Здавалка
Главная | Обратная связь

Патофизиология бойынша - 2 PF-2 3212

СИЛЛАБУС

051301 "Жалпы медицина" мамандығы үшін:

Сағаттар көлемі - 108 сағат   Дәрістер - 6 сағат   Тәжірибелік сабақтар - 30 сағат   СОӨЖ - 36 сағат  
  Барлығы аудиториялық - 72 сағат
  Өзіндік (аудиториядан тыс) жұмыс – 36 сағат
   
Курс – үшінші   Семестр - бесінші - алтыншы
  Бақылау түрі – емтихан VI семестр

 

Алматы, 2012

 

 

 

Силабусты профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Н.Н. Рыспекова, Н.В. Жуйко., М.Б.Байбөрі, оқытушылар Мырзағұлова С.Е., М.Б.Шонбасова ЖШС «Медициналық білім мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығы» бекітіп, басылымға ұсынған патологиялық физиология - 2 бойынша ЖОО студенттеріне арналған біртектес бағдарлама негізінде дайындады. № 5 хаттама 20.03.09

 

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді 30.04.2010ж., хаттама № 16

 

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

 

 

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 28 »тамыз 2010 ж., хаттама № 1

 

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

 

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 09 » 09 2011 ж., хаттама № 2

 

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

 

 

Патологиялық физиология кафедрасының отырысында қайта қаралып, талқыланып, қайтадан бекітілді

« 07 » 05 2012 ж., хаттама № 17

 

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Нұрмұхамбетов Ә.Н.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Кафедра туралы жалпы мәліметтер..........................................
Пәннің саясаты............................................................................
Бағдарлама ..................................................................................
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі..................................................
Білімді бағалау ережелері мен критерийлері...........................
Қосымша .....................................................................................
     
     
     
     
     
     
     
     

 

 

 

1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО аталуыС.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Патологиялық физиология кафедрасы

1.3 Пән «Патологиялық физиология - 2», PF - 2 3212

1.4 Мамандық: 051301 «Жалпы медицина»

1.5 Оқу сағатының көлемі -108 сағат

1.6 Курс және оқу семестрі -3 курс; V-VI семестр

1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:

Аты-жөні Қызметі Дәрежесі
1. Балабекова Марина Қазыбаевна Кафедра меңгерушісі, Доцент М.ғ.к.
2. Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы Профессор М.ғ.д.
3. Мельдеханов Тұрсынбек Тулеевич Профессор М.ғ.д.
4. Төлепбергенова Майгүл Жұмановна Модуль меңгерушісі М.ғ.к.
5. Рыспекова Наталья Николаевна Доцент М.ғ.к.
6. Жуйко Нелли Васильевна Доцент М.ғ.к.
7. Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна Доцент М.ғ.к.
8. Табанова Рымкеш Ахметжановна Доцент М.ғ.к.
9. Жоламанов Мейрам Есович оқытушы М.ғ.к.
10. Иманбекова Жанар Абдрашитовна оқытушы дәрежесіз
11. Муратова Айнур Нуржигитовна оқытушы дәрежесіз
12. Жуманова Майя Дүйсенбековна оқытушы дәрежесіз
13. Аскарова Ажар Ермековна оқытушы дәрежесіз
14. Жүкешева Майя Қанатовна оқытушы дәрежесіз
15. Ким Татьяна Александровна оқытушы дәрежесіз

1.8 Байланыс хабарламасы:кафедраның орналасқан жері

Төле-би көшесі, 92, 2 ғимаратының 4 – этажы, Ахан сері көшесі, балалар теміржол ауруханасы

1.9 Пәннің саясатыоқу үрдісін бірізді және мақсатты түрдеқамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

6. Тақырыптық жоспарға сәйкес мерзімдік бақылауларды уақытында өткізу.

7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.

 

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Дәрігер дайындауда маңызды білім мен дағдыларды үйретудің негізгі міндеті негізгі пәндер мен клиникалық пәндерде үйренген машықтық дағдыларды үйлестіру болып табылады. Осы мақсатта ішкі аурулар пропедевтикасы мен негізгі пәндерді біріктіріп оқытуға арналған негізінде адам организмінің сегіз жүйесі: жүрек қантамыр, тыныс алу, асқорыту, жүйке, зәр шығару, эндокрин, тірек қимыл және тері оның қосымшалары, қан өндіруші жүйелерінен тұратын интеграцияланған бағдарлама құрастырылды.

2.2 Патофизиология-2-нің мақсаты: негізгі пәндермен біріктірілген модулдік ұстанымның негізінде адам ағзалары мен жүйелері патофизиологиясы бойынша студенттердің білімін, ішкі ағзалар ауруларының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдысын, клиникаға дейінгі зерттеу ережелерінен құқықтық құзыретті, сонымен бірге өзін өзі дамыту дағдысын қалыптастыру.

2.3 Оқыту міндеттері:

· Жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту, несептік-жыныстық, тірек-қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары, қантүзуші, эндокрин, жүйке жүйесі зақымданулары туындауы мен дамуының себептері туралы білімін қалыптастыру

· Организм жүйелері зақымдануының негізгі синдромдары мен симптомдарының патогенезін түсіну

· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптаудың машықтық дағдысын қалыптастыру, дерттік үрдістер мен аурулардың патогенездік сызбанұсқасын құрастырып үйрену

· топта коммуникациялық дағдыны (өз ойын анық жеткізу, жолдастарының ойын бөлісу, оларды тыңдай білу) дамыту

· ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерін қалыптастыру

· Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және анықтамалармен, кітапхана каталогтарымен, интернет желісімен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру

2.4, 2.6 Патофизиология - 2 пәнінің модулдер бойынша мазмұны

(оқытудың соңғы нәтижелері)

Жүйе бойынша қабілеттілік (оқытудың соңғы нәтижелері): Пән мазмұны  
«ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ»  
  ü Білімі · жүрек-қан тамырлар жүйесінің негізгі синдромдарының: жүрек ақаулары, коронарлық жеткіліксіздік, артериалық гипертензиялар, жүректің жіті және Жүрек қақпақшаларының бұзылыстары: митральді және қолқа қақпақшалары жеткіліксіздігі мен тарылуының (стеноз) себептері және даму жолдары. Жүрек ақауларындағы гемодинамика және балаларда кездесетін ерекшеліктер.  
созылмалы жеткіліксіздігінің себептері мен даму жолдарына сипаттама беруді · Жүрек қантамыр жүйесі зақымдануының негізгі синдромдарының патогенезін түсіндіруді   ü Машықтық дағды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау · ЖҚЖ зақымдануларының синдромдары мен симптомдарының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды ü Коммуникативті дағдылар Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Құқықтық сұрақтар ҚР ДСМ бұйрығы бойынша клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізу ережелерінен білімін бекіту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және анықтамалармен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Атеросклероз: этиологиялық факторлары, патогенезі. Коронарлық жеткіліксіздік: түрлері, коронарлық қанайналымның қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының жалпы сипаттамасы, себептері, патогенезі, жіті және созылмалы коронарлық жеткіліксіздіктегі жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері. Артериалық гипертензиялар – этиологиясы, эссенциалық гипертензияның патогенезі, жоғары артериалық қысымды қалпына келтіру механизмдері. Жүрек жеткіліксіздігі - түрлері, себептері, жүрек жеткіліксіздігінің миокардиальді және жүктемелік түрлерінің даму жолдары, жүректің жиырылу қызметін шұғыл және ұзақ мерзімді икемделістік-бейімделістік жолдары. Жүректің жедел (жүрек демікпесі, өкпе ісінуі, кардиогенді шок) және созылмалы (ісінулер, цианоз, ентігу, тахикардия) жеткіліксіздігінің клиникалық көріністерінің патогенезі және негізгі гемодинамикалық өзгерістері.  
«ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ»  
ü Білімі · тыныс алу жүйесінің дерттері кезінде негізгі синдромдарының себептерін, даму тетіктерін, көріністерін, жасқа байланыстыра отырып: кіші кеңірдектік өтімділігі бұзылуының синдромын; өкпе тінінің тығыздалу синдромын; өкпеқап қуысында сұйық және газ жиналу синдромын;өкпеде қуыстар болу синдромын; жіті және созылмалы тыныс жеткіліксіздігі синдромының себептерін сипаттауды ü машықтық дағдылары · тыныс алу ағзалары зақымданғанда дамитын синдромдар мен симптомдардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыру · спирометрлік көрсеткіштер және қанның газдық құрамы бойынша сыртқы тыныстың бұзылу түрін анықтауды. ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Тыныс алу жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы және патогенезі. Тыныс алу жеткіліксіздігі туралы түсінік, сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Тыныс алу жеткіліксіздігінің спирометрлік белгілері. Өкпе желдетілуінің бұзылыстары: гиповентиляция, гипервентиляция, біркелкі емес вентиляция. Өкпе желдетілуі бұзылыстарының обструкциялық және рестрикциялық түрі. Балаларда мұрын арқылы дем алуы болмауының маңызы. Өкпенің диффузиялық қабіліттілігінің бұзылыстары. Ұяшықтық-қылтамырлық мембрананың диффузиялық қабілеттілігі төмендеуінің себептері, ұяшықтық-қылтамырлық бөгет.    
Өкпе қанайналымының бұзылыстары. Кіші қанайналымыны шеңберінің гипертензиясы (қылтамыралдылық, қылтамырсоңғылық, аралас), себептері, дамуының негізгі тетіктері. Желдетулік-перфузиялық бұзылыстар. Гипоксемия дамуының тетіктері. Үзілісті тыныс, түрлері, патогенезі. Ентік, түрлері, дамуының негізгі тетіктері және көріністері, патогенезі. Ақтық тыныс, түрлері, патогенезі. Тұншығу (асфиксия), даму фазалары. Ересектер мен жаңа туғандардың жіті тыныстық дистресс-синдромы.  
«АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ»  
    ü Білім · асқорыту жүйесінің негізгі синдромдарының: дисфагия синдромын; асқазандық және ішектік диспепсия синдромын; сарғаю синдромын; бауыр-жетіспеушілік синдромын; ұйқыбезінің сыртқы секреторлық жетіспеушілік синдромының себептері мен даму жолдарын сипаттауды · ересек және балалар организміндегі асқорыту жүйесі дерттерінің негізгі синдромдарының патогенезін түсіндіруді ü Машықтық дағды · АІЖ зақымдануларының синдромдары мен симптомдарының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды · сарғаюдың түрлеріндегі пигментті алмасу бұзылысын түсіндіруді; · асқорыту жеткіліксіздігінде несептің, нәжістің қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістерін түсіндіруді · организмге өттің жалпыуыттық әсерін зерттеу тәжірибесін жасапғ нәтижелерін қорытындылауды ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру   Асқорыту бұзылыстарының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Дисфагия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Асқазандық диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Асқазанның резервтік, секреторлық, қозғалыс, сіңірілу, бөлу, тосқауылдық және қорғаныштық қызметі-нің бұзылысы. Ұйқы безінің экзокринді қызметінің бұзылысы. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері. Ішектің моторлық және тосқауыл-қорғаныштық қызметінің бұзылысы. Мальабсорбция синдромы. Бауыр жетіспеушілік синдромының жалпы этиологиясы мен патогенезі, зат алмасудың бұзылуы. Портальды гипертензия дамуының түрлері мен механизмдері. Балалардағы бауырдың функциялық дамып жетілмеу көріністері.  
«ЭНДОКРИН ЖҮЙЕСІ»  
  ü Білімі · эндокринопатиялар дамуының негізгі тетіктерін талдауды · қалқанша бездің, бүйрекүсті безінің гипо- және гиперфункциясы патогенезін, балалардағы зндокринопатиялардың ерекшеліктерін сипаттауды · қалқанша бездің, , бүйрекүсті безінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясын түсіндіруді · І және ІІ түрлі қантты диабеттің және диабеттік синдромның симптомдарының патогенезін түсіндіруді ü Машықтық дағды · Әртүрлі эндокринопатиялардың сызбанұсқасын құрастыру · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзіндік білімін жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Эндокринді бұзылыстардың жалпы этиология және патогенезі. Эндокринді бұзылыстардың негізгі түрлері. Қалқанша бездің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі. Қалқанша безі функциясы бұзылуының балалардағы ерекшеліктері. 1 және 2 түрлі қантты диабеттің этиологиясы мен патогенезі. Гипо- және гипергликемия этиологиясы және патогенезі. Бүйрек үсті безінің гипо- және гиперфункциясының этиологиясы және патогенезі. изостенория, несептің бүйректе және бүйректен тыс пайда болған дерттік құрылымдық бөліктері. Жіті және созылмалы гломерулонефриттер мысалында нефриттік синдромның этиологиясы мен патогенезі. Нефроздық синдром себептері мен даму тетіктері. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Жыныс жүйесінің патофизиологиясы, этиологиясы мен патогенезі. Репродуктивті және жыныс жүйесінің дамуындағы бұзылыстың синдромы кезіндегі гормондық бұзылысқа шалдығу (анорхизм, монорхизм, қуық экстропиясы, дисменория).  
«НЕСЕПТІК-ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕ»  
  ü Білімі · зәр шығару мен жыныс жүйесінің негізгі синдромдары: нефриттік; нефроздық; несептік; бүйрек жеткіліксіздік (жіті және созылмалы); бүйректік артериялық гипертензия; репродуктивті және жыныс жүйелері даму бұзылыстарының себептері мен даму тетіктерін сипаттауды ü Машықтық дағды · НЖЖ дерттеріндегі синдромдар мен симптомдар патогенезінің сызбанұсқасын құрастыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Бүйрек қызметтері бұзылыстарының жалпы этиологисы және патогенезі. Диурез және несеп құрамының бұзылыстары: полиурия, олигоурия, анурия, гипо- және гиперстенурия, изостенория, несептің бүйректе және бүйректен тыс пайда болған дерттік құрылымдық бөліктері. Жіті және созылмалы гломерулонефриттер мысалында нефриттік синдромның этиологиясы мен патогенезі. Нефроздық синдром себептері мен даму тетіктері. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі. Жыныс жүйесінің патофизиологиясы, этиологиясы мен патогенезі. Репродуктивті және жыныс жүйесінің дамуындағы бұзылыстың синдромы кезіндегі гормондық бұзылысқа шалдығу (анорхизм, монорхизм, қуық экстропиясы, дисменория).  
«тірек-қимыл ҚҰРАЛЫ ЖҮЙЕСІ. ТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСАЛҚЫЛАРЫ»  
  ü Білімі · Остеопатиялар мен артропатиялардың этиологиясы мен патогенезін сипаттауды · тері ауруларының этиологиялық жайттарын сипаттауды · терідегі біртектес дерттік үрдістерді атап, олардың патогенезін түсіндіруді ü машықтық дағды · Патогенездің сызбанұсқасы мен «соқыр» кестені толтыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту   Сүйек тіні дамуы бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі. Тірек қимыл құралдарының дерттік бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері, (тұқым қуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы мен патогенезі. Сүйектің боркеміктенуі мен жұмсаруының патогенезінде кәлций мен фосфордың маңызы. Рахит балалық шақта сүйек жұмсаруының көрінісі ретінде. Буындардың қабынулық және дегенерациялық өзгерістері. Буындардың қабынуы мен шорбуындар туралы түсінік, даму тетіктері.  
ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Ревматоидты артрит туралы түсінік. Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Терідегі дерттік үрдістер, олардың патогенезі. Тері аурулары патогенезінде жалпы және жергілікті жайттардың өзара байланысы.  
   
«ҚАН ТҮЗУШІ ЖҮЙЕ»  
  ü Білімі · анемиялық және геморрагиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромдардың себептерін сипаттауды · анемиялар, лейкоз, лейкоцитоздар, лейкопенияларды жіктеуді · анемиялық және геморрагиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромдардың, лейкоцитоздар, лейкопениялардың патогенезін түсіндіруді ü машықтық дағды · анемиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромы бар гемограммаларды сараптау · анемиялық, миело- және лимфопролиферациялық синдромы бар жағындыларда дерттік өзгерістерді анықтау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Анемиялар. Анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, даму тетіктері. Анемиялардың жіктелу ұстанымдары. Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы мен патогенезі. Шұғыл постгеморрагиялық анемияларда шеткері қандағы өзгерістер, олардың патогенезі. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс гемолизінің патогенезі, шеткері қандағы өзгерістері. Дизэритропоэздық анемиялар. Сүйеккеміктік қан түзілу бұзылуының себептері. Темір, В12витамині және фолий қышқылы тапшылығындағы анемиялардың патогенезі. Дизэритропоэздық анемиялардағы шеткері қандағы өзгерістердің патогенезі. Анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің (әлсіздік, бас айналу, жүрек соғысы, ентігу, шаршағыштық, тәбеттің өзгеруі, сезімнің өзгеруі, глоссалгия, естен тану, терінің қышуы, парестезиялар, жүрістің бұзылуы, қанағыштық, гепато- және спленомегалия) патогенезі. Анемияларды алдын алу мен емдеудің негізгі ұстанымдары. Лейкоцитоздар, лейкопениялар: түрлері, даму тетіктері, лейкоцитоздар мен лейкопенияларда лейкоциттік өрнектің өзгерістері (лейкоциттердің әрбір түрінің шынайы және салыстырмалы өзгерістері, нейтрофилдердің оңға және солға ядролық жылжуы туралы түсінік). Лимфо- және миелопролиферацияның жалпы этиологиясы мен патогенезі  
  Гемобластоздар туралы түсінік. Гемобластоздар кезіндегі қан түзілудің бұзылыстары және шеткері қандағы өзгерістер. Лимфо- және миелопролиферациялық синдромдардың негізгі клиникалық көріністерінің патогенезі. Гемостаздың бұзылу түрлері. Геморрагиялық, тромбоздық және ТШҚҰ – синдромдары туралы түсінік. Геморрагиялық синдромның патогенезі (вазопатиялар, тромбоцитопениялар, тромбоцитопатиялар, коагулопатиялар), гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері, олардың патогенезі.  
 
«ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ»  
  ü Білімі · жүйке жүйесі зақымдануының синдромдарының этиологиясын сипаттау · жүйке жүйесі қызметтері бұзылыстарының жалпы патогенезін түсіндіру · ишемиялық және геморрагиялық инсульттің, құрысулық синдромның, ми қабықшалардың зақымдану синдромының этиологиясы мен патогенезін түсіндіру · Жүйке жүйесінің сезімталдық және қимылдық қызметтері бұзылыстарына сипаттама беру ü Машықтық дағды · Жүйке жүйесі зақымдануларының патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды · Клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау ü Коммуникациялық дағды Көшбасшылық, өзінің қөзқарасын жеткізе білу қасиеттерін дамыту ü Өзін өзі жетілдіру Сабаққа және СӨЖ-ге дайындалуда ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және басқа әдебиеттермен, кітапхана каталогтарымен, интернет сайттарымен өздігінен жасаған жұмыстарының негізін қалыптастыру Жүйке жүйесі ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Мый қанайналымы бұзылыстарының (ишемиялық және геморрагиялық инсульт) этиологиясы мен патогенезі. Қозғалыстың нейрогендік бұзылыстары: гипо- және гиперкинездік жағдайлар, парездер, салданулар. Қалтырау жағдайлары, олардың түрлері, даму механизмдері. Сезімталдықтың бұзылуы. Ауыру сезімі патофизиологиясы. Нейроинфекция туралы түсінік, мый қабықшаларының зақымдану синдромы. Жоғарғы жүйке қызметінің бұзылулары, невроздар. Жүйке жүйесі дерттерінің балалардағы ерекшеліктері.  
     
                       

2.5 Пререквизиттер:анатомия-2,гистология-2, физиология-2, патофизиология -1

2.5 Аралас пәндер:патанатомия-2, фармакология-2

2.5 Постреквизиттер:ішкі аурулар пропедевтикасы

 

2.7. Дәрістердің тақырыптық жоспарлары

  Тақырыптардың аталуы Жүргізу түрі сағ
  Жүрек-қантамыр жүйесі
Коронарлық жеткіліксіздіктің патофизиологиясы Мәселелік, көрсетілімдік
  Тыныс алу жүйесі
Бронхообструктивті синдромның этиологиясы мен патогенезі Шолулық, көрсетілімдік
  Асқорыту жүйесі
Ұйқыбездің сыртқа бөлу қызметінің жеткіліксіздігінің себептері мен патогенезі Шолулық, көрсетілімдік
  Несептік-жыныстық жүйе
Гломерулонефриттің жалпы этиологиясы мен патогенезі. Шолулық, көрсетілімдік
  Қан өндіруші жүйе
Геморрагиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі. Мәселелік, көрсетілімдік
  Жүйке жүйесі
Милық қанайналым бұзылыстарының патофизиологиялық механизмдері. Шолулық, көрсетілімдік
  БАРЛЫҚ сағаттар:  

2.7 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

  Тақырыптың аталуы Жүргізу түрі сағ
  Жүрек - қан тамыр жүйесі
  Жүректің қақпақшалық құралының зақымдануы: себептері, даму тетіктері. Балалардағы ерекшеліктері. Атеросклероз: этиологиялық жайттары, патогенезі. Коронарлық жеткіліксіздіктің патофизиологиясы. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, жүрек жеткіліксіздігін үлгілеу немесе фильм көру, тестілеу
Біріншілік артериялық гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі Жүректің қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Аралық бақылау Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
СОӨЖ Жүрек қантамыр жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау Тәжірибе жасау (Мартине сынауы) кейс-стади, патогенездік сызбанұсқа құрастыру, СӨЖ талқылау. Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау  
Тыныс алу жүйесі
  Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері. Ұяшықтық гипо- гипервентиляция. Ұяшықтық-қылтамырлық мембрананың диффузиялық қабілеті төмендеуінің патогенездік тетіктері. Кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу
  Тыныс алудың орталық реттелуінің бұзылыстары. Жаңа туылғандар мен балаларда тыныс бұзылыстарының ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу  
3 СОӨЖ Тыныс алу жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау пневмограммаларды сараптау, кейс-стади Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Асқорыту жүйесі
  Асқорыту жүйесінің бұзылуының патогенезі және жалпы этиологиясы. Асқазан мен ішек қызметінің бұзылуы. Балалардағы ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
  Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылысы. Бауыр патофизиологиясы, балалардағы ерекшеліктері. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
3 СОӨЖ Асқорыту жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру     Аралық бақылау кейс-стади, асқазан сөлі көрсеткіштерін сараптау, тәжірибе (өттің бақа организміне әсері) нәтижелерін сараптау, «мылқау» кестені толтыру, сөзжұмбақ шешу Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау  
Эндокриндік жүйе
  Эндокриндік бұзылыстардың негізгі түрлері. Гипо- және гипертиреоз, гипо- және гиперкортицизмнің патофизиологиялық механизмдері. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу
2 СОӨЖ Аралық бақылау Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Несептік-жыныстық жүйе
  Несеп шығару жүйесінің қабынулық ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструктивті уропатиялар. Зәр синдромының патогенезі Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
  Бүйрек дерттерінің әртүрінің патофизиологиялық сипаттамасы (қауырт және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром). Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің ерекшеліктері Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, тестілеу
3 СОӨЖ Несеп-жыныс жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру Аралық бақылау кейс-стади, тәжірибені сараптау, кестені толтыру Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
Тірек-қимыл құралы жүйесі. Тері және оның қосалқылары.
  Тірек-қимыл құралының қабынулық және дистрофиялық зақымдануларының патофизиологиясы. Терінің біртектес дерттік үрдістердің жалпы этиологиясы мен патогенезі Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, бейнекөрініс көру, патогенездік сызбанұсқаны толтыру, патогенездік сызбанұсқаны құрастыру, тестілеу
СОӨЖ Аралық бақылау Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау
Қан жүйесі
Анемиялық синдромның патогенезі Лейкоцитоз, лейкоцитопениялар Тақырып сұрақтарымен пікірсайыс, лейко – және гемограмманы сараптау
  Миело- және лимфопролиферативті синдром кезіндегі шеткері қанның жасушалық құрамы мен қан өндіруінің патофизиологиялық негіздері. Геморрагиялық синдромның патофизиологиясы Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, гемограмманы сараптау, тестілеу
3 СОӨЖ Қан жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру Аралық бақылау Қан жағындысын зерттеу, кейс-стади, оқыту бағдарламасымен жұмыс Тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
Жүйке жүйесі
Милық артериялардың тығындалуы және миға қан құйылу кездеріндегі милық қанайналым патофизиологиясы. Қалтырау жағдайлары, олардың түрлері және механизмдері. Эпилепсияның даму жайттары және патогенезі Менингиттің патогенезі. Тақырып сұрақтары бойынша пікірталас, кейс-стади, «мылқау» кестені толтыру, тестілеу
СОӨЖ Жүйке жүйесі патофизиологиясы бойынша машықтық дағды қалыптастыру   Аралық бақылау тәжірибені сараптау (камфорлық эпилеп-сияны үлгілеу), «мылқау» кестені толтыру тестілеу, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау    
  БАРЛЫҚ сағаттар: 30 сағ тәжірибелік сабақ + 36 СОӨЖ

 

2.8 Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары

  Тақырыптың аталуы Жүргізу түрі сағ
  Жүрек - қан тамыр жүйесі
Жүрек ырғағы бұзылуының патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері. Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен, оқыту бағдарламаларымен жұмыс, тапсырмаларды орындау, сынамалау.
Кардиогенді шок: себептері, механизмдері, патофизиологиялық сатылары. Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен жұмыс, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, сынамалау
  Тыныс алу жүйесі
Ересектер мен жаңатуылғандардың респираторлық дистресс-синдромы Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен жұмыс, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру
Өкпенің жоғарылаған желдетілу синдромының патофизиологиясы Материалды өздігінен оқу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, эссе, сынамалау
  Асқорыту жүйесі
Гастро-эзофагеальді рефлюкстік аурулардың патофизиологиясы Материалды өздігінен оқу, ашық сынамаларды шешу
Әртүрлі сарғаюларда билирубин алмасуының бұзылыстары Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен жұмыс, есептерді шешу, сынамалау
  Эндокрин жүйесі
Балалардағы эндокринді өзгерістердің ерекшеліктері. Материалды өздігінен оқу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептерді шешу, сынамалау
  Несептік-жыныстық жүйе
Бүйректің қауырт жеткіліксіздігінің патофизиологиялық негіздері Материалды өздігінен оқу, ойлы тәжірибе жасау, есептерді шешу, сынамалау
Амилоидоздың патогенезі Материалды өздігінен оқу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, ашық сынамаларды шешу
Бүйректе тас түзілуінің себептері мен патогенезі. Материалды өздігінен оқу, ашық сынамаларды шешу
  Тірек-қимыл құралы жүйесі. Тері және оның қосалқылары.
Рахиттің патофизиологиясы Материалды өздігінен оқу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, сынамаларды шешу
  Қан өндіруші жүйе
ТШҚҰ-синдромы кезіндегі қантамырлық-тромбоцитарлы және коагуляциялық гемостаздың негізгі өзгерістері. Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен, оқыту бағдарламаларымен жұмыс, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептерді шешу, сынамалау.
  Жүйке жүйесі
Коматоздық жағдайлардың патофизиологиясы. Материалды өздігінен оқу, тақырыптың көрсетілімімен жұмыс, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептерді шешу, сынамалау.
  БАРЛЫҚ сағаттар:  
         

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ - 2 МОДУЛДЕР БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

 

  МОДУЛЬ Сағат тардың жалпы саны Аудиториялық сағаттар СӨЖ
Барлығы Дәріс Тәжірибелік сабақтар СОӨЖ
1. Жүйке жүйесі
2. Жүрек-қантамыр жүйесі
3. Тыныс алу жүйесі
4. Қан өндіруші жүйе
5. Асқорыту жүйесі
6. Эндокрин жүйесі
7. Тірек-қимыл құралы жүйесі. Тері және оның қосалқылары
8. Несептік-жыныстық жүйе
Барлығы

2.9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақ тілінде

Негізгі әдебиет:

1. Ә.Н.Нұрмұхамбетов. Патофизиология.- Эверо, 2007 – 648 б.

2. Ә.Н.Нұрмұхамбетов. Клиникалық патофизиология.- Эверо, 2010 – 976 б.

Қосымша

1. Нұрмұхамбетов Ә., Патофизиология: оқулық – Алматы, 2000 – 568 б

2. Момынов Т., Рақышев А. Медицинский словарь-Медициналық сөздік-Алматы:ЖШС «Кітап баспасы» - 2003 – 352 б

3. Орысша - қазақша- медициналық (физиологиялық) сөздік. Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь г. Алматы: Эверо. 2007 - 904 с

4. «Ұрық дамуы мен балалық шақ ауруларының патофизиологиясы» проф. А.Н. Нурмухамбетов (2006) – 192

5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар // Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова редакторлығымен, ауд. М.Б.Байбөрі. -- Алматы.: издательство «Эффект», КазНМУ, 2007. – 504 б.

 

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 2 .-629 с.

2. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – 635с

3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004.

4. Патофизиология для внеаудиторной самостоятельной работы студентов //Под ред. Ударцевой Т.П. – Алматы:КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, 2006.

6. Тестовые задания по патологической физиологии // под ред. Т.П. Ударцевой и Н.Н.Рыспековой .- Алматы.: издательство «Эффект», КазНМУ, 2007. – 504 с.

Қосымша:

1. Патофизиология6 учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., 2010. – 469 с.

2. Патофизиология. Основные понятия. Под ред. А. В. Ефремова. М: ГЭОТАР.- 2008.-256 с Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в двух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006

4. Основы патологической физиологии. Руководство для врачей//В.В. Михайлов.-М.: МЕДпресс, 2004 .Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с

5. Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176с

6. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 123-145; 335-349.

7. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

8. Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fauso. Pathologic basis of disease, 7th edition, 2007 – 1525р

2. Vinay Kumar, Ramsi S. Cotran, Stanley L. Robbins. Basic Pathology, 6th edition,1997 – 775р

Қосымша:

1. Harsh Mohan-Textbook of pathology - 2004

 

2.10. Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері

· Дәрістер: шолулық

· Машықтық сабақтар: тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс, тәжірибелік жұмыстарды орындау (зерттеуханалық жануарларға тәжірибе жасау), зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, тестілеу, кейс-стади, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру.

·

· СОӨЖ: тәжірибелік жұмыстарды орындау (зерттеуханалық жануарларға тәжірибе жасау), патофизиологиялық тәсілдерді меңгеру, зерттеу нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, кейс-стади, сөзжұмбақты шешу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, «мылқау» кестені толтыру, оқыту бағдарламасымен жұмыс.

· Студенттердің өзіндік жұмысы: оқулықпен және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды нұсқасымен, оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау, тақырыпты өздігінен меңгеру, тест тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, реферат, эссе, тақырыптың көрсетілімін дайындау.

2.11 Білімдерін бағалау критерийлері және ережелері

Студенттердің құзыреттілігін дамыту деңгейін бағалау

1. Тәжірибелік сабақтар,СОӨЖ

Бағаланатын құзыреттілік түрі Деңгейлер
1.Білім Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Студент тақырып материалдарын терең білетін, патогенездік сызбанұсқаны қатесіз құрастырған. Материалды жеткізуі қойылған сұраққа сай, дұрыс таңдалған мысалдарды келтіріп, нақты түрде жауап берген. (75-89б) Студент тақырып материалдарын білетін, бірақ патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында мәнсіз қателіктер жіберген. Логикалық ойлауы дұрыс, негізделген қорытындылар жасаған. (50-74б) Студент тақырып материалдарын толық білмеген, сұрақты түсінбеген, бағдарлама бойынша келешектегі материалды меңгеруге жеткілікті білімін көрсеткен. Тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда, патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзеткен. (0-49б) Сабаққа қатысқан, бірақ материалды түсінбеген, патогенездік сызбанұсқаны құрастырғанда, тақырып түсініктерін, атаусөздерді анықтауда қиындықтар тудырған, оқытушының бірнеше қосымша сұрақтарынан соң түзете алмаған, ситуациялық есептерді шеше алмады.
2. Машықтық дағды Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, тәжірибе хаттамасын дұрыс толтырған, ситуациялық есептерді , клиникалық-зертханалық мәліметтерді талқылағанда дұрыс қорытындылаған, терең сараптама жасаған, барлық сұрақтарға негізделген және патогенездік емдеуді негіздеген. (75-89б) Студент тәжірибелерді дұрыс, ғылыми тұрғыда түсініп орындаған, жануарлармен жұмыс жасай алатындығын көрсеткен, бірақ хаттама толтырғанда және қорытындылағанда аздаған қателіктер жіберген, оқытушының ескертуінен соң түзеткен. ситуациялық есептерді, клиникалық-зертханалық мәліметтерді талқылағанда аздаған қателіктер жіберген. (50-74б) Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауда студент теориялық білімін қолдана алмаған, қажетті қиындықтағы тапсырманы орындай алған, хаттама толтырғанда айқын қателіктер жіберген, толық емес қорытындылар жасаған, ситуациялық есептер шығарғанда сараптамалары толық емес, патогенездік емдеуді негіздей алмаған.. (0-49б) Сабақтың тәжірибелік бөлімін орындауға қатынасқан, хаттаманы толтыра алмаған, қорытынды жасай алмаған, ситуациялық есептерді, клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптамаған.
3.Коммуникациялық дағды Студент топта жұмыс жасағанда көшбасшының рөлін атқара білді, пікірсайыста, есептер шешкенде өз көзқарасын дәлелдей алды, оқытушыға, жолдастарына сыйластық көрсетті, жолдасының пікірін зейін қойып тыңдап, оның көзқарасын қолдай білді. Студент топта жұмыс жасағанда көшбасшының рөлін атқара алмады, пікірсайыста, есептер шешкенде өз көзқарасын дәлелдей алмады, оқытушыға, жолдастарына сыйластық көрсетті, жолдасының пікірін зейін қойып тыңдап, оның көзқарасын қолдай білді. Студент топта жұмыс жасағанда көшбасшының рөлін атқармады, пікірсайыста, есептер шешкенде өз көзқарасын көрсете алмады, оқытушыға, жолдастарына сыйластық көрсетті, жолдасының пікірін зейін қойып тыңдай алмады, оның көзқарасын қолдай алмады. Коммуникативті дағдысын көрсете алмады
4.Құқықтық дағды Ең жоғарғы балл – 100 балл (90-100б) 90-100% дұрыс жауап (75-89б) 75-89% дұрыс жауап (50-74б) 50-74% дұрыс жауап (0-49) дұрыс жауап 50% -дан төмен

Өзін-өзі жетілдіру СӨЖ тапсырғанда және аралық бақылауда бағаланады

  1. СӨЖ -ең жоғарғы балл – 100 балл, 100%-ға сәйкес келеді. СӨЖ орындау үшін кез келген түрін таңдауға болады.

РЕФЕРАТ – реферат баға





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.