштерді кез келген жұмыс уақытында қабылдаймыз.

 

Бастық: Сізді түсіндім. Бұл сұрақты біз қарастырамыз. Бәрін тексереміз. Сізге міндетті түрде жауабын береміз. Телефон арқылы хабарласыңыз немесе келіңіз.

 

Үш адамның қатысуымен болатын сұхбат құрыңыз. Хатшы, Келуші, Бастық.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Ресми стильдің басты ерекшеліктері қандай?
  2. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?
  3. Ресми стильде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?
  4. Ресми стильдің қандай жанрлары бар?
  5. ҚР Ата Заңының негізгі тарауларын атаңыз
  6. Ресми стильдің жалпыхалықтық тілді дамытудағы үлесі қандай?
  7. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?
  8. Лауазымдық этикет дегеніміз не?
  9. Ресми стиль қолданылатын орта қандай болуы керек?
  10. Іс қағаздарын жүргізуде қандай қағидаларға сүйенеміз?
  11. Ата Заңымыздың тілге қатысты баптарында не жазылған?
  12. Ата Заң неше баптан, неше бөлімнен тұрады? Атаңыз.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА.Жағдаяттарды орындаңыз.

Қазір біз үш топқа бөлінеміз.

1-топ:

Мекемеңіздегі бір қызметкер сайысқа қатысып, президент жүлдесіне ие болды. Қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз дайындаңыз.

2-топ:

Облысқа еңбегі сіңген мерейтой иесін сіз облыс әкімі ретінде қалай қарсы алып, қандай лебіз білдірер едіңіз?

3-топ:

Өзіңізбен бірге қызмет ететін әріптесіңізді Наурыз мерекесімен құттықтау хат керек. Хатты қай сөзден бастайсыз?

Құрметті, қадірлі, аяулы, ардақты, аса құрметті, аса қадірлі досым, жолдас, ханым, жоғары мәртебелі... .

2-ТАПСЫРМА.Құттықтауда қолданылатын тұрақты сөз орамдарын жаттап алыңыз:

Қадірлі, құрметті – уважаемый

Қымбатты – дорогой

Сүйікті – любимая

Аяулы – милая

Аса қадірлі – глубоко уважаемый

Лауазымыңыздың жоғарлауымен – с повышением должности

Шығармашылық табыс тілеймін – желаю творческих успехов

Жүзіңізден күлкі кетпесін – пусть не сходить с Вашего лица радость

Еңбек жолында биіктерден көрініңіз – покоряйте вершины на трудовом пути

Мерейтойыңызбен – с юбелеем

Салтанатты тұсаукесер – презентация

Ұлықтау – инногурация

Қайда жүрсең де, аман бол! – где бы ты ни был, будь здоров!

Барлық ізгі тілектерді қабыл алыңыз – примите наилучшие пожелания

Денсаулығыңыз мықты болсын – желаем крепкого здоровья

Ұзақ өмір тілейміз – желаем долгих лет жизни

Мол бақыт, табыс, жемісті еңбек тілейміз – желаем счастья, успехов, плодотворного труда.

3-ТАПСЫРМА.. Ойды жалғастырыңыз.

Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!

Сізді туған күніңізбен /ердің жасы елуге келген, асқаралы алпысқа толған, қырықтың қырқасына шыққан, орда бұзар отызға толған мерейтойыңызбен/ құттықтаймын.

Құрметті /қымбатты/.............................!

Сендерді бүгінгі отау тігіп, шаңырақ көтерген үйлену тойларыңмен құттықтаймын.

Қымбатты /қадірлі, аяулы, ардақты/............................!

Сізді келе жатқан аналар күнімен құттықтаймын.

4-ТАПСЫРМА.Бап мәтінін орысшаға аударыңыз. Жаттаңыз

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.

2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.

3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.

 

5-ТАПСЫРМА.Ата Заң баптарынан үзінді келтіріңіз, сөйлем құрылысына талдау жасаңыз.

6-ТАПСЫРМА.Мекемеде жазылған бұйрықтың мәтінінен үзінді келтіріңіз, лексикасына талдау жасаңыз.

7-ТАПСЫРМА.Төмендегі сөздерді қалпына келтіріп, демалыс алуға өтініш жазыңыз.

Отбасы жағдайыма байланысты, Сізден, 10 маусымнан, бастап, маған, кезектен тыс, беруіңізді, демалыс, өтінемін.

8-ТАПСЫРМА.Іс қағаздар тілінде кездесетін реквизиттердегі лексикалық бірліктерге мысал кетіріңіз, талдауға алыңыз.

9-ТАПСЫРМА.Көп нүктенің орнына бұйрықтың мәтініне қарай қажетті сөздерді қойыңыз.

Қажетті сөздер: дайындау, қамтамасыз ету, жүктеу, туралы, белгілеу, мақсат, жетілдіру, бақылау бөлу

«Шипа» сауықтыру орталығы

Бұйрық

12.03. 2006

Медициналық қызмет түрлерін

дамыту ....................

Жергілікті тұрғындардың денсаулығын қадағалау және медициналық қызмет түрлерін дамыту ....................

БҰЙЫРАМЫН:

1) Сауықтыру орталығын жаңа құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен .......... үшін орталықтың қаржы қорынан қажетті қаражат .............

2) Дәіргерлердің кәсіби біліктілігін ............... мақсатында тәжірибе алмастыру бағдарламалары ................

3) Жергілікті тұрғындарға тегін кеңес беру сағаттары ..................

4) Осы бұйрықтың орындалуын ................. орталық директорының орынбасары А.Жүнісовке ........................

Орталық директоры

А.Тұрысбекұлы

ТЕСТ №РС

 

1 Ресми стиль бұл -

Лексикасы нормадан тыс мәнін

Лексикасы қатаң нормаланған типтік үлгідегі

мәтін тілі

Лексикасы бейтарап типтік үлгідегі мәтін тілі

Лексикасы терминдерден, кәсіби сөздерден

тұратын мәтін.

Клише, оралымдары алдын ала анықталған

жоғары пафосты мәтін

 

2 Ресми стильде экспрессия:

болады

болмайды

кейбе кезедеседі

реплика түрінде қолданылады

автордың қалауы бойынша қолданылады

 

3 Ресми стиль жанры:

Өкілеттік құжат тұрлері

Құжатнама, заңнама, кодекс

Іс қағаздарындағы құжат түрлері

Іс қағаздарындағы негізгі құжаттар

Ұйымдастырушылық құжат түрлері

 

4 Ресми стиль мәтіні:

Нормаға, заңға, арнайы құжатқа сүйеніп

жазылады

Қатаң қағида бойынша теориялық негізде

жазылады

Нормадан ауытқымай, арнайы лексикамен

жазылады

Экспрессивті тілде, толық мазмұнда жазылады

Ойы дәл, нақты фактілерге сүйеніп жазылады

 

5 Әмір ету, талап қою, ұсыныс мәтініндегі қолданылатын етістік қандай қосымшаға аяқталуы мүмкін?

- ды, -ді

- сын, -сін

- мын, -мін

- іңдер, -ыңдар

-ынсын, -інсін

 

6 Ресми стильде қолданылуы мүмкін лексикалық қатарды көрсетіңіз?

Заңға қайшы, құзіретті, қалыпты, тараптар,

дұрыс

Заң бұзды, әлеуеті жетпеді, жазаңа таңылды,

дүңкиді

Сәйкес, негізінде, болыпты ғой, тексерілді,

қадағалау

әдемілігін-ай, көз тартады, көздің жауын алып

тұр, шіркін

әдепті екен, тәртіпті, иман жүзді, көрегенді,

тәрбиелі

 

7 Ресми стильде әрекет етуші субъектіні таныту үшін қоланылатын сөздер:

Сәйкес, бойынша, негізінде

Заңға сәйкес, тәртіп бойынша, бұйрық негізінде

Құзіретті орган, жергілікті

Құзіретті орган, тиісті ведомстві, жергілікті

атқарушы орган

Жауапты тұлға, мамандық, бас маман, маман.

 

8 Ресми стильде жазылған құжаттың заңды негізін танытатын қолданыс:

өтініштің негізінде, бұйрықты орындау

мақсатында, ережеге сай

өтініш жасалды, бұйрық шығарылды, ереже

қабылданды

өтініш қабылданды, бұйрық орындалды, ереже

қадағаланды

бұрыштама қою, қол қою, мөр қою

фирмалық бланкі, басшының қолы, күні, нөмірі

 

9 Одағайлар қолданылуы мүмкін стиль түрі:

ПС

ҒС

РС

КӘС

1, 4 дұрыс

 

10 Ресми стиль бұл –

Заңның тілі

Кеңсенің тілі







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.