Здавалка
Главная | Обратная связь

Когнитивті компонент (білім)

Силлабус

 

Пән бойынша: Балалар аурулары

№ 7 бөлім. Балалардағы қан жүйесінің аурулары.

 

Мамандығы -051301 «Жалпы медицина»

 

Кафедра: педиатрия бойынша № 2 интернатура және резидентура

 

Курс:4

 

Семестр: VІІ, VІІІ

 

Дәріс: 2 (сағат)

Тәжірибелік сабақ: 6 сағат

 

ОЖСӨЖ: 6 сағат

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ):7 сағат

Барлығы:21 сағат

Бақылау түрі:аралық бақылау

 

Алматы 2014 ж


«Жалпы медицина» - 051301мамандығына – бала аурулары пәні бойынша силлабусты (7-жинақ) педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасының ұжымы (профессор Б.Х. Хабижанов, доцент Құрманбекова С.Қ., доцент Ж.Ж.Нұрғалиева, доцент Қасымова Р.Н., ассистент Қайназарова С.Е.) құрастырды. Кафедра отырысында қаралып, мақұлданды №___ хаттама «___»_________2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.,

доцент Нұрғалиева Ж.Ж.

 


1. Жалпы мағлұматтар:

1.1.Жоғары Оқу Орнының атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық

Медицина Университеті

1.2.Кафедра: педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура

1.3.Пән: «Бала аурулары», пән коды- БА-4304

1.4.Мамандық: 051301- Жалпы медицина

1.5.Жалпы сағат көлемі: 21 сағат

1.6.Курс -4, оқу семестрі:VII-VIII семестр

1.7.Оқытушылар туралы мағлұматтар

Аты жөні м.ғ.к. Қызметі Ғылыми дәрежесі Маңызды ғылыми бағыттары, жетістіктері, т.б.
Хабижанов Болат Хабижанович Профессор м.ғ.д Педиатрия и кардиология
Кұрманбекова Сауле Қаспаковна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, пульмонология, гастроэнтерология
Нұрғалиева Жанар Женісовна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология, эндокринология
Хитуова Лидия Кикбаевна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология, неонатология
Қасымова Раушан Нұрпейісовна Доцент м.ғ.к. Педиатрия, пульмонология, гастроентерология
Шорина Елена Николавна Ассистент м.ғ.к. Педиатрия, кардиология
Қайназарова Сауле Егембердиевна Ассистент   Педиатрия, гематология, кардиология
Баймұратова Айгуль Досжановна Ассистент   Педиатрия, аллергология
Төлебаева Асель Қайратовна Ассистент   Педиатрия, кардиология
Кисленко Анатолий Викторович Ассистент   Педиатрия, эндоскопия гастроэнтерология
Байғабулова Мадина Сырымовна Ассистент   Педиатрия, кардиология

1.8.Байланыс мағлұматтары:

Мекен- жайы: Алматы қ-сы, Аль-Фараби даңғылы, 146

Педиатрия бойынша №2 интернатура және резидентура кафедрасы, тел: 299-21-26

Студенттерге қойылатын жалпы талаптар: жоғарғы медицина оқу орнының жалпы тәртіптеріне негізделген.

· Студент оқу кестесіне сәйкес барлық сабақтарға қатысуы тиіс.

· Оқу үдерісіне белсенді қатысу (теориялық материалдарды дайындау, клиникалық ситуациялар мен тесттерді шешу, науқасты курациялау, науқастың клиникалық талдауына қатысу)

· Студентің тәртіптің этика-деонтологиялық принциптерін орындау;

· Студенттің өзіндік жұмысын міндетті түрде орындау

· Сабаққа кешікпей келу керек

· Студент сабақта ұялы телефонды сөндіруі тиіс.

· Студенттің таза, ақ халаты болуы тиіс.

· Студент оқытушыларға және студенттерге құрметпен қарау

· Студент ағымды, рубеж және қорытынды бақылаудың барлық шарттарын орындауы керек

· Сабаққа қатыспаған жағдайда сол 1 сабақ ұшін 0 балл қойылады

· Студент оқылған пән соңында емтихан тапсыруы тиіс.

· Студент СЭС рұқсаты бар алған алдын ала егулері жазылған медициналық кітапшасы болуы керек;

· Студенттерге ҚазҰМУ территориясында темекі шегіге тыйым салынады;

· Студенттерге кафедра мүлігін құртуға тыйым салынады.

 

2. Бағдарлама.

Кіріспе

Балалардағы қан ауруларының құрылымы кең: тегі түрлі анемиялар, геморрагиялық аурулар және т.б. Гематологиялық синдромдар әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің жұмысында кездеседі. Диагностика барысында шеткері қан құрамын және сүйек кемігін зерттеу маңызды орын алады.

 

2.2 Пәнді (4-блок) оқыту мақсаты:

Студенттерде балалар теміртапшылық анемиялары, геморрагиялық диатездер,гемофилия және балалардағы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) кезіндегі диагнозы мен емі туралы білім қалыптастыру және патологияны анықтау кезіндегі дағдыларды меңгеру.

2.3 Оқыту міндеттері:

Когнитивті компонент (білім)

· балалардағы теміртапшылық анемиялары, геморрагиялық диатездер,гемофилия және идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) кезіндегі клиникалық және лабораториялық диагностиканың принципін қалыптастыру

· гематологиялық ауруларды қарау ерекшеліктерін , тері және шырышты қабаттарды,лимфа түйіндерін, бауыр, көкбауыр пальпациялауды қалыптастыру

Операционды компонент (дағды және қолынан келуі)

· Балалар қан ауруларының клиника-лабораториялық белгілерін анықтау дағдыларын қалыптастыру

· Балалардағы теміртапшылық анемиялары, геморрагиялық диатездер,гемофилия және идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) кезіндегі қазіргі заманғы диагностика әдістерін қолдану және негіздеу дағдыларына қалыптастыру

· Балалар анемия синдромын анықтауды және дифференциалды диагностика алгоритм құрастыру дағдысын қалыптастыру

· Анемиялар, гемофилия, геморрагиялық васкулит, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпуралардың қазіргі ем тәсілдеріне дағдыларына қалыптастыру

Аксиологиялық компонент (коммуникативті дағдылар)

· Балаларға немесе оларды күтуші адамдарға консультация беру мен өзара қарым-қатынасу дағдыларын жетілдіру;

· Бірлесіп топта жұмыс істеу, шешім қабылдау, конструктивті диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыру

Құқықтық компонент

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту және өзін дамыту компоненті

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін көтеру.

2.4 Оқытудың соңғы қорытындысы:

Студент білуі тиіс:

· гемопоэз және гемостаз жүйесі туралы қазіргі түсінік

· қалыпта және қантүзу жүйесінің түрлі аурулары кезіндегі шеткері қан құрамын

· қалыпта және қантүзу жүйесінің түрлі аурулары кезіндегі коагулограмма көрсеткіштері

· теміртапшылық анемиясының этиопатогенезі, клиникасы, диагнозы, ажырату диагнозы мен емі

· гемофилияның этиопатогенезі, клиникасы, диагнозы, ажырату диагнозы мен емі

· геморрагиялық васкулиттің патогенезі, клиникасы, диагнозы, ажырату диагнозы мен емі

· ИТП патогенезі, клиникасы, диагнозы, ажырату диагнозы мен емі

· гематологиялық науқасты қарау ерекшеліктерін;

науқас балалармен және оның ата-аналарымен қарым-қатынас ерекшеліктерін

 

Студенттің қолынан келуі тиіс:

Диагноз қою және емдеу:

· балаға объективті тексеру жүргізу, тері, шырышты қабат,буындарды қарау

· лимфа түйіндерді, бауырды, көкбауырды пальпация жасау

· объективті қарау кезіндегі өзгерістерді сараптай білу

· диагнозды негіздеу және классификация бойынша құрастыра білу

· зерттеу жоспарын құру және таңдалған зерттеу әдісін негіздей білу

· ЖҚА, қан б/х сынағы (қан сарысуындағы темір, трансферрин, ферритин), коагулограмма көрсеткіштеріне түсініктеме беру

· теміртапшылық анемия, гемофилия, геморрагиялық васкулиттер, ИТП диагнозын қойып, емдеу

Студенттің қолынан келетін дағдылар:

Науқас баланың ауру және өмір анамнезін жинау

· тері мен шырышты қабаттар, лимфа түйіндері жүрек-қан тамыр жүйесі, бауыр мен көкбауыр жағдайына баға беру

· геморрагиялық синдром

· геморрагиялық синдромда қанаққыштық түрін анықтау

· қан ауруларының клинико-лабораториялық диагнозы

Студент коммуникативті дағдыларын меңгеруі керек

· қан аурулары бар науқастарды тексергенде және емдегенде этика және деонтология бойынша білімін қолдануы керек;

· топта жұмыс жасау;

· әріптестерімен, пациентпен және оның ата-анасымен қарым-қатынаста дағдыларын меңгеру және қалыптастыру.

 

Студент құқықтың компетенцияларды білуі және қолданыуы керек

· ҚР-ның ана және баланы қорғау заңына және бала құқығы конвенциясы аясында баланы тексеру мен емдеуде этикалық қалыптарды сақтау, білімін жетілдіру және қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту және дамыту дағдыларын білуі керек

· өз бетінше медициналық әдебиет оқу арқылы, интернетті қолдану, презентация жасау, ситуациялық есеп құрастыру, ажырату диагнозына кесте құру, профессионалды сөйлеу арқылы білім деңгейін жоғарылату

2.5.1. Дәйектеме алды:

анатомия -2; физиология -2; патологиялық физиология; коммуникативті дағдылары; ішкі аурулардың пропедевтикасы

2.5.2. Дәйектеме соңы:жалпы дәрігерлік практика,балалар аурулары-П;балалр хирургиясы -П;

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны:Анемия туралы түсінік. Анемияның жіктелуі. Теміртапшылық анемия мәселесінің маңыздылығы. Теміртапшылық анемияның және жүре және туа пайда болған гемолитикалық анемияның клиникалық симптомы, диагностикасы және емі. генеза.

Геморрагические диатездер: гемофилия, геморрагиялық васкулит, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура. Анықтамасы. Этиопатогенезі. Клиникасы. Диагностикасы. Емі.

2.7. Тақырыптық жоспар (дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ)

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Сағаты
1. Балалардың анемия синдромы. Теміртапшылық анемиялар. 1 сағат (50 минут) 1 сағат (50 минут)
Барлығы (сағат) 2 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары және сағаттары:

Тақырыбы Сағаты
1. Геморрагиялық васкулит. Гемофилия.
2. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура Сынақ
  Барлығы (сағат)

ОБСӨЖ тақырыптық жоспары.

Тақырып Жүргізу түрлері Сағат көлемі
Қан жүйесінің аурулары кезіндегі аспаптық-лабораториялық зерттеу әдістері. Гемогармманы, коагулограмманы , қан анализін талдау
Әр түрлі аурулар кезіндегі геморрагиялық бөртпенің салыстырмалы диагностикасы. Науқастарды клиникалық талдау, салыстырмалы диагностика кестесін құрастыру.
Барлығы 6 сағат

Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарының тақырыптық жоспары: (СӨЖ):

Тақырыбы Өткізу түрі Сағат көлемі
1. Виллебранд ауруы Реферат. Презентация. Кесте құру
2. Эритроциттердегі глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа жетіспеушілігіндегі гемолитикалық анемия Реферат. Презентация. Клиникалық ситуациялық есеп құрастыру.
3. Тұқым қуалайтын микросфероцитарлық гемолитикалық анемия (Минковский-Шоффар) Реферат. Презентация. Клиникалық ситуациялық есеп құрастыру.    
Барлығы 7 сағат

 

2.8.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарына тапсырмалар

1.Студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстары реферат, презентациялар, салыстырмалы диагностика кестелерін, тест тапсырмаларын клиникалық жағдайларды құру түрінде жасалады

2.СӨЖ ұйымдастыру формасы:

Реферат. Презентациялар. Салыстырмалы диагностика кестелерін, емдеу схемаларын, диагностика алгоритмдерін, клиникалық жағдайларды құру. Әдебиетпен, интернетпен, электронды базалармен жұмыс істеу, талаптарға сай дайындап, библиография құрастырылады.

Компетенциялардың қалыптасуын бағалау

Жұмыс түрлері Тақырыбы Қалыптастырылған компетенцияны бағалау
Білім Тәжірибелік дағдылар Коммуникативті дағдылар Құқықтық дағдылар Өзін-өзі оқыту және дамыту
  Практика лық сабақтар Геморрагиялық васкулит. Гемофилия. Сұрау, тестілеу, клиникалық жағдайларды шешу   Науқаспен және оның күтушісімен сенімді қатынас орнату    
СОӨЖ Қан жүйесінің аурулары кезіндегі аспаптық-лабораториялық зерттеу әдістері Кеңес беру Гемограмманы, коагулограмманы талдау      
  Практика лық сабақтар Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура Сұрау, тестілеу, науқасты клиникалық талдау Қан анализін талдау     Баланың құқығы бойынша кеңес  
СОӨЖ Әр түрлі аурулар кезіндегі геморрагиялық бөртпенің салыстырмалы диагностикасы. Кеңес беру, салыстырмалы диагностика кесте құрастыру . Виллебранд ауруы. Г-6-ФДГ жетісп. Тұқым қуал-н микросфероцитарлық гемол. анемия Реферат. Презентация Кесте құру

 

2.9.Әдебиет тізімі

Негізгі

1. Шабалов Н.П. - Детские болезни. (Учебник) СПб.: Питер, 2008г., 2009г., 2010г. I, II т.

2. Баранов А.А. - Детские болезни. (Учебник + CD), 2 изд., М., 2007г. I, II т.

3. Мажитова З.Х., Шаким Г.А., Орынбасарова К.К. и др. - Обследование здорового и больного ребенка. (Метод. рекомендации). Алматы, 2007, 50 с.

4. Геппе Н.А.– Педиатрия: учебник + СD. М., 2009, 352с

5. Аюпова С.Х. - Клиническая педиатрия. Алматы. 2008. I т.

Қосымша:

1. Мутафьян О.А.- Кардиты у детей и подростков. С.Пб.: Питер, 2006.

2. Белозеров Ю.М.- Детская кардиология. М., 2004.

3. Беляева Л.М., Хрусталева С.П.- Сердечно-сосудистые заболевания у детей и подростков. Киев, 2005.

4. Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией Румянцева А.Г, Самочатовой Е.В. 3 том. Кардиоревматология детского возраста. Самсыгина С.А., Щербакова М.Ю. М., 2007.

5. Сигидин Я.Н., Гусева Н.Г., Иванова М.М.- Дифференциальная диагностика болезней соеденительной ткани. М., 2004.

6. Мажитова З.Х., Шаким Г.А., Орынбасарова К.К. и др. – Обследования здорового и больного ребенка. Алматы 2007

Қазақ тілінде

Негізгі:

1. Хабижанов Б.Х. - Балалар аурулары. Алматы: Ана тілі, 1997.

2. Хабижанов Б.Х., Хамзин С.Х. - Педиатрия. Алматы.: Казыгурт, 2005.

3. Аюпова С.Х.- Клиникалық педиатрия. Алматы, 2008, I, II тт.

Қосымша:

1. Дадамбаев Е.Т. Бала дәрігерінің серігі. Алматы, 1998.

Тусупкалиев Б.Т., Жылкыбаева Б., – Балалар ауруларын емдеу және рецептер жинағы: оқуқұралы. Актобе, 2004

2. Түсіпкалиев Б. - «Балалар ауруларының пропедевтикасы». Актобе 2005г.

3. Мажитова З.Х., Шаким Г.А., Орынбасарова К.К. и др. – Дені сау жөне ауру баланы қарап тексеру. Алматы 2007

 

Ағылшын тілінде

Негізгі:

1. Nelson Pediatrics textbook 17 International edition, 2005.

2. Chaurasia D.D. – Pediatrics for students. Practitioners, 2000.

 

Қосымша:

Ghai Essential Pediatrics 6 th Edition Revised and Enlarged, 2005.

2.10. Оқыту және білім беру тәсілдері; дәріс, тәжірибелік сабақ, студенттің өзіндік жұмысы жүргізу формалары.

Дәрістер:тақырып бойынша (презентация түрінде)

· тәжірибелік сабақтар:тақырып бойынша науқастарды курациялау, клиникалық талдау, клиникалық есептерді шешу, лаболраториялық және аспаптық нәтижелерді интерпретациялау, кіші топта жұмыс, мультимедиялық базамен жұмыс, рубеждік бақылау жүргізу.

· СӨЖ ұйымдастыру формасы: реферат дайындау, презентация, схема құру, кесте, клиникалық есеп, тесттік тапсырмалар құрау

Оқыту әдістері мен формасы:

- кейс-стади

- милық штурм

- науқасты клиникалық талдау

-рөльдік ойындар

- іскерлік ойындар

-кіші топта жұмыс

 

2.11 Білім алушылардың білімін және дағдыларын бағалау критерийлері мен ережелері:

Агымдағы бақылау:

-ауызша сұрау (сабаққа әдістемелік нұсқаудағы сұрақтар бойынша даярланып келу);

· тестілеу жазбаша жүргізіледі;

· клиникалық есептерді шешу;

· параклиникалық тексеру әдістерін бағалау.

Күнделікті сабақта студент білімі және оның тәжірибелік дағдылары баллды-рейтинг жүйесі бойынша бағаланады.

 

Студенттердің білімі және тәжірибелік дағдыларын баллдық-рейтингтік жүйемен тексеру

Әріптік жүйемен бағалау   Балдың сандық эквиваленті Бағалау критерийлері % Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 4,0 Тақырып бойынша теоретикалық материалды толық біледі, логикалық ойлауы толық, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 95-100 Үздік
А- 3,67 Теория бойынша аздаған білмеушіліктері бар, логикалық ойлауы толық, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 90-94
В+ 3,33 Теория бойынша 1-2 қателіктері бар, логикалық ойлауы жаман емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 85-89 Жақсы
В 3,0 Теория бойынша 3 қателіктері бар, логикалық ойлауы жаман емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгерген 80-84
В- 2,67 Теория бойынша 4 қателіктері бар, логикалық жаман емес, тәжірибелік дағдыларын жеткілікті меңгерген 75-79
С+ 2,33 Теория бойынша 5 қателіктері бар, логикалық қателіктерді жібереді, тәжірибелік дағдыларын меңгерген 70-74
С 2,0 Тақырып бойынша білімі жеткіліксіз.Знания по теме недостаточные, логикалық ойлауы толық емес, тәжірибелік дағдыларын толық меңгермеген 65-69 қанағат-танар-лық
С- 1,67 Тақырып бойынша біліміж жүйесіз. Логикалық ойлауы дамымаған, тәжірибелік дағдыларын толық меңгермеген 60-64
Д+ 1,33 Тақырып бойынша білімі төмен. логикалық ойлауы дамымаған, тәжірибелік дағдыларын көрсетуде қателеседі 55-59
Д 1,0 Тақырып бойынша білімі өте төмен, логикасы жоқ, оңай тәжірибелік дағдыларын көрсетуде қателеседі 50-54
F 0 балл студент сабаққа қатыспаған, 49 балл Тақырып бойынша білімі, логикасы жоқ, оңай тәжірибелік дағдыларын көрсете алмайды. 0-49 қанағат-танар-лықсыз

 

Қорытынды бақылау (ситуациялық есептер шешу) – максималды балл -20 балл

Критерийлер, сипаттамасы балл балл балл балл
1. Науқастың шағымдары бойынша жетекші синдромды айқындау, оны негіздеу Жетекші синдром анықталды, негізделді Жетекші синдром анықталды, бірақ негіздеуде аздаған қателіктер кетті Жетекші синдром анықталды, бірақ негіздеуі жоқ Жетекші синдром анықталмады, негіздеуі жүргізілмеді
2. Сырқаттың объективті мәліметтері талданды Сырқаттың объективті мәліметтері адекватты талданды Сырқаттың объективті мәліметтері талдауда жекелеген қателіктер бар Сырқаттың объективті мәліметтері кемшіліктермен талданды Сырқаттың объективті мәліметтері қате талданды
3. Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін талдау және қосымша зерттеуді таңдау Қажетті жүргізілген барлық зерттеу әдістері мәліметтері талданды және қосымша зерттеуді тағайындалды Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін талдауда және қосымша зерттеу әдісін таңдауда аздаған қателіктер кетті Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін толыққанды талданбады және қосымша зерттеулері негізгі ауруға сәйкес келмейді     Жүргізілген зерттеу әдістері мәліметтерін қате талданды және қосымша зерттеулер анықталмады
4. Емдеу принциптерін анықтау Емдеу принциптерін анықтау дәлелді медицина тарапынан жүргізілді Емдеу принциптерін анықтау аздаған қателікпен жүргізілді Емдеу принциптерінің барлығы анықталған жоқ Емдеудің негізгі принциптері бойынша айқын мәселер туындады

18 -20 балл – өте жақсы

15-17 балл- жақсы

10-14 балл- қанағаттанарлық

10 балдан аз –қанағаттанарлықсыз

 

2.Практикалық дағдыларды бағалау критерийлері - 100:

I.Практикалық дағдыларды меңгеру (тақырыптық науқастарды курациялау, науқасты қарау) – максималды балл - 60 балл

Науқасты қарауды бағалау критерилері

Критерийлер, сипаттамасы 55-60 балл 45-54 балл 30-44 балл балдан аз
1. Ауыз-жұтқыншақты, тері жабындыларын қарады, лимфа түйіндерін пальпациялады, бауыр мен көкбауырдың пальпациясы мен перкуссиясын жүргізді, тыныс жиілігін есептеді, психо-моторлық жағдайын бағалады. Қарау, зерттеу әдістерін сақтай отырып қарау, пальпация, перкуссия жүргізу Қарауда, перкуссия, пальпациясын жасау техникасында аздаған кемшіліктер болды Пальпация, перкуссия жасауда және қарауда техникалық қателіктер кетті Пальпация, перкуссия жасау және қарау айқын техникалық қателіктермен жүргізілді

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
55-60 балл 90 – 100% Өте жақсы
45-54 балл 75-89 Жақсы
30-44 балл 50-74 Қанағаттанарлық
30 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

2.Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдау – максималды балл -30

Лабораторлық-аспаптық мәліметтерді талдаудың бағалау критерийлері

Критерийлер, сипаттамасы 25-30 балл 20-24 балл 15- 19 балл балдан аз
1. Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді айқындау Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді айқындады Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда қателіктер жіберд Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда қателіктер жіберді Осы сырқатқа тән негізгі лабораторлық-аспаптық мәліметтерді таңдауда айқын қателіктер жіберді
2. Талдауды толық көлемде жүргізу Талдауды толық көлемде жүргізілді Кейбір көрсеткіштерді талдауда аздаған қателіктер кетті Талдау үлкен қателіктермен жүргізілді Таладу болмады

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
25-30 балл 90 – 100% Өте жақсы
20-24 балл 75-89 Жақсы
15-19 балл 50-74 Қанағаттанарлық
15 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

1. Клиникалық диагнозды негіздеу – максималды балл -10 балл

Клиникалық диагнозды негіздеуді бағалаудың критерийлері

Критерий-лер Сипаттамасы 7-10 балл 5-6 балл 3-4 балл балдан аз
Клиникалықдиагнозды негіздеу Айқындады: Осы ауруға қатысты шағымдарын; ауру анамнезі мәліметтерін; өмір анамнезі, негізгі физикалды, лабораторлық –аспаптық мәліметтерін Клиникалық диагнозды негіздеуді аурудың шағымдарын; ауру анамнезі мәліметтерін; өмір анамнезі, негізгі физикалды, лабораторлық –аспаптық мәліметтерін ескере отырып жүргізді Негізгілерін белгілеп берді, бірақ клиникалық диагнозды негіздеуге қажет жеке көрсеткіштерді анықтауға кішкене қателіктер жіберді Клиникалық диагнозды негіздеуге қажет жеке көрсеткіштерді анықтауда үлкен қателіктер жіберді Клиникалық диагнозды негіздеген жоқ

2. Коммуникативті дағдыларды бағалаудың критерийлері – 100 балл:

1. Тақырыптық науқастарды курациялау, шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинау - максималды балл - 100 балл

Бағалау критерийлері

Критерийлер, сипаттамасы 90-100 балл 75-89 балл 50-74 балл балдан аз
1. Шағымдары толық көлемде тармақтау, жетекші синдромды анықтау Шағымдары толық көлемде тармақталды, жетекші синдром анықталды Шағымдары толық көлемде тармақталды, жетекші синдром анықталмады Шағымдары жартылай тармақталды жетекші синдром анықталмады Шағымдары тармақталмады, жетекші синдром анықталмады
2. Осы ауруға қатысты ауру мен өмір анамнезін хронология-лық тәртіппен анықтау – жүргізілген зерттеу және емдеуді көрсету-мен аурудың ағымын динамикада бағалау, өмір анамнезі мәлімет-терін анықтау.   Осы ауруға қатысты ауру мен өмір анамнезін хронологиялық тәртіппен анықтады – жүргізілген зерттеу және емдеуді көрсетумен аурудың ағымын динамикада бағалады, өмір анамнезі мәлімет-терін анықтады. Ауру және өмір анамнезін жинауда аздаған қателіктер кетті Ауру және өмір анамнезін жинауда қателіктер кетті Ауру анамнезін жинауда шатасты

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

4. Құқықтық сұрақтар – максималды 100 балл

Нормативтік құжаттарды білу.

Құқықтық сұрақтарды бағалау критерийлері

Критерийлер 90-100 балл 75-89 балл 50-74 балл балдан аз
1. Нормативтік құжаттарды білу Нормативтік құжаттарды толық көлемде білу Нормативтік құжаттарды жеткіліксіз білу Нормативтік құжаттарда айқын қателіктер жіберу Нормативтік құжаттарды біле бермеу

Баға шкаласы

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

5.Студенттің өзіндік жұмысы - 1 СӨЖ = 100 балл

1. Клиникалық ситуациялық есепті шешудің бағалау критерийлері

Критерийлер балл балл балл балл
Аурудың шағымдары мен ауру анамнезін сипаттаудың дұрыстығы Барлық сұрақтар нақты қамтылған Науқастың шағымдары мен ауру анамнезін сипаттауда жекелеген қателіктер бар Науқастың шағымдары мен ауру анамнезі мәліметтері дөрекі қателікпен баяндалды Науқастың шағымдары мен ауру анамнезі қате баяндалды
Аурудың объективті мәліметтерінің дұрыс берілуі Аурудың объективті мәліметтері дұрыс берілді Аурудың объективті мәліметтерінің берілуінде аздаған қателіктер бар Объективті мәліметтер үлкен қателікпен жүргізілді Объективті мәліметтер қате берілді
Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуының дұрыстылығы Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуы дұрыс Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуында аздаған қателіктер бар Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуы үлкен қателіктермен Қосымша зерттеу тәсілдерінің мәліметтерінің таладнуы мен сипатталуының дұрыс емес
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ

Жөндеу коэффициенті: 4

Мысал: 5 критерий бойынша 25 балл алды х 4 =100 балл

2. Емдеу жобасын бағалау критерийлері

Критерийлер балл балл балл балл
1. Маңыздылық пен резюменің болуы Маңыздылық көрсетілген, резюме бар Маңыздылықты көрсету мен резюмеде аздаған қателіктер бар Маңыздылық пен резюме үлкен қателіктермен баяндалған Маңыздылық пен резюме дұрыс көрсетілмеген
2. Талқыланып отырған патология бойынша суреттер мен жобалапдың дұрыс құрастырылуы Барлық суреттер мен жобалар нақты жасалған Аздаған қателіктер бар Мәліметтер үлкен қателіктермен көрсетілген Қате құрастырылған
3. Құрастырылған суреттер мен жобалардың сапасы Жоғары сапалы Сапасы жақсы Сапасы орташа Өте төмен сапалы
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ
               

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 =100 балл

3. Диагноз қою алгоритмін бағалау критерийлері

Критерии балл балл балл балл
1. Маңыздылық пен резюменің болуы Маңыздылық көрсетілген, резюме бар Маңыздылықты көрсету мен резюмеде аздаған қателіктер бар Маңыздылық пен резюме үлкен қателіктермен баяндалған Маңыздылық пен резюме дұрыс көрсетілмеген
2. Талқыланып отырған патология бойынша тексеру алгоритм құрастырылуының дұрыстылығы Алгоритм нақты құрылған Алгоритм құруда аздаған қателіктер бар Алгоритм үлкен қателікпен құрылған Алгоритм қате құрылған
3. Алгоритм құруда кесте, жобаны қолдану Иллюстрациялар ақпаратты, жоғары сапалы Иллюстрация ақпаратты, орташа сапалы Иллюстрациялар-дағы ақпарат жеткіліксіз Иллюстрация-лар жоқ
Әдебиет тізімінде осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын (монографиялар, ағымдағы әдебиеттер) негізгі көздерінің болуы Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толығымен көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын әдебиет көздері толық емес көрсетілген Осы сұрақтың қазіргі кездегі жағдайын сипаттайтын ескірген әдебиет көздері көрсетілген Тізім жоқ
Бақылау сұрақтарына жауаптар Материалды жан-жақты және терең білуі Тақырып материалын білуі, бірақ жауаптарында аздаған қателіктері болуы 3 сұрақтың 1-не ғана жауап алынды Сұрақтарға жауап берген жоқ
               

Түзету коэффициенті: 4

Мысалы: 5 критерий бойынша 25 балл х 4 =100 балл

Қорытынды бақылау: 2 кезеңмен өткізіледі

1 кезең тестілеу (барлығы 30 тест), білімін бағалау бойынша тесттік тапсырмалар (15 тест), құқықтық компетенцияны бағалау бойынша тесттік тапсырмалар (5 тест), өзін-өзі дамыту бойынша тесттік тапсырмалар (10 тест) енгізілген – әр компетенция бойынша барлығы 100 балл.

Тесттілеудің бағалау критерийлері

Баллмен бағалау Орындалу % Әдеттегі жүйемен бағалау
90-100 балл 90 – 100% Өте жақсы
75-89 балл 75-89 Жақсы
50-74 балл 50-74 Қанағаттанарлық
50 балдан аз 0 - 49 Қанағаттанарлықсыз

2 кезең – мини ОҚКЕ. Науқастың төсегінде практикалық және коммуникативтік дағдыларды бағалау -максималды балл әр компетенцияға 100 балл.

Білімді және дағдыларды бағалау әдістері:

Студент білімін бақылау жүргізу технологиясы

t= (Z+N+K+P+S)/n

n – барлық компетенция бойынша тапсырмалардың саны

Z: z1+z2+…+zn - білім бойынша бағалар

N: n1+n2+…+nn - дағды бойынша бағалар

K: k1+k2+…+kn - коммуникативті компетенция бойынша бағалар

P: p1+p2+…+pn - құқықтық компетенция бойынша бағалар

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бойынша бағалар

 

Қатысу рейтингі студенттің қорытынды бағасында60 % -дан кем емес, мына формула бойынша анықталады

Rд= (t+r)/2 × 0,6

t– ағымды бақылау

r– қорытынды бақылау,

 

Қорытынды баға қатысу рейтингі және қорытынды бақылаудан құралады:

I = R х 0,6 + E х 0,4,

 

I– қорытынды баға

R– қатысу рейтинг бағасы

E – қорытынды бақылау бағасы (дисциплина бойынша емтихан)

Қорытынды рейтинг 60% қатысу рейтингінен және 40% қорытынды бақылау бағасынан құралады.

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.