Здавалка
Главная | Обратная связь

Назарбаев университеті



Астанада Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев атындағы халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны ашылды. Жаңа университеттің мағынасы мен жағдайы мүлде басқа. Мұнда студенттерді әлемнің ең үздік профессорлары даярлайды. Себебі жаңа оқу орнында әлемнің үздік профессорлары сабақ өтетін болады. Студенттерді инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарда оқытады. Болашақта жаратылыстану мен гуманитарлық факультеттермен бірге мемлекеттік саясат пен бизнес факультетін ашу жоспарлануда. Оқу ордасында тіршілік туралы ғылыми орталық, балама энергетика, халықаралық аспаптық орталықтар жұмыс істемек. Бастысы – білім сапасына жауап беретін қажеттіліктер шешімін тауып отыр.

Бұл университетті бітіргендер бізде де, шетелде де қолданылатын диплом алып шығады. Бұл жақсы жаңалық, жастар осыған ұмтылулары тиіс. Университет кешені Есілдің сол жағалауында орын тепкен. Астананың жаңа әкімшілік орталығында 80 гектар жерді алып жатыр. Онда университеттің оқу ғимараты, студенттер жатақанасы т.б. ғимараттар бар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен білім саласына үлкен көңіл бөлінуде.

Мемлекет халықтың және Қазақстан Республикасының келешегі – болашақ мамандардың білім деңгейі мен олардың кәсіби даярлығына байланысты екенін анық сезінеді. Білім беру саласын қаржыландыруға 23 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді, бұл облыс бюджетінің 34 пайызын құрайды. Жақсы білім алған жастардың болашағы үшін бүгінгі Қазақстанда зор мүмкіндіктер бар тек оған үлкен талпыныс қажет.

 

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

 

«Үлгілі отбасы»

БИЛЕТ №15

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Ерте замандарда теңгелерді Ақтау қаласында басып шығарған    
Теңгенің қанша құпия қорғанысы, белгісі бар    
Ұлттық валютамыз 2000 жылдан бастап енгізілді.    
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі.    
Қазақ теңгесі Англияда басылды.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі туралы айтыңыз.

Жоспар:

1. Отбасындағы татулық

2. Ұл бала тәрбиесі

3. Қыз бала тәрбиесі

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

«Өмірін өнерге арнаған жан» танымал өнер иесі туралы айтыңыз

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Қазіргі заманға қажет мамандық

Мамандық таңдар кезде сіз ойланасыз, қай мамандық қоғамға көбірек керек, қай мамандық халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе; заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме?

Сарапшы мамандардың пікірінше бүгінгі күнде маркетолог, web-дизайнер, химик, ақпараттық технолог, өнеркәсіп саласы мамандары жетіспейді. Ал астрофизик, астроном сынды ғарыш саласы мамандары мен механик, картогроф, геодезист мамандығына еліміз аса зәру. Бұл мамандықты таңдаушылар қатары өте аз. Бірақ қажеттілік жылдан-жылға артып келеді. Күннен-күнге заманауи технологиялардың сан түрі шығарылып жатыр.

Адамзат жеті қат көкті де, жерді де зерттеп-зерделеді. Ғаламат ғарышқа да табан тіреді. Яғни төрткүл әлем техникаға телмірген заман болды. Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайды. Оқушылардың көпшілігі физика мен химияға кел­генде амалсыз тосылып қалады. Оған ұлттық бірыңғай тест барысындағы көрсеткіштер куә бола алады.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Махаббат»

БИЛЕТ №16

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
«Жыл студенті» атағы тек Қазақстандық студенттерге беріледі.    
Ол Бейжің мемлекеттік мұнай университетінде білім алып жатыр.    
Асланның ғылыми жетекшісі Хан Гуоцин оның болашағынан зор үміт күтеді.    
Қазақстандық студент Аслан Жанұзақов «Жыл студенті» атағына ие болды.    
Аслан инновациялық технологияларды терең меңгеруге тырысып жүр.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Қазақстан табиғаты және саябақтары

Жоспар:

1.Жер-Ананы қорғайық

2. Қазақстан – бай өлке

3.Табиғатты қорғау шаралары

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырыңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

Білім саласындағы жетістіктер

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Кәсіпкерлік

Елімізде шағын кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды. Бизнесті дамыту жолдары жан-жақты қарастырылуда. Ол үшін нақты шаралар жасалып жатыр. Әрбір азаматтың бизнеспен айналысуына мүмкіндік бар. Бизнесті ашу үшін банктер төмен деңгейде несие береді. Бизнес заңына сәйкес жұмыс жасау керек. Бизнесті бастамас бұрын адамның өзінде сенім болу керек. Ең алдымен адамға батылдық қажет. Бизнесті басқару оңай емес. Бәсекелестікте адамдар шығынға ұшырап зиян шегіп жатады. Серіктес ретінде де бірлесіп жұмыс жасауға болады. Бастысы іске нақтылық қажет. Бастаған істі тастамау керек. Алдағы жоспарың дұрыс болса, жұмысың да нәтижелі болады. Әрбір адамда іске икемділік пен қабілет болу керек.

Қазақ халқының тарихы тереңде жатқан ұлттық нақыштағы өнер туындылары әлем халқының назарын аударуда. Айнагүл Қуанғалиева – оң саусағынан өнер тамған шебер. Оның ұлттық нақыштағы түрлі қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысқанына – 20 жыл. Алғашында қызығушылықпен жасаған кәдесыйлары қазір нағыз табыс көзіне айналды. Көрмеге 20-дан астам қолөнер шеберлерінің ағаш, күміс, киіз бен бағалы тастардан жасалған бұйымдары қойылған. Әсіресе, Ерболат Қарабдаловтың саз балшықтан жасаған құмыралары, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрді қайта түлеткендей.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

 

«Табиғатты қорғау»

БИЛЕТ №17

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Бұл университет Жапония бойынша өте атақты университеттердің бірі.    
Докторант Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің әлеуметтік пайдаларын зерттеп жүр.    
Ол оқу орнында экологиялық экономика мамандығы бойынша оқиды.    
Саябақты қорғау үшін, салықтар төленбейді.    
Ол Жапонияда Нагасаки университеті «Экология» факультетінің магистратурасын бітірген.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Шетелге саяхат

Тірек сөздер: тұрмыс-тіршілігі, ұнаған жері, рәсімі, қонақжайлылық, мәдениеті.

Жоспар:

1. Қонақүйге орналасу.

2. Қала мәдениетін баяндау.

3. Саяхаттан алған әсерді бөлісу.

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Отбасы тәрбиесі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Мамандықты таңдау – болашақты таңдау

Биыл елімізде 165 мыңға жуық жеткіншек білім ошағын тамамдағаннан кейін, үлкен өмірге қанат қақты. Олардың үш мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай жинап, «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеп шықты. Сонымен қатар 11 жыл бойы «инемен құдық қазғандай» жинаған білімдерін сындарлы сағатта дәлелдей алмай, опық жеген бітірушілер де аз емес. Десек те, мектеп бітірген әр түлектің алдында тағы бір маңызды қадам күтіп тұр. Ол – мамандық таңдау.

Қазіргі уақытта қаладағы қай ЖОО-ның маңайына көз сүзсең де, ығы-жығы халықты көресің. Дені – жастар. Нақтырақ айтсақ, тесттің теперішінен өтіп, болашағына бағдар болатын мамандық таңдауға келген жеткіншектер. Ал олардың бірі – қалаған мамандығына құжатын тапсырып қойғанымен, түсер-түспесін білмей дал болса, енді бірі – әлі күнге дейін қандай мамандық таңдарын білмей шарқ ұрып жүр. Себебі бірі – ҰБТ-дан жинаған балына қарап, бірі – бөлінген грант санына қарап тосылады. Ал қалтасында қаржысы барлар оған бас ауыртып жатпайды. Бірақ ешкім «бүгінгі күнде қай мамандыққа сұраныс жоғары», «қазаққа қажет қарекет қайсысы» деген сауалдарға ойланбайды.

Осыған орай еліміз де ел экономикасының басты бағдары болып отырған мұнай-газ және энергетикалық салаға баса назар аударып отыр. Бұл мамандыққа деген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. Әдебиет пен тарих сынды гуманитарлық пәндерден алдына жан салмайды.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз).(Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Қоғам қайраткері»

БИЛЕТ №18

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Қазіргі таңда экономикалық мамандықтар қажет емес.    
Адам екі нәрсені таңдауда жаңы­лыспауы керек.    
Елімізде бизнес-консалтингтер де сұранысқа ие.    
Үздік маман­дық­тар тізімінің соңына маркетинг, PR саласы орнықты.    
Заңгер мамандығы талапкерлер арасында «таны­мал» мамандықтардың қата­рында емес.    

 

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз . (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Бизнес ашқыңыз келді. Жоспарыңызбен бөлісіңіз.

Жоспар:

1. Бизнестік жоба

2. Отандық өнім

3. Сапалы тауар

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Спорт

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Әлем таныған Қазақстан

Бүгінгі таңда Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Қазақстан дипломатиясы дамып келеді. 1992 жылы 2 наурызда мемлектіміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Әлемнің жүздеген елімен дипломатиялық қатынас орнатылды. Сонымен қатар Қазақстан әлемдік мәселелерді шешуге араласып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), Европадағы қауіпсіздік және ынтымастық жөніндегі ұйым секілді 64 халықаралық ұйымда өкілдігі бар.

Қазақстан Ұлыбритания, Франция, Германия, Америкамен тығыз қарым-қатынас жасауда. Қазақстанның сыртқы саясатында Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасының маңызы өте зор. Бұл мемлектермен энергетика, сауда және инвестициялар, ғылым мен жаңа техногиялар мәселелері шешіледі.

Елбасымыз ЕҚЫҰ Саммитін тәуелсіз Қазақстанды әлемге паш етудің бірегей мүмкіндігі деп бағалады. Шындығында, Қазақстан – жас мемлекет бола тұра, аз уақыт ішінде дүние жүзіне бірлігі жарасқан берекелі ел ретінде танылды. Сон­дық­тан егемен еліміздің тағы бір биігін танытатын бұл елеулі оқиға кез келген азаматты бей-жай қалдырмай, әр қазақстандықтың жүрегіне ұлттық сүйіспеншілік пен патриоттық сезім ұялатады. Астанада өтетін Саммит – ұйым­ның негізгі өлшемдері мен қағидаттарын жүзеге асыру барысында қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау, жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу, түрлі қақтығыстарға тап болған мемлекеттерге қол­ұшын беру мақ­сатында мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілерін ортақ іске шақы­ратын халықаралық форум.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Білім – өмір шырағы»

БИЛЕТ №19

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

  дұрыс бұрыс
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.    
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты, ұлттық құндылығы.    
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі емес.    
Сыйлау деген – жастарға құрмет көрсетпеу, үлкенді сыйламау.    
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Достарымның жақсы қасиеттері

Тірек сөздер: жақсы дос, мінезі ашық, адалдық, көмектесу, сыр бөлісу

Жоспар

1. Досымның сырт келбеті

2. Маған ұнайтын мінезі

3. Ол – адал дос

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Құда түсу» салт-дәстүрі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Қазақстандық коллекционерлер

Семей қаласының тұрғыны өрт сөндірушілердің каскаларын жинаумен әуестенеді екен.Игорь Ильичев кәсіби құтқарушы боп жұмыс істеген. Оның ерекше коллекция жинаумен айналысқанына ширек ғасыр өткен. Жәдігерлердің ішіндегі ең көне касканы бір ғасыр бұрын Норвегия өрт сөндірушілері пайдаланыпты. Қоладан құйылған. Ирландияның, Үндістанның, Бразилия мен Португалияның өрт сөндірушілері киген кәсіби каскаларды да бар. Бұйымдардың кейбірін өзі сатып алған, кейбірін жолдастары сыйға тартқан көрінеді. Игорьдің көпшіліктен жасырған тың дүниесі де бар. Елімізде арнайы тапсырыспен жасалған әдемі каска. Бірақ оны әзірге ешкімге көрсеткісі келмейді.

Пошта маркасын жинаушылардың бірі Қызылжарда тұрады. Ол – Николай Анисин. Н. Анисин пошта маркасын қағаз бетіне түскен тарих деп бағалайды. Өйткені онда әр кезеңнен сыр тартатын сәттер көрсетілген. Сондықтан да оған елікті, марка жинады. Қартколлекционер соғыс уақытында жинаған алғашқы коллекцияны сақтап қала алмаған. Жалпы, оның альбомдары бай. Жинақта ТМД елдерінің, Куба, Қытай, Моңғолия, Чехославакия, Германия сияқты мемлекеттердің маркалары бар. Тақырыптары да алуан. Марка жиынтығының негізгі бөлігін Авиацияның даму тарихы мен ғарыш алады. Жалпы, коллекциядағы ең көнесі- 1914 жылы басылған 3 сом 50 тиынның маркасы. Пошта маркасы алғаш рет Англияда басып шығарылды. Ал, тәуелсіз еліміздің өз маркасы 1992 жылы наурыз айында пайда болды. Қазақстандық маркалар Николай Анисиннің коллекциясынан мол орын алған.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа іс-қағаздарын жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

 

Түйіндеме

БИЛЕТ №20

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Іскер әйел басқаратын мекемелер, фирмалар, мемлекеттік органдар жоқ.    
Біріншіден, шағын бизнеспен айналысам деген адам өз материалдық мүмкіндігін анықтап алуы қажет.    
Басшы әйел адамдарды ұжымдастырып, істі ілгері жүргізе алмайды.    
Қазіргі кезде бірыңғай әйелдер жұмыс істейтін ұжымдар бар.    
Басшы әйел ең алдымен психолог, содан кейін ұйымдастырушы болуға тиіс.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Хобби

Тірек сөздер: ұнату, коллекция жинау, қызығушылық, көрме ұйымдастыру, сатып алу, сыйлау

Жоспар

1. Коллекция тарихы

2. Ұнату және әсер алу

3. Жинаған уақыты мен коллекция саны

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме құрастырыңыз(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Тойбастар дәстүрі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Шынықсаң шымыр боласың

 

Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Қазақстандық спортшылар әр түрлі жарыстарда жақсы көрсеткіштерге жетіп келеді. Спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшыларымыз бар. Мәселен, боксшы Серік Қонақбаевтың шеберлігін дүниежүзі мойындады. Жақсылық Үшкемпіров – күрестен олимпиада чемпионы. Бекзат Саттарханов – Сидней олимпиадасының чемпионы.

Спортпен айналысу өте пайдалы. Әр адам спортпен шұғылдануы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Мен бокспен шұғылданып жүрмін. Жаттығу үшін спорт залына барамын. Күніне 4-5 сағат жаттығамыз. Жаттықтырушымыз өте қатал және өз ісіне шебер адам. Жаттығуға кешікпеуімізді талап етеді. Ол бізге қарсыласымызды қалай жеңуді үйретеді. Кей күндері қатты шаршаймын. Бокс спорттың ең ауыр түрі деп ойлаймын. Бірақ спорттың осы түрін таңдағаныма өкінбеймін. Мүмкін кейін атақты боксшы болармын. Ол үшін көп тер төгу керек. Ал әкем футболды өте жақсы көреді. Футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ол жас кезінде футбол ойнаған. Оның арманы атақты футболшы болу еді. Бірде жаттығу барысында ол аяғын қатты жарақаттап алады. Сөйтіп көп жүгіруге жарамай қалады. Қазір футболдың нағыз жанкүйері. Ол әлемдік футбол ойындарын жібермей көреді. Қалтасы көтерсе футбол ойынын өз көзімен көріп қайтады.

 

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Қазақстан мерекелері»

БИЛЕТ №21

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Димитрис Пистолас Санта Клаус қуыршақтарын жинаумен әуестенеді.    
Қытайлық коллекционер Вонг Гуохуа шылым қораптарын жинаумен айналысады.    
Памның коллекциясы 28 мыңнан асып жығылады.    
Резеңкеден жасалған ойыншық үйректі Валли Хаммер жинамайды.    
Неміс фермері Генрих Кэт сыра саптыаяғын жинаумен әуестенеді.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Жұмысқа тұру үшін қандай әрекеттер жасайсыз? Жұмысты қалай іздейсіз?

Жоспар

1. Хабарламалар бойынша жұмыс іздеу

2. Түйіндеме жіберу

3. Әңгімелесуге бару

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

Қазақстанның туристік орындары

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Қазақ халқы өте әрідегі ата-бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі – ұлттық тәлім-тәрбие жүйесі. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдары бар. Мәселен, қазақ халқының тәрбиелік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлар жырында, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, мінез-құлық, еңбек, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Қазақ халқының арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындар болмаған. Өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала жүре бастаған кезде қоршаған ортаны терең сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдызға, түрлі белгілерге қарап жол тапқан. Кішкентайынан-ақ есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын, түймедейді атып түсіретін мерген болған.

Ең негізгісі, қазақ халқы жас ұрпақты сөзбен емес, көбінесе өзінің өнегелі істерімен, табиғи болмысымен үлгі бола отырып тәрбиелеген. Тәрбиедегі басты қағида осы болып саналады.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

 

«Әке»

БИЛЕТ №22

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Қазақстанның шағын қалаларында Азияда алауы салтанатты түрде жағылды.    
Астана мен Алматы қаласында жаңа стадиондар, спорттық кешендер салынбады.    
Алматыда қысқы ойындар Шымбұлақта өтті.    
Спортта барлық спортшы жеңеді немесе біреуі ғана жеңіледі.    
Қазақстанда үнемі Азияда ойындары өткізілді.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Студенттік өмір

Жоспар:

1. Оқуға қабылдану

2. Қоғамдық жұмыстарға қатысу

3. Рейтинг, емтихан тапсыру

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме айтыңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

«Қарашаңырақ» дәстүрі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Өнер түрлері

Өнер – мәңгілік тақырып, таусылмайтын жыр. Қазақ халқы өнерге бай. Олар күй өнері, саят өнері, шешендік өнер, қолөнер, кино өнері т.б.

Асқан шеберлікті қажет ететін қолөнері – зергерлік. Зергерлік өнер – көне заманнан келе жатқан өнер түрі. Алтын, күміс, бағалы тастардан жасалған әсем бұйымдар зергерлікке жатады. Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық, музыкалық аспаптар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Шеберлер ағаш бұйымдардың бетіне, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып өрнек салған.

Аңшылық құру – аң-құсты қырып жою деген сөз емес, қайта оған қамқор болу, жанашырлық ету деген сөз. Қазақ халқында құралайды көзден атқан мергендер болған. Ол үлкен өнер, ата салтымыз.

Шешендіктің мысалы ретінде қазақ халқының айтыс өнерін айтуға болады. Шындық өмірді шығармашылық жолмен, көркем образдар арқылы суреттейтін көркем өнердегі жанр.

Қыш өнеркәсібі Қытайдағы ең ежелгі қолөнерінің бірі. Жүздеген жылдар бойы осы қыш өне­рінің қыр-сырын меңгер­ген Қытай ұсталары ғажайып фарфор бұйымдарын ойлап тапты. Ғалымдар бұл жаңалықты XVІІ ғасырда ашылды деп есептеген. Бірақ Шығыстық Хань дәуірі кезін­де-ақ фарфор бұйымдарын жасай бастаған. Таң дәуірінде фарфор жасау технологиясы оның шыңына жеткен. Біздің елімізде де қыш өнерімен айналысытын шеберлер көп.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин).

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Асыл ана»

БИЛЕТ №23

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Бисер әшекей бұйымдар дайындалудың бір түрі.    
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.    
«Бисер» атауы Египет елімен байланысты.    
Бисер арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шықпаған.    
Бисер сөзінің мағынасы «шын маржан» дегенді білдіреді.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

Шетелдік туристерді Қазақстан туризмімен таныстырыңыз.

Жоспар:

1. Туризм саласының бағыттары

2. Отандық туризм

3. Туризм – ел экономикасын дамытушы сала

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

Менің мамандығым

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Отбасылық бюджетті жүргізу

Отбасылық бюджетті жоспарлау – өте маңызды іс. Бұл жоспар арқылы түскен қаржыны дұрыс жұмсауды үйренеміз. Отбасылық бюджет кіріс пен шығыстан тұрады, дегенмен отбасылық бюджетті қалай жүргізу керек? Мысалы, үйлеріңе ата-аналарыңнан тұрақты табыс түсіп тұрады делік. Сонымен қатар, қосымша табыс сыйақы ретінде келеді дейік. Және де өткен айдан қалған қаржы бар деп те есептейік. Осының барлығын қосқан кезде отбасылық бюджет шығады, әйтсе де отбасылық бюджеттің барлық табысын есептеп болғаннан кейін міндетті түрде шығындарды қарастырған жөн. Ақшаның қай бөлігін, қай жерге және қалай жұмсау керектігін анықтау керек.

Шығынды үш түрге бөлуге болады. Яғни, тұрақты шығын, бұл шығынның мөлшері өзгермейді және ол тұрақты түрде жұмсалып тұрады. Тұрақты шығынға азық-түлік, коммуналдық төлемдер, үйге қажетті керек-жарақтар, дәрі-дәрмек, дәрігерге қаралу, туған-туысқанға көмек пен қоғамдық көлікті жатқызуға болады. Сонымен қатар құбылмалы шығыс түрі бар. Ол түрлі нәрселерге байланысты. Құбылмалы шығын немесе шығыс түріне киім-кешек пен ойын-сауықтарды жатқызуға болады және күтпеген жерден пайда болатын шығын түрін де ескерген жөн.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин).

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Жан досым»

БИЛЕТ №24

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Отбасылық бюджетті сауатты жоспарлау – үлкен өнер.    
Бюджет деген ұғым көне нормандық «Bougette» деген сөзінен аударылған.    
Отбасылық бюджетті құру – үйге келген ортақ ақшаны дұрыс жұмсауға көмектеспейді.    
Отбасылық бюджет – бұл бір жанұяның белгілі бір уақытқа жоспарлаған кірісі мен шығысы.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Қазақстанның даму бағыттары туралы айтыңыз. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.

1. Халықаралық байланыс

2. Еліміздің жарқын болашығы

3. Экономикалық мүмкіндіктері

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз. (Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

Жас отбасы және дәстүр

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Мүсінші

Мен бала кезімде мүсінші болуды армандайтынмын. Бала кезімде сазбалшықтан түрлі мүсіндер жасайтынмын. Қолым бос кезде мүсін өнері туралы жазылған кітаптар оқитынмын. Бойымды шығармашылық шабыт билейтін. Түрлі мүсін жасаған ұнайтын. Ұстазым көп нәрсе үйрететін.

Қазір досым Саматтың мүсінін жасап жатырмын. Мүсін жасау үшін көгілдір мәрмәр тасты пайдаланамын. Қолым бос кезде тас мүсінді қашаймын. Мүсін жасау көп уақытты алады. Мүсін өнері үлкен шеберлікті, дарынды қажет етеді. Адамның мүсінін жасау өте қиын. Адамның ішкі жан сезімі мен сыртқы бейненің үндестігін табу керек. Тас мүсінде дайын болды. Мүсін сондай шынайы шыққан. Өз жұмысыма өзім сұқтана қарап, сүйсіндім. Мүсін өнері – өнер біткеннің ішіндегі ең нәзігі.

Бельгия елінің Бланкенберн қаласында кезекті құмнан жасалған скульптуралар фестивалі басталды. Ол 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Гиннесс рекордтар кібатының бағалауынша, әлемдегі ең үлкен фестиваль саналады. Жыл сайын құм скульптурларының шеберлері өз туындысымен жиналған адамдарды таң қалдырады. Ол үшін олар Бланкенберн жанындағы жағажайға жиналады. Бұл жылы фестиваль париждік Диснейлендтің 20-жылдығына арналған. Яғни ертегілер мен мульфильмедердің кейіпкерлері жасалады.

 

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Адам және табиғат»

БИЛЕТ №25

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнаған қоғам қайраткері Абай.    
Д.Қонаев – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған, ұлттық сурет өнерінің шебері.    
Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, өнертанушы ғалым – Қ.Сәтбаев    
Композитор және Қазақстанның халық әртісі – Ш.Қалдаяқов    
Атақты әнші, кәсіби әнші – Р.Рымбаева    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз . (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Шет елдегі досыңа өз отбасындағы дәстүрді әңгімелеп беріңіз.

Тірек сөздер: құрмет, қамқор, дәстүр, дәм тату.

Жоспар:

1. Жақсы дәстүрлер.

2. Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық.

3. Жеті атаны білу.

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

Отбасы саяхаты

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасында әрбір адам белгілі дәстүрлерді, жағымды өнегелер мен мұраларды сақтауға тиіс. Отбасында балаға әке-шешесі мінез-құлық нормаларын үйретуге міндетті. Отбасында баланың азамат болып өсуіне әкесі жауапты. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Ата-ана жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасауға міндетті. Оның саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайуға тиіс.

Анасы қызын дене және ой еңбегіне үйретуге тиіс. Үй шарауасы жұмыстарын істей алуға үйретуге міндетті. Ата-ана балаларын адал болуға тәрбиелеуге тиіс. Оларға жақсылықты үйретуге тиіс. Балалардың бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға міндетті. «Әке – асқар тау» дейді дана халқымыз. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке шаңырақтың тірегі. Әке өз шаңырағының төрінде отырады. Ақ дастарқанға бата беру әкенің міндеті. Әке балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге міндетті адам. Әке – бала үшін өнеге мектебі. Әке отбасы мүшелерін қорғауға міндетті. Әкені сыйлау, оны үлкен құрметтеу баланың парызы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы.

 

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

 

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Өнер»

БИЛЕТ №26

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Адал дос жалқау болады.    
Данышпан Абайдың: «Досыңа достық – қарыз іс» деген сөзі бар.    
Кейбір адамдар, тіпті қайтыс болған достарын да ұмытпайды.    
Адал дос досын ғана ойында сақтамайды.    
Қазақта: «Көзден таса – көңілден болады ұмыт» деген нақыл сөз бар.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз. (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Махаббат туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Жоспар

1. Алғашқы сезімді білдіру

2. Ғашықтар мерекесі

3. Ең қымбат сыйлық

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

«Келін түсіру» дәстүрі

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

Үлгілі отбасы

Отбасы – әр адамның алтын ұясы. Отбасы ұрпақтарға ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел оның серігі, көмекшісі. Сондықтан да үйдегі бар істі ер адам басқарып отыруға тиіс. Әйел адамның жұмысы – бала тәрбиелеу, отбасын тамақтандыру, үйді таза ұстау. Балалар да жас кезінен отбасы жұмыстарына икемделуі керек. Отбасын қаржымен қамтамасыз ету – ер адамның міндеті.

Біздің отбасымыз өте үлкен. Себебі қазақ халқында үйде баланың көп болуын, олардың қасында атасы мен әжесі отырғанды жақсы ырымға санайтын әдет бар. Мен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін шаңырақ көтердім. Таңдаған жарым ибалы, көркіне ақылы сай адам. Біз-бірімізді сыйлаймыз. Сондықтан қазір тату-тәтті тұрамыз, төрт баламыз бар. Әкем мен шешем – оқытушылар, атам мен әжем – зейнеткерлер. Бірақ немерелерін тәрбиелеу сол үлкен кісілердің мойнында.

Үлкен адамдар тәрбиелеген бала кішіпейіл, адамға жақын болатын секілді. Күнде кешкісін атасы мен әжесі шөберелеріне ертегі айтып береді. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Отбасының реніші де үй ішінде шешіледі. Балалар әке-шешені сыйлап, олардың ақыл-кеңестерін тыңдап отырады. Барлық іс ақылдасып отырып істеледі. Сондықтан да «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз орынды айтылған.

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Берілген тақырыпқа эссе жазу. (Дайындалу уақыты - 8 мин., тексеру уақыты - 2 мин.)

«Тәуелсіздік»

БИЛЕТ №27

ТЫҢДАЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз. (Тыңдау және дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-1 мин.)

 

  дұрыс бұрыс
Қазақстан – ежелден береке-бірлігі жарасқан ел.    
Әр халықтың өзіне тән мәдениеті мен салт-дәстүрі болмайды.    
Қазақстан халқы арасында қарым-қатынас, достық жақсы дамып жатыр.    
Халықтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық сақталған.    
Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүріп отыр.    

2-тапсырма.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

СӨЙЛЕСІМ (10 мин)

1-тапсырма.Берілген жағдаяттық тақырыпқа әңгіме құрастырыңыз . (Дайындалу уақыты-3 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

Үлгілі отбасы

Жоспар:

1. Әке – отбасының тірегі

2. Анаға құрмет

3. Ата-ананың орны ерекше

 

2-тапсырма.Берілген тақырып бойынша әңгіме дайындаңыз.(Дайындалу уақыты-4 мин., жауап беру уақыты-2 мин)

 

Сіз үшін дипломның қандай мәні бар?

ОҚЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырма.Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. (Дайындалу уақыты-5 мин., жауап беру уақыты-2 мин.)

 

Махаббатсыз дүние бос...

Көктем және махаббат. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты сияқты. Біреуі табиғат құбылысы, екіншісі – сезім. Табиғат пен адам. Адамдар махаббаттың келуін көктем мезгілімен байланыстырады. Көктем мен махаббаттың ұқсас жақтары көп. Көктем тіршілік атауына нәр беретін тамыр. Көктем келіп, табиғатқа жан бітеді, жер беті ерекше құлпырады. Көктеммен бірге жылылық келеді. Ұзақ қыстан шаршаған адамдар көктемнің келуін асыға күтеді. Қысқы ұйқыдан оянған табиғат адамға жақсы әсер етеді. Көктем табиғатқа ғана емес адам өмірінің өзгеруіне де үлкен ықпал жасайды. Адамдар бір-біріне ғашық болады. Ғашықтардың көбісі табиғаттың осы мезгілінде бір-бірімен табысады.

Адамзат сыйласуының, мейірбандылығының ең мөлдір көзі – достық. Ол еш уақытта да шөлдетпейтін, жаныңды рахаттандыратын нәр. Кісі қартайғанда шын махаббатты кешеді. Бұл қасиеттер екі кісінің арасында тартылған көзге көрінбес шынжыр. Махаббат шуағына бөлену адам жанын бақыт шыңына бастайды. Ол алтынмен, жақұтпен, інжу-маржанмен өлшенбейді. Ол шуақты да шұғылалы, нәзік те көркем, асқақ та арайлы, тіл жеткізсіз ғажайып сезім. Ол адам көңіліндегі тазалық пен сұлулықтың иесі, армандардың қасиетті киесі. Сондықтан да бар адамзат үмітіне өмір берер, сеніміне шуақ берер қасиетті махаббат сезіміне нұрын шашқан шамшырақтай ұмтылады.

 

2-тапсырма.Оқылған мәтін бойынша басты тірек сөздерді табыңыз (7-8 тірек сөз). (Дайындалу уақыты-2 мин., жауап беру уақыты-1 мин)

ЖАЗЫЛЫМ (10 мин.)

1-тапсырм







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.