Здавалка
Главная | Обратная связь

Кесте безендіру тэгтері

Кестелер дайындау

Кестелер HTML құжатының маңызды бөлігі болып табылады. Ол тік бағандар мен көлденең жолдардан тұратын тікбұрышты торлар. Жолдар мен бағандардың қиылысуы ұяшық деп аталады. Ұяшықта мәтін, графика немесе басқа кесте орналасуы мүмкін.

Кесте негізгі үш бөліктен тұрады:

· кесте атауынан

· бағандар тақырыбынан

· ұяшықтардан

Кесте жолдар бойынша толтырылады (солдан оңға жол бойынша және келесі жолға көшу). Әрбір ұяшық толтырылуы тиіс.

Кесте безендіру тэгтері

Тэг Форматы Сипаттамасы
TABLE <TABLE> мәтін </TABLE> Кестені жариялау
TR <TR> мәтін </TR> Жолды көрстетін тэг
TD <TD> мәтін </TD> Бағанды көрстетін тэг

 

<TABLE> тэгінің атрибуттары

Атрибут Форматы Сипаттамасы
BORDER <TABLE BORDER =1> Кесте айналасына қоршау орнатады
WIDHT <TABLE WIDHT=60%> Кесте енін парақ еніне байланысты процентпен немесе пикселмен береді
BGCOLOR <TABLE BGCOLOR =”#RRGGBB”> Кесте фонының түсін береді

 

<TD> және <TR> тэгтарының атрибуттары

Атрибут Форматы Сипаттамасы
ALIGN <TR ALIGN=RIGHT> Көлденеңінен туралауды тағайындайды (RIGHT, LEFT, CENTER)
VALIGN <TR VALIGN=TOP> Тігінен туралауды тағайындайды (TOP, MIDDLE, BOTTOM, BASELINE)
BGCOLOR <TR BGCOLOR =”#CCCCFF”> Фон түсін береді

<TABLE BORDER="I" WIDTH=100% BGCOLOR="99CCCC">

<TR BGCOLOR="CCCCFF" ALIGN=CENTER>

<TD>Сабак</TD><TD>5 A</TD><TD>5 B</TD><TD>5 B</TD>

</TR>

<TR>

<TD>1</TD><TD>Орыс тiлi</TD><TD>Адебиет</TD><TD>Тарих</TD>

</TR>

</TABLE>

 

Бір құжат аймағындағы сілтеме

Бұл сілтемелер үшін 2 бөліктің бар болуы шарт: таңба және сілтеменің өзі. Сілтеме таңба атын қолданады. Сілтемелер ерекше түспен немесе астын сызу арқылы ерекшеленеді. Бұл браузердің орналасуына байланысты болады. Сілтеме түсін өзгерту үшін <BODY> тэгінің LINK және VLINK атрибуттары қолданылады.

Сілтеме сипаттамасы.

<A HREF = “файл_аты.htm”> Дүйсенбі </A>

Фондық графика.Фондық бейне – бұл кішкене тікбұрышты плашкасы бар графикалық файл. Браузермен қарау барысында бұл плашка бірнеше рет қайталанып, терезені толтырады және ол терезенің пішініне тәуелсіз.

Фондық графика <BODY> тэгінде беріледі.

<BODY BACKGROUND=”WAGON.GIF” TEXT=”#330066”>

WAGON.GIF файлы фондық бейнені қояды.

Тізімді құру үшін:

Берілетін текст HTML форматында
  • Строка 1 списка
  • Строка 2 списка
  • Строка 3 списка
<UL> <LI>Строка 1 списка <LI>Строка 2 списка <LI>Строка 3 списка </UL>

Тапсырма:

  1. Жұмысқа титулдық парақ дайындап, tit.htm атымен сақтаңыз

 

  1. Өз фотаңызды орналастырып, Avtor.htmфайлын құрыңыз.

Сурет орналастыру үшін: <IMG SRC=1.jpg>, суретке аниммация қолданыңыз.

 

3. Зертханалық жұмыстың тақырыбын орналастырып, lab.htmфайлын құрыңыз.

 

Тапсырма нұсқалары

Кесте 1

Нұсқа № Тақырыбы
1. Менің қалам
2. Жол қозғалысы ережелері
3. Теннис
4. Менің халқымның салт-дәстүрі
5. Ұлттық ойындар
6. Футбол клубтары және футболшылар
7. Спорт түрлері
8. Қазіргі замандағы музыка.
9. Әлемнің атақты боксерлары
10. Қазақстанның хайуанаттар әлемі
11. Қазақстан боксшылары
12. Қазақ киносының актерлері
13. Ауыр атлетика
14. Гимнастика
15. Күрес
16. Біздің ескі және сүйікті кинофильмдеріміз
17. Шахмат
18. Суреттелген әліппе.
19. Жеңіл атлетика
20. Казахстан таулары.
21. Казахстанның курорттық аймақтары
22. Велоспорт
23. Мәнерлеп сырғанау
24. Автомобиль маркалары
25. Жүзу
26. Ұлттық тағамдар
27. Қазақ эстрадасының жұлдыздары.
28. Салуалатты өмір салтын қолдаймыз.
29. Алемдегі әдемі қалалар
30. Қазақстандағы өндіріс орындары

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.