Здавалка
Главная | Обратная связь

Мерзімді басылымдар

БЕКІТЕМІН

Экономикалық факультет деканы

_______________А.С.Исмаилова

«____»______________2015 жыл.

 

Магистранттарға арналған пәннің

Курс БАҒДАРЛАМАСЫ

(Силлабус)

 

 

Пәні: «Қаржылық институттар қызметін басқару(ілгеріленген)»

Бағыты: ғылыми-педагогикалық

Мамандағы: 6М0509 «Қаржы»

 

Астана 2015

 

Магистранттар үшін пән бағдарламасы 07.09. 2013ж. бекітілген элективті пәндер каталогы мен 6M0509 «Қаржы» мамандығының жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрастырылған

Құрастырушы: э.ғ.к., аға оқытушы Тлеужанова Д.А.

 

«Қаржы» кафедрасының отырысында қарастырылған

 

__ хаттама, «__»___________2015 ж.

(күні, айы, жылы)

 

Кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., аға оқытушы З.А.Баймағамбетова

 

Экономика факультетінің Әдістемелік комиссиясымен ұсынылды.

№ __ хаттама, «_____»___ _________2015ж.

(күні, айы, жылы)

 

ӘК төрағасы Б.Ө.Асилов

 

Силлабус құрылымы

1 Оқытушы туралы мәлімет

 

Дәріс оқушы – э.ғ.к, аға оқытушы Тлеужанова Д.А.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Қаржы» кафедрасы, тел: 39-58-07

Кеңес беру күні: кафедрадағы кеңес беру кестесі бойынша.

 

2 Пән туралы мәлімет

· Модуль атауы - Қаржылық институттар және тәуекелдер

Пән атауы және коды - UDFI 6306 Қаржылық институттар қызметін басқару (ілгеріленген);

· курс – 2 ғылыми-педагогикалық бағыт

· кредит саны – 3;

· дәріс сағаты – 15;

· машықтану сағаты – 30;

· МӨОЖ сағаттар саны- 15;

· МӨЖ сағаттар саны- 75;

· семестр – 1.

Оқу уақытын бөлу

 

Семестр апталары Барлығы
Дәріс
Машықтану сағаты
МӨОЖ
МӨЖ
Барлығы

Курс мақсаты

Қаржылық институттардың түрлерін және олардың қызмет бағыттарын, мемлекеттік реттеу және қадағалаудың жекелеген жақтарын кешенді зерттеу, сондай-ақ проблемалық мәселелерді және даму перспективаларын қарастыру.

Курс міндеттері

Магистранттар Қазақстан қаржылық институттары, олардың қызмет ерекшеліктері туралы, сондай-ақ қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жүйесі туралы толық ақпарат алуы, қаржы жүйесіндегі реформаларды және өзгерістерді Қазақстан қаржы нарығындағы тенденцияларды дұрыс талдауы, қазақстан нарықтары мен қаржылық институттарын басқа елдердің, оның ішінде ТМД елдерімен салыстыру негізінде қаржылық институттардың дамуымен байланысты проблемалы мәселелерді шешу үшін нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды магистрлық жұмысты дайындау және жариялау кезінде пайдалануы қажет.

Курстың соңында тыңдаушылар мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

- Қазақстан қаржылық институттары, олардың қызмет ерекшеліктері, сондай-ақ қаржылық ұйымдардымемлекеттік реттеу және қадағалау жүйесі туралы толық ақпарат алу;

- Қазақстан қаржы жүйесіндегі реформалар және өзгерістерді, қаржы нарығындағы тенденцияларды дұрыс меңгеру;

- Қазақстан қаржы институттары және нарықтарының дамуын басқа елдермен, оның ішінде ТМД елдерімен салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;

- қаржылық институттардың дамуымен байланысты проблемалық сұрақтарды шешу үшін нақты ұсыныстарды ұсыну және оларды магистрлық жұмысты дайындауда пайдалану.

Оқу әдістемесі

Курста клесідей әдістемелер пайдаланылады: лекциялар талқылама және қысқаша баяндама түрінде, магистрлардың оқытушымен өзіндік жұмысы, сәйкес жоспар негізінде жүргізіледі. Магисртлар статистикалық мәліметтерді өңдейді, аналитикалық материалдарды және баяндамаларды, реферат-эссе, сондай-ақ слайдтық материалдар дайындайды. Сонымен қатар нормативтік құқықтық акттер және әдебиеттермен магистрлардың өзіндік жұмысы қарастырылады.

Пәннің пререквизиттері:«Экономикалық теория», «Қаржы», «Қаржы нарықтары және делдалдары» пәндерін оқу, компьютерлік сауаттылық дағдылары, республикада болып жатқан экономикалық процестерді талдай білу «Қаржылық институттар қызметін басқару» пәнін меңгеруге мүмкіндік береді. Жоғарыда аталып өткен пререквизиттер С бағасынан төмен болмауы тиіс

Пәннің постреквизиттері: берілген пән бойынша алынған білім қаржылық институттар операцияларының жүргізілу реті туралы, әлемдегі қаржылық орталықтардың қызметі туралы, халықаралық байланыстардың жүргізілу реті туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. «Қаржылық менеджмент» пәні, магистерлік жұмысты орындау

Осы пәнді оқу нәтижесінде магистранттар мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

- қаржы-несиелік институттардың қызметінің объективті бағалауын жүргізу үшін қазіргі қаржылық құралдарды қолдана алу;

- қазіргі қаржылық институттардың қызмет ету заңнамасын білу (макро және микро деңгейде);

- микро және макро деңгейде нақты қаржылық үдерістердің қалыптасу болжамдарын қалыптастыру және заманауи үдерістерді бағалау;

- кәсіби өрісте қызметтің практикалық дағдыларын білу;

дербес зерттеу және ғылыми жұмыстардың дағдыларын жүргізу әдістерін игеру

А. Қаржылық институттардың қызмет ету облысында теориялық білімді игеру;

В. Қаржы -несиелік институттарды басқару стратегияларын және моделдерін талдау әдістерін қолдану қабілеті;

С. Қаржылық институттар қызметін бағалау және талдау нәтижелерін ескеріп, басқарушылық шешімдерді негіздеу қабілеті;

Д. Қаржылық институттардың қызметін жетілдіру сұрақтары бойынша консалтингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыра алу;

Е. Қаржылық институтар қызметін басқару саласындағы өзекті ғылыми проблемаларды айқындау және зерттеу қабілеті

6. Пәннің мазмұны.

6.1 Дәріс сабағының тізбесі

Дәріс тақырыбы Көлемісағ Әдебиеттер Ағым. бақылау
Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база   50-100%
Қаржылық институттар жіктемесі: дәстүрлі және қазақстандық 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік 50-100%
Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік 50-100%
Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы қаржылық институттар мемлекеттік саясат 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік 50-100%
Банктер негізгі қаржылық институт ретінде 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері 1,5 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы 1,5 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстандағы Даму институттары 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан қаржылық институттарының инвестициялық стратегиялары 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Халықаралық қаржылық институттар 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстандық қаржылық институттардың даму перспективалары 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
  Барлығы   50-100%

 

 

6.2. «Қаржылық институттар қызметін басқару» пәні бойынша практикалық сабақтардың тізбесі

Тақырып атауы Көлемі, сағ. Әдебиеттер Ағымды бақылау,
Елдің экономикалық дамуындағы қаржылық институттар қызметі 1. Қаржылық сектордың институционалдық құрылымы. 2. Қаржылық институттар қызметін лицензиялау ерекшеліктері 3. Елдің экономика қаржылық дамуындағы қаржылық институттар рөлі 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қаржылық институттар жіктемесі: дәстүрлі және қазақстандық 1. Қаржылық институттар классификациясы және оларға сипаттама 2. Әлемдік (дәстүрлі) тәжірибе негізінде өңделген қаржылық институттар жіктемесі. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қаржылық институттардың реттеуші органдары. Қазақстандық қаржылық инситуттардың қызмет етуінің заңдық негіздері 1. Қаржылық институттарды реттеу әдістері және түрлері. 2. Ұлттық банк оның мақсаттары және міндеттері 3. Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік 4. Өзін өзі реттеуші ұйымдарды құру қажеттілігі 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан қаржылық институттарын басқару облысындағы қаржылық институттар мемлекеттік саясат 1. ҚР Ұлттық банкі қызметінің негізгі бағыттары 2. Қаржылық институттардың қаржылық жағдайын бақылау. 3. 2011 жылға ҚР қаржы секторын дамыту концепциясын қарастыру 4. ҚР-дағы банктік емес қаржылық институттардың қызметінің жетекші рөлін анықтау 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Банктер негізгі қаржылық институт ретінде 1. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктер орны. 2. Банктердің несиелік және инвестициялық стратегиялары 3. Банктер қызметтерін ұйымдастыру негіздері және олардың функциялары. 4. Бағалы қағаздар нарығына банктердің қатысуы     1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база     50-100%
Инвестициялық қорлардың қызметін басқарудың принциптері және ерекшеліктері 1. ҚР-дағы инвестициялық қолардың қызмет етуінің нормативтік құқықтық базасы. 2. Инвестициялық қорларды басқару ерекшеліктері. 3. Инвестициялық қорлардың активтерін басқару 4. Инвестициялық қорлардың активтерін есепке алу және сақтау 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары және олардың қызметін басқару. 1. ҚР сақтандыру компанияларының жетекші позициялары. 2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыу қызметі нарығына жалпы шолу. 3. Сақтандыру компанияларының қызметінің стратегиясы. 4. Сақтандыру қызметіндегі тәуекел ұғымы 5. Сақтандыру (қайта сақтанды- ру) ұйымының аудиті және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін басқару ерекшеліктері 1. ҚР-дағы зейнетақы жүйесінің реформасы, әлемдік тәжірибе және жетілдіру жолдары. 2. ҚР-дағы зейнетақы қорлары және олардың сипаттамасы. 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының ұйымдастырудың пруденциялдық нормативтері 4.. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басқарушылық құрылымы. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін басқару стратегиясы 1. Арнайы мамандандырылған қаржылық институттар қызметін ұйымдастыру 2. Кредиттік серіктестіктердің қалыптасуы және қызметін ұйымдастыру ережелері 3. Кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысушының үлесін сатып алу ерекшеліктері 4. Ломбардтар қызметін ұйымдастыру және реттеу. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Кәсіби қатысушылар бағалы қағаздар нарығының арнайы мамандандырылған қаржылық институты ретінде 1. Бағалы қағаздар нарығының институционалдық инфрақұрылымының даму және қалыптасу кезеңдері. 2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сипатама. 3. Бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттер. Номиналды ұстаушыларға сипатама 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстандағы Даму институттары 1. ҚР- дағы даму институттарын құрудың негізгі мақсаттары, түрлері және ерекшеліктері. 2. Қазақстанның инновациялық-инвестициялық стратегиясын жүзеге асыру институттары. 3. Қазақстан инвестициялық қоры. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры 5. Қазақстан инвестициялық қоры 6. Қазақстан Ұлттық инновациялық қоры 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстан қаржылық институттарының инвестициялық стратегиялары 1. Қазақстандық қаржылық институттардың қызметінің жалпы стратегиясын құрастыру. 2. Қаржылық институттардың активтері және пассивтері. 3. Маржаны және өтімділікті анықтау және есептеу . 4. Пайыздық мөлшерлемелер өзгерісі тәуекелі, кредиттік тәуекел, өтімділік тәуекелі – қаржылық институттар тәуекелдері. 5. Қаржылық институттардың инвестициялық жобаларға қатысуы   1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Халықаралық қаржылық институттар 1. Халықаралық валюталық қор. 2. Бүкіләлемдік банк тобы. 3. Әлемдік даму және қайта құру банкі. 4. Европалық даму және қайта құру банкі. 5. Азия даму банкі. 6. Халықаралық қаржы институттарымен ресурстар ұсыну нысандары. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
Қазақстандық қаржылық институттардың даму перспективалары 1. Қазақстан қаржылық институттарының мемлекеттік реттеу және қадағалау жүйесін дамыған елдермен және ТМД елдерімен салыстыру. 2. Қаржылық институттардың дамуында шетел капиталының қатысу шарттарын және қаржылық жүйе сегменттерінің дамуының салыстырмалы талдауы. 3. Орта мерзімді перспективада қаржылық сектордың дамуының басымдық бағыттары. 1,2,3,4,5, мерзімді басылымдар, нормативтік база 50-100%
 

 

7. МӨЖ орындау және өткізу уақыты:

Тақырыбы Тапсырма мазмұны Әдебиеттер Бақылау нысаны Мерзімі апта Жоғары бағалау балы
ҚР-ның қаржылық институтарының даму кезеңдеріне сипаттама   Қаржылық институтардың даму кезеңіне қысқаша сипаттама жасап олардың даму ке зеңдерін көрсету 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Сызба түрінде әрбір кезеңді көрсету 50-100%
Қаржылық институттар қызметін реттеуші органдар: ерекшеліктері, жағдайын талдау, проблемалары және жетілдіру жолдары Кесте түрінде реттеуші органдар дың реттеу ерекшеліктеріне сипаттама беру, Олардың реттеу және қадағалау механизмін сызба түрінде келтіру. Қаржы нарығындағы жағдайын (3 жылға) талдау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Сызба түрінде өткізу 50-100%
Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі комитеттің реттеушілік рөлі Комитеттің қызмет ерекшеліктеріне сипаттама, жағдайына талдау, басқа қаржылық институттармен байланысын сызба түрінде келтіру. Соңғы 3 жылға жағдайын талдау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Реферат, талдау жасау 50-100%
Нарықтық экономика жағдайындағы Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Банк жүйесіндегі реформаларды көрсету, банктер құрылымындағы өзгерістер серпінін салыстыру. Соңғы 3 жылдағы банктік қызметке салыстырмалы талдау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Кесте түрінде талдау жасап ауызша жауап беру 50-100%
ҚР-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесі: жағдайы, проблемалары және шешу жолдары ҚР-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге талдау жасау. Соңғы 3 жылдағы жағдайын талдау Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін басқару жағдайына талдау жасау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Кесте түрінде талдау жасап ауызша жауап беру 50-100%
ҚР-дағы инвестициялық қорлардың қалыптасуы және дамуы ҚР-дағы инвестициялық қызмет реформаларын кезеңдерге бөліп көрсету. . Соңғы 3 жылдағы жағдайын таладу 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Кесте түрінде талдау жасап ауызша жауап беру 50-100%
ҚР-дағы инвестициялық пай қорлары: проблемалары және жетілдіру жолдары ҚР-дағы инвестициялық пай қорларының жағдайын қарастыру. Инвестициялық қорлардың түрлеріне шолу, олардың активтерінің соңғы 3 жылдағы жағдайына талдау жасау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Талдау жасау 50-100%
ҚР- дағы сақтандыру жүйесінің реформалары Сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер кезеңдерге бөліп көрсету ҚР-ның сақтандыру компанияларының қызметіне соңғы 3 жылдағы жағдайын талдау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Қысқаша конспект негізінде баяндау 50-100%
ҚР-дағы кредиттік серіктестіктер қызметіне талдау Кредиттік серіктестіктер құрылымына, қызмет ету жағдайына талдау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Кесте түрінде көрсетіп, ауызша жауап беру 50-100%
ҚР-дағы микрокредиттік ұйымдар жағдайына талдау Микрокредиттік ұйымдарды құру қажеттілігі, олардың қызмет ету механизмі. ҚР-да қызмет ететін микрокредиттік ұйымдар сипаты 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Сызба түрінде көрсету және қысқаша конспект жасау 50-100%
ҚР-дағы даму институттары және олардың ҚР-ның инновациялық стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі Қазақстандағы даму институттарының ерекшеліктеріне сипаттама беру. Соңғы 3 жылға талдау жасау. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база баяндама 50-100%
Қазақстан Республикасындағы кепілдендіруші институттар: жағдайы, проблемалары және жетілдіру жолдары Депозиттерді кепілдендіру Қорының проблемалары «КИК» АҚ-ның қызмет ету механизмін көрсету, жағдайына талдау жасау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Қысқаша конспект 50-100%
Қазақстан қор нарығының даму проблемалары: теориясы, талдауы және перспективалары Қазақстан қор биржасының жағдайын талдау соңғы 3 жылға талдау жасау. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база Реферат 50-100%
Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы қызмет ету механизмін көрсету, жағдайына талдау жасау 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база реферат 50-100%
Қаржылық институттардың дамуының негативті және позитивті тенденциялары Әлемдік қаржы дағдарыстарының пайда болу себептері ҚР-дағы қаржылық институтардың қызмет ету артықшылықтарын және кемшіліктерін басқа елдермен салыстырып көрсету, жетілдіру жолдарын ұсыну 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 период. басылым, нормативтік база баяндама 50-100%

8. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

1 И. Михайленко, А. Жилкина. Финансовые рынки и институты. Учебник. М: Юрайт: 2014 г.- 304 с.

2. Г. Белоглазова, Л.Кроливецкая. Финансовые рынки и финансово-кредитные институты. СПб: 2012 г. – 384 с.

3 Қаржылық институттар қызметін басқару: Оқу құралы / Д.А. Тлеужанова, А:2010 -240 б.

4 Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық /У.М.Искаков, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева, А 2008 – 296 б.

5 Қаржы, ақша айналысы және несие: Оқу құралы / Р.О. Смағұлова, А.2008- 462 б.

6 Ақша,несие, банктер теориясы : Оқулық / С.Б.Мақыш, А.2011 – 368б.

7 Финансовые институты, рынки и деньги / Дэвид С.Кидуелл, Ричард Л.Петерсон , С.-П., - 2000.- 752с

8 Роберт Колб Финансовые институты и рынки. Учебник, М. 2003 – 688 с.

 

Қосымша әдебиеттер

1. Фондовый рынок: учебное пособие под ред. Н.Д. Сутемгенова, Алматы 2000

Часть 1: Виды рынков. Инвестиции. Инвестиционный капитал. Регулирование.

Часть 2: Профессиональная деятельность на рынке ценных бумаг. Интеграция фондового рынка Казахстана с международным фондовым рынком.

2. Основы теории управления: Учебное пособие / Ред.В.Н. Парахина, М 2003 – 272с.

3. Управление финансами: Учебно-практическое пособие/ И.Г.Кукукина М 2001 -267 с.

4. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы / Д.А Тлеужанова., А:2009 – 123б

5. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы / Б.А. Көшенова, А 2007 – 374б.

6. Қаржы негіздері: Жоғары оқу орнына арналған оқулық / С. Құлпыбаев, В.Д.Мельников, А:2009 – 722б.

7. Ақша,несие, банктер : Оқулық / С.Б.Мақыш, А.2006 – 480б.

8. Қаржы : Оқулық / С. Құлпыбаев, А:2007 – 668 б.

9. Рынок ценных бумаг в Казахстан. (учебно-практическое пособие) / А.А. Адамбекова. А: 2003

10. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник / Под ред. М.В. Романовского, М 2004

11. Саханова А.Н. Исингарина Ж.С. Проблемы и перспективы развития фондового рынка Казахстана А: 2003 г.

Нормативтік құқықтық база:

 

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар

2.ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Астана, 2014 жылғы 11 қараша

3.ҚР Президентінің 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамы 2015 жылғы 5 мамыр

4. «Қазақстан-2050» Стратегиясы

5. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген

6. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген

7. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2 шілде 2003 жыл № 461-ІІ. (ред. 01.08.2012)

8. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы 30.03.1995 № 2155 (ред. 01.08.2012)

9. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4 шілде 2003 № 474-ІІ. (ред. 01.08.2012)

10. « ҚР Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995 №2444 (ред. 01.08.2012)

11. «Қазақстан Республикасындағы Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» 20.06.1997 № 136-1 (ред. 11.06.2004)

12. «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңы 07.07.2004 № 576

13. «Инвестициялар туралы» ҚР Заңы 08.01.2003 № 373-2

14. «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» ҚР Заңы 06.07.2004 № 575

15. «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңы 18.12.2000 № 126-2 (ред. 01.08.2012)

16. «Бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша ережелер»Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген 21.04.2003 № 137

17. Қазақстан Республикасының екінші деңгейіндегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті кепілдендіру ережелері №340 05.11.1999 ж. Үкімет жарлығымен бекітілген

18. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» №2723 1995 жылдың 23 желтоқсанныда қабылданған ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы (2003 жылдың 3 маусымында редакцияланған)

19. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 400-ІІ Заңы

20. «Ломбардтарды ашу, лицензиялау, реттеу және қызметін тоқтату туралы ереже» ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттік қаулысымен бекітілген № 43 16.02.2004ж.

21. «Қазақстан Даму Банкі туралы» ҚР Заңы 25.04.2001 № 178-2

22. «Микрокредиттік ұйымдар туралы»Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы N 392-II заңы

«Почта жинақтау жүйесін қалыптастыру және почта саласын модернизациялау жобасын зерттеуді дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы №1085 03.10.2002

Мерзімді басылымдар

Қаржы қаражат, РЦБ Казахстана, Банки Казахстана, Каз. Правда, Деловая неделя, Панорама, Аль Пари, Саясат, Вестник НБРК, Экономическое обозрение, Рынок ценных бумаг, Финансы и кредит, Финансы, Деньги кредит банки, Муниципальная экономика

9. Курс саясаты:

1. Сабаққа кешікпеу, кешіккендер сабаққа жіберіледі бірақ сабаққа қатысқан магистранттар тізіміне енгізілмейді

2. Дәрістік сабақтар үстінде сөйлесуге болмайды

3. Аудиторияға сытқы киіммен кіруге болмайды

4. Сабақты босатпау, ауырған жағдайда анықтама әкелу керек

5. Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген мерзімде тапсыру қажет

6. Тапсырмаларды белгілеген уақытында тапсырмаса, қорытынды баға 1 ұпайға азайтылады.

7. Оқу үрдісіне белсенді қатысу керек

8. Өз курстастары мен оқытушыларға қарым-қатынаста сабырлы, ашық, мейірімді болу керек

 

10. Бағақоюсаясаты

 

Пән бойынша білімді бағалаудың сызбасы

 

  Магистранттардың жұмыстары мен сабақ түрлері Баллдар саны min/max
І Ағымдықбақылау: · дәріс · практикалық, семинарлықсабақтар · СОӨЖ   3/5 7/15 10/20
  Барлығы / ағымдағы 20/40
ІІ Аралықбақылау: 1- Аралық бақылау 2 – Аралық бақылау  
  Барлығы / аралық 10/20
ІІІ Қорытындыбақылау Емтихан 20/40
  Жалпы 50/100балл

 

 

Эмтихандағы магистранттың білімін бағалау шкаласы

 

  Эмтихан бағасы Баллдағы бағалау (%)
1. Ағымдық бақылау Аралық бақылау 30 - 60  
2. Қорытынды бақылау 20-40
  Барлығы 50-100

 

 

Магистранттардың білімдерін бағалау шкаласы

Әріп жүйесі бойынша баға Баллдары %-тік мөлшері Қалыптасқан жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59 Қанағаттанарлық сыз
Д 1,0 50-54
Д- 0-49

 

 





©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.