Здавалка
Главная | Обратная связь

Астигматизмге не жатпайды?



Скотома деген не?

1. Көру аймағынын концентрациялық тарылуы

2. Көру аймағының шектелген дефектісі

3. Көру аймағының жартысының сыртқа түсуі

4. Көру аймағының біркелкі емес тарылуы

5. Ішкі көру аймағының жартысының түсуі

85. Көз алмасының енген кіретін жарақаттарында көздің жалпы шолу суреттері жасалады:

1. Барлық енген жарақаттарда

2. Тек анамнезінде бөгде зат кірген болса

3. Тек орбита қабырғасының сынуы болса

4. Көзде әйнек сынығы болса

5. Тек Конберг-Балтин протезін қолдану мүмкін болмаса

86. Қан тамырдан дамитын көзішілік ісіктер қандай аспаппен зерттеледі:

1. Альгесиметр

2. Экзофтальмометр

3. Диафаноскоп

4. Кератометр

5. Саңылаулы лампа

87. Пигментті дистрофия кезінде көру аймағының тарылу сипаты:

1. Көру аймағының концентрлік тарылуы

2. Отралық скотома

3. Битемпоральды гемианопсия

4. Биназальды гемианопсия

5. Сол жақтық гемианопсия

88.Науқаста жарақаттан соң жоғарғы қабағының птозы, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабық сезімталдығының төмендеуі. Бұл симптомдар мынаған тән:

1. эндокринді офтальмопатия

2. көз эмфиземасы

3. тенонит

4. көздің тромбофлебиті

5. көздің жоғарғы жағының санылау

89.Науқаста мөлдір қабықтың бір жақты гетерохромиясы, сонымен қатар қасаң қабықта преципитаттар анықталған және ол катарактамен асқынған. Сіздің диагнозыңыз;

1. глаукомоцикликалық криз

2. Бехчета синдромы

3. Фукс синдромы

4. мөлдір қабықтың аралас мезодермалық дистрофиясы

5. жалған эксфолиатив синдромы

90.Дұрыс жарық сындыру қалай аталады?

1. қалыпты трихромазия

2. аномальды трихомазия

3. дирихомазия

4. монохромазия

5. дейхромазия

91.Поликлиникаға окулистке екі көзінің де көру қабілетінің төмендегеніне шағымданып әйел келді. Анамнезінінен балалық шағында тізе буынында қабыну ауруы болғаны аңыкталды. Қарап тексеру кезінде: ОИ- аздаған жарықтан қорқу, көз алмасының иньфекциясы, көз алмасын пальпациялау кезінде ауру сезімсіз, қасаң қабықтың лента тәрізді дистрофиясы, жіңішке преципитаттар, жұлдыз формалы қарашық. Көру өткірлігі ОИ-0.2. Сіздің диагнозыңыз:

1. Увеит, Бехчет ауруы

2. Туберкулезді- аллергиялық кератоувеит

3. Увеит, Стилл ауруы

4. Увеит, Рейтер ауруы

5.Увеит, Стивенс- Джонсон ауруы

92.Протанопия бұл...

1. Қызыл түсті аномальді қабылдау

2. Жасыл түсті аномальді қабылдау

3. Көк түсті аномальді қабылдау

4. Кара түсті аномальді қабылдау

5. Сары түсті аномальді қабылдау

93.Дейтеранопия бұл...

1.Қызыл түсті аномальді қабылдау

2.Жасыл түсті аномальді қабылдау

3.Көк түсті аномальді қабылдау

4.Кара түсті аномальді қабылдау

5.Сары түсті аномальді қабылдау

94.Тританопия бұл...

1.Қызыл түсті аномальді қабылдау

2.Жасыл түсті аномальді қабылдау

3.Көк түсті аномальді қабылдау

4.Кара түсті аномальді қабылдау

5.Сары түсті аномальді қабылдау

95.Ретинобластоманы емдеу тәсілдерінің 3 сатысы:

1. Консервативті

2. Энуклеация, сәулелі терапия

3. Энуклеация, химиотерапия

4. Энуклеация

5. Сәулелі, химиотерапия, орбита экзентерациясы

96. Жарақаттан кейінгі науқас жөтелу мен түшкіруден кейінгі экзофтальмға шағымданады. Пальпацияда эластикалық кернеу мен әлсіз крепитация байқалады. Болжамды диагноз кандай?

1. Тенонит

2. Пульстап соғатын экзофтальм

3. Көз эмфиземасы

4. Көз веналарының тромбофлебиті

5. Көз флегмонасы

97.Қай жаста ретинобластома жиі анықталады?

1. 1-2ай

2. 5-7ай

3. 6 жас

4. 3-5жас

5. 10-15жас

98.Көз саркомасының емі

1.Энуклеация

2.Эвисцероэнуклеация

3.Эвисцерация

4.Медикаментозды-сәулелі

5.Экзентерация

99.Көз ісіктеріне диагноз қою критерияларына жатпайды:

1. орналасуы , өлшемдері

2. түсі, контуры

3. тығыздығы, козғалғыштығы

4. ауыруы, маңайындағы тіндермен байланысуы

5. конъюнктиваның енуі

100.Төменде көрсетілген орбита кабырғаларыныың кайсысы ең әлсіз болып келеді?

1. Жоғарғы

2. Төменгі

3. Сырқы

4. Ішкі

5. Орбита төбесі

101.Окулистке 1.5 жасар баласы бар айел келді. Ол баласының сол көзінің қарашығы едәуір кең екенін байқаған. Зерттеу барысында оң көздің түбі рефлексі ашық қызғылт түсті, ал сол көздікі сары екені анықталды. Офтальмоскоппен карағанда сол көзде торлы кабаттың көп бөлігін алып , шыны тәрізді денеге батып жатқан алтынды-сары түсті томпайған түзіліс анықталды. Болжамды диагноз койыңыз.

1. Торлы қабықтың алынуы

2. Ретинобластома

3. Хориоидея меланомасы

4. Коатс ретиниті

5. Хореоретинит

102.6 айлық баланың сол көзінің карашығы кең, «амавротикалық мысық көзі». Болжамды диагнозкандай?

1. Глаукома

2. Хориоидея меланомасы

3. Эндофтальмит

4. Ретинобластома

5. Торлы кадаттың алынуы

103.Орбита паталогиясына тән симптом:

1. Эктрапион

2. Экзофтальм

3. Миоз

4. Буфтальм

5. Гемофтальм

104.Ретинобластоманың канша сатысы бар?

1. 4

2. 2

3. 5

4. 3

5. 6

105.Қөздің түбін көру үшін қандай құрал керек

1. Рефрактометр

2. Периметр

3. Кампиметр

4. Офтальмоскоп

5. Синаптофор

106. Қан тамырлардан өскен көзішілік ісіктерді қандай құралмен зерттейміз?

1. Альгезиметр

2. Экзофтальмометр

3. Жарықтық шам

4. Диафаноскоп

5.Кератометрия

107.Конъюнктиваны зерттеу үшін кай әдіс жарамсыз ?

1. Биомикроскопия

2. Сыртқы қарап-тексеру

3. Бифокальды жарықтау әдісі

4. Офтальмоскопия

5. Бактериологиялық, цитологиялық зерттеу

108.Науқас лимб жанында ақшыл-сары түсті, ауырсынусыз түзіліс анықталады. Микроскопиядан түзілістен түк элементтері анықталады. Бұл көрініс тән..

1. Склерит

2. Кератит

3. Дермоид

4. Дистрофиялық кератит

5. Птеригиум

109.Көз алмасы контузиясының дамуы кезінде болуы мүмкін:

1.қасаң қабықтың дермоиды

2.қабақтың сүйелі папилломасы

3.гифема және гемофтальм

4.торлы қабықтың пигментті дегенерациясы

5.цилиарлы дененің меланомасы

110.Көзішілік бөгде заттардың орналасуын анықтайтын әдістерге жатады:

1.рентгенография

2.периметрия

3.доплерография

4.экзофтальмометрия

5.ФАГ

111.Энуклиакцияның абсолютті көрсеткіші болып табылады:

1.глаукоманың жедел өршуі

2.симпатикалык офтальмия

3.көздің енетін жарақаты

4.гемофтальм

5.көру қабілетінің болмауы

112.Факотопиялық глаукома пайда болады:

1.көз бұршағының дислокациясы

2.көз алмасының ісінуі

3.көз алмасының беріштенуі

4. көз бұршағынан капсула арқылы еритін ақуыз молекулаларының шығуы және оның трабекулярлық жүйеге түсуінде

5.афакия

113.Енетін жарақаттардың сенімді белгілеріне жатпайды:

1.енетін жарақаттардың көздің қабырғасында орналасуы

2.ішкі қабының түсіп қалуы

3.рентгенограмма нәтижесінде көз ішілік бөгде заттардың болуы

4.гипотония

5. нұрлы қабықтың жарақаттық колобомасы

114.Корнеосклеральды жарақаттанғанда алғашқы хирургиялық өңдеуде тігіс жасалынады:

1.коньюктиваға

2.Бұршақтың жарақаты

3.+лимб аймағы

4.склера жарақаты

5.болуына тән.

115.Бұршақта сары-жасыл түсті «күнбағыс» сияқты қарауытудың пайда

1.рентген катарактасына

2.сидерозға

3.халькозға

4.контузионды катарактаға

5.инфрақызыл сәулесінен болған катарактаға

116.Көздің контузиясында болатын Фоссиус шеңберінің көрінісі.

1.Қасаң қабықтың орталық маңының диск тәріздес бұлыңғырлануы

2.Нұрлы қабықтың жарақаттық колобомасы

3.Бұршақтың алдыңғы капсуласындағы нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің ізі.

4.Бұршақтың артқы қабының қабаттарындағы домалақ пішінді бұлынғырлануы

5.Макулярлы аймақтағы сақина тәріздес қан құйылу

117.Берлин қарауытуы сипатталады.

1.Қасаң қабақтың эндотелиальды-эпителиальды дистрофиясы

2.Бұршақтың локальды қарауытуы

3.Шыны тәрізді денеде айналма қарауытудың болуы

4.Торлы қабықтың шектелген қарауытуы

5.Қасаң қабықтың қарауытуы

118.Иридодиализ-бұл.

1.Нұрлы қабықтың болмауы

2.Қарашық пішінінің және көлемінің өзгеруі

3.Нұрлы қабықтың түсінің өзгеруі

4.Нұрлы қабықтың айналып кетуі

5.Нұрлы қабықтың түбінен ажырауы

119.Эндофтальмиттің емдеу тәсілінің ең қолайлы әдісі.

1.Кең спектрлі антибиотикті консервативті ем

2. Катаракта экстракциясы

3. витрэктомия

4.витреоленсэктомия

5.энуклеация

120.Колликвационды некроздың дамуы тән.

1.сілтітқ күйік

2.қышқылдық күйік

3.термиялық күйік

4.радиациялық күйік

5.аталғандардың барлығы

121.Метил спиртімен уланғанда болады

1.Қасаң қабықтың дистрофиясы

2.катаракта

3.увеит

4.тор қабықтың сылынуы

5.көру нервінің семуі

122.Қабыршақты бөгде заттар қасаң қабықты қоршағанда, не істеген дұрыс:

1.өткір аспаппен алып тастау

2.оны 2 күнге қалдыру

3.лазер коагуляцияжасау

4.консервативті емдеу

5.әр жағдайды индивудалды түрде шешу

123.Көз бұршағының зақымы қасаң қабықтың тесіп өткен жарақаты кезінде:

1.көз бұршағының қалған капсуласын тез арада жою

2.хирургиялық залалсыздандыру кезінде көз бұршағын алып тастау қажет

3. тек алдынғыкамерадағы көз бұршақ массасын жуумен ғана шектелуге болады

4.көз бұршақты жоюға келмейді

5.индивудальды түрде шешу

124.Факодонез анықталады:

1.нұрлы қабақтың дистрофиясында

2.глаукомада

3.көз бұршақтың сублюксациясында

4.цилиарлы дененің қабаттануында

5.сулы ылғалдандыру айналымының бұзылысында

125.Калберг-Балтин протезі қызмет көрсетеді:

1.рентген суретінде көз ішіндегі бөгде затты көрсетпейді

2.бөгде заттың рентгенолокализациясы

3.конъюктивитке тігіп қоюмақсаты шыны тәрізді дененің операция кезінде түсіп қалмау профилактикасы үшін

4.магнитті үлгі алу үшін

5.орбитаның срет үлгісін алу үшін

126.Көздің металлозының клиникалық суретін шақыруы мүмкін:

1.көз алмасына бөгде заттың енуі

2.ауыр металл тұздарымен улану

3.жұмыс орнындағы зиянды өндіріс заттары

4.зиянды өндіріс заттарының гемолизге алып келуінен

5.көз алмасына ағаш сынықтарының енуі

127.Көз бұршақтағы «күнбағыс» пішіні тәріздес қайсысына тән:

1.хориореннитке

2.көз алмасының сидерозасына

3.халькозаға

4.қасаң қабықтың дистрофиялық аурулары

5.диабеттік катаракта

128.Офтальмология емінде 5% унитиол ерітіндісі пайдалануы мүмкін:

1.қан кету

2.екіншілік гипертензия

3.көздің гипотониясы

4.металлоза

5.қасаң қабық патологиясы

129.Корнео-склералық жарақатында біріншілік хирургиялық залалсыздандыру кезінде біріншілік тігісті қалай салады:

1.склера жарасында

2.қасаң қабық жарасы

3.лимб аймағына

4.тіршілікке қабілеті жоқ

5.жекеше шешім

130.Көз алмасының еніп бара жатқан жарасында мынадай антибиотиктер тағайындалады:

1.егер инфекциялық жарақат клиникалық жағдайда анықталса

2.барлық кезде

3.тек көз ішіне шыны сынықтары кіргенде

4.бұршақтың зақымы кезінде

5.инфицирленген жара кезінде

131.Көз алмасының дислокациясы кезінде төмендегі аталғандардың қандай белгілері тән болып келеді:

1.гифема, иридоденез

2.иридоденез, алдыңғы камераның дұрыс болмауы

3.қарашықтың бағытталған формасы, қасаң қабықтың ісінуі

4.көз түбінің сұр рефлексінен, қарашықтың эктопиясы

5.нұрлы қабықтың бомбажы, қарашықтың жыртылуы

132.Төмендегі аталғандардың қайсысы орбитаның едәуір «сенімсіз» қабырғасы болып табылады:

1.жоғарғы

2.төменгі

3.сыртқы

4.ішкі

5.орбита төбесі

133.Көз алмасының жарақаты кезінде төменгі аталғандардың қандай түрінде көз үлгісінің суретін алуға болады:

1.барлық кезінде

2.тек анамнез мәліметтері бойынша бөгде заттардың ену мүмкіндігі бар

3.бұл жағдай тек орбита қабырғасының сыну симптомы бар болса

4.шыны сынық көздің артында орналасса

5.Камберг-Балтина протезін қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана.

134.Қандай патология кезінде бір көздің ауыруы жиі екінші көздің де қабынуы әкеледі?

1. Травмалық кератит

2. Екіншілік глаукома

3. Травмалық кератоконьюктивит

4. Травмадан кейінгі увеит

5. Травмалық катаракт

135.Төменде берілгендердің қайсысы гемофтальмға сейкес келеді?

1. Алдыңғы кемерадағы қан

2. Торлы қабыққа қан құйылу

3. Шыны тәрізді денеге қан құйылу

4. Дәнекер қабыққа қан құйылу

5. Ретробульбарлы қан құйылу

136.Көздің химиялық күйігі кезінде қандай дұрыс алғашқы көмек көрсетіледі?

1. Көзге түскен бөлшектерді алу;антибиотикпен инстиляциялауы

2. Көзге түскен бөлшектерді алу;көзді сумен ұзақ уақыт жуу

3. Көзге түскен бөлшектерді алу; бирокулярлы таңу жасау

4. Көзге түскен бөлшектерді алу; антисептикпен жуу

5. Көзге түскен бөлшектерді алу; кортикостероид тамызу

137.Науқасқа тұйық жарақаттан кейін жоғары қабақтың птозы, офтальмоплигия мидриаз,қасаң қабықтың сезімталдығының төмендегені анықталды.Осы берілген симптомдарға қай болжау диагноз сәйкес келеді?

1. Склераның субконьюктивит ыдырауы

2. Көз алмасының эмфиземасы

3. Көз нервінің бөлінуі

4. Көз алмасының тромбофлебит

5. Жоғары көз саңылауының синдромы

138.Қасаң қабық эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін қай препаратты коньюктива қуысына тамызу керек?

1. Sol.Alcaini 0,5%

2. Sol.Flouorenescini 1%

3. Sol.Collargoli 1%

4. Sol.Sulfacyli-Natrii 30%

5. Sol. Laevomycethini 0,3%

139.Науқаста көздің күйігінен кейін коньюктиваның некрозы және көп көлемде “фарфор қасаң қабығы”.Берілген клиникалық көрінісі қай дәрежедегі күйікке сәйкес келеді?

1. I

2. II

3. III

4. IV

5. V

140.Комберг-Балтин протезі не үшін керек

1.Рентген суретінен көз ішілік бөгде денелер анықталады

2.Көзішілік бөгде денелердің орнын анықтау

3.Орта кезінде шыны тәрізді дененің ағып кетуінің алдын алу

4.магнитті сынамаларды жүргізу

5.орбитаның шолу суретін жасау

141.Сидерозға сәйкес келеді

1.көз ішінде мыс жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс

2.көздің ішінде алюминий жарықшағы болғандағы өзгеріс

3.көздің ішінде темір жарықшағы болғандағы өзгеріс

4.көздің ішінде шыны жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс

5.көздің ішінде ағаш жарықшағы болғандағы көздегі өзгеріс

142.Науқасты көзіне сұқпалы жарақат алғаннан кейін, бұршағында сары-жасыл гүлдеген пісте гүлі сияқты бұлыңғырлану пайда болған қандай алдын ала диагноз қоюға болады

1.сидероз

2.жарақаттық катаракта

3.халькоз

4.бұршақтың сурюксациясы

5.эндофтальм

143.Қасаң қабықтың сұқпалы жарақатының нақты белгісіне жатады

1.алдыңғы камера тереңдігінің біркелкі болмауы

2.қасаң қабықтағы инфильтрат

3.алдыңғы камерадағы қан

4.ішкі қабықтардың сыртқа шығуымен жараның болуы

5.айқын гипотония

144.Көздегі бөгде заттардың орналасуын анықтау үшін арналған тәсіл

1.рентгенография

2.гониоскопия

3.периметрия

4.компьютерлік томография

5.магнитті-резонансты томография

145.Төменде аталған қандай клиникалық белгілер орбита қабырғасының сынығына тән

1.көрудің төмендеуі, ауру сезімі

2.энофтальм, экзофтальм

3.гипотония, гипертония

4.көзден жас ағу және жарықтан жасқану

5.птоз, блефароспазм

146.Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы симпатикалық офтальмонияның тиімді әдісі болуы мүмкін

1.дезинтоксикалық терапия

2.массивті бактерияға қарсы терапия

3.жарақат алған көздің энуклеациясы

4.қабынуға қарсы терапия

5.десенсибилизациялық терапия

147. Симпатиялық офтальмияны ескертудің радикальды әдісі қандай?

1. антибактериальды ем

2. зақымданған көзді уақытысында алып тастау

3. дезинтоксикационды емдеу

4. біріншілік хирургиялық өңдеу

5. қабынуға қарсы ем

148. Алдыңғы увеитте көздің тамырлы қабатының қай бөлігі зақымданады?

1. нұрлы қабық пен кірпікті дене

2. тек нұрлы қабық

3. тек кірпікті дене

4. тек хориоидея

5. нұрлы қабық, кірпікті дене және хориоидея

149. Жедел иридоциклитті ең бірінші қандай аурудан ажыратасыз?

1. жедел конъюнктивиттен

2. жедел кератиттен

3. глаукоманың жедел ұстамасынан

4. жедел склериттен

5. эндофтальмиттен

150. Шеткі көрудің концентрациялық тарылуы көздің органикалық ауруларында кездеседі, мынадан басқа:

1. тамырлы қабық пен торлы қабықтың перифериялық зақымдануы

2. нұрлы қабықтың аурулары

3. глаукоманың кеш сатысы

4. тор қабықтың пигментті дистрофиясы

5. невриттер мен көру жүйкесінің атрофиясы

151. Көздің ішінде бөгде денені анықтау әдісіне төмендегі аталғандардың қайсысы жатады, біреуінен басқасы:

1. науқас шағымы, жарақат анамнезі, сыртқы қарау, көру өткірлігін тексеру

2. Фокальды және бифокальды жарық әдісі, өткізуші жарық

3. биомикроскопиялық зерттеу

4. пальпаторлы зерттеу

5. рентгенологиялық және ультрадыбысты зерттеу

152. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы жиі торлы қабықтың сылынуына әкеледі?

1. жедел кератит

2. орташа және жоғары дәрежедегі гиперемия

3. көз түбінде өзгерістермен жоғары дәрежелі миопия

4. көру жүйкесінің атрофиясы

5. жедел иридоциклит

153.Көздің алдыңғы камерасын қандай құрылымдар түзеді?

А) қасаң қабық, нұрлы қабық, цилиарлы дененің жазық бөлігі

Б)қасаң қабық, нұрлы қабық, тор қабық

В)қасаң қабық, хориоидея

Г)қасаң қабық, нұрлы қабық, шыны тәрізді дене

Д)қасаң қабық, нұрлы қабық, бұршақ.

 

154.Склераның ең жұқа жері?

А) тік бұлшықеттердің сіңірлері жалғасқын жері

Б)экватор тұсы

В)көру нерві дискінің тұсы

Г) цилиарлы дененің тұсы

Д) барлық жерінде қалыңдығы бірдей

 

155.Қасаң қабық немен қоректенеді?

А) шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; көзжас артериясымен; алдыңғы камера ылғалымен

Б) көзжас үлдірімен (пленка); шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; алдыңғы камера ылғалымен

В) артқы қысқа цилиарлы артериямен; көзжас үлдірімен; тор қабықтың орталық артериясымен

Г) шеткі қан тамырлар жүйесімен, алдыңғы камера ылғалымен; тор қабықтың орталық артериясымен

Д) шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; артқы қысқа цилиарлы артериямен; көзжас үлдірімен

 

156.Көзішілік сұйықтықты көздің қандай құрылымы түзеді?

А) шыны тәрізді дене

Б) цилиарлы дене

В) хориоидея

Г) нұрлы қабық

Д) бұршақ

 

157. Көз алмасы неше кабықтан тұрады:

А) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

Д) 6

 

158.Ересек адамның қасаң қабығының өлшемдерін көрсетіңіз?

А) 5х6мм

Б) 7х8мм

В) 8х9мм

Г) 11х12мм

Д) 13х14мм

 

159. Тор қабық түзіледі?

А) эктодермадан

Б) нейроэктодермадан

В) мезодермадан

Г) тері қатпарларынан

Д) мезенхимадан

160.Қарашықты тарылтатын бұлшықет:

А) дилятатор

Б) сфинктер

В) леватор

Г) қабақтық

Д) тегіс

161.Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?

А) сыртқы иінді дене

Б) көру нерві

В) көру жолы

Г) тор қабық

Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі

 

162.Көздің жарықты сезу қабілетінің қызметі қандай?

А) заттардың пішінін және бөліктерін анықтау

Б) қанықтығы әртүрлі жарықты қабылдау

В) әртүрлі ашық, қанықтықтағы және тондағы түстерді анықтау

Г) көзді бір нүктеге тіккенде кеңістікті анықтау

Д) бірмезгілде екі көзбен көру

 

163.Егер науқас 1 метр қашықтықтан көру жітілігін анықтайтын кестенің бірінші қатарын көрсе, оның көру жітілігі нешеге тең?

А) 0,1

Б) 0,05

В) 0,02

Г) 0,01

Д) 0,2

 

164.Егер науқас 3 метр қашықтықтан саусақты санаса, оның көру жітілігі нешеге тең?

А) 0,2

Б) 0,3

В) 0,01

Г) 0,06

Д) 0,001

 

165.Анық көрудің алыстағы нүктесі көзден 50см қашықтықта орналасқан адамның рефракциясы қандай?

А) эмметропия

Б) гиперметропия

В) миопия

Г) астигматизм

Д) 1 диоптриялы гиперметропия

 

166.Жарықты сезу қызметі морфологиялық тұрғыда немен қамтамасыз етіледі?

А) биполярлы жасушалармен

Б) нервтік жасушалармен

В) сауытшалармен

Г) таяқшалармен

Д) ганглиозды жасушалар қабатымен

 

167.Қалыпты жағдайда көру кеңістігінің шекарасы қандай түске тар?

А) жасыл түске

Б) көк түске

В) қызыл түске

Г) ақ түске

Д) көгілдір түске

 

168.Төмендегі аталған көздің және организмнің қандай ауруларында түсті ажыратудың жүре пайда болған бұзылысы кездеспейді?

А) тор қабықтың ауруларында

Б) көру нервінің ауруларында

В) нұрлы қабықтың және цилиарлы дененің ауруларында

Г) ОНЖ (ЦНС) функциялық және органикалық өзгерістерінде

Д) улануда және интоксикацияда

 

 

169. Түстерді қабылдаушы рецепторлар болып табылады:

А) сауытшалар

Б) таяқшалар

В) ганглиозды жасушалар

Г) биполярлы жасушалар

Д) пигментті эпителий жасушалары

 

170.Дұрыс түсті ажырату қалай аталады?

А) трихромазия
Б) ақаулы трихромазия
В) дихромазия
Г)монохромазия
Д) дейтеранопия

 

 

171. Соқыр дақ – бұл:

А) көру кеңістігіндегі сары дақтың проекциясы
Б) көру кеңістігіндегі көру нерві дискінің проекциясы
В) көру нервінің әртүрлі бөлігінің шектелген скотомасы
Г) көру кеңістігіндегі тор қабықтың тамыларының ақауы
Д) жаңа түзілімдерден кейін көру кеңістігіндегі ақау

 

 

172.Ересек адамның көз алмасының салмағы неше?

А) 10гр
Б) 3гр
В) 7-8гр
Г) 13-14гр
Д) 5гр

 

173.Ымырттық көрудің бұзылысы қалай аталады?

А) астенопия
Б) протанопия
В) дейтеранопия
Г) скотома
Д) гемералопия

 

174.Жарыққа өте сезімтал:

А) сауытша
Б) таяқша
В) биполярлы жасушалар
Г)ганглиозды жасушалар
Д) пигментті эпителидің жасушалары

 

175.Фоторецепторлар – бұл:

А) сауытшалар мен таяқшалар
Б) сауытшалар, ганглизды жасушалар
В) таяқшалар, ганглиозды жасушалар
Г) сауытшалар, пигментті эпителидің жасушалары
Д) таяқшалар, пигментті эпителидің жасушалары

 

176.Балаларда заттық көру қай жастан басталады?

А) туылған күннен бастап
Б) 1 жастан
В) өмірінің 2-ші айынан
Г) 6-8 айлығынан
Д) 2 жастан

 

177. Рефракциясы эмметропты ересек адамның көз алмасы білігінің орташа ұзындығы қанша?

А) 20мм

Б) 25мм

В) 26мм

Г) 24мм

Д) 22мм

 

178.Оптималді көру жітілігін беретін миопияны дұрыс түзету үшін, қандай шыныларды береміз?

А) ең күшті теріс шынылар

Б) ең күшті оң шынылар

В) ең әлсіз теріс шынылар

Г) ең әлсіз оң шынылар

Д) пациентке субъективті жақсы болатын аталаған шынылардың бірі

 

179.Аккомодацияның физиологиялық механизмі мүмкіндік береді?

А) көзден өте алыс орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды

Б) заттарды тор қабықтың алдына фокустайды

В) тек қана көзге өте жақын орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды

Г) көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды
Д) рефракцияның қандай да бір ақауларына қарамастан, алыстан да жақыннан да жақсы көру

 

180.Пресбиопияны түзеткенде, қандай факторларға мән беру керек?

А) пациенттің жасына, көзінің клиникалық рефракциясына, жұмыс істеу қашықтығына

Б) пациенттің көзінің клиникалық рефракциясына, жұмыс істеу қашықтығына қарай пресбиопияны түзетуге арналған көзілдірікті таңдау

В) жұмыс істеу қашықтығына қарай пресбиопияны түзетуге арналған көзілдірікті таңдау, пациенттің жасына

Г) пациенттің жасына, көзінің клиникалық рефракциясына
Д)тек қана пациенттің жасына

 

181.Эмметроптың алыстағы анық көретін нүктесі қайда орналасады?

А) аккомодация барынша кернелгенде, көзден алыс қашықтықта
Б) шексіздікте (егер аккомодация барынша тынышталғанда)
В) көздің алдында белгілі бір арақашықтықта
Г) көздің артында теріс кеңістікте
Д)аккомодацияның кернелуіне байланысты әртүрлі арақашықтықтарда

 

182.Эмметроптарда пресбиопия қай жастан басталады?

А) 30-35жас

Б) 40-45жас

В) 50-55жас

Г) 60-65жас
Д) 65 жастан асқанда

 

183.Миоптың анық көретін алыстағы нүктесі қайда орналасады?

А) шексіздікте (егер аккомодация барынша тынышталғанда)
Б) көздің артында теріс кеңістікте
В) аккомодацияның кернелген дәрежесіне байланысты әртүрлі қашықтықта
Г) акомодация барынша кернелгенде көзден алыс қашықтықта
Д) көздің алдында белгілі бір шектелген қашықтықта

 

Астигматизмге не жатпайды?

А) бір көзде эмметропиямен миопияның бірге кездесуі
Б) бір көзде эмметропияның гиперметропиямен бірге кездесуі
В) бір көзде миопиямен гиперметропияның бірге кездесуі

Г) бір көзде әртүрлі дәрежедегі миопиямен гиперметропияның бірге кездесуі

Д) бір көзде миопия мен пресбиопияның кездесуі

 

185.Көздің физикалық рефракция тұрғысынан қарағанда миопия жатады?

А) әлсіз оптикалық жүйеге
Б) күшті оптикалық жүйеге
В) «А»-ға, егер миопия дәрежесі 1,0Д-дан аспаса
Г) «Б» -ға, егер миопия дәрежесі 2,0 Д–дан аспаса
Д) «Б»-ға, егер миопия дәрежесі 3,0Д- дан аспаса

 

186.Миопияны хирургиялық тәсілмен түзету ұсынылады, егер ...

А) 3,0Д іштен туа біткен жәй үдемелі миопия болса
Б) жылына 1,0Д аспайтын жүре пайда болған орташа дәрежелі миопия болса
В) жылына 1,0Д асатын жүре пайда болған орташа дәрежелі миопия болса
Г) жылына 1,0Д асатын жоғары дәрежелі миопия болса
Д) тұрақты орташа немесе жоғары дәрежелі миопия болса

 

187.Аккомодацияның түйілуін қандай медикаментозды дәрілермен жоюға болады?

А) альбуцид тамшыларын тамызу
Б) левомицетин тамшыларын тамызу
В) атропин тамшыларын тамызу
Г) пилокарпин тамшыларын тамызу
Д) дексаметазон тамшыларын тамызу

 

188.Қандай көрсеткіштер күрделі астигматизмге сәйкес келмейді?

А) тігінен -3,0Д, көлденеңінен -5,0 Д
Б) тігінен +5,0Д, көлденеңінен +3,0 Д
В) тігінен -5,0Д, көлденеңінен -1,0 Д
Г) тігінен -3,0Д, көлденеңінен +4,0 Д
Д) тігінен -3,0Д, көлденеңінен -1,0 Д

 

189. 40 жастағы +2,0Д көзілдірік тағатын науқасқа, пресбиопиясын түзету үшін қандай көзілдірік береміз:

А) 2,0Д жинағыш линза
Б) 3,0Д жинағыш линза
В) 2,5Д жинағыш линза
Г) 1,5Д жинағыш линза
Д) 1,0Д жинағыш линза

 

190.Астенопия –бұл:

А) бұршақтың болмауы
Б) жас-мұрын өзегінде стеноздың болмауы
В) екі көздің рефракциясы әртүрлі
Г) көрудің талуы
Д) бір көзде әртүрлі рефракцияның болуы

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.