Здавалка
Главная | Обратная связь

ЖАЙЫЛМАЛЫ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ



УДК 616.9 (075.8)

ББК 55.14

Д 81

Пікір жазғандар:

А.С.Тыныбеков -С.Ж.Асфендияров атындағы Казақ ұлттық медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры. медицина ғылымының докторы, профессор.

К.Б.Құрманова -Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымының докторы, профессор.

 

Оқу құралы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Оқу құралы «Жұқпалы аурулар» пәнінің типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Жұқпалы аурулардың өзектілігі, анықтамасы, тарихи мәліметтері, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникалық көріністері, жіктелуі, қазіргі диагностика және емдеу әдістері, алдын алу қағидалары жазылған.

Оқу құралында қазақстандық ғалымдардың клиникалық жіктелулері, ауруларды стандартты анықтау жағдайлары енгізілген.

 

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің әдістемелік кеңесімен басылып шығаруға рұқсат етілді

№ __ хаттама, «__» ________ 2009 ж.

 

 

ББК 55.14

Д 81 © ҚазҰМУ, 2009

Мазмұны

I тарау. Жалпы бөлім(А.Қ. Дүйсенова, Р.Ж. Байхожаева)-5

Жұқпалы аурулар жайлы түсінік

Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері

Жұқпалы науқастарды емдеу қағидалары, әдістері және оны ұйымдастыру

Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)

Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру

Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі

Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы

II тарау. Жедел ішек инфекциялары және инвазиялары(А.Қ. Дүйсенова, М.Н.Өтеуілін) -19

Іш сүзегі - 19

А және В парасүзектер - 25

Дизентерия (А.М. Садықова) -26

Сальмонеллез - 33

Тағамдық токсикоинфекциялар - 40

Тырысқақ - 44

Ботулизм - 51

Ішектің протозойлы инвазиялары (А.Қ Дүйсенова, С.С. Садықова)-55

Амебиаз- 55

Балантидиаз - 58

Лямблиоз - 60

III тарау. Тыныс алу жолдарының инфекциялары(К.Т. Байекеева) -61

Тұмау - 61

Парагрипп - 65

Аденовирусты инфекция – 65

Респираторлы синцитиальды инфекция - 66

Риновирусты инфекция – 66

Реовирусты инфекция - 67

Менингококкты инфекция - 67

Герпестік инфекция - 71

Инфекциялық мононуклеоз – 73

Шешек (А.Қ. Дүйсенова) – 75

Легионеллез - 77

Балалардың ауа тамшылы инфекциялары (А.Қ Дүйсенова, Н.Б. Новрузова)

Күл ауруы- 80

Жәншәу- 84

Қызылша-85

Қызамық-88

Паротиттік инфекция-90

Жел шешек - 93

IV тарау. Зоонозды инфекциялар(А.Қ. Дүйсенова, М.С. Сыздықов,

А.М. Дмитровский, М.С. Кұрманғазин)

Оба - 95

Туляремия – 101

Түйнеме - 107

Пастереллез - 114

Бруцеллез – 120

Ку-қызбасы - 141

Иерсиниоздар - 144

Псевдотуберкулез - 144

Ішек иерсиниозы - 149

Листериоз (А.М. Дмитровский, Е.А. Славко, Н.В. Зубова, И.Н. Мусабекова) - 150

Лептоспироз -158

Токсоплазмоз (С.Ә. Әміреев, А.Ж. Жаханов, Қ. Құдайбергенұлы) - 164

Аусыл (Ж.К. Кашим, Ә.А. Ергалиева) – 161

Манқа - 163

V тарау. Трансмиссивті инфекциялар(А.Қ. Дүйсенова, Н.Т. Ермұқанова)-176

Риккетсиоздар - 176

Эпидемиялық бөртпе сүзек - 176

Брилль ауруы - 183

Кенелік энцефалит - 185

Жүйелік кенелік боррелиоз (Лайм ауруы) –189

Лейшманиоздар (Н.Т. Ермұқанова) -201

Безгек (Л.Б. Cейдулаева) -204

Геморрагиялық қызбалар (А.Қ. Дүйсенова, А.М. Дмитровский, Р.А. Егембердиева) - 191

Кырымдық геморрагиялық қызба - 192

Омбылық геморрагиялық қызба - 195

Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба - 196

VI тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары -217

Вирусты гепатиттер- (Р.А. Егембердиева)- 219

Вирусты гепатит А - 219

Вирусты гепатит В -224

Вирусты гепатит С -234

Вирусты гепатит Д - 236

Вирусты гепатит Е – 238

Микст гепатиттер – 240

Вирусты гепатит G - 240

АИВ инфекцияcы (С.Т. Доскожаева, Г.А. Шопаева) - 241

Тілме (Н.Қ. Оспанбекова, А.Қ. Дүйсенова)-246

Сіреспе (А.Қ. Дүйсенова, А.М. Сейсембаева)- 257

Құтыру (А.Қ. Дүйсенова)- 260

I ТАРАУ. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ІЛІМІНЕ КІРІСПЕ

 

Жұқпалы аурулар жайлы түсінік

Жұқпалы аурулар адамзатқа ерте заманнан белгілі. Папирустарда обаның, полиомиелиттің, безгектің ағымы мен белгілері жазылған. Біздің дәуірге дейінгі Гиппократтың еңбектерінде қайталамалы сүзектің, тырысқақтың, дизентерияның, тілменің, түйнеменің, сіреспенің және басқа аурулардың клиникалық көріністерін сипаттап жазылған. Дүние жүзі халықтарында жұқпалы аурулар әртүрлі атаумен аталғаны белгілі, бірақ солардың барлығында да жұқпалы аурулардың негізгі ерекшелігі көрсетілді: кең және тез таралуы, жоғары өлім-жітімділігі.

Жұқпалы аурулар жөніндегі ілімнің дамыған кезеңі – 18 ғасырдың соңы. Ұлы ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, Д.И.Ивановский және басқалар осы дәуірде бір қатар жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын бөліп алған. Кейінгі жылдары ғылыми микробиологияның даму нәтижесінде жұқпалы аурулар жеке пән болып қалыптасып осы дерттердің қоздырғыштарын, эпидемиологиясын, патогенезін, патологиялық анатомиясын, ағым белгілерін, анықталуын, емделуін және алдын алу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеулерге жол ашты.

Қазіргі заманда барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда да, жалпы халықтың сырқаттануында жұқпалы патологияның орны ерекше, орта есеппен барлық аурулардың 70% негізі инфекцияларға байланысты.

Осыдан біраз жыл бұрын жаңа антибиотиктерге, патогенетикалық емдердің жетістігіне және жаңа алдын алу жолдарына сәйкес жұқпалы ауруларды тез және оңай жеңеміз деген алдамшы пікір тараған. Шынында өмір әлде қайда қатал болып шықты.

Көптеген ежелгі жұқпалы аурулар жойылудың орнына өрши түсті. Олар жедел ішек инфекциялар, вирусты гепатиттер (әсіресе В және С), тұмау және басқа да жедел вирусты респираторлы инфекциялар, балалардың ауа тамшылы инфекциялары, стафилококкты және стрептококкты инфекциялар. Зооноздардың мәселесі де күрделі: бруцеллез, листериоз, иерсиниоз, пастереллез және т.б. Табиғи ошақты және аса қауіпті инфекциялар да «басын көтеріп» жатыр: оба, түйнеме, туляремия, тырысқақ, геморрагиялық қызбалар. Вирусты инфекциялардың емдеуі мен алдын алу шаралары көңілден шықпайды: геморрагиялық қызбалар, вирусты гастроэнтериттер, герпестік инфекция. Шартты патогендік микробтармен шақырылатын аурулар, госпитальды инфекциялар, хламидиоз, АИВ/ЖИТС-инфекциясы, бимәлім пневмония, құстардың тұмауы, шошқалардың тұмауы, прионды аурулар жұқпалы аурулар ілімінде жаңа туған мәселелер.

Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.

Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.

Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.

Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерінің жедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.

Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т.б).

Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.

Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.

Сонымен қатар, микро- және макроағзаның арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция тасымалдаушылық.

Тасымалдаушылық – инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдыушылардың эпидемиологиялық рөлі маңызды, себебі олар аурудың көзі болып табылады. Жұқпалы аурудың латенттік (инаппарантты, субклиникалық) түрінде инфекциялық процесс субклиникалық деңгейде өтеді, бірақ қоздырғыш зақымдаған ағзаларда патоморфолгиялық өзгерістер дамиды және иммунды жауап қалыптасады (антиделер түзіледі). Жұқпалы аурудың латенттік түрінде қоздырғыш дефектік түрде немесе ерекше бір сатыда болады. Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің жасушаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді.

Микроағзаның бір түрімен шақырылған жұқпалы ауру моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар - аралас немесемикст-инфекция деп аталады.

Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса - екіншілік инфекция пайда болады.

Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары - қоздырғыш, макроағза және қоршаған орта болып табылады.

Микроағзаның бірнеше қасиеттері бар: патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі, адгезивті және инвазивті қасиеттері. Патогенділік -қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті. Вируленттілік - патогенділіктің дәрежесі. Адгезивтілік - микроағзаның тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті. Инвазивтілік– қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті. Токсигенділік -микроағзалардың токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндердітірі микроағзалар бөледі, ал эндотоксиндер микроағза ыдыраған кезде бөлінеді. Паразиттерге тән қасиет – олардың патогенділігі (гр. pathos – зардап шегу, genos - туылуы), яғни ауру тудыруы. Паразиттер тудыратын аурулардың аталуы паразит атының түбірінен және оған os, кейде es немесе as жұрнақтарының қосылуынан шығады. Осыдан бір жасушалы қарапайымдылар лейшманий тудыратын ауру – лейшманиоз, дизентериялы амеба тудырған ауру – амебиаз, бауыр сорғышы немесе фасциоланың ауруы – фасциолез деп аталады.

Микроағзалар адам ағзасына белгілі тіндер арқылы енеді. Кейбір микроағзалар (түйнеменің, сіреспенің, тілменің қоздырғыштары) тері арқылы енеді. Грипптің, қызамықтың қоздырғыштарының ену орны – тыныс жолдарының шырышты қабаттары. Ал дизентерияның, іш сүзегінің қоздырғыштары ас - қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Кейбір жағдайларда қоздырғыштың ену орнында (кіру қақпасы аймағында) аурудың біріншілік региональды турлері дамиды (мысалы, оба кезінде микроорганизм тері арқылы енсе, аурудың терілік, бубонды немесе терілік-бубонды түрі дамиды; тыныс жолдары арқылы енсе - өкпелік түрі дамиды, ас қорыту жолдары арқылы енсе баспалы немесе абдоминальды түрі дамиды). Ену орнынан қоздырғыш макроағзада әртүрлі жолдармен тарайды: лимфогенді (лимфа арқылы), гематогенді (қан арқылы), лимфо-гематогенді.

Микроағзаның қанға енуі бактериемия(іш сүзегі), вирусемия (грипп), риккетсемия (эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе паразитемия(безгек) деп аталады. Грам «теріс» бактериялар ыдыраған кезде эндотоксиндер бөлініп бактериемия мен бірге токсинемия дамиды. Кей жағдайларда қоздырғыш ену орнында қалып, ағзаға тек токсиндер әсер етеді. Бұл жағдайдатоксинемиядамиды.

Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның троптылығы(белгілі бір жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты).

Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.

Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - иммунитет.

Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:

1) антиденелердің түзілуі;

2) тез дамитын жоғары сезімталдық;

3) баяу дамитын жоғары сезімталдық;

4) иммунологиялық есте сақтау;

5) иммунологиялық тұрақтылық және т.б.

Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді.

Инфекциялық процестің үшінші факторы:қоршаған орта (мысалы, ауаның төмеңгі температурасы және жоғары деңгейдегі ылғалдығы көптеген инфекцияларға адамның сезімталдығын жоғарылатады).

Сонымен қатар, ортаның әлеуметтік факторларының да маңызы үлкен.

Жұқпалы аурулардың ерекшеліктері бар:

1. жұқпалы ауру пайда болу үшін этиологиялық агент қажет;

2. жұқпалы аурулардың жұғу қауіпі жоғары;

3. жұқпалы аурулар ағымында кезеңділік байқалады;

4. жұқпалы ауру барысында иммунитет дамиды.

Жұқпалы аурулардың кезеңдері:

1. инкубациялық кезең - адам ағзасына қоздырғыш түскеннен бастап, бірінші клиникалық көріністердің пайда болуына дейінгі кезең;

2. продромальді (бастапқы) кезең - клиникалық көріністердің пайда болуымен басталады, бұл кезеңнің ұзақтығы бір күннен 1-2 аптаға дейін созылуы мумкін;

3. өршу кезеңінде ауруға аса тән клиникалық белгілері дамиды, бұл кезеңнің ұзақтығы әртүрлі болады: бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.

4. реконвалесценция (айығу) кезеңі - өршу сатысынан кейін дамиды.

Инфекциялық үрдістің әр сатысында асқынулар дамуы мүмкін. Асқынулар спецификалық (арнайы) және спецификалық емес (арнайы емес) болып ажыратылады. Арнайы асқынулар – осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамитын асқынуы, арнайы емес барлық микроағзалардың әсерінен дамуы мүмкін.

Жұқпалы аурулар диагностикасының қағидалары мен әдістері

Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшінаурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Біріншіден аурудың ауырлық дәрежесін, сана сезімін, анықтау қажет. Менингеальді синдромды тексеру тиісті. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы маңызды. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың ұлғаюына назар аудару керек. Олар ұлғайған жағдайда көлемін, консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл синдромдар жайылмалы инфкцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.

Эпидемиологиялық анамнезіндежұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс, тамақтану жағдайлары туралы мәлімет жиналады. Жұқпалы аурулардың диагностикасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы зор.

Зертханалық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық және т.б.

Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.

Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың стандартты анықтау қағидалары құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырыған. Есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:

1. Оба.

2. Туляремия.

3. Күйдіргі (түйнеме).

4. Бруцеллез.

5. Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.

6. Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.

7. Шешек.

8. Ботулизм.

9. Кенелік энцефалит.

10. Тырысқақ.

Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары келесі мәліметтерге негізделеді:

ü Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы;

ü Жұқпалы аурулардың ықтимал жағдайы;

ü Жұқпалы аурулардың расталған немесе дәлеледенген жағдайы.

Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиникалық белгілеріне негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған немесе дәлеледенген жағдайы зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді.

Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.

 

Е.Н. Павловскийдің табиғи-ошақтық аурулар жайлы ілімі. Е.Н. Павловский табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. Табиғи-ошақтыларға табиғи жағдайлар комплексіне байланысты аурулар жатады. Олар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді, бірақ адам бұл биогеоценоздарға кірсе залалдануы мүмкін. Табиғи ошақтық аурулардың қоздырғыштары жабайы аңдар арасында тараған және шынайы биогеоценоздардың мүшелері болып табылады.

Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді: а) ауру қоздырғышы; б) ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары); в) егер ауру трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар. Мысалы, Орта Азияның кейбір аймақтарында пендин жарасы деп аталатын ауру кездеседі. Оның қоздырғышы- қарапайымдылардың бір түрі- лейшмания (Leіshmanіa major). Лейшманияның табиғи резервуары - шөлді жерде тіршілік ететін кеміргіштер. Облигатты тасымалдаушылары - қосқанаттылар отрядына жататын москиттер (бәкене шыбын). Паразитарлы аурулардың көбісі табиғи ошақтық болып табылады. Табиғи ошақтық аурулардың алдын алу шараларын жүргізгенде, қоздырғышты тасымалдаушының және қоздырғыштың резервуары болатын жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Табиғи - ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір буынын алып тастау қажет. Табиғи-ошақтық аурулардың басым көп түрі трансмиссивті жолмен беріледі, бірақ берілудің басқа жолдарымен тарайтын аурулар да бар (описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез).

Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет (С.Ә.Әміреев және соавт., 2005 ж.).

Тек қана адамды зақымдайтын ауруларды антропоноздеп атайды. Бұл аурулардың биологиялық иесі мен ауру көзі тек адам саналады. Мысалы: тұмау, іш сүзегі, шигеллез және т.б.

Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды зооноздар деп атайды. Мысалы: бруцеллез, түйнеме, пастереллез және т.б.

Аурудың көзі қоршаған орта объектілері болып табылса, онда ол сапроноздар тобына жатады. Мысалы: ботулизм және т.б. Зоонозды аурулар кей жағдайларда антропонозды сипаттқа аусуы мүмкін: оба, Қырымдық геморрагиялық қызба, құстардың, шошқалардың гриппі, листериоз және т.б.

Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру.

Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процестің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, ағзаның преморбидтік жағдайына назар бөлу қажет.

Жұқпалы науқастардың емінің негізгі қағидалары:

-қоздырғыштың патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен (этиотропты терапия);

-жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға (патогенетикалық терапия);

-макроағзаның арнайы емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қабілеттігін жоғарылату мақсатымен;

-асқынуларды алдын-алуға және емдеуге,

сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.

Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)

Жұқпалы аурулар кезінде энергия жоғалту процесстері жоғарылайды, асқорыту және қоректі заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің сорылуы нашарлайды, олардың әр түрлі сөлдермен (секреттермен), экскреттермен жоғалуы күшейеді. Бұл өзгерістер белок, май, көмірсулар, минералдар және витаминдер алмасуының бұзылуына және науқастың салмағын жоғалтуына әкеп соғады. Белок аз мөлшерде түсуі, оның сорылуының бұзылуы және секреттермен, экскреттермен жоғалуы иммундық жүйенің бұзылыстарына әкеледі (антиденелер синтезі, иммунокомпетенттік жасушалардың активтілігі, қан сарысуының бактерицидтік белсеңділігі төмендейді).

Жұқпалы аурулардың көбісінде дамитын қызба кезінде зат алмасу жылдамдығы күшейіп, энергияның жұмсалуы жоғарылайды. Энергия жұмсалудың жоғарылауына сіреспе кезінде кездесетін бұлшық еттер құрысуларына әкеледі.

Ішекте белоктардың, майлардың және көмірсулардың сорылуы қызба нәтижесінде пайда болатын асқорыту жолдарының ферменттері активтілігінің өзгерістеріне және ішектің шырышты қабатының қабыну процесіне байланысты бұзылады.

Құсу, диарея, судың, электролиттердің, сонымен қатар ақуыздардың жоғалуына әкеп соғады. Одан басқа, ақуыз термен, қақырықпен, зәрмен жоғалуы да мүмкін.

Витаминдер қажеттілігінің жоғарылауы, олардың ішектен сорылуы және тағаммен түсуінің азаюы полигиповитаминозға әкеледі.

Құнды және реттелген тамақтандыру жұқпалы науқастардың емінің өте маңызды бөлігі болып табылады. Тағам жеңіл қорытылуы қажет, сонымен қатар механикалық, химиялық және термикалық қолайлы болуы керек. Өңдеу барысында тек қана суда және бумен пісіру әдістері қоданылады. Диетаны дәрумендермен толықтыру үшін табиғи жеміс-жидекті шырындар ұсынылады.

Диетаны тағайындаған кезде аурудың ауырлығына және кезеңіне асқазан-ішек жолдарының жағдайына, қосымша патологияларға назар бөлінеді.

Қазіргі кезде жұқпалы ауруханаларда көбінесе № 4, 5, 13, 15 диеталар қолданылады. Іш өтумен көрінетін жедел ішек аурулары кезінде №4 диета тағайындаған дұрыс. Тағам асқазан – ішек жолдарына механикалық және химиялық қолайлы, ішек перистальтикасын және ашыту процестерін күшейтетін өнімдер қосылмайды. Ет сорпалары, шырышты сорпалар, кисель және желе, кептірілген нан, ірімшік, айран, ет, буға пісірілген котлеттер, кнель, фрикадель түрлеріне, асылған балық, үгітілген ботқа рұқсат етіледі. Жемісті шырындар ұсынылады. Диетаға сүт, табиғи кофе, құрамына клетчатка кіретін өнімдер (бұршақ, қырыққабат, қызылша, шалқан, шпинат, атқұлақ (щавель)), тұздықтар, сүрленген өнімдер, тәтті тағамдар кірмейді.

Бауыр зақымдалған кезде (вирусты гепатит, лептоспироз, инфекциялық мононуклеоз т.б.) №5 диета ұсынылады. Оның құрамына тығыз еритін майлар, холестерінге бай өнімдер кірмеуі қажет. Ірімшік, айран, сүтті және көкөністі сорпалар, сүтті ботқалар, салаттар, кисель, жеміс тосабы (компот), жемістер ұсынылады. Майлы емес ет, балық асылған түрде, ақ және қара нан, күнбағыс майы, аз мөлшерде сары май рұқсат етіледі.

Қызбамен өтетін аурулардың жедел кезеңінде (тұмау, ЖРВИ, баспа, пневмония т.б.) №13 (2) диета ұсынылады. Диета физиологиялық қалыпқа сай, құрамына керекті мөлшерде белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер (әсіресе, аскорбин қышқылы) кіреді. Сүт және құрамына дөрекі клетчатка кіретін өнімдер шектеледі. Барлық тағамдар үгітілген және ұсақталған түрде дайындалады. Көп мөлшерде сұйықтықтар тағайындалады.

№15 диета арнайы тамақтануды талап етпейтін науқастарға, көбінесе жұқпалы аурулардың реконвалесценттеріне ұсынылады. Нәруыз, көмірсу, май құрамы және калориялық деңгейі физикалық еңбекпен айналыспаған сау адамның тамақтану қалыптарына сай. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өнімдер (шай, кофе, шоколад т.б.) және құрамына дөрекі клетчатка мен эфир майлары кіретін өнімдер (сарымсақ, редис т.б.) шектеледі. Кондитерлік өнімдер ұсынылмайды.

Қант диабетімен ауырған науқастарға №9 диета тағайындалады.

Тағамды қабылдау тәртібіне аса назар бөлу керек. Тәулігіне 5-6 рет, аз мөлшерде тамақтанған дұрыс. Жағдайы ауыр науқастарға тағам тәулігіне 6-8 рет беріледі. Көп жағдайларда жұқпалы науқастар көп мөлшерде сұйықтық ішуді қажет етеді. Мысалы, диарея, құсу, терлеу, ентігу кезінде. Сонымен қатар, тәтті сұйықтық, энергия көзі болып табылады. Науқастарға морс, кисель, компот, шай әртүрлі шырындар, минералды су (газсыз), дайын глюкозо-электролиттік ерітінділер (регидрон, цитроглюкосалам) ұсынылады. Жемістер шөлді жақсы қандырады. Сонымен қатар, жемістердің құрамына дәрумендер, минералді элементтер, қанттар кіреді және олар ішек перистальтикасын күшейтеді.

Зонд арқылы тамақтандыру есін жоғалтқан немесе шайнау және жұту қызметтері бұзылған науқастарға көрсетілген. Жұмсақ резинадан немесе пластмассадан жасалған назогастральды зонд қолданылады. Зонд 5-7 және одан көп күнге еңгізіледі. Зондты дәрігер еңгізеді. Шырышты қабаттың зақымдалуын және ойық жараларды алдын алу үшін тәулігіне бірнеше рет зондты ары-бері жылжыту керек. Тағам піспектің (шприц) немесе тамшылатып еңгізуге арналған системаның көмегімен еңгізіледі. Піспек арқылы алдын-ала асқазандағы сұйықтық алынады (бұл кезде хлорлы натрий жоғалады). Зонд арқылы сүт, айран, сорпалар, жеміс шырындары, сары май және басқа жартылай сұйық өнімдер еңгізіледі. Тығыз өнімдерді үгітіп, сұйықтықпен араластырады. Сонымен қатар, зондпен тамақтандыруға арнайы ұнтақ тәрізді концентраттар (энпиттер, инпитан, овалакт, унипиттер) қолданылады. 45-50°С-ге дейін қыздырылған тағамды 100-250 мл көлемінде баяу еңгізеді. Бірінші тамақтандыру – 100 мл. Тағамды еңгізгеннен кейін 20-40 мл жылы су еңгізіледі. Одан басқа зонд арқылы дәрі еңгізуге болады.

Организмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басқа әдіс- парентералді тамақтандыру. Бұл әдіс жағдайы ауыр науқастарда немесе ауыз арқылы тағам қабылдау көрсетілмеген жағдайларда (ішектің ауыр қабыну процесі; зондпен тамақтандыру асқынуларға әкеп соғатын жағдайда т.б.) қолданылады.

Көк тамырға еңгізу үшін аминоқыщқылдардың дайын жиынтықтары (полиамин, аминофузин, аминостерил т.б.), инсулин қосылған (3-4 г. глюкозаға 1 бірлік) (5-50%). Сонымен қатар, минеральды заттар, витаминдер тағайындалады.

Этиотропты ем

Жұқпалы аурулардың этиотропты емінің негізгі әдісі – химиотерапия әр түрлі топтарға жататын антимикробты дәрілер (антибиотиктер; сульфаниламидтік препараттар; нитрофуран туындылары, вирустық репликация ингибиторлары т.б.) қолдану.

Антибиотиктерәсер ету механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді – микроағзалардың қабырғасының синтезінің ингибиторлары; микробтық нуклеин қышқылдары мен белоктық синтезінің ингибиторлары; молекулярлы құрылымды және жасуша мембранасының функциясын бұзатын препараттар.

Микробтық клеткаларға әсер етуі бойынша бактерицидтікжэне бактериостатикалық антибиотиктерді ажыратады.

Химиялық құрамы бойынша антибиотиктер бірнеше топқа бөлінеді:

- аминогликозидтер (гентамицин, канамицин, т.б.)

- ансамакролидтер (рифампицин, рифамицин т.б.)

- беталактамдар (пенициллиндер, цефалоспариндер т.б.)

- палиендер (амфотерицин В, нистатин т.б.)

- макролидтер (олеандомицин, эритромицин,т.б)

- полимиксиндер (полимиксин М т.б.)

- тетрациклиндер (доксициклин, тетрациклин, т.б.)

- хлорамфеникол (левомицетин)

- фузирен, т.б.

Табиғи антибиотиктермен қатар синтетикалық және жартылай синтетикалық дәрілер қолданылады. Олардың антимикробты әсері, қышқылдар мен ферменттерге тұрақтылығы жоғары.

Антибиотиктердің микробқа әсерінің спектріне байланысты бірнеше топ ажыратады:

- грам-оң және грам-теріс кокктарға (менингококк, стрепто- және стафилококктар, гонококк, коринобактериялар, клостридиялар) және кейбір грам-оң бактерияларға қарсы эффективті антибиотиктер - бензилпенициллин, бициллин, метициллин, цефалоспориндердің I буыны, макролидтер, линкомицин, ванкомицин,т.б.

- грам-оң және грам-теріс таяқшаларға қарсы кең спектрлі антибиотиктер: жартылай синтетикалық пенициллиндер (ампициллин т.б.), хлорамфеникол, тетрациклиндер, II буынды цефалоспориндер;

- көбінесе грам-теріс таяқшаларға қарсы активтілігі жоғары антибиотиктер: доксициклин, полимиксин, III буынды цефалоспориндер;

- саңырауқұлақтарға қарсы препараттар: леворин, нистатин, амфотерицин В, флуканазол, кетоконазол.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әртүрлі химиопрепараттардың да маңыздылығы жоғалған жоқ. Оларға нитрофурандар, 8-оксихинолин және хинолон, сульфаниламидтер және сульфондар,т.б. туындылары жатады.

Нитрофуранды препараттар (фуразолидон, фурадонин, фурагин, фурациллин,т.б.) кең антибактериалді спектрге және қарапайымдыларға қарсы әсерге, жасушаішілік қасиетке ие. Олар ішек және зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларында және жергілікті антисептик ретінде қолданылады.

8-оксихинолин туындылары (мексаза, мексаформ, хлорхинальдон, 5-НОК, т.б.) ішек және урогениталді аурулардың көптеген бактериалді, қарапайымды, саңырауқұлақты аурулардың қоздырғыштарына қарсы эффективті.

Хинолон туындылары, әсіресе фторхинолондар (ломефлоксацин, норфлоксацин, офлоксацин, пефлоксацин, ципрофлоксацин, т.б.) жоғары антибактериалді эффектіне, кең спектрлігіне, жасуша ішіне ену қасиетіне және төмен токсиндік әсеріне, т.б. байланысты қазіргі кезде кең қолданылуда.

Сульфаниламидтер (сульгин, сульфадимезин, сульфаниламидтер, сульфапиридазин, фталазол,т.б,) және сульфон препараттары (диафенилсульфон немесе дансон, т.б.) грам-оң және грам-теріс бактериялармен немесе қарапайымдылармен шақырылған ішек, тыныс жолдары, зәр шығару жолдары ауруларының көптеген ауруларында қолданылады. Бірақ, бұл дәрілерді қолдану әр түрлі асқынулардың пайда болуына әкеліп соғады. Жаңа сульфаниламидтер мен триметопримнің үйлесуі - котримаксазолдың (бактрим, бисептол, гросентол, септрим, т.б,) антибактериальды эффекті жоғары және жанама әсері аз.

Этиотропты терапия мақсатымен паразиттерге қарсы және вирустарға қарсы препараттар да қолданылады. Паразиттерге қарсы препараттар бірнеше топқа бөлінеді: безгек қоздырғышына қарсы (хингамин немесе делагил, хинин, т.б.), амебиаз қоздырғышына қарсы (метронидазол, парамомицин, эмитин, т.б.) және басқа протозойлы инвазияларға қарсы препараттар; гельминттерге қарсы препараттар (альбендазол, левамизол, мебендазол, празиквантель, фенасал.т.б.).

Вирусқа қарсы препараттарвирустардың тіршілік циклінің әр түрлі сатыларына әсер етеді. Клиникалық тәжірибеде вирусқа қарсы препараттар А тұмауына қарсы (амантадин, арбидол, ремантадин, осельтамивир, занамавир т.б.), герпестік инфекцияға қарсы (ацикловир, валацикловир, ганцикловир, полирем, т.б.), В және С вирусты гепатиттерге қарсы ( ламивудин, рибавирин, т.б.). АИВ – инфекцияға қарсы (зидовудин, невирапин, саквинавир, эпивир, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде вирусты инфекциялар емінде интерферондар қолданылады (адамның лейкоцитарлы интерфероны, рекомбинантты препараттар – интерлейкин - 2α, интерлейкин - 1β). Олар вирусқа қарсы әсерімен қатар иммуноынталаушы әсерге ие.

Антибактериальды, вирусқа қарсы және паразиттерге қарсы емінің максимальды эффектіне жету үшін бірнеше ережелерді сақтау керек. Қандайда бір белгілі дәрі ауру этиологиясына, науқастан бөлінген қоздырғыш штаммының сезімталдығына, ауру сатысына және науқастың осы дәріге сенсибилизациясы болуына байланысты таңдалынады.

Антибактериальды препараттардың активтілігі басқа дәрілермен өзара іс-әрекетіне байланысты болуы мумкін (мысалы, кальций препараттарының әсерінен тетрациклин эффективтілігі төмендейді; фторхинолондардың антацидті препараттардың әсерінен эффективтілігі төмен, т.б.). Антибиотиктердің өздері де көп дәрілердің әсерін өзгертеді (мысалы, аминогликозидтер миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады, левомицетин антикоагулянттың әсерін күшейтеді).

Спецификалық ем

Инфекция қоздырғышына спецификалық және спецификалық емес әдістер көмегімен әсер етіледі.

Спецификалық әдіске әсері микроорганизмнің бір түріне ғана бағытталған препараттарды қолдану жатады, мысалы, емдік сарысулар, иммуноглобулиндер және гаммаглобулиндер, иммунды плазма, бактериофагтар және емдік вакциналар.

Емдік сарысулардың құрамына микроорганимзге қарсы (антимикробты сарысулар) немесе бактериальды токсиндерге қарсы (антитоксикалық сарысулар – ботулизмге қарсы, күл ауруының қоздырғышына қарсы, сіреспеге қарсы) антиденелер кіреді. Емдік сарысулар иммунизацияланған жануарлардың қанынан өндіріледі. Бұндай жануарлардың сарысуынан спецификалық гаммаглобулиндер жасалынады. Олардың құрамына тазартылған антиденелер жоғары титрде кіреді (лептоспирозға қарсы, түйнемеге қарсы, сіреспеге қарсы, обаға қарсы).

Спецификалық иммуноглобулиндер иммунизацияланған донорлардың немесе жұқпалы ауру реконвалесценттерінің қанынан өндіріледі (антирабиялық, гриппке қарсы, күл ауруның қоздырғышына қарсы, қызылшаға қарсы, стафилококке қарсы, сіреспеге қарсы, кенелік энцефалитке қарсы). Гомологиялық иммундық препараттардың жақсы қасиеттері – олар ағзада ұзақ уақыт (1-2 айға дейін) сақталады және жанама әсерлері жоқ. Көп жағдайларда иммунизацияланған донорлардың немесе реконвалесценттердің қан плазмасы (стафилококке қарсы) қолданылады.

Емдік сарысулар, гамма және иммуноглобулиндер тек қана парентеральды жолмен (бұлшық етке, ауыр жағдайларда – көк тамырға) еңгізіледі. Жануарлардың қанынан алынған сарысулар мен гаммаглобулиндердің құрамына гетерологиялық (бөгде) белоктар кіреді, сондықтан науқастарда аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін (анафилактикалық шок, аллергиялық дерматит, Квинке ісінуі, сарысулық ауру). Бұл препараттарды бөлшектеп қолдану керек, олар десенсибилизациядан кейін ғана еңгізіледі. Басында терілік аллергиялық сынама жүргізіледі: білектің ішкі бетіне тері ішілік әдіспен 1:100 ерітілген сарысу (қызыл түспен белгіленген ампуладан) 0,1 мл мөлшерінде еңгізіледі. Екінші білекке бақылау үшін физиологиялық ерітінді еңгізіледі. Нәтиже 20 минуттан кейін бағаланады. Егер сарысу еңгізілген орнында диаметрі 1 см-ден астам гиперемия немесе ісіну пайда болса, нәтиже «оң» болып саналады (яғни науқастың жануар белогына сенсибилизациясы бар). Егер нәтиже «теріс» болса иықтың сыртқы бетіне таза сарысу 0,1 мл мөлшерінде (көк түспен белгіленген ампуладан) бұлшық етке еңгізіледі. Жергілікті немесе жалпы аллергиялық реакция 45 минут арасында дамымаса, емдік мөлшердің қалғанын жамбас бұлшық етінің сыртқы жоғары квадрантына еңгізеді. Сарысу температурасы дене температурасымен бірдей болуы қажет. Бір рет еңгізетін сарысудың мөлшері 10 мл-ден аспау керек. Серотерапия қабылдайтын науқастар 1 сағат бойы дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Тері ішілік сынама «оң» болған жағдайда немесе сарысуды теріастылық әдіспен еңгізу нәтижесінде реакция дамыса препарат тек қана шұғыл көрсеткіштермен қолданылуы мүмкін және десенсибилизациядан кейін жасалынады. Ол үшін алдыменен тері астына 100 есе ерітілген сарысуды 0,5 мл, 2,0 мл және 5,0 мл мөлшерінде 15-20 мин интервалымен, содан кейін сол интервалмен таза сарысудың 0,1 және 1,0 мл мөлшерде еңгізіледі. Егер реакция болмаса, бұлшық етке препараттың толық емдік мөлшерін еңгізеді. Осымен қатар шокқа қарсы препараттар қолданылады.

Сарысуларды еңгізу бойынша манипуляциялар асептикалық жағдайларда жасалынады. Сарысуы бар ашылған ампуланы стерилді салфетка астында бөлме температурасында 1 сағаттан көп емес сақтауға болады. Ерітілген сарысуы бар ашылған ампуланы сақтауға болмайды. Гаммаглобулиндер осы ережелер бойынша қолданылады. Иммуноглобулиндерді бұлшық етке алдын-ала десенсибилизацияны жүргізбей еңгізеді. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану алдында олардың жарамдылығын тексеру қажет: ампула зақымдалмаған болуы тиіс, жарамдылық мерзімі болу керек, ерітінді мөлдір, тұнбасы болмауы қажет. Бұл препараттарды ұсынған температурада сақтау қажет. Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану орнында шокқа қарсы дәрілер болуы керек.

Бактериофагтар қазіргі кезде көбінесе ішек инфекциялары кезінде қосымша ем ретінде қолданылады. Патогенді бактериялар әр түрлі фаготиптерге жатуы мүмкін, сондықтан керекті бактериофагты таңдау қиындыққа соғады. Сонымен қатар, адам организмінде еңгізілген бактериофагқа қарсы антифагтық антиденелер түзіледі. Бактериофагтарды ауыз арқылы қабылдауға арналған қышқылға тұрақты жабындымен қапталған таблеткалар түрінде (іш сүзектік, дизентериялық, сальмонеллездік), суппозиторий түрінде (дизентериялық), сұйық түрде (іш сүзектік бактериофаг), құрғақ түрде (стафилококктың, стрептококктың, коли-протейлік т.б.). Бактериофагтардың сұйық түрлері ауыз арқылы, тік ішек арқылы және қабыну ошағында жергілікті қолданылады (тампон, шашырату, тері ішілік және бұлшық етке еңгізу т.б.). Препараттар 5-7 күн бойы қолданылады, курстары жиі қайталанады.

Вакцинотерапия организмнің қорғаныс механизмдерінің белсендіруге бағытталған жұқпалы аурулар емінің спецификалық әдісі болып табылады. Вакцина препараттары «мұражайлық» микробтық штаммдарынан немесе науқастан бөлінген қоздырғыштар дақылынан (аутовакцина), инактивацияланған микроорганизмдерден немесе олардың патогендік қасиеттерін жоғалтқан токсиндерінен (анатоксиндер) жасалынады. Әдетте вакциналар жұқпалы аурулардың созылмалы және созылыңқы түрлерінде және кей жағдайларда жедел жұқпалы процесс кезінде қолданылады.

Вакцинотерапияны ауруханада жүргізген дұрыс, себебі қауіпті асқынулар дамуы мүмкін (жұқпалы аурудың айқын асқынуы немесе қосымша патологияның активизациясы, анафилаксиялық реакциялар т.б.). Қазіргі кезде жаңа, жетілген иммунотерапия әдістері пайда болуда, сондықтан вакцинотерапия қолдануы шектеліп, кей жағдайларда тиім салынған (бруцеллез).

Патогенетикалық ем

Патогенетикалық ем жұқпалы ауру барысында пайда болған функциональды және метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыруға және жоюға организмнің иммунобиологиялық тұрақтылығын және қоздырғыштың жойылу эффективтілігіне жоғарылатуға бағытталған. Патогенетикалық емнің негізгі түрі – дезинтоксикациялық терапия. Ол улану синдромының ауырлық дәрежесіне байланысты тағайындылады. Бұл ем инфузия түрінде немесе энтеральды жолмен, эфферентті әдістерімен жүргізіледі. Инфузиялық әдіспен (көк тамырға) кристаллоидты (глюкоза, полиионды, Рингер, физиологиялық, т.б.) және коллоидты (альбумин, аминоқышқылдар, декстрандар - реополиглюкин және полиглюкин, инфезол, т.б.) ерітінділері еңгізіледі. Гемадилюция (қанды сұйықтату) әдісі бойынша ерітінділерді еңгізумен қатар диуретиктер қолданылады. Энтеральды әдіс - кристаллоидты ерітінділерді, энтеросорбенттерді (активтелген көмір, полифепам, тагансорбент, смекта, энтеродез,т.б.) пероральды жолмен (кейде назогастральды зонд арқылы ) еңгізу.

Эфференттік әдістер - аурудың ауыр түрлерінде экстракорпоральды емдеу әдістерімен жүзеге асырылады (гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез, т.б.)

Дезинтоксикациямен қатар, су-электролиттік бұзылыстар, газды және қышқыл- негізді гомеостаз бұзылыстары, көмірсу, ақуыз және май алмасуының бұзылыстары, гемокоагуляция, гемодинамика бұзылыстар қалыптастырылады.

Иммунобиологиялық резистенттілікті жоғарылату үшін бірнеше шаралар комплексі жүргізіледі: физикалық тәртіп және диета сақтау, витаминдер және микроэлементтер тағайындау, физикалық ем әдістерін қолдану (мысалы, қанды лазермен немесе ультракүлгін сәулелендіру, гипербариялық оксигенация, т.б.).

Бактериялық препараттар (эубиотиктер) кең қолданылады. Олар адамның қалыпты микрофлорасын қалыптастыруға көмек етеді: бифидум-, коли-, лактобактерин, бактисубтил, энтерол, нарине, т.б.

Аурудың патогенезінде иммунотапшылық жағдай дамығында иммунокорректорларды (интерферондар, интерферондардың индукторлары, интерлейкиндер және т.б.) қолдану қажет.

Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары

Жұқпалы науқастардың емі дәрілердің жанама әсерімен және дәрілік ауыруымен асқынуы мүмкін. Асқынуларға дисбактериоз, иммуно-аллергиялық бұзылыстар (анафилактикалық шок, сарысулық ауру, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық дерматит, васкулит, т.б.), токсикалық зақымдалулар (гепатит, нефрит, агранулоцитоз, энцефалопатия, т.б.) және аралас генезді бұзылыстар жатады. Көбінесе спецификалық және химиотерапиялық препараттармен этиотропты ем нәтижесінде дамиды. Дәрілік аурудың ең қауіпті түрі – анафилактикалық шок.

Сарысулық ауру – аллергеннің қайта енгізілуінің нәтижесінде дамиды (әдетте емдік сарысулар, гаммаглобулиндер, кейде иммуноглобулиндер, пенициллин, т.б.). Ол қан тамырлар мен дәнекер тіндердің қабынуымен сипатталады.

Антигенді қайта енгізу нәтижесінде организмде әр түрлі классқа және түрге жататын антиденелер өндіріледі. Олар қан тамырлар қабырғасында бекітілетін, комплементті активтейтін қан айналымында жүретін иммундық комплекстерді түзеді. Бұның нәтижесінде қан тамырлар өткізгіштігі артады, қабырғалары инфильтрацияланады; бүйрек шумақтарының, миокардтың, өкпенің және басқа мүшелердің қан тамырлық капиллярлары тарылып, бітеледі; жүрек клапандары және синовиальды қабаттар зақымдалады. Қанда антиденелер пайда болуынан 3-7 күннен кейін иммундық комплекстермен антиген жоғалып, бірте-бірте сауығу болады.

Полиневрит, синовиит, тері және тері асты майлы клетчаткасының некрозы, гепатит сияқты сарысулық асқынулары сирек кездеседі.

Дисбактериоз – антибактериальды препараттар (көбінесе кең спектірлі антибиотиктер) қолданудың нәтижесінде дамиды. Дисбактериоз биоценоз бұзылыстарына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кандидозды, протейлік, стафилококкты, колибациллярлы, аралас микрофлораның өзгерістерінің дәрежесі бойынша компенсацияланған, суб- және декомпенсацияланған варианттары ажыратылады. Дисбактериоз жергілікті, жайылмалы және жүйелік (генерализацияланған, немесе септикалық) түрде өтуі мүмкін. Көбінесе ішек дисбактериозы дамиды.

Ішек микрофлорасының зақымдалуы ас қорыту процестерінің бұзылыстарына, эндогенді интоксикацияға әкеп соғады; екіншілік иммунодефициттің және басқа мүшелерде қабыну процестердің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Ішек дисбактериозының көріністеріне жиі сұйық немесе жартылай сұйық нәжіспен, іштің ауыру немесе қолайсыз сезімі, метеоризм жатады. Сонымен қатар дене салмағы төмендейді, гиповитаминоз (глоссит, хейлит, стоматит, терінің құрғақтығы түрінде), дерматит, астения, анемия дамиды. Кейде ұзақ субфебрилитет болады. Ректоромоноскопия арқылы тік және сигма тәрізді ішектер шырышты қабатындағы қабыну және субатрофиялық өзгерістерін анықтауға болады.

Орофарингеальды дисбактериоз кезінде ауыз-жұтқыншақтағы қолайсыз сезім және күйдіру сезімі, жұтынудың бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде шырышты қабаттың гиперемиясы және құрғауы, глоссит, хейлит анықталады.

Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)

Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудың көзі, аурудың берілу механизмі және жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.

Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.

Үшінші звеноға әсер ету:арнайы және арнайы емеспрофилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.

Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру

Біздің елімізде жұқпалы науқастарға көмек көп деңгейден тұрады.Біріншілік сатыға жалпы емдік жүйе жатады (учаскелік дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері, жедел жәрдем дәрігері). Келесі саты – жұқпалы аурулар кабинеті және жұқпалы аурулар ауруханасы. Ауруханадан шыққан соң науқас қайтадан учаскелік дәрігердің, жалпы тәжірибе дәрігердің немесе жұқпалы аурулар кабинетінде бақылауында болады. Жұқпалы аурулардан кейін диспансерлік бақылау ұзақтығы нозологияға сай әр түрлі болады (1 айдан 2 жылға дейін).

Жұқпалы аурулар ауруханасының құрылымы мен жұмыс тәртібі.

Жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу үшін науқастар оңашаланады. Жұқпалы науқастардың оңашалануы 2 түрде өткізіледі: үй жағдайында және жұқпалы ауруханаға жатқызу. Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу инфекция көзін толығымен шектейді. Науқастар ауруханаға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жатқызылады. Клиникалық көрсеткіштер бойынша ауруханаға аурудың орташа ауырлық, ауыр түрлерімен ауырған науқастар, ал эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша аурудың ауырлығына қарамай аса қауіпті инфекцияларға күмәнданған кезде, үй жағдайында оқшалауға мүмкіндік болмағанда, және жатақханада, интернатта, казармада тұратын адамдар жатқызылады.

Басқа ауруханалармен салыстырғанда жұқпалы аурухананың бірнеше ерекшеліктері бар. Оның құрылымы мен жұмыс тәртібі инфекция көзін (яғни науқасты) шектеуге; аурухана ішілік зақымдануды алдын алуға және жұқпалы науқастардың еміне бағытталған.

Жұқпалы аурухананың негізгі құрылымдық б







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.