Здавалка
Главная | Обратная связь

Жазуда ескерілетін емле ережелер 11 страница



«Спортлото» аймақтық басқарамасы аталған сомманы байланыс органдарынан өндіріп беру туралы шағым түсірді. Істі арбитраждық отта қарау барысында «Спортлото» басқарамасына шығын келтірілді ме деген мәселе қозғалды.

 

6-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқыңыз, өз бетіңізбен аударуға тырысыңыз.

Тыквен Потаповпен бірге қарапаем хат түрінде пәтер сату-сатып алу туралы келісім шартқа отырды. Келсім шартта ең басты сату-сатып алу келісімінің негізгі осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жан-жақты қаралатын болады деп жазылған, сонымен қатар АҚШ-тың долларымен есептелетін пәтер ақысы қамтылған. Белгіленген уақыт ішінде Тыквин келісілген шарт бойынша Потаповқа пәтерді сатудан бас тартты, себебі базардаға жылжымайтын мүліктің бағасы ауытқығандықтан оған көп мөлшерде пайдалы ұсыныстар түсті. Потапов Тыквинің пәтерді сату және сатып алу жөнінде келісімшартқа отырғанын және де осы шартты орындауына мұқтаж екен, соны талап ететін айтып сотқа шағымданды.

7-ТАПСЫРМА.Көркем әдебиеттерден алынған сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.

1.Ауыздығын қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзге тартқан ақ боз ат жекеше орғып, желігіп келеді. 2. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. 3. Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу-гу етеді. 4. Астындағы арбиған биік жалқау шабдар аты тоңқ-тоңқ етіп өнімсіз бүлкілдеп, ішін ауыртқан соң, аяңға түсірген. 5.Торбесті енді дәрменсіздігін сезіп, басын кекжеңдетіп, жалтара берді. (С.Ж)

 

ТЕСТ №ӘС

 

1 Көркем әдеби стиль бұл -

Көркем шығармалардың тілі

Эссе, мақала, очерктің мәтін тілі

Лексикасы экспрессивті, эмоционалды

сөздерден тұратын мәтін.

Образ оралымдары алдын ала анықталған

жоғары пафосты мәтін

 

2 Көркем әдеби стильде экспрессия:

болады

болмайды

кейде кезедеседі

реплика түрінде қолданылады

автордың қалауы бойынша қолданылады

 

3 Көркем әдеби стиль жанры:

Образды және бейобразды болады

Тек қана образдылыққа құрылады

Ұйымдастырушылық образ түрлері

Троп, кейіптеу түрлері арқылы берілмейді

Көркем шығармалардың жанрлық түрлері

 

4 Көркем әдеби стиль мәтіні:

Нормаға, заңға, арнайы мәтінге сүйеніп

жазылады

Қатаң қағида бойынша теориялық негізде

жазылады

Обрыздылықтан ауытқымай, арнайы

лексикамен жазылады

Экспрессивті тілде, толық мазмұнда жазылады

Ойы дәл, нақты фактілерге сүйеніп жазылады

 

5 Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалың көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан.Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді.

Мәнмәтін қалай берілген?

экспрессивті берілген

эмоционалды берілген

эмоционалды-экспрессивті мәнде берілген

образсыз түрде суреттей отырып берілген

үймелі-төкпелі троп түрлерін қолдану

арқылы

үймелі-төкпелі фигура түрлерін қолдану

арқылы

 

6 Көркем әдеби стильде образ қалай туындайды?

 

Әдемі сюжетті құбылту арқылы

Түрліше троп түрлері мен фигураларды

қолдану арқылы

Сөзбен сурет салу, кейіпкерді құбылта суреттеу

арқылы

әдемілігін-ай, көз тартады, көздің жауын алып

тұр, шіркін секілді сөздер арқылы

эмоционалды, экспрессивті сөздерді қолдану негізінде

 

7 Суреттеу, сипаттау, мінездеу қай стильге тән болып келеді?

ПС (публицистика)

ҒС (ғылыми)

РС (ресми)

ӘС (әдеби)

АС (ауызекі)

 

8 Бұл қандай қолданыс:

Хамит сом денелі, орта бойлы, қою қара шашты, қыр мұрынды, қара торы жігіт.

балау

теңеу

портрет

мінездеу

сипаттау

 

9 Бұл қандай қолданыс:

Хамиттің тура айтып салатын әдеті бар, өтірікті жақтырмайды.

теңеу

портрет

мінездеу

сипаттау

балау (метафора)

 

10 Бұл қандай қолданыс:

Жас бүркітше қомданып, шүйіріліп даярланып алды.

теңеу

портрет

мінездеу

сипаттау

балау (метафора)

 

11 Әдеби стильде эпитет:

қолданылады

қолданылмайды

автордың қалауына қарай жазылады

ерекше жағдайларда ғана қолданылады

кейбір құжат түрлерініңде қолданылады

 

12 Бұл қандай қолданыс:







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.