Здавалка
Главная | Обратная связь

Жана терминдер: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания



 

3 Дәріс. Қоғамдық өмір құрылымындағы саясат

1. Саясат элементтері.

2. Саясаттың қызметі, ішкі және сыртқы саясат

Саясат теориясы саясат туралы, билік, саяси жүйелер, процестер жөніндегі ғылым. Саясат теориясы пәнін анықтаудағы негізгі амалдар. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар саясат субьектісі ретінде. Саясат теориясын Саяси философия, саясат әлеуметтануы, саяси этика, саяси тарих саяси ғылымдардың құрамдас бөлімдері ретінде. Антропологиялық амал. Саясаттанудың функциялары: прагматикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксиологиялық, тәжірибелік және т.б.

Саяси теорияның болмысы. ХХғ. 80-90 жж. әлемдік саясаттағы жаһандық өзгерістер. Саяси дискурсты құрайтын тұжырымдарды қайта қарастыру. Қазіргі саяси теорияның мазмұны. Саясат теориясы пәнінің кейбір түсініктемелерінің кемшіліктері. Саясатты зерттеудің теориялық деңгейі. Жалпысаналы әдістер. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Жалпы, фундаменталды әдістер. Саясат теориясының әлеуметтік ролі.

Саясат теориясы заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары. Салыстырмалық, жүйелік, бихевиористік, әлеуметтанулық, психологиялық, институционалдық, тарихилық әдістер. Саясат теориясының қызметтері: бағалау, реттеушілік, жетілдіру, болжау. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде

Саясаттың ең басты міндеттері – мемлекет қалыптастыру, қабылданған заңдар, ұйымдастырылған экономика арқылы барлық қоғам мүшелерінің әлеуметтік, тұрмыстық, рухани өмірін қамтамасыз ету.Ал осы міндеттерді кімдер дұрыс жолмен іске асыруы тиісті? Бұл саладағы қызметкерлерді саяси әдебиетте қолданатын термин бойынша саяси субъекттер деп аталады. Бұлар: саясатшылар, мемлекет жүйесіндегі қызметкерлер, депутаттар, әр саладағы мамандар, кәсіпорын басшылары. Саяси субъекттерге жеке тұлғалардан басқа әртүрлі саяси топтар мен ұйымдар жатады.Мысалы, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, оппозициялық топтар, сайлау жүйелері. Сонымен, қоғамның берекелі өмірі, сау–салауаттылығы саясатпен тікелей қатысты болса,саясаттың нәтижелілігі саяси субъекттердің іс-қимылдарына байланысты. Осы себептерден туындайтын әрбір қоғамның мақсаты мен мүддесі – саяси субъекттердің сапалы құрамын қалыптастыру.Бұлардың сапалы болуына бірінші кепілдеме – саяси білім. Саси білім басты екі негізден қалыптасады. Біріншісі, дүние жүзіндегі саяси саладағы қалыптасқан тәжірибе. Екіншісі, саяси білімнің (ғылымның) теориялық негізі. Саяси тәжірибе дейтініміз – саяси салада қалыптасқан саяси процестер. Мысалы, демократия, саяси билікті қалыптастыру жолдары, заң қабылдау мәселелері, мемлекет басқару түрлері, жеке адамның құқығы мен бостандығы, оппозиция мәселелері және т.б. Саяси процестер дегеніміз қоғамда қалыптасқан саяси- әлеуметтік жүйелер.

 

4 Дәріс. Билік – саяси феномен ретінде

1. Билік ұғымы туралы түсінік.

2. Билік - әлеуметтік феномен.

3. Биліктің қызметтері, жіктелуі.

4. Қоғамның әлеуметтік саласындағы билік.

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың, саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мәнін түсініп-білуге көмектеседі.

Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.

Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902-1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билікте соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.

Билік туралы мынадай тұжырымдамалар бар:

Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.

Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.

«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай бөлуге болады:

1. Ата-аналар билігі.

2. Мемлекеттік билік.

3. Экономикалық билік.

4. Саяси билік.

5. Әлеуметтік билік.

6. Құқықтық билік.

7. Әскери билік.

8. Рухани билік, т.с.с.

Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар:

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұруы үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж. Кеннеди «Жаңа шеп», т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа материадық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады.

Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура, т.б. жатады.

Ақпарат құралдары. Радио, теледидар, баспасөз, т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.

Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.







©2015 arhivinfo.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.