Здавалка
Главная | Обратная связь

Тесттер: Знаете ли вы как снизить уровень холестерина?

Тесттер

Замечаете ли вы у себя:

1. Нарушения внимания?

2. Снижение умственной работоспособности?

3. Раздражительность?

4. Плаксивость?

5. Чувство тяжести в голове?

6. Головокружение?

7. Повышение артериального давления?

8. Избыточный вес?

9. Ослабление памяти?

10. Шум в голове?

11. Нарушение координации?

12. Слабость в ногах?

13. Судороги в икроножных мышцах?

14. Перемежающиеся боли в ногах?

15. Сжимающие боли в области сердца, отдающие под левую лопатку и в левую половину шеи?

Если вы ответили "ДА" на семь из 11 первых вопросов, то у вас уже имеются начальные симптомы церебрального атеросклероза или склероза сосудов головного мозга.

Если вы ответили "ДА" не только на большинство из 11 первых вопросов, но также и на 12, 13 и 14-й вопросы, то это говорит о том, что у вас наблюдаютссимптоиы еще и склероза артерий ног или облитерующий атеросклероз.

Если вы ответили "ДА" еще и на 15 вопрос, то это означает, что у вас имеются уже и симптомы склеротического поражения сосудов сердца иликоронарный атеросклероз.

При появлении признаковатеросклероза важно начать вести здоровый образ жизни: правильное 4-5 разовое питание с увеличением потребления овощей и фруктов; устраивать хотя бы 1 раз в неделю любой разрузочный день: мясной, творожный, кефирный, овощной, фруктовый или ягодный.

Увеливайте физическую активность, начните сначала с ходьбы и постепенно повышайте нагрузки.

Обязательно проконсультируйтесь с врачом.

Я надеюсь, что приведенный выше тест помог вам достаточно объективно определить, имеются или нет у вас признакиатеросклероз

Тесттер: Знаете ли вы как снизить уровень холестерина?

Проверьте свой IQ на тему холестерина и узнайте самые эффективные методы снизить уровень холестерина.

1. Сколько требуется времени для того, чтобы снизить уровень холестерина с помощью здоровой диеты?

· 1 месяц

· 3 месяца

· 6 месяцев или дольше

2. Сколько необходимо делать упражнений для снижения уровня холестерина?

· 30 минут упражнений легкой интенсивности в день 3-4 дня в неделю

· 30 минут упражнений средней интенсивности хотя бы 4 дня в неделю

· 1 час упражнений средней интенсивности 7 дней в неделю

3. Как семейный анамнез раннего сердечного заболевания влияет на лечение высокого уровня холестерина?

· Если вы сами не страдаете сердечным заболеванием, семейный анамнез не имеет никакого значения.

· Врач будет чаще проверять ваш уровень холестерина.

· Врач вероятно сразу же пропишет вам препараты для снижения уровня холестерина.

4. Как наличие диабета влияет на лечение высокого уровня холестерина?

· Ваш врач попытается опустить ваш уровень холестерина до показателя ниже нормы.

· Врач в первую очередь сфокусируется на лечении диабета.

· Наличие диабета не влияет на лечение высокого уровня холестерина.

5. Что необходимо делать, если не удается снизить уровень холестерина с помощью диеты и упражнений?

· Начать принимать препараты и отказаться от диеты и упражнений.

· Попробовать новые диеты для снижения уровня холестерина.

· Начать принимать препараты и продолжать соблюдать диету и выполнять упражнения.

Тест нәтижелері:

1. Сколько требуется времени для того, чтобы снизить уровень холестерина с помощью здоровой диеты?

Правильный ответ:3 месяца

Обычно врачи предлагают пациентам на протяжении 3 месяцев соблюдать диету для снижения уровня холестерина. Если после 3 месяцев уровень холестерина не снижается, назначается дополнительное лечение. Врач может порекомендовать вам Терапевтические изменения образа жизни. Они включают три компонента: диету для снижения уровня холестерина, регулярные физические упражнения и поддержание здорового веса. Также врач может порекомендовать вам препараты для снижения уровня холестерина, такие как статины, фибраты и другие препараты.

2. Сколько необходимо делать упражнений для снижения уровня холестерина?

Правильный ответ:30 минут упражнений средней интенсивности хотя бы 4 дня в неделю. Большинство врачей рекомендуют 30 минут упражнений средней интенсивности хотя бы 4 дня в неделю как часть плана TLC для снижения уровня холестерина. Упражнения средней интенсивности означают, что ваши ЧСС и дыхание участятся, однако вы будете в состоянии разговаривать. Примеры включают легкий бег, быструю ходьбу, езду на велосипеде, плавание и аква аэробику. Регулярные упражнения средней интенсивности помогают повысить уровень плохого холестерина. Также они помогают снизить уровень ЛПНП и триглицеридов.

3. Как семейный анамнез раннего сердечного заболевания влияет на лечение высокого уровня холестерина?

Правильный ответ:Врач вероятно сразу же пропишет вам препараты для снижения уровня холестерина.

Низкий уровень ЛПВП и семейный анамнез раннего сердечного заболевания являются основными факторами риска сердечных заболеваний. Они даже частично определяют ваш риск получить инфаркт через 10 лет. Если у вас в семье были случаи ранних сердечных заболеваний, и у вас низкий уровень ЛПВП, ваш врач пропишет вам препараты для снижения уровня холестерина. Также вы должны вести здоровый образ жизни с помощью диеты, упражнений и поддержания здорового веса.

4. Как наличие диабета влияет на лечение высокого уровня холестерина?

Правильный ответ:Ваш врач попытается опустить ваш уровень холестерина до показателя ниже нормы.

Если у вас диабет, врач назначит вам лечение с целью снижения уровня «плохого» холестерина на 100 пунктов ниже оптимального показателя (100-129). Диабет значительно увеличивает риск сердечных заболеваний, так же как и высокий уровень холестерина. Если вы столкнулись с обеими проблемами, вы подвержены очень высокому риску сердечных заболеваний. Единственный способ сократить риск – опустить уровень холестерина ниже нормы.

5. Что необходимо делать, если не удается снизить уровень холестерина с помощью диеты и упражнений?

Правильный ответ: Начать принимать препараты и продолжать соблюдать диету и выполнять упражнения.

Часто план TLC помогает снизить уровень холестерина так же эффективно, как и прием препаратов. Но иногда одного изменения образа жизни не достаточно. В этом случае могут помочь препараты для снижения уровня холестерина, такие как статины, фибраты, никотиновая кислота и другие. Если вы начали принимать препараты, продолжайте соблюдать диету, поддерживать здоровый вес и делать упражнения. Здоровый образ жизни поможет вам снизить дозу препарата, что избавит вас от финансовых затрат и побочных эффектов.


6 ОСӨЖ

1. Тақырыбы: Күрделі белоктар алмасуы.Гемоглобиннің ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану).

№1 Аралық бақылау: Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер, көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы

2. Мақсаты:

Сарғыштану кезіндегі қан мен зәрдің биохимиялық анализ нәтижелерін интерпретациялауға үйрену, өтілген тақырыптар: белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер, көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы туралы студенттердің алған білімдерінің меңгерілуін бағалау.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін білуі тиіс:

1) Гемоглобиннің ыдырауының аралық өнімдерін, өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуін, пигменттік алмасудың бұзылуын (сарғыштану).

2) Өтілген тақырыптар: белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер, көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы бойынша алған бағаларын.

 

4. Өткізу түрі:

1.Тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру:

А) гемоглобиннің ыдырау сызбасы, өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі;

Б) қандағы жалпы билирубин мөлшері, билирубин түрлері;

В) сарғыштанулар (механикалық, гемолиздік, паренхималық) кезіндегі қан плазмасындағы билирубин мөлшерінің өзгеруі, зәр мен нәжіс түсінің өзгеруі (кесте толтыру).

2) Аралық бақылау сұрақтары бойынша жазбаша бақылау

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:кесте толтыру, тестілеу, №1 Аралық бақылау сұрақтары бойынша жазбаша бақылау

6.Таратылатын материал –кесте, оқу құралы 2 том, жазбаша бақылау билеттері.

 

№1 кесте – Сарғыштану түрлері

Сарғыштану түрлері Пайда болу себебі Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшері Зәрдің түсі Нәжіс түсі
жалпы тікелей тікелей емес
1. Гемолиздік (бауыр үсті)            
2. Паренхималық (бауырлық)            
3. Обтурациялық (бауыр асты)            
4. Жаңа туған нәрестелердегі (физиологиялық)            

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

 

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

8.Бақылау:

Тест түріндегі тапсырмалар:

1.Гемоглобин ыдыраған кездегi босап шыққан темiрмен байланысатын қан плазмасының белогы

1) альбумин

2) бета-глобулин

3) фибриноген

4) гамма-глобулин

5) гистон

2. Тікелей билирубиннің қандай қасиеті пигментті өт тастарының түзілуіне жол бермейді. ең дұрыс жауапты таңдаңыз

1) тұз ерітінділерде еру

2) суда еру

3) майда еру

4) қышқылдарды еру

5) органикалық еріткіштерде еру

3. Гемоглобиннiң ыдырауы жүретін жасушалар

1) зәр шығару жүйесінің жасушалары

2) жүйке жүйесінің жасушалары

3) макрофагты – моноцитарлы жүйе

4) тыныс алу жүйесінің жасушалары

5) ас қорыту жүйесінің жасушалары

4. Гемоглобиннiң гемiндегi бiрiншi және екiншi пиррол сақиналарының арасындағы метин көпiршесi тотығып, үзiлуi нәтижесiнде түзілетін зат

1) биливердин

2) вердоглобин

3) билирубин

4) уробилиноген

5) стеркобилиноген

5. Тікелей емес билирубиннің залалсыздануына қатысатын фермент

1) сульфотрансфераза

2) УДФ-глюкуронилтрансфераза

3) ацилтрансфераза

4) АТФ-транслоказа

5) ГДФ-глюкуронилтрансфераза

6.Бауырда тiкелей емес билирубиндi конъюгация реакциясы арқылы залалсыздандыруға қандай қышқыл қатысады?

1) күкірт қышқылы

2) глюкурон қышқылы

3) фосфор қышқылы

4) пирожүзім қышқылы

5) глютамин қышқылы

7. Тiкелей билирубиннiң түзiлуiне қандай орган қатысады?

1) ми

2) гипофиз

3) бауыр

4) жүрек

5) бүйрек

8. Қан сарысуындағы билирубиннiң қалыпты мөлшерi

1) 8-20 мкмоль/л

2) 0,5-1,2 мг/100 мл

3) 8 -20 мг/100 мл

4) 0,5-1,2 мкмоль/л

5) 0,5-1,2 ммоль/л

9. зЗәрде бос билирубиннің болмауын қамтамасыз ететін оның қасиеті

1) билирубиннің усыздығы

2) суда еритін қасиеті

3) бүйректен өте алмауы

4) билирубиннің улы болуы

5) Эрлих реакциясы тікелей емес

10.Ересек адамға қан құйған кезде сарғыштану пайда болды. қандағы бауыр сынамалары қалыпты. зәрдің және нәжістің түсi өзгермеген. науқаста сарғыштанудың қай түрi болуы мүмкiн

1) бауырлық

2) обтурациялық

3) механикалық

4) гемолитикалық

5) физиологиялық

11. Механикалық сарғыштанудың пайда болу механизмі

1) эритроциттердің шамадан тыс гемолизге ұшырауы

2) өттің бөлінуінің бұзылуы

3) бауырдың вируспен зақымдануы

4) бауырдың инфекциялық ауруы кезінде

5) сәйкес келмейтiн қан құю

12. Гемолитикалық сарғыштанудың пайда болу себебi

1) өт жүру жолдарының бiтелуi

2) сәйкес келмейтiн қан құю

3) панкреастыңқатерлi iсiгi

4) бауырдың вирустық ауыруы

5) бауырдың бактериялық ауыруы

13.Науқастың жалпы билирубинi 100 мкмоль/л, нәжiсi түссiзденген, зәрiнiң түсi қоңыр. аланилтрансаминазаның белсендiлiгi жоғарылаған. сарғыштанудың түрiн анықтаңыз

1) механикалық

2) гемолитикалық

3) паренхималық

4) физиологиялық

5) обтурациялық

14. Науқастың жалпы билирубинi 60 мкмоль/л,нәжiсiнiң түсi қоңыр,зәрiнiңтүсi өзгермеген. Сарғыштанудың қай түрi болуы мүмкiн

1) механикалық

2) гемолитикалық

3) паренхималық

4) физиологиялық

5) обтурациялық

 

Аралық бақылау сұрақтары:

1. Белоктардың қызметтері, мысалдар келтіру.

2. Белоктардың жалпы қасиеттерін атап шығу.

3. Белок молекуласындағы байланыс түрлері, мысалдар келтіру.

4. Белоктардың ыдырауының ортақ өнімдері. Белоктар гидролизінің түрлері. Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдары. Құнды және құнсыз белоктар.

5. Белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

6 . Белоктардың амфотерлік қасиеті. Бейтарап, қышқылдық және негіздік белоктар, олардыңқұрамына қандай амин қышқылдары кіреді? Белоктардың изоэлектрлік изолектрлік нүктесі (ИЭН).

7. Белок ерітінділерінің коллоидты қасиеттері. Белок ерітіндісінің тұрақтылығы неге байланысты болады?

8. Тұнбаға түсу реакциялары. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы. Тұздалу. Тұздалудың механизмдері.

9. Белок молекуласының құрылымдары. Оларды тұрақтандыратын байланыстар. Денатурация дегеніміз не? Денатурациялаушы агенттер (2 мысал келтіру). Ренатурация дегеніміз не?

10. Фосфопротеиндер. Құрылысы туралы түсінік. Қасиеттері. Негізгі өкілдері.

11. Нуклеопротеиндер, түрлері. Нуклеопротеиндер гидролизінің сызбанұсқасы.

12. ДНҚ, құрылымдары. ДНҚ құрылымын тұрақтандыратын байланыстар. ДНҚ-ң маңызы.

13. м-РНҚ, ролі. Генетикалық кодтың қасиеттері.

14. т-РНҚ мен р-РНҚ-ның ролі. т-РНҚ-ның екіншілік құрылымы.

15. Гемоглобин, құрылысы, маңызы.

16. Миоглобин, құрылысы, ролі.

17. Нағыз гликопротеиндер, құрылысы туралы түсінік, маңызды өкілдері.

18. Протеогликандар, құрылысы туралы түсінік, маңызды өкілдері және олардың ролі.

19. Ферменттердің жалпы қасиеттері (атап шығу).

20. Ферменттің активті орталығының құрылысы.

21. Біркомпонентті және екікомпонентті ферменттер. Құрылысындағы ерекшеліктер. Әр түріне бір мысалдан келтіру.

22. Изоферменттер (мысалдар), диагностикалық маңызы.

23. Ферменттердің субстраттық арнайылығының түрлері (мысалдар

24.Ферменттердің активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация.

25. Гликозидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі, каталитикалық әсері.

26. Эндопептидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі, каталитикалық әсері.

27. Экзопептидазалар, өкілдері, қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі, каталитикалық әсері.

28.Аминотрансферазалар, құрылысы туралы түсінік, каталитикалық әсері (реакция теңдеуін жазу), диагностикалық маңызы.

29. Пиридин ферменттері, құрылысы туралы түсінік, каталитикалық әсері (реакция теңдеуін жазу)

30. Флавин ферменттері, құрылысы туралы түсінік, каталитикалық әсері (реакция теңдеуін жазу)

31. Цитохромдар, өкілдері, ролі. Цитохром в гемінің формуласын жазу.

32.Энергия алмасуы, сатылары (сызбанұсқа). Сатылары арасындағы байланысты көрсету.

33. ҮКЦ, маңызы, ҮҚЦ жиынтық теңдеуі.

34.Биологиялық тотығу тізбегі, ферменттердің орналасу реті. Бұл неге тәуелді?

35. Тотығудан фосфорлану. Биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысу нүктелері.

36.Тыныс алу коэффициенттері. Тыныс алуды бақылау.

37. Тіндік тыныс алу мен тотығудан фосфорланудың ажырауы. Ажыратқыштар (мысал келтіру)/

38. Бауырдың глюкостатикалық функциясы. Ол қалай іске асады? Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері.

39. Анаэробты гликолиз. Маңызы. Субстраттан фосфорлану реакциясын жазыңыз. 40Анаэробты гликолиздің энергетикалық балансы. Анаэробты гликолиздің соңғы өнімі.

41. Глюкозаның аэробты гликолитикалық тотығу жолы (сызбасы). Энергетикалық балансы.

42.Липидтердің қорытылуына қатысатын ұйқы безі және ішек сөлдерінің ферменттері.

43.Өт қышқылдарының өкілдері. Олардың липидтер алмасуындағы ролі.

44.Хиломикрондар, түзілуі, ролі. Қан тамырішілік липолиз.

45.Липопротеиндер, түрлері, түзілетін орны, құрамы, маңызы.

46.Стеарин қышқылының b-тотығуының энергетикалық балансын есептеу..

47.Холестериннің химиялық табиғаты. Организмдегі холестериннің маңызы.

48. Кетон денелерінің химиялық табиғаты. Организмдегі кетон денелерінің маңызы.

49.Атеросклероз кезіндегі қандағы биохимиялық көрсеткіштер.

50. Асқазан сөлінің қышқылдығының түрлері. Қалыпты көрсеткіштері.

51.Асқазан сөлінің жалпы қышқлыдылығының нормадан ауытқуы. Бұл жағдайларда қандай патологиялық құрамдас бөліктері анықтаулы мүмкін?

52.Аммиакты залалсыздандыру жолдары. Бұл қай органдарда жүреді? Мочевинаның және аммоний хлоридінің формулаларын жазу.

53.Гемоглобиннің өт, нәжіс, зәр пигменттерін түзе ыдырау сызбасы.

54.Паренхималық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, паренхималық сарғыштану кезіндегі нәжіс пен зәр түсі.

55.Гемолитикалық сарғыштанудың пайда болу себептері, қандағы биохимиялық көрсеткіштер, гемолитикалық сарғыштану кезіндегі нәжіс пен зәр түсі.


№7 ОСӨЖ

1. Тақырыбы:СӨЖ қорғау.

2. Мақсаты:

СӨЖ қорғау барысында өзін-өзі жетілдіру және коммуникативті дағдылар құзырлылығын бағалау.

3. Оқытудың міндеттері:

ОСӨЖ соңында студенттер білуі тиіс:

1) СӨЖ-ге арналған тақырып материалдарын.

2) СӨЖ-ге дайындалу барысында алған білімдерін, биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді оқуда қолдану.

3) Өздігінен оқыған материалды ұсына білу, сұрақтарға дұрыс жауап бере білу, оқытушымен және студенттермен диалог жасау.

4.Өткізу түрі:СӨЖ тақырыптары бойынша миниконференция.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар:

Орындау түріне сәйкес өзінің СӨЖ-ін қорғау, аудиторияны қызықтыру, сұрақтарға жауап беру.

6.Таратылатын материал:

Орындалған СӨЖ-дің электронды нұсқасы (презентация, кроссворд, глоссарий, кесте, визуалды құралдар, тест тапсырмасы бар квантталған мәтіндер).

7.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

3. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

4. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

3. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

4. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

8.Бақылау:

Оқу-әдістемелік кешендегі СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулардағы сұрақтар.

 


№ 8 ОСӨЖ

1. Тақырыбы:Сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы.

2.Мақсаты:Студенттерде сүйек және тіс тіндерінің химиялық құрамы, метаболизм ерекшеліктері, тіс тінідегі зат алмасудың реттелуі туралы білім қалыптастыру

3. Оқытудың міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін білуі тиіс:

1) Сүйек тіні жасушаларының қызметтерін , химиялық құрамын, заттар алмасуының ерекшеліктерін, сүйек тініндегі минерализация механизмін, сүйек тініндегі метаболизмнің реттелуін, сүйек резорбциясы мен қалыптасуындағы маркерлерді, апатит түрлерін.

2) Тіс тіндерінің (эмаль, дентин, ұлпа, цемент) химиялық құрамының және қоректенуінің ерекшеліктерін, қызыл иек сұйықтығының қалыпты және патология кезіндегі химиялық құрамын.

3) Жағдайлық есептерді және оқу-ғылыми жағдаяттарды шешуді

4) Сүйек және тіс тіндерінің ауруларының алдын алу үшін өмрі салты мен тамақтану бойынша ұсыныстарды негіздеуді.

4.Өткізу формасы:

1)Тақырыптың қиын сұрақтарына кеңес беру

А) Сүйек тінінің химиялық құрамы.

Б) Коллаген амин қышқылдық құрамы және құрылымдары.

В) Сүйек тініндегі минерализацияның механизмі.

Г) Сүйек тініндегі метаболизмнің реттелуі.

Д) Апатиттердің түрлері және қасиеттері.

Е) Тіс тіндерінің (эмаль, дентин, ұлпа, цемент) химиялық құрамының және қоректенуінің ерекшеліктері.

Ж) Қызыл иек сұйықтығының қалыпты және патология кезіндегі химиялық құрамын.

2) Жағдайлық есептерді шешу

3) Тестілеу

5.Тақырып бойынша тапсырма:жағдайлық есептерді шешу, тестілеу

6.Таратылатын материал:тақырып бойынша ақпараттық блок: Сүйек тінінің биохимиясы, тіс тінінің биохимиясы; Т.П.Вавилова «Биохимия тканей и жидкостей полости рта. М., «ГЭОТАР-Медиа», 2009 г. Оқу құралының электронды нұсқасы, жағдайлық есептер.

7.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Т.П.Вавилова Биохимия тканей и жидкостей полости рта. М.:«ГЭОТАР-Медиа», 2012г.

2. Е.В.Боровский, В.К.Леонтьев «Биология полости рта». М.:«Медицинская книга», 2001

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

2. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», М., «Медицина», 1998 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма человека.– Алматы, 2009 г.

8.Бақылау:

№1 ЕСЕП

Тағам рационында көкөністер мен жеміс-жидектер жоқ пациентте шаршағыштық, жұқпалы аураларға ұшырау, қызыл иегінің қанауы байқалады

1) Осы аталған белгілер тән ауруды атаңыз.

2) Берілген жағдайға қажетті витаминді атаңыз.

3) Бұл витаминнің биологиялық ролі қандай?

4) Берілген авитаминозда неліктен аталған симптомдар байқалады?

5) Осы витамин қатысатын реакция теңдеуіне мысал келтіріңіз.

№2 ЕСЕП

Төрт айлық сәбиде мешел ауруының белгілері айқын байқалған. Ас қорыту бұзылыстары байқалмайды. Сәйкес ем және күн көзінде болу аталған белгілердің азаюына әкелді.

  1. Бұл қай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін?

2. Бұл витаминнің биологиялық ролі қандай?

  1. Бұл витамин қандай тағамдарда жеткілікті мөлшерде кездеседі?
  2. Адам организмінде осы витаминнің түзілуі мүмкін бе?
  3. Осы витаминнің гипервитаминозының симптомдары қандай?

№3ЕСЕП

Науқас стоматологқа қызыл иегінің қанауына,тістерінің босауына, демінен жағымсыз иіс шығуына шағымданып келді. Пациентті тексеру кезінде оның терісі мен кілегейлі қабаттарында қан құйылулар байқалған. Қан анализінде гемоглобин, эритроцит мөлшерінің төмендеуі және асқазан сөлі секрециясының төмендеуі байқалды.

  1. Аталған симптомдар қай ауруларда байқалады?
  2. Азық-түлік өнімдерінде қандай қосылыстың жетіспеуі осы жағдайды тудырады?
  3. Осы заттың қандай 2 формасы белгілі және олар қандай реакцияларға қатысады?
  4. Аталған қосылыстар дәнекер тініндегі қандай биохимиялық үдерістерге қатысады?
  5. Берілген ауруды емдеу үшін қандай тағамдық өнімдер қолданады?

№4ЕСЕП

Стоматологтың қабылдауында жүкті әйел, ол өзі және болашақ нәрестеде кариестің профилактикасы үшін ұсыныстар алуға келген.

  1. Жүкті әйелдің ас мәзірінде қандай минералды элементтер болуы керек және осы қосылыстардан қандай кристалдар түзіледі?
  2. Оның ас мәзірінде қандай белоктар жеткілікті мөлшерде болуы керек?
  3. Тістің қалыптасуы кезінде ағзаға түскен белоктар қалай жұмсалады?
  4. Тағамда қандай липидтер болады?
  5. Тағам құрамындағы қандай заттардың мөлшерін шектеу керек?

Тест тапсырмалары

1. Остеобласттарда глюкоза келесі заттардың синтезіне пайдаланылады (3)

1) АТФ

2) коллаген

3) гликоген

4) аминқышқылдар

5) гликозаминогликандар

2. Коллагенде басым болады (3)

1) валин
2) лизин
3) аланин 4) пролин
5) глицин
6) гидроксипролин
7) гидрокситриптофан

3. Тек коллагенде ғана болады (2)

1) валин
2) лизин
3) пролин 4) гидроксилизин
5) гидроксипролин
6) гидрокситриптофан

Олардың түзілуіне қажет витамин

1) А
2) В1
3) Е
4)С
5)В6

4. Цинга кезінде байқалады (3)

1) полиневриттер
2) тістердің тұсіп қалуы
3)қызыл иегтердің қанауы
4)көптік кариес
5)пернициозды анемия
6)бассүйектерінің ерте сүйектенуі

5. Жасушааралық матрикстің коллаген емес белоктары байланыстырады (2)

1)магнийді
2)кальцийді
3)сульфаттарды
4)фосфаттарды
5)хлоридтерді

6.. Минерализация ядросының түзілуіне қатысады: (3)

1) Gla- белоктар
2) GLUT-белоктар
3) коллаген
4) остеонектин
5) кальмодулин
6) кальцийтриол

7. .{ сүйектің өсуіне, сүйектің резорбциясына} ықпал етеді (6;2)

1) пируват
2) ретинол
3) кортизол
4) аскорбат
5) токоферол
6) кальцитонин
7) паратгормон
8) жыныс гормондары
9)тиреоидты гормондар

8.Сүйектің резорбциясы кезінде қанда жоғарылайды (2)

1) аланин мөлшері
2) гидроксипролин мөлшері
3) гидрокситриптофан мөлшері
4) қышқылды фосфатаза активтілігі
5) сілтілі фосфатаза активтілігі

9. Гидроксиапатиттер (1)

1)Са10(РО4)6F2
2)Са10(РО4)6(ОН)2
3)Са9Sr(РО4)6(ОН)2
4)Са10(РО4)5(СО3)(ОН)2
5)Са9Mg(РО4)6(ОН)2

10. Тіс эмалінің негізгі апатиттері (3)

1)Са10(РО4)6F2
2)Са10(РО4)6(ОН)2
3)Са9Sr(РО4)6(ОН)2
4)Са10(РО4)5(СО3)(ОН)2
5)Са9Mg(РО4)6(ОН)2

11. Тіс эмалінің арнайы белоктары(2)

1)коллагендер
2)альбуминдер
3)энамелиндер
4)глобулиндер
5) амелогениндер

12.Тіс дентинінің органикалық заттары (4)

1) коллагендер 2) альбуминдер 3) протеогликандар
4) амелогениндер 5) фосфопротеиндер 6) фосфосиалопротеиндер

13.Тіс цементінің химиялық құрамы (3)

1) 10-15% су
2) 68-70% су
3) 68-70% органикалық заттар
4) 68-70% бейорганикалық заттар
5) 17-20% органикалық заттар
6) 10-15% органикалық заттар

№ 9 ОСӨЖ.

1. Тақырыбы: №2 Аралық бақылау: Гормондар, қан биохимиясы, сүйек пен тіс тіндерінің, сілекейдің биохимиясы.

2. Мақсаты:

Өтілген тақырыптар: гормондар, қан биохимиясы, сүйек, тіс тіндерінің және сілекей биохимиясы туралы студенттердің алған білімдерінің меңгерілуін бағалау.

3. Оқыту міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін білуі тиіс:

Өтілген тақырыптар: горомндар, қан биохимиясы, сүйек, тіс тіндерінің және сілекей биохимиясы бойынша алған бағаларын.

4. Өткізу түрі:

1. Аралық бақылау сұрақтары бойынша жазбаша бақылау

2)Тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша кеңес беру:

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:Аралық бақылау сұрақтары бойынша жазбаша жауап

6.Таратылатын материал –аралық бақылау билеттері.

7.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

1. Т.П.Вавилова Биохимия тканей и жидкостей полости рта. М.:«ГЭОТАР-Медиа», 2012г.

2. Е.В.Боровский, В.К.Леонтьев «Биология полости рта». М.:«Медицинская книга», 2001

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

2. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», М., «Медицина», 1998 г.

2. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма человека.– Алматы, 2009 г.

8.Бақылау:

Аралық бақылаудың сұрақтары:

1. Гормондар, түсінік. Химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.

2. Гормондардың жалпы қасиеттерін атап шығу. нысана-жасушалар дегеніміз не?

3. Нейроэндокриндік реттелу туралыц түсінік.

4. Гормондардың цАМФ арқылы біріншілік механизммен әсер етуі. Қандай белоктар мен ферменттер активтенеді?

5. Гормондардың ІІ және ІІІ механизм бойынша әсері. Осы механизмдер арқылы қандай горомндар әсер етеді?

6. Тиреоидты гормондар. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

7. Қалқанша безінің гиперфункциясы және гипофункциясы.. Клиникалық белгілерінің биохимиялық негіздері.

8. Паратгормон. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

9. Кальцитонин. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

10. Инсулин. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

11. Глюкагон. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

12. Катехоламиндер. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

13. Глюкокортикостероидтар. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

14. Соматотропты гормон. Химиялық табиғаты, түзілетін орны, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері туралы түсінік.

15. Қантты диабет туралы түсінік. қантты диабет кезіндегі қан мен зәрдегі биохимиялық көрсеткіштер.

16. Қан плазмасының химиялық құрамы (схема), оның қан сарысуынан айырмашылығы.

17. Қан плазмасыныңжалпы белоктары, қан плазмасындағы альбуминдердің, глобулиндердің және фибриногеннің қалыпты мөлшері. Қан плазмасының ферменттері қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтіру.

18. Электрофорез арқылы белок фракцияларын алу. Електрофорез әдісінің принципі. Электрофореграмма түрлері (жедел қабыну, созылмалы қабыну, гепатиттер, нефриттер).

19. Гипер-, гипо-, дис-, парапротеинемиялар туралы түсінік, себептері, түрлері.

20. Қанның қалдық азоты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, химиялық табиғаты, анықтаудың маңызы.

21. Гиперазотемия түрлері мен себептері.

22. Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары, өкілдері, химиялық табиғаты, қалыпты жағдайдағы мөлшері, патологиялағы өзгеруі.

23. Қан плазмасының бейорганикалық құрамдас бөліктерінің маңызы.

24. Қанның буферлік жүйелері. Ацидоз және алкалоз кезіндегі бикарбонатты буфердің жұмысы.

25. Ацидоздар, алкалоздар – түрлері, себептері.

26. Натрий, хлор – қалыпты мөлшері, ролі, жиналатын орны, тағам көздері, қалыптыдан ауытқу себептері. Қандағы натрий мен калий деңгейін реттеуші гормондар.

27. Калий – қалыпты мөлшері, ролі, жиналатын орны, тағам көздері, қалыптыдан ауытқу себептері. Қандағы натрий мен калий деңгейін реттеуші гормондар.

28. Хлор – қалыпты мөлшері, ролі, жиналатын орны, тағам көздері, қалыптыдан ауытқу себептері.

29. Кальций мен фосфор – қалыпты мөлшері, ролі, жиналатын орны, тағам көздері, қалыптыдан ауытқу себептері. Қандағы кальций мен фосфор деңгейін реттеуші гормондар.

30. Фосфор – қалыпты мөлшері, ролі, жиналатын орны, тағам көздері, қалыптыдан ауытқу себептері. Қандағы кальций мен фосфор деңгейін реттеуші гормондар.

31. Сүйек тінінің химиялық құрамы

32. Сүйек тіні коллагенінің амин қышқылдық құрамының және құрылымының ерекшеліктері.

33. Сүйек тінінің минерализациясының механизмі.

34. Сүйек тініндегі метаболизмнің реттелуі.

35. Апатиттердің түрлері және олардың қасиеттері

36. Тіс эмалінің химиялық құрамы мен қоректенуінің ерекшеліктері.

37. Тіс дентинінің химиялық құрамы мен қоректенуінің ерекшеліктері.

38. Тіс ұлпасының химиялық құрамы мен қоректенуінің ерекшеліктері.

39. Тіс цементінің химиялық құрамы мен қоректенуінің ерекшеліктері.

40. Аралас сілекейдің химиялық құрамы.

41. Сілекейдің буферлік жүйелері. Ауыз қуысындағы қышқыл-негіздік күйдің реттелуі.

42. Сілекейдің мицеллярлық құрылысы. Эмальдың реминерализациясына сілекей мицелласының қатысуы.

43. Сілекей белоктары. Олардың эмальдың минерализациясына және деминерализациясына қатысуы.

44. Сілекейдің ферменттері, олардың ролі.

45. Сілекей протеиназаларының ингибиторлары.

№ 10 ОСӨЖ

1.Тақырыбы: Ағзаның тіндері мен сұйықтарының биохимиясы.Аралық бақылау.

2.Мақсаты:

Биохимия курсын оқуда алған білімдерін клиника-жағдайлық есептерді шешуде қолдану.

3. Оқытудың міндеттері:

Студенттер осы ОСӨЖ-ден кейін білуі тиіс:

1)Биохимия курсын оқуда алған білімдерін клиника-жағдайлық есептерді шешуде қолдануды.

2) Қанның, зәрдің, сілекейдің қалыпты биохимиялық көрсеткіштері және олардың патологияда өзгеруін.

4. Өткізу формасы:

1) Шағын топтарда жұмыс

2)Қиындық тудырған сұрақтарға кеңес беру.

 

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: клиника-жағдайлық есептерді шешу.

 

6.Таратылатын материалдар: клиника-жағдайлық есептердің шарттары бар билеттері

 

7. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

1. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

2. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

 

Орыс тілінде:

Негізгі:

1.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

2.Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

3.Т.П.Вавилова «Биохимия тканей и жидкостей полости рта. М.,«ГЭОТАР-Медиа»,2012 г.

4.Е.В.Боровский, В.К.Леонтьев «Биология полости рта». М.,«Медицинская книга», 2001 г.

Қосымша:

1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», М., «Медицина», 1998 г.

2.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

3.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г

 

8. Бақылау:

Жағдайлық есептер

№1 ЕСЕП

Пациент дене температурасының төмендеуіне, дене массасының артуына, селқостыққа шағымданады. Қан плазмасында Т4 мен Т3 мөлшері төмендеген.

  1. Берілген белгілер тән патологияны атаңыз.
  2. Осы патологиядағы қан мен зәрдің биохимиялық көрсеткіштер қалай өзгереді?
  3. Т4 мен Т3 биологиялық әсері қандай?
  4. Т4 мен Т3 әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
  5. Бала және ересек жастағы Т4 мен Т3 жеткіліксіздігінің айырмашылығын түсіндіріңіз.

 

№2 ЕСЕП

Жүргізушіні медициналық тексеруден өткізгенде, ол қараңғыда нашар көретіні белгілі болды.

  1. Бұл қай витаминнің жетіспеушілігімен байланысты?
  2. Бұл витаминнің биологиялық ролі қандай?
  3. Берілген витаминнің фоторецепцияға қатысу сызбасын келтіріңіз.
  4. Берілген витаминнің жеткіліксіздігі кезінде көрудің бұзылуынан басқа қандай бұзылыстар байқалады?
  5. Берілген витаминнің минерализация үдерісіндегі ролі қандай?

 

№3 ЕСЕП

Қантты диабетпен ауыратын науқаста полиурия, полидипсия, полифагия және пародонттың ауруы байқалды, оған белоктарға бай тағам рационы ұсынылады.

  1. Қантты диабет кезінде белоктар алмасуы қалай өзгереді?
  2. Қантты диабеттің қандай себептері және қандай түрлері болады?
  3. Қантты диабет кезіндегі бұзылыстармен байланысты гормонның әсер ету механизмі қандай?
  4. Берілген гормонның биологиялық әсері қандай?
  5. Қантты диабет кезіндегі қан мен зәрдің биохимиялық көрсеткіштері қалай өзгереді?

 

№4 ЕСЕП

Егде жастағы кісіде сүт ішкен соң диспептикалық бұзылыстар (жүрегі айну, құсу, диарея) байқалды. Ал сүт қышқылды өнімдер жегенде, аталған бұзылыстар байқалмады.

  1. Берілген патологияны қандай ферменттің жеткіліксіздігі тудырады?
  2. Бұл фермент қай класқа жатады?
  3. Осы фермент катализдейтін реакция теңдеуін жазыңыз.
  4. Осы фермент АҚЖ қай бөлімінде кездеседі?
  5. Осы фермент катализдейтін реакция өнімдері қалай сіңіріледі?

 

№5 ЕСЕП

Ұзақ уақыт майлы тағамды пайдаланбаған, бірақ көмірсу мен белокты жеткілікті мөлшерде қабылдап жүрген адамда дерматит, жараның тез жазылмауы, көз көруінің нашарлауы, гонадотропты қызметінің төмендеуі байқалған. Балық майын емдік дозада берген соң, аталған симптомдар байқалмады.

  1. Бұл қай витаминдердің жетіспеушілігімен байланысты?
  2. Бұл витаминдердің биологиялық ролі қандай?
  3. Берілген витаминдер қандай тағмның құрамында көп кездеседі?
  4. Осы витаминдердің сіңірілу механизмі қандай?
  5. Бұл витаминдердің улылығы қалай көрінеді?

 

№6 ЕСЕП

Ауқымды кариеспен ауыратын науқаста тіс қағының түзілуі, бөлінген сілекейінің тұтқырлығы жоғары болуы байқалды. Оның сілекейінде лактат мөлшері жоғары.

  1. Берілген белгілер тән патологияны анықтаңыз.
  2. Сілекейдің жеткіліксіз бөлінуінің себептері қандай?
  3. Көз жасы сұйықтығы секрециясы төмендеуімен және аутоиммунды бұзылыстармен сипатталатын қандай аутоимммунды ауруларда сілекей жеткіліксіз бөлінеді?
  4. Аралас сілекейдегі лактат мөлшерінің артуы неліктен кариес дамуына әкеледі?
  5. Тіс беткейінде тіс қағы қалай жиналады?

 

№7 ЕСЕП

Протеинограммада қан плазмасы белоктарының фракциялары келтірілген және белок фракциясының анодқа жылжуының баяулауы байқалады.

  1. Электрофорезде белоктар неліктен фракцияларға бөлінді?
  2. Ең жылдам белок фракциясы қалай аталады?
  3. Берілген белоктардың мөлшері қандай жағдайда төмендейді?
  4. Электрофорезде анағұрлым баяуырақ жылжитын белоктар қалай аталады?
  5. Электр өрісінде белоктардың жылжуы қай амин қышқылдарының радикалдары есебінен мүмкін болады?

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.