Здавалка
Главная | Обратная связь

Адамды суреттеу мысалдары

ІІ БЛОК - ПРАКТИКА

Eмтихан билеттері

Билет №1

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №1 «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

  дұрыс бұрыс
1. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебені 1989 жылы 22 қыркүйекте алды.    
2. «ҚР Тілдертуралы» Заңы 1995 жылы 30 тамызда бекітілді.    
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді    
4. «ҚР Тілдер туралы» Заңның 4-бабында мемлекеттік тілді қолдану аясы көрсетілген.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

Қоғамның жастар тәрбиесіне әсері

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

« Сәлем – сөздің анасы»

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі туралы аңыз

Қожа Ахмет Иасауи кесенесісінің көгілдір күмбездері күнге шағылысқан осы кесененің бет жақ қанаты не себепті бітпей қалғаны жайлы жігерсіз махаббатты жырлаған бір аңыз бар.

Әмір Темір Қожа Ахмет Иасауиға көрсеткен құрметім осы болсын деп дүниенің төрт бұрышынан саусағынан өнер тамғаншеберлерді жинайды. Жұрттың бәрінен де өнері асқан бір жас жігітті өю-өрнектің бас шеберлігіне тағайындайды. Жігіт топырақпен бояуды өз қырына бағындырғаншебер ғана емес сонымен бірге бет біткеннің сұлуы әрі көмейіне бұлбұл қонған керемет әнші екен. Күн ұясына отыра құрылыс алаңында жоғары-төмен өрмелеген жұрт әбден шаршап болдырып тыныс ала бастаған шақта бас шебер қаланып жатқан ескерткіштің бір биігіне шығып алып әнге салады. Әсем әнге еліткен құл-құтандар лезде жадырап серпіліп бірі туған жерін, тым жырақта қалған ата-анасын бірі жарын, бала-шағасын, бірі арман болып қалған ғашығын еске түсіреді. Ән аспанға шаншылған Әмір Темірдің балдызы Мәрзиа да өзінің сәукелелі жібек шатырынан шығып әсем әнге құлақ қояды, тыңдаған жұрт қара тырнағына дейін шымырлататынсиқырлы сазға құлақ түреді. Мәрзиа ару ою-өрнек жұмыстарын жүргізетін топқа ұлы әмірші құрметінің белгісі ретінде күнде түсте өз қолымен сусын әкеліп тұрады. Шебер жігіт те Мәрзиа да бір-біріне сырттай ғашық болады. Күндердің күнінде жұрт күтпеген уақиға болады. Мәрзиа өз елінің әдеп-ибасына сай бетін сырт көздерден жасырып жұқа ғана перде ұстайды екен. Хан балдызы сусын әкеген тұста бойын құмарлық тасқыны жеңген шебер жігіт оның бетіне ұстаған алтын пердесін жоғары түріп жібереді, талайдың көз жауын алған сұлу мүсін жарық ете қалады, сырт көздер ұшын қара құлдың бұл қылығы барып тұрған әдепсіздік, хан рухын басынғандық болып есептелмей ме? Көріп тұрған құл-құтандар шу ете қалады, Мәрзиа үнсіз күлімсіреген бойы наздана бетін бүркеп жүріп кетеді. Айналасындағылар жігітке шүйлігеді, басың мойныңа өкпелі ме, мұның не? Ертең Әмір жорықтан оралса балдызы бұны оған айтпай тұра алама? Хан кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екенін сараптамай-ақ басымызды алуға бұйрық береді ғой жігіт дір-дір етіп түсі өзгеріп, рухы күрт құлапбейшара күйге түседі, өзінің мұндай бедерсіз екенін қалай байқамай келген. Енді қайттық бір амал іздейік дейді. Түнде барлығымыз ұйымдасып қашайық дейді, ұйымдасып қашқанымен жолдары болмайды Әмір Темірдің әскері құтқарсынба қуып жетіп ұстап барын зынданға тастайды.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Менің өлкем»(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №2

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №2 «Қарапайым Мұрат»(тыңдауға – 2 мин.).

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

  дұрыс бұрыс
1. Мұраттың көпті таңқалдырғаны мәтіннің соңғы жағында    
2. Мәтіндегі басты кейіпкер арманына қолы жеткен адам.    
3. Ол жиында сөз бастаудың оңайлығын танытты    
4. Адамдардың құрметіне ие болуда байлық та, қызмет те басты емес.    

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

«Ұлттық дәстүр – ұлттық тәрбие».

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Адам - әдебімен көрікті

Қазақ салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік, көргенділіктің бір үлгісі болып саналады да ондай қылық ризашылық сезімін тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдіруге талпынған, содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып,әдептілік ережелерін тудырған.

Әдептілік дегеніміз өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне сәйкес қана емес, сондай-ақ эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етіп ұстай білу. Шынайы әдептілік сезімі өз қылығының өзге біреудің жанына бататыны немесе қуанышқа жетелейтінін түсінуді, басқа біреудің қажеттерін ұғынуды, уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді.

Әдептілік адам бойына бірден біте қоймайды. Ол біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, ынтымақтастық пен жарасымдылықтың, қайырымдылық пен қамқорлықтың, адалдық пен адамгершіліктің үлгісі. Отбасындағы тәрбие құдыреті осында. Жас адамдардың дастарқанында үлкендердің бата беруінің өзі де әдептілікті қалыптастыруға бағытталып тұрады.

Әдептілік, инабаттылық, ізеттілік пен тігісі түзулік сияқты жақсы қасиеттерді, тәлім-тәрбиені, біздің ата-бабаларымыз өз баласының, немересінің құлағына сәби кезінен-ақ құя береді. Олар балалардың алдында беделі жоғары, сүйікті адамдардың өсиеті сәбидің жадында ұзақ сақталатынын жақсы білген. «Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа» дей отырып,«Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат», «Тіліңді бақ, басың аман болады. Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады», «Парасат қайда болса, ұлылық сонда, білім қайда болса, биіктік сонда», «Өкпелесең ашуланба, налыма. Сабыр соңы салқын сая жаныңа» деген іспетті асыл сөздерді үнемі балалардың алдына көлденең тартып отырған.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Менің туған жерім»(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

 

 

Билет №3

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №3 «Әлем елдерінің сәлемдесу рәсімдері»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

дұрыс бұрыс
Жаңа Зеландияда«Ха» рәсімі – Тәңірге құлшылық ету дегенді білдіреді.
Жапонияда сәлемдесу рәсімі«коутоу» деп аталады.
Тай елінде алақандарын біріктіріп бастарына қояды.
Масаи тайпасы көріскенде ырғалып билейді.

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

Қазақстан экологиясы.

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

Қазақтың қолөнері

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Қазақстан дипломатиясы

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды. Қазақстан өзара қауіпсіздікті, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Әлем экономикасындағы жетекші орындардың бірін иемденетін әрі ірі донор, ал болашақта еліміздің экономикасының маңызды инвесторы бола алатын Жапония мен Қазақстанның байланыстарын жандандыру ірі саяси және экономикалық артылықшылықтар береді. Жапонияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өту талабын Қазақстан қолдайды. Сингапур, Корея республикасы, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Вьетнам сияқты жаңа индустриалды елдердің біздің еліміз үшін маңызы зор. Қазақстандық дипломатияның алдында осы елдермен ұзақ мерзімді перспективаға арналған өзара қарым-қатынастың тиісті жүйесін құру міндеті тұр.

Оңтүстік Азияда Үндістанмен және Пәкістанмен қарым-қатынастың зор мәні бар.

Түркияның өзінің аумағы арқылы мұнайды тасымалдау жобаларын іске асыруға мүдделілігі Қазақстан үшін көліктік комммуникацияның балама бағытын және әлемдік рынокқа шығу жолын қамтамасыз етеді. Иран еліміздің әлемдік коммуникацияларға шығуы үшін қолайлы мүмкіндік ашады. Орасан зор қаржылық және инвестициялық мүмкіндіктері бар, әлемдік отын-энергетика қорында маңызды орын алатын Сауд Аравиясымен және Парсы шығанағындағы басқа да мұнай өндіруші мемлекеттермен ынытмақтастықты дамыту Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы елдермен қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды фактор. Бұл сауда-саттық, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға іргетас қалайды.

Қазақстан сияқты ірі еуразиялық мемлекет үшін сыртқы саясаттың орасан зор маңызы бар.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Мемлекеттік тіл – менің тілім»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

.

Билет №4

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №4 «Мона Лиза»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

дұрыс бұрыс
1. Көрерменді Мона Лизаның шаш үлгісі баурап алады.
2. Мона Лизаның киімі мен нәзік саусақтарының көрінісі үйлесім тапқан.
3. Мәтінде Мона Лизаның күлкісі туралы басым келеді.
4. Мәтінде Мона Лизаның күлкісі күн нұрына теңеледі.

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

Рухани байлық қайдан келеді?

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

Тәуелсіз Қазақстан

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Адамды суреттеу мысалдары

...Исаны менің алғаш көруім - 1922 жылдың жазында, Қызылжар қаласында. Сондай бір ақын келіпті дегенге пәтеріне іздеп барсам, түр-тұлғасы жараған киіктей қағылез, бет-аузы бір-ақ уыстай кішкене, «тақия сыймас шекелім» дегендей, шекесі жалпая біткен, лақ-текедей сыртына тебе біткен кішкене қара көзді, ұшы имектеу, тұмсығы көтеріңкі біткен жіңішке мұрынды, сүйір иек, жұқа ерін, жіңішке ұзын мойындағы жұтқыншағының үлкендігі кішігірім баланың жұдырығындай, көкпардың атындай ойнақы мінезді жігіт екен. Басында жасыл пайымен тыстаған, алдыңғы жағын түре киетін пұшпақ бөрік, үстінде жағасына қара барқыт салған түйе жүн шекпен, аяғында қазақы етік, костюмі қалаша (С.Мұқанов).

***

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалық қалпына бейімделген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазір де қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. Ол да ауырғандық пен күн көзінде болмағандық белгісі.

Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. (М.Әуезов).

***

...Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік сұр жігіт. Қырлы мұрынды, шүңіректеу көзді қаракер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы жиырма бес, жиырма алтылар шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірмен шиырылған күшті көк етті еді. Бар денесі серіппелі көктемірден құйып жасалғандай.Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен тұңғиықтау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет аузы бүркіттің бетіндей. (С. Сейфуллин)

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Адам әдебімен көрікті» тақырыбына эссе жазыңыз (жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.).

Билет №5

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №5 «Ырым-жоралғылар»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

дұрыс бұрыс
1. Көрісу – қонаққа өлең, ән айтқызу.
2. Қонақкәде айту – жаңа үй алғанда шаңырақтың босағасын майлау кезінде беріледі.
3. Қалау айт–ұнатқанының орнына бағалы бір тарту әкеліп, әлгі дүниені, жануарды «менің қалауым осы» деп сұрау
4. Қазан шегелеу – үйге кірген жыланға сүт құйып шығару.  

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

«Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер».

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

Қазақтың ұлттық ойындары

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

  Аңыз  

Баяғыда тасы өрге домалап тұрған бір хан жанына нөкерлерін ертіп, аң аулауға шығады. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, алдынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама жар, екінші бүйірден хан нөкерлері қиқу салып, қыспаққа алғанда, жаны қысылған бейшара киік жан далбасамен сонадайдан көз тартқан ақбоз үйдің ашық тұрған есігінен ішке қойып кетіпті. Үй иелері жайылған дастарқаннан түскі тамақ ішіп отыр екен. Есіктен енген киік жаюлы дастарқаннан бір-ақ ырғып, төрдегі керегеге тұмсығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.

– Шығар киікті! – деп дауыстайды хан ат үстінде тұрып, төрде тамақ ішіп отырған қарияға.

– Бұл тау тағысын түстік жерден қуалап келіп, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?

Сонда қария:

– Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас. Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті. Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көздеріне қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді? Тіпті хан болсаң да, дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді, қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қаласың, жолың болмайды,– депті.

Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Елім десең салтыңды біл» (жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.).

Билет №6

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №6 «Домбыраның шығуы туралы аңыз»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

дұрыс бұрыс
1. Домбыра – жеті ішекті, екі пернелі музыкалық аспап.
2. Аңыздағыжігіттің кәсібі қарағай арасында аң аулау.
3. Қарағайдың бұтағына ілінген қос ішектен ызың ойнайды.
4. Домбыраның ішегі маралдың ішегінен пайда болған деген аңыз бар.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

«Тәрбие басы – тал бесік»

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

«Шаңырақ»

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

  Олимпиада

Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылыжазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылданбастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.

19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870,1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру,жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Қазақстың бас ақыны - Абай»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №7

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №7 «Қазақтың ұлттық ойындары»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

дұрыс бұрыс
1. Соқыртеке – қыздар мен жігіттердің әзіл кеші
2. Аударыспақта салмақтарына байланысты үш топқа бөлінеді.
3. Алтыбақан – күштілікті, ептілікті қажет етеді.
4. Соқыртеке ойнына үш қатар арқан қажет.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

Неке және бала тәрбиесі

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

Әлемдік бәсеке

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Қазақтардың аспан әлемі туралы түсініктері

Көшпелі жұрттың аспан әлемі туралы ілімге қосқан үлесі де ерекше. Көшпелі тұрмыс әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жұлдыздарға байланысты ауа райының құбылуына айрықша мән беріп, аспан шырақтарына көшпелі ел өміріне байланысты ат таққан.

Табиғат құбылыстарының айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мен маусымдардың, ай жаңалануының айналып келіп отыруын мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының шаруашылық өмірі үшін орасан зор тіршілік тұрмыстық маңызы болды. Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қай уақытта келу, қойды қай уақытта қырқу, қашан күйек салу, қай мезгілде көктеуге барып мал төлдету, соғымды қашан сою, егінді қай мезгілден бастап салу, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу оларды ауыр шығынға ұшыратты.

Табиғат құбылыстары: айналаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған астрономиялық түсініктер мен білімдер негізінде байырғы қазақ күнтізбесі жарыққа шықты. Шексіз – шетсіз кең далада мал бағу, үдере көшу, жолаушы жүру, жоқ қарау және аң аулау, төрт жағын анық айыруды, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт – бағдарды белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуға үйретті.

Қазақтардың жұлдыздарға қойған аттары да көшпелі шаруашылыққа байланысты қойылған. Түңгі ашық аспанға зейін қойып қарағанда кез – келген адам – Сүмбіле (Үлкен төбет шоқжұлдызы), Таразы – Шідер – Үшарқар (Орион), Үркер (Торпақ шоқжұлдызы), Персей, Андромеда, Аққу, Бүркіт, Жылан, Мерген және Бүйі шоқжұлдыздарының бойымен қоса қабаттаса ұзыннан – ұзақ түйенің ақ шудасындай созылып жатқан тұмандықты байқар еді. Бұл ақ тұмандықты халқымыз ежелден Құс жолы деп атаған. Себебі, көктемде жыл құстары осы ақ тұмандық бойымен жерімізге ұшып келіп, күзде осы жолмен кері қайтады. Ал ақиқатында бұл ақ тұмандық шоғырланған сан миллиард жұлдыздардың алыстан көрінген өте әлсіз сұлбасы болып табылады.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Салауатты өмір салты»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №8

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №8 «Абайдың оралуы»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

дұрыс бұрыс
1. Абайдың оралуын көпшілік күтіп тұрды.
2. Аттан түсе салған Абай бірінші анасымен амандасты.
3. Құнанбай алысқа көз жіберіп, әлдекімдерді күтіп тұрды.
4. Әкесі баласын құшағына қысып, амандық сұрасты.

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

Бала тәрбиесіне ортаның әсері

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

«Баталы сөз – аталы сөз»

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

Абайдың он бесінші сөзі

 

Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім. Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.

Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.

Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының күн жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.

Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Досымның портреті»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №9

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №9 «Киіз үй»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

дұрыс бұрыс
1. Шаңырақ киіз үйдің сүйегіне жатпайды.  
2. Қары – уықтың шаңыраққа байланар бөлігі.
3. Шаңырақтың қастарелі бөлшегі – босаға.
4. Қыз бала – үйиесi, ұл бала –төриесi.  

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

«Қазіргі жастардың сөйлеу әдебі».

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

«Көз» сөзіне қатысты тұрақты тіркестер және олардың мағыналары.

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

 

Рухани байлық туралы ой

«Адам материалдық жағынан емес, рухани жағынан бай болса ғана толық, нағыз адам саналады. Алайда, бұл түсінік осы таңда көмескіленіп жатқан сияқты ма, қалай? Ел-жұрттың көпшілігі ақша мен дүние қуып, ішсем, жесем, киінсем деп, байлығым басқанікінен де артық, көп болса екен деп тер төгіп, еңбек ететін сияқты. Осындай мақсатта өмір сүріп жатқан адамның ішкі рухани жан дүниесі қандай деңгейде екен деген ойға қаласың.

Бұрынғы кезде ата-аналарымыз бен ұстаздарымыз: «Кітапты көп оқыңдар, әдебиетті сүйіп, одан рухани азық алыңдар, ертеңгі күні өмірлеріңнің сан қатпарлы бұралаң жолдарында сәтсіздікке ұрынбай, дұрыс жол тауып, шешім қабылдауларыңа көп көмек етеді. Өмір-күрес, ал әдебиет - адам өмірінің айнасы. Сол күресте жеңу үшін, әдебиетті білу керек, өмірді тану керек. Сол өмірді танытатын – «әдебиет», - деп үнемі айтып отыратын.

Осыған қоса, мен әдебиетті адамның бүкіл ой-қиялына, сезіміне әсер етіп, биік-биік мақсат-мұраттарға жетелейтін қозғаушы күш, жақсы мен жаманды айыртып, әрбір сюжетінен сабақ алдыртатын, елін сүйіп, ерлікке ұмтылдыратын тәрбие құралы дегім келеді. Өзім ұстаз болғандықтан, шәкірттерім әдебиетті сүйіп оқыса, одан өмірдің сан тараулы жолдарынан сабақ алса екен деймін. Көркемдік әлеміне көз жүгіртіп, сөз өнерінің тұңғиығына бас қойып сусындаса екен деймін. Болашақта оңы мен солын айыра білетін, қиын-қыстау күндерде елінің қасынан табылатын жанашыр, елеулі де ардақты азамат болып шықса екен деймін».

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Қазақ – қонақжай халық»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №10

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №10 «Аспан әлемі»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

    дұрыс бұрыс
1. Қазақтардың жұлдыздарға қойған аты өсімдіктердің атауынан алынған.    
2. Үркердің қыстағы мүлде көрінбеуін халық «Үркердің жерге түсуі дейді.    
3. Темірқазық – қазақтардың түнде жол жүргенде беталысын бағдарлайтын компасы іспеттес, себебі ол біржерде тапжылмай тұрады.    
4. Темірқазыққа қарап отырған қазақтар ауа-райының құбылуын, әр бөлігін ажырата білген.Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде адаспас.    

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 2 мин.).

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»

2-тапсырма. Берілген тақырыпта әңгімелеңіз(дайындалуға – 5 мин., жауап беруге – 1 мин.).

«Қол» сөзіне қатысты тұрақты тіркестер және олардың мағыналары.

ОҚЫЛЫМ (9 мин.)

Мәтінді оқыңыз(іштей оқуға – 1мин., дауыстап оқуға – 2 мин.).

 

Қазақ тілі

Қазақ тілі ҚР мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» куә болады. Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасынқолданған. 1940 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын қолдануда. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүзтілдің қатарында тұр.

Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым.

1-тапсырма. Оқылған мәтін бойынша жоспар құрыңыз(дайындалуға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

2-тапсырма. Оқылған мәтіннің бір абзацын аударыңыз(дайындалуға – 3 мин., жауап беруге – 1 мин.).

ЖАЗЫЛЫМ (14 мин.)

1-тапсырма. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. «Шаңырақ шаттығы»

(жазуға –13 мин., тексеруге – 1 мин.)

Билет №11

ТЫҢДАЛЫМ (7 мин.)

Мәтінді тыңдаңыз. №11 «Қателескен уақыт»(тыңдауға – 2 мин.).

 

1-тапсырма. Тыңдалған мәтін бойынша тест толтырыңыз(толтыруға – 1 мин., жауап беруге – 1 мин.).

 

дұрыс бұрыс
1. Жұмыссыздық бала тәрбиесімен айналысуға мүмкіндік бермеді.
2. Алмат үнемі ата-анасының бақылауында болды.
3. Ата-ана бала тәрбиесіне уақыт бөлмегеніне өкінді.
4. Ата-ана мейірімі мен қолдауы Алматты құтқарды.

 

2-тапсырма. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтыңыз(дайындалуға – 2 мин., жауап беруге – 1 мин.).

       
 
   
 


СӨЙЛЕСІМ (10 мин.)

1-тапсырма. Берілген жағдаятта пікірталастырыңыз




©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.