Здавалка
Главная | Обратная связь

В) ЭКГ холтерлік мониторлау



Г) натрий нитропруссиді

д) магний сульфаты

2. Шекаралық гипертензияның белгілері:

а) систолалық АҚҚ с.б. > 160 мм, диастолалық АҚҚ с.б. 90-94 мм

б) систолалық АҚҚ с.б. 159 мм жоғары емес, диастолалық АҚҚ с.б. 94 мм жоғары емес

в) систолалық АҚҚ с.б. 150 мм жоғары емес, диастолалық АҚҚ с.б. 95 – 100 мм арасында

г) АҚҚ дәрі қолданылмай, спонтанды (өздігінен) төмендейді

д) систолалық АҚҚ с.б. 140 мм дейін, диастолалық АҚҚ с.б. > 100 мм

3. Қандай патологияда қатерлі гипертония синдромы жиі кездеседі?

а) реноваскулярлық гипертония

б) эссенциальдық гипертония

в) жедел гломерулонефрит

г) гипертиреоз

д) созылмалы пиелонефрит

4. Гипертония ауруында біреуінен басқа барлық мүшелер зақымданады:

а) жүректің сол жақ қарыншасы

б) көздер

в) ми

г) бүйректер

Д) бауыр

5. Келтірілген патологиялық өзгерістердің ішіндегі реноваскулярлық гипертензияның себебі болатыны:

а) жедел гломерулонефрит

б) созылмалы пиелонефрит

в) бүйрек артерияларының фибромускулярлық дисплазиясы

г) гипертония ауруы

д) тиреотоксикоз

6. Феохромоцитоманың диагнозын қоюдағы ең мәліметті фактор:

а) калий экскрециясы

б) натрий экскрециясы

в) катехоламиндердің плазмадағы деңгейі

г) айналымдағы қан массасының көбеюі

д) эритроцитоз

7. Реноваскулярлық гипертензияның диагнозын қою тәсілі:

а) Нечипоренко сынамасы

б) Реберг сынамасы

в) венаішілік урография

Г) аортоангиография

д) цистоскопия

8. Феохромоцитомада болатын гипертониялық кризді тоқтату үшін қолданылатын ең таңдамалы препарат:

а) лазикс

б) обзидан

В) фентоламин

г) коринфар

д) клофелин

9. Төменде келтірілген симптомдардың біреуінен басқасының бәрі Конн синдромына тән белгілер:

а) тәуліктік диурезде альдостерон деңгейі жоғарылаған

б) қан плазмасында ренин деңгейі төмендеген

в) қан алкалозы

г) қанда калий деңгейінің көтерілуі

д) қанда калий деңгейінің төмендеуі

10. Қант диабетінде дамитын симптоматикалық артериялық гипертензияның басты себебі:

а) электролиттік бұзылыстар

Б) диабеттік гломерулосклероз

в) қант диабетінің пиелонефритпен асқынуы

г) гиперкатехоламинемия

д) айдалма қан көлемінің көбеюі

11. Конн синдромында болатын симптоматикалық артериялық гипертензияны емдеудің таңдамалы препараты:

а) ААФ ингибиторлары

б) атенолол

в) тұзақтық диуретиктер

Г) верошпирон

д) кордарон

12. Өкпе артериясындағы артериялық гипертензия дамуының басы деп есептеу керек:

а) систолалық АҚҚ с.б. 10 мм-нен 15 мм дейін

б) систолалық АҚҚ с.б. 15 мм-нен 25 мм дейін

в) систолалық АҚҚ с.б. 30 мм-нен 40 мм дейін

г) систолалық АҚҚ с.б. 40 мм-нен 50 мм дейін

д) диастолалық АҚҚ с.б. 50 мм және одан жоғары

13. Келтірілген факторлардың біреуінен басқасының бәрі ЖИА қауіпті факторлары болып есептеледі:

а) қант диабеті

Б) ЖТЛП

в) артериялық гипертензия

г) тұқым қуалаушылық

д) шылым шегу

14. Төменде келтірілген липопротеидтердің біреуінен басқасының бәрі атерогендік деп есептеледі:

А) ЖТЛП азаюы

б) триглицеридтердің көбеюі

в) ТТЛП көбеюі

г) ӨТТЛП көбеюі

д) жалпы холестерин деңгейінің 5,2 ммоль/л жоғары көтерілуі

15. Дис- және гиперлипидемияны емдеудегі ең тиімді және қауіпті емес дәрі:

а) никотин қышқылы

б) холестерамин

в) фибраттар

г) пробукол

д) ГМК – КоА – редуктазаның ингибиторлары (статиндер)

16. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі варианттық стенокардияға тән белгілер:

а) ЭКГ-да ST сегментінің көтерілуі

б) коронарографияда 10% жағдайда аз өзгерген немесе өзгермеген коронарлық артериялар анықталады

в) ұстама көбіне түнде болады

г) емдеуде ең тиімді кальций антагонистері болып табылады

д) денеге түскен күшті көтере алмайды

17. Стенокардияның даму механизмі:

а) алғы жүктеменің азаюы

б) тыныс жетіспеушілігі

в) қолқа атеросклерозы

г) артқы жүктеменің көбеюі

д) коронарлық қан айналысының абсолюттік немесе салыстырмалы жетіспеушілігі

18. Нитроглицеринді венаға жіберудің басты көрсетпелері:

а) варианттық стенокардия

б) АГ фонында болатын стенокрадия ұстамасы

в) ангинозды статус (ұстамалы ауыру күйі)

г) стенокардия ұстамасы

д) күш түсу стенокардиясының алдын алу

19. Әсері ұзартылған нитраттарды тағайындау көрсетпелері:

а) варианттық стенокардия

б) артериялық гипертензия фонындағы стенокардия ұстамасы

в) ангиноздық статус

г) стенокардия ұстамасы

д) күш түсу стенокардиясының алдын алу

20. Келтірілген стенокардия варианттарының қайсысында стационарлық ем (госпитализация) қажет емес:

а) Принцметалл стенокардиясы

б) бірінші рет пайда болған күш түсу стенокардиясы

в) тез үдемелі стенокардия

г) жиі болатын тыныш күй және күш түсу стенокардиясы

д) күш түсу стенокардиясының І және ІІ функциональдық классы

21. Миокардтың ауырсынусыз ишемиясының диагнозын қою әдісі:

а) ЭКГ

б) стресс – ЭхоКГ

в) ЭКГ холтерлік мониторлау

г) ЭКГ жүрекалды картаға түсіру

д) қан ферменттерін анықтау

22. Төменде келтірілген АГ-мен қоса кездесетін аурулардың біреуінен басқасының бәрінде b-адреноблокаторлар тағайындауға болмайды:

а) жүректің ишемия ауруы

б) Рейно синдромы

в) облитерациялаушы эндартериит

г) қант диабеті

д) тыныс тұншықпасы

23. Жүрек гликозидтерімен уланғанда төменде келтірілген симптомдардың біреуінен басқасының бәрі кездеседі:

а) қарыншалық экстрасистолия

б) жүрек айну

в) түсті айырудың бұзылуы

г) PQ интервалының (аралығының) қысқаруы

д) ауыр брадикардия

24. Каптоприл тағайындаудың басты қарсы көрсетпесі:

а) бүйрек артериясының бір жақты тарылуы

б) бүйрек артерияларының екі жақты тарылуы

в) қандағы креатининнің 1,2 ммоль/л жоғары көтерілуі

г) АҚҚ көтерілуі

д) плазмадағы рениннің төменгі деңгейі

25. Q – емес инфарктісіне ең тән белгі:

а) төс артының жаншып ауыруы

б) V2-5 тіркемелерінде терең теріс мәнді Т

в) нейтрофильдік лейкоцитоз

г) қан сарысуында альдолазаның көбеюі

д) І, V5-6 тіркемелеріндегі ST интервалының элевациясының КФК-ң МВ фракциясы деңгейінің көтерілуімен қоса кездесуі

26. Миокард инфарктісінің жедел және өте жедел кезеңдерінде ангиноздық ұстамадан басқа жиі кездесетін белгі:

а) тұншығу

б) іштің ауыруы

в) естен тану

г) жүрек аритмиясы

д) инсульт

27. Миокард инфарктісінің ЭКГ белгілерін ең күшті жауып тұратын белгі:

а) АВ блокаданың ІІ сатысының ІІ типі

б) Гис будасының сол жақ сабағының толық блокадасы

в) жүрекшелер фибрилляциясы

г) синустік тахикардия

д) қарыншалық экстрасистолия

28. Миокард некрозының ең мәліметті белгісі:

а) ЭТЖ-ң өсуі мен лейкоцитоз

б) қанның ЛДГ-ң көбеюі

в) қанның жиынтық КФК-ң көбеюі

г) қандағы трансаминазаның көбеюі

д) қандағы КФК-ң МВ – фракциясының көбеюі

29. Ірі ошақты миокард инфарктісіне ең тән ЭКГ-қ белгі:

а) ST аралығының горизонтальды депрессиясы

б) теріс мәнді Т тісшесі

в) ST аралығының көтерілуі

г) терең Q тісшесі немесе QS тісшесі

д) ST аралығының қия төмен ығысуы

30. Миокард инфарктісінің дамуына қатыспайтын механизм:

а) гиперкатехоламинемия

б) коронарлық артерияның стенозы

в) коронарлық артерияның түйілуі (спазм)

г) коронарлық артерия тромбозы

д) миокард жиырылғыштығының төмендеуі

31. Миокард инфарктісінде қарыншалар фибрилляциясын жиі тудырады:

а) суправентрикулярлық пароксизмальдық тахикардия

б) жыбыр аритмиясы

в) қарыншалық пароксизмальдық тахикардия

г) синустік тахикардия

д) толық атриовентрикулярлық блокада

32. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінің асқынуына жатпайтыны:

а) миокардтың жарылуы

б) кардиогендік шок







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.