Здавалка
Главная | Обратная связь

Ауызша немесе жазбаша жауап – максимум – 100б Тест – максимум – 100б.

Кіріспе

Физиология –жасуша мен жасушалардың жекелеген құрылыстарының мүшелердің физиологиялық жүйелердің, тұтас ағзаның тіршілігі жайындағы, организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы кезіңдегі реттелу механизмдері жайындағы негізгі тәжірибелік -теориялық ғылым .

Физиологияның қазіргі кездегі даму ерекшелігі- ол талдау бағытын тереңдету- мембраналық, жасушалық процестерді зерттеу, қозу мен тежелудің биофизикалық механизмдерін зерттеу, ғылым мен техника жетістіктерін қолдану, тіршілік етудің табиғи ортасының жағдайында адамның мақсатқа бағытталған іс-әрекеттерін оқып үйренуде. Физиология- денсаулықты анықтаудың, салауатты өмір салтын және адамның жұмысқа қабілеттілігінің қызметтік жағдайын болжаудың ғылыми негізі деп қарастырылады.

Физиология- теориялық пәндердің негізгі бөлімі, қазіргі кездегі дәрігерді қалыптастырады, осы әсерден студент- медик дені сау ағзаның тіршілік етуінің жалпы заңдылықтарын оқып, танып біледі, содан соң клиника алдында және клиникада өтетін пәндерді оқуға кіріседі. Адам организмінің тіршілік ету заңдылықтарын терең оқып білмей қызметтердің бұзылу механизмдерін және олардың қалпына келуін түсініп білу мүмкін емес.

Физиологияның зерттеу объектісі болып тірі ағза және оның қызметтік бөлімдері саналады. Дені сау адам организмін оқып үйрену болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностика әдістерін тез меңгеруге, организм жағдайын және бейімделуін бағалауға, физиологиялық қызметтердің қалыптан ауытқу дәрежесіне сәйкес оның қызмет ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Адам физиологиясының заңдылықтарын ашу- өмір сүрудің ұзақтығын әрі қарай ұзарту, тұрмыс және еңбек жағдайын жеңілдетуді және оны сауықтыруды ретпен ұйымдастыру, ауруларды емдеуде және ауруды алдын алудың жаңа әдістерін ашуда қажетті жағдай болып табылады. Адам организмінің қалыпты қызметін және оның физиологиялық жүйелерін біліміне профилактикалық, сондай-ақ клиникалық медицина негізделген.

Физиология-1 типтік бағдарламасы қарапайым физиологиялық процестерге, физиологиялық қызметтердің нейро-гуморальдық реттелуіне, тіршілік ету негізіне, мінез-құлықтың жүйелік механизмдеріне негізделген.

2.2. Пәннің мақсаты:

Студенттерде дені сау адамның организм жүйелерінің барлық қызметтерінің заңдылықтары мен олардың реттелу механизмі жайындағы білімін қалыптастыру.

Физиологиялық тәжірибелік жұмыстарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру және нәтижесін бағалау дағдыларын қалыптастыруды білу.

Коммуникативті дағдыларды дамыту жаңа терминдер түсініктемелерді енгізу жолы арқылы.

Құқықтық құзіреттілікті қалыптастыру– физиололгиялық құралдарды қолданудың қауіпсіздік техникалық ережелерімен және клиникаға дейінгі пәндердің құқықтық құжаттарының нормативтері жайында білімдерін қалыптастыру (Қазақстан Республикасы Кодексінің негізгі жағдайлары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйелері жайында». Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығы, санитарлық., табиғат қорғау туралы заңнамалары. ҚР білім беру және еңбек туралы заңдары. 27.07.2007ж., ҚР фармациялық және медициналық білім беру концепциясының реформасы. 24.04.2006 ж., ҚР білім беруді дамыту бағдарламасы. ҚР жемқорлыққа қарсы заңы)

Студентерді қалыпты физиология пәнін оқуға ынталандыру және ЕВМ базасы мен ақпараттармен студенттердің өзіндік жұмыс жасауын қалыптастыру және дамыту, студенттердің жоғарғы деңгейдгі әдебиеттермен жұмыс жасау қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту, студенттерді өмір бойы үздіксіз білім алуға ынталарын қалыптастыру.

2.3. Пәннің міндеттері:

· Студенттерде физиологиялық ойлауды қалыптастыру.

· Дені сау адамның негізгі физиологиялық сипаттарын ашу, жыныстық және жас ерекшеліктерін;

· Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология, жеке физиология мен адамның интегративті мінез-құлық қызметі жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдері;

· Адам организмінің тіршілік етуі жайында жүйелі білім қалыптастыру, тұтас ағзаны қоршаған ортамен және организмнің физиологиялық жүйелерінің реттелу механизмдерін байланыстыра отырып;

· Ғылыми экспериментті өткізу үшін оның әдістемелерімен таныстыру;

· Организмнің және оның жүйелерінің қызметтік жағдайын бағалау әдістерін қалыптастыру ;

· Физиологиялық құралдардың жұмыс қағидаларын меңгеру.

· Физиологиялық құралдармен жұмыс жасау ережерін көрсету және жасау.

· Физиологиялық құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру.

· Физиологиялық терминдерге анықтама беру және жаңа түсініктер енгізу.

2.4.Оқытудың қорытынды нәтижелері:

Студент тиісті :

білуге : (Когнитивті құзіреттілік):

· Пәнді, мақсаты мен міндеттерін және оның келешек мамандығы үшін маңызы;

· Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология, жеке физиология мен адамның интегративті мінез-құлық қызметі жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдері;

· Медицинада қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зерттеу әдістерінің маңыздылығы.

  • Дені сау организмнің қызметтерін зерттеудің ең маңызды әдістерінің принциптерін түсіндіру.

· Организмнің жалпы іс-әрекетінің және жүйелер мен мүшелердің реттелу механизмін және түрлі көрсеткіштердің ақпараттық маңыздылығын білу.

· Организмнің негізгі қызметтік жүйелерінің маңызын және іс-әрекеті құрылуының жалпы принциптерін бағалау және түсіндіре білу.

· Тіршілік ету жағдайына байланысты организмнің мінез-құлығының негізгі түрлерінің реттелуінің және қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіру және бағалай білу.

Дағдыларды меңгеруге:

Физиологиялық зерттеулерді өткізуге (Операциялық құзіреттілік):

· Электроэнцефалографии

· Электромиографии

· Қозу табалдырығын анықтау

· Еттің жеке жиырылуын тіркеу

· Тісті жене тегіс тетанусты тіркеу

· Тюрк әдісі бойынша рефлекс уақытын анақтау

· Динамометрия

· Көру өткірлігін анықтау

· Түрлі-түстіні көруді анықтау

· Ауа және сүйек арқылы дыбыс өткізгіштігін анықтау

· Эстезиометрия

· Дәм сезуді анықтау

· Тиісті негізгі алмасуды анықтау

· Тағам рационын құрастыру

· Термометрия

· Көру аймағын анықтау

· Қарашық рефлексін анықтау

· Ольфактометрия

Коммуникативті дағдымен (Аксиологиялық құзіреттілік):

· Студенттерді тірек-қимыл жүйесі, тері және оның придаткаларының әрекетін реттейтін физиологиялық үрдістер мен және оларды құралдармен зерттеу әдістерін түсінуді қалыптастыруды дамыту.

· Жүйелер мен мүшелерге физиологиялық зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру;

· «Студент – оқытушы», «студент- студент» өзара қатынас әдісін және дағдыларды меңгеруді қалыптастыру.

· Оқу топтарында психологиялық климат жасау дағдысын қалыптастыру.

Құқықтық құзіреттілік (ҚР заңдарын білу):

· Қазақстан Республикасының Кодексінің негізгі положениялары «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі жайында». Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау және санитарлық, табиғаттан қорғау заңдылықтары жайында.

· Еңбек туралы заң жайында

· ҚР білім беру заңы жайында 27.07.2007ж.,

· ҚР медициналық және фармацевтикалық білім беру концепциясының реформасы жайында

24.04.2006ж.

· ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

· ҚР сыбайлас жемқорлық жайында заңы.

Өзін-өзі дамыту (Өзін-өзі дамыту және жетілдіру):

· Өмір бойы үздіксіз білімін жетілдіруге қалыптастыруды дамыту.

· Өз бетінше заман талабына сай әдебиттермен іздену арқылыі білімін дамыту.

· Ақпаратты электронды тасмалдау және ЕЖМ базаларымен жұмыс жасау.

· Өз бетінше тест сұрақтарын шешу, рефераттар презентация, буклет, сөзжұмбақтар дайындау.

· Өз бетінше дайындалу мақсатында тақырып бойынша оқытушыдан кеңес алу.

2.5.Пәннің алғы реквизиттері: Химия, медициналық биофизика, молекулярлы биология, анатомия-1, гистология-1, медициналық генетика пәндеріне негізделеді.

2.6.Пәннің кейінгі реквизиттері: "Физиология-2", патологиялық физиология-1, фармакология, патологиялық анатомия-1, микробиология пәндерінің негізін құрайды.

2.7.Пәннің қысқаша мазмұны: Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы, физиологиядағы зерттеу әдістері, пән және мазмұны оқытылады. Гомеостаз, организмдегі жеке жүйелердің қызметінің өзара байланысы жайында түсінік.Физиологиялық үрдістердің негізгі реттелу механизмі жайында. Іс-әрекетті ұйымдастырудың жалпы қағидалары.

2.8. Дәрістертің тақырыптық жоспары.

№   Тақырыбы Өткізу түрі Ұзақтығы (сағат)
Физиология пәні, жалпы сипаттамасы. Қозғыштық. Қозу үрдісі.Биэлектріқ құбылыстар Шолу дәрісі, презентация
Жүйке орталықтары және оның қасиеттері. ОЖЖ-нің үйлестіру және интегративті қызметтерінің механизмдері. ОЖЖ-гі тежелу Шолу дәрісі, презентация
Физиологиялық қызметтердің гормоналдық реттелуі. Ішкі секреция бездерінің жалпы физиологиясы, гормондардың жалпы қасиеті мен жіктелуі. Шолу дәрісі, презентация
Талдағыштар физиологиясы. Талдағыштардың жалпы қасиеттері. Көру және сомалық –сенсорлық, есту, тепе-теңдік, иіс сезу, дәм сезу талдағыштары және оның бөлімдері. Шолу дәрісі, презентация  
.Жоғары жүйке іс-әрекеті туралы түсінік. Мінез-құлықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлері. Уақытша байланыстардың механизмі. Қыртыстық тежелудің түрлері. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері. И.П. Павловтың І және ІІ сигналдық жүйелер туралы ілімі Шолу дәрісі, презентация
Барлығы   5 сағат

 

СОӨЖ және тәжірибелік сабақтарының тақырыптық жоспары

 

Сабақ тақырыбы Өткізу түрлері Оқу сағатының көлемі
Практика ОСӨЖ
Қозғыш ұлпалар физиологиясы. Қозғыштықтың өлшемдері. Биоэлектрлік құбылыстар. Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау 2,5  
ОСӨЖ Физиологиялық зертеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері. Асептика, антисептика Тақырып бойынша кеңестер:  
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттің жиырылу түрлері. Тәжірибелік жұмыстарды орындау Операциялық құзіреттілікті бағалау. Практикалық дағдыларды қабылдау.«Динамометрия»).   2,5  
ОСӨЖ - Бұлшықеттің жиырлу механизмі. Бұлшықеттің күші мен жұмысы. Еттің қажуы (жекеленген еттің қажу механизмінің дамуы және тұтас организмдегі бұлшықет жұмысы кезіндегі қажу, статикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу). Белсенді және белсенді емес демалыс. (М.И.Сеченов). Тақырып бойынша кеңестер  
Жүйке талшығының бойымен қозудың өту ″ заңдылықтары″ Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері. Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау 2,5  
ОСӨЖ - Нейрон, түрлері, қызметі. Нейроглия.. Тақырып бойынша кеңестер  
Организнің рефлекторлық қызметі. ОЖЖ-дегі қозудың өту өту ерекшеліктері (жүйке орталықтарының қасиеттері).   Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті бағалау (Практикалық дағдыларды қабылдау: «Адамның жұлын-ми рефлекстері») 2,5  
ОСӨЖ – Нейрон, түрлері, қызметі. Нейроглия. ОЖЖ-нің синапстары және медиаторлары. Тақырып бойынша кеңестер  
Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиясы. Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау   2,5  
ОСӨЖ ОЖЖ-нің рефлекстерді үйлестіру қызметі. Тақырып бойынша кеңестер  
Карапайым физиологиялық үрдістер, ОЖЖ, ВЖЖ бойынша аралық бақылау Ауысша, жазбаша сауалнама, тест  
ОСӨЖ - ОЖЖ жеке физиологиясы Тақырып бойынша кеңестер  
Ішкі сөлініс бездерінің физиологиясы. Гипоталамо-гипофизарлық-бүйрек үсті безі жүйесі.   2,5  
ОСӨЖ - ІСБ жеке физиологиясы. Тақырып бойынша кеңестер  
Энергия және зат алмасу.Тамақтану, қоректік заттардың физиологиялық нормалары.   Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті бағалау (Практикалық дағдыларды қабылдау: «Тиісті негізгі алмасуды анықтау. Тағам рационын құрастыру қағидалары») 2,5  
ОСӨЖ – Белок, май және көмірсу алмасуы. Су-тұз алмасуы.   Тақырып бойынша кеңестер  
Жылу реттелу.   Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті бағалау (Практикалық дағдыларды қабылдау: «Термометрия») 2,5  
  ОСӨЖ – Тер бөліну.    
Тіршілік негіздері және функциялардың нейрогуморалдық реттелуі бойыншааралық бақылау.   Ауысша, жазбаша сауалнама, тест  
  ОСӨЖ – Талдағыштардың жалпы қасиеті. Тақырып бойынша кеңестер  
Көру және сомато-сенсорлық талдағышы.   Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті бағалау (Практикалық дағдыларды қабылдау : «Көру өткірлігін, көру аймағын анықтау. Түрлі түстіні көруді анықтау. Эстизиометрия») 2,5  
  ОСӨЖ – Ноцицепция. Организмнің антиноцицепциялық жүйесі. Тақырып бойынша кеңестер  
Есту, тепе-теңдік, дәм сезу, иіс сезу талдағыштары Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті анықтау: (Практикалық дағдыларды қабылдау: «Ауа және сүйек арқылы дыбыс өткізгіштігн зерттеу.Барани сынамасы. Тілдің әр жеріндегі дәм сезімталдығын анықтау»). Инновациялық әдіс РВL - «Есту және вестибулярлық талдағыштар физиологиясы» тақырыбы бойынша 2,5  
  ОСӨЖ – Түсті ажырату,дыбыс қабылдау, дәм сезу теориялары Тақырып бойынша кеңестер  
Организмнің шартты-рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиологиялық механизмі. Туа пайда болған және жүре пайда болған іс-әрекеттің түрлері. Уақытша байланыстардың түзілу механизмі Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау. Операциялық құзіреттілікті бағалау: (Практикалық дағдыларды қабылдау: «Электроэнцефалография Қарашық рефлексін анықтау. Шартты тыныс алу рефлексін қалыптастыру. Егеуқұйрықта қорғаныс рефлексін қалыптастыру»)  
  ОСӨЖ- ЖЖІӘ қызметін зерттеу әдістері. Шартты рефлекс түрлері. Тақырып бойынша кеңестер:  
Қыртыстық тежелу. Қыртыстық тежелу түрлері. ЖЖІӘ типтері, ағзаның I және II сигнальдық жүйесі. Зерде физиологиясы, түрлері, механизмі Тәжірибелік жұмыстарды орындау,тақырыпты талдау Операциялық құзіреттілікті бағалау ( Практикалық дағдыларды қабылдау: «Адамның ой өрісін сөйлеу арқылы зерттеу. Мағыналы және механикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін зерттеу»)  
  ОСӨЖ- Эмоцияның, мотивацияның физиологиялық механизмі. Ұйқы физиологиясы Тақырып бойынша кеңестер  
Талдағыштар және ЖЖІӘ физиологиясы бойынша аралық бақылау. Ауысша, жазбаша сауалнама, тест  
  ОСӨЖ – Қорытынды бағалау Тақырып бойынша кеңестер  
  Барлығы 40 сағат 45 сағат
               

 

2.9.Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) тақырыптық жоспары.

Өзіндік жұмыс тақырыбы Өткізу түрі Ұзақтығы (сағ)
1. Биологиялық мембрана қызметі. Иондық каналдар. Презентация
2. Тыныштық потенциалы мен әрекет потенциалының пайда болу механизмі. Презентация
3. Лиганд-рецепторлық қатынастар механизмі. Сенсорлық, мембраналық, ядролық рецепция. Презентация
Бұлшықет жиырылуының қазіргі заманғы теориялары. Презентация
Жұмыс белсенділігінің апта және жұмыс күні бойынша динамикасы. Қажу. Белсенді демалыс. (И.М.Сеченов). Презентация
Жүйке талшықтары, олардан қозудың өткізілуі. Презентация
Синапстық өткізудің ерекшеліктері. Презентация
Синапстың қасиеттеріне байланысты жүйке орталықтарының қасиеттері. Презентация
ОЖЖ тежелу үрдістері. Презентация
Мінез құлықтың вегетативтік көріністері. Тақырыптық реферат қорғау
АІЖ гормондары, тіндік гормондар Презентация
Жыныс гормондары, плацента гормоны. Презентация
Менструальды цикл. Жүктілік, босану. Ана мен бала ағзасы арасындағы қатынас. Лактация физиологиясы. Презентация
Стресс туралы Г.Селье ілімі. Эмоциялық стресс. Презентация
Витаминдер Презентация
Реттеуші олигопептидтер қызметі Презентация
Су-тіршілік негізі Презентация
Әртүрлі жағдайдағы жылу реттелу мен тер бөлудің ерекшеліктері Презентация
Кеңістікті қабылдау ерекшеліктері, көру иллюзиясы. Презентация
Иіс және дәм сезу теориялары. Презентация
Қоршаған орта жағдайына бейімделудегі талдағыштардың ролі. Презентация
Сөйлеу. Сөйлеу қызметі. Презентация
Үлкен жартышыар қызметінің ассиметриясы. Презентация
Зерде физиологиясы Презентация
Ұйқы физиологиясы Презентация
Барлығы   45 сағ.

 

2.10. Қолданылуға арналған әдебиеттер

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). – Алматы.: Издательство «Дәуір», 2008. 663 б.

2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.

Қосымша:

1. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері.Ибраева С.С.. - Астана, 2006

 

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие /Н.Н. Алипов, Д.А. Ахтямова, В.Г. Афанасьев и др.; Под ред. С.М. Будылиной, В.М. Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

2. Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ред. Ю.В. Наточина, В.А. Ткачука. - М.: Геотар-Медиа», 2007. – 384 с.

3. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2007. – 656 с.

4. Частная физиология (методическая указания для студентов)./Под ред. А.Д. Соколова - Алматы, 2007.

Қосымша:

1 Нормальная физиология. Учебник./Пол ред.В.П.Дегтярева, С.М.Будылиной. – М.:ОАО Медицина, 2006.

2. Физиология человека. В 3-х томах. Под ред.Р.Шмидта – 2007г

3.Основы физиологии человека 2-х томах под ред.Агаджаняна Н.А.-443стр. 2007г

4. Практикум по нормальной физиологии.Под ред. Н.А. Агаджаняна.-328с.2007г.

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. Guiton / Hall. Medical physiology /Eddited by W.B. Saunders company. - 2006.

2. K.Sembulingam, Prema Sembulingam (eds.). Essentials of Medical Physiology. 2-nd Ed. Jaypec Brothers publ., New Deili, 2000.

3. Интерактивная физиология -10 систем органов,институциональная версия содержит модули по всем системам органов. ( Interactive Physiology ip the best way to learn the hardest part of AP. 10-system suite)

2.11. Оқу және оқыту әдістері:

Дәрістердің, практикалық (тәжірибелік ) сабақтардың, СӨЖ өткізу түрлері.

· Дәрістер- шолу және презентация.

· Практикалық сабақта-:

Тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды өткізу ( тәжірибелік жұмыстарды жануарларда жасау, клиникалық-физиологиялық әдістерді игеру), кестелермен жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарын орындау, хаттамаларды рәсімдеу, аралық бақылау.

СОӨЖ-сабақ тақырыбы және аралық бақылау бойынша кеңес беру

· СӨЖі- презентация, тесттерді, кроссвордтарды құрастыру, ғылыми рефераттарды қорғау; кестелер, сызбаларды дайындау.

2.12.Білімін бағалау ережелері мен көрсеткіштері.

Аралық бақылау t – құзіреттіліктерді қалыптастырудың деңгейін бағалау

t= (Z+N+K+P+S)/n

бұнда

n – Барлық құзіреттіліктер бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - Білімі бойынша баға

N: n1+n2+…+nn - Дағдылар бойынша баға

K: k1+k2+…+kn - Коммуникативті дағды бойынша баға

P: p1+p2+…+pn - Құқықтық құзіреттілік бойынша баға

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бойынша баға

Әрбір құзіреттілік бағаланады 100-балл жүйесі бойынша

Аралық бақылау (r) – коллоквиум

Аралық рейтинг:

Аралық рейтинг құзіреттілікті қалыптастыру деңгейі (t) мен аралық бақылау(r) бойынша орта арифметикалық баға бойынша есептелінеді.

R= t +r1 + r2 + r3 +….. +rn

n

• «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары үшін 1-ші рейтинг семестрдің 8-9 аптасында, ал қалған мамандықтар үшін 7-8 аптада.

• Екінші рейтинг сәйкес 17-18аптада және 14-15 аптада берілген ведмостарды берілген үлгі бойынша толтыру.

Студент аралық рейтинг және пән бойынша емтиханға жіберілу рейтингісімен танысуы қажет.

1 академиялық кезең созылатын пәндер үшін жіберілу рейтингі былай есептелінеді.

Rд =

• R1 – бірінші аралық рейтинг,

• R2 – екінші аралық рейтинг,

• Rn - келесі аралық бақылаулар,

• n- пән бойынша аралық бақылаулар саны

 

Білім алушы етиханға жіберіледі, егер Rжіберілу50-ге тең немесе жоғары болған жағдайда

 

Қорытынды бақылау

I кезең – компьютерлік тест:

Бағаланады : а) когнитивті (білімі)

б) құқықтық құзіреттілік

II кезең – тәжірибелік дағдыларды қабылдау:

Бағаланады : а) операциялық (дағдылар)

б) коммуникативті құзіреттілік

Емтихан рейтингі

E= Е1 × 0,2 +Е2 0,2

Е1 - емтиханның I кезеңінің баллы,

Е2 – емтиханның II кезеңінің баллы,

Қорытынды баға

Қорытынды баға: жіберілу рейтінгісі және қорытынды бақылау бағасының қорытындысы

I = R × 0,6 + Е1 × 0,2 +Е2 × 0,2

Бұнда,

I– қорытынды баға

R– жіберілу рейтингісінің бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

 

Қорытынды рейтингісі: 60% жіберілу рейтингісі мен 40% қорытынды бақылау бағасы


1. Практикалық сабақ– максималды 100 балл, 100% сәйкес келеді

Бақылау түрі Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
  1. Ауызша сұрау
Максимум 100 б
Студент тақырыпты терең түсінген, логикалық ойлай алады. Берген жауабы қойылған сұрақтарға толығымен сәйкес келеді, барлық қажетті теориялық дәлелдермен қамтылған, мысалдарды дұрыс, нақты көрсетіп түсіндіре алады. Студент негізгі қорытынды жасай алды. Студент тақырып материалынын түсінген, бірақ жауап беру барысында кеткен қателіктерді, оқытушының жасағаннан ескертуінен кейін түзеді. Логикалық ойлай алу қабілетін көрсетті және білімін нақтылау үшін, жақсы мысалдар келтірді. Негізгі қорытынды жасай алды. Студенттің тақырып бойынша білімі толық емес, қойылған сұрақтарға толық емес және дұрыс жауап болмады, бірақ бағдарламалық материалды әрі қарай жалғастыру үшін жеткілікті білімі бар екенлігін, сұрақты жалпы түсінгендігін көрсете білді. Терминологияны қолдану барысында, түсінікті анықтап айтуда қателіктер немесе қиындықтар болды. Оқытушы бірнеше қосымша сұрақтар қойғаннан кейін түзетілген жауап болды. Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының көптеген немесе маңызды бөлімдерін білмейтіндігі немесе түсінбегендігі байқалды. Терминология қолдану барысында, анықталған түсініктерді айтуда үлкен қателіктер жіберілді. Оқытушы тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға дұрыс жөнді жауап болмады.
  1. Практикалық сабақ бөлігі
Максимум 100 б
Студент практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын шығармашылықпен және дұрыс орындаған, хаттаманы немесе альбомды сауатты және ұқыпты жасаған, ситуациялық тапсырмаларды талдау барысында дұрыс қорытынды жасай алды, берілген ситуацияға терең анализ жасай алды, қойылған сұрақтардың барлығына негізделген және толық жауап берді. Студент теориялық білімін қолданып, практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын дұрыс орындаған, хаттама мен альбом жасап қорытындылауда кеткен кейбір жіберілген қателіктерді, оқытушының ескертуінен кейін түзетті. Ситуациялық тапсырмаларды талдауда дұрыс қорытынды жасай алды, бірақ аздаған қателіктер жіберілген. Студент практикалық сабақ барысында теориялық білімін қолдана алмады, бірақ міндетті күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындады, хаттама толтыруда маңызды қателіктер жіберген, толық қорытынды жасалмаған, ситуациялық тапсырмалар орындауда тереңдетілген талдау жасай алмады.   Практикалық сабақтың орындалуына қатысқан, хаттама толтырылмаған, қорытынды жасай алмады, ситуациялық тапсырмаларға талдау жасай алмады.
  1. Тест
Максимум 100 б
90-100% дұрыс жауап 75-89% дұрыс жауап 50-74% дұрыс жауап 50% төмен дұрыс жауап

2. РЕФЕРАТ СӨЖ – максималды 100 балл, 100% сәйкес

СӨЖ кез келген түрін орындауға болады

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Рефераттың тақырыбы мен берілген тапсырмаларға мазмұнының сәйкес келуі Максимум – 10 б (18-20б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келеді (15-17б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келеді (10-14б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келмейді (0-9б) Реферат мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді
Тақырыптың толық және логикалық ашылуы Максимум – 20б   (18-20б) Жоспарға сәйкес тақырып толық ашылған, материал сауатты тілмен жазылған, мамандандырылған терминологияны және белгілерді логикалық реттілікпен ауқымды нақты қолданған. Теориялық жағын нақтылайтын, сапасы жақсы иллюстрациялық материалдар келтірілген (сызбалар, кестелер, схемалар). (15-17б) Жоспарға сәйкес тақырып толық ашылған, материал ауқымды түрде жазылған, логикалық жағынан кейбір қателіктер бар, теориялық жағын нақтылайтын иллюстрациялық материалдар келтірілген (сызбалар, кестелер, схмелар).   (10-14б) Реферат тақырыбы толық ашылмаған, сызбалар мен иллюстрациялардың сапасы төмен.   (0-9б) Тақырып ашылмаған, сызбалар мен иллюстрациялар тақырыпқа сәйкес келмейді немесе жоқ.
Материалды толық қамту, қорытынды жасалуы Максимум – 20 б (18-20б) Материал қамтылған, нақты және анық қорытынды жасалынған   (15-17б) Материал қамтылған, дұрыс қорытынды жасалынған   (10-14б) Бөлшектенген материал көрсетілген, қорытындысы нақтыланбаған және қателіктер бар. (0-9б) Материал қамтылмаған, қорытындысы жоқ.  
Ақпарат көздерімен дұрыс жұмыс жасай алу Максимум – 20б. (18-20б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде, библиографиялық сілтемелер сауатты орындалған. (15-17б) Қазіргі кезеңдегі негізгі ақпарат көздері қолданылған. (10-14б) Ақпарат көздері мөлшерден аз, оның ішінде көпшілігі ескірген ақпарат көздері. (0-9б) Ақпарат көздері келтірілмеген.
Реферат бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру Максимум – 20б (18-20б) Тақырып материалын студент еркін жақсы меңгерген, барлық қойылған сұрақтарға негізделген дұрыс жауап береді. (15-17б) Студент материалды жақсы біледі, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді. (10-14б) Студент тақырып материалын толық білмейді, тек ең жеңіл деген сұрақтарға жауап береді. (0-9б) Студент тақырып материалын нашар меңгерген, қойылған сұрақтарға жауап бермейді.
Орындау талаптарының сәйкестігі Максимум – 10 б (18-20б) Рефераттың орындалуы кафедра белгілеп көрсеткен талаптарға толық сәйкес келеді. (15-17б) Рефераттың орындалуы кафедра көрсеткен талаптарға жалпы сәйкес келеді. (10-14б) Рефераттың орындалуы қойылған талаптарға сәйкес келмейтін жерлері бар. (0-9б) Рефераттың орындалуы қойылған талаптарға сәйкес келмейді.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Тақырыптың толық және логикалық жағынан ашылуы Максимум – 20б   (18-20б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді. Тақырып толық ашылған, слайдтар мамандалған терминология мен белгілерді нақты мағыналы көрсетілген. Слайд мәтіні көрнекі жазылған, идеялары нақты көрсетілген, структуралық түрде қысқа үлгіде берілген. (15-17б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді.Тақырып толық ашылған, слайдтар мамандалған терминология мен белгілерді нақты мағыналы көрсетілген. Слайд мәтіні көрнекі жазылған, идеялары нақты көрсетілген, структуралық түрде қысқа үлгіде берілген. (10-14б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді. Тақырып толық ашылмаған, Слайдтар көрсетілімінде белгілі бір реттілік сақталмаған. Слайдтар тек мәтіндермен ғана даярланған. (0-9б) Презентация тақырыбы ашылмаған
Ақпарат көздерімен дұрыс жұмыс жасай алу Максимум – 20б (18-20б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған. (15-17б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері қолданылған. (10-14б) Ақпарат көздері мөлшерден аз, ескірген ақпарат көздері көрсетілген. (0-9б) Пайдаланылған ақпарат көздері көрсетілмеген немес тек интернет желісінен алынған ақпарат қана бар.
Материалды толық қамту, қорытынды жасалуы Максимум – 20 б (18-20б) Материал қамтылған, нақты және анық қорытынды жасалынған   (15-17 б) Материал қамтылған, дұрыс қорытынды жасалынған (10-14б) Материал толық қамтылмаған, қортындылауда өрескел қателер бар. (0-9б) Материал қамтылмаған, қортындысы жоқ.  
Презентацияны таныстыру және сұрақтарға жауап беру Максимум – 20б (18-20б) Студент презентация материалын меңгерген, қолданылған ғылыми терминологиясымен материалын толық түсіндіре алады. Сұрақтарға жауап барысында өзінің позициясын толық ұстана алады және сыни көзге дұрыс қарайды. (15-17б) Студент презентация материалын меңгерген, презентация мазмұнын еркін жеткізе алмайды. Қойылған сұрақтардың көпшілігіне дұрыс жауап береді. (10-14б) Студент презентация материалын толық меңгермеген, презентаия мәтінін оқып береді. Қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмайды. (0-9б) Студент материалды дұрыс білмейді, қойылған сұрақтарға жауап жоқ.
Орындау талаптарының сәйкестігі Максимум – 20 б (18-20б) Слайдтардың орындалуы көрсетілген талаптарға толық сәйкес келеді. Тақырыбы жазылған мұқаба беті бар, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және Internet желісі бар. Слайд көркем жасалынған, тек мәтінмен толтырылмаған, грамматикалық қателер жоқ. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген жерінен анық көрінеді. (15-17б) Слайдтардың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келеді. Тақырыбы жазылған мұқаба беті бар, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және Internet желісі бар. Слайд көркем жасалынған, жасалуында кейбір қателіктер бар. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген жерінен анық көрінеді. (10 – 14б) Слайдтың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді. Слайдтар әр түрлі стилде жасалған, маңызды қателіктерден тұрады. (0-9б) Слайдтың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді.

ГЛОССАРИЙ

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиет көздеріндегі ақпаратты өңдеу және талдау Максимум –30б (27-30б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердегі ақпарат көздері өңделген және зерттелген (негізгі және қосымша). Басқа да қазіргі кезеңдегі отандық және шетелдік ақпарат көздері қолданылған. Глоссарий аяғында дұрыс жасалынған ақпарат көздері келтірілген. (23-26б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердегі ақпарат көздері өңделген және зерттелген (негізгі және қосымша). Глоссарий аяғында дұрыс жасалынған ақпарат көздері келтірілген.     (15-22б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиет көздерінің барлығы бірдей өңделіп және зерттелмеген (негізгі және қосымша).   (0-14б) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жоқ
Глоссридің құрастырылуы Максимум – 40б   (36-40б) Барлық таңдалған термин сөздер тақырыпқа толық сәйкес келеді, студенттің өзіндік іріктеуімен жасалған, барлық тақырып мазмұны қамтылған. (30-35б) Барлық таңдалған термин сөздер тақырыпқа толық сәйкес келеді, студенттің өзіндік іріктеуімен жасалған, барлық тақырып мазмұны қамтылған. (20-29б) Кейбір термин сөздер тақырыпқа сәйкес келмейді.Некоторые термины не соответствуют теме. Іріктеліп алынған термин сөздер тақырып мазмұнына кейбір тұстары сәйкес келмейді. (0-19б) Алынған термин сөздер тақырып мазмұнының тек 50% аз қамтылған.
Глоссаридің орындалуы Максимум – 30 б (18-20б) Глоссаридің жасалу талаптарының сәйкестілігі: · Дұрыс іріктелген термин сөздер 50 кем болмау (тақырыпқа сәйкес); · қысқа, нақты, мазмұнды, анықтау барысында артық қажет емес түсініктер болмау , көлемі 2-3 сөйлемнен аспау керек. · Қазіргі көзқарас бойынша терминдердің негізгі мағынасының сәйкес келуі; · барлық терминдер мен анықтамаларда грамматикалық қате болмауы; · қажет болған жағдайда түсінікті болу үшін жекеленген терминдерде иллюстрациялар қолдануға болады. (15-17 б) Глоссаридің жасалуы негізінен көрсетілген талаптарға сәйкес келеді, бірақ кейбір аздаған қателіктер мен нақталанбаған жерлері бар: · кейбір терминдердің анықтамасы өте көлемді және артық түсініктемелер көп · терминдердің барлығы бірдей қазіргі кездегі түсініктермен сәйкес келе бермейді, кейбір грамматикалық қателіктер бар. (10-14б) Глоссариді жасау барысында мағыналық қателіктер жіберілген.   (0-9б) Глоссаридің жасалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді.

КРОССВОРД

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Кроссвордтың мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуі, тақырыптың толық ашылуы Максимум –30б (27-30б) Барлық алынған терминдер толығымен тақырыпқа сәйкес келеді, зерттелген материалдың мазмұны толық қамтылған. (23-26б) Терминдер материал мазмұнын толық ашпаған, терминдердің бір бөлігі тақырыпқа сәйкес келмейді (15-22б) Терминдер материалдың 50% қамтиды     (0-14б) Терминдер материалдың 50% аз бөлігін қамтиды, терминдердің көпшілігі тақырыпқа сәйкес келмейді
Сұрақтарды құрастыруда сауаттылығы, мазмұны Максимум – 40б (36-40б) Сұрақтар қысқа, анық, толық, терминнің мағынасына толық жауап беретін, қазіргі кездегі мәселелік жағдайға сәйкес келеді. (30-35б) Кейбір сұрақтар мағынасын ашу үшін үлкен ауқымды қамтиды және дұрыс жауапқа сәйкес келмейтін қажет емес артық түсініктемелер келтірілген (20-29б) Сұрақтар шашыраңқы, келтірілген сұрақ бойынша қазіргі кездегі түсініктермен сәйкес келмейді. (0-19б) Сұрақтар сауатты құрастырылмаған, келтірілген сұрақ бойынша дұрыс жауап табу мүмкін емес.  
Кроссвордтың жасалуы Максимум – 30 б (18-20б) Кроссвордтың жасалуы мына талаптарға сәйкес: · дұрыс құрастырылған сұрақтар саны 20 кем болмау (тақырыпқа сәйкес); · эстетикалық безендендірілу жасалынған · қазіргі кездегі ақпарат көздері тізімінің болуы (15-17 б) Кроссвордтың жасалуы негізінен көрсетілген талаптарға сәйкес, бірақ кейбір қателіктер мен дәлденбеген жерлері бар: · терминдердің барлығы бірдей қазіргі талаптарға сәйкес келе келмейді; · әдебиеттер тізімі толық емес (10-14б) Кроссворд жасау барысында нақты қателіктер жіберілген (0-9б) Кроссвордтың жасалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді

СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Дұрыс шешілген тапсырмалар саны Максимум –30б (27-30б) Барлық тапсырмалар дұрыс шешілген     (23-26б) Дұрыс шешілген тапсырмалар 75-89%, немесе кейбір тапсырмаларда қателіктер бар (15-22б) Дұрыс шешілген тапсырмалар 50% жоғары, қателіктер бар   (0-14б) Дұрыс шешілген тапсырмалар 50% аз
Берілген ситуацияны талдау, теориялық білімін қолдана алу   Максимум – 40б (36-40б) Студент берілген ситуацияға терең талдау жасады, теориялық материалдағы білімін қолдана алды. (30-35б) Студент ситуациялық тапсырмаға терең талдау жасай алмады, тапсырмаларды шешуде теориялық білімін қолдана алды (20-29б) Студент негізгі түсінікті біледі, бірақ берілген тапсырманы талдауда қиындық туады (0-19б) Студент ситуацияны талдай алмады, тапсырманы шешуде теориялық білімін қолдана алмады
Сұрақтарға жауап беру және қорытынды жасай алу Максимум – 30 б (18-20б) Студент сұрақтардың барлығына мағыналы жауап берді, дұрыс қорытынды жасай алды (15-17 б) Студент барлық сұрақтарға жауап берді, бірақ дәлденбеген жерлерін оқытушы қосымша сұрақтар қойғаннан кейін түзете алды (10-14б) Студент 50% аса сұраққа жауап берді, жауаптарында қателіктер бар. (0-9б) Студент сұрақтарға 50% төмен жауап берді, сонымен қоса өрескел қателіктер жіберілді

 

 

ТЕСТІЛЕУ

Критерилер Бал Дәстүрлі бағалау
90-100% дұрыс жауаптар 90-100 Өте жақсы
75-89% дұрыс жауаптар 75-89 Жақсы
50-74% дұрыс жауаптар 50-74 Қанағаттанарлық
Менее 50% дұрыс жауаптар 0-49 Қанағаттанарлықсық
СӨЖ орындалмаған  

 


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Ауызша немесе жазбаша жауап – максимум – 100б Тест – максимум – 100б.

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Ауызша немесе жазбаша жауап Теориялық материалды түсіну, логикалық ойлай білу Максимум 100 б (100-90б) Қойылған сұраққа студенттің ауызша немесе жазбаша жауабының мазмұны толығымен сәйкес келеді, керекті теориялық дәлелдемелер мен мағыналы қорытындысы бар, теориялық материалды түсінуге негізделген, логикалық сауатты түсіндірілуімен, ұқыптылығымен ерекшеленеді (89-75б) Түсіндіруде кейбір қателіктер жіберілген, жауабы ақпараттық және логикалық мазмұнын жоғалтпаған. Мазмұны теориялық материалдарды түсінуге негізделген. (74-50б) Сұрақтың жалпы түсінігі материалдың мазмұнында көрсетілген, алдағы оқу барысына жеткілікті білімін көрсете білген. Тақырып толық ашылмаған, терминологияны қолдануда түсінікті анықтау барысында қателіктер жіберілген. (0-49б) Мазмұнында білімі ашылмаған, оқу материалының көп немесе ең маңызды бөлігін түсінбеген, терминологияны қолдануда түсінікті анықтауда маңызды қателер жіберілген.
Ситуациялық тапсырмаларды талдау мен типтік тапсырмаларды шешуде теориялық білімін қолдана білу Максимум 100 б (100-90б) Студент ситуациялық анализ жасауда терең білімін көрсете білді, теориялық білімін қолдана алды, типтік тапсырманы дұрыс шеше алды (89-75б) Студент ситуацияға анализ жасаған, жалпы қорытындыға әсер етпейтін маңызды емес қателіктер жіберген, типтік тапсырмаға дұрыс жауап берілген. (74-50б) Студент дұрыс жауап берді, бірақ ситуацияға анализ жасай алмады, жаңа ситуацияда теориялық білімін қолдана алмады (0-49 б) Студент берілген тапсырманы шеше алмады және ситуациялық анализ жасай алмады.
Тест Максимум 100б (90-100 б) 90-100% дұрыс жауап (75-89б) 75-89% дұрыс жауап (50-74б) 50-74% дұрыс жауап (0-49б) Дұрыс жауап 50% төмен

Аралық бақылау

«Үздік» бағасы А бағасына сәйкес. Бұл бағаны егерде оқушы бағдарламалық тақырыпты меңгергенін көрсетсе және, уақытысында бақылау және лабораториялық жұмыстарды дұрыс орындап, оған бағасын алса; осы кезде ұшқыр ойлау көрсетіп, уақытысында және қатесіз коллоквиумдарды тапсырып, үй тапсырмаларын орындаса, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданып, бағдарламалық материалды өз бетінше жүйелеуді білсе қояды. Тест сұрақтары және мәселелік есептерді тақырып бойынша орындалуы 95-100% болса.

(А-) «Үздік» бағасы А - бағасына сәйкес. бұл бағаны егер





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.