Здавалка
Главная | Обратная связь

Листериоз (10 тест)



 

226. Листериозды диагностика жасауға көмектесетін зерттеу әдісі:

a) клиникалық-эпидемиологиялық

b) серологиялық

+c) бактериологиялық

d) биологиялық

e) патогистологиялық

227. Листериоздың берілу механизмі:

+a) фекальді оральдікемірушілер

b) трансмиссивті

c) су арқылы

d) контактілі
e) парентеральді

228. Листериоздың адамға жұғуының ең жиі кездесетін түрі:

a) контактілі

b) трансмиссивті

+c) алиментарлы

d) ауа- тамшылы

e) анадан балаға

229.Листериоздың біріншілік-ошақты түрі :

a) гепатиттік

b) менингоэнцефалиттік

c) сепсистік

+d) конъюнктивалді

e) біріншілік-жайылмалы

230. 19 жастағы ер адам, 5 күн бұрын ауырған. Дене температурасының 39°С дейін көтеріліп, қалтырап, артро- және миалгиялар байқалған. Қарағанда: аңқада іріңді-некрозды баспа, мойын-жақастылық лимфаденит, гепатоспленомегалия. Эпидемиологиялық анамнезінде шикі көкөністерді (қырыққабат, сәбіз) салат ратінде жиі тағамға пайдаланатыны анықталған.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

a) іріңді-некроздық баспа

b) вирусты гепатит, сарғаю алды кезеңі

c) созылмалы тонзиллит, өршу кезеңі

+d) листериоз, ангинозды түрі

e) иерсиниоз, абдоминалді түрі

231. Листериозге тән типті бөртпелер:

a) дақты-папулезді

b) розеолезді

+c) папулезді-пустулезді

d) петехиалді

e) эритематозды-буллезді

232. Листериозды емдеуге арналған эффективті этиотропты препарат:

a) аминогликозидтер

b) жартылай синтетикалық пенициллиндер

c) нитрофурандар

+d) цефалоспориндер

e) тетрациклиндер

233. Әйел адам, жүктіліктің 20-21 аптасы, асқынған акушерлік анамнезбен (2-рет өздігінен жүктілік үзілген), кольпиттің көріністері, жатырда көп сулылық, дәрігер жүргізілген тексеруден кейінқойылған диагноз: листериоз.

Клиникалық диагнозды қою кезінде қандай мәліметтер шешуші рөл атқарды:

a) ИФА да IgG листериозды анықтау

b) ТГЕР де 1:100 титрінде листериозға қарсы антидене анықтау

c) акушерлік анамнез мәліметтері

d) қынаптан алған жағындыдан микроскопия кезінде қабыну өзгерістері

+е) қынаптан L.monocytogenes культурасын бөлу

234. Әйел адам, жүктіліктің 18-19 аптасы, клиникалық-анамнестикалық және лабораторлық мәліметтеріне сүйеніп қойылған диагноз: листериоз.

Этиотропты терапия үшін таңдалған препарат:

+a) ципрофлоксацин

b) рифампицин

c) ампициллин

d) гентамицин

e) доксициклин

235. Листериоздың екіншілік-ошақты түріне қандай түрі жатады:

a) жедел-респираторлы

b) конъюктивалді

+c) гепатиттік

d) абдоминалді

e) ангинозды

236. Әйел адам,32 жаста, клиникаға ауруының 8 ші күні түсті.Алғашқы күннен әлсіздік байқаған,тәбетінің төмендеуі, дене қызуы 38-38,5°С дейін көтерілген, тамақта ауру сезімі, үлкен дәреті сұйық. Ауруының 2- ші күні склерасының сарғайғанын байқаған, зәрінің түсі өзгерген. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қызба 38,5°С дейін. Барлық топтағы лимфа түйіндері пальпацияланады. Аңқада – фарингит. Кеуде терісінде папулезді-пустулездібөртпе. Бауыры 1,5-2 см, аздап ауру сезімді.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

a) жедел вирусты гепатит

b) инфекционды мононуклеоз

c) лептоспироз

+d) листериоз

e) иерсиниоз

Токсоплазмоз (10)

237. Жүре пайда болған токсоплазмоздың кең таралған жұғу жолы:

a) су арқылы

+b) тағам арқылы

c) вертикалді

d) парентералді

e) ауа-тамшылы

238. Токсоплазмоз қоздырғышының резервуары және көзі:

a) кеміргіштер

b) иттер

c) құстар

+d) мысықтар

e) балықтар

239. Токсоплозмоз жұқпалы аурулардың қандай тобына жатады:

+a) зооноздар

b) сапроноздар

c) антропоноздар

d) сапрозооноздар

e) антропозооноздар

240. Жүкті әйелдерде токсаплазмоздың алдын алуының негізгі жолы:

a) вакцинация

b) хлоридин қабылдау

+c) мысықтармен тұрмыстық қатынастан бас тарту

d) жеке гигиена ережелерін сақтау

e) токсоплазмозбен ауырған науқаспен қатынастан бас тарту

241. Әйел 25 жаста, жүктіліктің 8 аптасында токсоплозмоз жұқтырған. Жүктіліктің 1-ші триместрінде жұқтыру кезінде нәтижесі қалай аяқталуы мүмкін?

a) латенті түрінің дамуы

b) жүрек ақауы

c) эпилепсия

+d) түсік тастау

e) соқырлық

242. 32 жастағы әйел адам офтальмологқа көру қабілетінің нашарлауына шағымданып келген. Тексеру барысында хориоретинит ошақтары, ұзақ уақытты субфебрилитет, созылмалы интоксикация симтомдары, полилимфаденопатия, гепатомегалия, миокардит белгілері, рентгенографияда – ми мен бұлшық еттерде кальцификаттар анықталған. Тұшпара дайындау цехінде жұмыс істейді, ет фаршының шикідей дәмін татады.

Ең ықтимал диагноз:

a) тениоз

b) иерсиниоз

c) трихинеллез

d) тениаринхоз

+e) токсоплазмоз

243. Әйел адам , 29 жаста, үнемі әлсіздіке , көруінің нашарлауына, д ене қызуының 37,0°С дейін көтерілуіне, бастың ауруына, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Қалада тұрады, 5 үй мысығын қарайды , Жүктіліктің 1ші триместрі кезінде түсік болған. Тексеру кезінде: хориоретинит ошағы, гепатомегалия, миокардиттің көрінісі, рентгенографияда – мидың және бұлшықеттердің кальцификаты анықталды.

Сіздің диагнозыңыз:

a) ішек иерсиниозы

+b) токсоплазмоз

c) тениаринхоз

d) трихинеллез

e) токсокароз

244. 32 жастағы әйел адам. Тексеру барысында хориоретинит ошақтары, ұзақ субфебрилитет, созылмалы интоксикация симтомдары, полилимфаденопатия, гепатомегалия, миокардит белгілері, рентгенографияда – ми мен бұлшық еттерде кальцификаттар анықталған. Тұшпара дайындау цехінде жұмыс істейді, ет фаршының шикідей дәмін татады. Болжама диагноз «Токсоплазмоз».

Қандай тексеру әдісі осы диагнозды дәлелдейді:

a) ДНК-гибридизациясы

b) латекс-агглютинациясы

c) преципитация реакциясы

+d) иммуноферментті анализ

e) иммунофлюоресценция әдісі

245.Әйел адам 26 жаста, кезеңді түрде дене қызуының көтерілуіне, көруінің екі еселенуіне, бұлшық еттердегі ауру сезіміне шағымданады. Жағдайы орташа ауырлықта. Менингеалді симптомдар мен экзантема жоқ. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған және бауыры (+2 см). рентгенографияда – иық бұлшықетінің кальцификаты анықталды. Жер үйде тұрады. Үйінде мысық бар. Болжама диагноз «Токсоплазмоз».

Арудың қандай сатысы болуы мүмкін?

a) инаппаранты

+b) созылмалы

c) септикалық

d) латентті

e) жедел

246. Әйел адам 27 жаста, Жүктіліктің 3-шітриместрінде токсоплозмоз жұқтырған. Үйге мысық ұстаған. Оң серологиялық тексеру: ИФА токсоплазмоз антигені Ig G-антитела анықталған, тері ішілік токсоплозмоз сынамасы оң. 3- ші триместрде туа пайда болған токсоплозмоздың қандай түрін жұқтыруы мүмкін?

a) инаппарантты

b) манифестті

c) септикалық

+d) латентті

e) жедел

247. Әйел 25 жаста, бірінші жүктіліктің 8-10 аптасында іштегі нәрестенің өлуімен аяқталған. Тексеру кезінде ИФА да тосоплозмозға қарсы антиденелердің JgM класы 1: 400 титрі анықталған. Сұрастыру кезінде, нәрестенің іште өлуіне дейін бір ай бұрын үйдегі мысығы туған. Әйел жаңа туған күшіктерді баққан.

Бұл жағдайда қандай этиотропты терапия тағайындау қажет?

a) бисептол

b) аугментин

+c) спирамицин

d) эритромицин

e) метронидазол

Гельминтоздар (12)

248. Девастация – бұл:

a) гельминттердің жұмыртқасын жою

b) гельминтозбен науқастарды емдеу

+c) гельминттерді нақты аймақта жою

d) гельминтердің аралық қожайынын жою

e) гелминттердің қосымша иесін жою

249. Дефинитивті гельминттің иесі – бұл:

+а) соңғы облигаттық иесі

b)соңғы факультативтік

c) аралық облигатты

d) аралық факультативтік

e) қосымша

 

250. Ер адам 36 ж., ВГА диагнозымен түсті. 2 апта бойы ауырған: дене қызуы37,5-38°С жоғарылаған, оң жақ кабырға доғасында және асқазан тұсындағы ауру сезіміне, жүрек айну және құсуға шағымданады. Иық және кеуде тұсында қышитын бөртпелер пайда болған. Бір күн бұрын склерасы сарғыштанған. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары сарғыш, кеуде тұсында дақты-папулезді элементтер көрінеді. Жүрек-қантамыр және тыныс жүйесінде өзгерістер жоқ. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасы ауру сезімді, бауыры ұлғайған. Эпид. анамнезі: бір апта бұрын сазан балығынан жасалған «Хе»салатын жеген, балықты Ертіс өзенінен аулап өзі дайындаған. Ең ықтимал диагноз?

+а) описторхоз

b) дифиллоботриоз

c) клонорхоз

d) фасциолез

e) трихинеллез

251. Фасциолез өмірлік циклі және берілу механизмі бойынша–бұл :

a) ксенооралді трофикалық зоонозды биогельминтоз

b) перкутантты зоонозды биогельминтоз

c) оралді геогельминтоз

d) перкутантты геогельминтоз

+e) ксенооралді трофикалық зоонозды биогельминтоз

252. Ер адам 40 ж., шопан, Жамбыл обл.тұрғыны, үш апта бұрын ауырып қалған. Денесінде қышитын бөртпелерге, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде – көзінің шырышты қабаттарының аздап сарғыштығы, бауыры пальпация жасағанда ауырадыі. ЖҚА: эозинофилия 12% дейін. Көл маңында, үй жануарлары суғаратын жерде тұрады, сол жерде жиі шомылады.

Ықтимал диагноз:

a) описторхоз

b) дифиллоботриоз

c) клонорхоз

+d) фасциолез

e) трихинеллез

253. Төменде көрсетілген жануарлардың ішінен фасциолездің ақырғы иесі болмайтын жануарды көрсетіңіз:

a) инвазирленген адамдар

b) жұптұяқты

c) тақтұяқты

d) шошқалар

+e) иттер

 

254. Трихинеллез өмірлік циклы және берілу механизімі бойынша қандай биогельминтоздарға жатады:

a) антропонозды ксенооральды

+b) зоонозды ксенооральды трофикалық

c) зоонозды ксенооральды форикалық

d) геотегументалді

e) акватегументалді

255. Эхинококкоз өмірлік циклі және берілу механизмі бойынша қандай биогельминтоздарға жатады:

a) антропонозды ксенооралді

b) зоонозды ксенооралды трофикалық

+c) зоонозды пероралді

d) геотегументалді

e) акватегументалді

256. Эхинококкпен зақымдану қалай жүреді:

a) соңғы иесімен контакт кезінде

b) аралық иесімен контакт кезінде

c) эхинококкпен ауыратын науқаспен контакт болса

+d) инвазирленген сиыр сүтін қолданғанда

e) инвазирленген жануар етін қолданғанда

257. Ер адам, 46 жаста. «Механикалық сарғаю» болжам диагнозымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ зерттеуінде бауыр қақпасына жақын орналасқан эхинококкты киста анықталды.

Эхинококк үшін науқас қандай қожайын болып табылады:

a)соңғы облигантты

b) соңғы факультативті

c) аралық облигатты

+d)аралық факультативті

e) қосымша

258. Ер адам, 49 жаста, аспазшы, жиі шикі фарштың дәмін татып көреді. Ұзақ уақыт бойы ауырады. Бас ауру, көрудің бұзылысы, есте сақтаудың төмендеуі, аяқтардағы әлсіздік, жүрісінің өзгеруі мазалаған. Осы уақытқа дейін глисттік инвазия диагнозы қойылған. Дефекация актісі кезінде құрт бөлінген. Өздігінен таныстарының кеңесі бойынша ем ретінде фенасал қабылдаған.

Гельминтоздың қандай асқынуы жайында ойлауға болады:

+а) тениоз кезде цистоцеркоз

b) тениаринхоз кезіндегі ОЖЖ зақымдалуы

c) трихинеллез кездегі мидың зақымдалуы

d) аскарида жұмырқаларының мида дамуы

e) тосакароз кезіндегі мидың зақымдалуы.

259. Дифиллоботриоз өмірлік циклы және берілу механизімі бойынша қандай биогельминтоздарға жатады:

a) ксенооралді трофикалық зооноз

+b) ксенооралді тропикалық зооноз

c) ксенооралді трофикалық антропоноз

d) геотегументалді антропоноз

e) акватегументалді зооноз

260. Ер адам, 49 жастағы Египет тұрғыны, ішектік шистосомозбен көп жыл көлемінде ауырады. Соңғы уақытта жалпы әлсіздік мазалап, салмағы төмендеген. Қарап тексергенде бозарған, сарғаю, аяқтарда ісіну, тәбетінің күрт төмендеуі, бауыры ұлғайған, консистенциясы тығыз.

Шистосомоздың қандай асқынуы болуы мүмкін:

+а) бауыр фиброзы

b) бауыр циррозы

c)гГепатит

d) панкреатит

e)холецистит

Грипп (6)

261. Гриппке тән синдром:

a) ринит

b) фарингит

c) ларингит

+d) трахеит

e) пневмония

262. 30 жастағы ер адамға «Грипп» диагнозы қойылған:

Негізгі клиникалық синдром қандай?

+а) интоксикациялық

b) катаралді

c) эксикоз

d) артралгиялық

e) геморрагиялық

263. Науқаста аздаған интоксикация белгілері мен «дөрекі» жөтел байқалады:

Сіздің диагнозыңыз:

a) грипп

+b) парагрипп

c) аденовирусты инфекция

d) риновирусты инфекция

e) респираторлы-синцитиалді инфекция

264. Грипп кезінде тыныс жолдарының зақымдалатын бөлігі:

a) көмей

b) жұтқыншақ

c) бронхты

+d) кеңірдек

e) альвеолалар

265. Ер адам, 20 жаста, диагнозы «Грипп».

Осы диагнозды дәлелдеуге қандай белгілер көмектеседі?

+ a) айқын улану симптомы

b) аздаған интоксикация

c) субфебрилитет

d) біртіндеп басталуы

e) айқын катаралді белгілер

266. 35 жастағы ер адамға «Грипп» диагнозы қойылған.

ЖҚА қандай өзгерістер тән?

a) лейкоцитоз

+ b) лейкопения

c) нейтрофиллез

d) эозинопефилия

e) ЭТЖ жоғарлауы

267. Ер адам, 31 жаста жедел ауырған, қалтырап, дене қызуы 39о C дейін көтеріліп, бұлшық еттері мен буындары қақсап, мұрны бітеліп, тамағы жыбырлап ауырған. Ауруының 2-ші күні қарап тексерген кезде бетінің қызаруы, ісінуі, көз тамыры шырышты қабатының иньекциясы,құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, тахикардия байқалады.

Қандай ауру туралы ойлайсыз?

+а) грипп

b) аденовирусты инфекция

c) менингит

d) парагрипп

e) бөртпе сүзек

Жұқпалы мононуклеоз (6)

268. Жұқпалы мононуклеоз қоздырғышы:

a) энтеровирус

b) бактерия

c) микоплазма

d) хламидия

+e) герпесвирус

269. 20 жастағы ер адамға «Жұқпалы мононуклеоз» диагнозы қойылған.

Қандай белгілер бұл ауруға тән?

a) тұрақты қызба

b) сарғаю

c) паратонзиллярлы абсцесс

d) спленомегалия

+e) жайылған лимфоаденопатия

270. 20 жастағы ер адамға «Жұқпалы мононуклеоз» диагнозы қойылған..

ЖҚА қандай өзгерістер осы ауруға тән?

a) лейкопения

b) эозинофилия

c) ЭТЖ 30-50 мм/с дейін

+d) атипитік мононуклеарлар

e) нейтрофилдер

271.Жұқпалы мононуклеозге күмәндәнған кезде қандай аурулармен салыстырмалы диагноз жүргізу қажет?

a) жедел бруцеллезбен

+b) стрептококты баспамен

c) сальмонеллезбен

d) іш сүзегімен

e) тұмаумен

272. Науқастың болжама диагнозы: «Жұқпалы мононуклеоз». Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексеру әдісі жүргізіледі?

a) Райт реакциясы

b) Видал реакциясы

+c) Паул-Буннел реакциясы

d) Бюрне сынамасы

e) Провачек риккетсиямен КБР

273. Ер адам, 23 жаста, бөлімшеге ауруының 7-ші күні мынандай шағымдармен түсті: тамағындағы ауру сезімі, жұтынған кезде ауру сезімінің күшеюі, басының ауыруы, жүрек айну, әлсіздік, зәрінің қараюы. Қарап тексергенде: тері жамылғылары, шырышты қабаты сарғыш, мойын және жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасында некротикалық баспа, гепатоспленомегалия, дене қызуы 38,5°С.

Сіздің болжама диагнозыңыз?

+a) жұқпалы мононуклеоз

b) лептоспироз

c) вирусты гепатит

d) сальмонеллез

e) жедел тонзиллит

274. Ер адам, 23 жаста, бөлімшеге ауруының 7-ші күні мынандай шағымдармен түсті: тамағындағы ауру сезімі, жұтынған кезде ауру сезімінің күшеюі, басының ауыруы, жүрек айну, әлсіздік, зәрінің қараюы. Қарап тексергенде: тері жамылғылары, шырышты қабаты сарғыш, мойын және жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасында некротикалық баспа, гепатоспленомегалия, дене қызуы 38,5°С.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай реакция жүргізу қажет?

+a) Паул-Буннел реакциясы

b) Видал реакциясы

c) Хеддльсон реакциюсы

d) микроагглютинация реакциясы

e) Провачек риккетсиямен КБР







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.