Здавалка
Главная | Обратная связь

Жеміс беру ерекшеліктері

Жеміс беру ерекшеліктері

Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері.

Ауа температурасы

Ауа ылғалдылығы

Жарықтандырылу

Жеміс беру кезеңділігі.

 

Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы өте зор. Мамандардың есебі бойынша, 1 га орман жылына 10 т шамасындағы көмірқышқыл газын сіңіреді.

Қазақстанда орман қоры шамамен 21,8 млн га жерді алып жатыр, яғни республикамыздың барлық жерінен 3,35%-ын құрайды. Біздің өлкеміздің ормандар жүйесі, негізінен, солүстік және шығыс аймақтарда шоғырланган. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар -сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары мен тоғайлар мен бұталар.

Орман қоры Жер шары бойынша жылдан-жылға қысқара түсуде. Қазақстан ормандарының да жағдайы нашар. Оның негізгі себептері - адамдардың іс-әрекеті, өрттер, ауа райының өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануы.

Орманның ылғал сақтаудағы рөлі зор. Топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су теңгерімін тұрақтандырады. Ылғал мол жерде өсімдік жамылғысы жан-жануарлардың көбее түсуіне ықпал етеді. Ал орманды алқаптар, жерасты сулары мен өзендер мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмек, жеміс-жидек алынатын өсімдіктердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.

Ормандардың егістік алқаптарын қорғаудағы рөлі де зор. Орман бар жерлерде топырақтың су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жерлердің топырағы кеуіп шөлге, тақырларға айнала бастайды. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады. Орманның ауа алабын тазартатын қасиеті де бар. Мысалы, 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200кг оттекті бөліп шығарады. Яғни, ауаның газдық құрамын тұрақтандрып отырады.

Орман, сонымен бірге денсаулық сақтау орны. Сондықтан шипажайлар мен сауықтыру кешендерінің, т.б. демалыс орындарының тек қана ормандар бар жерлерде салынуы тектен-тек емес.

Табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі – орман ресурстары. Орман ағаштарын кесіп, отынға, құрылыс материалы үшін пайдалануды тежеу керек.

Қазірдің өзінде Іле Алатауы

шыршасы, самырсын, шетен, ырғай , тораңғы, долина, шырғанақ , емен, т.б. ағаштар қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу қауіп туғызуда. Орманды қорғаудың ең маңызды саласы – жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асырылады. Орманды қорғау мен қалпына келтіруге көпшілік араласуы керек.

Ораманды жерлерге саяхат жасағандағы ең қауіпті нәрсе – өрт. Өрт көбінесе адамдардың отты шала сөндіру , сіріңкені, темекіні сөндірмей тастау және т.б. ағат істерінен болады. Орман өрті – өте қауіпті. Әсіресе қылқын жапырақты орман өртін сөндіру қиынға соғады. Өйткені орман ағаштарының шымтезекке айналған қалдықтарының өртенуі айларға созылып кетеді. Жыл сайын көптеген ормандар, тоғайлар өрт құшағына оралады. Дүние жүзінде болып жататын өрттердің 97%-ына адам кінәлі. Кейбір тропиктік ормандардағы өрттер 2-3 айға созылып ұлттық қауіп-қатерге айналады. Сондықтан орманды сақтау – баршаның міндеті. Орманның өрттен басқа да жаулары бар. Олар – орман зиянкестерімен химиялық және биологиялық күрес жолдары, түрлі зиянкестер үшін улы химиялық заттарды қарсы қолдану. Бұл, әрине, қоршаған орта үшін, барлық тірі организмдер үшін қауіпті. Химиялық заттарды қолдану тәртібін қатаң сақтау керек. Ал биологиялық күрес дегеніміз – орман зиянкестерінің табиғи жауларын өзіне қарсы қойып, оларды жойып жіберу. Бұл күрес жолының болашағы зор. Зиянкестердің табиғи жаулары, негізінен, құстар, жыртқыш жәндіктер, ауру туғызатын паразиттер, т.б. көзге көріне бермейтін пайдалы жәндіктер болып табылады.

Жеміс беру ерекшеліктері

Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты, ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай. Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және генеративтік органдардың белсенді дамуы байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына байланысты.

Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек физиологиялық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс беретін бұталардың молайуы мен байланысты. Егер өсетін жағдайлар нашар болса, репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі ағаштардың тұқымы нашар дамиды.

Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері. Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді, сосын өнім беру мүмкіндігі болады.

Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды. Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі . Бүрілер, жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.).

Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы, экология. Экологиялық жағдайлар күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық түсу, температура, ауа ылғалдылығы, топырақ құнары, топырақтың микроклимат ерекшелігі.

Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін. Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және оңтүстікке жайылған.

Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды, жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады.

Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы жарықтанады.

Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең басты жағдайларының біреуі. Ағаштың орынды жарық алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың жылынуы жақсарады.

Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-фитозиянкестерімен зақымдануы, антропогендік әсер және т.б. жағдайлар әсер етеді.

Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен, биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты. Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді болады, ал сапасы да жоғары болады.

Отырғылардағы ағаштар тек өніммен әр түрлі емес, ал бүрі мен дәндерінің биологиялық - морфологиялық белгілерімен әр түрлі. Ол белгілер ортадағы жағдайлармен байланысты.

Орман құрастыратын ағаштар негізінде ұялас өсімдіктер, бірақ та кейбір түрлері физиологиялық аналық немесе аталық болады. Аналық жолмен дамыған ағаштар өнімді көп береді.

Алматы қаласында кәдімгі шағанның екі түрлі бұталары бар дарағы табылған, біреуі аталық жолымен, ал екіншісі аналық жолымен дамып көп тұқым өнімін беретін.

Бір түр ағаштарының әр түрлі кезеңдік дамуымен жүруі мүмкін, олардың генеративтік бүршіктері өсуі, гүлдеуі және дәндер пісуі әр түрлі метео жағдайларда болғандықтан, дән өнімі де құбылады.

Көп қатар жеміс беретін ағаштар поликарпиктер, ал жеміс беру мүмкіншілігі - репродуктивтік қасиет деп аталады.

Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі генетикалық жағдайлар мен антогенезге байланысты. Орман түрлері жылда жеміс өнімін бермейді. Жапырақтылар түрлері емен, шамшат және қылқан жапырақтылар, қайың, көктерекке қарағанда өнімді сирек береді. Дәннің өнімінің мол жылдары тұқымдық жылдар деп атайды.

Жеміс беру кезеңділігі. Қылқан жапырақтылар түрлерінің және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің және орманның өнімділігі әр 0түрлі болатынын көрсетті. Мол өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен аралас болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп аталады.

Жеміс беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол болғанда пластикалық заттарының қоры молынан жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол өнім болу үшін, гүл бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол болу керек.

Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты. Жалпы заңдылық байқалған, орман бітіміндегі ірі ағаштар өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер етеді, төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден өнім аз береді.

Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер етуге болады. Ол тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау, минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1)Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.

Edu.semgu.kz





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.