Здавалка
Главная | Обратная связь

Диезді мажорлы тональдіктер.



Техникасын жетілдіру»

(әдістемелік нұсқау)

 

Құрастырғандар:

Төремұратова Н.Т, Каринова Г.Ы, Мұқанова Ж.Қ

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданынының саз мектебінің домбыра класының

мұғалімдері

 

Пікір жазғандар:

 

Этюд, гамма - орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған. Мұнда берілген ноталық қосымша түрлі материалдар, сабақ үлгілері оқытушылардың тәжірибесін, репертуарын толықтыра түсуге септігін тигізеді.

 

 

Кіріспе

Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп ұға білуі, олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор. Бүгінде еліміз жүзеге асырып жатқан мектеп реформасында тәрбиеге байланысты барлық мәселелерді комплексті қарау айрықша атап көрсетілген. Мұның өзі балалар тәрбиесінде, олардың табиғи дарындылығын, қабілетін негізге алуды талап етеді. Сол сияқты баланың дүниеге эстетикалық көзқарасын қалыптастыруда, ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жаткіншек бойына дарытып, оның жан-дүниесін оятуда, өнерге деген ынтасын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының атқаратын рөлі ерекше.

Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi.

Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Соңғы жылдары музыкалық оқу орындарында домбыра үйрету әдіс-амалдары, бағдарламалары қазіргі уақыт талабына сай жаңартылып, толықтырылуда. Бұл әдістемелік нұсқау бүгінгі уақыт тынысынан туындаған талаптарды ескере отырып, домбыра үйретудің көп жылғы тәжірибесінің негізіне сүйеніп жазылды.

Әдістемелік нұсқау оқушының меңгерген домбыра тарту тәжірибесін одан әрі дамытып, шыңдай түсу мақсатына арналған. Мұнда әр сыныпқа сай гамма, этюдтер берілген. Гаммалар мен арпеджиолар бір және екі октава көлемінде үлгі ретінде ұсынылып, аппликатура маңыздылығы ерекше көрсетілген. Бірақ гаммалар мен арпеджиоларға қойылған аппликатура тек мысал ретінде ғана алынды. Сондықтан, нұсқауда берілген гаммалар мен арпеджиоларды тартқанда ондағы көрсетілген аппликатураны әр домбырашы қолының бітіміне, саусақтардың салалығына, ептілігіне қарап, кейде өзгертіп тартуына да болады.

Мұндағы этюдтер саусақтар шеберлігін дамытуға, күй мен пьесаларды меңгеруге арналып, түрлі қағыс, штрихтар, алуан түрлі әдіс-амалдар арқылы орындалады.

Саз мектептерінің домбыра сыныбының оқушылары мен оқытушыларына арналған бұл әдістемелік құрал оқулыққа деген зәруліктің орнын толтырары сөзсіз.

Гамма. Арпеджио.

Гаммалар мен арпеджиолар домбырашының орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Оқу барысында оқушыға гаммалар мен арпеджиоларды түрлі аппликатурамен әр тональдікте орындатудың пайдасы мол.

Бір дыбыстан екінші аттас дыбысқа дейін тізбектеліп құрылған дыбыс қатары гамма деп аталады. Музыкада мажорлық және минорлық деп аталатын екі негізгі лад бар. Мажор көңілді, сергек, жарқын характерде, ал минор көңілсіз, мұңды характерде естіледі.

Мажорлы гаммалар домбыра аспабында түрлі штрихтар мен ырғақта және арпеджиосымен орындалады.

Арпеджио (arpeggio) - итальян тілінен аударғанда бірінен соң бірін деген мағынаны білдіреді.Домбыра аспабында гамманың тұрақты дыбыстары бір мезгілде емес, бірінің артынан бірі жалғасып үзбей ойналады.

\Ал минор гаммалары үш түрімен орындалады. Олар натуралды, гармониялық, мелодиялық. Натуралды минордың сатылары өзгермейді, гармониялық минорда VII сатысы жарты тонға жоғарылайды, ал мелодиялық минорда VI, VII сатылар жарты тонға жоғарылап,қайтарда натуралды түрінде орындалады.

Гамма, арпеджио ойнау үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор.Домбыра ойнауда саусақтардың перне басу тәртібін аппликатура деп атаймыз. Барлық аспаптарда аппликатура сандармен белгіленеді.

 

 

 

Домбыраның соль ішегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстіңгі жағына, ал ре ішегі астыңғы жағына жазылады.

Гаммалар әр сыныпқа«Домбыра мамандық бағдарламасының» талаптарына сәйкес беріледі. Кейбір гаммалар домбыра аспабының дыбыстық көлеміне (диапазонына) байланысты бір немесе екі октавада ойналады.

Жоғары сынып оқушыларына хроматикалық гаммалар берілген. Хроматикалық гамма – дыбыс аралықтары жарты тоннан орналасқан гамма.

 

Сынып

Домбыра бойындағы пернелерді дұрыс, тез меңгеріп кету үшін соль мажор және ми минор гаммаларын бір октава көлемінде беруге болады. Гаммаларды соль ішегінде пиццикатоның бас бармақпен ойнау әдісі арқылы орындаған жөн.

 

Сынып

Мажор гаммаларында орындалатын штрихтар:

 

Сынып

Мажор гаммаларында орындалатын штрихтар:

Сынып

Мажор гаммаларында орындалатын штрихтар:

 

Диезді мажорлы тональдіктер.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.