Здавалка
Главная | Обратная связь

Герпеcтік инфекциялар (9)



275. Жай герпес кезіндегі бөртпеге тән емес белгілер сипаты:

а) шоғырлануы

b) шықпай тұрып тері қышиды және ашиды

+c) шықпай тұрып ісіну мен қызару байқалады

d) қатты ауыру

e) эрозиялар түзіліп, бетін қабықша басады

276. Цитомегаловирусты инфекцияда қандай эндокринді бездер зақымданады:

a) сілекей бездері

b) аналық без

c) ұйқы безі

d) қалқанша безі

+e) аталық без

277. Жай герпестің рецидивінде кездесетін шырышты қабаттағы зақымдану түрі:

a) тонзиллит

b) фарингит

c) глоссит

d) увулит

+e) афтозды стоматит

278. Жедел герпесті стоматиттің клиникасынада кездесетін белгілер:

a) біртіндеп дамиды

b) қызба мен улану белгілері кездеспейді

+c) ауыз жұтқыншақтардың шырышында топталған серозды сұйықтығы бар бөртпелер

d) гепатолиеналді синдром

e) жергілікті ауру сезімінің болмауы

279. Терінің герпес инфекциясымен зақымдануын көрсететін белгілер:

a) жиі аяқ -қолда кездеседі

+b) шықпай тұрып тері қышуы және ашуы

c) теріде тыртықтар дамиды

d) бір- екі көпіршіктің пайда болуы

e) айқын ісік пайда болады

280. Біріншілік герпестік инфекцияға тән шырышты қабаттардың зақымдану түрі :

а) тонзиллит

b) фарингит

c) глоссит

d) увулит

+e) афтозды стоматит

281. Рецидивті герпеске тән белгілер;

а) афтозды стоматит

b) герпестік баспа

+c) терідегі везикулезды бөртпе

d) «белдемелі теміреткі»

e) гингивит

282. Герпестік инфекцияны емдеуде жақсы нәтиже көрсететін препарат:

a) ремантадин

b) виферон

+c) ганцикловир

d) рибавирин

e) ацикловир

283. 17 жастағы әйел, мұрнының маңына қайталанып шығатын бөртпелер мазалайды.Объективті: мұрынның маңында қызарған және ісінген теріде серозды сұйықтығы бар бір - бірімен қосылған 3-5 көпіршіктер көрінеді. Интоксикация айқын емес, температурасы субфебрильді. Науқасқа қандый ем тағайындау керек?

а) антибактериалдs май

b) глюкокортикостероидты май

c) десенсибилизациялаушы дәрілер

+d) вирусқа қарсы дәрілер

e) антибиотиктер

284. 32 жастағы әйел, бір жыл бұрын радикалды мастэктомиядан кейін сәулелі терапия қабылдаған. Қазіргі кезде 8 қабырға арасындағы жүйке жүйесі бойымен шыққан полиморфты элементтер: везикулалар, папулалар, эрозиялар шыққан, бөртпелер қатты ауырады. Ауруының алғашқы 3 күнінде әлсіздік, басының ауруы, дене қызуының 38ºС-38,5 ºС көтерілуі байқалған.

Қандай диагноз қоюға болады?

а) экзема

b) тілме

с) жайылған герпестік инфекция

d) желшешек

+e) белдемелі теміреткі

Қызылша (5)

285. Ер адам 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады; бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен; аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.

Сіздің диагнозыңыз:

a) жел шешек;

+b) қызылша

c) қызамық;

d) менингококкты инфекция.

e) скарлатина

286. Ер адам 20 жаста, жөтелге, көзінің жасаурауына, тамағының ауыруына, әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. 6 күн бойы ауырған, ауырғанына 4 күн болғанда бетіне бөртпелер шыққан. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 390С, склерит, конъюнктивит белгілері байқалады; бетінде, денесінде, дақты-папулезді бөртпелер анықталады, бөртпелер кей жерлерде қосылып кеткен; аңқасында, ұртында майда дәнді энантемалар анықталады.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек:

a) преципитация реакциясы

+b) ИФА

c) агглютинация реакциясы

d) комплемент байланыстыру реакциясы.

e) иммуноблоттинг

287. Қызылшаға тән белгі:

а) Киари-Авцын симптомы

+b) Бельский-Филатов-Коплик дақтары

c) Мурсусимптомы

d) «шымшу»симптомы

e) Падалка симптомы

288.№ 264 бұйрыққа сәйкес « қызылша,қызамық, туа біткен қызамық инфекциясы және эпидемиялық паротитпен аурушылдықтың эпидемиологиялық бақылауын жетілдіру» қызылшаны клиникалық анықтау критерийлері:

+а) дене қызуы, макуло-папулезді бөртпе, жөтел

b) макуло-папулезді бөртпе, жөтел

c) макуло-папулезді бөртпе, жөтел, мұрынан су ағу

d) дене қызуы, конъюктивит

e) жөтел, мұрынан су ағу, конъюктивит

289. Қызылшаға тән бөртпелер:

а) розеолезді

b) петехиалді

c) розеолезді-петехиалді

d) везикулезды

+e) дақты-папулезді

Жел шешек(9)

290. 30 жастағы әйел адам үйге дәрігер шақырды: дене қызуы көтеріліп, әлсіздік дамыған, бүкіл денесінде дақты бөрпелер анықталған, кейіннен жаңа элементтер дамып, дақтар везикулаларға айналған, кей жерлерде жаралардың беттерін қабықша басып, бөртпелер шаштың арасына шыққан. Үйінің төменгі қабатында тұратын көршілерінің баласында осындай белгілермен жүрген инфекция болғанын айтады.

Сіздің диагнозыңыз?

а)қызылша

в) қызамық

с) жәншәу

+д) жел шешек

е) герпес

291. Жел шешек кезінде салыстырмалы диагностика үшін бөртпенің нақты белгісі:

а) этаппен шығу

b) бөртпе элементерінің бірігуі

+c) бастың шашты бөліктеріне шығу

d) тек қана шырышты қабатқа шығу

e) алақан және табан терісіне шығу

 

292. Желшешек кезіндегі бөртпенің сипаты:

а) мономорфты

+b) полиморфты

c) этаппен шығу

d) бірігуге бейім

e) айқын емес

 

293. 30 жастығы әйелге учаскелік дәрігер «Желшешек, орташа дәрежелі ауырлықта» клиникалық-эпидемиологиялық диагнозын қойды.

Науқасты жүргізу тактикасы:.

а)ауруханаға жатқызу

в) емханаға анализ тапсыру үшін шақыру

+с) үйде оқшаулап, ем тағайындау

д) динамикада бақылау

е) кеңес алу үшін инфекциялық ауруханаға жіберу

 

294. Желшешекте жиі кездесетін асқынулар:

+а) пневмония, энцефалит

в) колит, энтерит

с) пиелонефрит, цистит

д) миокардит, эндокардит

е) артриттер, артроздар

 

295. 30 жастағы әйелге учаскелік дәрігер «Желшешек, орташа дәрежелі ауырлықта» клиникалық-эпидемиологиялық диагнозын қойды.

Қай кезеңде науқасты оқшаулау керек?

а) дене қызуы төмендегенше

в) жаңа элементтер пайда болмаған кезеңге дейін

с) қабыршақтар түзілгенше

+д) ең соңғы қабыршақ түскенше

е) оқшаулау керек емес

296. 30 жастағы әйелде желшешектің клиникалық көріністері бар. Үйінің төменгі қабатында тұратын көршілерінің баласында осы белгілері бар жұқпа болғанын анықталады.

Қандай берілу механизмі тән?

а) фекалді-оралді

в) контактілі

+с) аэрогенді

д) парентералді

е) су арқылы

297. 30 жастағы әйелге аймақтық дәрігер «Желшешек, орташа дәрежелі ауырлықта» клиникалық-эпидемиологиялық диагнозын қойды.

ЖҚА осы ауруға тән байқалатын өзгерістер:

а) лейкоцитоз, нейтрофиллез, ЭТЖ жоғарылауы

в) лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

+с) лейкопения, нейтропения, лимфоцитоз

д) моноцитоз, атипті мононуклеарлар

е) анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарылауы

298. Желшешекпен ауырған науқаспен қарым қатынаста болған адамдарды бақылау мерзімі:

а) 10 күн

+в) 21 күн

с) 14 күн

д) 30 күн

е) 5 күн

299. 30 жастағы әйелге аймақтық дәрігер «Желшешек, орташа дәрежелі ауырлықта» клиникалық-эпидемиологиялық диагнозын қойды.

Ауру қандай қоздырғышпен шақырылған?

а) бактериямен

+в) вируспен

с) риккетсиямен

д) спирохетамен

е) қарапайымдылармен

Қызамық (4)

300. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) аллергиялық дерматит

b) қызылша

c) желшешек

+d) қызамық

e) иерсиниоз

301. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Диагнозды дәлеледеу үшін қандай зерттеу жүргізу керек:

+а) қызылша мен қызамықты анықтауға ИФА

b) бактериологиялық зерттеу

c) комплимент байланыстыру реакциясы

d) ұрықты УДЗ

e) құрсақ қуысының УДЗ

302. Жүкті әйел, 28 жаста, 8-9 аптасында ауруханаға дене қызуының 37,70С дейін көтерілуіне, тамағының ауруына, денесінің бөртуіне шағымданып келген. Ауырғанына 3 күн болған: әлсіздік дамыған, үйінде емделмеген, кешеден бері бүкіл денесінде бөртпелер пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, қимылы белсенді. Денесінде, арқасында, аяқ – қолында, әсіресе сыртқы аймақтарында майда дақты -папулезді бөртпелер анықталады. Мойнының артындағы лимфа түйіндері бұршақ пішініне дейін ұлғайған, аздап ауырады. Аңқасы аздап қызарған, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ.

Диагноз дәлелдегендегі сіздің әрекетіңіз:

+а) амбулаторлы емделуге жіберу, гинекологтың кеңесін ұсыну

b) жұқпалы аурухаға жатқызу

c) амбулаторлы емделуге жіберу

d) ұрықты УДЗ арқылы зерттеу

e) ем тағайындап, жүктілігін сақтауды ұсыну

303. Қызамыққа тән бөртпенің сипаты:

а) қызарған теріде шығады

b) белгілі ретпен шығады

c) бірігу тән

+d) бірікпейді

e) алақан мен табанға шығады







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.