Здавалка
Главная | Обратная связь

Реквизиттен кейінгі

CИЛЛАБУС

 

Пән коды РА 2208

 

Мамандық 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

 

Дәрістер 10 сағат

 

Тәжірибелік сабақтар 20 сағат

 

СҰӨЖ 30 сағат

 

СӨЖ 30 сағат

 

Емтихан 4 семестр

 

Барлығы 2 кредит

 

Курс 2

 

Семестр 3-4

 

Астана, 2013ж.

 

 

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

1. Манекенова Кенжеқыз Боранбаевна, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының докторы, ғылыми атағы – профессор.

Жоғары квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 23 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Сот-морфологиялық зерттеулер», «Жасушалық трансплантация».

2. Омаров Талғат Маратович, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 14 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология», «Ісік өсуінің морфогенезі», «Жасушалық трансплантация».

3. Смайлова Гульзира Құлыбековна, патологиялық анатомия кафедрасының доценті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Екінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 12 жыл

Қазақ тілінде дәрістер оқиды, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Плацентология»

4. Дүкенбаева Бибажар Абаевна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми дәрежесі – медицина ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 17 жыл

Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы : «Кенеттен дамыған өлімнің морфологиясы»

5. Досмамбетова Жанара Құдайбергеновна,патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 11 жыл

Дәрістер оқиды, сонымен қатар қазақ және орыс тілінде тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: токсикалық заттардың әсерінің патоморфологиялық зерттеулері.

«Токсикоманиялық заттар мен никотиннің бірлескен токсикалық әсері кезіндегі бүйректердің патоморфологиясы» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын аяқтауда.

6. Попова Марина Романовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 11 жыл

Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Экологиялық патология»

7. Сулейменова Айгүл Жолдасовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Екінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 18 жыл

Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Сот медицинасындағы патоморфологиялық зерттеулер»

8. Перадзе Манана Николозовна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 6 жыл

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Онкологиялық патология»

9. Сакипова Айнагүл Қанапияновна, патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 10 жыл

Бірінші квалификациялық санатты патологоанатом дәрігері.

Орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Онкологиялық патология»

10. Иманмадиева Индира Мухамедкалиевна -патологиялық анатомия кафедрасының ассистенті.

Ғылыми - педагогикалық еңбегінің стажы – 9 жыл

Қазақ және орыс тілінде дәрістер және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Ғылыми қызығушылығы: «Иммунопатологиялық процестердің морфологиясы»

1.7 Байланыс мәліметтері:

Астана қаласы

Сары-Арка көшесі 33

«АМУ» АҚ

Патологиялық анатомия кафедрасы, тел. 8-717-2-237554

Оқу пәнінің жүргізілетін орны және уақыты

Патологиялық анатомия бойынша сабақтар Сары-Арка көшесі, 33үй мекен-жайында орналасқан «АМУ» АҚ оқу корпусының 3 қабатында, сонымен қатар Астана қаласының «Патологоанатомиялық бюросының» және «РНХҒО» АҚ ПАБ негізінде өткізіледі.

1.9. Пәннің саясаты:

Кафедраның жалпы талаптары (оқу пәнінің саясаты)

1. Бірінші сабаққа студент өзімен дәріске арналған бір қалың дәптер, тәжірибелік сабаққа арналған альбом, түрлі түсті қалам, халат, медициналық қалпақ, ауысымдық аяқ киім әкелуі міндетті.

2. Кафедраның негізгі талаптарының бірі - студенттің ұстазбен өзіндік жұмыстарына және тәжірибелік сабақтарға жүйелі қатысу. Себепсіз жіберілген сабақтар қайта оқылады, бірақ журналға 0 балл қойылады.

3. Сабаққа 15 минут кешіккен студент сабаққа кіргізілмейді, және оны себепсіз жіберген сабақ ретінде өтейді.

4. Академияның мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда (аудитория столы, орындықтар, макропрепараттар, микропрепараттар, микроскоп және т.б.) сәйкес көлемде айып пұл төленеді.

5. Тәжірибелік сабақтар мен аралық бақылау бойынша академиялық қарыздар себепті түрде жіберілген болса – 4 апта аралығында, егер де себепсіз жіберілген болса – 2 апта барысында тыпсырылуы тиіс.

6. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда: ұялы телефонмен қолдануға, сабақтан тыс тақырыпқа әңгімелесуге тиым салынады.

7. Емтихан түрінде өтетін білімді қорытынды бағалауға 2 кредитті аяқтаған және тәжірибелік сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ бойынша қарыздары жоқ студенттер жіберіледі.

 

Айып шаралары:

1. Тәжірибелік сабақтарды немесе СОӨЖ сабақтарын жіберіп өтемеген студенттер аралық бақылауға жіберілмейді.

2. Студенттің аралық бақылауларды дер кезінде өткізбегені қорытынды рейтинг балы 10 баллға төмендетіледі.

3. Тәжірибе немесе СОӨЖ сабақтар себепсіз жіберілген жағдайда журналға 0 балл қойылады.

4. Дәрісті себепсіз жіберген жағдайда жіберу рейтингісі әр дәріс үшін 1 баллға төмендетіледі.

5. Егер студенттің рейтингі қорытынды бақылауға дейін 50% пайыздан кем болса, студент пән бойынша емтиханға жіберілмейді, және пән бойынша ақылы қайта оқу курсын өтеді. Сонымен қатар, жіберген тәжірибелік немесе СОӨЖ сабақтарын қайта оқып өтемеген студенттер емтиханға жіберілмейді.

6. Емтиханнан қанағаттанарлық емес баға алып, оқушының пән бойынша жалпы бағасы «қанағаттанарлық» бағаға жетпей қалған жағдайда, студент пән бойынша академиялық қарыздары бар деп саналады да ақылы негізде қайта оқу курсын өтеді.

 

2. Бағдарлама

Кіріспе

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін патологиялық анатомияны оқу міндетті және іргелі теориялық білімді қамтамасыз ететін медика-биологиялық ғылымның маңызды буыны болып табылады.

Патологиялық анатомия аурудың құрылымдық (материалдық) негізін зерттейді.

Ол медицина теориясымен қатар, клиникалық жұмысқа да тікелей қатысы бар, сондықтан патологиялық анатомия клиникалық салаға жататын пән. Зерттеу объектісі аутопсиялық және операциялық биопсиялық материалдар болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін жалпыпатологиялық процестердің негізін, аурулардың құрылымдық көріністерін және олардың нәтижелерін білу денсаулық сақтау мекемелерінде профилактикалық, емдік диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аса қажет.

2.2 Пәннің мақсаты

Студенттерде жалпыпатологиялық процестер және адамның маңызды ауруларының морфологиялық негізі туралы іргелі ой қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаттары

· ағзалар құрылымының (тіндер, жасушалар) өзгерістерін макро- және

микроскопиялық деңгейде анықтауға үйрету;

· стереотипті жалпыпатологиялық процестердің құрылымдық негізін анықтауды

үйрету;

· адамның маңызды ауруларының морфологиялық көрінісін анықтауды үйрету;

· патологиялық процестерді ажырату және гистологиялық препараттарды

микроскопиялау дағдысын қалыптастыру;

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуге тиісті:

· компенсациялық және бейімделу процестерінің құрылымдық негізін;

· стереотиптік жалпы патологиялық процестердің құрылымдық бейнесін;

· адамның ең маңызды ауруларының құрылымдық негізін;

Студент істей алуы тиісті:

· негізгі жалпы патологиялық процестердегі өзгерістерді макро- және жарық

оптикасы деңгейлерінде өзара ажырата білуді;

· адамның ең маңызды аурулары кезінде ағзаларда орын алған патоморфологиялық

өзгерістерді тануды;

· патоморфологиялық өзгерістер жиынтығына сүйене отырып, патологиялық

процестер жайлы тұжырым жасауды;

Студент келесі машықтарды игеруге тиісті:

· әр түрлі патологиялық үрдістер мен адамның ең маңызды ауруларының

микроскопиялық өзгерістерін сипаттау;

· патогистологиялық препараттарды микроскоппен зерттеу;

· патогистологиялық препараттардық суретін салу.

Реквизитке дейінгі

Адам анатомиясы, физиология, гистология.

Реквизиттен кейінгі

Клиникаға кіріспе.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Патологиялық анатомия медициналық жоғарғы оқу орнында дәрігерлерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып саналады. Еңбек ету саласына қарамастан дәрігер патологиялық жағдайлардың патоморфологиялық көрінісі мен морфогенезі жайлы жасушалық, мүшелік және ағзалық деңгейдегі көріністерін жеткілікті білуге міндетті.

 

2.7 Тақырыптық жоспар ы

2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыбы Өткізу түрі Сағаттар саны
№ 1 кредит
1. Патологиялық анатомия пәнінің мазмұны мен міндеттері. Шолу дәрісі
2. Зақымдану (альтерация). Дистрофиялар. Шолу дәрісі
3. Қан- және лимфа айналымының бұзылуы. Шолу дәрісі
4. Қабыну. Шолу дәрісі
5. Ісіктер. Морфо- және гистогенезі. Шолу дәрісі
  Сағат саны:
№ 2 кредит
1. Жеке аурулар патологиялық анатомиясы. Диагноз, оны қарастыру ұстанымдары. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары. Шолу дәрісі
2. Тыныс алу жүйесінің аурулары. Шолу дәрісі
3. Ас қорыту жүйесінің аурулары. Шолу дәрісі
4. Зәр шығару және жыныстыќ жүйелердің аурулары. Шолу дәрісі
5. Инфекциялық аурулар. Шолу дәрісі
  Сағат саны:
  Барлық сағаттар саны:

2.7.2. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары.

Тақырыбы Өткізу түрі Сағаттар саны
№ 1 кредит
1. Паренхималық және строма-тамырлық дистрофиялар. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
2. Артериялық және веналық қантолым. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
3. Экссудациялық қабыну. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
4. Пролиферациялық қабыну. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
5. Ағзалық ерекшелігі бар және ағзалық ерекшелігі жоқ эпителий ісіктері. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
  Сағат саны:  
№ 2 кредит
1. Атеросклероз. Гипертензиялық ауру. Жүректің ишемиялық аурулары. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
2. Тыныс алу ағзаларының жедел қабынулық аурулары. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
3. Өңештің аурулары. Асқазан мен он екі елі ішектің аурулары. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
4. Бауыр мен өт шығарушы жолдардың аурулары. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
5. Гломерулопатиялар. Тубулопатиялар. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
  Сағат саны:  
  Барлық сағаттар саны:

2.7.3. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары

Тақырыбы Өткізу түрі Сағаттар саны
№ 1 кредит
1. Некроз. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
2. Ишемия. Қан кету. Стаз. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
3. Тромбоз. Эмболия. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
4. Адаптация. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
5. Регенерация. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Тесттерді шешу.
6. Мезенхималық ісіктер. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
7. Қан түзуші және лимфоидты тіндердің ісіктері. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
8. Аралық бақылау. 1. Тестік бақылау. 2.Ситуациялық есептер
  Сағат саны:  
№2 кредит
1. Ревматизмдік аурулар. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
2. Өкпенің созылмалы ерекшеліксіз аурулы. (ӨСЕА). 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
3. Эндокринді жүйенің аурулары. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
4. Вирустық аурулар. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
5. Бактериялар тудыратын аурулар. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
6. Сепсис. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
7. Туберкулез. 1. Тақырыпты қысқаша талдау. 2. Макропре-параттарды сипаттау. 3. Микропре-параттарды қарау және суретін салу.
8. Аралық бақылау 1. Тесттік тапсырма. 2.Ситуациялық есептер.
  Қорытынды консультация    
  Сағат саны:  
  Барлық сағаттар саны:

2.7.4 Оқытушылардың кеңес беру уақыты:

Студенттерге кеңес беруді, кафедра меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес, кезекші оқытушы жүзеге асырады.

2.8. СӨЖ тапсырмалары

Тақырыбы Өткізу түрі Сағаттар саны
№ 1 кредит  
1. Жасушалық патология. Тесттік тапсырма мен ситауциялық есептер құрастыру
2. Аралас дистрофиялар. Презентация
3. Өлім. Өлгеннен кейінгі өзгерістер. Тесттік тасырма мен ситауциялық есептер құрастыру.
4. Иммуннопатологиялық процестер. Презентация
5. Жүйке жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері. Реферат даярлап, оны қорғау.
  Сағат саны:  
  № 2 кредит  
1. Пневмокониоздар. Тақырып бойынша оқу – иллюстрацияланған дәріс дайындау.
2. Ішек аурулары. Презентация
3. Жыныс жүйесінің аурулары. Тесттік тапсырма мен ситауциялық есептер құрастыру
4. ЖИТС. АИВ инфекция. Тесттік тапсырма мен ситауциялық есептер құрастыру
5. Мерез. Презентация
  Сағат саны:  
  Барлық сағаттар саны

2.9 Әдебиеттер

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б.

2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.

3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М. Айтқұлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.

4. Ахметов Ж.В. Патологиялық анатомия. \\ Алматы.- 2003, 393 б.

Қосымша:

1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.\\ -Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34.

2. Iшкi аурулар // Т.З.Сейсембеков, А.Е.Тәменов, М.Т.Айтқүлов М.Т.\\Алматы.-1995.-298 б.

3. М.М.Түсiпбекова М.С.Усеева Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзектi мәселелерi.\\ Медицина и экология.- N3.- 2000.- C.55 - 57.

Орыс тілінде

Негізгі:

1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А. Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. Том 1, 2. М.:Медицина,2001.

3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека. - Ташкент, 1998. - 300с.

Қосымша:

1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.- 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.- (Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

6. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. - Т.1, 2..

7. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. - 305с.

Ағылшын тілінде

Негізгі:

1. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. - 158p.

2. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 6 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 2003. - 158p.

Ескерту: * Әдебиет тізімін жыл сайын жаңартып отыруға болады..

 

2.10 Оқыту әдістері:

Дәрістер:шолу дәрісі.

Тәжірибелік сабақтар:тақырыпты қысқаша талдау, макропрепараттарды сипаттау, микропрепараттарды қарау және суретін салу.

Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: тақырыпты қысқаша талдау, макропрепараттарды сипаттау, микропрепараттарды қарау және суретін салу.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыстары:тест тапсырмалары мен ситуациялық есептер құрастыру, реферат даярлау және оны қорғау, тақырып бойынша оқу-иллюстрацияланған дәріс дайындау, презентациялар.

2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері:

Тәжірибелік сабақтар, оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы мен аралық бақылау:

100 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы толық, дұрыс, жеткіілікті. Студент бағдарламамен ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең қамтыған. Күрделілігі жоғары оқу материалын оңайлықпен түсініп, қолдана алады. Пән бойынша негізгі терминдерді орнықты және саналы түрде қолданып, спецификалық терминологияны біледі. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалап, талқылап, дәлелді қорытынды жасай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Классикалық емдеу әдістерін қолдану мүмкін емес жағдайда, баламалы (альтернативті) емдеу жолын ұсынып, өз көзқарасын қорғай алады. Өз білімін тесттік тапсырманың 95% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

90 балл.Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде белсенді қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Жауабы анық, жан-жақты, фактілерлі бағалай алады, өз бетімен пайымдайды, қорытындыларды дәлелдеп, оларды логикаға сәйкес түсіндіре алады, бірақ біршама жалпы сипаттағы қателер жібереді; өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жоғары деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар, мақалалар) қолдана алады, өз қозқарасын дұрыс мазмұндайды. Пререквизиттер мен постреквизиттер материалының арасында логикалық байланысын көрсете алады.

Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 88-94% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

85 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде орташа белсенділікпен қатысып, тақырыптық жоспарға сай ағымдық материалды толығымен түсінгенің көрсетті. Бірақ кейбір қорытындыларды теориялық дәлелдеп, логикаға сәйкес түсіндіре алмайды. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолдана алады. Сұрақтарға сенімсіз (бірақ дұрыс) жауап береді. Болмашы қателер жіберіп, оларды өз бетімен түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті дамыған. Өз білімін тесттік тапсырманың 83-87% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

80 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде минимальді белсенділікпен қатысып, негізінде дұрыс жауап береді. Өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған, өз көзқарасын мазмұндай алады. Қателер жібереді, бірақ оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындап, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі және қосымша әдістерін сипаттап, ажыратпалы диагностиканы қолданды; диагноз этиология және патогенез тұрғыдан дәлелденіп қойылды; емдеудің тиімді жоспары аурудың этиологиясы мен патогенезін жете түсіну нәтижесінде құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 78-82% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

75 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап беруүдерісіне қатысты, бірақ материалды толық мазмұндай алмайды, талқыланған сұрақтардың мәнің толық түсінбейді, пайымдау кезінде қателер жіберіледі. Сонымен қатар, өткен пәндерді білу деңгейі орташа болғанымен материалды жақсы деңгейде игерген, көбінесе негізгі, аздап қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) оқыған. Азғана қателер жібереді, оларды оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін түзетеді. Тәжірибелік машықтарды қатесіз орындай алады, бірақ зерттеу нәтижелерін бағалау кезінде қиналады.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің, ажыратпалы диагностиканың, диагноз анықтаудың негізгі және қосымша әдістерінің сипаттауын қолданды; емдеу жоспары оқытушының көмегімен аурудың этиологиясы мен патогенезіне негізделіп құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жақсы. Өз білімін тесттік тапсырманың 73-77% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

70 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде дамыл-дамыл қатысты, бірақ материалды игеру деңгейі, өткен пәндерді білу деңгейі орташа және тек қана негізгі әдебиетті қолданды. Жауабы толық емес, азғана қателер жібереді, оларды оқытушының белсенді қатысуымен түзетеді. Игерген материал көлемі онан арғы оқытуға жеткілікті, студент негізгі әдебиеттің материалын біледі. Деректі мысалдарда білімін еркін қолдана алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасы мен әдістерін біледі. Тақырып бойынша сұрақтардың талқылауына белсенді қатыспайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін сипаттады, ал қосымша әдістерінің сипаттауын ішінара қолданды, ажыратпалы диагностика мен диагноз анықтауды жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті төмен. Өз білімін тесттік тапсырманың 65-72% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

60 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде сирек қатысты, тақырып бойынша тек жалпы түсінігі бар, материалды терең меңгермеген, өз ойын логикалық түсіндіре алмайды, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, елеулі қателіктер жібереді, олардың кейбіреулерін оқытушының қатысуымен түзете алады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген (кейбір этаптарын білиейді). Тәжірибелік машықтарды орындау нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 55-64% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

50 балл. Сабақ тақырыбын талқылау барысында интерактивті оқытудың әр түрлі тәсілдері (әңгімелесу, дискуссия, дөңгелек үстел, іскерлік ойын) бойынша ауызша жауап берукезінде өте сирек қатысты, материалды игеру деңгейі төмен, өткен пәндерді білу деңгейі төмен және тек қана негізгі әдебиетті толық емес оқыған. Жауабы толық емес, қателіктер көп, олардың кейбіреулерін оқытушының жетелеуші сұрақтарынан кейін де түзете алмады. Тәжірибелік машықтарды орындау техникасын толығымен игермеген. Зерттеу нәтижелерін талдап, қорытынды жасай алмайды.

Ситуациялық есеп шешу барысында студент зерттеудің негізгі әдістерін толық емес сипаттап, қосымша әдістердің сипатын бере алмады, ажыратпалы диагностика мен диагнозды қате анықтап, жарым-жартылай айтып түсіндірді, емдеу жоспарын құрастыру кезінде аурудың этиологиясы мен патогенезі бойынша деректер нақты болған жоқ, емдеу жоспары тек оқытушының көмегімен құралды, ауру болжамы жасалды. Клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өз білімін тесттік тапсырманың 45-54% пайызына дұрыс жауап беруі арқылы дәлелдейді.

0 балл. Студентте тақырып бойынша білімі жоқ, сұраққа жауап бере алмайды. Тәжірибелік машықтарды орындай алмайды. Жауап беруден бас тартады. Отказ от ответа. Тесттік тапсырманың дұрыс жауаптары 45 %-дан аспайды.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

Макропрепараттарды зерттеуі мен суреттелуінің алгоритмі

 

1.Макропрепараттардың ағзасы мен пішінін көрсету (толық ағза, кесіндісі, пластинкасы)

2.Ағзадағы морфологиялық өзгерістерді көрсету:

Беткейінен: а) ағзаның көлемін

б) Оның пішінін (сақталған, деформацияланған)

в) тығыздалған

г) түсін

д) беткейінің сипатын (тегіс, әжімделген, кедір-бұдыр, түйіршікті)

кесіндіде: а) түрі, тіндік суреттің сақталуы (біртектес, па жоқ па, неге)

Ескерту: қуысты ағзаларда қабырғасының қалыңдығын, түсін, тығыздығын, пішіні мен қуыстың көлеміне көңіл аудару қажет.

1. Мұқият түрде патологиялық ошақты суреттеу керек: а) оның

орналасуын, б) пішінін (түйін, қуыс, тіннің ақауы және т.б.), в) ошақтың сантиметрлік өлшемін, г) шекераларын (анық, анық емес), д) түсін, е) тығыздығын

4.Диагноз қою керек (патологиялық үрдісті немесе ауруды толығымен атап, оның түрі мен кезеңдерін көрсету керек)

5.Атау керек: а) аурудың себептері мен даму механизмін, б) үрдістің негізін, в) негізгі клиникалық көріністерін (симптомдарын), г) организм үшін маңыздылығын, д) асқынуларын, е) нәтижелері мен өлім себептерін

Микропрепараттарды зерттеу мен суреттеудің алгоритмі

Препаратты жалпы шолып шығу үшін оны ең алдымен микроскоптың кіші ұлғайтымында көру керек, ал оның жеке бөліктерін – үлкен ұлғайтымда көреді.

1.Ағзаны немесе тінді атап, бояу әдісін анықтау керек

2.Ағзаның негізгі құрылымдық элементтерін табу керек (паренхимасын, стромасын)

3. Патологиялық үрдісті анықтау керек (құрылысының өзгеруін, патологиялық құрылымдарының пайда болуын, қосындыларды т.б.)

4. Патологиялық өзгерістерді анықтағаннан кейін, көрсету қажет: а) паренхималық элементтердің өзгерісін (жасушалардың көлемін, жасушалардың цитоплазмасы мен ядросының ерекшеліктерін, патологиялық қосындылардың болуы және т.б.); б) стромадағы өзгерістерді (талшықты құрылымдардың жағдайын, тамырлардың қуысының енін, қабырғасының қалыңдығын, қосындылардың болуы және т.б.).

5.Альбомға қорытындысын жазу (микропрепарат бойынша аннотациясын)

6. Егер де микропрепараттың атауы макропрепаратпен сәйкес келмесе – этиологиясын, патогенезін, асқынуларын, нәтижелері мен функциялық маңыздылығын атап жазу керек. Микропрепараттағы негізгі өзгерістерді әріптермен немесе сандармен белгілеп көрсету қажет.

Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысы

Презентация материалы, реферат, оқу-иллюстрацияланған дәрістер бойынша тапсырмалардың орындалуын бағалау:

100-95 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу-иллюстрацияланған дәрістерматериалы таңдап алынған тақырыптың көлеміне сәйкес келіп, тақырыпты толық ашса. Оларды дұрыс интерпретациялап, дұрыс шешім шығара алса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізіліп, студенттің өзінің орындағаны көрінсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

94-90 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы қойылған сұрақтарға толық және ауқымды жауап берсе. Тақырыптың негізгі қағидалары ашылса. Материал әдеби тілмен ретті, қисынды, дәлелденбелі жеткізілсе. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

89-85 баллқойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы тапсылырған көлемге сәйкес келіп, алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

84-80 баллқойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Тақырыптың түсінігін анықтауды азғана қателіктер жіберіліп, жауап барысында студент оларды өз бетінше түзесе. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

79-75 баллқойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы қойылған сұраққа жан-жақты жауап берсе және алынған тақырыптың негізгі қағидаларын толық ашса. Жауабы нақты құрастырылған, қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Бірақ, азғана қателіктер болып, оларды студент оқытушының көмегімен түзей алса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

74-70 балл қойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы толық, бірақ қойылған сұраққа жеткілікті ретті жауап берілмесе. Жауабы қисынды және ғылыми терминдердің қолданылуымен берілген. Негізгі түсініктерді анықтауда студент 1-2 қателік жіберіп, оларды өз бетінше түзеуде қиындық туындатса. Тапсырма дер кезінде тапсырылса.

69-65 баллқойылады, егер презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы ойдағыдай толық болмаса және алынған тақырып бойынша жауабы қажеттігінше ашылмаса. Логикасы мен реттілігі бұзылса. Терминдер дұрыс қолданылмаса. Студент өз бетінше маңызды және маңызсыз белгілер мен себеп-салдарлық байланысын анықтай алмаса. Алған білімін тек қана оқытушының көмегімен ғана жеткізе алады. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Бірақ тапсырма дер кезінде тапсырылса.

64-60 баллқойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалына толық жауап берілмесе, логикасы мен реттілігінде айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Студент материалды түсінбегендіктен тұрпайы қателіктер жіберіліп, терминдер дұрыс қолданылмаса. Сөйлемдер дұрыс құрастылмай, түзеулерді қажет етсе. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

59-55 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз, материалдың жеткізілуінде жүйе мен логика болмаса. Тапсырма дер кезінде тапсырылмаса.

54-50 баллқойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалына толық жауап берілмесе, тақырыптың ашылуында айтарлықтай қателіктер жіберілсе. Сөйлем құрастыруы сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылаушы сұрақтарына студент жауап бере алмаса. Тапсырма қажетті мерзімнен кеш тапсырылса.

49-0 балл қойылады, егер ұсынылған тақырып бойынша презентация, реферат, оқу -иллюстрацияланған дәрістерматериалы өзінің мазмұны бойынша берілген сәйкес келмесе немесе тақырыптың негізін ашпаса және дер кезінде, яғни аралық бақылауға дейін тапсырылмаса.

Студенттің білімі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бойынша (05.03.2006 ж. ҚР МЖБС) балдық рейтингтік әріптік жүйемен бағаланады. Бақылаудың барлық түрі (аралық, ағымды, СӨЖ) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

 

Жіберу рейтингінің бағасы келесі жолмен анықталады:

ЖРБ= (АББ Х 0,3 + АрББ Х 0,5 + СӨЖ Х 0,2) :

ЖРБ– жіберу рейтингісін бағалау. Бұл тәжірибелік және СОӨЖ сабақтар баллының орташа қосындысынан, аралық бақылау, СӨЖ баллының орташа баллынан есептедліп шығарылатын баға.

АББ- тәжірибелік сабақтар мен студенттің ұстазбен өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы

АрББ- аралық бақылаулардың қорытынды бағасы

СӨЖ- студенттің өз бетінше жұмыстарының орташа бағасы

Жіберу рейтингінің бағасыпән бойыншақорытынды бағаның60%пайызын құрайды.

Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша қорытынды бағаның40% пайызын құрайды.

Пән бойынша қорытынды баға оқушының жіберу рейтінгісі мен қорытынды бақылау бағасы оң болған жағдайда ғана қойылады.

 

Қорытынды бағаны экзаменатор келесі формула бойынша есептейді:

ҚБ= ЖРБ Х 0,6 + ҚББ Х 0,4

ҚБ-қорытынды баға

ЖРБ-жіберу рейтингісінің бағасы

ҚББ-қорытыныды бақылаудың бағасы

Қорытынды баға келесі кестеге сәйкес қойылады:

 

№ р\н Әріп Сандық эквиваленті Рейтинг (%) Баға
А 4,0 95-100 «өте жақсы»
А- 3,67 90-94   «жақсы»
В+ 3,33 85-89
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     «қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 «қанағаттандырарлықсыз»

 

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.