Здавалка
Главная | Обратная связь

г) Иценко – Кушинг синдромы



д) гипертония ауруы

134. Бұл ауруда қандай ем тиімді болады?

а) гидрокортизон

б) гипотензивтік препараттар

в) бүйрек безі қыртысының ісігін алып тастау

г) анорексиялық дәрілер

д) спиронолактон

135. Төмендегі көрсетілген мәліметтердің біреуінен басқасынан бәрі осы ауруда кездеседі:

а) жыныс функциясының бұзылуы

б) іш қабырғасы мен санда стриялар болуы

в) бет әлпетінің шүңіреюі

г) жыныс мүшелерінің гипоплазиясы

д) шаштың түсуі (қасқабастық)

136. 55 жастағы әйелді жедел медициналық көмек бригадасы клиникаға алып келді. Науқас адамның шағымдары – төс артының ауыруы, нитроглицерин көмектеспейді. Науқасты жалпы күйі орташа ауыртпалықта, терісі қуқыл тартқан. Жүрек тондары әлсіреген, аритмия. Пульс 96/мин., АҚҚ с.б. 110/70 мм. Қарау кезінде ауру кенет есінен танды, қырыл пайда болды, тоникалық құрысулар, тыныс алудың тоқтауы анықталды. Пульс анықталмайды. ЭКГ толқын тәрізді қисық. Сіздің диагнозыңыз:

а) миокард инфарктісі, кардиогендік шок

б) миокард инфарктісі, қарыншалар фибрилляциясы

в) миокард инфарктісі, жүрекшелер жыбыры

г) миокард инфарктісі, жүрек тампонадасы

д) қолқаның шарбылау аневризмасы

137. Ұсынылатын ем:

а) норадреналин егу

б) адреналин мен хлорлы калийді жүрек ішіне жіберу

в) дефибрилляция

г) эндокардиальды электростимуляция

д) жүректің тура емес массажы

138. Марфан синдромы анықталған ауру адамда жүрек ұшында кеш систолалық шу мен кеш систолалық шертпе естілсе, қандай ауру туралы күдік тууы керек?

а) митральдық стеноз

б) ревматизм текті митральдық кемістік

в) біріккен митральдық ақау

г) митральдық қақпақ пролапсы

д) сіңір хордаларының үзілуі

139. Жоғары пульстік қысым, тамыр үстінде Траубенің қос тоны мен Дюрозьенің қос шуы, тез және жоғары пульс, бастың шайқалуы. Қандай күйге тән:

а) жүректің митральдық ақаулары

б) қолқа сағасының стенозы

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) үшжармалы қақпақ ақауы

д) жүректің іштен туа болған ақауы

140. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі инфекциялық эндокардитке тән белгілер:

а) анемия

Б) лейкоцитоз

в) лейкопения

г) ЭТЖ өсуі

д) тромбоцитопения

141. Перикардит дамуы мүмкін:

а) жедел ревматизмде

б) туберкулезде

в) пневмонияда

г) миокард инфарктісінде

д) келтірілген аурулардың бәрінде

142. Атриовентрикулярлық блокаданың ІІ дәрежесі І типінің (Мобитц бойынша) сипаттамасы (Венкебах – Самойлов кезеңдері болатын):

а) PQ аралығының ұзаруы (0,20 с жоғары)

б) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл Р тісшесі мен QRST комплексінің жойылып кетуі

в) PQ қалыпты күйде мезгіл-мезгіл Р тісшесінің жойылып кетуі

г) келесі циклдарда PQ аралығының біртіндеп ұзарып, мезгіл-мезгіл QRST комплексінің жойылуы және үзіліс кезінде Р тісшесінің сақталуы

143. Асимметриялық ГКМП болатын науқастың басты шағымдары:

а) бас айналуы

б) талма күй

в) жүрек тұсының ауыруы

г) бас ауыруы

д) келтірілгендердің бәрі дұрыс

144. ГКМП-да болуы мүмкін:

а) сол жақ қарыншадан басталатын қан ағу жолының тарылуы

б) митральдық кемістік

в) сол жақ қарынша гипертрофиясы

г) кенеттен болатын өлім

д) келтірілген белгілердің бәрі дұрыс

145. Қолқа коарктациясына тән:

а) жүйелік АҚҚ көтерілуі

б) АҚҚ тек аяқтарда көтерілуі

в) АҚҚ тек қолдарда көтерілуі

г) келтірілгендердің бәрі дұрыс емес

146. Ревматизмдік полиартритте біреуінен басқасының бәрі кездеседі:

а) жедел синовит

б) қосымша қызба

в) буындар зақымдануының «көшпелі» сипаты

г) ұсақ және орташа буындардың басым зақымдануы

д) буын деформациясының болмайтыны

147. Жүректің «солбыр» солқылы (миокардтың систолалық қозғалысы амплитудасының төмендеуі) байқалады:

а) митральдық стенозда

Б) миокардитте

в) қарыншааралық перде кемістігінде

г) гипертония ауруында

д) қолқалық стенозда

148. Қан қақыру жиі кездеседі:

а) митральдық қақпақ кемістігінде

б) митральдық стенозда

в) қолқа қақпағының кемістігінде

г) қолқа сағасының тарылуында

д) үшжармалы қақпақ кемістігінде

149. ЭКГ-да PQ аралығының 0,20 с ұзақ болуы қандай өзгерістерге тән:

а) толық атриовентрикулярлық блокада

б) І дәрежелі толық емес АВ-блокада

в) Гис будасы сабақтарының блокадасы

г) синоаурикулярлық блокада

150. Толық атриовентрикулярлық блокаданың себебі емесі:

а) оймақгүл дәрілерін қабылдау

б) жедел ревматизм

в) жүректің ишемия ауруы

г) хинидин қабылдау

д) эфедрин қабылдау

151. Эхокардиография көмегімен диагнозын қоюға болатын ауру:

а) жүрек ақаулары және митральдық қақпақ пролапсы

б) дилатациялық және гипертрофиялық кардиомиопатия

в) экссудатты (сулы) перикардит

г) миокардтың ірі ошақты инфарктісі

д) келтірілген аурулардың бәрі

152. Орта деңгейде тұрақты артериялық гипертензиясы бар (с.б. 180/100-175/105 мм) 46 жастағы ер адам аяқтарындағы әлсіздікке, жүрек соғуына және түнде болатын несептің көбейгеніне шағым айтады. ЭКГ-да сол жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясының тахисистолиялық түрі, ST аралығының горизонтальды төмендеуі, Т және U тісшелерінің инверсиясы, қандағы калийдың деңгейі 3,2 ммоль/л. Неврологиялық тексергенде өзгеріс жоқ. Аурудың диагнозы:

а) созылмалы гломерулонефрит

б) Иценко – Кушинг синдромы

в) созылмалы пиелонефрит

Г) Конн синдромы

д) гипертония ауруы және атеросклероздық кардиосклероз

153. Бұл ауру үшін электролиттердің қандай өзгерістері болуы мүмкін?

а) гипонатриемия

б) гипокалиемия

в) гиперкалиемия

г) гипермагниемия

д) гиперкальциемия

154. 65 жастағы науқас клиникаға миокардтың артқы диафрагмалық жедел инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Мониторлық бақылау кезінде PQ интервалының 0,4 с дейінгні ұзарғаны мен QRS комплексінің түсіп қалатының тіркеді. Жүрекшелік толқындар мен қарыншалық комплекстердің ара қатынасы 4:1. ЖЖС 40/мин.

Болжам диагноз:

а) АВ-блокадасының ІІ дәрежесі, Мобитц ІІ типі

б) Фредерик синдромы

в) жыбыр аритмиясы, брадикардиялық түрі

г) АВ-блокада ІІ дәрежесі, Мобитц І типі

д) СА блокаданың ІІІ дәрежесі

155. Дене бітімі мен етженділігі қалыпты күйдегі 28 жастағы әйелде өмірінде бірінші рет ЖЖС 130/мин. жететін жыбыр аритмиясы анықталған. Қарағанда: терісі қуқыл тартқан, бет ұшында қызыл шырай бар, тыныс жиілігі 24/мин., І тон күшейген, жүректің басқа аускультациялық өзгерістері жөнінде тахикардияға байланысты пікір айту қиын. Тыныс қатқыл, сырыл жоқ, іш қуысында - өзгеріс жоқ. ЭКГ-да – оң жақ қарынша гипертрофиясы, жыбыр аритмиясы. Соңғы уақытқа дейінгі дәрігерлерге көрінбеген, ауылды жердің тұрғыны. Мүмкін диагноз:

а) миокардит

б) тиреотоксикоз

в) митральдық стеноз

г) атеросклероздық кардиосклероз

д) миокардиодистрофия

156. Жүрек гликозидтерімен уланғанда болмайтын аритмияның түрі:

а) атриовентрикулярлық блокада

б) синустік тахикардия

в) жиі политопты қарыншалық экстрасистолия

г) қарыншалық бигеминия

д) синустік брадикардия

157. 41 жастағы науқаста бас ауырғандық пен көз алдында қарайғандық байқалады. Өзін 3 жылдан бері аурумын деп есептейді. Жүйелі түрде антигипертензивтік ем қолданылмаған, дәрігерге қаралмаған. Бет жүзі дөңгелектенген, беті қызыл түсті. Іш қабырғасы мен сандар үстінде қызғылт түсті жолақтар бар. АҚҚ с.б. 190/110 мм, пульс 78/мин. Болжам диагноз:

а) гипертония ауруы

б) гиперкинетикалық синдром бар нейроциркуляторлық дистония

в) феохромоцитома

г) Иценко – Кушинг ауруы

д) бірінші ретті альдостеронизм (Конн синдромы)

158. Дилатациялық кардиомиопатияның басты синдромы:

а) талма күй

б) қан іркілмелі жүрек әлсіздігі шеңберлеріндей

в) үлкен және кіші қан айналысы эмболия

г) ЖИА

д) бәрі дұрыс

159. Егде жаста жиі кездесетін жүрек ақауы:

а) өкпе артериясы сағасының тарылуы

б) митральдық кемістік

в) қолқа сағасының тарылуы

г) митральдық стеноз

д) келтірілгеннің бірі де емес

160. Синус түйінінің әлсіздігі синдромымен ауыратын 75 жастағы науқас жиі есінен танатынына шағым айтады. Соңғы 2 ай ішінде екі рет жүрекшелер жыбырының ұстамасы болған. ЖЖС 45/мин. Ем тактикасы:

а) емнің қажеті жоқ

б) хинидин мен атропинді қосып тағайындау

в) жүрек ырғағының жасанды жетекшісін қою

г) изадрин тағайындау

161. Шұғыл электроимпульстік терапияның абсолюттік көрсетпесі болатын жүрек ырғағының бұзылуы:

а) қарыншалардың фибрилляциясы мен дірілі

б) қарыншалар экстрасистолиясы

в) қарыншаүстілік тахикардия

г) жүрекшелер жыбыры мен өкпе шемені

д) жүрекшелер дірілі 1:1

162. Тыныс тұншықпасы мен гипертония ауруы бар күш түсу стенокардиясымен ауыратын науқасқа қандай антиангинальдық препарат беру керек?

а) нитросорбид

б) пропроналол

в) метопролол

г) нифедипин

д) тринитролонг

163. Дилатациялық кардиомиопатияда кездеспейтін жүректің макроскопиялық өзгерістері:

а) жүректің барлық төрт қуысы кеңіген

б) сол жақ қарынша қабырғасы жұқарған

в) сол жақ қарынша оң жақ қарыншаға қарағанда молырақ ұлғайған

г) сол жақ қарыншаның аневризмалары

д) қабырғаға жабысқан тромбтар

164. Дилатациялық кардиомиопатияны біреуінен басқасының бәрінен ажырата білу керек:

а) ЖИА

б) артериялық гипертензия

в) миокардиттер

г) перикардиттер

д) нейроциркуляторлық дистония

165. Гипертрофиялық кардиомиопатиямен ауыратын адамда кенеттен болатын өлім себебі:

а) жыбыр аритмиясы

б) суправентрикулярлық тахикардия пароксизмі

в) қарыншалар фибрилляциясы

166. Инфекциялық эндокардитте басқаларынан бұрын қалыптасатын жүрек ақауы:

а) қолқа қақпақтарының кемістігі

б) қолқа сағасының стенозы

в) митральдық стеноз

г) митральдық қақпақ кемістігі

д) үшжармалы қақпақ кемістігі

167. Tardus et parvus пульсі тән жүрек ақауы:

а) үшжармалы қақпақ кемістігі

б) митральдық қақпақ кемістігі

в) қолқа қақпақтарының кемістігі

г) қолқа сағасының тарылуы

д) митральдық стеноз

168. Теріс мәнді Р тісшесі мезгілінен бұрын пайда болған, бірақ өзгермеген QRS комплексінен кейін тіркелген. Бұл төменгі түйіндік:

а) атриовентрикулярлық экстрасистолия

б) жүрекшелік экстрасистолия

в) қарыншалық экстрасистолия

г) орташа түйінді экстрасистола

д) жоғарғы түйінді экстрасистола

169. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасы Фалло тетрадасында кездеседі:

а) тері жамылғының цианозы

б) саусақтардың дауылпаз таяқшаларына ұқсас жуандауы

в) оң жақ қарынша гипертрофиясы

г) эпицентрі төстің сол жақ шетіндегі ІІ-ІІІ қабырға аралығында орналасқан систола шуы

д) өкпе артериясының гипертензиясы

170. Толық атриовентрикулярлық блокаданы ЭКГ-ға қарап анықтайды:

а) қарыншалар комплексінің дұрыс ырғағы кезінде жүрекшелік және қарыншалық комплекстердің арасында тәуелділік болмау

б) PQ интервалының ұзаруы (0,2 с жоғары)

в) Р тісшесінің болмауы

г) PQ интервалының қысқаруы (0,1 с қысқа)

д) Венкебах – Самойлов периодикасының болуы

171. Экссудатты перикардиттің ең жиі себебі:

а) процестің басқа органдардан тарауы

б) туберкулез

в) сепсис

г) ревматизм

д) ісіктер

172. Келтірілген патогенез буындарының біреуінен басқасы инфекциялық эндокардиттің дамуына қатысады:

а) тұрақсыз бактериемия беретін инфекция көзінің болуы

б) стирильді иммунитет

в) организмнің сенсибилизациясы

г) сыртқы немесе ішкі себептердің әсерінен және тұрақты бактериемияның пайда болуына байланысты иммунитеттің әлсіреуі немесе бұзылуы

д) инфекция қоздырғышының жүрек қақпақтарына шөгуі және екінші ретті бактерия ошағының пайда болуы

173. Фредерик синдромының ЭКГ-лық белгілері:

а) атриовентрикулярлық блокаданың ІІІ дәрежесі

б) қарыншалардың сирек жиырылуы (QRS комплекстерінің арасындағы үзіліс 1500 мс жоғары)

в) синус ритмі

г) атриовентрикулярлық құрылым ырғағы

д) жүрекшелер жыбыры мен Гис будасы сабақтарының блокадасы (Лаун индексі 100 мс жоғары)

174. Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы кезінде пайда болған жедел брадикардияның емдеу тактикасы:

а) жүректің сырт массажы

б) атропинді жүрек ішіне егу

в) адреналинді жүрек ішіне егу

г) жүректің уақытша эндокардиальдық стимуляциясы

д) алупентті, изадринді венаға егу

175. Ревматизмнің диагнозын қою критерийлері:

а) кардит

б) полиартрит

в) хорея

г) сақина тәрізді эритема

д) келтірілгеннің бәрі

176. Жедел перикардиттің ерте ЭКГ-лық белгілері:

а) дөңес ST сегментінің жоғары ығысуы

б) ST сегментінің депрессиясы

в) теріс мәнді Т тісшесі

г) биік үшкір Т тісшесі

177. Оң қарыншалық жүрек әлсіздігінің, «кішкене» жүрек және жүрек ұшы солқылы-ның болмауы қандай аурудың белгілері:

а) митральдық кемістік

б) артериялық гипертензия

в) жүрек аневризмасы

г) констрикциялы перикардит

д) митральдық стеноз

178. 3 жыл бұрын миокард инфарктісі болған 52 жастағы науқаста ЭКГ-да қарынша-лар тахикардиясы (164/мин.) тіркелген. Қандай дәрі таңдамалы емге жатады?

а) строфантинді венаға егу

б) анаприллинді тіл астына салу

в) изоптинді венаға егу

г) лидокаинді венаға егу

д) хинидинді ішке қабылдау

179. 10 жыл бойы гипертония ауруымен ауыратын 62 жастағы ер адамның электрокардиограммасында Гис будасы сол жақ сабағының толық блокадасы анықталған. Қандай патология туралы ой тууы керек?

а) ӨАТЭ

б) инфарктан кейінгі кардиосклероз

в) созылмалы өкпе-текті жүрек

г) жүрекшеаралық перде кемістігі

д) митральдық стеноз

180. 43 жастағы науқас адам ұстамалы түрде басының ауыратынына, оған қоса малшып терлейтініне және осы кезде оны өлім үрейі билейтініне шағым айтады. Ұстама кезінде АҚҚ с.б. 220/105 мм тең. Қанда: лейкоциттер – 10х109/л, глюкоза – 12 ммоль/л, несепте – қант 2%, ұстама кезінде несепте норадреналин көбейген. Сіздің диагнозыңыз:

а) гипертония ауруы, гипертониялық криз

б) гипофиз аденомасы

в) феохромацитома

г) қант диабеті, Киммельстил – Вильсон синдромы

д) жайылмалы кеселді жемсау. Гипертиреоз

181. 40 жастағы әйел күш түскенде жүрек тұсының қысып ауыратынына, ауырғандық-тың сол қолға тарайтынына шағым айтады. Ауырғандықтың ұзақтығы 15 минутке дейін созылады, валокардин тоқтатады. Ауырғандық 8 жылдан бері байқалады. АҚҚ қалыпты деңгейде. Тексергенде: кардиомегалия, жүрек ұшында систолалық шу. ЭхоКГ: қарыншааралық перде қалыңдығы 1,5 см сол жақ қарынша қуысы тарылған, жүрек қақпақтары өзгермеген:

а) ЖИА, күш түсу стенокардиясы

б) нейроциркуляторлық дистония

в) миокардит

г) гипертрофиялық кардиомиопатия

д) қолқа коарктациясы

182. 80 жастағы әйел бөлімшеге миокардтың жедел артқы инфарктісі диагнозымен келіп түсті. Бақылау кезінде науқас адамда есінен танып, эпилепсия тәрізді құрысу және тынысының Чейн – Стокс типті бұзылу эпизодтары байқалды. ЭКГ-да Р тісшелері QRS комплекстерімен тұрақты аралық арқылы байланысты емес, РР аралығының ұзақтығы 0,8 с, RR аралығының ұзақтығы 1,5 с. ЖЖС 35/мин. Болжам диагноз:

а) эпилепсия

б) толық АВ-блокада

в) жүрекшелер жыбырының брадикардиялық түрі

г) синустік тахикардия

183. 48 жастағы ер адам клиникаға миокардтың артқы инфарктісі деген диагнозбен келіп түсті. Бақылаудың үшінші тәулігінде кенеттен ентігу күшейе бастады, оң жақ қабырға астының ауыруы мен керілуі сезім пайда болды, аяқтарда ісік көрініс берді. Жалпы күйі ауыр, терісі қуқыл тартқан, акроцианоз, өкпеде сырыл жоқ. Тыныс жиілігі 24/мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, төс маңы сызық бойында пансистолалық шу естіледі, систолалық діріл анықталады. ЖЖС 96/мин. АҚҚ с.б. 100/60 мм. Бауыр 6 см өскен. Болжам диагноз:

а) жүректің ревматизмдік ақауы

б) митральдық қақпақ пролапсы

в) қарыншааралық перденің жыртылуы

г) өкпе шемені

д) ӨАТЭ

184. 56 жастағы науқасты эпигастрий аймағының ауыратыны мазалайды. Пайда болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң алқым сығылып, ауа жетпеу, сол қолдың ұюы, жауырын аралығының ауыруы, салқын, жабысқақ тер пайда болды. Анамнезде – асқазанның жара ауруы. Тексерген кезде: іш қуысы кебінген, төсекте орын ауыстырғаннан ауырғандық өзгермейді. Науқастың ойы басқаға ауысқанда іш қабырғасының қатаюы жойылып кетеді де кейін қайта пайда болады. Төмендегі аурулардың қайсысының клиникалық бастамасына (манифестация) сәйкес келеді?

а) жара ауруы, он екі елі ішек жарасының тесілуі

б) іш қолқасы аневризмасының тесілуі

в) жедел ішектің түйілуі

г) өт тасы ауруы, өт коликасы (шаншуы)

д) миокардтың жедел инфарктісі

185. WPW синдромының құрамына кіретін ЭКГ-қ белгілер:

а) Р тісшесінің 0,1 с артық ұзаруы және дельта толқындарының болуы

б) дельта толқындар және PQ аралығының ұзаруы

в) дельта толқыны, PQ қысқаруы, қарыншалық тахикардия пароксизмдары

г) PQ қысқаруы, суправентрикулярлық тахикардия ұстамасы және дельта толқын-дарының болуы

186. 50 жастағы науқас бөлімшеге ұзаққа созылған (5 сағатқа дейін) төс артының ауырғанынан 4 күн кейін келіп түсті. ЭКГ-да Гис будасы сол жақ сабағының толық блокадасы. Миокардтың жедел инфарктісінің бар-жоғын шешуде диагностикалық маңызды деп есептейді:

а) миоглобин мөлшерін анықтау

б) аспартатаминотрансферазаның активтілігін анықтау

в) креатинфосфокиназа активтілігін анықтау

г) лактатдегидрогеназаның активтілігін анықтау

187. ЖИА туралы болжам сенімді болады, егер:

а) ангиноздық ұстаманың сипаты болса

б) қан айналысы жетіспеушілігінің белгілері болса

в) ырғақтың бұзылуы анықталса

г) ЖИА қауіп факторлары болса

д) кардиомегалия анықталса

188. Ревматизмнің екінші ретті маусымдық профилактикасы үшін қолданылатын препарат:

а) ампициллин

б) дигоксин

в) делагил

г) бициллин

д) гентамицин

 

 







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.