Здавалка
Главная | Обратная связь

Мерзімдік басылымдар

СИЛЛАБУС

Мамандық: 5В050900 Қаржы, 5В050600 Экономика, 5В050800 Есеп және аудит

 

Алматы, 2015


Мазмұны

1. Жалпы бөлімі

2. Семинар (практикалық) сабақтардың тақырыбы мен мазмұны

3.Дәрісханадан тыс сабақ бойынша сабақтардың тапсырмаларын тапсыру мен орындау кестесі

4. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

5. Оқушылардың оқу жетістіктерінің нәтижесін бағалау жүйесі

1. Жалпы бөлім

 

1.1 Оқытушы туралы мәліметтерОмарбакиев Лутпулла Амурулламович, экономика ғылымдарының докторы, Тұран университетінің профессоры, +7 777 724-01-47, e-mail: omarbakiyev@mail.ru

1.2 Пән пререквизиттері

«Салық және салық салу» курсын табысты игеру үшін, студентке «Экономикалық теория», «Қаржы», «Ақша, несие, банк» туралы тереңдетілген теориялық білім саласы қажет. Студенттер экономикалық жағдайларды талдап, проблемаларды негіздей алуы керек.

1.3 Пән постреквизиттері

«Салық және салық салу» пәнін меңгергеннен кейін студент «Салықтық әкімшілік», «Салықтық жоспарлау», «Қаржылық есеп беруді талдау», «Кәсіпорынның банкротталуы», «Корпоративтік қаржы» пәндерімен жалғастыруды қажет етеді.

1.4 Пәнді оқыту мақсаты

Студенттерге «Салық және салық салу» пәні бойынша ғылыми дәрежедегі және тәжірибедегі салық салуды тиімді іске асыру механизмін үйрету негізінде білім беру.

Студенттер бұл курсты үйрену барысында ҚР Салық кодексі және нарық экономикасының принциптеріне сәйкес әртүрлі меншік нысанындағы компаниялардың салықты төлеуі туралы білімді және шет мемлекеттердің компанияларының салық төлеу тәжірибесін үйренеді, және де салық салу саласындағы проблемаларды шешу жолында теориялық іздестіру нәтижелерін қолданады.

1.5 Пәнді оқыту міндеттері

- Салық тың экономикалық мәні мен маңызын, салық ғылымын, салық салу механизмін, мемлекеттің салық саясатын қарастыру;

- Салық салу қызметін реттейтін заңнамалар негізін, норативтік және құқықтық актілерді білу;

- Салық салу жүйесінде заңға қолданатын өзгерістерге БАҚ арқылы, электрндық жүйелер арқылы байланыс жасап отыру.

1.6 Оқыту нәтижелері

1.6.1 Жалпы (кілттік) құзыреттер

Студент пән бойынша білім алу соңында төмендегілерді біліп меңгеріп дағдылануы қажет:

- салықтардың экономикалық мәнін және ҚР салық жүйесінің қалыптасуы кезеңдерін жекелеп талдау жасау, салық саясатының механизмін, оның рыноктық экономика жағдайындағы ролі мен дамуы және құрылу заңдылықтарын білуі қажет;

- салықтардың барлық түрлерінің қазіргі жағдайдағы қолданылуы, төлеу тәртібі, жалпы салық салу механизмін толық меңгеру керек;

- салық жүйесінде болып жатқан өзгерістерді жан жақты зерделеу.

 

1.6.2 Арнаулы құзыреттер:нақты бір салық түрлерін практика жүзінде есептеп үйрену, салық заңдылықтарын салық салуда дұрыс қолдана білу, салықтар түрлерінің бюджет деңгейлеріне бөлінуін және салықтық жеңілдіктерді қолдану механизмін жетік меңгеру керек.

 

1.7 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары

№ п/п Тақырып атауы Оқу сағаты
Барлығы Дәрістер Практикалық сабақтар СӨЖ СОӨЖ
  1. БӨЛІМ. САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ          
Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама
Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.
  2. БӨЛІМ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР          
Көлік құралдарына салынатын салық
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу
Жер салығы және біріңғай жер салығы
  3. БӨЛІМ. ТҰТЫНУҒА АРНАЛҒАН САЛЫҚТАР      
Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС) *
Акциздер
Ойын бизнесіне салық салу және тіркелген салық
  4. БӨЛІМ. ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР          
Корпоративтік табыс салығы. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
Жеке табыс салығы
Экспортқа рента салығы . және Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
Әлеуметтік салық
  V Бөлім. АРНАЙЫ САНАТТАРДАҒЫ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ          
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (АСР) Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
  VI БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР  
Алымдар, төлемдер және баждар *
  Барлығы:

2. Семинар (практикалық) сабақтардың тақырыбы мен мазмұны

1-тақырып. Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты

1. Салық ставкалары және оның салық салу жүйесіндегі мәні, салық салу әдістері және оның сипаттама.

2. Салықтардың пайда болуы мен қажеттілігі.

3. Салықтардың арнайы белгілеріне қарай жіктелуі.

 

2 Тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама

1. ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі кездегі жағдайына сипаттама.

2. Бүгінгі салық реформасының концепциясы. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтардың түрлері мен міндетті төлемдер және жіктелуі..

3. Қазақстанның салық заңдылықтары

 

3 Тақырып. Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі.

1. Салық саясаты: типтері, мақсаты мен міндеті

2. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы мен ерекшеліктері.

3. Салық саясатының мемлекеттің ең негізгі экономикалық саясатын жүзеге асырудағы рөлі.

4. Қазақстанның бүгінгі салық саясаты және олардың тиімділігі.

5. «Салық механизмі» ұғымының экономикалық мәні.

6. Салық механизмінің құрылымы. Салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама.

 

4 Тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық

1. Көлік құралдарына салынатын салықтар реформалаудың негізгі кезеңдері мен олардың мақсаттары.

2. Көлік құралдарына салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі.

3. Көлік құралдарына салынатын салықтың құрылу негіздері

5 Тақырып. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу

1. Мүлік салығын төлеуден босатылған жеке тұлғалардың категориялары.

2. Жеке тұлғалардың мүліктік салық салу обьектісі.

3. Жеке тұлғалардың мүлкінің салық ставкасы және ерекшеліктері мен қолданылуы.

4. Салықты төлеу мен есептеу тәртібі

6 Тақырып. Жер салығы және бірыңғай жер салығы

1. Жер салығының экономикалық мазмұны және жер салығының жіктелуіне сипаттама.

2. Бонитет балы. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.

3. Бірыңғай жер салығының экономикалық мазмұны.

4. Бірыңғай жер салығын төлеу тәртібі, жеңілдіктері.

5. Бірыңғай жер салығында заңды тұлғалардың салығын төлеу мерзімі және есептеу тәртібі

7 Тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС)

1. Қазақстанда ҚҚС енгізудің қажеттілігі мен алғы шарттары.

2. ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. ҚҚС негізгі құрылымы. ҚҚС төлеушілер: түзету тәртібі және салық есебінен шегерімдер.

4. ҚҚС салу обьектісі. Салық салынатын айналым.

 

8 Тақырып. Акциздер

1. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу.

2. Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы.

3. Акцизден босатылған акцизделетін тауарлардың импорты.импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу тәртібі және мерзімі. .

4. Салық базасы және салық салу обьектісі

9 Тақырып. Ойын бизнестеріне салық салу және Тіркелген салық

1. Ойын бизнесіне салық салу мөлшерлемесі құрылымының ерекшеліктері.

2. Салық төлеу кезеңдері.

3. Салықты төлеу мерзімі және есептеу тәртібі.

4. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің салығы

5. Тіркелген салықтың экономикалық мәніне жалпы сипаттама.

6. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі.

7. Салық декларациясын табыс ету мерзімі.

10 Тақырып. Корпоративтік табыс салығы. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

1. КТС экономикалық мазмұнына жалпы сипаттама.

2. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін көлемін айқындау механизмі.

3. Салық преференцияларының салаларға орналастырылуы және экономикалық мазмұны.

4. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар табыс ететін жеке табыс салығы мен табыстардан әлеуметтік салық бойынша декларацияны табыс ету.

11 Тақырып. Жеке табыс салығы

1. Жеке табыс салығының экономикалық мазмұны.

2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар және түрлері.

3. Жеке табыс салығы бойынша декларация.

4. Салық ставкалары. Салық кезеңі.

5. Төлем көзінен салық салынатын табыстардың түрлеріне жалпы сипаттама.

6. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

12 Тақырып. Экспортқа рента салығы . Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

1. Экспортқа рента салығының мәні.

2. Экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатына рента салығының есептеу және ставканы қолдану тәртібі.

3. ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері және салықтарына жалпы сипаттама.

4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің негізгі принциптері

13. Тақырып. Әлеуметтік салық

1. Әлеуметтік салықтың салық салу ерекшеліктеріне экономикалық мазмұнына жалпы сипаттама.

2. Әлеуметтік салық ставкалары.

3. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.

4. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты есептеу ерекшеліктері.

14 Тақырып. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (АСР). Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимі

1. Арнаулы салық режимінің экономикалық мазмұны, бекітілуі және мақсаты.

2. Арнаулы салық режимдерін шағын бизнес субъектілері үшін салалар бойынша таралуы.

3. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары.

4. АСР қолдану ерекшеліктері және сипаттамасы..

5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні

 

15 Тақырып. Алымдар, төлемдер және баждар

1. Алым» туралы ұғым және оның басқа салықтар мен төлемдерден айырмашылығы.

2. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер .

3. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынатын алым.


3. Дәрісханадан тыс сабақтардың тапсырмаларын тапсыру мен орындау кестесі

Тақырып № СОӨЖ СӨЖ Тапсыру мерзімі, апта
Тапсырма түрі Өткізу түрі Тапсырма түрі Бақылау түрі
Салықтардың экономикалық мәні мен табиғаты Тестілеу Салық және салық салудың теориялық негіздері Презентация
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама Ауызша Мемлекеттің салық жүйесі Глоссарий құрастыру
Салық саясаты және оның мемлекетіміздің экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі. Ауызша Мемлекеттің салық саясаты Жазбаша Аннотация
Көлік құралдарына салынатын салық Жазбаша Конспект Көлік құралдарына салынатын салық бойынша декларация толтыру Жазбаша Есеп шығару
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу Жазбаша Аннотация Мүлік салығы бойынша салық төлеушілердің төлеу мерзімін бұзғаны үшін және салықты дұрыс есептемегені үшін жауапкершілігі. Жазбаша Аннотация
Жер салығы және бірыңғай жер салығы Презентация Жер салығы бойынша декларация толтыру Жазбаша Есеп шығару
Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС) Тестілеу ҚҚС бойынша есеп құрастыру Жазбаша Есеп шығару
Акциздер Ауызша Акциз бойынша есеп құрастыру Жазбаша Есеп шығару
Ойын бизнестеріне салық салу және тіркелген салық Жазбаша Аннотация Ойын бизнесіне салық салу және тіркелген салық тақырыптары бойынша есеп құрастыру Жазбаша Есеп шығару
Корпоративтік табыс салығы. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері Ауызша КТС бойынша кәсіпкерлердің ЖЖТ, шегерімдерді алып тастап практикада қолданылатын әдістерді қолдана отырып есептер шығару. Корпоративтік табыс салығы. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері Жазбаша Конспект
Жеке табыс салығы Ауызша Дамыған елдердегі жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері Презентация
Экспортқа рента салығы . Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу Презентация Экспортқа рента салығы . Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу Жазбаша Аннотация
Әлеуметтік салық Жазбаша Конспект Әлеуметтік салықты есептеу механизмі Жазбаша Есеп шығару
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі (АСР) Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі Ауызша Оңайлатылған декларацияны толтыру ерекшеліктері Жазбаша
Алымдар, төлемдер және баждар Тестілеу Қазақстандағы алымдар, төлемдер және баждар Презентация

 

3. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі(негізгі әдебиеттер тізімі 5 немесе 3 әдебиеттен кем болмауы керек, қосымша әдебиеттер тізімі 10 әдебиеттен артық болмау керек)

Негізгі әдебиеттер тізімі

1. Құлпыбаев С.Қ., Ынтықбаева С.Ж.., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық.- Алматы. Экономика, 2010-540 бет

2 А.Д. Умбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек. Салық және салық салу: Оқулық.-Алматы: Экономика, 2006. -864бет.

3. Нурумов А.А. Салық және салық салу: Оқу құралы,-Астана. ҚазЭҚХСУ, БПО, 2009.-546 б.

4. Интикбаева С.Ж., Кульжабаева М.Т., Практикум, Налоги и налогообложение, 2011г. 250 стр.

5. Султанова Б.Б. Налоговый учет. - Оқу құралы, Алматы, Экономика, 2007г

 

Қосымша әдебиеттер тізімі

1. Основы финансов. Мельников В.Д., Оқулық. – Алматы: ЛЕМ, 2006

2. Налоги и налогообложение - учебник под ред. Юткиной Т.Ф. - М.: ЮНИТИ 2001 г.

3. Қазақстанда салық және салық салу. Оқу құралы. /Идрисова Э.К. Алматы: Фонд «Формирование налоговой культуры», 2009

4. Налоги в Казахстане. Сейдахметова Ф.С., Учеб. пособие – Алматы: Лем, 2002.–160 с.

5. Салық және салық салу. Отаров А.К. Оқулық –Шымкент: ХҚТУ 2010ж

Нормативтік -құқықтық база

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы

2.ҚР-ның Бюджеттік кодексі

3.ҚР-ның Салықтық кодексі

4.ҚР-ның Кедендік кодексі

 

Мерзімдік басылымдар

1.Егемен Қазақстан.

2.Қаржы-қаражат журналы

3.Бухгалтер Бюллетені

4.Қазақстан Банкі айлық журналы

 

4. Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау

4.1 Оқыту әдісі

4.2 Бақылау түрі

1. Эссе –белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында «Салықтардың мән мен мазмұны бойынша пікірталастар» тақырыбында эссе жазу қарастырылған. 1 не 2 беттен тұрады (А 4).

2. Аннотация –қандай да бірмақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау.Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгіңгі жағдайына сипаттама» (тақырып 2) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Аннотация тақырыбы «ҚР-да қазіргі кездегі салық жүйесінің проблемалары мен міндеттері». Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем).

3. Шағын топтардағы жұмыс.Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация –бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі үшінші тапсырма – «Салық саясаты: типтері, мақсаттары, бағыт-бағдары» және «Салық механизмі: құрылымы мен элементтеріне сипаттама» тақырыбындағы презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.

Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

4. Ситуациялық есептер құрастыру – белгілі бір салықтың түрі бойынша (бар ставка мен жеңілдіктердің түрлерін пайдалана отырып) белгілі бір жағдайларға байланысты есеп құрастыру. Жеке салықтар бойынша бір магистрант құрастыруға болады, ал, кешенді түрде есеп құрастыру шағын топ құруды талап етеді. Кешенді түрдегі есептер бір ғана салық субъектісінің бірнеше салықты төлеуіне негізделген. Сондықтан, топ мүшелері салықтың түрлерін өзара бөліп алады және келесі біреулері олардың бәрін біріктіріп, бір жүйеге келтіреді.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі берілген тапсырмаға байланысты, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

5. Блок – сызба құрастыру –нақты бір салықтың түрі бойынша графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді.Кейбір бағыттары: салықтың қалыптасу және даму кезеңдері (реформа жүргізілген кезеңдер) объекісі мен төлеушісі, жеңілдіктерінің түрі (бар болса), ставкасы, төлеу мерзімдері, есептеу механизмі және т.б.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

6. Экономикалық талдау жасау –сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде салықтық түсімдердің өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

7. Шолу және аннотация -соңғы екі тақырыпқа, ортақ тақырып «Салық әкімшілігін жүргізу: проблемалары мен жетілдіру жолдарына» арналады. Мұндағы мүмкін болатын бағыттар: салық әкімшілігін жүргізу нысандары мен әдістеріне тоқталып, ондағы кездесетін кейбір проблемалық мәселелді атап өту керек және оны болдырмау немес жетілдірудің қандай жолдары бар екендігіне тұжырымдар жасап, оны негіздеу қажет.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-3 беттен тұрады, ауызша 3 минут, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

Жазбаша жұмыстарды бағалау критерийлері

А:

- Тақырып жан – жақты аргумент келтіріле отырып, ашылған;

- Жұмыс магистранттың материалды өте жақсы білетіндігін көрсетіп, мақсатты түрде жан – жақты талданса және тұжырымдар келтіріліп, жалпыланса;

- Баяндаудың логикалық жағынан үйлесімділігі, құрылымының дұрыс болуы;

- Жұмыс әдеби тілмен жазылып және оның мазмұны стилдік жағынан сәйкес келуі қажет;

В:

- Тақырып мейілінше толық ашылуы қажет;

- Жұмыс, тақырып бойынша материалдыжақсы білетіндігін және алыну көздерін өзінің ойларын негіздеуге дұрыс қолдана алатындығын көрсетуі қажет.

- Баяндама логикалық жағынан үйлесімді болуы шарт;

- Жұмыс литературалық дұрыс тілмен жазылуы керек;

С:

- Тақырыптың тек басты мәселелері ғана ашылуы;

- Жалпы алғанда дұрыс, біржақты немесе тақырып бойынша толық жауап берілмеген және одан аз да болса ауытқушылық бар болса;.

- Ойды жеткізген кезде үйлесімділік бұзылса;

- Жұмыс жәй сөздермен жеткізілсе;

Д:

- Тақырып үстіртін ғана ашылса;

- Жалпы тақырып бойынша жеткіліксіз жауап берілсе, тақырыптан ауытқушылық айтарлықтай болса.

- Ойды толық жеткізе алмау, баяндаманың логикалық жағынан үйлесімсіз болуы;

4.3 Қорытынды баға есебі

Ағымдық жетістігінің бағалары ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан құралады.

Ағымдық Үлгерімінің ағымдық бақылауы –сабақты жүргізуші оқытушымен өткізілген, оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша оқушыны оқу үлгерімін жүйелі тексеру.

Аралық бақылау оқу пәнінің көлемді бөлімдерін оқып аяқтау бойынша аралық бақылау жүргізіледі.

Пән бойынша пайыздық мөлшердегі қорытынды баға мына формула бойынша анықталады:

И% = Р1+Р2 × 0,6 + Э × 0,4

2

Оқушылардың білімін бағалау балльдық-рейтингтік әріптік жүйеге сәйкес дәстүрлі жүйе бойынша бағалау шкаласына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Оқушылардың оқу үлгерімін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесін дәстүрлі жүйе бойынша бағалауды аудару

Әріп түріндегі баға Балдың сандық баламасы оқу пәнін игерудің %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A 4,0 95-100 өте жақсы
A- 3,67 90-94  
B+ 3,33 85-89 жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 қанағаттандырарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттандырарлықсыз

4.4 Балл жинау жүйесі(бағалау критериі – бағалау неден жиналады, жұмыс түрі бойынша бақылау) оқу пәні бойынша қорытынды баға келесі бақылаудың түрлерін қамту керек:

Бақылау түрі Баллдар
Сабаққа қатысымы 15-ке дейін
Дәрісханадағы жұмысы (дәріс пен семинардағы белсенділігі): - тақырып бойынша шолу - нарықты талдау - тақырып тұсаукесері - іскери ойындарға қатысуы (Business Game) - оқуға байланысты нақты жағдаяттарды шешу (Case Study) 30-ға дейін
СӨЖ бен СОӨЖ тапсырмаларын орындау: - сараптамалық шолу - эссе - тақырып бойынша ағымдық тесттер - глоссарий жазу - жеке жобасын қорғау және тағы басқалар 25-ке дейін (СӨЖ бен СОӨЖ тапсырмаларын уақытында өткізбегені үшін әрқайсысынан баллдан алынып тасталынады)
Аралық бақылау (АБ) 30 дейін
  Оқу пәні бұзылған жағдайда оқытушылар семестр ішінде 10 ұпайға дейін алып тастауларына құқылы  
  АБ бойынша жоғары ұпайы Қорытынды емтихан бойынша төменгі өту ұпайы 100 балл 50 балл

Ескерту: қатынасу өлшемінің бағасы 15 % тең болғанда, апталық оқуға қатынасу ұпайының бағасы 1 % тең.

 

4.5 Бақылау-өлшеу құралы(жазбаша бақылау тапсырмасы, тестілік тапсырма, коллоквиум сұрақтары, өзін-өзі дайындау сұрақтары бойынша тізім, емтихан билеттері, жобалық тапсырмалар және т.б.)

Өзін-өзі дайындауға арналған сұрақтар тізімі (100 төмен емес)

  1. Салықтардың экономикалық мәні
  2. Салықтардың функциялары
  3. Салық салу қағидалары (принциптері)

4. Салықтардың жіктелуі және негізгі белгілері

5. Салық жүйесі дегеніміз не?

6. ҚР қызмет атқаратын салық түрлері

7. Алымдар мен төлемақылардың салықтардан айырмашылығы

8. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің құрылу кезеңдерін атаңыз

9. Тікелей және жанама салықтар (олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар)

10. Салық салу жүйесін құрудың концептуалдық негіздері.

11. Қазақстан Республикасында салық жүйесін қалыптастыру мен реформалау кезеңдерін бағалау.

12. Қазақстан Республикасында салық салудың қазіргі жүйесінің мәселелері.

13. Қазақстанда салық қызметін қалыптастыру және дамыту, оның құрылымы.

14. Мемлекеттің экономикалық саясатының басыңқы бағыттарын жүзеге асырудағы салық саясатының ролі.

15. ҚР қазіргі салық саясаты: тактика және стратегия, оң және теріс тенденциялар және даму перспективалары.

16. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлеудегі салық төлеушілердің жауапкершілігі.

17. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық салудың ерекшеліктері.

18. «Салық механизмі» ұғымының экономикалық мазмүны, оның құрылымы.

19. Мемлекеттің салык саясатын жүзеге асырудағы салық механизмінің ролі.

20. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкіне салық салу.

21. Көлік құралдарының әрбір түрі бойынша заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығын есептеу мен төлеу тәртібі.

22. ҚР нысаналы мақсаттағы жерлер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері.

23. Қазақстанда ҚҚС құрудың ерекшеліктері.

24. Қазақстанда қолданылатын ҚҚС бойынша есепке алу әдісі.

25. ҚР акциздік салық салудың құрылу негіздері және экономикалық мазмұны.

26. ҚР кедендік төлемдердің жүйесі.

27. Корпоративтік табыс салығының құрылу негіздері.

28. Резидент еместердің табысына салық салу.

29. Жеке табыс салығының құрылу негіздері.

30. Төлем көзінде салык салынуға жататын жеке тұлғалардың табысының құрамы мен құрылымы.

31. Жеке тұлғалардың төлем көзінде салық салынбайтын табыстары және оларбойынша жеке табыс салығын есептеу тәртібі.

32. Еңбек ақы қорынан алынатын салықтар мен төлемдердің құрылу негіздері.

33. Арнаулы салық режимінің экономикалық мәні және Қазақстан Республикасында оларды қолданудың ерекшеліктері.

34. Қазақстан салық жүйесіндегі алымдар, төлемақылар және баждар, олардыңэкономикалық мазмұны, айрықша белгілері, қолданылу ерекшеліктері.

35. Бюджетке түсетін салықтардың толықтығына салық реформасының әсері.

36. Салық заңдылығын жетілдірудің қазіргі қарқыны және оның ҚР салық салу жүйесіне әсер етуі.

37. Салықтардың экономикалық мәні.

38. Салықтардың пайда болу нысандары.

39. Салықтардың атқаратын қызметтері, міндеті.

40. Салықтардың фискалды міндеті.

41. Салық ставкалары және оның салық салу жүйесіндегі мәні.

42. Салық салу әдістері және оның сипаттамасы.

43. Салық жеңілдіктері және олардың табыстарды ретеп, өндірісті ынталандыру ролі.

44. Салық жүйесінің классификациясы.

45. ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі кездегі жағдайына сипаттама.

46. Меншікке және табысқа салынатын салықтар.

47. Мүлікке салынатын салықтың атқаратын қызметтері мен құрылу қағидалар және экономикалық мәні. Салық ставкалары.

48. Мүлікке салынатын салықтар бойынша қолданылатын жеңілдіктер мен оның қолданылуы.

49. Мүлік салығы бойынша салық төлеушілердің төлеу мерзімін бұзғаны үшін және салықты дұрыс есептемегені үшін жауапкершілігі.

50. Жеке және заңды тұлғалардың түрлі көлік құралдары бойынша салықты есептеу мен төлеу тәртібі.

51. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны.

52. Көлік құралдарына салынатын салықтың салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері.

53. Жер салығын төлеушілер.Салық салу объектісі.

54. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі.

55. Жер салғын есептеу мен төлеу тәртібі.

56. Арнаулы салық режимінің мәні мен мазмұны.

57. Арнаулы салық режимі және қолданудың ерекшелігі

58. Арнаулы салық режимінің қолдану аясы.

59. Қосылған құнға салынатын салық.

60. Салық салу объектісі мен төлеушілері.

61. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.

62. Акциздердің экономикалық мазмұны және оның жанама салықтар жүйесіндегі атқаратын ролі.

63. ҚР өндірілетін және өткізілетін акциздік тауарлар мен акцизделетін қызметтер түрлеріне салық салу.

64. Мемлекеттік баждың экономикалық табиғаты, қолдану қажеттілігі және есептеу тәжірибесі.

65. Заңды тұлғалар табысына салынатын салықтың экономикалық мәні мен мазмұны.

66. Корпорациялық табыс салығының ставкалары.

67. Жеке табыс салығының даму эволюциясы және оның экономикалық мазмұны.. 10.Жеке табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі.

68. ЖТС әлеуметтік-экономикалық міндеті және оның халыққа салынатын салықтардың ішіндегі алатын орны

69. Қазақстан Республикасында резидент еместерге салық салу.

70. Салықты табыс алатын заңды тұлғалар, резиденттер мен бейрезиденттер.

71. Резидент емес-жеке тұлғаларға салық салу тәжірибесі.

72. Әлеуметтік салық ұғымы. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі мен төлеушілері.

73. Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР оны енгізудің алғышарттары.

74. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты төлеу ерекшеліктері.

75. Жерқойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің экономикалық мәні мен мазмұны.

76. ЖҚП-дың төлейтін арнайы салықтары мен төлемдері

77. Бонустарды алу мен төлеу тәртібі.Пайдалы қазбаларды өндіру салығы.

78. Үстеме пайда салығы: объектісі мен төлеушілері.

79. Үстеме пайда салығының ставкалары.

80. ҚР жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың даму эволюциясы.

81. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлем түрлері.

82. “Алым” туралы ұғым және оның басқа салықтар мен төлемдерден айырмашылығы.

83. Жер салығының экономикалық мазмұнына жалпы сипаттама

84. Заңды және жеке тұлғарлардың жер салығын төлеу тәртібі

85. Жер салығын төлеушілерге қандай жеңілдіктер қарасттырылған

86. Бірыңғай жер салығының ставкасын реттеу: мәні, қажеттілігі және қолдану тәртібі.

87. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны

88. Жеке тұлғалардың мүлік салығына жалпы сипаттама

89. Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер кімдерге беріледі

90. Арнайы экономикалық аймақтарда мүліктерге қандай жеңілдік беріледі

  1. ҚҚС артықшылықтары мен кемшіліктері.
  2. ҚҚС төлеушілерді айқындау.
  3. Қосылған құн салығы салынатын айналымдар және импорт.
  4. ҚҚС ставкасының қазақстан практикасында салық салу және қолдану ерекшеліктері
  5. Бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасын есептеу механизі.

96. Корпоративтік табыс салығына жалпы сипаттама

97. Шет елдік заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

  1. Табысқа салынатын салықтар Қазақстандағы заңды тұлғалардың табысына салық салудың даму жүйесі
  2. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны , функциялары және құрылу механизмі.

100. Жылдық жиынтық табыстың құрылымы және құрамы.

101. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі

102. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар және түрлері.

103. Жеке табыс салығы бойынша декларация.

104. Салық ставкалары. Салық кезеңі. Төлем көзінен салық салынатын табыстардың түрлеріне жалпы сипаттама.

105. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы.

106. Әлеуметтік салық. Салықты төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық ставкасы.

107. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі, төлеу мерзімі тәртібі.

108. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты есептеу ерекшелiктерi

109. Әлеуметтік салықтың салық жүйесіндегі алатын орны

110. Әлеуметтiк салықты төлеу және есептеу тәртібі

111. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

112. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

113. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

114. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

115. Алымдар мен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер.

 

Болжамды емтихан тесті (жауабы бар нұсқаларымен 25 тест сұрақтары)

1.Салықтар алғаш рет қашан пайда болған:

A. мемлекеттің пайда болып, қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

B. қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

C. капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезінен бастап;

D. ақша-тауар қатынасы дамыған кезден бастап;

E. мелекетттің жан-жақты дамуымен бірге пайда болды.

 

2.Салықтар түрлі натуралды салымдардан ақша күйіне:

A. кейінгі феодализм кезеңіндегі ақша-тауар қатынастарының дамуымен байланысты

B. тауарлы қатынастардың дамуымен байланысты;

C. капиталистік қатынастардың дамуымен байланысты;

D. құл иеленушілік қоғам кезінде;

E. ертедегі феодализм кезінде ауысты.

 

3.Салықтарға келесі функциялар тән:

A. реттеу, қайта бөлу, фискалды;

B. бақылау, реттеу, бөлу;

C. фискалды, бақылау, ынталаңдыру;

D. қайта бөлу, фискалды, ынталаңдыру;

E. экономикалық және бөлу.

 

4.Салыққа сіз қандай анықтама берер едіңіз?

A. салықтар – ол мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен азаматтарға салатын заңда белгіленгендей белгілі бір мөлшерде және белгіленген мерзімде төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдері.

B. салықтар – ол бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

C. салықтар – ол шаруашылық субъектілерінен алынатын алымдар;

D. салықтар - ол шаруашылық субъектілері мен халықтардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері;

E. салықтар – ол заңда белгіленген мемлекетке төленетін міндеттті төлемдер;

5. Салық салу:

A. ақшалай қаражаттарды мемлекет пен азаматтар және шаруашылық субъектілер арасында бөлу әдісі;

B. міндеттті төлемдер жүйесі;

C. ақшалай қаражаттарды алу әдістері;

D. ақшалай табыстарды мемлекеттік бюджет деңгейлері арасында бөлу әдісі;

E. ақшалай табыстарды мемлекеттік бюджет табысына алу әдістері.

 

6.Салықтардың экономикалық мәні мынада:

A. олар мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру үшін шаруашылық субъектілер мен азаматтардағы жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін орталықтандыру жөніндегі экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

B. олар салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы қарым қатынасты анықтайды;

C. олар салық төлеушілердің ақшалай табыстарын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

D. олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс мүмкіндіктерін шектейді;

E. олар өндірістік бір бөлігі ретінде экономикалық категория болып табылады.

7.Салықтардың фискалды функциясы:

A. мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;

B. бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;

C. бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;

D. салық төлеушілердің қаржы –шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;

E. әлеуметтік мақсатты көздейді.

8.Салықтардың қайта бөлу функциясы кезінде:

A. табыстардың теңелуі пайда болады немесе керісінше табыс өндірістің түрлі сферасына және тұрғындар деңгейіне қарай дифференциалданады;

B. мемлекеттің ақшалай табыстары қалыптаса бастайды

C. экономикалық өсуге деген түрлі ынталандыру пайда болады;

D. белгілі бір әлеуметтік – экономикалық процесстердің дамуына бағытталған;

E. табыс көздері және қаражаттардың шығындардың бағытын бақылау жүзеге асырылады.

 

9.Салықтың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының кеңейуімен бірге пайда болды және ол:

A. қабылданған бағдарламаға сәйкес шаруашылықтың дамуына тікелей әсер етеді;

B. амортизациялық саясатқа, инвестициялық жеңілдік, салық ставкаларын төмендету саясатына сүйене отырып, капиталдың жедел жинақталуына мүмкіндік береді;

C. төлем сұранысы құрылымын және оның көлемін өзгертеді;

D. салық төлеушілдерден орталықтандырылған мемлекеттің қаржы қорына қаражаттар алу;

E. азаматтардың түрлі категориясы арасындағы қоғамдық табыстарды бөлу.

 

10. Салық ставкалары:

A. Тіркелген, проценттік (пропорционалды, прогрессивті, регрессивті);

B. пропорционалды, прогрессивті;

C. пропорционалды, регрессивті;

D. пропорционалды, прогрессивті, регрессивті;

E. прогрессивті, біркелкі болып келеді.

11.Салықтан босатылатын объектінің ең төменгі бөлігі:

A. салық салынбайтын минимум

B. салықтық ауыртпалық;

C. салықтық оклад;

D. салық салынатын салық квотасы;

E. салық салынатын минимум.

12.А.Смиттің салық қағидаларына мыналар жатады:

A. әділдік, анықтылық, ыңғайлылық, үнемділік;

B. пропорционалдық, ыңғайлылық, анықтылық, прогрессивтілік;

C. теңдік, ыңғайлылық, анықтылық, әділдік;

D. мерзімділік, теңдік, ыңғайлылық, әділдік;

E. мерзімділік, ыңғайлылық.

13.Қазіргі кездегі ҚР салық заңдылығында салық есебінің келесі әдісі қолданылады:

A. кассалық және есептеу әдісі.

B. декларация бойынша, кассалық және есептеу әдісі қолданылады;

C. кассалық әдіс;

D. есептеу әдісі;

E. декларация бойынша;

 

14.Патент дегеніміз:

A. қолма-қол ақшалай қаражаттармен жұмыс істейтін және айналымы шектеулі, сондай-ақ ондағы жұмыс істейтін жұмысшылар саны шектеулі болатын заңды және жеке тұлғаларға арналған салық салудың оңайлатылған режимін белгілейтін құжат.

B. табыс салығын салудың оңайлатылған режимін қолдануды белгілейтін құжат;

C. салық төлеушілердің кейбір санаттарына салық салудың оңайлатылған режимін қолдануды белгілейтін құжат;

D. тек қана шаруа қожалықтарына салық салудың оңайлатылған режимін қолдануды белгілейтін құжат;

E. салық төлеушілердің барлық санаттарына оңайлатылған салық салу режимін белгілейтін құжат;

15.Салық салынатын табыс:

A. ЖЖТ пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады;

B. шығындар мен кірістер арасындағы айырма ретінде анықталады;

C. барлық табыстардың сомасы ретінде анықталады;

D. ЖЖТ пен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;

E. барлық кірістер ретінде анықталады.

 

16.Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:

A. жер;

B. үйлер, құрылыстар;

C. өтпелі құрылғылар;

D. қызмет түрлеріне байланысты жұмыс машиналары мен жабдықтар;

E. машиналар.

 

17.Амортизациялауға жататын тіркелген активтерге не жатады:

A. материалдық емес активтер;

B. жер;

C. өнім беретін мал;

D. өнер және архитектуралық ескерткіштер;

E. аяқталмаған күрделі құрылыс.

 

18.Кәсіпкерлік бойынша залалдар:

A. 3 жылға;

B. 5 жылға шегеріледі;

C. 4 жылға;

D. 2 жылға;

E. 1 жылға.

 

19.Негізгі құралы жер болып табылатын салық төлеушілерді қоспағанда корпорациялық табыс салығының ставкасы:

A. 30 %;

B. 10 %;

C. 20 %;

D. 5 %;

E. 15 %;

20. Негізгі құралы жер болып табылатын салық төлеушілер корпорациялық табыс салығының ставкасы:

A. 10 %;

B. 30 %;

C. 20 %;

D. 5 %;

E. 15 %;

 

21.Жер салығын төлемейтін




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.