Здавалка
Главная | Обратная связь

Алдын алу шаралары.



1. Аурудың көзін жою керек. Үй жануарларын пастереллезге қарсы егу керек. Кеміргіштермен күресу мақсатымен дератизация жүргізіледі. Мал тұратын жерлерде дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізіледі. Ауру малды оңашалап емдеу немесе жою қажет.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу барысында ауру малдың етін және басқа өнімдерін пайдалануға тиым салынады. Шыбын, шіркейлерден қорғану керек. Санитарлы – ағарту жұмыс жүргізу керек. Қауіпті топтарға (ветеринарлар) вакцина егіледі.

БРУЦЕЛЛЕЗ (САРЫП)

Анықтамасы.Бруцеллёз-Brucella бактериясымен қоздырылатын, зооноздар тобына жататын, жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық-аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико-бактериемиялық инфекция ретінде, созылмалы түрі – полиморфты клиникалық көріністерімен, көбінесе сүйек-буын, орталық және перифериялық жүйке жуйелерін, жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымдаумен, хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағымымен сипатталады.

Тақырыптың өзектілігі.Бруцеллез кең таралған инфекция. Барлық елдерде кездеседі, әсіресе мал шаруашылығы дамыған аймақтарда. Қазақстан республикасы үшін бұл инфекция өлкелік патология деп саналады. Жыл сайын 2-2,5 мың адам бруцеллезбен ауырады. Әсіресе, оң түстік аймақтарда ауру кең таралған. Бұның бір себебі - Қырғызстан және Өзбекістаннан әкелінген, тексерілмеген малды арзан бағамен сату.

1. Соңғы жылдары эпизоотикалық жағдайдың нашарлануына байланысты қалалық бруцеллез жиі кездесіп, соның ішінде балалардың саны көбейіп жатыр. Мысалға, Оң-түстік Қазақстан облысында жыл сайын 100 мың тұрғынға 30,9% жаңа ауру тіркелсе, оның ішінде 53% - 14-ке дейін жастағы балалар.

2. Жедел бруцеллез 40-60% жағдайда созылмалы бруцеллезге ауысады да, 2,7-37% дейінге адамдардың еңбекке қабілетін төмендетіп мүгедектік жағдайға әкелу қаупін туғызады. Бұл өте күрделі әлеуметтік мәселе.

3. Өкінішке орай, дәрігерлердің үлесіне тек ауруға дер кезінде диагноз қою және емдеп жазып шығару тиіп отыр. Ауруды тарататын малдар, осыған жауапты ветеринария қызметкерлері. Адамдарда 1995 жылдан бастап ауруға қарсы вакцина қолданбайды, себебі „вакциналық патергия” пайда болады. Жануарлар да вакцинациядан кейін ауырып, инфекция көзі болып табылады. Бұл күрделі ветеринарлық мәселе.

4. Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі іс. Клиникалық көріністері полиморфты. Лабораторлық диагностикасы да қанағатсыз болып келеді, себебі аурудың серонегативті жасырын варианттары жиі кездеседі. Бруцеллездің емі де көңілден шықпайды. Ш. Николь айтуы бойынша: «Бруцеллез – адамға бақытсыздық, дәрігерлерге абыройсыздық әкелетін сырқат.”

Тарихи мәліметтер. Адамның буын буынын кеміріп, сай сүйегін сырқырататын, қара –терге түсіріп тынышын алатын осы ауру жайында Гипократта білген екен (б.э.д. 4 ғасыр бұрын өмір сүрген). Қазақша оны «селсоқ ауру», «жел ауру», «сарып» десе, түркпендер «ешкінің безгегі» деп атапты. 19 ғасырдың соңында Жерорта теңізінің Мальта аралында әскери қызметте жүрген солдаттардың арасында осы індет көптен кездесіп, оны «Жерорта теңізінің безгегі» деп Мэрстон (1831) атаған. Давид Брюс сол безгектен қайтыс болған әскердің көк бауырынан осы аурудың қоздырғышын тауып, оған Micrococcus melitensis деген атақ берген.

Заммит (1906 ж.) бұл ауру ешкінің сүті арқылы жұғатынын анықтаған. 1897 ж. Дания ғалымдары Банг пен Стрибольт (1896-1897) түсігі болған сиырдан тапқан коздырғышты Bact. abortus bovis деп, америкалық Траум (1914) түсігі болған шошқадан тапқан қоздырғышты Bact. abortus suis деп атаған. Ал 1916-1918 жж. Алиса Ивенс осы 3 микробтың бір бірене өте ұқсас екенін дәлелдеп, оларды бір топқа кіргізіп, К. Майер мен М. Фезье (1920) бірінші ашқан Брюстің құрметіне “Brucella” деп атайды. Содан бері ауру бруцеллез деп аталады. Сөйтіп, бруцеллез ауруы ұсақ және ірі қара малдан, шошқадан жұғатыны, оның кәсіби ауруларға жататынын анықталды.

Кеңес одағының П. Ф. Здродовский, П. А. Вершилова, Н. И. Рагоза, Г. А. Пандиков, А. Ф. Билибин, Г. П. Руднев деген ғалымдардың еңбектері белгілі. Қазақстанда И.К.Каракулов, Г.Н.Удинцев, П.П.Очкур, Н.Д.Беклемишев, М.М.Ременцова, И.Л.Касаткина, К.Б.Курманова, С.А.Амиреев, Е.С.Белозеров еңбектері бүкіл Кеңес Одағына белгілі. Солармен бірге М. С. Сыздыков, К.Д.Дүйсенов, К. А. Жуманбаев, Л. А. Муковозова, К. Б. Садыков, Л. Е. Цирельсон және басқа ғалымдардың улесіде зор.

Этиологиясы. Бруцеллездің қоздырғышы Brucella тұқымдастығына жатады. 1985 жылы Женева қаласында бактериялардың номенклатурасын бақылайтын Халықаралық комитетінің жіктелуі бойынша Brucella тұқымдастығынын 6 түрін ажырату қажет: B. melitensis, B. abortus, B. suis. B. ovis, B. canis и B. neotomae. Осы жіктелудің қазіргі заманға дейін күші бар (M. J. Corbel, 1997).

Соңғы жылдары молекулярлы-генетикалық зерттеудің нәтижелері бойынша Brucella тұқымдастығының 1 түрі B. melitensis және оның көп биоварлары бар деген гипотеза талқыланып жатыр (J. M. Verger, 1985).

Қоздырғыштың әр түріне тән ие организмдері бар.

1. B. melitensis иесі ұсақ мүйізді қара мал: қой, ешкі (3 биовары бар). Бруцелланың бұл түрі ірі қара малды, түйені, итті зақымдауы мүмкін.

B. melitensis – патогенділігі жоғары, адамдардың арасында эпидемия, малдың арасында эпизоотия шақыратын қоздырғыш.

2. B. abortus иесі - сиыр (9 биовары бар). Адамдар арасында спорадикалық ауру шақырады. Осы қоздырғыштан тірі вакцина жасалған (ВА-19).

3. B. suis иелері - шошқа (1, 2 және 3 биоварлары), қоян (2 биовар), бұғылар (4 биовар). Бірақ бұл қоздырғыш ірі және ұсақ қара малды зақымдауы мүмкін (5 биовар). Қазақстанда сирек кездеседі.

4. B. ovis – қойдың инфекциялық эпидидимитінің қоздырғышы. Адам үшін патогендік әсері бар.

5. B. canis иесі – ит. Адам үшін патогендік әсері бар.

6. B. neotomae иесі – далалық тышқандар, адам үшін патогенділігі зерттелмеген. Сонғы екі түрі Америка Құрама Штаттарында бөлінген.

Соңғы жылдары бруцелланың жаңа түрі анықталған - B.rаngiferi. Адам үшін патогенділігі зерттелмеген.

Бруцеллалар – ұсақ кокк тәрізді қозмалмайтын, грам теріс, спора, капсула түзбейтін бактериялар. Көлемі 0,5 - 0,7 мкм х 0,6 - 1,5 мкм.. Қоздырғыштың өсуіне оптимальды температура қажет - 37 °С (20°С - 40°С). Антиденелер түзілуіне жауап беретін антигені болып липополисахарид (ЛПС) саналады. Бруцелла антигенінің Escherichia hermanni, Escherichia coli 0:157, Salmonella 0:30, Stenotrophomonas maltophilia, Vibrio cholerae 0:1 и Yersinia enterocolitica 0:9 антигендерімен ұқсастығы бар (M. B. Perry, D. R. Bundle, 1990).

Бруцелла – жасушалардың ішінде мекендейтін қоздырғыш.

Бруцеллалар сыртқы ортаға өте төзімді болып келеді: ылғалды жерде – 72 күн, суда – 90 күн, құрғақ топырақта - 3-4 ай, малдың жүнінде және терісінде - 1- 4,5 ай сақталады. Оның әлсіз жағы – ыстықтан қатты қорқады. Күннің тура түскен сәулесінен 30 мин. – 1сағатта, 50° температурада - 1 сағатта, 60°- 30 мин., 70° - 10 мин.арсында тіршілігін жояды, қайнатқанда (100°) тез өледі. Дезинфекциялық ертінділеріне (0,2–1% хлорлы әк, 0,5% - лизол, 0,2% - формалин, 1% - креолин) төзімсіз.

Бруцеллаларға құбылмалық тән: физикалық, химиялық қолайсыз жағдайлардың, антибиотиктердің, бактериофагтардың әсерінен өзінің морфологиялық, культуралді, тинкториалді қасиеттерін, антигендік құрылымын, вируленттігін өзгертеді. Бруцеллезбен ауыратын науқастардың бактериологиялық, серологиялық зерттеулердің теріс болуын осы жағдайлармен түсіндіруге болады. Бруцеллалалар S- түрінен R-түріне жиі ауысады. Сондықтан бруцеллаланың турін анықтау үшін адам немесе жануар организмінен бөліп алынғаннан кейін кідірмей дифференциация жүргізу қажет.

Эпидемиологиясы.

Бруцеллез - нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.

Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.

1. Аурудың көзі – жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі - бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады. Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді.

Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық” болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін. M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.

2.Таралу жолдары мен факторлары

Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі - бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады.

Алиментарлы жол шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) арқылы жүзеге асады. Ешкі - қой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, әсіресе балалардың арасында бруцеллездің таралуына маңызды орынға ие болып отыр. Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті және жұмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады және ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі-қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының әртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың тұрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) – 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) – 18-20 күн, әлсіз тұздалған (10%) және әлсіз қышқыл уызда – 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-қа жоғарыласа 2 тәулікке дейін сақталады (Ш. Букейханова, 1952).

Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі ұрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады.

Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады.

Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тарағанда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылар етінен сүйек – ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті.

Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа қолданса және мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.

3. Қабылдаушы макроорганизм

Адамдардың ауруы кәсіби сипатқа ие (қойшылар, сауыншылар, малшылар, мал дәрігерлері, ет және сүт комбинаттары, тері мекемелері, теріні біріншілік өңдеу фабрикалары, бруцеллез зерттханаларының қызметкерлері). Нарықтық экономиканың дамуына байланысты ауылшаруашылығымен кәсіби байланысы жоқ адамдардың, қала тұрғындары мен балалар арасында сырқаттанушылдық деңгейі өсіп отыр. Бұрын байқалатын мезгілділік, яғни аурудың қыс – көктем айларында жиілеуі, сонғы кезде малдың жеке иелерінің санының өсуіне байланысты айқын көрініс бермейді. Бруцеллезбен жасы және жынысы әртүрлі адамдар ауыруы мүмкін. Бірақ, науқастардың құрылымында жас адамдар – жиі, ал сирек – егде жастағы және балалар ауырады. Ер адамдардың жиі ауыруы ауылшаруашылық өнімдерінде олардың көбірек болуына байланысты. Адамдар арасында бруцеллездің нозогеографиясы ауылшарушылық жануарлардың бруцеллезінің таралуына тікелей байланысты. Бірақ, бруцеллалардың түрлері мен биоварларының біркелкі емес патогенділігі бруцеллездің эпидемиологиясында аса маңызды роль атқарады және адамдардың ауыру динамикасына әсер етеді. B. Melitensis - тің жоғары жұғү қауіпі бруцеллездің таралу сипатына әсерін тигізеді. С.Ә.Әміреевтің (1989) мәліметтері бойынша зақымданған қойлармен тікелей жанасуда болатын қой-зат фермалардың жұмысшыларының арасында - 78,6% бруцеллезге қарсы серологиялық реакциялар оң нәтижеде, ал басқа ауыл тұрғындарының арасында – тек қана 11,1 ден 39,7%. Серологиялық реакциялар бойынша оң нәтижелі адамдардың жартысында бруцеллездің әртүрлі клиникалық көріністері анықталған, ал қалғандары өздерін дені сау деп есептеді. Сиыр бруцеллезі ошағында залалданған адамдарда бұл ауыру латенттік түрде өтеді, тек аздаған бөлігінде ғана бруцеллездің клиникалық көріністері дамиды.Сондықтан адамдардың бруцеллезбен ауыруының тіркелуі нағыз эпизоотикалық жән эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді, нәтижесінде бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтарда сырқаттанушылықтың деңгейі аз екен-деген жалған пікір туындайды.

Бруцеллезге стерилді емес және тұрақты емес иммунитет тән. Қайтадан залалдану және бруцеллезбен ауырып жүрген немесе бұрын ауырып кеткен адамдардың ауру жағдайлары белгілі.

Патогенезі

Г. П. Руднев бойынша аурудың келесі патогенетикалық сатыларын ажырату қажет:

1.Лимфа тамырларына ену сатысы. Қоздырғыш организмге тері немесе шырышты қабат арқылы енеді. Бұл жерде ешқандай өзгерістер болмайды. Сосын лимфогендік және гематогендік жолдарымен қоздырғыш аймақтық лимфа түйіңдеріне жетеді. Бұл сатысы латенттік бруцеллезге, немесе жедел бруцеллездің жасырын кезеңіне сәйкес келеді. Аурудың клиникалық көріністері болмайды.

2. Қан тамырларымен ену арқылы біріншілік жайылмалы сатысы – қоздырғыш қан айналымына түсіп – бактериемия дамиды. Қан айналымдағы жүрген бактериялармен күресу жолдарында ретикуло-эндотелиальды жуйе кірісіп қоздырғышты шоғырландырып жинауға тырысады. Бұл кезеңде лимфа түйіндері, бауыр, көк бауыр ұлғайып – лимфаденопатия, гепатомегалия, спленомегалия анықталады. Басқа жергілікті (локальды) нышандар болмайды. Патогенездін бұл сатысы жедел бруцеллезге сәйкес келеді (науқаста қызу, қалтырау, терлеу, полиартронейромиалгиялар, улану нышандары пайда болады).

3. Көптуйінді шоғырлану немесе метастазды ошақтардың пайда болуы сатысы– қан арқылы қоздырғыш әр түрлі ағзаларға тарайды. Патогенездін бұл сатысы жеделдеу бруцеллезге сәйкес келеді (жоғары атап кеткен нышандар басеңдеп сонымен қатар ағзалардың зақымдану симптомдары анықталады – жергілікті қабыну процестер дамиды).

4. Метастазды ошақтарынан қайта-қайта қанға түсу арқылы екіншілік ошақтардың пайда болуы және реактивті-аллергиялық өзгерістер қалыптасу сатысы созылмалы бруцеллезге сәйкес келеді. Сүйтіп әрбір қайталанған генерализация (қанға жайылу) созылмалы бруцеллездің асқынған (өршіген) кезіне сай келеді.Метастазды ошақтар – қорғаныс ошақтардан инфекция тарату септикалық ошақтарға алмасады.Патогенездің осы сатысы бруцеллездің хрониосепсис тәрізді өтуін түсіндіреді. Микробтар ішкі ағзаларға неғұрлым қайта-қайта өтіп, қайталап кездескен сайын, солғұрлым организмде жоғары сезімталдық (сенсибилизация) өрши түседі. Саналуан клиникалық белгілердің дамуы осы аллергиялық өзгерістермен тікелей байланысты. Міне осы себептен бруцеллезді инфекциялық-аллергиялық ауру деп атап өткенбіз.

5. Қалдық (резидуалді) метаморфоз сатысыаурудың нәтижелеріне сәйкес келеді. Иммунитеттің қорғану қабілеті жоғарлап организм қоздырғыштан босанады - айығу сатысы қалыптасады. Қоздырғыш жойылғанмен организмде зақымдалған ағзаларда әр түрлі морфологиялық дегенеративті-дистрофиялық өзгерістер сақталып қалады (фиброз).

Бруцеллез патогенезінің негізінде иммунокомпетентті клеткалардың қоздырғышқа қарсы көпқырлы жауабы болып есептеледі. Бруцеллез кезінде науқастардың организмінің иммунологиялық қайта құрылу аяқталмаған фагоцитоз әсерінен дамитын аллергиялық компоненттің қалыптасуымен жүреді. Иммунопатогенездің күрделілігі аурудың саналуан клиникалық түрлерінің дамуының себепші болады.

Жұқпалы аурулар кезінде патогенез сатыларының толық дамуы міндетті түрде емес. Инфекциялық процесс патогенездің кез келген сатысында аяқталуы мүмкін. Осыған әртурлі факторлар әсер етеді. Бір жағынан бруцелланың турі, патогенділігі, вирулентілігі, организмге түскен мөлшері, жұғу жолы; екінші жағынан макроорганизмнің иммунды жауабының күші, қосымша созылмалы аурулардың болуы. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайдың ролі өте маңызды. Қазақстан республикасы сияқты гиперэндемиялық аймақтарда, бруцеллездің ошақтарында адамдар қоздырғышпен тұрақты түрде кездесіп, организмінде инфекциялық-аллергиялық қайта құрылу дамиды. Бұл кезде инфекциямен бірінші рет кездескен адамдармен (иммунды емес организм) және бұрын кездескен адамдарда (иммунды организм) аурудың патогенезінің, клиникалық түрлерінің айырмашылығы болады. Жоғары атап кеткен патогенез сатылары иммунды емес организмде дамиды. Ал иммунды организмде патогенездің және осыған байланысты клиникалық турлерінің ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктерді Н.Д.Беклемишев анықтаған.

Бруцеллездің қоздырғышы адам организміне тері немесе шырышты қабат арқылы енеді. Енген жерінде бруцеллалар өзгеріс шақырмайды. Сосын бруцеллалар лимфогенді және гематогенді жолдармен регионарлы лимфа түйіндеріне түсіп, макрофагтармен ұсталады да, оның антигендік құрылымын иммунокомпетентті жасушаларға таныстырады. Нәтижесінде организмнің бруцеллаларға қарсы арнайы иммуно-аллергиялық қайтақұрылуы жүреді: залалданған организм арнайы антиденелердің түзілуімен және аллергиялық қайта құрылумен жауап береді. Қоздырғыш енгеннен бастап микро- және макрорганизм арасында күрес басталады. Дамыған инфекциялық процесс 3 вариантта өтуі мүмкін (№9 кесте).

 

№ 9 кесте

Бруцеллездегі инфекциялық процесстің сатылары

 

ЗАЛАЛДАНУ

ß

Арнайы иммуноаллергиялық қайта құрылу
I жол II жол III жол
Иммунизация Біріншілік латенция Жасырын кезең
қоздырғышты аластауы – салыстырмалы иммунитет жағдайы біріншілік- созылмалы бруцеллёз қанға жайылуы (генерализация) – жедел бруцеллёз

 

I жол. Макроорганизмнің қалыпты иммундық жауабы кезінде енген қоздырғыштың вируленттілігі әлсіз және дозасы аз болса организм бруцеллаларды аластап инфекциялық процесс алғашқы сатысында аяқталады – иммунитет қалыптасады. Бірақ, иммунитет тұрақты емес. Серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар 6 айдан кейін төмендеп жойылады. Сосын бұл адамдар бруцеллезді қайтадан жұқтыруы мүмкін.

II жол. Егер организмнің қоздырғышты аластатуға күші жетпесе, бруцеллалар фагоциттер және тағы басқа иммунокомпетентті жасушалармен қоршалып - гранулемалардың ішінде сақталады. Гранулема түзуі организмнің қорғаныс қасиетіне жатады. Бірақ аяқталмаған фагоцитоз әсірінен гранулеманың ішінде қоздырғыш тірі қалады. Организм қоздырғышты жоя алмайды. Бірақ клиникалық көріністері де болмайды. Организмде қоздырғыш болғаннан соң сау адамда бруцеллезге қарсы серологиялық және аллергиялық реакциялар оң болып табылады. Инфекциялық процестің бұл турін „латенция” деп атаймыз. Бұл процесс тұрақты емес. Әртүрлі қолайсыз жағдайларда, әсіресе иммунитеттің күші төмендегенде, қоздырғыш аз мөлшерде қанға түсіп, қан арқылы тарап залалданған ағзаларда баяу қабыну процесі дамиды. Осымен бірге қоздырғыштың әсірінен дамыған аллергиялық өзгерістердің нәтижесінде клиникалық көріністерде байқала бастайды. Бұл инфекциялық процестің түрін біріншілік-созылмалы бруцеллез деп атаймыз. Себебі қоздырғыштың жұқтырған уақыты белгісіз болады, ал ағзалардағы қабыну процесі созылмалы кезеңінде анықталады (артроз, остеохондроз, т.б. ).

III жол.Макрорганизмнің иммунды жауабының күші төмен болса, немесе қоздырғыштың патогенділігі, вируленттілігі және мөлшері жоғары болса, бруцеллалар фагоциттердің ішінде көбейіп, лимфо-гематогенді тосқауылдан өтіп қанға түседі. Жайылмалы сатысы дамып аурудың клиникалық көріністерінің айқын басталуына себеп болады. Сонда жоғары атап кеткен иммуно-аллергиялық қайта құрылу жағдайы аурудың жасырын (инкубациялық) кезеңі болып, ал дамыған процесс жедел бруцеллезге сәйкес келеді.

Сонымен, бруцеллез ауруының ерекшелігі – қоздырғышты жұқтырғаннан кейінгі уақытты анықтау қиындыққа түсуі. Бруцеллездің турін немесе кезеңін анықтауда уақыт факторының ролі шамалы, өйткені жедел бруцеллез латенттік бруцеллездің үстіне, ал созылмалы процесс аурудың ең басынан дамуы да мүмкін.

Клиникасы

Қазақстан республикасында Н.Д.Беклемишевтің жіктелуін қолданамыз.

Бруцеллездің жіктелуі (Н.Д.Беклемишев, 1957)

1. Латенттік бруцеллез: біріншілік-латенттік және екіншілік-латенттік

2. Жедел бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

3. Баяу немесе жеделдеу бруцеллез: жеңіл, орташа ауыр, ауыр ағымы

4. Созылмалы бруцеллез: біріншілік–созылмалы және екіншілік

созылмалы (декомпенсация, субкомпенсация және компенсация сатысы).

5. Бруцеллездің қалдықтары.

Е.С.Белозеров (1985), К.Б.Құрманова, А.Қ.Дүйсенова (2002) ұсынысы бойынша бұл жіктелуге тағы да бір түрін енгізу қажет, себебі эндемиялық аймақтарда бруцеллезге қарсы иммунитеттің әлсіздігіне байланысы ауруды қайтадан жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі.

6. Қайталанған бруцеллез (суперинфекция және реинфекция).

Латенттік бруцеллез кезінде сау адамда бруцеллаларға қарсы серологиялық және/немесе аллергиялық реакциялар «оң» болып табылады.

Біріншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң»реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырмаған адамдарда табылады.

Екіншілік-латенттік бруцеллез кезінде «оң» реакциялар бұрын бруцеллезбен ауырған адамдарда табылады.

Жедел бруцеллез кезінде ауруды жұқтырған кезден 3 айға дейін науқаста қызба, қалтырау, терлеу, полиартронейромиалгиялар пайда болады.

Баяу немесе жеделдеу бруцеллез кезінде аурудың көріністері 3 аймен 6 ай арасында сақталып, науқаста жергілікті қабыну процестер қалыптасады.

Созылмалы бруцеллез кезінде аурудың көріністері 6 айдан артық сақталады.

Екіншілік-созылмалы бруцеллезкезіндебұрын жедел бруцеллезбен ауырған науқаста 6 ай өткеннен кейін аурудың клиникалық нышандары анықталады.

Біріншілік-созылмалы бруцеллезкезіндебұрын жедел бруцеллезбен ауырмаған науқаста созылмалы бруцеллездің клиникалық көріністері анықталады.

Бруцеллездің қалдықтары кезінде организмде қоздырғыш жоқ, активті инфекцияның клиникалық көріністері жоқ, серологиялық реакциялар теріс, бірақ бұрын бруцеллалармен зақымданған ағзаларда анатомиялық дегенеративті деструктивті өзгерістер қалған – анкилоз, спондилез, деформация, атрофиялар, бедеулік және т.б.

Суперинфекция созылмалы бруцеллезбен ауырып жүріп науқас бруцеллезды қайтадан жұқтырады.

Реинфекция бруцеллезден жазылғаннан кейін ауруды қайта жұқтырады.

Диагноздың мысалдары:

1. Латентті бруцеллез (Райт реакциясы 1:50, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

2. Жедел бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. (Райт реакциясы 1:200, Хаддлсон реакциясы –айқын оң).

3. Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Миокардит. Оң жақтық сакроилеит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

4. Жеделдеу бруцеллез. Орташа ауыр ағымы. Сол жақ тобықтың артриті. (Райт реакциясы 1:400, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

5. Екіншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Увеонейрохориоретинит. Оң жақ шынтағының бурситі. (Райт реакциясы 1:100, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

6. Біріншілік-созылмалы бруцеллез. Декомпенсация сатысы. Жайылмалы остеохондроз. Вертебро-базилярлы жетіспеушілік. Гипертензионды синдром. Дисциркуляторлы энцефалопатия. Ми қантамырларының васкулиті. (бруцеллездік спецификалық антиген байланыстырушы лимфоциттердің оң нәтижесі, ИФА IgG).

7. Бруцеллездің қалдықты өзгерістері. Спондилез. Тізе буындарының артрозы.

8. Жедел бруцеллез. Ауыр ағымы. Біріншілік созылмалы бруцеллез үстіне суперинфекция. Менингоэнцефалит. Сол жақ жанбас буының артрозы. Сегіз –көз-бел аймағының остеохондрозы. (Райт реакциясы 1: 200, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

9. Жеделдеу бруцеллез. Ауыр ағымы. Реинфекция. Екі-жақтық орхоэпидидимит. Солжақтық ахиллит. (Райт реакциясы 1:800, Хеддльсон реакциясы –айқын оң).

 

Жедел бруцеллездің жасырын кезеңі – 7-30 күн. Жиі бруцеллез жедел басталады.

Клиникалық нышандары токсико-бактериемиялық, жайылмалы инфекциялық процестің көріністері болып табылады: қалтырау, қызу, терлеу, полиартронейромиалгиялар, лимфаденопатия, гепато- спленомегалия.

Аурудың негізгі нышаны – қызба. Қызбаның сипаты ремиттерлеуші (танғы температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1,5-2,0ºС). Дене қызуы тәүліктің екінші жартысында айқын қалтыраудан кейін жоғарлайды, сосын терлеумен сипатталып төмендейді. Науқастың жалпы жағдайы қанағатты болады да, дәрігерлерге қаралмай жүре береді. Бірақ, бұл жағдай ұзаққа созылып (бір неше аптадан 3 айға дейін), науқас дене салмағын жоғалтады.

Екінші маңызды синдром - полиартронейромиалгиялар (сүйек, буын, бұлшық еттер, жүйке тамырлардың ауру сезімі пайда болады). Бұл кезде қабыну процестер дамымайды. Бруцеллездің қазіргі ағымының ерекшелігі- ағзалардың қабынуы ерте (3 айдан бұрын) қалыптасуы. Бұл адамдардың организмінің арнайы жоғары сезімталдылығының өршуінің белгісі.

Науқасты тексеріп қарағанда ұлғайған барлық топтар лимфа түйіндерді (көбінесе жақ астылық, қолтық астылық, шаптық), бауырды, көк бауырды анықтауға болады. Лимфа түйіндердің көлемі майда, ауыр сезімсіз, қоршаған тіндерге жабыспаған.

Жеделдеу бруцеллез аурудың жедел сатысының жалғасы. Жедел бруцеллез кезіндегі көріністерге зақымданған ағзалардың қабыну процестері қосылады - артрит, неврит, орхит және т.б.

Созылмалы бруцеллез кезіндеаурудың жалпы токсико - бактериемияның әсерінен пайда болған нышандар бәсеңдеіді. Бірінші орынға әртүрлі ағзалардың қабыну процестердің белгілері шығады. Бұл кезеңде дене қызуы қалыпты немесе субфебрилді, тершеңдік айқын емес болады. Бірақ лимфаденопатия, гепатомегалия сақталуы мүмкін.

 

Бруцеллез кезінде дамитын органопатология:

Сүйек-буын жүйесі бойынша

Ø Артралгиялар

Ø Артрит

Ø Сакроилеит

Ø Пери- және параартрит

Ø Периостит

Ø Бурсит

Ø Тендовагинит

Ø Артрозо-артрит, артроз

Ø Спондилит, спондилодисцит

Ø Остеохондроз, спондилоартроз, спондилез

Ø Остеомиелит

Ø Фиброзит

Ø Целлюлит

Жиі ірі буындар (жанбас, тізе, тобық, иық, шынтақ буындары), омыртқалар және омыртқа арасындағы дискілер зақымдалады. Олар ісіп, ауырып, қимыл қасиетін жоғалтады.

Жүйкелік жүйе бойынша (нейробруцеллез)

Ø Орталық жүйке жүйесі (менингит, энцефалит, миелит, диэнцефалит)

Ø Шеткі жүйке жүйесі (невралгия, неврит, радикулит, солярит, плексит)

Ø Вегетативті жүйке жүйесі (метеосезімталдық, тершеңдік, тоңғыштық, және т.б.)

Ø Ми тамырларының васкулиті (арахноидит)

Ø Психобруцеллёз (қозу, сандырақтау, астено-депрессивті жағдайлар және т.б.)

Жыныс жүйе бойынша

Ø Менструальды циклдың бұзылыстары

Ø Сальпингит, оофорит, сальпиногоофорит

Ø Орхит, орхоэпидидимит

Ø Импотенция

Ø Бедеулік

Зәр шығару жүйе бойынша

Ø Альбуминурия, протеинурия, гематурия

Ø Гломерулонефрит

Қан-тамыр жүйесі бойынша

Ø Кардиалгия

Ø Жүрек тондарының бәсеңдеуі, систоликалық шу

Ø Аритмиялар, брадикардия, тахикардия

Ø Гипотония

Ø Миокардиодистрофия

Ø Ошақты миокардит

Ø Эндокардит

Ø Миокардит пен эндокардит аурудың ауыр түрінде дамуы мүмкін.

Шеткі қан өзгерістері

Ø Лейкопения

Ø Салыстырмалы лимфоцитоз

Ø ЭТЖ -ның жоғарлауы

 

Қайталамалы бруцеллез.

Нашар эпизоотикалық жағдайлары бар аумақтарда қайталамалы бруцеллез өзекті мәселе болып табылады. Бруцеллезден емделген науқастар кәсіптік және тұрмыстық жұмыстарына оралып, екінші, кейде бірнеше рет инфицирленеді. Бұрын бруцелезбен ауырғандарда клиникалық көріністердің дамуы рецидив (асқыну), суперинфекция және реинфекция болуы мүмкін.

Бруцеллездің рецидивтері, суперинфекция мен реинфекцияның арасында салыстырмалы диагноз жүргізу қиынға соғады. Бруцеллездің рецидиві – бұл аурудың айығу кезеңінен кейін (1-2-3-5-8 айлар өткенде, кейде бұдан да кеш кезеңде) белгілі клиникалық түрінің өршуі болып табылады. Рецидивтертердің себебі эндогенді және экзогенді факторлардың әсері болуы мүмкін (қосымша созылмалы аурулардың асқынуы, суықтау, интеркуррентті инфекциялардың қосылуы, кейбір физикалық емдеу әдістерін ерте қабылдау - балшықпен емдеу, ыстық ванна, сауна қабылдау, тоқпен емдеу және вакциналарды, қан препараттарын, пиррогеналды, т.б. қабылдау. Аурудың рецидиві – бұл процестің компенсация сатысынан суб- және декомпенсация сатыларына ауысуы. Бруцеллездің рецидивінің себебі гранулемалардың ішінде мекендеген бруцеллалардың қайталама эндогенді генерализациясы.

Суперинфекция – организмдегібіріншілікинфекциялық процесі аяқталмай тұрып бруцеллаларды қайтадан жұқтыру. Бруцеллездің суперинфекциясы біріншілік инфекцияның клиникасының айқындауымен жүреді. Суперинфекция кезінде серологиялық реакциялардың титрі және организмнің арнайы сенсибилизация дәрежесі жоғарлайды.

Аурудан сауыққан соң (организмде бруцеллалар жоқ, серологиялық және аллериялық реакциялар теріс болғанда) бруцеллезді қайтадан жұқтыру реинфекция деп бағаланады. Бруцеллезбен зақымдалған теңіз шошқалары бруцеллалардың жоғары мөлшерімен суперинфекцияға резистенттілігін көрсетеді, бірақ инфицирлеуші мөлшердің одан әрі жоғарлауы иммунитеттің төмендеуіне әкеледі (П.А.Вершилова, 1961). Реинфекция шақыру үшін, зақымдалған сәттен бастап ұзаруының өлшеміне қарай, неғұрлым аз мөлшерде және неғұрлым аз вирулентті штамм керек. Суперинфекция ауыр клиникасымен сипатталатын жоғары мөлшерлі вирулентті қоздырғышпен немесе сенсибилизация денгейінің жоғарлауына және процестің асқынуына әкеліп соғатын қоздырғыштың аз мөлшерімен шақыралыды.

Сонғы жылдары бруцеллездің біріншілік ауруында, бруцеллез ұзақтығы 3-5 жылға дейін созылатына анықталды. Сонан соң сероаллергиялық реакциялардың жойылғанша төмендеуімен сипатталатын екіншілік латенция кезеңі дамиды. Бруцеллездің эндемиялық ошақтарында инфекция көзімен жанасқан адамдар міндетті түрде бруцеллезбен қайта зақымданады. Бұл науқастың сенсибилизация дәрежесін жоғарлатады және процестің компенсациясының бұзылуын шақыруы мүмкін. Бұрын бруцеллезбен ауырған және бруцеллезге қарсы оң реакциялары болған адамдағы осындай декомпенсация реинфекция немесе суперинфекция деп бағаланбайды. Ол бұрынғы бруцеллездің асқынуы деп есептелген соң, дәрегерлік көмекке келген көптеген науқастарда бруцеллез ұзақтығы өте үлкен сияқты болып көрінеді (Н.Д.Беклемишев, 1975).

Х.А.Касымова (1979) бруцеллез бойынша эндемиялық аудандарда инфекция көзі, берілу факторларымен тұрақты жанасқан 68 науқаста бруцеллездің супер- және реинфекциясының клиникасын және иммунологиялық реакциялардың динамикасын бақылаған. Инфекциялық және постинфекциялық иммунитет төмендеуі әсерінен, екіншілік зақымдану біріншілік бруцеллезден 3-30 жыл өткен соң басталады. Қайталама бруцеллез жедел немесе созылмалы түрде серологиялық реакция титрінің төмендеуімен бірақ гиперсенсибилизациямен өтеді. Кейбір науқастарда аурудың жедел түрі (реинфекция) ауыр сипатта және ағзалардың ерте зақымдануымен өтеді. Сонғы жылдары кәсіптік топтарда қайталама бруцеллезбен ауыру көбейді.

Бруцеллездің реинфекция кезінде эпидемиологиялық мәліметтер

Реинфекция дамыған науқастардың мамандығы - ет өндейтін, бөлшектейтін, сататын адамдар, мал шаруашылығымен айналысатын, сүт комбинаттарында жұмыс істеітін адамдар және малдың жеке иелері. Ет өндейтін кәсіптегі адамдардың мал шаруашығымен айналысатындарға қарағанда реинфекцияның жиілігі жоғары болуы бруцеллардың ет комбинаттардың көп мөлшерде залалдануымен байланысты. Жұмысшылар әр түрлі терілік, сүйек тінінің жарақатын (кесетін заттармен) алады, бұл бруцелланың жоғары мөлшерімен залалдануға оңай жағдай түғызады. Мал шаруашылығында, бруцеллалар жануар организмінде жоғары вируленттігі арқылы жұмысшылар арасында инфекция таратады. Қоршаған орта бруцеллезбен ауырған мал арқылы заладанып, тек кәсіптік топты ғана емес, малға қатысы жоқ адамдарды да зақымдайды. Бруцеллездің реинфекциясында жеке малдың эпидемиялық ролі маңызды, олар бруцеллезді ет-сүт тағамдары, жанасу арқылы жұқтырады.

Реинфекция кезінде бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері

Бруцеллезбен екінші рет ауырған адамдарда аурудың әртүрлі клиникалық түрлері дамиды – жедел, жеделдеу, біріншілік және екіншілік созылмалы түрлері. Қайталама бруцеллез клиникасы негізінен біріншілік аурудың сәйкес түрін қайталайды және екі түрде өтуі мүмкін. Қайталама бруцеллез ағымы алдынғы инфицирлену нәтижесінде пайда болған иммунитетке байланысты жеңіл және қысқа мерзімде өтуі мүмкін немесе жүйке, сүйек-буын, урогениталді және басқа жүйелердің зақымдануы және гиперсенсибилизацияның әсерінен ауыр және ұзақ өтуі мүмкін.

Жедел бруцеллез түріндегі реинфекция жедел басталады, қызба 3-5 күннен 10-15 аптаға дейін созылады. Қызба қисығы көбінесе интермиттерлеуші немесе ремиттерлеуші сипатта болады. Қызба қалтыраудан басталып, қатты тершеңдікпен бітеді. Науқастарда ірі буындарында, бұлшық еттерінде, жүйке талшықтарында ауру сезімі болады, лимфа түйіндері, бауыр, кейде көкбауыр ұлғаяды. Науқастардың 1/3 қан айналым, тыныс алу, асқорыту және тірек-қимыл жүйелерінде алдынғы ауруға қарағанда өзгерістер аз болады. Бірақ науқастардың көбінде (2/3) екінші аптадан бастап ошақтық зақымданулар дамиды, бұл аурудың ауыр ағымына себепші болады. Мұндай жағдайларда жедел кезең аурудың созылмалы түріне өтіп, көбінесе қалдықты процесстер дамиды, және олар мүгедектікке алып келеді.

Реинфекция кезіндегі бруцеллездің жеделдеу түрі жедел кезеңнің жалғасы. Ұзақтығы 1-3 апта толқын тәрізді қызбамен өтеді және қалтырау, тершеңдікпен, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануымен сипатталады. Патологиялық процесс прогрессивті ағымымен өтіп созылмалы түріне ауысады.

Екіншілік-созылмалы бруцеллез реинфекция кезінде айқын клиникалық белгілерімен немесе әлсіз белгілерімен өтеді. Аурудың декомпенсация кезінде қызба фебрилді, субфебрилді немесе қалыпты болуы мүмкін, аздаған қалтыраумен және кезкекті тершеңдікпен өтеді. Аурудың мұндай клиникалық түрлерінде тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің зақымданулары өршиді.

Реинфекцияның біріншілік-созылмалы бруцеллезі барлық клиникалық түрлерінің 2/3-құрайды, ең жиі кездеседі. Біріншілік-созылмалы бруцеллезге әртүрлі ағзалар мен жүйелердің зақымдануы әсерінен клиникалық көріністердің полиморфизмі және рецидивтік ағымы тән. Инфекциялық процестің компенсация және декомпенсация сатылары бір бірін ауыстырып дамиды. Бруцеллез процесінің декомпенсациясы субфебрилитет, тоңғыштық, жүйке жүйесінің өзгергіштігімен, тершеңдік, полиаронейромиалгиямен және біріншілік ауырғанмен салыстырғанда ауыр өтеді. Осыған байланысты, біріншілік-созылмалы бруцеллез тірек-қимыл аппаратының, жүйке, жүрек-қан-тамыр, жыныс, зәр шығару, асқорыту жүйелерінің күрделі зақымдалуларымен және серологиялық реакциялардың теріс немесе әлсіз оң нәтижелерімен ерекшеленеді.

Бруцеллездің рецидиві, суперинфекция және реинфекциясы кезінде салыстырмалы диагнозды тек эпидемиологиялық мәліметтерге, клинико-лабораториялық зерттеулерге қарап қана анықтауға болады. Егер екі жыл ішінде ауру рецидиві болмаса, қанда арнайы антиген және антиденелер табылмаса аурудың сауығуы туралы айтуға болады.

Реинфекция кезінде бруцеллез диагностикасы үшін келесі сұрақтарды анықтау керек: а) біріншілік бруцеллездің өткен кезеңін; б) біріншілік және қайталама аурудың арасындағы ремиссия ұзақтығы; в) ремиссия кезіндегі серологиялық реакциялардың көрсеткіштері және Бюрне сынамасының нәтижесі; г) екіншілік жұқтыру кезеңіндегі науқастың тұратын және жұмыс істейтін аудандардағы эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайларын. Біріншілік және қайталама ауру арасындағы ремиссия 3-8 жылға (91,8%), кейде 9-20 жылға (8,3%) дейін созылуы мүмкін, бұл кезде серологиялық реакциялар көрсеткіштері теріс болады. Бруцеллез кезіндегі реинфекция жиілігі мекен ететін эндемиялық ошақтағы микроорганизмнің түріне байланысты екенін ескеру кажет. Сиыр бруцеллезі ошағына қарағанда, ұсақ қара малдар ошағында қайталама жұқтыру жоғары. Ірі қара мал инфекция ошағына (B.abortus - жұқтырған) қарағанда, ешкі-қой бруцеллез қоздырғышының ірі қара малға миграциялағанда реинфекция жиілігі 2-3 есе жоғары. Реинфекция кезіндегі бруцеллез диагностикасындағы лабраториялық зерттеу әдістері жеткіліксіз. Райт және Хаддлсон реакциялары 59,5% және 36,7% жағдайларда теріс, әлсіз оң - 32,9% және 12,6%; оң - 7,6% және 50,7% сәйкес келеді. Көптеген науқастар серологиялық реакциялары теріс болған кезеңнен соң, қайта жоғары титрі оң нәтижелермен тіркеледі. Мұндай жағдайда реинфекция дамуы күмәнсіз. ТГАР және ИФА көрсеткіштері бруцеллездің реинфекциясы кезінде жиі оң болады (58, 5% және 62,7% сәйкес келеді). Тері ішілік аллергиялық Бюрне сынамасы реинфекция кезінде бруцеллезбен ауырған науқастарда жиі арнайы антигенге жоғары сезімталдықты көрсетеді.

Эндемиялық ошақтарда бруцеллезбен қайталама жұқтырып ауыру аз емес. Мұндай жағдайда аурудың клиникалық көріністері жиі бұрынғы аурудың декомпенсациясы деп қателеседі, ошақта эпидемиологиялық зерттеу жүргізілмейді, ал қайта дамыған ауру ескерілмейді. Реинфекциямен ауыратын науқастар мүгедектік дамитын қатерлі топтарға жатады және олар толық реабилитациялық емді қажет етеді.

Диагноз қою үшін аурудың пайда болған клиникалық көріністері:

Ø бруцеллезбен ауырған және толық емес емделгеннен соң 3-8 ай өткен соң қатерлі факторлар әсер еткенде және серологиялық реакциялар оң нәтижелі болғанда аурудың рецидивін көрсетеді;

Ø бруцеллезбен ауырған соң 2 жылдан артық серологиялық реакциялар теріс нәтижелі ашық аралық табылғанда және тікелей эпиданамнез анықталғанда реинфекцияны көрсетеді.

Бруцеллезбен бірнеше рет суперинфицирлену мүмкін екендігін ескеру қажет, сондықтан бұрын бруцеллезбен ауырған науқастар аурудың барлық алдын алу шараларын сақтау керек.

Диагностикасы.

Бруцеллездің диагностикасы өте күрделі ізденіс процесс, себебі ауруға клиникалық полиморфизм тән. Бруцеллездің клиникалық критерийлері №10 кестеде, бруцеллезді анықтау стандарты №11 кестеде келтірілген.

№10кесте

Бруцеллез диагнозын анықтайтын клиникалық критерийлері

Жалпы нышандар Аса тән көріністері
Ø Жедел бруцеллез - ауру жедел басталады: дене қызуы алғашқы күндері жоғары деңгейге (39ºС және жоғары) дейін жетеді; - қызба ремиттирлеуші, толқын тәрізді, гектикалық сипатта (2 толқынның арасындағы қызбасыз өтетін кезеңнің ұзақтығы бір неше күннен бір неше аптаға дейін созылуы мүмкін; өршу толқындардың саны 2 -10 болуы мүмкін); - үлану симптомдары (әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы) айқын емес, ауру ұзаққа созылғанда қалыптасады; - дене салмағын жоғалту     Ø Жеделдеу бруцеллез -қызба қисығының дұрыс емес сипаты (тәулік бойы өзгеруі мүмкін); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (қысқы мерзімді) аусуы мүмкін; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; ауыздың кебуі, шөл, улкен дәреттің жүрмеуі     Ø Созылмалы бруцеллез* -қызбафебрилді және субфебрилді (суб- және декомпенсация сатыларында); қалыпты (компенсация сатысында); - қызба кезеңі апирексия кезеңіне (ұзақ мерзімді) аусады; - аурудың өршуі әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен дамиды (салқын тигізу, жоғары физикалық және ойлық күш түсіру, күнге қыздыру, сауна қабылдау, термиялық әсері бар физиотерапевтикалық емін қабылдау, жүктілік, жүктіліктен босану, қосымша аурулардың қалыптасуы, стрессті жағдайлар, белок жетіспеітін тамақтану және т.б.); - әлсіздік, шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы; - көңіл күйінің төмендеуі, тез өзгеруі (лабильность), естіліктің төмендеуі;  
  • Қызба кезінде науқастың жалпы жағдайы қанағатты;
  • Температура түстен кейін, тәуеліктің 2-ші жартысында көтеріледі;
  • Айқын қалтырау тершеңдікке аусады (әсіресе түнде);
· Полиартронейромиалгиялар, оссеалгиялар (әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында); · Лимфаденопатия (барлық топтағы лимфа түйіндердің ұлғаюы: олар майда, ауру сезімсіз, қозғалыс қасиеті бар) · Гепатомегалия және спленомегалия · Кей бір науқастарда қайталама генерализацияланған жағдайларда организмнің сенсибилизациясы өршігенде әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы мүмкін, олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы   · Симпатикалық вегетативті өзгерістер: - әр түрлі интенсивтілігінде және орналасуында ауру сезімі; - тершеңдік немесе тері жабынларының ылғалдылығы (жалпы немесе локалді – алақандардың, табандардың гипергидрозы); - айқын емес қалтырау немесе тоңғыштық (ыстықтау мен жауру сезімдерінің алмасуы); · Лимфаденопатия · Гепато- и спленомегалия · Барлық нақастарда әр түрлі ошақты қабыну процесстердің қалыптасуы , олар инфекциялық-аллергиялық және септико-метастатикалық сипатта болады · Лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы · Парасимпатикалық вегетативті өзгерістер (гипотония, тері жабындыларының құрғақтығы немесе майлығы, тері трофикасының, терморегуляцияның бұзылыстары, дермографизм өзгерістері, аяқ, қол ұштарының дірілі, вегетативті-тамырлық сынамалардың бұзылыстары – ортостатикалық, көз-жүректік, Бирбаир вегетативті нүктелердің ауру сезімі, вагоинсулярлы криздер және т.б.)






©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.