Здавалка
Главная | Обратная связь

Біркелкі амортизация



Анағұрлым қарапайым болып біркелкі амортизация немесе құнның сызықтық кемуі, яғни оны жыл сайын бастапқы құнның қандай да бір бірдей пайызына, сәйкесінше бірдей сомаға азайту табылады.

Егер мүліктің қызмет ету мерзімі n, бастапқы құны S, қалдық құны А болса, онда жыл сайын мүлік құны (S-А)/n шамасына(амортизациялық салым мөлшері) кемиді.

1-есеп.Кәсіпорын 58000 теңгеге станок сатып алды. Бұл станоктың қызмет ету мерзімі 8 жыл. 8 жылдан кейінгі қалдық құны 4000 теңге. Амортизациялық салымдардың кестесін 11-кестені құру қажет.

Шешімі: Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін құрамыз.

11-кесте – Амортизациялық салымдардың кестесі

Қызмет жылы Амортизациялық салымдар Жыл соңындағы құны
0,00 тенге 58000,00 тенге
6750,00 тенге 51250,00 тенге
6750,00 тенге 44500,00 тенге
6750,00 тенге 37750,00 тенге
6750,00 тенге 31000,00 тенге
6750,00 тенге 24250,00 тенге
6750,00 тенге 17500,00 тенге
6750,00 тенге 10750,00 тенге
6750,00 тенге 4000,00 тенге

 

Жедел амортизация(жылдар қосындысы ережесі)

Кез келген мүлік иесі баланстық құнының шапшаң кемуіне және оның өнімнің өзіндік құнына аударылуына мүдделі, себебі салықты есептеу үшін қор азаяды, және сәйкесінше салық сомасы кемиді. Құрал-жабдықтың шынайы физикалық тозуы қызмет ету мерзімінің соңына қарағанда басында жылдам жүреді. Мысалы, автомобиль эксплуатацияның соңғы уақытына қарағанда алғашқы жылдары тез тозады. Сондықтан жедел амортизация тәсілі құрылған.

Амортизациялық салымдарды есептеудің жылдар қорсындысы ережесі келесідей: егер амортизация мерзімі n жыл болса, онда арифметикалық прогрессия қосындысы формуласы бойынша жылдар номерінің қосындысын

і-ші жылдағы амортизациялық салым шамасы келесі формула бойынша есептелінеді:

2-есеп.Фирма станок құнының кему прцесін жеделдетуді қалайды(1-мысалды қараңыз). Жылдар қосындысы ережесін қолданып амортизациялық салымдар кестесін құру қажет.

Шешімі:Жылдар қосындысын есептейміз:

Енді жылдар номерін кері тәртіппен жазамыз: 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

Жылдар қосындысы ережесі бойынша бірінші жыл соңында бастапқы құнның 8/36, екінші жылдың соңында бастапқы құнның 7/36 бөлігі аударылады және осылай әрі қарай. Сегізінші жылжың соңында бастапқы құнның 1/36 бөлігі аударылады.

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін 12-кестедегідей құрамыз.

12-кесте – Амортизациялық салымдар және қалдық құны

Қызмет жылы Бастапқы құнның аударылатын үлесі Амортизациялық салымдар Жыл соңындағы құны
0,00 тенге 58000,00 тенге
8/36 12000,00 тенге 46000,00 тенге
7/36 10500,00 тенге 35500,00 тенге
6/36 9000,00 тенге 26500,00 тенге
5/36 7500,00 тенге 19000,00 тенге
4/36 6000,00 тенге 13000,00 тенге
3/36 4500,00 тенге 8500,00 тенге
2/36 3000,00 тенге 5500,00 тенге
1/36 1500,00 тенге 4000,00 тенге

АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функциялары

ЕХСЕL-де түрлі әдістермен амортизациялық салымдарды есептейтін бірнеше функциялар бар.

Ехсеl 2000-де АСЧқаржылық функциясы көрсетілген кезеңге жылдық амортизацияны есептейді:

АСЧ(стоимость;остаточная_стоимость;время_эксплуатации; период)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период кезең(толық амортизация уақытының бірлігімен өлшенуі қажет).

3-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, бірінші жылға жылдық амортизация:

АСЧ(30000;7500;10;1) - 4090,91 теңгеге тең.

Оныншы жылға жылдық амортизация: АСЧ(30000;7500;10;10) - 409,09 теңгеге тең.

АПЛқаржылық функциясы бір кезеңге мүліктің тікелей амортизация шамасын есептейді:

АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость; время_эксплуатации)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация соңындағы қалдық құн(кейде жойылу құны деп аталады).

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

4-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, Әр эксплуатациялық жыл үшін құнның төмендеуі елесіні құрайды:

АПЛ(30000;7500;10) - 2250 теңгеге тең.

ФУОқаржылық функциясы амортизацияны тұрақты есепке алу әдісін қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ФУО(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;месяц)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Месяцбірінші жылдағы ай саны. Егер месяц аргументі қалдырылып қойылса, онда 12-ге тең етіп алынады.

Амортизацияны тұрақты есепке алу әдісі амортизацияны бекітілген пайыз ставкасын қолданып есептейді. Ерекше жағдай болып бірінші және соңғы кезеңдердегі амортизация табылады.

1-тапсырма.Кәсіпорын құны 200 000 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 8 жыл. Қалдық құны 25 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның бірінші және бесінші жылдарына жылдық амортизацияны есептеу керек.

2-тапсырма.Фирма құны 120 000 теңге болатын компьютер сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл, қалдық құны 15 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның әр жылдарына компьютер құнының төмендеуін есептеу керек.

3-тапсырма.Ұйым құны 60 000 теңге болатын лазерлік принтер пайдаланады. Қызмет мерзімі 5 жыл, қалдық құны 6000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, принтер эксплуатациясы кезеңіне жылдық амортизация шамасын есептеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1)Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

2) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функцияларды ата.

3) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялардың аргументтеріне сипаттама бер.

10-тәжірибелік жұмыс. Тағайындаулар туралы есептер

Тағайындаулар туралы есептерді шешудің мысалын қарастырайық. Төрт жұмысшы жұмыстың төрт түрін орындай алады. j-й жұмысының i-м жұмысшымен орындауының бағасы 40-суретте A1:D4 диапазонының ұяшықтарында келтірілген.

40-сурет – Тағайындаулар туралы есебіндегі жұмыстардың бағалары

 

 

Бұл кестеде жолдар жұмысшыларға сәйкес келеді, ал баған – жұмыстарға. Барлық жұмыстар орындалғандай етіп, әрбір жұмысшы тек бір жұмыста ғана болатындай етіп, ал барлық жұмыстардың орындалуының жиынтық бағасы минималды болатындай етіп жұмыс орындау жоспарын құру керек. Берілген есеп теңгерілген, яғни жұмыс саны жұмысшылар санына тең екенін атап көрсету керек. Егерде есеп теңгерілмеген болса, онда оны шешудің алдында есепті теңгеру керек, ол үшін жұмыстың жоғары құндары бар жетпейтін жолдардың немесе бағандардың санын енгізу керек.

Берілген есепті шешу үшін оның математикалық моделін құрайық. Егер i жұмысшымен j жұмысы орындалса, онда , егерде i жұмысшымен j жұмысы орындалмаса, онда .

Онда модель келесі түрге ие: минимизациялау келесі шектеулерде:

,

,

.

Шешімді іздеу құралдарының көмегімен бұл есепті шығару үшін белгісіздерге F2:I5 ұяшықтарының диапазонын бөлейік. J1 ұяшығына жұмыстардың бағасын есептейтін мақсаттық функцияны енгіземіз:

= СУММПРОИЗВ(F2:I5;A1:D4), 41-суретте көрсетілгендей шектеулердің сол жақтарына сәйкес келетін формулаларды енгіземіз.

41-сурет – Тағайындаулар туралы есептегі шектеулердің сол жақтары

 

Бұдан кейін Сервис, Поиск решениякомандасын таңдаймыз және ашылған Поиск решениясұхбат терезесін 42-суретте көрсетілгендей толтырамыз.

42-сурет – Тағайындаулар туралы есебінің Поиск решения сұхбат терезсі

Параметры поиска решения сұхбат терезесінде Линейная модель флажогын орнатуды ұмытпаңыз. Выполнитьбатырмасын басқаннан кейін шешімді іздеу құралы 43-суретте келтірілген тиімді ешімді табады.

43-сурет– Тағайындаулар туралы есебіндегі жұмыстардың тиімді жоспары

 

11-тәжірибелік жұмыс. Корреляциялық талдау

Тапсырма.

Өнім өндіру тиімділігі көрсеткіштерінің машина жасау кәсіпорындарына, тұтасынан бір типті өндірістер тобы бойынша өзара байланысының бар-жоғын анықтау қажет. Тиімділікті бағалау көрсеткіштері ретінде келесі факторлар іріктеліп алынды: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, өнімнің материалдық сыйымдылығы.

Осы көрсеткіштерінің динамикасы мен мәні туралы статистикалық ақпарат машина жасау саласы бойынша жиналып, соның ішінде статистикалық іріктеу ретінде 25 бір типті машина жасау кәсіпорнынан топ талдауға алынды.

Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау әдістемесі

Кәсіпорындардың жылдық есептерін зерттеу негізінде келесі 15-кестедегі мәліметтер алынды;

x – ППП орташа тізімдік санының әрбәр жұмыс істеуішке шаққанда өзгеріссіз бағада жалпы өнім жасау, млн. тенге;

y – негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қордың орташа жылдық құнының 1 тенгеге шаққанда жалпы өнім шығару, тенге;

z – құндық мәндегі материал сыйымдылығы, өзгеріссіз бағадағы жалпы өнімдегі материалдардың құны, %.

Коррециялық талдау жүргізу үшін осы режимнің Талдау модулін Сервис меню-жүйесін пайдаланып, онда корреляция талдау аспабын белсендіру қажет. Мұнда Корреляция диалогтік терезесі ашылады, соған болжамды өрісті толтыру керек.

Толтыру реті мұндай болуы мүмкін:

- Кіру диапазоны. Талданатын мәліметтер бар $B$7:$D$31 ұялар диапазонына сілтеме кіргізіледі.

15-кесте – Есепке бастапқы мәліметтер

Кәсіпорынның номері X Y Z
6,0 2,0
4,9 0,8
7,0 2,7
6,7 3,0
5,8 1,0
6,1 2,0
5,0 0,9
6,9 2,6
6,8 3,0
5,9 1,1
5,0 0,8
5,6 2,2
6,0 2,4
5,7 2,2
5,1 1,3
5,2 1,5
7,3 2,7
6,1 2,4
6,2 2,2
5,9 2,0
6,0 2,0
4,8 0,9
7,3 3,2
7,2 3,3
7,0 3,0

 

Ескерту. Сілтеме баған немесе жол күйінде ұйымдастырылған мәліметтердің ең кемі екі аралас диапазонынан тұруы керек.

- Шығу диапазоны. $S$7 шығыс диапазонының сол жақ үстіңгі ұясына сілтеме енгізіледі.

Ескерту. Мәліметтердің екі жиынтығының корреляциясының коэффициенті олардың өнделу ретіне қатыссыз болғандықтан шығу саласы өзіне арналған орынның жартысын ғана алады. Жолдары мен бағандарының координаттары дәл келетін шығу Диапозонының ұяларында 1 мән болады, себебі әрбір жол мен баған кіру диапазонында өзін-өзі толығынан корреляциялайды.

Топтандыру. Ол үшін бағандар бойынша жағдайға ажыратқыш орнатып, ОК-ны басу керек.

S7:V10 ұялар блогына шығу мәліметтері бар корреляциялық матрицасы қойылады.

Алынған есептер диагональ асты элементтері корреляцияның қосарлы коэффициенттері: rxy, rxz, rvz екенін көрсетеді.

Корреляция коэффициентінің – 1-ден +1-ге дейінгі интервалдан мән алатыны белгілі.

Корреляция коэффициентіне +1 мәні тиісті ауытқулар арасында (хi - ) және (yi - ) тікелей байланыс, ал – 1 мәні олардың арасында кері байланыс болғанда жетеді. Осы шамалар арасындағы байланыстардың мәні тікелей немесе кері байланыстар көбірек ауытқыса, ауытқу сомасы сонша көп болып, нөлге жақындайды.

Корреляцияның оң коэффициентінде оң корреляция, теріс коэффициетінде теріс корреляция туралы айтылады. Корреляция коэффициенті ±1 мәніне неғұрлым жақын болса, байланыс та соғұрлым тығыз да қарқынды. Желі үдемелі функциональдық тәуелділікте өзгермелі у пен х арасында ryx= +1, желі бәснңдігінде ryx= -1. Корреляция байланысы нөлге жақындаған сайын зерттелетін байланыс нашарлау. Екі өзгермелілер арасындағы желі байланысы жағдайында тек бір корреляция коэффициенті болады.

Мәліметтердің екі жиынтығының арасындағы корреляция коэффициентін есептеу үшін КОРРЕЛ статистикалық функциясын пайдалануға болады.

Ұяларға формулалар енгізіледі:

rxy V15: =КОРРЕЛ(В7:В31; С7:С31);

rxz V16: =КОРРЕЛ(В7:В31; В7:О31);

rvz V17: =КОРРЕЛ(С7:С31; О7:В31).

Ол үшін Мастер функций терезесінде Статистикалық категорияны, ол онда КОРРЕЛ функциясын таңдап, функция мастерін пайдаланамыз.

1 массивте – мәндер интервалының ұясы, 2 массив – мәнді ұялардың екінші интервалы.

Бұл функция массив 1 және массив 2 адрестері бойынша анықталған ұялар интервалдары арасындағы корреляция коэффициентін оралтады. Корреляция коэффициенті екі айырықшылық арасында өзара байланыстың бар-жоғын анықтау үшін пайдаланылады.

Алынған есептер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның басқаларымен жұмысының тиімділігінің зерттелген көрсеткіштерінің әрқайсысы өзара тығыз байланысты (детерминацияның барлық көбейтінді коэффициенттері мәнді және 0,8-ден асады).

Әсіресе қор қайтарымы мен қалған екі көрсеткіш – еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығы тығыз байланыс бар. Қор қайтарымының орташа 84,25%-ға өзгеруі еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығының өзгеруімен түсіндіріледі (қор қайтарымының орташа 15,75%-ға өзгеруі бақыланбайтын факторлардың, нышандардың ықпалымен түсіндіріледі). Мұнда еңбек өнімділігі 1млн. тенгеге ұлғайғанда қор қайтарымы негізгі өндіріс қорының рубліне шаққанда орташа 0,55 тенгеге ұлғаяды. Материал сыйымдылығы 1%-ға кемігенде қор қайтарымы орташа 0,48%-ға ұлғаяды. Зерттелген көрсеткіштер өздерінің орта деңгейлерінен шағын мөлшерде ауытқыған жағдайда көрсетілген нормативтер салыстырмалы түрде тұрақты (тұрақтылық сенімді интервалдармен және 0,95 ықтималдығымен көрсетіледі).

Бұл жағдайларда материал сыйымдылығы мен еңбек өнімділігінің арасындағы өзара тәуелділік (қор қайтарымын есептегенде) дәлелденбеген (корреляцияның жеке коэффициенті pxz/y елеулі емес). Мұндай тәуелділікті барынша сенімді тексеру үшін біздің қолымыздағыдан көбірек іріктеу көлемі қажет.

Бақылау сұрақтары

1) Корреляциялық талдау жүргізгенде мәліметтер қалай ұйымдастырылады?

2) Корреляциялық талдау қандай жағдайда қолданылады?

3) Корреляциялық талдау жүргізуге қандай функциялар қатысады?

12-тәжірибелік жұмыс. Регрессивті талдау

Тапсырма.Регрессивті модель құру есебін шығару. Шешімді іздеу құралдарының көмегімен бір тәуелді және бір тәуелсіз өзгермелілер үшін регрессия теңдігін табу есебін шешу.

 

Жұмыстың орындау әдістемесі

Екі байқалатын шама х пен у бар, мысалы, қолданыста болған автомобильдерді сататын фирманың өткеру көлемі, оның алты аптадағы жұмысы. Бұл байқалатын шамалардың мәндері 44-суретте келтірілген, онда х – есепті апта, ал у – сол аптада өткерілу көлемі. Бастапқы мәліметтері 1 суретте келтірілген.

 

 

44-сурет – Желілік модель салу үшін бастапқы мәліметтер.

 

Байқалатын мәндерді барынша жақсы көрсететін желілік моделін салу қажет. Әдетте m мен b байқалатын және тәуелді өзгермелі у теориялық мәнінің арасындағы айырмашылық текшелерінің сомасы минимальды болатындай етіп іріктеледі, яғни минималдандырылғанда:

мұнда n – бақылау саны (мына жағдайда n=6).

Бұл есепті шешу үшін m мен b өзгермелілеріне тиісінше D3 және E3 ұяларын бөлеміз,ал F3 ұясына минималдандырылған функцияны енгіземіз

{=СУММКВРАЗН(B2:B7;E3+D3*A2:A7)}.

СУММКВРАЗН функциясы көрсетілген массивтердің элементтері үшін айырмашылық текшелерінің сомасын есептейді.

Енді Сервис, Шешімді іздеу командаларын тереміз, ашылған Шешімді іздеу диалогты терезесін 45-суретте көрсетілгендей толтырамыз.

m мен b өзгермелілеріне шектеудің жоқ екенін атап өтеміз. Есептеу нәтижесінде іздеу құралы шешімді табады: m=1,88571 және b=5,400. Бұл нәтижелер 46-суретте келтірілген.

45-сурет – Регрессия теңдігін есептеу үшін шешімді Іздеу диалогты терезесі

 

46-сурет – Регрессия теңдігінің ұтымды шешімі.

 

Бұл бөлімде регрессияның желілік теңдеуінің түрлі сипаттарын тікелей есептеген жұмыс парағының функциялары келтірілді.

Алдыңғы бөлімдегі у=mx+b желілік моделінің m мен b параметрлерін НАКЛОН және ОТРЕЗОК функцияларының көмегімен анықтауға болады.

НАКЛОН – ұзындық бойындағы мәндердің өзгеру жылдамдығы. НАКЛОН функциясы желілік тренд еңісінің коэффициентін анықтайды. Синтаксис:

НАКЛОН (белгілі_мәндер_у; белгілі_мәндер_x).

ОТРЕЗОК (INTERCEPT) функциясы желілік тренд желісінің ординат кіндігімен қиылысқан нүктесін анықтайды. Синтаксис:

ОТРЕЗОК (белгілі_мәндер_х; белгілі_мәндер_у).

НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функцияларының дәлелдері:

- белгілі_мәндер_у – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві. Егер белгілі_мәндер_x дәлелі түсіп қалса, онда массив {1;2;3;...} белгілі_мәндер_у дәлеліндей мөлшерде деп топшыланады.

- НАКЛОН мен ОТРЕЗОК функциялары мына формулаларымен есептеледі:

,

мұнда ,

 

4 суретте көрсетілген D2 мен Е2 ұяларында тиісінше m мен b табылды, формулалары:

=НАКЛОН(В2:В7;А2:А7);

=ОТРЕЗОК(В2:В7;А2:А7).

m мен b коэффиценттерін басқа тәсілмен де табуға болады. А2:В7 ұяларының диапазоны бойынша нүктелі кескіндеме салыңыз, қосарлы шертпемен кескіндеме бөліңіз, содан соң мышьтың оң жақ кнопкасымен шертіңіз. Ашылған контексттік менюде 47-суретте көрсетілгенде тренд желесі командасын таңдаңыз.

 

47-сурет- Тренд желісін салудың басы.

 

Тренд желісін салу тобында Тип вкладында тренд Желісідиалогтық терезесінде (аппроксимация мен сглаживание) Желілік параметрін таңдаңыз, ал Параметрлер вкладына диаграммада теңдеуді Көрсету және аппроксимация шынайлығы шамасы диаграммасына Орналастыру (R^2) жалаушыларын қойыңыз (яғни диаграммаға корреляция коэффиценті текшесінің мәнін орналастыру қажет).

Корреляция коэффициентіне қарап, регрессияның желілік теңдеуін пайдаланудың дұрыстығын пайымдауға болады. Егер ол 0,9-дан 1-ге дейінгі диапазонда жатса, бұл тәуелділікті нәтижені алдын ала болжау үшін пайдалануға болады. Корреляция коэффициенті бірлікке тақаған сайын оның бақылаудағы шамалар арасындағы желілік тәуелдікті көрсететінін негіздей түседі. Корреляция коэффициенті -1-ге тақау болса, бақылаудағы шамалар арасында кері тәуелділіктің болғаны.

Нүкте белгілі болған жағдайда ғана қисық сызықпен Ү кескіндігін қиылысқан нүктесіне жалауша қойылады. Мысалы, жалауша қойылатын, оның өрісін 0 енгізілсе, y=mx моделі іздестірілуде деген сөз.

Тренд желісі командасының орындалу нәтижесі 48-суретте келтірілген

48-сурет – Тренд желісінің кескіндемесі

 

Суреттен көрініп отырғандай, коррелация коэффициентінің текшесі 0,9723-ке тең, демек желілік модель нәтижелерді алдын ала айту үшін қолдынылады.

Регрессия теңдеуінің табылған коэффициенттерінің негізінде бақылаудағы y шамасының теориялық мәнін анықтауға болады. 48-суретте көрсетілген С2 ұясында y теориялық мәнін

=$D$2*A2+$E$2

формуласы бойынша А2- ден x кезінде есептеп шығарамыз.

Алайда тіркелген нүктеде y теориялық мәнін желілік модель коэффициенттерін алдын ала анықтамай-ақ ПРЕДСКАЗ функциясының көмегімен есептеп шығаруға болады.

Синтаксис:

ПРЕДСКАЗ (t; белгілі_мәндер_y; белгілі_ мәндер_x).

Дәлелдер:

t – мәні алдын ала айтылатын мәләметтер нүктесі;

белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2; 3;..}мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.

46-суретте С2 ұяда теориялық мәнді мына формуламен шығаруға болады:

=ПРЕДСКАЗ (A2;$B$2:$B$7;$A$2:$A$7)

ТЕНДЕНЦИЯ функциясының регрессиясы бір өлшемді, сондай-ақ көр өлшемді деңгейі үшін тәуелсіз өзгермелерінің тұтас ауқымы үшін жиілік регрессиясы теңдеуінің мәндерін есептеп шығарады. Регрессияның көп өлшемді желілік моделінің түрі:

Синтаксис:

ТЕНДЕНЦИЯ (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; жаңа_мәндер_x; конст)

Дәлелдер:

- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві;

- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақыланатын шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y массивінікіндей деп болжанады.

- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.

- конст- қисынды мән b константының 0-ге тең болуының қажетінің бар- жоғын көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.

Егер көп өлшемді желілік модель салынса, онда дәлелдер белгілі_мәндер_x пен жаңа_мәндер_x әрбір тәуелсіз өзгермелі үшін баған (немесе жол) ұстауы керек. Егер дәлел жаңа_мәндер_x түсіп қалса, онда ол дәлел белгілі_мәндер_x-пен сәйкес келеді деп болжанады.

ЛИНЕЙН функциясы көп өлшемді желелік регрессия теңдігінің параметрлерінің мәндерінің массивін оралтады.

Синтаксис:

ЛИНЕЙН (белгілі_мәндер_y; белгілі_мәндер_x; конст; статистика).

Дәлелдер:

- белгілі_мәндер_y – тәуелді бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві;

- белгілі_мәндер_x – тәуелсіз бақылаудағы шаманың белгілі мәндерінің массиві; Егер дәлел белгілі_мәндер_x түсіп қалса, бұл массивтің {1;2;3;....} мөлшері белгілі_мәндер_y-тегідей деп болжанады.

- жаңа_мәндер_x – жаңа мәндер x, олар үшін тенденция функциясы тиісті мәндер y-ті қайтарады.

- конст- қисындық мән конст b-ның 0-ге тең болуының қажетілігі- қажетсіздігін көрсетеді. Егер дәлел конст ИСТИНА мәнінде болса немесе түсіп қалса, онда b әдеттегідей есептеледі. Егер конст ЛОЖЬ мәнінде болса, онда b 0-ге тең деп болжанады.

- статистика- регрессия бойынша қосымша статистиканы, мысалы, корреляция коэффициентін шығарудың қажетілігі- қажетсіздігін көрсететін мән. Егер статистика ИСТИНА мәнінде болса, онда ЛИНЕЙН функциясы қосымша регрессиялық статистиканы оралтады. Егер дәлел статистика ЛОЖЬ мәнінде болса немесе түсіп қалса, ЛИНЕЙН функциясы коэффициенттердің мәнін ғана оралтады.

Бақылау сұрақтары:

1) Регрессиялық талдаудың қандай әдістері бар?

2) Регрессиялық талдауға қандай функциялар қатысады?

3) Тренд желілерінің мәні?

4) Қандай тренд желілерінің мәні


ОСӨЖ күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Сабақтың тақырыбы және мазмұны Сағат саны Апта
1-тақырып. «Экономикалық ақпараттық жүйелер» Мақсаты:экономикалық объектіні басқарудағы ақпараттық жүйелермен танысу. Тапсырма:төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Экономикалық ақпараттық жүйе (ЭАЖ). Құрылымы. 2) ЭАЖ жіктелімі. 3) Менеджменттегі және маркетингтегі ақпарат жүйелерінің негізгі түрлері. Бақылау сұрақтары: 1) «Ақпараттық жүйе», ЭАЖ ұғымдарына анықтама беру. 2) Өздеріңізге белгілі ЭАЖ түрлерін атаңыздар. 3) Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (АвАЖ) деген не? 1-2
2-тақырып. «Жаңа ақпараттық технологиялар» Мақсаты:студенттерді информатиканың, ақпараттарды өңдеу құралдарының қазіргі қоғамдағы ролімен таныстыру. Тапсырма:төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Ақпараттық технологиялардың даму сатылары. 2) Ақпараттық технология түсінігі және олардың жәктелімі. 3) Анағұрлым кең тараған ақпараттық технологиялар. Бақылау сұрақтары: 1) «Ақпарат» терминіне ауқымды сипаттама беріңіз. 2) Ақпараттық технология деген не? 3) ЭЕМде программалау дегенді қалай түсінесіз? 3-4
3-тақырып. “Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары” Мақсаты: басқарудың ақпараттық жүйелерін меңгерту. Тапсырма:төмендегі өз бетімен дайындалу сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беу. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелері (АСУ ТП). 2) Жобалауды автоматтандыру жүйелері (САПР). 3) Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУП).   Бақылау сұрақтары: 1) Басқарудың технологиялық объектісі деген не? 2) Технологиялық процестерді басқарудың автоматандырылған жүйелерінің негізгі функциялары. 3) Жобалау деген не? 4) Қандай жобалау автоматтандырылмаған деп аталады? 5) Қандай жобалау автоматтандырылған деп аталады? 6) Жобалауды автоматтандыру жүйелері деген не? 7) Жобалауды автоматтандыру жүйелеріндегі жобалау технологиясының қағидаларын атаңыздар. 8) Өндірісті басқару жүйелері деген не? 5-6
4-тақырып. «Маманның автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО)» Мақсаты:заманауи мекемені және қызметкердің жұмыс орнын техникалық жабдықтау сұрақтарымен таныстру. Сонымен қатар, Power Point программасымен жұмыс дағдыларын қалыптастыру. Тапсырма:келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орны. 2) Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны. 3) Технологтың автоматтандырылған жұмыс орны. 4) Басшының автоматтандырылған жұмыс орны. Бақылау сұрақтары: 1) Маманның автоматтандырылған жұмыс орны деген не? 2) Экономист маманның автоматтандырылған жұмыс орнының міндеттері. 3) Бухгалтердің АЖО-ң негізгі міндеттері. 4) Басшының АЖО-ң тағайындалуы. 5) Электрондық офис деген не? 6) Офиске арналған интеграцияланған пакеттерге қандай программа кіреді? 7-8
5-тақырып. «Эксперттік жүйелер» Мақсаты: «Интеллектуальды» ақпараттық технология түсінігімен таныстыру. Тапсырма:Эксперттік жүйелердің мақсаты мен міндеттерін сипаттау. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Жасанды интеллект түсінігі. 2) Басқарудың эксперттік жүйелері. 3) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттері. 4) Білімдер базасы. Бақылау сұрақтары: 1) Жасанды интеллект деген не? 2) Эксперттік жүйелердің негізгі міндеттерін атаңыз. 3) Шешім қабылдауды қолдау жүйелері деген не? 4) Эксперттік жүйелердің сыныптарын атаңыз. 5) Эксперттік жүйелердің құрылымы. 6) Білімдер базасы деген не?   9-10
6-тақырып. «Жобаларды басқару жүйелері» Мақсаты:жобаларды басқаруды программалық жабдықтаумен таныстыру . Тапсырма:сұрақтары бойынша қысқаша конспект жазу және бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Іс қағаздарын жүргізу процесін және бизнес-жоспарлауды автоматтандырудың программалық құралдары. 2) Жобаларды басқару теориясының жалпы мәселелері. Бақылау сұрақтары: 1) Жобаларды басқару саласында туындайтын негізгі міндеттер класын сипаттаңыздар. 2) Жобаларды басқару міндеттерін шешетін программалық жабдықтарға мысал келтіріңіздер. 11-13
7-тақырып. «Компьютерлік желілер және желілік технологиялар» Мақсаты:компьютерлік желілерде ақпараттарды берудің қазіргі заманғы желілік технологияларымен студенттерді таныстыру. Тапсырма:келесі сұрақтар бойынша электрондық презентация дайындау. Өз бетімен дайындалу сұрақтары: 1) Интернет желісінің даму тарихы. 2) Интернет негізіндегі перспективті технологиялар. 3) Электрондық коммерция. 4) Электрондық төлем жүйелері. Бақылау сұрақтары: 1) Жергілікті желі деген не? 2) Жергілікті желі құру үшін қандай байланыс линиялары қолданылады? 3) Әлемдік желі мен жергілікті желінің негізгі айырмашылықтары неде? 4) Интернет желісін құрудың базалық қағидаларын атаңыздар. 5) Интернет желісінің қандай ақпараттық серверлерін білесіздер? 6) Интернетте қандай негізгі іздеу құралдары бар? 13-15
  Барлығы  

Студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмыстарының мақсаты:

· өзіндік білім алуды үйрену, оларды анализдеу, түрлі жағдайларда қолдана білу;

· ғылыми - әдістемелік әдебиеттермен және оқу жұмыстарымен жұмыс жасай білу;

Студенттер берілген материал бойынша оқытушымен келісе отырып өз бетінше жұмыс жасауы тиіс. Әр жұмысқа тиісті әдебиеттері көрсетілген. Өздік жұмысты көрсетілген бақылау формасы бойынша орындау керек.

 

Білімгерлердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

 

Мақсаты: Білімгерлерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдістемелік нұсқау: әр тақырып бойынша өздік жұмысты орындап отыру. Қолданбалы бағдарламалармен танысып, аймағында қолдану. Тапсырмаларды орындау барысында экономикада қолданылатын ақпараттық технологиялар туралы әдебиет көздерін және http://www.referat.onru.ru., http://useroffice.narod.ru/17.htm. Интернет материалдарын да пайдаланыңыздар.

Білімгерлерді өзіндік жұмыстарға үйрету үшін оларды, оқулықтармен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалық құралдармен, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге, олардан алынған қажетті материалды конспектілей білуге, теориялық білімді тәжірибеге өздігінен қолдана білуге, яғни тапсырмаларды, жаттығуларды орындай білуге, рефераттар жазуға, курстық және дипломдық жұмыстар орындауға, баяндамалар дайындауға т.б. жұмыстарға баулу.

Өзіндік жұмыстардың көлемі оқу бағдарламасындағы білімдер жүйесі бойынша анықталады. Дәрістерді толығымен қамту мүмкіндігі аз, бірақ меңгеруге жеңіл оқу материалдары, теориялық материалды пысықтауға арналған тапсырмалар рефераттар, баяндамалар дайындау, курстық және дипломдық жұмыстарға қажетті материалдар табу, оларды таңдай білу т.с.с. бірқатар жұмыстар өзіндік жұмыстардың негіздерін құрайды.

БілімгерлерСӨЖ тапсырмаларын орындап, нәтижесін компьютерде тексеріп, дәптерге, құжат үлгілерін дискетаға жазып, оқытушыға тексертулері керек.


СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ 1 1. Экономикалық ақпарат автоматтандырылған өндеу объекті ретінде Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге арналған ақпарат көздерін таптастыруы 2. Экономикалық ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелерді таптастыруы. 3. Жаңа ақпараттық жүйелер Графика түрлері. Графикалық редакторлар. Жасанды интеллект. 4апта   Дискідегі жұмыс Реферат
СӨЖ 2 1. Желілік технологиялар Өкілдік деңгейдің протоколы. Интернет-технологиялар. 2. Банкілік ақпараттық жүйелер (БАЖ) Пластикалық картаның жүйесі. Пластикалық картаның стандарты. Пластикалық картаның жүйені даму тарихы. 3. Салық ЭАЖ ҚР ИСАЖ ведомстволық ақпараттық жүйесінің сипаттамасы. ИСАЖ кіретің модулдер. 7 апта Дискідегі жұмыс реферат
СӨЖ 3 1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер (БУАЖ). Кіші және орта бизнестің бухгалтерлік жүйесінің ерекшеліктері. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің нарықты шолу. 2. Ақпараттық қордың ұйымдастырулуы және өткізу Ақпараттың үлкен көлемдері. Excel бағдарламаның құралдары ақпарат үлкен көлемдерімен нәтижелі жұмысы. Excel-де мәліметтер базасымен жұмыс істеу. 3. MS Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу. Кисынды функциялардын пайдалану мысалдары. Сочетания логических функций. Кисынды функциялардың үйлестіруі 11 апта   Дискідегі жұмыс
СӨЖ 4 1. Жинақтау кестелерімен жұмыс істеу Жинақтау кестелердің құру мастері. кестенің Параметры поля, кестенің параметрлері. Бір неше консолидациялармен жұмыс істеу. 2. Қаржылық функцияларды зерттеу. Қаржылық функцияларды зерттеу. Есептін механизмдері, мәлеметтердін форматтары, функциялардын синтаксисы. 3. Қаржылық талдау Қаржылық функциялармен талдау жұмысы. Алгоритм есептемесі.   14 апта   Дискідегі жұмыс
  Барлығы    

 


Глоссарий

Экономикадағы ақпараттық жүйелер- деп нақты өмірдегі қандай-да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы ақпараттардыжинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтады.

Информациялық-іздеу жүйелері (ИІЖ) – құжаттар жиыны арасынан информациялық сұраныста көрсетілген тақырыптарға арналған немесе қажетті мәліметтерді іздеуге лайықталған жүйелер.

Пакетті режимде жүйедегі мәліметтер берілген уақыт мерзімі келгенгеа дейін немесе мәліметтер көлемі қандай-да бір шектен асып кетпейінше жинақтала береді.

Интерактивті режимқолданушының информациялық-есептеуіш жүйесімен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Диалогты режимқолданушы мен жүйе арасында мәліметтер алмасуына мүмкіндік береді.

Жергілікті жүйелер шығарылып отырған есебіне есептеу қуаты сәйкес келетін бір компьютерді пайдаланады.

Үлестірілген жүйелерәрқайсысы жеке компьютерде іске асырылған және басқа жүйелерге тәуелді емес өзінің функцияларын орындайтын информациялық жүйелердің бірлестігі болып саналады.

Ақпараттық технология– бұл объект, процесс немесе құбылыстың жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу және тасымалдау құралдары мен әдістер жиынын қолданатын процесс.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп, көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.

Жаңа ақпараттық технологиялар деп, ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологияларын айтады.

Ақпараттық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдык өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

Командалық– командаларды енгізу үшін шақыруды экранға шығарады.

WIMP-(Window-терезе, Image-бейнелеу, Menu-меню, Pointer-нұсқама).

1. SILK-(Speech-сөз, тіл, Image-бейнелеу, Language-тіл, Knowledge-білім).

Желі- бұл есептеу ресурстарының тиімді үлестірілуін қамтамасыз ететін программалық, техникалық және коммуникациялық құралдардың жиынтығы.

Есептеу желісі- бұл байланыс арналарымен қосылған компьютерлер жиынтығы.

Желі архитектурасыдеп қолданушыларға түрлі ақпараттық ресурстардың кең ауқымын ұсынатын дербес компьютерлердің(ДК) күрделі бірігуін түсінеміз.

Физикалық топологияжелі түйіндерінің байланыс каналдарына қосылуының нақты схемасы, ал логикалық- түйіндер арасындағы мәліметтер ағымының бағытталу құрылымы.

Локальды желініңкомпьютерлері көбіне барлық қатысушылар үшін хаттамалардың біртұтас комплектісін қолданады.

Сервер- бұл желіге қосылған және оның пайдаланушыларына қандай да бір қызмет көрсететін компьютер.

Жұмыс станциясы- желіге қосылған дербес компьютер, пайдаланушы осы компьютер арқылы желі ресурстарына ену мүмкіндігін алады.

Файл-сервержелі пайдаланушысының мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге енуге мүмкіндік береді.

Аймақтық есептеу желісібір бірінен елеулі қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады.

Әлемдік желіәр түрлі елдерде, әртүрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді.

Бөлім желісін- кәсіпорынның бір бөлімінде жұмыс жасайтын, бір міндет аясында қызмет ететін қызметкерлердің кішігірім тобы қолданады.

Кампус желілеріжеке ғимарат шеңберінде бөлім желілерін біріктіреді және мұнда глобальды біріктірулер қолданылмайды.

Корпоративтік желілержеке кәсіпорынның барлық территорияларында компьютерлердің көп санын біріктіреді.

Әлемдік желі- бұл жалпы байланыс хаттамасы, қосылу әдістері және мәліметтермен алмасу хаттамалары бар, локальды ақпараттық желілерді біріктіретін телекоммуникациялық құрылым.

Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)- бұл жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде банкті ұйымдық басқару формасы.

Жүйе ауқымдылығы(масштабируемость)- бұл жүйенің қойылатын талаптарды кеңейтуге және шешетін міндеттер көлемін арттыруға қабілеттілігі: қызмет көрсететін автоматтандырылған жұмыс орындарының саны, өңдейтін құжаттар саны, сондай-ақ есептеу ресурстарын ұлғайтқан кезде оның жауап беру шапшаңдығы, жалпы өнімділігі.

Жүйеикемділігі(настраиваемость) -бұл оның мобильділігі, өзгермелілігі, шапшаңдық қасиеті.

Front-office(жоғары деңгей) - банктің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін ішкі жүйе. Ішкі жүйеде алғашқы ақпараттарды енгізу, банктің клиенттермен, басқа банктермен, биржалармен, қор нарығымен өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Back-office(орта деңгей) - жалпы банктік және жалпы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Accounting(төменгі деңгей) - бухгалтерлік есеп шеңберінде банк қызметін уақытылы және дұрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Analysis- банктің ағымдық жағдайын талдау, жоспарлау және ішкі аудит операцияларын орындау жүктелген.

Интернет-банкинг - Интернет арқылы банктік шоттарды басқару қаржылық интернет-шешімдердің анағұрлым өсіңкі және өкілді бағыттарының бірі болып табылады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау – жүйе элементтер жұмысының кіруін анықтау, жоба құжаттамасын және жобалық шешімдерді өндіру, ақпараттың үрдістерін зерттеу құрамына кіретін күрделі үрдіс болып табылады.

Бухгалтерлік ақпарат – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық жұмысы жайлы мәліметтер жиынтығы болып табылады.

Құжат – мәнділігі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымы бойынша бірдей көрсеткіштерден тұратын ақпараттар жиынтығы.

Хабарлама – белгілер-реквизиттерден ғана тұратын ақпараттар жиынтығы.

Файл (массив) – мәнділігі әртүрлі анық құрылымды хабарламалар немесе реквизиттердің бірнеше көрсеткіштерін қосатын ақпараттар жиынтығы.

Ақпараттық ағын – бухгалтерлік есептің қандайда нақты бөлігіне байланысты массивтер жиынтығы.

Ақпаратық жүйе – тікелей және кері байланыстары бар ақпараттық ағындардан тұратын ақпараттың ең биік бірлік дәрежесі болып табылады.

Кодтау және классификация жүйесі.

Классификация - әртүрлі белгілер бойынша көпшілікке берілген объектілердің ойдағыдай бөлінуі.

Классификатор – кодталған объектілер атауларының жүйеленген бірлігі, олардың классификацияланған топтар мен кодтық байланыстары болып табылады.

Классификация жүйесі – бұл объектілердің жиынның жиынастыға бөлінуінің ережелер жиынтығы.

Классификацияның иерархиялық жүйесі болып классификациялық топтар арасындағы иерархиялық қатынас орнайтын классификация табылады.

Кодтау – объектіге кодтық белгінің қойылу процесі.

Қайта кодтау – ертерек кодталғанобъектіге жаңа кодтық белгінің қойылуы.

Декодтау – кодтауға кері процесс.

Кодтау жүйесі – бұл объектілерге кодтарды беруіне байланысты ережелер жиынтығы.


Дәрісханалық кешен

1-дәріс. Экономикалық ақпарат автоматтандырылған өңдеудің объектісі нәтижесінде

Жоспар:

1. Экономикалық ақпарат және оның классификациясы

2. Экономикалық ақпарат – автоматтандырылған өңдеу объектісі

1. Экономикалық ақпарат және оның классификациясы.

Қайнар көздің тұтынушыға жүру жолында ақпарат көптеген өзгергіш қатарларынан өтеді – кодтайтын және декодтайтын құралдар, анықталған алгоритм бойынша ақпаратты өңдейтін есептеуіш машина. Өзгеру стадиялар аралығы тұтынушыдың қашықтық түрінде хабардың мағыналық қасиеті екінші жобасына өтеді, сондықтан «ақпарат» түсінігін тіпті «мәлімет» түсінігіне ауыстыруға болады. Мәлімет өзімен бекіту, факт және (немесе) сан, өзара бір-бірімен байланысқан лексикалық және синтаксистік жиындықтарын көрсетеді. Лексикалық байланыс (жиі прагматическалық деп аталды) жиі тілдің құрылымында байланыстарды бейнелейді, мысалы, «түрі-кескіні», «толық-бөлігі». Хабардың жеке бөліктерінің арасындағы байланыс синтаксистік (сигматикалық) байланыспен бейнеленеді. Олар ауыспалы болып табылады: мысалы, үтірдің күйі «Өлім жазасын беруге болмайды кешіруге болады» сөзінде оның сол немесе басқа мағынасын білдіреді. Кейбір жағдайларда ақпарат пен мәліметтер арасындағы айырмашылықты ерекшелеуге қажет емес, олар синоним ретінде қолданылады.

«Экономикалық ақпарат» түсінігін анықтау үшін экономикалық процесстердің рамкаларын сызып қою керек. Экономикалық процесстерге ең толық формасы өндіруші, бөліп тарату, айырбастау және материалды игілікте қолданылуы болып табылады. Көрсетілген процесс туралы ақпарат экономикалық ақпарат деп аталады. Экономикалық ақпаратты өңдей үшін тепе-теңдік жай алгоритмдер, логикалық оперцияларды (жөнге салу, таңдау, түзету) арифметикалық басымдылықпен мәліметтердің нәтижелік және шығуы кестелік формада көрсетіледі.

Ең негізгі белгіге әдетте экономикалық ақпаратты класификациясының айналып жүруіне келесі жатады:

- берілген басқару жүйесіне қатынас. Бұл белгі хабарды, ішке кіруге және шығаруға бөлу мүмкіндігін береді.

- уақыт белгісі. Уақытқа байланысты хабар перспективті (болашақ жағдай) жә







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.