Здавалка
Главная | Обратная связь

Физика-математика факультеті



Желілік технологиялар

Өкілдік деңгейдің протоколы. Интернет-технологиялар.

Банкілік ақпараттық жүйелер (БАЖ)

Пластикалық картаның жүйесі. Пластикалық картаның стандарты. Пластикалық картаның жүйені даму тарихы.

Салық ЭАЖ

ҚР ИСАЖ ведомстволық ақпараттық жүйесінің сипаттамасы. ИСАЖ кіретің модулдер.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер (БУАЖ).

Кіші және орта бизнестің бухгалтерлік жүйесінің ерекшеліктері. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің нарықты шолу.

Ақпараттық қордың ұйымдастырулуы және өткізу

Ақпараттың үлкен көлемдері. Excel бағдарламаның құралдары ақпарат үлкен көлемдерімен нәтижелі жұмысы. Excel-де мәліметтер базасымен жұмыс істеу.

MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу.

Кисынды функциялардын пайдалану мысалдары. Сочетания логических функций. Кисынды функциялардың үйлестіруі

Жинақтау кестелерімен жұмыс істеу

Жинақтау кестелердің құру мастері. кестенің Параметры поля, кестенің параметрлері. Бір неше консолидациялармен жұмыс істеу.

Қаржылық функцияларды зерттеу.

Қаржылық функцияларды зерттеу. Есептін механизмдері, мәлеметтердін форматтары, функциялардын синтаксисы.

Қаржылық талдау

Қаржылық функциялармен талдау жұмысы. Алгоритм есептемесі.

Статистикалық талдау

Статистикалық функциялардың шолу, статистикалық функциялардың қолдану үлгілері.

Сызықты және сызықсыз оптимизация

Математикалық моделдерді құру әдістері. Аралықтарды суреттеу тәсілдері. Өнім шығаруы үйлесімді бағдарламаларының таңдауы.

 

Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Байшоланова Қ. С. Ақпараттық жүйелер теориясы. – Алматы, 2010. – 280 б.

2 Бралиев Н. Б. и т.б. Ақпаратты жүйелер бизнесте. – Алматы: РИК, 2012. – 325 6.

3 Исаев С. Ә., Мұхамади А. Н., Ахметова О. С. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум. – Алматы, 2007.–305 б.

4 Гарнаев А. Использование MS Excel и VBA в экономике и финансах. – К. – М. – СПб., 2013. – 510 б.

5 Информационные технологии в маркетинге / под ред. Г. А. Титоренко. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2010. – 407 б.

 

Қосымша әдебиеттер:

1 Хакимова Т. Компьютерлік өңдеудің әдістемелері. – Алматы : «Ғылым», 2007. – 453 б.

2 Халықова К. З. Информатиканы оқыту әдістемесі. – Алматы : «Білім», 2007. – 250 б.

3 Ермеков Н., Ермеков М., Ноғайбаланова С. Информатика. –Алматы : «Жазушы», 2005. – 354 б.

4 Балапанов, Е. Қ., Бөрiбаев, Б., Дәулетқұлов, А. Б. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ : оқулық. 4 басылым, жөнделiп толықтырылған. – Алматы : ЖТИ, 2007. – 408 б.

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2012 ж.

Физика-математика факультеті

Информатика және ИОӘ кафедрасы

С И Л Л А Б У С

Экономикадағы ақпараттық технологиялар пәні бойынша

5В090800-Бағалау, 5В050600-экономика, 5В0507-менеджмент, 5В050800-есеп және аудит, 5В050900-қаржы, 5В051000-мемлекеттік және жергілікті басқару , 5В051100-маркетинг мамандықтары үшін

 

 

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 2

Барлық сағат саны: 90

Барлық дәрісханалық сағат саны: 30

соның ішінде:

Дәрістер: 15

Іс-тәжірибе сабақтар: 15

СОӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Аралық бақылаулар: 2

Емтихан: 3 семестр

 


 

Талдықорған 2014 ж.


Оқытушы туралы мәлімет: Жанатбекова Назым Жанатбекқызы – информатика кафедрасының доценті, электрондық пошта адресі – n.zhanatbekova@mail.ru; жұмыс телефоны – 25-38-69 (ішкі 247), үй телефоны – 25 – 54-14 , ұялы тел - 8 777 0179466

Пән пререквизиттері: информатика

Пән постреквизиттері: дипломдық жұмыс

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен «Экономикадағы ақпартық технологиялар» экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналған.

«Экономикадағы ақпартық технологиялар» пәнінің мақсаты экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерді экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әртүрлі әдістерді пайдалануға, компьютер жүйелерін жақсы игеруге, информациялық технологияларды болашақта өз кәсіпкерлік істерінде қолдануға үйрету болып табылады. Бұл жерде экономика саласына қолдануға ыңғайлы универсалды сайман ретінде ең бірінші электрондық кестенің мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлінген дұрыс. Әр түрлі қарапайым экономикалық, бухгалтерлік есептерді, оптимизация есептерін шығару бұл программаның мүмкіншіліктерін аша түседі.

«Экономикадағы ақпартық технологиялар» курсының негізігі міндеттері

-студенттерді экономикалық және басқарудағы есептерді шешуге, информациялық жүйелерде жұмыс істеу негіздеріне оқытып үйрету;

- жаңа информациялық технологиялардың мүмкіндіктерін және болашақтағы олардың өркендеуін көрсету;

- ЭЕМ-нің, информациялық жүйелердің, компьютерлік жүйелердің және олардың программалық қамтамаларының даму қалпы мен келешегін зерделеу;

- компьютерді экономикалық және басқару мәселелерін шешуге жан-жақты қолдану, ұтымды жақтарын іздестіру;

- экономикалық ақпаратты талдау әдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсету;

- арнайы экономикалық және басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрту.

Оқу–әдістемелік кешен студенттердің дербес жұмысының маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, экономикалық және басқару есептерді шешуге программалық қамтамаларды қолданып және пайдалануға үйретеді. Студенттер оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.

Студенттердің білімді меңгеруі

· қазіргі заман компьютерлерінің қолданбалы программаларымен;

· жергілікті компьютелік желілермен, корпоративтік желілермен, INTERNET ауқымды желісінің қызметімен, қазіргі заманның компьютерлік технологияларымен жұмыс жасай білу керек.

Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:

негізгі құзырылықтар:

қалыптастырушы:қазіргі ақпараттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;

жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;

зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдана білу;

пәндік құзырлықтар:

коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;

технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;

бақылаушы:ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;


Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағатанарлықсыз

 

Пән бойынша білімгерлердің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтингісі R1
Кіру рұқсатының рейтингісінің   R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

 

Баға қоюдын критерийлері

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: үй тапсырмасын орындауы лабораториялық сабақтың орындалуы белсеңділігі ОСӨЖ дәріс барысындағы жауаптары.   Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 15 апта

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген

 

Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тараулар бойынша дәріс тақырыптары Сағат саны Апта Әдебиеттер
1. Кіріспе. Экономикалық ақпарат автоматтандырылған өңдеудің объектісі нәтижесінде [1,3,5]
2. Ақпараттық базасын жүргізу және ұйымдастыру      
3. Экономикалық ақпараттық жүйелер [2,4,7]
4. MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу      
5. Жаңа ақпараттық технологиялар [6,8,11]
6. Жинақтау кестелерімен жұмыс істеу      
7. Желілік және бөлінген технологиялар [1,3,8]
8. Қаржылық функцияларды зерттеу.      
9. Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ) [2,3,4,6]
10. Қаржылық талдау      
11. Салықтық ЭАЖ [1,6,7,8]
12. Статистикалық талдау      
13. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер (БУАЖ) [5,6,7,8,9]
14. Сызықты және сызықсыз онтайландыру (оптимизация) 14,15  
  Барлығы:      

 


 

Іс-тәжірибелік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта Өткізу формасы
1. Ақпараттық базаны ұйымдастыру және құрастыру Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
2. Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру. Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
3. Еxcel электронды кестесінде мәліметтер қорын құруға, автофильтр құруға, мәліметтер қорынан таңдау жасауға үйрету. Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
4. Құрама кестелерді құрастыру Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
5. Несие төлемдерін есептеуде қаржылық функцияларды пайдалану Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
6. Параметрді келтіру құралын пайдалануы Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
7. Қою кестесі (таблица подстановки). Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
Сценарий диспетчерлерімен жұмыс: капитал салымдарының тиімділігін талдау Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
Амортизациялық салымдарды есептеу Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
Тағайындаулар туралы есептер 10-11 Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
Корреляциялық талдау 12-13 Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
Регрессивті талдау 14-15 Бағдарламамен, дәптермен жұмыс
  Барлығы:      

Іс-тәжірибелік тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар

1-тәжірибелік жұмыс. Ақпараттық базаны ұйымдастыру және құрастыру

1-тапсырма. Пəтерлерді сату жайлы хабарландыру дайындаңыз. Берілген 1-суреттегі кестеден бір ұяшыққа жинақтау арқылы нəтижелік 2-суреттегі кестені шығару керек.

 

 

1-сурет – Сатуға қойылған пəтерлер туралы мəліметтер кестесі

 

Хабарландыру кестесін құруға байланысты кеңестер:

- сатуға қойылған мəліметтер туралы мəліметтерді тізім түрінде құрыңыз (-сурет);

- G2 ұяшығына төмендегі формуланы енгізіңіз:=A2&" бөлмелі пəтер, адресі "&B2&", ауданы: "&D2&", "&E2& "этаж,"&ТЕКСТ(C2;"# ###$")&", "&ЕСЛИ(F2="+";"телефон"; "телефон жоқ")

- G3:G5 диапазонына осы формуланы автолтыру маркерін қолданып көшіріңіз;

- шыққан кестені өз қалауыңыз бойынша Формат – Автоформат командасымен форматтаңыз.

 

 

2-сурет – Берілген мəліметтерден жинақталған нəтижелік хабарландыру

2-тапсырма. Компьютерлік клубтардың жұмыстары туралы ведомос, 3-суреттегі кестені толтыру

 

 

3-сурет – Компьютерлік клубтардың жұмысы туралы ведомость

 

Ведомос жасауға байланысты кеңестер:

а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз.

ə) А3:Н3 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз:

Клуб аты, Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Түскен пайда, Орын, Орташа пайда, Пайыз.

б) Кестедегі есептеулерге қолданылатын формулалар төмендегі 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте – Есептеу формулалары

Ұяшық атауы Енгізілетін формула
Е4 =СУММ(B4:D4)
В11 =СУММ(B4:B10)
F4 =РАНГ(E4;$E$4:$E$10)
G4 =СРЗНАЧ(B4:D4)
G11 =СРЗНАЧ(G4:G10)
H4 =E4/$E$11

 

3-тапсырма. Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау 4-суреттегі ведомосын құру.

Ведомость жасауға байланысты кеңестер:

а) А1 ұяшығына ведомость атын енгізіңіз;

ə) А4:F4 ұяшықтарына ведомость өрістерінің аттарын енгізіңіз:

Нысан аты, Баланстық құны (БҚ), Нысанның ескіруі (НЕ), Қалдық құны (ҚҚ), Қалпына келтіру толық құны (ҚТҚ), Қалпына келтіру қалдық құны (ҚҚҚ).

 

4-сурет – Өндірістің негізгі құралдарын қайта бағалау ведомосы

 

б) Есептеулер жасауға арналған формулалар:

ҚҚ = БҚ – НЕ

ҚТҚ = БҚ * К

ҚҚҚ = ҚҚ * К

мұндағы К – коэффициент мəні: 3,3 - егер БҚ 650-ден кем немесе тең болса; 4,2 – егер БҚ 650-ден үлкен немесе 1000-нан кем болса; 5,1 – егер БҚ 1000-ға тең немесе одан үлкен болса.

Осы формулалар бойынша есептеулер жүргізу үшін төмендегі формулаларды көрсетілген ұяшықтарға енгіземіз:

D5 ұяшығына: = B5 – C5, E5 ұяшығына:

=B5*ЕСЛИ (B5<=650;3,3; ЕСЛИ(И(B5>650;B5<1000); 4,2;5,1))

F5 ұяшығына:

=D5*ЕСЛИ(В5<=650;3,3;ЕСЛИ(И(В5>650;В5<1000); 4,2;5,1))

в) Барлығы жолындағы мəндерді есептеу үшін саймандар тақтасынан автоқосынды батырмасын басамыз немесе В12 ұяшығына = СУММ(В5:В11) формуласын жазамыз.

4-тапсырма. Диаграмма құру.

Жұмыстық парағына 5-суреттегідей кесте құрыңыз;

 

 

5-сурет – Сыйлық ақы төлемдер кестесі

Кестедағы Барлығыбағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;

Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:

- Егинбаевтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:

1) Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;

2) Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп, пайда болған терезеден Круговаятипін таңдаңыз;

3) Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.

- Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .

Беттің атын Диаграммыдеп өзгертіңіз.

Бақылау сұрақтары

1) Статистикалық функциясларды қалай қолданылады.

2) ЕСЛИ функциясының логикасын түсіндіріңіз.

3) Диаграммаларды құру кезеңдерін түсіндіріңіз.

2-тәжірибелік жұмыс. Төлем ақыны есептеуді автоматтандыру. Қарапайым тізімділікті құру.

MS EXCELкестелік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып,жұмыс кітабының «Зарплата»атты парағында еңбек ақыны есептеу (айлық төлемдік-есептік ведомосін) үшін 6-сурет үлгісіндегі кестеніқұрыңыз. Фирманың 20 қызметкері бойынша бір айға қарапайым үлгіде еңбек ақыны есептеңіз.

Келесі мәліметтер белгілі: табельдік номер, аты-жөні, оклад, жұмыс күні саны, еңбек сіңірген күн саны. Қалған көрсеткіштер формула бойынша есептелінеді: жалақы сомасы, табыс салығы, кәсіподақ салымы, зейнетақы қорына салым, ұсталған жалпы сома, қолға берілетін сома.

Ескерту:Оклад көлемін, айдағы жұмыс күні санын, еңбек сіңірген күн санын өзгерткен жағдайларда, нәтижелердің мәні автоматты өзгеретіндей етіп кестені құру керек. Ол үшін есептеу формулаларында берілгендердің нақты мәнін емес, берілгендер орналасқан ұяшық адрестерін пайдаланыңыз.

Келесідей белгілеулер енгіземіз: О– оклад, ЖКС – айдағы жұмыс күні саны, ЕСК– еңбек сіңірілген күн саны, ЖС– жалақы сомасы, ТС– табыс салығы, КОС- кәсіподақ салымы, ЗаҚС– зейнет ақы қорына салым, ҰС – ұсталған жалпы сома, ҚбС – қолына берілетін сома.

Жалақы сомасы: ЖС = О / ЖКС * ЕСК

Кәсіподақ салымы: КОС = ЖС-ң 1%-ы

Зейнетақы қорына салым: ЗаҚС = ЖС-ң 10%-ы

Табыс салығы: ТС =(ЖС-ЗаҚС-Ағымдық уақыттаға ең төменгі жалақы мөлшері)*10%

Ұсталған жалпы сома: ҰС = ТС + ЗаҚС + КОС

Қолына берілетін сома: ҚбС = ЖС – ҰС

6-сурет – Қаңтар айына еңбек ақының төлемдік-есептік ведомосі

 

Бақылау сұрақтары:

1) MS EXCEL-де формула қандай таңбамен басталып жазылады?

2) Сандардың қосындысын есептейтін функцияны ата.

3) MS EXCEL-дегі адрестеу түрлері және олардың қолданылуы ерекшеліктері қандай?

3-тәжірибелік жұмыс. Еxcel электронды кестесінде мәліметтер қорын құруға, автофильтр құруға, мәліметтер қорынан таңдау жасауға үйрету.

 

Афтофильтртек белгілі бір мәннен тұратын жолды экранға шығаруға мүмкіндік береді.

Промежуточные.итогиматематикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді.

Промежуточные.Итоги(Номер функции; Ссылка1)

БДСУММфункциясы көрсетілген мәліметтер қорындағы белгілі бір ақпараттардан анықталған критериге сәйкес келетін барлық мәндерді қарап, қосындысын есептейді.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.