Здавалка
Главная | Обратная связь

Дизентерия (11 тест)



26. Дизентерияның ауыр түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) ципрофлоксацин

d) цефазолин

e) гентамицин

 

27. Дизентерияның жеңіл түрінің этиотропты емінде қолданылатын дәрі:

a) доксициклин

b) ампициллин

+c) фуразолидон

d) цефазолин

e) гентамицин

 

28. Дизентерияға тән синдром:

а) гастрит

+b) колит

c) энтероколит

d) гастроэнтерит

e) гастроэнтероколит

 

29. Жедел дизентерияға тән ішектегі патоморфологиялық өзгерістер:

а) жаралы -некрозды проктосигмоидит

+b) катаральді-эрозивті проктосигмоидит

c) фибринозды-некрозды проктосигмоидит

d) жаралы проктосигмоидит

e) катаральді проктосигмоидит

 

30. 40 жастағы ер адам, бас ауыруына, әлсіздікке, іштің ауыру сезіміне, 10 ретке дейінгі жиі іштің өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. 20 күн бойы ауырады: тәулігіне 5 рет іштің өтуі, іштің ауыру сезімі, субфебрильді температура. Түскен кезде: жағдайы қанағаттанарлық, оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, соқыр ішектің тығыздануы анықталады. Нәжісі сұйық, қан қосылған, шыны тәрізді.

Ықтимал диагноз?

a) жедел дизентерия

b) сальмонеллез

c) тырысақ

+d) амебалық дизентерия

e) иерсиниоз

 

31.34 жастағы ер адам аурыуның 2-ші күні ішіндегі толғақ тәрізді ауыру сезімге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарылауына, іштің 15 ретке дейін өтуіне шағымданып, ауруханаға түсті. Температурасы 38,8ºС. Қан қысымы-100/70 мм с. б. Пульсі 92 рет\1 мин. Сигма тәрізді ішек жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерлі, шырыш пен қан қосылған.

Болжам диагнозы:

a) тағамдық токсикоинфекция

+b) жедел дизентерия

c) сальмонеллез

d) амебиаз

е) тырысқақ

32. 25 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 39,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, құсу (бір рет) пайда болған. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі (бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған) болған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Қандай негізгі клиникалық синдромдар диагноз қоюға мүмкіндік береді?

а) энтериттік және дегидратациялық

+b) колиттік және интоксикациялық

c) дегидратациялық

d) қызбалық

e) диареялық

 

33. Студент, 18 жаста, жатақханада тұрады, жедел ауырған, дене қызуы 39оС дейін көтерілген, қалтырау байқалып, басы ауырған, әлсіздік дамыған, іші бүріп ауырып, 1 рет құсқан, тәулігіне 7-8 рет іші өткен. Іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Нәжісі шырыш пен қан араласқан.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) амебиаз

+b) дизентерия

c) сальмонеллез

d) тағамдық токсикоинфекция

e) созылмалы гастроэнтерит, өршу

 

34. 27 жастағы әйел адам жедел ауырған: жүрек айнуы, қайталамалы құсу, кіндік айналысындағы ауру сезімі пайда болған. Аурудың үшінші күні дене қызуы – 38,50С-қа дейін жоғарылап, әлсіздік қосылған. Тексергенде: ішінің сол жақ мықын аймағында ауру сезімі, жиырылған ауру сезімді сигма ішек анықталады. Нәжісі аз мөлшерлі, шырышты. Болжама диагнозыңыз:

а) сальмонеллез, жайылмалы түрі, септикалық вариант

b) жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік түрі

+c) жедел дизентерия, колиттік түрі

d) тағамдық токсикоинфекция

e) эшерихиоз, дизентерия тәрізді түрі

 

35. 24 жастағы ер адамға «Жедел дизентерия, колиттік түрі, жеңіл дәрежесі» диагнозы қойылған. Даяшы қызметін атқарады. Сіздің тактикаңыз?

+а) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

b) үй жағдайында емдеу

c) асқазанды жуу, жағдайы жақсарғанда – амбулаторлық жағдайда емдеу

d) клиникалық көрсеткіштер бойынша жұқпалы ауруханаға жатқызу

e) антибиотиктерді тағайындау және амбулаторлы жағдайда тексеру

 

36.39 жастағы әйел адам, табиғатқа шыққан демалыстан кейін жедел ауырған. Температурасы 37,2оС, қалтырау, бастың ауыруы және айналуы, бір рет құсқан. Кейіннен ішінің толғақ тәрізді ауыру сезімі, тәулігіне 20 ретке дейін іштің өтуі, бастапқыда көп мөлшерлі, нәжісті, екі күннен кейін нәжістік сипаты жоғалып, шырыш пен қан қосылған. Тенезмдер, дефекацияға жалған шақырулар байқалған.

Этиотропты препаратты таңдаңыз:

а) доксициклин

b) линекс

c) неомицин

+d) ципрофлоксацин

e) цефтриаксон

Тырысқақ ( 21 тест)

37. Тырысқақ кезіндегі асқыну:

a) инфекциялық-токсикалық шок;

+b) гиповолемиялық шок;

c) ішектің тесілуі;

d) перитонит;

e) қан кету.

 

38. Тырысқақты негізгі диагностикалау әдісі:

a) аспапты;

+b) бактериологиялық әдіс;

c) серологиялық әдіс;

d) тері-аллергиялық әдіс;

e) вирусологиялық әдіс.

 

39. Тырысқақтың патогенетикалық емінде қолданатын дәрі:

a) сары су;

+b) тұзды ерітінділер енгізу;

c) дезинтоксикациялық терапия;

d) қан құю;

e) арнайы диета.

 

40. Тырысқақ патогенезінің негізгі тізбегі:

a) аш ішектің шырышты қабатының қабыну реакциясы

+b) энтероциттердің ферментті жүйесінің зақымдалуы

c) гемоколит

d) токсинемия

e) гепатоциттердің некрозы

41. Әйел адам 35 жаста, Өзбекістанда бір апта сапарда болып, қыркүйек айында келді. Келесі күні жиі құсумен және жиі сулы сұйық нәжіспен жедел ауырып бастаған. Дене қызуы – 36 С. Әлсіздік, аяқ-қолдарының құрысулары пайда болып, даусы қарлыққан. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, акроцианоз. Бет әлпеті үшкірленген. Жүрек тондары бәсеңдеген, ҚҚ – 90\60 мм с.б. Іші ішке қарай тартылған. Зәр мөлшері азайған. Сіздің диагнозыңыз:

а) сальмонеллез

b) иерсиниоз

+c) тырысқақ

d) тағамдық токсикоинфекция

e) ботулизм

42. <30 форма>деген код қай ауруды белгілейді:

a) оба

+b) тырысқақ

c) пастереллез

d) иерсиниоз

e) іш сүзегі

 

43. Тырысқақпен ауырған науқастан диагностикалық анализдерді алу ережесі:

a) тәулігіне 3-рет

+b) 3-рет бір сағат ішінде

c) бір рет

d) 2-рет тәулігіне

e) 2-рет бір сағат ішінде

 

44.Тырысқақың 7 пандемиясын тудырған қандай қоздырғыш?

a) Vibrio cholerae Classica

+b) Vibrio cholerae Eltor

c) Vibrio cholerae Bengal

d) Vibrio paracholerae

e) Vibrio cholera non 01

 

45.Эпидемиялық тырысқаққа тән:

+a) холерогенді штаммен тудырылады

b) гиповолемиялық түрі дамымайды

c) су маңындағы биоценоздың жануарлары қоздырғыш көзі болып табылады

d) ахолерогенді штаммдармен шақырылады

e) эпидемияға қарсы шараларды жүргізбеуге болады

 

 

46.Тырысқақтың гиповолемиялық түрінің ауырлық дәрежесін көрсететін синдром:

a) интоксикация;

b) қызба;

+c) дегидратация;

d) басының ауруы;

e) жүрегі айну.

 

47.Тырысқақтың гиповолемиялық түріне тән симптом:

a) құсу

b) қызба,

c) шырыш пен қан арласқан сұйық нәжіс

+d) сұйық су сияқты нәжіс

e) тенезмдер

 

48.Тырысқақтың нормоволемиялық түріне тән симптом:

a) цианоз

b) даусының қарлығуы,

+c) шырышы бар сұйық нәжіс,

d) полиаденит

e) құрысулар

 

49. Тырысқақтың нормоволемиялық түрінде дамуы мүмкін белгі:

a) цианоз

b) сусызданудың 3-4 дәрежесі

+c) сусызданудың 1-2 дәрежесі,

d) даусының қарлығуы,

e) құрысулар

 

50. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде дамитын асқыну:

a) инфекция-токсикалық шок

+b) гиповолемиялық шок

c) ішек перфорациясы

d) перитонит

e) қан кету

 

51.Тырысқақты дәлелдейтін лабораторлы-этиологиялық әдіс:

a) аспаптық;

+b) бактериологиялық;

c) серологиялық

d) терілік-аллергиялық

e) вирусологиялық.

 

52. Тырысқақтың гиповолемиялық түрінде көрсетілетін жедел көмек:

a) дезинтоксикация;

b) дегидратация;

+c) регидратация;

d) вазопрессорлар;

e) диуретиктер

 

53.Тырысқақты емдеуде қолданылатын эффективті этиотропты дәрілер:

+a) ципрофлоксацин;

b) тетрациклин;

c) нитрофурандар;

d) пенициллин;

e) эритромицин.

 

54. Тырысқақ кезінде 3-ші дәрежелі сусыздану дамығанда қандай регидратациялық ем қолданылады:

a) гемодез

b) полиионды ерітіндіні 120 тамшыдан/минутына енгізеді

c) 10% глюкоза еретіндісі

d) реополиглюкин

+e) полиионды ерітіндіні 100 мл/минутына енгізеді

 

55. Тырысқақтағы диарея дамуындағы негізгі патогенетикалық механизмді ата:

a) ішектің шырышты қабатының қабынуы

b) вибрионның энтероциттердің ішіне енуі

+c) холерогеннің энтероциттердің аденилатциклазасын активтеуі

d) сұықтықтың сіңірілуінің бұзылуы

e) ішек құрамындағы заттардың тез шығарылуы

 

56. Тырысқаққа тән нәжістің сипаты

a) көп мөлшердегі жағымсыз иісті батпақ балдырлары түстес нәжіс

+b) күріш қайнатпасы тәрізді

c) шырышты қан аралас

d) бүлдірген желесі тәрізді

e) сұйық, көп мөлшерде қорытылмаған тағам қалдықтарымен

 

57. Аурудың жедел басталуы, іштегі аурсынусыз өтетін күніне 7-10 ретке дейін іш өтумен, нәжісінің су сияқты қоспаларсыз болуымен, дене қызуының қалыпты және жүрегі айнуысыз тәулігіне 5-6 рет құсумен жүретін симптомокомплекс қай ауруға тән:

a) дизентерия

b) эшерихиоз

+c) тырысқақ

d) псевдотуберкулез

e) ішек иерсиниозы

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.